UF

ҚҰСТАР КҮЗДЕ НЕЛІКТЕН ҰШЫП КЕТЕДІ?

Категориясы: Табиғат


Мүмкін қардан қорқатын шығар?

Солайы солай, бірақ қардың өзінен емес. Ерте көктемде ұшып келген үйректің, шағаланың, бозторғайдың, қызғыштың ұяларын қар басып қалатыны болады. Және мұндай жағдайды олар елең қылмайды. Тұла бойы мейірімнен жаралғандай ана құстарға бәрі-бір, жұмыртқаларын бауырымен жылытып отыра береді. Жоқ, құстар қардың өзінен қорықпайды, қар жауған соң, ұшып кететін құстар қоректенетіндей ештеңе болмай қалады. Шыбын-шіркейлердің бәрі күзде-ақ жоғалып кеткен: біреулері қысқа ғұмырын тауысқан, басқалары мықтап жасырынған. Демек, шыбын-шіркейлерді азық ететіндердің қыста тамақ тауып жеуі мүмкін емес.

Құстардың біразы жаз бойы әр түрлі шөптердің, бұталардың, ағаштардың дәндерін азық етеді.

Бірақ өсімдік дәндерінің көбі піскен соң жерге төгіледі де, ұзамай қар астында қалады.

Көл де, өзен де, шалшық та мұз құрсанып алғаң. Бұл енді үйрек, шағала, көкқұтан, балшықшы, тырналар тамақ таба алмайды деген сөз. Аяз қанша қатты болса да қуатты электр станцияларының жанындағы суларды мұз құрсауымен бұғаулай алмайды. Міне, осы сулардың маңайында топ-топ үйрек түк болмағандай қыстап шығуға қалады, бірақ мұндай орындар көп емес.

Сонымен, құстардың көпшілігі қысқа қарай тамақ таба алмайтын болғандықтан ұшып кетеді екен.

Қыс патшасы Аяз қария ызбарлы-ақ, оның ызақор қарындасы Боран қыз да тыным таппайды. Бірақ, осы кезде қар жамылған орманға бара қалсаңыз, қанатты қауымның бәрі бірдей жоғалып кетпегенін, тіршілік етіп жатқанын көрер едіңіз. Тап-таза шыңылтыр ауада тоқылдақтың тырсылын алыстан-ақ естисің. Ол шірік ағаштың қабығын тұмсығымен тесіп жатыр, қабық астынан қысқы ұйқыға шомған қоңыздар мен құрт-құмырсқаларды алып жейді. Тоқылдақтың жанында топ-топ шымшық, көктеке, шиқылдақ торғайлар жүреді. Бұл жерде оларға да жем табылып қалады.

Қыс бойы тойып жүретін құс - Меңіреуқұр. Басқасы басқа, ал қарағайдың қылқан жапырағы орман ішінде сыңсып тұр. Тамақ ток болған соң, қандай аяз да қорқынышты емес. Кәдімгі жай құр мен шілдің де қыста жемсауы тоқ. Орман ішінде оларға азық көп. Қарағай мен қандыағаштың шоқ-шоқ гүлдері көздің жаун алып, қыс бойы салбырап тұрады. Құр мен шіл үшін бұдан дәмді азық жоқ.

Түнге қарай құр да, шіл де ағаш басынан құлдырай ұшып, ұлпа қарға күмп ете түседі. Жан-жағын нығыздап, қар астында әрі-бері қимылдаса болды - жып-жылы орын дайын.

Ал шыршашы қайшыауыз болса, қатал қыстың өзін алдап соқты. Сыртта қызылшұнақ яаз сақылдап тұра берсін, боран ұлысын - оларға бәрібір, қыста да ұя сала береді. Шыршаның бұтақтарынан өрілген жып- жылы ұя, ал ұя ішінде - мамық жүні үлпілдеген балапандар. Қыста да балапан шығара ма? Сақылдаған аязда? Дәл сола, танданасың да қоясың! Бірақ зерделей қарасаң, таң қалатын ештеңесі жоқ. Қайшыауыз өзінің тұмсығының көмегімен шырша жаңғақтарын оңай шағады.

  Жарияланған-2016-09-16 16:42:52     Қаралды-10274

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖЕМІС ШЫРЫМДАРЫНАН ЖАСАЛАТЫН ҚАЙНАТПАЛАР (варенье)

...

Қайнап жатқан суға қант салынады. Ол еріп кеткеннен кейін бөктірілген желатин қосылып, қайнағанша қыздырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАРҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙДЫ?

...

Бұл мақалада барқыт киімдерді тазалау жолдары қарастырылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХАКІМЖАН НАУРЫЗБАЕВ

...

Хакімжан Есімханұлы (1925-2009) - Қазақстанның тұңғыш кәсіби мүсіншісі, халық суретшісі. Ол Қостанай облысында дүниеге келген. Харьковтағы көркемөнер институтын бітірді. Алматы қаласындағы көркемсурет училищесінде тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдасты

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАЙҒАМБАР НЕГЕ БАЛДЫ (ӘСЕЛ) ТАҢДАМАДЫ?

...

Расында, ең шырынды гүл мен шүйгінді шөптен жиналатын балдың адам денсаулығына пайдасы зор екені бесенеден белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

...

Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »