ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН
Категориясы: Спорт
Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.
Ертедегі славяндар біздің дәуірімізден 4000 жыл бұрын-ақ ағаштан ойып қайық жасап, Дон өзенін қуалай балық аулауды кәсіп еткендігіне археологиялық деректер куә.
Ал бертін келе саудагерлер ескекті желкенді қайықты жүк тасу үшін пайдаланса, әскери қолбасшылар жауынгерлерін өз жауына тұтқиылдан шабүіл жасауға пайдаланды. Рим империясы кезіңде екі қабатгы кемелер жасалынып, оның бірінші қабатында ескекшілер, жоғары жағында қолбасшылар өз жасақтарымен орналасқан. Мұндай кемені биремы деп атаған. Ескекшілері бар қайықтар тек жүк тасу құралы ғана емес, бірітіндеп көңіл көтеріп, серуендейтін жарыс көлігіне де айнала бастайды. Осындай алғашқы ескекті қайықпен жарыс 1300 жылы Италияның Венеция қаласы тұрғындары арасынды еткен деген дерек бар.
Ал Англия мемлекетінде 1715 жылдан бастап елдің ең үздік «Қайық айдаушысы» жарысы күні бүгінге дейін өткізіліп тұрады екен. Ал индиялықтар 80-120 ескекшілер бар кемелар жасап, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін пайдаланыпты.
Есу спортының өз отауын тіккен мерзімі 1715 жылдан басталған, міне осы уақыттан бастап академиялық есу қайығы және байдарка қайығы арқылы спорт жарыстарын өткізу кәсіби спортқа айнала бастады. Қазіргі кезенде ескекті қайықпен өтетін спорт бәсекесінің негізгі алты түрі бар.
Өткен ғасырдың аяғына таман Англия, Германия, Швецария, Бельгия, Франция және Италия мемлекеттерінде ескекшілер пайда болса, 1892 жылдан бастап ескекшілердің халықаралық федерациясы құрылды, оның қазіргі кезенде 73 мүше елдері бар.
1893 жылы бірінші Европа біріншілігі өтсе, 1990 жылы ескекті қайыққпен жарысушылар Париж қаласында өткен олимпиадалық ойында сайысқа түсті. 1962 жылдан бастап дүниежүзілік біріншілік өтіп келеді. Алғаш бұл жарысқа қатынасушылар тек ерлер ғана болса, 1976 жылдан бері әйелдерде ескекке отырды.
Ғскекті қайықпен жарысудың ұзақтығы ерлер үшін 2000 м, әйелдер үшін 1000 м қашықтық. Жарысушы ескекшілердің межелеген жерден өтудегі шапшандығы 3,2 м/с-тен 5,8 м/с дейін.
Олимпияда тарихында есу спортынан чемпион атағын алған Юрий Тюкалов - бірінші спортшысы. Ал Вячеслав Иванов - қатарынан үш олимпиада (1956, 1960, 1964 жылдар) чемпионы аталған дүниежүзіндегі бірінші спортшы.
Дүниежүзінде В.Ивановтың көрсеткішін қайталаған үш спортшы бар. Олар: Пиңаева-Хведосюк, Владимир Морозов және Владимир Парфенович.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-06-25 17:02:41 Қаралды-2590
ЖҰМБАҚТЫ БЕНГАЛИЯ

Бенгал (хинди тілінде Бангал, бенгал тілінде - Бангла) - Үндістандағы Ганг өзенінің төменгі бойымен Ганг және Брахмапутра атырауында орналасқан тарихи аймақ.
ШҰЖЫҚ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

Шұжық дайындауға арналған жылқы еті 12 күн салқын жерге (34 градус) қойып сорғытылады, Бұл кезде шұжық тығылатын ішек те тұзды суға салынып қойылады.
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Әбілқайыр қазақ елінің бас хандығына таласады. Бірақ мұрагерлік жолмен таққа Тәукенің ұлы Болат отырады. Ол кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білетін әскери қолбасшылығымен, батырлығымен, ақылдылығы жән
ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА

Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді.