UF

Экономикалық интеграция және қазіргі дүниежүзінің географиясы

 

Жоспары:

        1. Экономикалық интеграция, әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері

        2. Экономикалық саясат мен дағдарыс.

        3.Жаңа технология және ҒТР

 

Экономикалық интеграцияның әлеуметтік-экономикалық дамудағы әсерін, жаңа технологияның және халықтың орналасуы сынды географиялық өзгерістер негізінде талдау.

Экономикалық интеграция дегеніміз – бүгінде өндіргіш күштердің интернациональдануының әлемдік процесінің өзіне тән көріну формасы. Ол елдердің шикізат, отын, еңбек ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануына, аумақтық еңбек бөлінісін жақсартуына көмектеседі. Көбінесе саудаға негізделетін кәдімгі экономикалық ынтымақтастықтан өзгеше экономикалық интеграцияның ерекшелігі сонда, жекелеген елдердің жан-жақты қарымқатынастары одан әрі тереңдейді, өндірістік процестер тұтасып ұласады.

Интеграциялық бірлестіктер соңғы жылдары дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастардың ажырағысыз бір бөлігі болып отыр. Бұл орайда елдердің белгілі бір топтарының дамуының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларына орай интеграциялық процестер әр қырынан көрінуде. Мысалы, нарықтық экономикасы бар елдердің экономикалық интеграциясын айсбергпен салыстыруға болады: оның су үстінде ұшығына, яғни баршаға мәлім мемлекеттік монополистік одақтар мен бірлестіктер ғана көрінеді. Ал айсбергтің көзге көрінетін бөлігінен басқа көрінбейтін бөлігі – мыңдаған халықаралық фирмалар аралық одақтар мен келісімдер бар. Мұндай интеграция монополиялардың өнім өткізу нарықтарын қаратып алу үшін қымқуат күресімен ерекшеленеді. Прогресті экономикалық құбылыс екеніне еш күмән болмаса да, ол кейде нарықтық бәсекенің ауытқулары салдарынан қатардағы еңбеккерлердің қалталарын ойсыратып кететіні болып тұрады.

Дамыған елдердегі интеграциялық процестер дамушы елдердегі интеграциялық беталыстарды да жеделдетті. Олардың дамуы қалыңқы екенін, ұлттық нарықтарының сыйымдылығы төмен екенін ескергенде шаруашылық тұрғысынан ынтымақтасу олар үшін айрықша қажет. Алайда жас мемлекеттердің басым көпшілігінде әзірше өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында қарапайым кооперативтену жоспарлары ғана жасалып жатыр. Ал өнеркәсіптің өзекті салаларын айтсақ (ауыр өнеркәсіп, көлік, энергетика жүйелері) онда бұл болашақтың ісі. Қаржы жетіспейді, ал кейде интеграциялайтын да ештеңе болмайды.

Қазіргі іс жүзінде интеграциялық одақтардың ішінде дүние жүзіне мәлім болып отырғандары Еуропалық Одақ (ЕО) және АҚШ-Канада одағы. Дамушы елдердің интеграциялық топтарының қатарында: Латын Америкасының экономикалық жүйесі, ал осы континенттің 20-дан астам елін біріктіреді, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассосиациясы (АСЕАН), оның құрамында Индонезия, Малайзия, Тайланд, Филиппин және Бруней бар.

Осы және басқа да көптеген интеграциялық бірлестіктердің бағыты мен қарекеті осы дамушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық прогреске, тұтас алғандағы халықаралық экономикалық және саяси жағдайға байланысты болмақ.

Экономикалық интеграция – күрделі де сан салалы процесс. Ол өзіне қатысушы елдердің шаруашылығының дамуына ғана емес, орналасуына да ықпал жасайды. Бұл орайда ауданаралық, экономикалық байланыстар, экономикалық аудандар мен жекелеген өнеркәсіп орталықтарының мамандануы өзгеріп отырады.

Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы адамзат қоғамының бүкіл даму жолын қамтитын процесс. Қазіргі дүние жүзінің саяси егеменді 200ден астам елдер мен мемлекеттер бар, солардың 170-і егеменді мемлекеттер. Елдерді топтастырудың қазірде ең көп тараған түрі – оларды территориясының көлемі мен халқының санына қарай топтау.

Территориясының көлемі жағынан әрқайсысының ауданы 3 млн шаршы шақырымнан астам ең ірі жеті ел бар, олардың бәрін қосқанда барлық құрлық жерінің жартысынан астамы болып шығады. Халқының саны жағынан әрқайсысында 100 млн-нан астам тұрғындары бар ең ірі он ел көзге түседі, осы елдердің халық санын қосқанда жер шарындағы халықтың 3/5-іне тең болады екен. Өте ұсақ, әдетте микромемлекеттер деп аталатын елдер бар. Елдердегі географиялық орнына топтастыру әдістері жиі ұшырысады. Топтастырғанда олар теңіз жағалауларына, түбектерге, аралдарға, архипелагтарға орналасқан елдер болып бөлінеді.

Халықтың орналасуы және тығыздығы: өте үлкен қарама-қайшылықтар. Халықтар мейлінше әркелкі орналасқан, барлық адамдардың 70 пайызы тіршілік етеді. Сонымен бірге адам мекендейтін құрлықтың жартысына жуығында халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 5 адамнан келеді. Адамдар мүлде игермеген жерлер құрлық территориясының 15 пайызын алып жатыр. Табиғат жағдайлары халықтың орналасуына өте үлкен ықпалын тигізеді. Адамдар игермеген немесе нашар игерген жерлер ең алдымен табиғат жағдайлары барынша қолайсыз жерлер. Жердегі тұрғындардың әрбір 100-інің 80-і құрлық жердің 28 пайызын ғана қамтитын теңіз деңгейінен 500 м-ге дейін биіктікте орналасқан ойпаттар мен жазықтарда тіршілік етеді. Таулы өлкелерде айтарлықтай азырақ қоныстанған. Суармалы жерлерде еңбекті көп қажет ететін күріш егісінің дамуы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда халықтың аса ірі шоғырларының қалыптасуына әкеп соқты. өнеркәсіпті  аудандарда халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 1000-1500 адамға жетеді. Жердегі халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге  38 адам. Халықтың саны мен тығыздығы  әрбір елдің дамуына қажетті алғы шарты.

Еуропалық Одақ (ЕО) – Ортақ нарық Батыс Еуропалық 17 мемлекеттің интеграциялық бірлестігі. Оны құруды қолға алып, 1957 жылы алғаш кіргендер Франция, Германия, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембург болды. Кейін оларға Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Венгрия т.б қосылды. Оның құрылуы шаруашылық тіршілікті интернационалдандыруға деген объективті тарихи баталыстың, бұл елдердің өзара жақындасып, ынтымақтасуға табиғи ұмтылысының нәтижесі болды. Бұл интеграциялық одақтың дамуы ұлғайған үстіне ұлғайып, тереңдей түсіп, ісқимылдың жаңа салаларына таралып отыр. Еңбек бөлінісінің дәстүрлі формаларын кеңінен пайдалана отырып (өндірісті мамандандыру мен кооперативтендіру, сыртқы сауда, шетке капитал шығару, ғылыми-техникалық білімдер алмасу және т.б.). ЕО қатысушы елдер соңғы жылдары энергетикалық саясат, айналадағы ортаны қорғау, жұмыссыздық мәселелерін етене үйлестіре шешетін болды.

Батысеуропалық интеграция өз мүшелері шаруашылықтарының дамуына ғана емес, олардың географиясына да көп ықпал жасап отыр. Өндіргіш күштердің шоғырлануының тарихи тұрғыдан қалыптасқан неғұрлым қуатты аймағы қатысушы елдердің Солтүстік-батысынан Бирмингем-Рейн-Милан бағытымен солтүстік-оңтүстік-шығысын алып жатыр.

Батысеуропалық интеграцияның дамуының қуатын факторы трансұлттық кооперациялар (ТҰҚ) мен банктердің тез өсуі болды. Еуропалық Одақта тұтас алғанда ұлттық нарықтарды жақындастырудың, экономикалық саясатты үйлестірудің әлемнің басқа қай өлкесіндегіден болсын биік деңгейіне қол жеткізілген. Бірақ Еуропалық Одақта интеграция процесі біркелкі жүрген жоқ және қазір де солай.

Еуровалюта-Батыс Еуропа елдерінің ұлттық валютасы; Батыс Еуропа банктерінің шоттарындағы кез-келген елдің айырбасталымды валютасы (Еуродоллар, еуроиена, еуромарка) мысалы, Швейцария банктерінің шоттарындағы Германия маркасы еуромарка, ал Германия, Франция банктеріндегі АҚШ доллары еуродоллар деп аталады. Е.банкнот нысанында болмайды жне айналысқа тек қана қолма-қол ақшасыз нысанда түседі, есеп айырысу – несие операциялары үшін пайдаланылады.

Интеграция, бірігу (ағылшынның integration ; латынның integer- бүтін, тұтас) – экономикалық субъектілерді біріктіріп, өзара іс-қимылдарын тереңдете түсу, өзара байланыстарды дамыту.

Қорыта келгенде, экономикалық интеграция және мәдени тұрғыдан жақындасуының ғана емес, сонымен қатар дүние жүзінде соғыс қаупін жоюдың да аса маңызды құралы болып табылады.

Экономикалық саясат

Қазіргі бар болжамдар бойынша таяуда­ғы жылдары елеулі экономикалық сілкініс­тер бола қоймайды. Соңғы 25 жылда сарап­шылардың пікірі бойынша әлемдік эконо­мика “қаржы дағдарыстарын, лаңкестік көріністерін, соғыстар мен геосаяси астаң-кестеңді бастан өткерудің ғаламат мүмкін­дігін” көрсетіп келеді.

Саясаттанушылар, социологтар мен эко­номистер түрлі елдер басшыларының өзі үшін пайдалы болатындай әлемдік эконо­ми­каға кірігу қажеттілігін түсінуіне қарай даму­шы дүниедегі саяси құрамдастық баяу жүр­генмен, жақсарып келе жатыр деп санайды.

Қытайдың табыстарын Дэн Сяопинь негіздеген экономикалық саясатпен орынды байланыстырады. Реформалаудың нәтиже­лері айқын болып отырған қазіргі кезде ҚХР әлемдік экономикадағы көшбасшылыққа бағытталған өзінің экономикалық саясатына түзетулер енгізуге ұмтылып отыр. Сарапшы­лар­дың пікірі бойынша Азияның аса ірі мем­­лекеті шетелдік технологияларды алуға, қо­мақты шетелдік инвестициялар тартуға де­ген ұмтылыстан өсудің ішкі көздеріне, ғы­лым мен білімді дамытуға, экономиканың тиім­­ділігі мен бәсекеге қабілеттілігін артты­ру­ға және қытай компанияларын аса ірі өн­ді­­рушіге айналды­руға қайта бағдарлану ниетінде.

Экономика саясатының қолданылатын көптеген құралдарының арасында салық сая­саты елеулі рөл атқарды.  Ресей ғалым­дары А.Илларионов пен Н.Пивоваровтың пікіріне қарағанда, экономикалық өсу қар­қынын 1%-ға ұлғайту үшін салық салмағын 3%-ға қысқарту керек. Талдау мынаны көр­сетіп берді. ІЖӨ-дегі мемлекеттік табыстың оңтайлы (яғни барынша жоғары қарқынды қамтамасыз ететін) үлесі табысы жан басына шаққанда 3 мың доллардан төмен елдер үшін 15%-ды, табыстары 3 мыңнан 9 мың долларға дейінгі елдер үшін 17%-ды, табыстары 9 мың доллардан жоғары елдер үшін 24%-ды құраған.

Қытайда 1979-1996 жылдары мемлекеттік шығындардың өзіндік салмағын ІЖӨ-нің 36-дан 13%-ына дейін төмендету орташа жылдық өсу серпінін 9,6% мөлшерінде қамтамасыз еткен. Соның нәтижесінде 17 жылда ІЖӨ-нің нақты мөлшерінің 5 есе ұлғаюы ғана емес, сонымен бірге мемле­кеттік шығынның абсолюттік көлемін еселеу жүрді.

Қазақстанның перспективалық жос­парлар мен стратегиялар негізінде дамуы тұтастай алғанда жалпы әлемдік үрдіске сәйкес келеді. Бірқатар ұстанымдар бойын­ша республика жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен бірге әлемдік экономи­кадағы серпінді өзгерістер жаңа құбылыс­тарға жіті назар аударуды, жан-жақты зерттеуді, елдің экономикалық саясатына қажетті түзетулерді дер уақытында енгізуді талап етеді. Бірқатар ұстанымдар бойынша, әсіресе құрылымдық өзгерістерде, индус­трия­лық әлеуетті толыққанды дамытуда, шикізаттық сипатты еңсеруде, әрқилы өнімдердің импортына өскелең тәуелділікті болдырмауда, сондай-ақ Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуде, ғылыми-ағар­тушылық әлеуетті дамытуда, инновация­ларды ендірудің қарқыны мен ауқымында айқын болып отырған артта қалушылық елдің экономикалық әлеуетін әлсіретіп, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға кедергі келтіреді.

         Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) ұғымы. Азатзат өркениетінің бүкіл дамуы ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты. Алайда осы прогресс құрамында өндіргіш күштерінің жедел және терең өзгерістерінің жеке кезеңдері болып тұрады. ХYІІІ-ХІХ ғасырларда бірқатар елдерде қол өндірісінен ірі машина өндірісіне өтуді жария еткен өнеркәсіп төңкерістері кезеңі осындай еді. Оның үстіне, ХХ ғасырдың ортасында басталған қазіргі ҒТР кезеңі тап осындай болды.

Ғылыми-техникалық революция ғылымның тікелей қоғамның өндіргіш күштеріне айналуына негізделіп, адам баласының өндіргіш күштерінің сапа жағынан түбегейлі өзгергендігі болып табылады.

Ол ақырындап пісіп жетілді де, содан кейін адамның материалдық және рухани мүмкіндіктерінің ғаламат өсуіне бастама болды. Ендігі жерде біз ҒТР-дың одан әрі тереңдеу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.

ҒТР-дың сипатты белгілері және құрамдас бөліктері: басты төртеуі. Қазіргі ҒТР-дың төрт басты белгісі бар.

Біріншіден, жан-жақтылығы, әмбебаптылығы. Ол барлық салаларды, еңбектің сипатын, тұрмысты, мәдениетті, адамдардың психологиясын өзгертеді. Егер өткендегі өнеркәсіп төңкерістерінің символы деп әдетте бу машинасын есептесе, қазіргі ҒТР-дың ондай символы электронды-септеу машинасы (ЭЕМ) да, ғарыш кемесі де, атом электр станциясы да, реактивті ұшақ та, теледидар да бола алады. Қазіргі ҒТР-дың бәрін қамтитындығын географиялық тұрғыдан пайымдауға болады, өйткені ол белгілі бір дәрежеде дүние жүзінің барлық елдері мен Жердің бүкіл географиялық қабығын, сондай-ақ ғарыш кеңістігін де қамтыды.

Екіншіден, ғылыми-техникалық өзгерістердің төтенше жеделдеуі. Бұл жеделдеу ғылыми жаңалықтар мен оларды өндіріске енгізудің арасындағы уақыттың күрт қысқаруынан, жылдам моральдық тозу деп аталатынынан, демек, өнімнің үнемі жаңарып өтыруынан көрінеді.

Үшіншіден, ҒТР еңбек қорларының біліктілік деңгейіне қойылатын талапты күрт арттырады, мұның сендердің әр қайсыларыңа тікелей қатысы бар. Бұл адам әрекетінің барлық салаларында ақыл-ой еңбегінің үлесі артуына себепші болды, былайша айтқанда, олар интеллектуалдана түсті.

Төртіншіден, ҒТР-дың маңызды ерекшелігі – ол екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде әскери-техникалық революция ретінде өмірге келді: оның басталуы туралы 1945 ж. Хиросимада атом бомбасының жарылуы жаңғырықтыра хабарлады. Бүкіл «қырғиқабақ соғыс» кезеңі бойында ҒТР ғылыми-техникалық ойдың ең жаңа жетістіктерін әскери мақсаттарда пайдалануға бұрынғыдан гөрі жоғары дәрежеде бағдарланады.

Экономистер, философтар мен социологтар қазіргі ҒТР біртұтас күрделі жүйе деп есептейді. Оның бір-бірімен тығыз әрекеттесетін мынадай төрт құрамдас бөлігі бар:

  1. Ғылым;
  2. Техника және технология;
  3. Өндіріс;
  4. Басқару.

ҒТР-дың ғылымды көп қажет етуі: Ғылым ҒТР заманында білімнің өте күрделі кешеніне айналып отыр. Ол сонымен, бірге адамның іс-әрекетінің ауқымды саласын құрайды; дүние жүзінде 5,5 млн адамға жуық ғылыми қызметкерлер бар, яғни Жер бетінде бұрын-соңды өмір сүрген ғылыми қызметкерлердің 9/10-ы біздің замандастарымыз. Ғылымның өндіріспен байланысы ерекше артты, ал өндіріс барған сайын ғылымды көп қажет етуде. Алайда экономикасы дамыған және дамушы елдер арасында бұл салада өте зор айырмашылықтар бар.

Бүкіл дүниежүзілік ғылыми өнімнің 4/5 бөлігінен астамы не бары он дамыған елде өндіріледі, бұларда ғылымға жұмсалатын шығын жалпы ішкі өнімнің 2-3%-ін құрайды. Бүкіл дамушы елдерге дүние жүзіндегі ғылымға жұмсалатын шығынның 4-5%-і ғана келеді.

Техника мен технология: дамудың екі жолы. Техника мен технология ғылыми білімдер мен жаңалықтарды бойына сіңірген. Жаңа техника мен технологияны пайдаланудағы негізгі мақсат - өндірістің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру. Соңғы кезде техника мен технологияның басты қызметі – еңбекті сақтау қызметімен қатар, оның байлықтарды үнемдеу және табиғатты қорғау қызметінің ролі барған сайын арта бастады.

Ұлыбритания, Италияда болаттың 2/3 бөлігін металл сынықтарынан алса, Ұлыбритания мен Жапонияда қағаздың жартысынан астамын маклатурадан, АҚШ-та, Жапонияда алюминийдің көп бөлігін алюминий сынықтарынан алуда.

ҒТР жағдайында техника мен технологияның дамуы екі түрлі жолмен өтеді.

Эволюциялық жол – бұрыннан белгілі техника мен технологияны одан әрі жетілдіру – машиналар мен құрал-жабдықтардың қуатын (өнімділігін) арттыру, көлік құралдарының жүк көтерімділігін өсіру жолы.

Дүние жүзіндегі ең ірі энергия блоктары мен домна пештері Ресей мен Жапонияда орналасқан. Кострома МАЭС-інде қуаты 1,2 млн. кВт энергия блогы жұмыс істейді. Череповец металлургия комбинатында жылына 5,5 млн т. шойын қорытатын, Жапония комбинаттарының бірінде – 5 млн. т-дан астам шойын қорытатын домна жұмыс істейді.

50-жылдардың бас кезінде-ақ ең ірі теңіз танкеріне 50 мың т мұнай сыятын. 60-жылдары жүк көтерімділігі 100,200,300 мың т. ал 70-жылдары – 400,500,550 мың т. супертанкерлер шықты. Олардың ең ірілері Жапония мен Франция жасалды.

Алайда мұндай алып құрылыспен айналысу белгілі бір экономикалық пайда бергенімен, өзін үнемі ақтай бермейді. Сірә, экономиканың болашағын ірі, орташа және шағын кәсіпорындардың тығыз ынтымақтастығынан іздестіру керек болар.

Революциялық жол – түбегейлі жаңа техника мен технологияға көшу жолы. Оның неғұрлым айқын көрінісі электрондық техника өндірісінен байқалады. Шынында да, бұрын «тоқыма ғасыры», «болат ғасыры», «автомобиль ғасыры» туралы айтылатын, ал қазір – «микроэлектроника ғасыры» туралы айтылатын болды. ҒТР-дың 70-жылдары басталған «екінші толқынының» көбінесе микроэлектрондық революция деп аталуы тегін емес.

Қазіргі қоғам өмірін тұрмыстағы электрондық аппататураларсыз елестету мүмкін емес. Транзисторлы радиоқабылдағыштар,теледидарлар, магнитофондар, бейнемагнитофондар, микрокалькуляторлар, жеке ЭЕМ-дер, электрондық сағаттар, электрондық ойындар барған сайын кең таралуда.

Жаңа технологияға өтудің орасан зор маңызы бар.машина жасауда бұл металдарды механикалық әдіспен өңдеуден механикалық емес – электрохимиялық, плазмалық, лазерлік, радиациялық, ультрадыбыстық, вакумдық және т.с.с әдіспен өңдеуге көшу болып табылады. Металлургияда бұл шойын, болат және прокат алудың ең прогресшіл әдістерін, ауыл шаруашылығында топырақты жыртпай өңдеу деп аталатын түрінсіз егіншілік, коммуникация саласында – радиорелелі, шыны-талшықты байланыс, телекстер, телефакстер және т.с.с

90-жылдардың басында Батыстың басты елдерінде іс жүзінде болаттың бәрі оттегі конвенторлы мен элетр пештерінде өндірілді, бүкіл болат дайындаманың жартысы, ал Жапонияда тіпті 95%-і үздіксіз құю әдісімен алынады. Қазір темірді металдандырылған жектентен тікелей қалпына келтіру әдісінің көмегімен дүние жүзінде бүкіл болттың 20 млн. тоннасын өндіреді.

Революциялық жол – техника мен технологияның ҒТР дәуіріндегі басты даму жолы.

 

 әдебиеттер::

1.Увалиев Т.О. Халықаралық ұйымдар. (Оқу құралы). А., 1999.

2.Увалиев Т.О., Полтунов А.М. Международные организации ООН и Казахстан (уч. пос). Алматы, АГУ., 1997.

3.Майдан-Әли-Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар. А., 1998.

4.Шетелдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы. /В.В.Вольский/. М., 1998.

5.Шетелдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы. /Под.ред В.В.Вольского/ - Мәскеу. КРОН-ПРЕСС, 1998.

6.Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С.Б. Дүниежүзі шаруашылық географиясы. Студенттер үшін оқулық. – Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999.

7. Витвер И.А. Шетелдердің экономикалық-әлеуметтік географиясының тарихи-географиялық кіріспесі. – Мәскеу, 1963.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-12-01 15:38:12     Қаралды-14230

ЛИМОНАДТЫҢ ОП-ОҢАЙ РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Ыстықта шөліңізді басатын қарапайым лимонадтарға арналған 11 рецепт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛМҰЗДАҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТАР

...

БАЛМҰЗДАҚ – барлық дерлік балалардың және көптеген ересектердің сүйікті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛҒАШҚЫ СІРІҢКЕЛЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Сіріңкелер салыстырмалы түрде жақында - 19 ғасырдың басында ойлап табылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЗОТ НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Азот – түссіз және иіссіз газ. Олар оны мүмкіндігінше «тұншықтыратын ауа», «тіршілікті қолдамайтын» және зиянды газ деп атады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ҚҰСТАРҒА МАМЫҚ ҚАЖЕТ?

...

Мамық қауырсындар кішкентай жотадан және ұзын икемді ойықтардан тұрады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫНЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?

...

Біздің планетамыздың атмосферасындағы көмірқышқыл газы мен оттегінің мөлшері жасыл өсімдіктермен реттеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ФАРФОР ӨНДІРІСІНІҢ СЫРЫ НЕДЕ?

...

Фарфор ең жоғары сападағы ең асыл керамика болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПЬЮТЕРДЕ МИ БАР МА?

...

Компьютердегі ең маңыздысы микропроцессорлар (силикон чиптері).

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІРІҢКЕ НЕДЕН ЖАСАЛАДЫ?

...

Сіріңке ағаш таяқшадан (сабаннан) дайындалады, оның басы жайылған жерге (үккіш) үйкелген кезде жанып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »