ҚЫЛЫШТАСУ - РЫЦАРЬЛЫҚ ЖЕТТІ ҚАСИЕТТІҢ ӨНЕРІ
Категориясы: Спорт
Қылыштасу (фехтование) - адам баласының саналы өмірінде елеулі орын алатын адам іс-әрекетінің белгілі бір саласы.
Алғашқы бұл өнерден жекпе-жек шайқас Египет Фараоны III - Рамзестің тікелей бұйрығымен өтіпті, сайысшылардың құралы жіңішке - қысқа таяқша болыпты. Ал ұлы Гомердің «Илиада» атты тарихи дастанында қылыштасу өнеріне өте жоғары баға берілген. Қылыштасу өнерінің өз көрермендерден әділ бағасын алу мүмкіншілігі Ертедегі Римдік гладиторлар шайқасында ғана мүмкін болды. Себебі, гладиаторлар шайқасының әділетті ережесін жазған және оны іс-тәжірибеде байқау жасаған біздің дәуірімізге дейінгі 300-жылдарда Римді билеген император Юлий Цезарь болатын.
Заман ағымының өзгеруімен қылыштасу бірін-бірі жарақаттау немесе мерт ету құралы ғана емес, нағыз өнер екендігі туралы зерделі ғалымдар ой тербей бастады.
1883-жылы «Фехтование тарихы» атты кітап жарық көріп, онда «қылыштасу аяқ пен қолдың бірлесіп әрекет етуі» немесе «жеңіске жетуде жауынгерлер тобы емес, олардың қылыштасу құралын жақсы меңгергендеріне байланысты»,-деп жазды автор.
Бізге тарихтан белгілі рыцарьлық жеті қасиеттің ең бастысы фехтование өнері болған.
Фехтование өнері мен бұл құралды жасау жөнінде Испан халқы шеберлерінің еңбегі ерекше. Олар арнайы шеберханалар ашып, бұл құрал жасауға өз еліндегі беделді шеберлерді көптеп тартқан. Испания жауынгерлерінің өнеріне еліктеген Италия мен Франция мемлекеттерінде бұл өнер кең қанат жая бастады.Мұның толық дәлелі 1567 жылы ашылған фехтование өнері академиясы толық дәлел болады.
XVII ғасырдың орта шенінде фехтование спорты өмірден өз орнын ала бастады. 1653 жылдан бастап фехтование спортының арнайы ережесі жазылып, фехтование жазалау құралы емес, нағыз өнерге айналды. Фехтование өнерінің әлемдік спорт аренасына шығуына ерекше еңбек сіңірген француз ұландары.
Фехтование жекпе-жегі кезінде кездейсоқ жарақат алмау - жарысты ұйымдастырушылардаң басты мақсаты болып келді, мұнын дәлелі,1756 жылдары көзбен бетті қорғайтын қалқанша бет киімнің пайда болуы.
Француз фехтовальщигі Пьер де Кубертэннің ұсынысымен спорттың бұл түрі I олимпиадалық ойындар бағдарламасынан өз орынын алда. Дүниежүзілік фехтование федерациясы 1913 жылдан бастап жұмыс істейді, оның мекен-жайы Париж қаласында орналасқан.
Фехтование жарысы - рапира, шпага және сабля деп аталатын үш шаншу құралымен өткізіледі. Жарыс өтетін жолдың ұзындығы 14-18 метр, ені 1,8-2 метр болады.
Фехтование спорты - ерлер мен әйелдер арасында өтетін спорт жарысы. Фехтование спорты өнерінен әлемде №1 спортшы аталған италиялық майталман Эдуардо Манджаротти - ол 19 рет чемпиондық атақты жеңіп алыпты.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-07-02 13:47:30 Қаралды-4051
ТАРИХ... ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ... МАҒЫНАСЫ...
Олимпиада ойындары бүкіл әлем халқын бұл оқиғаны тыныстап тамашалауға мәжбүрлейді.
АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ
Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973 жылы Тарих, археология және этнография институтының жанынан ашылған.
ШОКОЛАД НУГАСЫ
Шайқалған кәмпит массасына жаңғақ пен какао қосылған тағам осылай аталады. Жаңғақ дәні жақсылап іріктеліп, бөгде қоспалардан, қабықтарынан, бұзылған дәндерінен тазартылады да соңынан жаңғақ жармалағышқа салынып жармаланады. Какао ұнтағы еленеді.
ПУМИ
Бұл да ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымының бірі. Венгрияның далалы аудандарында шығарылған.
СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?
Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.