UF

ЛЕСОТО ( Lesotho), Лесото Корольдығы (Kingdom of Lesotho, 1966 жылға дейін Басутоленд) - Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ достығының құрамына кіреді. Лесото жанжағынан Оңтүстік Африка республикасы жерімен қоршалған, теңізге жалғаспайды. Жері 30,3 мың км2. Халқы 2,1 млн. (2008). Астанасы - Масеру. Әкімшілік жағынан 9 округқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Лесото - конституциялы монархия. 1966 жылғы конституция бойынша мемлекеттік басшысы - король. Парламент екі палатадан: сенат және Ұлттық жиналыстан тұрады. Жоғарғы палата - сенатта - 33 сенатор (22 бас көсем лауазым бойынша орын алса, 11 сенаторды король тағайындайды) бар. Атқарушы өкімет билігін (Ұлттық жиналыста көпшілік орын алған саяси партия өкілдерінен) король тағайындаған премьер-министр және ең кемі 7 министрден құралған үкімет - кабинет жүзеге асырады. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. 1970 жылы қаңтарда конституция күші жойылып, парламент таратылды. Король барлық ерекше праволарынан айрылды. Өкімет билігі үкімет қолына көшті. 1973 жылдың апрелінен бастап Ұлттық жиналыс құрылды. Оның мүшелерін үкімет тағайындайды. Вұл ұйымның негізгі міндеті - Лесотоның жаңа конституциясының жобасын жасау. Жергілікті басқару органдары - округтық советтерді халық сайлайды. Бірқатар сот және әкімшілік өкілдіктері көсемдерге берілген.

Сот жүйесі апелляциялық сот, жоғарғы сот және округтық соттардан құралады.

Табиғаты. Лесото жері таулы үстіртті келеді; негізінен Басуто үстіртін (орта биіктігі 2300-3000 м) алып жатыр. Шығыс және оңтүстік жағы - Айдаһар тауының сілемдері (ең биік жері - Табана-Нтленьяна тауы осында, ол 3482 м), солтүстігі - Малути тауы. Климаты тропиктік, қаңтардың орта температурасы 25-26°С, шілдеде 15°С. Таудың жоғарғы жағында қар жауады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 750-1000 мм. Басты өзені - Оранжевая. Құнары шамалы құм тасты және құнарлы вулкандық топырақты келеді. Көп жері еркек, арпабас сияқты шөп өскен дала, тау бөктерінде альпі шалғыны мен бұта аралас өседі.

Халқы. Тұрғындарының 98%-і африкандықтар, олардың ішінде сесуто тілінде сөйлейтін басуто халқы басым. Елдің шығыс бөлігінде, өздерінің тілі мен мәдениеті жөнінен басутоларға туыс - зулу халқы қоныстанған. Ресми тілі - сесуто және ағылшын тілдері. Көпшілігі христиандар. Халықтың жылдық табиғи өсуі 2,5%. Басты қалалары - Масеру, Лерибе, Мафетенг.

Тарихы. Лесотоның ертедегі тарихы аз зерттелген. Оның байырғы тұрғындары бушмендер болатын, бірақ оларды 17-18 ғасырларда солтүстіктен ауған басутолар ығыстырды. 19 ғасырдың 1-жартысында басуто рулық қауымы көсемдерінің бірі - Мошеш I бытыраңқы тайпаларды біріктіріп, өз билігіне қаратты. 19 ғасырдың 30 жылдарына таман ел Лесотоның қазіргі территориясынан екі еседен астам жерді алып жатты. 1836 жылдан бастап басуто жерін бурлар жаулап ала бастады, оған ағылшындар да көз тікті. Басутолар тәуелсіздік жолында табанды күрес жүргізді. 1871 жылы Лесото Кап отарына қосылды, 1884 жылы ресми түрде Ұлыбритания протектораты болып жарияланды. 1907 жылы құрылған басутоның тұңғыш Басутоленд прогресшіл ассоциациясы мұғалімдерді, клерктерді, ұсақ саудагерлерді біріктіріп, оқу, сауда, өсім-қорлық қызмет саласында африкалықтар үшін үлкен мүмкіндіктер туғызуды және әлеуметтік реформалар жүргізуді талап етті. Бірнеше жылдан соң пайда болған Кедейлер лигасы қоғамдық өмірді демократияландырды, отарлық өкімет билігін жоюды талап етті. 1939-1945 жылдардағы 2-дүние жүзілік соғыс кезінде мыңдаған басутолар ағылшын отарлары әскерлерінің құрамында Европада, Африкада жәңе Таяу Шығыста соғысты. Соғыстан кейін ұлт-азаттық қозғалыста жаңа кезең туды. 1952 жылы Кедейлер лигасының оқытушысы Н. Мокехле бастаған бір топ жастар Басутоленд африкалық конгресі (БАК) партиясын құрып, протекторатқа дереу өзін-өзі басқару правосын, сонан соң тәуелсіздік беруді талап етті. 50 жлдардың аяғында басқа да партиялар пайда болды (оның бірі Ұлттық партия). Азаттық күрестің өріс алуы ағылшын өкімет орындарын реформалар жүргізуге мәжбүр етті. 1960 жылы жергілікті өкімет органдары құрылып, сайлауда Конгресс партиясы (1959 жылға дейін БАК) жеңіске жетті.

1695 жылы жаңа конституция күшіне ешп, Басуголенд өзін-өзі басқару правосына ие болды. Сол жылы тұңғыш парламент сайлауы болып, онда Ұлттық партия жеңіске жетті. Оның лидері Лесото Джонатан премьер-министр болып тағайындалды. Лесото Коммунистік партиясыныц (ЛКП) құрылуы саяси өмірдегі елеулі оқиға болды.

1966 жылы 4 қазанда Басутоленд ЬІнтымақ елдерінің құрамында тәуелсіздік алды, сол жылы қабылданған жаңа конституцияға сәйкес Лесото корольдығы деп аталды. 1966 жылғы 17 қазаннан Лесото БҰҰ мүшесі. 1970 жылы 27 қаңтарда билеуші Ұлттық партия парламент сайлауында жеңіліске ұшырағаннан кейін Лесото Джонатан төтенше жағдай енгізіп, сайлау нәтижелерінің күшін жойды. ЛКП заңнан тыс деп жарияланды. 1971-1973 жылдар Лесото Джонатан мен оппозиция басшыларының арасында саяси дағдарыстан шығу жөнінде келіс сөздер жүргізілді. 1973 жылы. төтенше жағдай жойылды.

Негізгі саяси партпялары, кәсіподақтары. Ұлттық партия (ҰП), 1959 жылы құрылды. Тайпа билеушілері мен католиктік шіркеудің мүддесін қорғайды, билеуші партия; Конгресс партиясы (КП), 1952 жылы кұрылды, оппозициядағы партия (1959 жылға дейін Басутолендтің африкалық партиясы), ұлтшылдық пиғылдағы интеллигенция мүддесін қорғайды. Лесото коммунистік партиясы (ЛКП) 1962 жылы курылды. 1970 жылы ақпанда тыйым салынды.

8 кәсіподақтары бар (1973), ең ірілері Лесотоныц мамандығы жоқ жұмысшылар одағы, 1954 жылы құрылды. Өнеркәсіп пен сауда қызметкерлерінің одағы Баспашылар одағы т. б.

Экономикасы. Лесото - Африкадағы ең мешеу дамыған елдердің бірі. Экономика оалалары (сыртқы және ішкі саудасын қоса) Оңтүстік Африка республикасына толық тәуелді; өзіндік ақша өлшемі де белгіленбеген, Оңтүстік Африка республикасының рандысын пайдаланады. Жұмыссыздық салдарынан еңбекке жарамды адамдардың көбі көрші елдерге, әсіресе Оңтүстік Африка республикасына өтуге мәжбүр болады. Тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тайпа көсемдері қарамағында. Экстенсивтік, жайылымдық мал шаруашылығының ролі басым. 1970-1971 жылғы мал саны (мың); мүйізді ірі қара 410, қой 1750, ангор ешкісі 940. Жазық ылғалды өңірлерде жүгері (егістігі 100 мың га, өнімі 80 мың т, 1971), сорго (тарының бір түрі, 72 мың га, 60 мың т), бидай (87 мың га, 70 мың т), арпа, овощ егіледі. Лесотода ауыл шаруашылық елдің өз мұқтажын қамтамасыз ете алмай отыр. 1972 жылы елде 12 шағын (жұмысшы саны 20-30 адам) кілем тоқитын, тыңайтқыш, кірпіш шығаратын, астық тартатын, ағаш өңдейтін кәсіпорындар болды. Кау атырабында алмас өндіріледі (16,9 мың карат, 1971, Оңтүстік Африкалық «Де Бирс» компаниясы). Жылына 5 млн. квт-сағ (1970) электр энергиясы өндіріледі. Оңтүстік Африка республикасының Блумфонтейн - Дурбан қалаларын байланыстыратын темір жолдан Масеруге тармақ тартылған. Ел ішінде темір жол салынбаған. Тас жолы 1 мың км-ге жуық (1971), 4 аэродром жұмыс істейді. 1970 жылғы экспортының құны 3,7 млн., импорты 1965 млн. ранд. Басты сыртқы сауда серіктесі - Оңтүстік Африка республикасы. Экспортқа қой жүні, түбіт, мал, алмас шығарылады; өзі өнеркәсіп өнімдерін, азық-түлік (жүгері, сорго, май), темекі сатып алады. Елдегі фйнанс билігі ағылшындық «Барклейс банк» және оңтүстік африкалық «Стандард банк оф Саут Африка» банкілерінің қолында. Ақшасы - Оңтүстік Африка республика ақша өлшемі - ранд.

Денсаулық сақтау ісі. 1965-1970 жылдар әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 38,8, адамның өлімі 21; тірі туған 1000 баладан өлгені 179. Өлімінің негізгі себебі: туберкулез, нәресте сепсисі, іш сүзегі және қылау, жүрек қан-тамыр аурулары, қатерлі ісік т. б. аурулар. Елде 1967 жылы туберкулез, шешек, іш сүзегі, тырысқақ, балалардың жүқпалы ауруларына қарсы вакцина егу жүргізілді. 1969 жылы мың төсектік (1000 тұрғынға 2 төсек) 78 аурухана, 31 диспансер 35амбулатория және тіс емдейтін 2 орталық, 48 әйелдер және 40 балалар консультациясы болды. 1969 жылы 39 дәрігер (23 мың тұрғынға 1 дәрігер), 350 орта білімді медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Денсаулық сақтау ісіне мемлекеттік қаржының 1967-1968 жылдар 9,8%-і бөлінген.

Оқу-ағарту ісі. Алғашқы мектептерді 19 ғасырдың басында француз миссионерлері ашты, қазіргі уақытта да көпшілік бастауыш және орта оқу орындары миссионерлер қарауында. Бастауыш мектептерге оқушылар 6 жастан қабылданады, оқу мерзімі 8 жыл, 2 циклді (6-2 жыл). 6-класқа дейін оқу жергілікті тілде, одан кейін ағылшын тілінде жүреді. Орта мектеп төменгі (3 жыл) және жоғары (2 жыл) сатыдан тұрады. 1970 жылы бастауыш мектептерде 182 мың, орта оқу орындарында 7,3 мың оқушы оқыды.

Ботсвана, Лесото, Свазилендаға қарайтын бір ғана жоғары оқу орны - Рома қаласындағы университет (1945 құрылған). 1971 жылы. университетте 400 студент оқыды. Университет жанында 77 мың дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-02 17:01:10     Қаралды-901

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »