UF

Тақырып: Цитология 

 

1.  Қазіргі цитология - клетка биологиясы. Қазіргі цитология - биохимия, биофизика, молекулалық биология, генетика ілімдерінің ғылыми және әдістемелік жетістіктерінің негізіндегі клетка туралы ілім. Цитология тарихы.

 

1.Клетка теориясы. Клетка мен ұлпаларды зерттеудің әдістері.

2.Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларын жасанды ортада өсірудің теориялық және практикалық маңызы.  

3.Клетка популяциясының морфологиясы, физиологиясы жоне цитогенетикалық гетерогенділігі. 4.Сомаклондық өзгергіштік - селекциялық процестер үшін жана жүйенің қайнар көзі.

4.Өсімдіктер және жануарлар клеткаларының гибридизациясы.

5. Клетка инженериясының негізгі  проблемалары.

6. Биотехнологиялық зерттеулердің дамуындағы цитологияның жетістіктері.

 

Жасушалар   мен тіндер құрылымдарын мөлшерлік бағалау қалыпты немесе патологиялық және тәжірибелік әсерге ұшыраған жағдайларда, олардың күйі жайлы объективті мәліметтер алуға қажет. Ол үшін гистологияда морфометриялық және цитофотометриялық әдістер қолданылады.

Морфометриялық әдістер – гистологиялық және цитологиялық препараттарда, микросуреттерде жасушалар мен тіндер құрылымдарының геометриялық (сызық, жазық) және стереометриялық (үш өлшемдік) параметрлерін мөлшерлік бағалауға мүмкіндік беретін тәсілдер жинағы. Құрылымдардың пішінін, санын, ауданын, диаметрін, периметрін және т.б. өлшеу үшін арнайы өлшеу аспаптары қолданылады. Олар: торлар, курвиметр (қисық сызықтарды өлшеуге арналған құрылғы), окуляр – микрометр (шкаламен жабдықталған окуляр). Стереометрия кезінде сызықтық және жазықтық көрсеткіштерді негізге алып, арнайы тәсілдермен есептеу арқылы, микроқұрылымдардың қатысты көлемін, көлем бірлігіндегі санын және т.б. анықтауға болады.

Цитофотометриялық әдіс тіндер мен жасушалардың құрылымдарына зерттелетін химиялық заттың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Микроскоп және спекрфотометрден тұратын арнайы өлшеу  аспабы – цитофотометрмен алдын-ала гистохимиялық реакция арқылы боялып анықталған өнімнің (зерттелетін заттың) оптикалық тығыздығы өлшенеді. Соңғы көрсеткіш, өз кезеңінде, зерттелетін заттық микроқұрылымдағы концентрациясын көрсетеді.

Жасушалық органоидтарының классификациясы.   Жасуша-тіршіліктің ең ұсақ бірлігі болғандықтан, организмнің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің және дамуының негізі. Жасуша туралы мұндай түсінік тез арада емес, ол – 300 жыл бойы ғылымда  орын алған  микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде қалыптасқан. 1839 жылы Т.Шванн және М.Шлейден өсімдіктер мен жануарлардың микроскопиялық құрылысы туралы мәліметтерді жинақтап және талдап, жасушалық теорияны жасады. Бұл теория – жаратылыстанудың негізгі заңдарының бірі болып есептелінеді. Қазіргі кездегі жасушалық теорияның басты қағидалары төменде қарастырылады.

1.Жасуша – тіршіліктің ең ұсақ бірлігі. Тіршіліктің жасушадан да ұсақ түрлері бар, мысалы вирустар. Бірақ, олар тіршіліктің бірлігі деп саналмайды. Себебі, тірі организмдерге мына қасиеттер жинағы тән: көбеюге қабілеттілік, зат және энергия алмасу, сезімталдық, адаптация (бейімделушілік), өзгергіштік, т.б. Осы қасиеттер жинағына ие болған ең ұсақ тіршілік түрі – тек қана жасуша. Ал, вирусты алсақ, ол бұл қасиеттердің барлығына бірдей ие емес (мысалы, олар өздігінен көбейе алмайды, ол үшін жасушаны пайдаланады). Сондықтан, вирус қаншама ұсақ және тіршілік түрлерінің бірі болса да, оның бірлігі деп саналмайды.

2.Жасушаның көбеюі бастапқы жасушаның бөлінуі арқылы өтеді. Ұлы неміс патологы (дерт дамуын зерттеуші) Рудольф Вирхов айтқандай: «Әрбір жасуша – тек қана жасушадан» («Omnia cellula ex cellulae»). Жасушаның бөліну механизмі – митоз 1880-ші жылдары ашылды. Жасушалық теория жасалғанға дейін ғалымдар жасушаны жасушадан емес, құрылымсыз массадан бірте-бірте пайда болады деп ойлаған еді.

3.Әртүрлі мүшелерден және организмдерден алынған жасушалардың нәзік құрылымы, пішіндері мен қызметтері өзгеше болғанымен, олардың құрылысының жалпы үлгісі ұқсас: ядро, цитоплазма, плазмалеммадан тұрады. Бұл – эукариоттық организмдердің эволюция кезінде пайда болу тегі ортақ болғанының кепілі.

 

2.  Клетка ядросының құрылысы және қызметі.      Клетка ядросының құрылысы мен химиясы.

 

1.Клетка тіршілігіндегі ядроның рөлі.

2.Ядроның негізгі қызметтері: транскрипция. редупликация және генетикалық материалды кайта тарату.

3.Прокариоттар мен эукариоттардағы ДНК молекуласының репликациясы.

4. Клетка ялросының, құрылысы және химиясы: хроматин (хромосомалар). ядрошық кариоплазмі ядро қабықшасы.

5.Шашыраңқы және жинақталынған хроматин (эухроматин және гетерохроматин).

6.Клетканың өмір сүру цикліндегі хромосомапың үзілмейтіндігі жөніндегі концепциясы. Митотикалық хромосомаларлық пішіні, түрлері және жалпы құрылысы.

7. Хромосомдардың молекулалық және нәзік құрылымы. Кариотип жайында түсінік.

 

Эукариотты жасушалар плазмалеммаларының ерекшелігі – құрамында липидтердің үш түрлерінің бірі – холестеролдың көбірек болуы. Ол сұйық биқабаттың аққыштығын және механикалық беріктігін реттеп отырады.        Басқа мембраналармен салыстырғанда, плазмалемманың ассиметриялы артығырақ. Бұл ерекшелік, әсересе, көмірсулардың (олигосахаридтердің)орналасуына байланысты. Эукариотты жасушалар плазмалеммасының сыртқы бетінде гликокаликс (гр. glykos – тәтті, calyx – қабық) деп аталатын қабат орналасқан. Оны құрайтын  гликопротоиндер, протеогликандар және гликолидтер – плазмалемма құрамындағы ақуыздар мен липидтердің көмірсулармен (олигосахаридтермен) біріккен комплекстері. Нәтижесінде, плазмалық мембрананың сыртқы бетінің үстінде, көмірсу топтарынан (олигосахаридтер) тұратын қабат қалыптасады. Электрондық микроскоп арқылы зерттеу үшін рутенийлі қызыл деген затпен арнайы өңделінген препаратта, гликокаликс орташа дәрежелі электронтығыз, плазмалемма үстінде орналасқан нәзік (3-40нм), борпылдақ қабат түрінде көрінеді. Гликокаликс құрамында тіндер үйлесімділігін қамтамасыз ететін, гормондар және нейромедиаторларды қабылдайтын рецепторлар, жасуша ішінде түзіліп, абсорбцияланған кейбір ферменттер орналасады. Плазмалемма бетінде көмірсулар концентрациясының мұндай жоғары деңгейде болуы, олардың қызметтік маңыздылығын көрсетеді.

Нерв талшықтарының миелинді қабықтары құрамындағы кейбір гликолипидтердің, мысалы сфинголипидтердің алмасуы бұзылған жағдайда, церебральді (лат. сerebrum – ми) сфинголипидоздар деп аталатын тұқым қуалайтын аурулар тобы дамиды.

Плазмалық мембрана және гликокаликстің қызметтері олардың жайғасқан

Көмкерілген эндоцитоздық көбікшелер арқылы иммуноглобулиндер, сары уыз қосындыларының ақуыздары (аналық жыныс жасушасының цитоплазмасына қарай), тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛ; орысша: липопротеины низкой плотности-ЛНП) тасымалданады. Рецептоплар қатысуымен өтетін эндоцитоз арқылы жануар жасушалары мембраналарын синтездеуге қажет холестеролды жұтып отырады. Жолестерол енуінің бұл жолы кедергіге (блок) ұшыраса, ол қанда жинақталып, қан тамырларының қабырғасында атеросклероздық түйіндақтар (бляшкалар) түрде шөгеді,  сондықтан, олардың қуысы тарылады. Мысалы, туа біткен тұқым қуалаушылық ауру – жанұялық гиперхолестеринемиямен ауыратын адамдардың жасушаларында белок-рецепторлары кеміс болғандықтан (ата-анасынан тұқым қуалаған мутанттық ген әсерінен), лиганд (ТТЛ, яғни холестерол және белок комплекс) қаннан сорылмайды. Сондықтан, қанда қалыптасқан холесторелдың жоғары деңгейі бұл адамдарды жастайынан атеросклерозаға ұшыратып, жүректің коронарлық ауруларынан өлуіне себеп болады.

Жасуша бетіне сигнал түсіретін осындай информациялық молекулаларды плазмалемма  құрамындағы арнайы рецепторлар қабылдайды (тірікейді). Рецепторлар – бұл көбінесе плазмалемманың көмірсу бөліктері бар интагралды белоктары және гликокаликстің гликопротеиндері). Сырттан түскен сигналдарды айырып тану, яғни рецепторлық қызмет, жасуша тіршілігіне көптеген себептермен өте маңызды: 1)иондық каналдардың қабырғасын құрайтын белоктардың конформациясын (кеңістіктік пішінін) өзгерту арқылы плазмалемманың өткізгіштігін реттеу; 2)кейбір арнайы заттардың цитоплазмаға өтуін реттеу; 3)Сыртқы сигналдарды жасуша ішілік сигналдарына айналдыру арқылы жасушаның өсуін, бөліну жылдамдылығын, дамуын реттеу, әртүрлі қызметтерін үйлестіру (координациялау).

г) Плазмалемманың адгезиялық қызметі – құрамындағы арнайы адгезиялық гликопротеиндердің (кадгериндер, интегриндер) көрші жасушалар бетінің немесе қоршаған жасушааралық заттың сәйкес құрамдастарымен өзара әрекеттесуі арқылы бірін-бірі танып, байланысуы. Қарапайым жасушааралық жалғау деп аталатын мұндай  байланыстар арқасында жасушалардың плазмалеммалары 15-20нм аралыққа дейін жақындасады. Ұқсас жасушалар эмбриогенезде адгезия құбылысы арқылы бірігіп, тіндер қалыптастырады; адгезиялық байланыстар жойылуы жасушалардың миграциясына (орын ауыстыру) жағдай тудырады. Плазмалемманың адгезиялық гликопротеиндері жасушааралық заттың адгезиялық ақуыздарын танып, байланысуы арқасында, жасушалардың миграциясы кездейсоқ емес, бағытталған түрде өтеді.

Адгезиядан кейін жасушалар арасында мамандандырылған арнайы жалғаулар (қосылыстар) – контакттар қалыптасады: тығыз жалғау белдемелік десмосома, сыңар десмосома, саңылауы контакт. Жалғаулардың кейьір түрлерінің қалыптасуына питоскелеттік құрылымдар да қатысады. Жасушалардың тіндерге қалыптасыуы кезінде, әсіресе контакттардың маңызы зор. Сондықтан, олардың құрылысын жалпы гистология бөлімін оқу кезінде егжей-тегжейлі қарастырамыз. Ал, бұл жерде негізгі жалғаулар туралы қысқаша мәліметтер келтіріледі.

Тығыз контакт – В) - өзара анастомоздар құрыа, көрші жасушалардың плазмалеммаларын байланыстыратын арнайы трансмембраналық белоктардың белдеме тәрізді тізбегі. Көрші жасушалардың бұл тұстағы плазмалеммалары бірігіп кеткендіктен, олардың арасынан заттар өте алмайды.

Белдемелік десмосома – жасушаның апикальді (үстіңгі) бөлігінің периметрін белдеу сияқты қапсыра қамтитын жалғау. Кесіндіде олардың құрылысы десмосомаларға ұқсайды. Көрші плазмалеммалардың арасы адгезиялық трансмембраналық гликопротеиндермен толтырылған. Плазмалеммалардың цитоплазмалық беттерінде актин-байлансытырушы α-актинин, винкулин ақуыздарынан тұратын электронтығыз пластинкалары бар. Осы табақшаларға цитоскелеттің актин микрофиламенттері бекітіледі. Қызметтері: 1)көрші жасушаларды өзара бекіту; 2)жасушаның цитоскелетін тұрақтандыру (стабилизация); 3)морфогенездік қимылдарға өатысу.

Десмосомалар – эпителий жасушаларын бір-біріне механикалық байлансытыратын контакттар. Олар екі көрші плазмалеммалардың цитоплазмалық беттеріне жанасқан диск тәрізді цитоплазмалық табақшалардан және соңғыларды жасушааралық кеңістікте (десмоглия) өзара байланыстыратын трансмембраналық адгезиялық белоктардан тұрады. Цитоплазмалық табақшаларға цитоскелеттің компоненті – аралық филаменттер бекітіледі. Десмосомалардың қызметтері – жасушаларды бір-бірімене бекітіп, тіндердің бір тұтастығын және аралық филаменттер арқылы цитоплазманың серпімділігін қамтамасыз ету. Сыңар десмосомалар эпителий жасушасы мен базальді мембрана арасында қалыптасады. Оны десмосомалар құрылымдарының жартысы құрайды.

Саңылаулы контакт немесе нексус, жасушадан жасушаға химиялық сигналдарды өткізеді. Олардың иондық жіне метаболизмдік ұштасуын қамтамасыз етеді. Саңылаулы контакт кооннексин деп аталатын ақуыздардан құрылған трансмембраналық каналдар – коннексондардан тұрады.

Жасуша және жасушалық емес құрылымдар. Плазмалық мембрана. Адгезиялық белоктардың гендері мутацияға ұшыраған жағдайда жасушааралық байланыстар әлсірейді. Мұндай құбылыс қатерлі ісіктерге тән. Сондықтан, ісіктің жеке жасушалары мүшеден бөлініп шығып, басқа мүшелерге миграциялап, мұнда ісіктің жаңа ошақтарын – метастаздарды (ісік көшінділері) қалыптастырады.

 

3.  Цитоплазма құрылымы. Биомембрана құрылымы, клетка қабырғасының құрылысы.
 

1.Биомембрананың құрылымы (мембрана құрамына кіретін майлардың.белоктардың және кемірсулардың касиеті).

2.Биомембрана құрылысыныңмоделі. Плазматикалық мембрананың құрылысы (плазмалемма).Плазматикалық мембрананың құрылысы (плазмалемма).

3.Плазмалеммаиың тосқауылдық-тасымалдау Клеткааралық байланыстары (контактылар). 4.Өсімдіктердің клетка қабырғасының құрылысы (пектин заттар, целлюлоза, гемицеллюлозалар).

5.Өсімдік клеткаларының клеткааралық байланыстары (плазмодесмалар).

6. Гиалоплазманың химиялық құрамы өсімдік және жануар клеткаларының гиалоплазмасының химиялық құрамы өсімдік және жануар клеткаларының гиалоплазмасының химиялық құрамы. 7.Цитозольдің физико-химиялық жағдайы (гель, золь). Клетка қосындылары (секреторлық, трофикалық, арнайы). Клетканың цитоқаңкасы миротүтікшелер және микрофиламенттер). Органоидтар циклозы.

 

Экзоцитоз (гр.exo – сыртқа, kytos – жасуша, osis  - процесс)  - цитоплазмада синтезделген макромолекулалардың жасушаның сыртына бөлінуі, яғни эндоцитозға кері процесс. Бұл кезде мембраналы экзоцитоздық көбікшелер, гранулдар плазмалеммаға жақындап, онымен бірігіп, бөлігіне айналып кетеді. Көбікшенің беті сыртқа ашылғандықтан, ішіндегі заттар (жасушада синтезделіп, шығарылуы тиіс өнімдер және экскрецияға ұшырайтын зиянды заттар) жасушааралық кеңістікте бөлініп шығарылады. Бұл заттардың тағдыры әртүрлі: біреулері плазмалемманың бетіне жабысып, перифериялық ақуыздарға айналады (мысалы, антигендер), екіншілері – жасушааралық заттың компоненттеріне айналады (мысалы, коллаген), үшіншілері – биологиялық активті заттар (гормондар, медиаторлар, өсу факторлары) ретінде басқа жасушаларға әсерін тигізеді.

Кейбір жасушалар түрлеріне эндоцитоз бен экзоцитоз сипаттарына бірдейіне трансцитоз (лат.trans - өте шығу, гр.kytos – жасуша) процесіне тән Мысалы, капиллярлардың  қабырғасын іш жағынан қаптайтын жалпақ жасушалар эндотелиоциттердің бір бетінде эндоцитоздық көбікшелер қалыптасып, қарсы бетіне тасымалданғаннан кейін экзоцитоздыө көбікшеге айналады да ішіндегі затты жасушаның сыртына шығарады.

в)Плазмалемманың рецепторлық (қабылдау) қызметі. Көп жасушалы организмді құрайтын жасушалар бір-бірімен байланыс  жасайды. Байланысу әдістерінің бірі – эндокриндік және нерв жасушаларында синтезделіп, бөлінген гормондар мен нейрогормондардың (лиганд. Сигналдық молекула, бірінші аралық) алшақта орналасқан басқа асушаға (нысана-жасушаға) жетіп, оған сигналды түсіруі. Сигнал беретін молекулалар рөлін эндокриндік жасушаларда бөлінетін пептидтік гормондар, нейрондарда бөлінетін нейромедиаторлар және әртүрлі жасушаларда бөлінетін өсу факторлары атқарады. Плазмалық мембрана (плазмалемма, цитолемма, жасушаның сыртқы мембранасы) цитоплазманы сыртқы ортадан айырып та, және байланыстырып та тұрады. Яғни, оған жоғары дәрежелі талғамды өткізгіштік қасиет тән: плазмалемманың екі бетіндегі иондар концентрацияларының  айырымын (градиент) сүйемелдеу, қоректік заттарды жасуша ішіне кедергісіз ендіру, ал, шығарылатын өнімдерді – сыртқа бөліп отыру. Әрине, плазмалемменың бұл және де басқа қасиеттері мен атқаратын қызметтері оның құрылысына байланысты.

Плазмалық мембрананың құрылысы. Плазмалемма – жасуша мембранасының ең қалың түрі. Бірақ, сонда да оның қалыңдығы жай микроскоптың айқындағыш қабілетінен едәуір төмен, сондықтан, жарық микроскобымен плазмалемма көрінбейді. Плазмалық мембрананың негізін липопротеиндер кешені – биологиялық мембрана құрайды. Электрондық микроскоп арқылы плазмалемма  үш қабатты құрылым (арасында ақшыл қабат орналасқан екі электронтығызды қара қабаттар) түрде көрінеді). Мұндай көрініс контраст жасу үшін қолданылған осмий тетраоксидінің жасушаның сыртына және ішіне қараған липидті сыңарларының гидрофильді «бастарымен» әрекеттесуіне байланысты.

Эукариотты жасушалар плазмалеммаларының ерекшелігі – құрамында липидтердің үш түрлерінің бірі – холестеролдың көбірек болуы. Ол сұйық биқабаттың аққыштығын және механикалық беріктігін реттеп отырады.        Басқа мембраналармен салыстырғанда, плазмалемманың ассиметриялы артығырақ. Бұл ерекшелік, әсересе, көмірсулардың (олигосахаридтердің)орналасуына байланысты. Эукариотты жасушалар плазмалеммасының сыртқы бетінде гликокаликс (гр. glykos – тәтті, calyx – қабық) деп аталатын қабат орналасқан. Оны құрайтын  гликопротоиндер, протеогликандар және гликолидтер – плазмалемма құрамындағы ақуыздар мен липидтердің көмірсулармен (олигосахаридтермен) біріккен комплекстері. Нәтижесінде, плазмалық мембрананың сыртқы бетінің үстінде, көмірсу топтарынан (олигосахаридтер) тұратын қабат қалыптасады.

Эндоцитоз (гр. endo  - ішіне, kytos – жасуша,  osis – процесс) процесі кезінде плазмалемманың кішкене бөлігі, әуелі ойылып, жұтылатын затты бірте-бірте ішіне қарай тартып, сыртқы липидты моноқабаттары жан-жақтан оны қармап, бір-біріне тұтасқанша жабысып, ақырында плазмалеммадан үзіледі. Нәтижесінде, жұтылған зат биқабатты мембранамен қоршалып, жасуша ішіне түседі. Қалыптасқан шар, тәрізді мембраналық қапша эндоцитоздық вакуоль (көбікше, эндосома) деп аталады. Одан кейін эндосома жасуша ішілік өңделу (процессинг) құбылыстарына ұшырайды. Эндоцитоздың үш түрі бар: пиноцитоз, фагоцитоз және рецепторлар қатысуымен (арқылы) өтетін эндоцитоз. Эндоцитоз барысында көбікшелердің біреулері – плазмалық мембрананың беті тегіс бөліктерінен, ал, басқалары – кесіндіде цитоплазмаға қараған беті түкті болып көрінетіндіктен, «көмкерілген (жиекті) шұңқырлар» деп аталатын бөліктерінен қалыптасады. Слңғылар бірнеше құрылымдық ерекшеліктерімен сипатталады. Біріншіден, мұнда жұтылатын заттың молекулаларымен немесе фагоцитозға ұшырайтын түйіршіктің бетіндегі молекулалар – лигандтармен (лат. Ligare – байланыстыру) арнайы (спецификалық) байланысатын мембраналық белок-рецепторлар рналасқан. Плазмалемманың шұңқырдан тыс бөлігіндегі рецепторлар лигандтармен кешен құрып, қалыптасушы көмкерілген шұңқырға бағыттап жылдиды да, мұндағы басқа рецепторларды ығыстырып шығарады. Сонымен, көмкерілген шұңқырлар – кездейсоқ емес, нақтылы макромолекулаларды жұтуға, оларды жинақтауға, іріктеуге арналған плазмалемманың мамандандырылған бөліктері. Плазмалық мембрана арқылы арнайы заттар тасымалданудың мұндай белсенді ерекше әдісі рецепторлар арқылы атқарылатын эндоцитоз деп аталады. Жай эндоцитозбен салыстырғанда, бұл жол заттарының тез және тиімді тасымалдануын қамтамасыз етеді. Көмкерілген шұңқыр құрылысының екінші ерекшелігі – цитоплазмалық беті клатрин және басқа да белоктардан тұратын торлы және түкті («көмкерілген жиекті») болып көрінетін қабықпен қоршалуы. Клатрин қабығы көмкерілген шұңқыр менішінде ыдыратқыш ферменттері бар гидролазалық көбікшелердің) бірігуіне кедергі жасап, жұтылған заттардың тиісті орнына жеткенше мерзімнен бұрын ыдырауынан сақтайды. Рецепторлар қатысуымен өтетін эндоцитоз бірнеше кезеңдер арқылы атқарылады: а) лиганд пен мембраналық рецептордың байланысуы; б) лиганд-рецептор кешенінің көмкерілген шұңқырға жинақталуы; в) көмкерілген шұңқырдың цитоплазмаға батып, көмкерілген көбікше айналуы; г) лиганд-рецептор кешені ыдырап, рецептордың плазмалеммаға қайтып түсуі; д) көмкерілген көбікше клатрин
қабығынан ажырап, тегіс көбікше эндосомаға айналуы және е) гидролазалық көбікшелермен бірігіп, ішіндегі заттардың процессигіге (ыдырауға) ұшырауы.

 

4. Клетка дифференциациясынын факторлары. Көпклеткады организмде клеткаларының құрылымдарының әртүрлілігі.

Жоспар

 

 1.Клетка дифференциациясы -организмде гетерогеиді клетка құрамының пайда болуы, олардың клеткадағы әр түрлі қызметтерді қамтамасыз етеді.

2. Ядро мен цитоплазманың клетка дифференциациясындағы рөлі.

3.Дифференциация факторлары және сол процесті реттеу.

3.Эмбрионалды дифференциация. Индукцияның әсері. Дифференциацияның гуморалды және нерв факторлары. Ісіктің басқа түрге ауысуы.

4.Клетка   патологиясы.   Клеткаға  жарақаттану  факторларының әсері.Некроз. Апоптоз.

 

Ұрықтың пайда болғаннан бастап туғанға немесе жұмыртқадан жарып шыққанға дейінгі анасының құрсағындағы, жұмыртқаның ішіндегі немесе дернәсіл кезеңіне дейінгі қалыптасу, даму, өсу мерзімін онтогенездің ұрықтық немесе эмбриондық кезеңі (эмбриогенез) — деп атайды. Осы кезендегі ұрық ағзаның даму ерекшеліктері мен оның ұлпаларының, мүшелерінің, мүшелер жүйелерінің қалыптасу жәнс құрылыс зандылықтарын зерттеу эмбриологияның үлесіне тиеді. Сондай-ақ, жануарлар ұрығы ағзалардың эмбриондық даму кезіндегі кезендік жетілу заңдылықтарына, оның ішінде бірторшалы ұрық — зиготаның бөлшектену түрлерінің жұмыртқа торшаларының (овоциттердің) құрылыс ерекшеліктеріне байланыстылығына, ұлпалардың (гистогенез), мүшелердің (органогенез), мүшелер жүйелерінің   (системогенез) даму көздері мен түзілу процестеріне басым көңіл бөлінген. Эмбриогенездегі ұлпалардың түзілу заңдылықтары — онтогенездің постнатальдық) кезеңіндегі, яғни туғаннан кейінгі тол ағза ұлпаларының құрылыс ерекшеліктері мен олардың қалпына келу қаблеттілігін анықтайды.

  1. Әртүрлі мүшелерден және организмдерден алынған жасушалардың  нәзік құрылымы, пішіндері мен қызметтері өзгеше болғанымен, олардың құрылысының жалпы үлгісі (схемасы) ұқсас:  ядро, цитоплазма, плазмалеммадан тұрады. Бұл – эукариоттық организмдердің эволюция кезінде пайда болу тегі ортақ болғанддығының  кепілі.
  2. Организм – жасушалардың және жасушалық емес құрылымдардың күрделі жүйесі. Р. Вирхов бұдан 100 жылдан астам бұрын организмді «жасушалар мемлекеті» ретінде қарастырған. Расында, мемлекет сияқты жасушалар бірлестігі – мүшелер арасында да, еңбек немесе қызмет бөлісі байқалады. Ересек адамның организмін құрайтын, саны 1013 жуық жасушалар әмбебеп емес, олардың әрбір түрі тек нақтылы қызметтерді атқаруға мамандырылған. қазіргі кездегі ғылым адам организмін құрайтын мамандырылған жасушалардың екі жүзден астам түрлері бар екендігін анықтады. Тіршілік етуіне қажет барлық қызметтерді атқара алмағандықтан, мамандырылған жасушалардың өмірі басқа жасушаларға тәуелді болады. Сондықтан, мамандырылған жасушалар бірлестігі болып табылатын организмде, жасушалар арасында бір – біріне қызмет ету және информация алмасу өте қажет. Бұл құбылыстар жасушалар мен тіндер деңгейінде – жасушааралық әрекеттестік арқылы, ал, организм деңгейінде – жүйке және қан арқылы, яғни нейрогуморальді реттелумен өтеді. Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен  цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), оргоноидтардан және кірінділерден түзіледі. Кірінділер, немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз, клетканың метаболизміне қатыспайтын, клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар: майдың тамыршалары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пигменттік кірінділері. Органоидтар (органелла) дегеніміз клеткада белгілі бір функция атқаратын цитоплазманың ерекше жіктелген бөлігі. Оргоноидат клеткалардың барлығында дерлік  кездеседі және зат алмасуы процесінде маңызды функция атқарады. Органеллаларды мембраналы және мембранасыз органеллалар деп ажыратады. Мембраналы органеллаларға эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, митохондряиылр, лизасомала, нерексомалар, ал мембранасыз органеллаларға – рибасомалар, центриольдар, микротүтікшедер, микрофибриллалар, микрофиламенттер, кірпікшелер мен талшықтар жатады

Өсімдік клеткалары полисахаридтік клеткалық қабырғамен жабдықтылған. өсімдік клеткаларының митоздық аппараты ұршықтан тұрады, бірақ жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде центриольдар болмайды; клеткасының бөлінуі жаңа бөлгіштің пайда болуының  есебінен жүреді. өсімдіктер клеткасының көпшілігінде жарық энергиясын химиялық  энергияға айналдыратын  хлоропластлер болады.

 

5. Сүйек ұлпалары. Сүйек ұлпаларының қызметі, классификациясы, химиялық құрамы.

 

1.Эмбриогенездегі остогенез түрлері және репаративті  регенерация  кезіндегі  остеогенез.

2. Сүйек    ұлпаларының жастық қайта құрылуы.

3.Қаңка ұлпаларының онтогеиездегі және регенерация  кезіндегі бір-бірімен байланыстылықтарының әр түрлік.

4.Омыртқалылардың әртүрлі ішкі орта ұлпаларының өзара байланыстылығы.

 

Жануарлардың  өсімдіктен  негізгі айырмашылығы, оның қоршаған ортаға орын ауыстыра қозғалып бейімделуі болып табылады. Жануарлардың    жоғары әрекетін ең басты көрінісі оның сыртқы дүниеге жасайтын әрекеті қимыл-қозғалыс  оның қанқалық бұлшықет жүйесінің қызметінің нәтижесі.

Қозғалыс қызметінен басқа тірек-қимыл аппараты дененің жерге тірегі қызметін де атқарады, сондықтан да оны тірек-қимыл аппараты деп атайды. Сонымен бірге адам организмі жердің тартуы - гравитациясы жағдайында туып, дамып, тіршілік ететінін ескеру керек.

Дененің әрбір қозғалысы осы ауырлық күшін жеңу болып табылады да, тірек-қимыл аппараты сонымен қатар антигравитация қызметін де қоса атқарады. Сондықтан оны антигравитация (жердің тарту күшін жеңу) аппараты деп те атауға болады.

Бүкіл қозғалыс аппаратын пассивті (қаңқа және оның қосылыстары) және активті (бұлшықеттер) бөлігі деп ажырату заңды. Бүл екі бөлік қызметі жағынан өзара тығыз байланысты және бір ғана бастамадан -мезодермадан дамып жетіледі. Негізінде тірек-кимыл аппараты мүшелердің үш жүйесінен: 1) сүйектерден, 2) олардың қосылыстарынан және 3) бұлшықеттерден тұрады.

Сүйектердің химиялық  құрамы мен физикалық  қасиеттері. Сүйек заты химиялық заттардың екі түрінен тұрады: органикалық заттар  негізінен оссеин және бейорганикалық заттар негізінен кальций тұздары, әсіресе фосфорқышқылды ізбес (51,04%). Егер сүйекке қышқыл ерітінділерімен (азот, тұз және басқа) әсер етсек, ізбес тұздары еріп кетеді де (decalcinato), ал органикалық зат ерімей қалып, бірак жұмсақ және серпінді күйде сүйектің пішінін сақтайды. Егер сүйекті күйдіретін болсақ, онда органикалық зат жанып кетіп, ал бейорганиқалык зат сақталып қалады, бірақ өте сынғыш түрде сүйектің пішіні мен қаттылығын сақтайды. Бейорганикалық және . органикалық заттардың тірі сүйекте аралас болуы оған аса беріктік пен серпімділік қасиет береді. Бұған сүйектің жасқа байланысты өзгеруі де дәлел болады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Гистология мен  эмбриология негіздері.Кайнар  баспасы.   Алматы  1969
  2. Г. Тұрабаева. Цитология пәнінен лекциялар жинағынан әдістемелік оқу құралы. 207 – бет. 2007 ж.  М. Әуезов атындағы  ОҚМУ.
  3. Г. Тұрабаева. Гистология пәнінен лекциялар жинағынан әдістемелік оқу құралы. 77-бет. 2007 ж. М. Әуезов атындағы  ОҚМУ.   

4.                                       Г. Турабаева. «Гистология» пәнінен практикалық сабақтарға арналған кейстер. Әдістемелік нұсқау.  Шымкент М.Ауезов атындағы ОҚМУ, 2008. 35-  бет.

  1.  Г. Турабаева . Курс лекций по Цитология. Учебное пособие.- Шымкент. Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауезова, 2008.- 105-с.

6.                   Заварзин А. , Харазова А. Основы общей  цитологии . Л: И-во 1982

7.                  Леви А, Сикевиц Ф, Структура  и функции клетки. М: Мир ,1971.

8.                   Иванов И. П. Ковальский. Цитология Гистология эмбриология.   Изд. 3-е  М. 1976

9.                   Антипчук Ю. Гистология с основами эмбриологии.  М: 1993.

10.               Шубникова Е.А.  Лекция по гистологии М: 1974.

11.               Н. Нұрышев. Цитология алматы.  Санат. 1998.

12.               М. Нұрышев Гистология және  эмбриология негіздері Алматы 1998.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-26 15:23:15     Қаралды-7121

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »