UF

Терматодтар немесе дигенетикалық сорғыш құрттар класы. Моногенетикалық сорғыш құрттар және  таспа құрттар кластары.

 

Дигенетикалық сорғыш құрттар класының 4900-дай түрі бар. Олардың барлығы әртүрлі жануарлардың эндопаразиттері. Негізгі өкілдері бауырсорғыш құрт - fasciola hepatica, ланцет тәрізді сорғыш құрт -dicrocoelium lanceatum.

Дигенетикалық сорғыш құрттар жалпақ құрттар типіне жататын болғандықтан, кірпікшелі құрттармен ортақ белгілері көп, бірақ паразиттік тіршілігіне байланысты бірнеше ерекшеліктері бар:

1) ересек түрлерінде кірпікшелері толық жойылған

2) сорғыш   құрттардың   денесі   күрделі   құрылысты   цитоплазмалық қабықша - тегументпен қапталған.

3) тегументтің сыртында ас қорыту ферменттеріне қарсы тұратын заттар бар. Сол себепті олар асқазанда қорытылып кетпейді.

4) сорғыштардың иесінің денесіне бекінуге арналған сорғыш мүшелері болады.

5) тыныс алуы анаэробты жүреді, яғни ашу процесі арқылы.

6) тіршілік циклі  күрделі, екі ие ауыстырады. Жыныс жүйесі жақсы дамыған, өте көп мөлшерде жұмыртқа салады.

 Дигенетикалық сорғыш құрттар денесі бірнеше мм-ден 8 см-ге дейін жетеді. Дене пішіні жапырақ және ланцет тәрізді, арқа-құрсақ бағытында жалпайған.

  Ерте дернәсілдік стадиясында кірпікшелері болады да, ересек кезінде жойылып кетеді. Тегументтің сыртында ұсақ тікендері мен иілген ілмектері бар. Дигенетикалық құрттарда екі бұлшық етті сорғыштары бар. Біреуі денесінің бас жағында орналасып, сорғышының ортасында ауыз тесігі болады - сол себепті оны ауыз сорғышы деп атайды. Ал екіншісі - құрсақ сорғышы деп аталады да ол ауыздан алысырақ орналасады. Бұл тек бекіну қызметін атқарады. Сыртқы тері-бұлшық ет қапшығы тегументтен және сақиналы, көлденең, бойлық бұлшық ет қабатынан тұрады. Тегументтің езі екі қабат түзеді: сыртқысы ядросыз, ішкісі ядролы қабат.

  Моногенетикалық сорғыштар класы Monogenea. Моногенетикалық сорғыштар класы мұхиттың эктопаразиттерін және тұщы су балықтарының, амфибиялар мен рептилилер паразиттерінің 150-дей түрін біріктіреді. Бұлардың тек аздаған түрі иесінің ішегінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген.

  Балықтардың желбезегінде, денесінің сыртында моногенетикалық сорғыштардың эктопаразиттік тіршілік етуіне байланысты олардың бекіну мүшелері күшті дамыған. Денесінің соңғы жағы оқшауланып, хитинді ілмектермен, қақпақшалармен кейбіреулерінде топтасқан сорғыштармен жабдықталған жабысқыш дискіні құрайды.

  Денесінің артқы жағында да паразитке қоректену кезінде иесіне жақсы бекінуге мүмкіндік беретін жабысқыш өскіндер түзетін белдеушелер, шұңқырлар және сорғыштар болады. Олардың қорегі эпителиальды клеткалар және иесінен бөлінген әр түрлі заттар мен қан болып табылады. Жас балықтарда паразиттену нәтижесінде олардың көптеп өлуіне әкеледі.

  Моногенетикалық сорғыштар иесін ауыстырмай көбейеді және олардың ұрпақтарында алмасу болмайды. Осыған орай класс моногенетикалық деп аталған.

  Моногенетикалық сорғыштар денесінің алдыңғы жағында 1 -2 жұп көзі, денесінің барлық жерінде сезімтал жүйке ұштары болады.

  Моногенетикалық сорғыш құрттар гермафродиттер және әдетте моногенді. Тұқымын салу және оның дамуы суда жүреді. Бірақ, тірі туатын туыстары да болады. Бұлардың ішінде практикалық маңыздысы тұщы су балықтарында паразиттенетін, кейде оларға үлкен қатер тудыратын Dactylogyridae туысының өкілдері. Dactylogyrus балықтардың қауіпті паразиті. Денесі 1-3 мм. болатын майда сорғыштар. Олар көбінесе балықтардың желбезегінде, терісінде көп мөлшерде (бірнеше жүзге дейін) кездесіп, эпителий және қанмен қоректенеді де жас балықтардың көптеп өлуіне әкеледі.

Таспа құрттар класы Cestoidea. Таспа құрттар әртүрлі жануарлар мен адамдардың ішегінде, тіршілік ететін эндопаразиттер. Оның 3400-дей түрі бар.

  Жалпақ құрттар типіне жататындықтан, денесі арқа-құрсақ бағытында жалпайған, дене қуысы жоқ, ол түгелімен паренхимамен толған. Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Жүйке жүйесі де жалпақ құрттардыкіне тән. Бірақ, таспа құрттар паразиттік өмірге жақсы бейімделген. Сол себепті бірнеше ерекшеліктері бар:

    1.  Ерекше   жетілген   бас   бөлігі   -   сколексі   бар,   онда   сорғыш
аппараттары орналасқан.

2. Денесі бунақтардан тұрады. Олар проглаттида деп аталады.

3. Әр бунақта жыныс аппараты қайталанып отырады.

4. Ас қорыту жүйесі жойылған.

5. Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы күрделі жүреді.

  Денесінің ұзындығы I мм-ге жетпейтін мөлшерден 15 м-ге дейін барады. Денесі кішкентай сколекстен және ұзын проглаттидалардан тұрады. Сколексте мынадай бекіну мүшелері болады:

  1)бұлшық етті сорғыштар. Домалақ болып келген 4 сорғыш басының
жан-жағында орналасады.

  2)сору тесіктері немесе ботрии

  3)ботридии - сорғыш аппаратының күрделі формасы.

  4)ілмектер.

  Сколекстан кейін кішкене жіңішкерген бөлік мойын деп аталады. Ол жерден көлденең сызаттар пайда болу арқылы жаңа проглаттидалар дамиды. Проглаттидалардың пайда болуы стробиляция деп аталады. Пісіп жетілген соңғы проглаттидалар үзіліп түсіп, қорытылмаған аспен бірге сыртқа шығып отырады.

  Таспа құрттардың дамуы екі немесе үш рет иесін алмастыру арқылы жүреді. Тіршілік циклі:

- жұмыртқа - онкосфера - финна - ересек құрт.

- жұмыртқа - процеркоид - плероцеркоид - цистицерк — ересек құрт.

Таспа құрттар класының тармақтары:

1.  Цестодатәрізділер   (Cestodaria)-   денесі   бунақталмаған,    өкілі
Амфиликс - Amphilina foliacea.

2. Цестода (Cestoda) - өкілдері кәдімгі ремнец, жалпақ лентец, өгіз
солитері, қарулы, қарусыз цепень, эхинококк.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар зоологиясы.Алматы, 2004ж.

2. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. М.1989г.

3. Натал В.В. Зоология безпозвоночных. М.Просвещение.

4. Шарова И.Х. Зоология безпозвоночных.М.2004г.

5. Дүйсебаев А. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы. Алматы,1976ж.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 19:47:35     Қаралды-6745

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »