ПАЙҒАМБАР НЕГЕ БАЛДЫ (ӘСЕЛ) ТАҢДАМАДЫ?
Категориясы: Тағам
Расында, ең шырынды гүл мен шүйгінді шөптен жиналатын балдың адам денсаулығына пайдасы зор екені бесенеден белгілі. Қасиетті Құранда тіпті «Аралар» атты сүре де бар. Оның 68-аятында: «Тауларға, ағаштарға, құрылыстарға ұя (омарта) сал!» делінген. Яғни «Раббың араға былай деп әмір етті...» делінеді. Алла тарапынан Құранда бірде бір жануар, жәндік атаулыға қатысты осындай нұсқау айтылмағанын, бағыт сілтенбегенін ескерсек, осыдан ақ аралар қауымына Алланың қандай нығмет бергенін біле беруге болады. Сол «Аралар» сүресінің 68-аятында: «...Содан кейін түрлі жемістермен қоректеніп, Раббың көрсеткен, қолайластырған жолдармен жүр. Араның қарындарынан түрлі түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шын мәнінде, мұның өзі түсінген жан үшін ғибрат» делінген. «Бал 1001 дертке дауа» деген де хадис бар.
Ендеше, Пайғамбар балды неге таңдамады? Бұл өте-мөте нәзік мәселе. Ғұламалардың түсіндіруі бойынша, біріншіден, бал адам ағзасына қаншалықты пайдалы болғанымен, оны әркім пайдалана алмайды, себебі ол кез келгеннің қолына түсе бермейтін қат азық. Екіншіден, балды сүт сияқты кез келген жерде әрі кез келген маусымда шығара алмайсыз. Үшіншіден, бал сүтке қарағанда өзегінен алыс. Әулиелер түсте көрген балды тәттіге яғни дүниеқоңыздыққа жорыған.
Жарияланған-2016-08-22 16:38:22 Қаралды-4204
ШЫМБҰЛАҚ
Шымбұлақ - таудағы және тау бөктеріндегі бұлақтардың жалпы атауы. Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Іле Алатауы, Талас Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатаулар өңірінде кездеседі. Түркі тіліндегі «шың» деген сөз «терең, тік шатқал» деген мағына береді.
ӘЛЕМДЕ ЕҢ ІРІ МОТОЦИКЛ ӨНДІРУШІЛЕР
Әлемде жақсы және әртүрлі мотоциклдер көп, бірақ олардың көпшілігі Жапонияда жасалған.
БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҚУЫРМА-ҚАТТАМА (печенье)
Бадам іріктеліп алынып, үккішке салынып ұнтақталады. Арнайы бадам үккіш болмаса, бадамды қантпен және екі жұмыртқаның ағымен араластырып, көзі кішкентай ет тартатын машинкадан 2-3 рет өткізу қажет.
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ
Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қа