UF

ОМАН, Оман сұлтандығы - Араб түбегінің (Арабияның) оңтүстік-шығыс бөлігіндегі мемлекет. Сауд Арабиясымен, Йемен Халық Демократиялық Республикасымен және Біріккен Араб әмірлігімен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Араб теңізі, солтүстік-шығысын Оман шығанағы және Ормуз бұғазы шаяды. Жері 212,4 мың км2 (БҰҰ-ның 1972 жылғы дерегі бойынша). Халқы 4,2 млн. (2015). Астанасы - Маскат қаласы. Әкімшілік жағынан провинцияларға бөлінеді. Оман - мұрагерлік монархия.

Табиғаты.Оманның теңіздік жағалауы оңтүстік жағында ірі шығанақтар мен (Масира, Саукира, Курия-Мурия) тілімделген, маржан риф көп кездеседі; риастық жағалық формалар тән. Оман шығанағының жағалауын бойлай Оман тауы (ең биік жері Шамтауы, 3019 м) жайласқан, бұның солтүстік етегі енсіз келген (40-50 км) Әл-Батина жаға маңы ойпатына ұласады. Елдің орталық бөлігіне Рубәл-Хали құмды шөлінің шығыс шеті орналасқан; оңтүстік-батыс Оман жерібірте-бірте биіктеп (100-200 м-ден 500-1000 м-ге дейін) Дофар үстіртіне айналады. Басты пайдалы қазындылары - мұнай (барланған қоры 695 млн. т, 1973) және табиғи газ. Климаты тропиктік, көпшілік бөлігі шөлдік. Қыста ауаның температурасы 18-25°С, жазда 30-35°С (максимумы 45-50°С). Жылдың жауын-шашынның орташа мөлшері 150 мм-ден аспайды; Оман тауларында кейде 500 мм-ге, оңтүстік-батыс Оманда 700 мм-ге дейін ылғал түседі. Тұрақты ағатын өзендер жоқ; бірақ маусымдық ағын ғана жүретін уәдарналар көпкездеседі. Топырақ және өсімдік жамылғысы жөнінен Оман территориясы құмды шөлдік, таулық-саванналық, ойдым-ойдым шалғындық өңірге жатады.

Шұратты жерлерінде құрма, кокос пальмасы сияқты ағаш өседі. Араб газелі, түлкі, қорқау қасқыр, бауыры мен жорғалаушылардың көптеген түрлері мекендейді. Теңіздің жағалық бөлігі балыққа бай.

Халқы. Тұрғындарының 90%-тен астамы арабтар. Олармен бірге көбіне қалалық мекендерде парсылар және Үндістан, Пакистан, Африкадан қоныс аударғандар тұрады.

Ресми тілі - араб тілі. Басым тарағандіні - ислам.

Ресми календары - мұсылмандық. 1963-1972 жылдар арасында халық жыл сайын 3%-ке өсіп отырды. Халық Оман шығанағының жағалауына тығыз қоныстанған. Орташа тығыздығы 1 м2-ге 3,5 адамнан келеді. Қала халқы 9%. Іріқалалар: Маскат (халқы 1973 жылы 10 мыңнан астам, Матрах портымен қоса есептегенде 29 мың), Салала, Низва (Назва), Сур.

Тарихы. Б. з. б. 4-мың жылдықтың өзінде-ақ Оманның теңіз жағалауында порттар салынды. 4-3-мың жылдықтарда Оман теңізшілері Египеттің, Эфиопияның, Парсы шығанағы мен Үндістанның порттарымен сауда жүргізді. 1-мың жылдықтың басында ежелгі Оманда Йеменнен қоныс аударған Ямани тайпалық бірлестіктері үстемдік етті. Мұның өзі Оманда ертедегі таптық қатынастардың дамуын жеделдетті. 6-5 ғасырларда теңіз жағалауларындағы аймақтар Ахемен әулетінің билігінде болды. Б. з. б. 3-1 ғасырларда ірі порттардың ішінде Оман порты Таяу және Орта Шығыста кеме жасайтын ең ірі орталықтардың біріне айналды. Б. з. 6 ғасырда Оманды Сасани әулетінен шыққан Хосров I Анушируан әскерлері талап, тонады. 7 ғасырлардың ортасында Оман территориясы Араб халифатының құрамына қосылды. Бұл елді феодалдандыру процесін тездетті. Ислам елдегі үстем дін болып алды. Оман халқы Халифаттағы Омейя әулетіне қарсы өріс алған күреске белсене қатысты, Омейя әулеті құлатылғаннан кейін (750) имамелдің жоғарғы билеушісі болып сайланды, ал Оман тәуелсіз мемлекет - имамдық деп жарияланды. 1515 жылы карсаңында Оманның жағалауындағы бөлігін түгелдерлік португалдар пемденді. Одан Оманның кеме қатынасы мен саудасы, яғни халықтың негізгі кәсібі зор зиян шекті. 1650 жылы Оман португалдардан толық азат етілді. 1737-1744 жылдар Оманның теңіз жағалауларындағы аймақтарын иран әскерлері басып алды. 1744 жылы Оман азат етілгеннен кейін, Әбу Саид әулеті тұсында, Иранның Парсы шығанағы жағалауындағы оңтүстік-шығыс бөлігі имамдардың өкімет билігіне көшті 1792 жылы Оманның теңіз жағалауларындағы аймақтарын, оның ішінде Маскат және Ас-Сохар қалаларын сұлтан бин Ахмед жаулап алды да, жеке мемлекет - Маскат сұлтандығының құрылғанын жариялады. Осы мезгілде Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы жағалауларындағы жерлер Оман имамдығынан бөлініп шықты, бұл жерлерді Орталық Арабиядағы ваххабшылдар иемденді. Сонымен 19 ғасырдың бас кезіне таман Оман жері Оман имамдығы, Маскат сұлтандығы және Оманның солтүстік теңіз жағалауы болып бөлшектенді. 19 ғасырдың 2-жартысында Оманның солтүстік теңіз жағалауы (кейін Біріккен Араб Әмірлігі атанды) мен Маскат ағылшын протекторатына айналдырылды. Омандықтар ағылшын үстемдігіне қарсы елді біріктіру жолында 1865, 1886, 1890, 1895, 1943 жылдар көтеріліске шықты. 1920 жылы 25 қыркүйекте Сибшарты бойынша Оман имамдығы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1959 жылы имамдықтың едәуір бөлігін ағылшын әскерлері мен оның одақтастары басып алды. 1965 жылы маусымнан бастап Оманда тәуелсіздік жоындағы күрес басталды. Оған Оманды азат ету халық майданы (1974 жылы тамыздан осылай аталады) басшылық етті. Бұдан шошынған ағылшын отаршылдары 1970 жылы 23 шілдеде өзқолшоқпары Саид бен Теймурды биліктен кетуге мәжбүр етті де, оның ұлы Кабус бен Саидтың өкімет басына келуіне көмектесті. 1970 жылдың соңында ол Оман сұлтандығы құрылғанын (оған Маскат сұлтандығы мен Оман имамдығы кірді) жариялады. 1971 жылы 29 қыркүйекте Оман сұлтандығы Араб мемлекеттерінің лигасына, 1971 жылы 7 қазанда БҰҰ-ға қабылданды.

Экономикасы. Оман - мешеу ауыл шаруашылықты және мұнай өндірісі дамып келе жатқан ел. Еңбек етуші халқының 90%-і ауыл шаруашылық салаларында істейді. Басты ауыл шаруашылық дақылы құрма пальмасы (1971 жылғы өнімі 47 мың т) негізінен Әл-Баттина ойпатындағы суармалы жерлерде өсіріледі. Лимон, манго, анар, банан жемістері, африка тарысы, арпа, бидай т. б. дәнді және мақта, темекі, қант қамысы т. б. техникалық дақылдар егіледі. Көшпелі бәдеуилер қой, ешкі, әсіресе түйе ұстаумен айналысады. Майдагерлік және қолөнершілік тәсілмен ұн, кондитерлік тағамдар, былғары, мата бояу, қару-жарақ және зергерлік бұйымдар шығарылады. Экономикасының жетекші саласы - мұнай өнеркәсібі 1967 жылдан бастап қалыптасты. 1973 жылы 14,5 млн. т мұнай өндірілді. Мұнайлық концессия «Петролеум дивелопмент Оман» компаниясының қарамағында. 1974 жылы мұнай компаниялары акциясының 25%-і Оман үкіметінің қолына көшті; бұл үлесті 1982 жылы 51%-ке жеткізу көзделіп отыр. Мұнай өндіруден алынатын жалпы табыстың 55%-і ғана (бұл да 1971 жылдан бері) Оманның өзіне түседі. Мұнай құбыр арқылы Әл-Фахль (Матрах атырабында) портына жеткізіледі, одан әрі су жолымен экспортқа шығарылады. 1973 жылы 29 млн. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Автомобиль жолының ұзындығы 1 мың км-ден астам. Ірі теңіз порты - Маскат; Матрах портының құрлысы аяқталуда (1974). Ас-Сиб халықаралық аэропорт бар. Шетке мұнай, құрма, балық, цитрус шығарылады. Басқа елдерден мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары, автомашина, мата, азық-түлік әкелінеді. Сыртқы сауда серіктестері - Ұлыбритания, БАӘ, Үндістан, Жапония, Австралия, Иран. Ақша өлшемі - оман риалы.

Денсаулық сақтау ісі. Елде демографиялық есеп жүргізілмеген. Инфекциялық және паразиттік патология көбірек кездеседі. Өлкелік патологиясында елеулі өзгешеліктер байқалмайды. 1973 жылы Оманда 825 төсектік 11 емдеу орны болды; 56 дәрігер, 2 тіс дәрігері, 1 фармацевт және 150-ге жуық орта білімді медициналық қызметкер болды. Дәрігерлерді шетелдерде даярлайды, ал орта білімді медициналық кадрлар Маскаттағы аурухана жанында медсестралар даярлайтын мектептен оқып шығады.

Оқу ағарту ісі. 20 ғасырдың ортасына дейін мешіт жанындағы мектептер ғана жұмыс істеді, оларда оқу, жазу, есеп шығару дағдысына бір шама үйрететін. 50 жылдардан бастап дүнияуи мектептер пайда бола бастады. Ұлдар мен қыздар бөлек оқиды. Мұсылман дінінің негіздері міндетті пән есебінде жүргізіледі. Халықтың басым көпшілігі (70 жылдардың басында) сауатсыз. Білім беру шараларын өрістетуге күш жұмсалып келеді: 1970 жылы 3 бастауыш дүнияуи мектеп (онда 600 ұл бала) болса, 1973 жылы 69 мектеп (оның ішінде 3 орталау мектеп) болды, бұларда 26 мың ұл, 5 мың қыз бала оқыды. Білім беру жүйесінің барлық саласы (оқушыларды оқулықтармен, арнаулы оқу формасымен т. б. қамтамасыз етуте дейін) тегін. Кәсіптік білім беру жүйесінің бірнеше орталығы бар. Жоғары оқу орны жоқ.

Әдеб.: Страны Аравии. –М., 1964; Лупкий В. Б. Новая история арабских стран. М., 1966; Новейшая история арабских стран. –М., 1968; Шваков А.В. Сражающийся Оман. –М., 1961; Бондаревский Г. Л. Английская политика и международные отношения в бассейне Персидского залива. –М., 1968.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-02 17:23:05     Қаралды-1442

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »