МИНИАТЮРА ҚАЙ КЕЗДЕ КЕЗДЕСЕДІ?
Категориясы: Өнер
Ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі. Ондай суреттерді миниатюра деп атайды. Әлгі суреттердің көлемі шағын болса да, суретші ондағы ең бір елеусіз нәрселердің өзін мүлт жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
Олар суретті аса нәзік жіңішке қыл қаламмен не құстың қауырсынымен салған. Суретшілер бір кітапты бірнеше айлар бойы көркемдеген, одан кейін арнаулы шеберлер оған алтын шайып, әшекей жүгірткен.
Өте ұқыптылықпен безендірілген, бояулары сондай айқын миниатюралар өзінің әдемілігімен көз тартады. Парсы суретшілері адамдарды, жан-жануарларды, көшелерді, бақтарды, гүлдерді соншалықты байыппен зерттеп, асқан шеберлікпен бейнелейді. Құстардың қауырсындары да, ағаштардың жапырақтары да, киімдегі ою-өрнек те соншалықты дәл, соншалықты әсем.
Лондондағы Британ музейінде парсы миниатюраларының үлкен қоры жинақталған.
Олардың айшықты да әсем бояулары әлі күнге көздің жауын алады. Ағаштан, металдан, піл сүйегінен жасалған кішкентай тақташаларға салынған портреттерді де миниатюра дейді. Олар әдетте майлы бояумен, акварель не гуашь бояумен салынады. Ондай портреттер салу әсіресе XVIII ғасырда өте өрістеген.
Бұл өте ұқыптылықты, еңбек сүйгіштікті қажет етеді. Суретші тақтайшаға үлкейткіш айна - лупамен үңіліп отырып сурет салады.
Жарияланған-2016-11-16 19:37:11 Қаралды-3597
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР
Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдармен зәулім ғимараттар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану және өзін-өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойган. О
ҚОЛ ДОБЫ
Қол добы спорт ойынының пайда болуы даниялық Нильсендер отбасындағы кездейсоқ жағдайға байланысты
ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА
Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша.
БОКС ТАРИХЫНАН
Жұдырықтасу адам қоғамының тарихында және ертедегі олимпиада бағдарламасында - панкратион деген атпен белгілі болған спорт.
ҚОЛӨНЕРДЕ ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР
Шап-шағын кішкене қорапшаның жып жылтыр қақпағына алтындап өрнек салыныпты. Оның иесінің кім болғаны қазір белгісіз. Бұл бір кезде атақты Лукутин фабрикасынан шыққан темекі сауыт.
«АҒАШТАР КҮНІ» («ЖЕР КҮНІ»)
1872 жылы Небраска штатының (АҚШ) ауылшаруашылық басқармасында Джон Стерлинг Мортонның тікелей ұйтқы болуымен жыл сайын қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасалды.