КІТАП ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?
Категориясы: Көңіл көтеру
Ешкім де емес. Ондай өнертапқыш ешуақытта болмаған.
Адамдар атам заманнан-ақ, бір-біріне қызықты оқиғаларды айтып, өздерінің білгендерін ортаға салып отырыпты, ал бірақ өз ойларын жаза алмаған. Себебі олар жазуды білмеген.
Алғашқы әріптер пайда болғаннан бері ғана олардың істері ілгері басқан ғой. Әмірші - патшалардың көптеген хатшы-жылнамашылары патша егістігінен қанша астық жиналғанын, өрісінде қанша малының бар екенін, жаңа сарай тұрғызу үшін қанша тұтқын-құлдың қажет екенін есептеп отырған. Оған қоса хатшы-жылнамашылар сол заманның ең кемеңгер адамдарының істеген істері мен ойларын жазып қойған. Қолжазба кітаптар, тіпті бүтін бір кітапханалар осылайша пайда болған.
Бүтін бір кітапхананың қалың-қалың томдарының әріптерін маржандай тізіп, қолмен көшіріп шығу үшін қаншама еңбек, қанша уақыт кетеді десеңші!
Бір қызығы: ол кездегі адамдар жазуды ерте бастан үйренгені сияқты әріпті тасқа басуды игергенімен, кітап басып шығаруды білмеген. Патшалардың, сарай маңындағылардың, бай көпестердің, әскер басшыларының тастан жасаған мөрлері болған. Олар қол қою үшін осындай мөрлерін жұмсак балшыққа не балауызға басқан. Мөр жасауды ойлап тапқан соң, осы тәсілмен кітап басып шығаруға болатын еді. Бірақ бұл істі игеру үшін адамдарға бірнеше жүздеген жылдар қажет болды.
Сөйтіп, ақыры ең алдымен ағаштан, сонан соң металдан жасалған әріп-таңбалар пайда болды. Осындай таңбалардан - сөздерді, сөздерден - жолдарды, жолдардан - бүтін бір бетті құрап алатын дәрежеге жетті. Ол «бетке» бояу жағып, үстіне ақ қағаз басатын. Таспен басылған беттер қолмен жазылғаннан бірде-бір кем түскен жоқ. Ең бастысы жеке таңбалардан құралған мұндай беттерді тез арада оңдаған, жүздеген дана етіп көбейтуге болатын еді. Алғашқы баспа станоктары пайда болды. Ең әуелі шағын қол станоктары жасалса, кейін нағыз баспа машиналары шықты.
Көрдің бе, кітап тарихының қандай ұзақ екенін. Ол мұнымен де тоқтаған жоқ. Осыдан біраз бұрын кітап фабрикаларында - баспаханаларда ең ғажайып машина - линотип еді. Линотипші әріптер таңбаланған түймелерді басса болғаны, қалғанын машинаның өзі жасайды, санаулы секундтарда терілген таңбаларды бір жол ғып жинап, сұйық металдан құйып шығара қояды.
Ал қазіргі кітап басу ісіндегі өте ақылды автомат машиналардың көптігі сондай, оларды санап шығудың өзі қиын.
Жарияланған-2016-09-07 21:37:27 Қаралды-5819
«КАРАМЕЛЬДЕНГЕН БАДАМ» КӘМПИТІ

Бадам дәндері ыстық сумен шарпылып, қабығы аршылады да қоңыр тартқанша қуырылады.
АТУ ҚАРУЫ

Қазақ халқының ату қаруы жақ (садақ) деп аталған Жақтар әр түрлі материалдар (ағаш, тарамыс, мүйіз, сүйек, тері, қайыңның тозы) пайдаланған бірнеше бөліктерден құралған. Жақтың жеке жасалып, атуға арналған бөлшегі - оқ.
ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ БЕЛГІСІ

Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры суреттеледі.
ҚҰЛАҚТЫ БАТ-БАТ

Құлақты бат-бат - негізінен, құмды мекендейтін жануар. Інін қатты жерден 1 метрге дейінгі тереңдікте қазады. Қауіп төнсе, құмға кіреді де, басын шығарып, ештеңе байқалмаса, суырылып кете береді. Кейде аяқтарын тарбитып, денесін ширықтырып, аузын кең ашып,
АУА

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.
ҚЫЛЫШТАСУ - РЫЦАРЬЛЫҚ ЖЕТТІ ҚАСИЕТТІҢ ӨНЕРІ

Қылыштасу (фехтование) - адам баласының саналы өмірінде елеулі орын алатын адам іс-әрекетінің белгілі бір саласы.