UF


 

КІРІСПЕ

Жалпы білім беретін орта мектепте «Ақпараттану және есептегіш техника негіздері» курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі – ақпараттануды оқыту әдістемесі деп аталады.  Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты ақпараттануды оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары ақпараттану дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

 Қазіргі уақытта ақпараттануды оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; Оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика үшін ақпараттанудың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу орындарының  барлық типтерінде, жоғарғы мектепте, ақпараттануды өзінше оқитындар үшін және т.с.с.

 ҚР орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында “Қазақстандағы жаңа-қоғамдық саяси және әлеуметтік-экономикалық шарттар білім беру саласында принциптік жағынан жаңа жағдайлар жасады. Орта білім беру жүйесін демократиялық мемлекеттің және нарық экономикасының талаптарына жауап беретіндей етіп түпкілікті қайта құру талап етілді. ҚР дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау қажет”. Осы тұжырым орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл-бағдарламаның міндеттерінің бірі - мектептерді компьютерлендіру. Бұл талап әлі толық орындалып болған жоқ. Мектептерді толық компьютерлендірмей ақпараттандыру болмайды.

1980-ші жылдардан бастап мектептерде “Ақпараттану және есептеуіш техникасы” пәні жүргізіліп келеді. 1990-жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік стандарт бағдарламасы шықты.  Ақпараттану-басқа пәндердің де дамытылуын қамтамасыз ете алатын іргелі, әрі маңызды пән. Ол басқа пәндерде берілетін білімді бір ортаға жинақтап, сұрыптап, оларға жаңа мән беріп, әлемдегі болып жатқан процестер мен құбылыстарды жаңаша жүйелі түрде оқып білуіне, терең түсінуіне мүмкіндік береді. Ақпараттану пәні-жаңа деңгейдегі және сапасы жағынан өзгеше пән болуы тиіс. Басқаша айтсақ, “Ақпараттану компьютердің көмегімен ақпаратты өзгерту және қолдана алу процестерімен байланысты адамзат әррекеттерінің  бір бөлігі” (профессор Н.М.Макарова).

           Қорыта келгенде, ақпараттану сабағында тек компьютер мүмкіндіктерін игеру жеткіліксіз, компьютер басқа пәндерде оқыған материалдарды да қайталай алатын, оқушыны тәртіпке үйрететін, әрекеттердің логикалық байланысын сараптай алатын оқытушыға көмекші, әрі кереті құрал болып табылады. [10,12]

 Мектеп Ақпараттануының бүгіні мен келешегі.

          Ақпараттану пәнінің мектеп пәні ретінде енгізілгеніне 20 жылдай болды. Осы уақыт ішінде Ақпараттану пәнінің мазмұны бірнеше рет өзгеріске ұшырады. А.П.Ершовтың “Компьютерлік сауаттылық – екінші сауаттылық” ұранын негізге алып, оқушылардың компьютерлік сауатылығын қалыптастыруға байланысты ақпараттану пәні 1985-1987 жылдары 9-10 сыныптарда компьютерлі және компьютерсіз нұсқаларда оқытылып келді. Аталған уақыт аралығының өзінде мектепке түрлі типті компьютерлер орнатыла бастады. Мұндай жағдайда ақпараттану пәні мұғалімдерінің білімін үздіксіз көтеру қажеттілігі туындады. Осы қажеттілікті шешу барысында 9-10 сыныптарға жасақталған оқулықтардың мазмұнын, құрылымын және әдістемелік құрылымын үйретуге негізделген сыныптар бойынша курстар ұйымдастырылды.

         Елбасының 1997 жылғы 22 қыркүйекте қабылдаған “Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы” құжатты мектеп ақпараттануының мазмұнына үлкен өзгеріс әкелді. Ол бағдарламаның негізгі мақсаты оқушының әлемдік-ақпараттық білімдік кеңістікке ену дағдысын қалыптастыруға негізделген. Ал оны жүзеге асырудың негізгі көзі-мектеп ақпараттануы. Сондықтан оның мазмұнын жан-жақты өзгертіп, оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыратындай етіп, өзгерту қажеттілігі туындады. Аталған қажеттілікті шешу бағытында профессор Ж.Қараевтың және доцент Н.Ермековтің ғылыми басшылықтарымен Алматы қаласы мұғалімдерінің шығармашылық тобынан құрылған топ “Ақпараттану” пәнінің 7-11 сыныптарды оқытудың мемлекеттік стандарты құжатын жасақтады. Жасақталған мемлекеттік құжат негізінде оқу-әдістемелік кешені құрастырылды. Құрастырылған ақпараттану курсының мазмұны ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету мен жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамы болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерін түсіндірумен қамтамасыз етілді.

           Енді оның методологиялық әдістеріне тоқталайық.

Ақпараттану курсының мазмұны, мақсаты және міндеттері

        А.П.Ершов, С.А.Бешенков, Я.Н. Зайдельман, Л.Е.Самовольнова, Г.В.Лебедев, А.А.Кузнецов, Ж.А.Қараев, Г.З.Халықова, Ж.Сардарова және т.б ғалымдардың ғылыми еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектерде ақпараттануды үздіксіз оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздемелері анықталған.

        А.П.Ершов пен В.М.Монаховтың “Ақпараттану және есептеуіш техника негіздері” оқулығында ақпараттанудың мазмұны мына ұғымдарға бағытталып, құрастырылған: ақпарат-алгоритм-программа. Оқулықтың негізгі мазмұны оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Бұл оқулық пәнді компьютерсіз нұсқада оқытуға негізделіп, құрастырылған.

       Кайминнің “Ақпараттану” оқулығында негізінен оқушының логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Пролог тілін үйрету мәселелері қарастырылған. Аталған оқулық пәнді компьютерлі нұсқада оқытуға арналған.

       А.Г.Гейннің, В.Г.Житомирскийдің, Е.И.Линецкийдің және М.В. Сапирдің “Ақпараттану және есептеуіш техника негіздері” оқулығының мазмұны мына ұғымдарға сай құрастырылған: модель-алгоритм-компьютерлік эксперимент. Аталған оқулықтың негігі идеясы есептерді шешудің барлық кезеңдерін компьютер көмегімен модельдеу мүмкіндіктерін үйретуге бағытталған.

Ақпараттануды оқытудың әдістемелік жүйесінің ғылыми-теориялық негіздемесі А.Кузнейовтың ғылыми еңбегінде жан-жақты зерттелген. Бұл еңбекте ақпараттанудың базалық ұғымдарын біртіндеп қалыптастыру мен дамыту арқылы мазмұндық құрылым жүйеленіп қарастырылған. С.Бешенков, А.Ершов және А.Кузнецовтың ғылыми еңбектерінде ақпараттануды саралап оқытудың көп деңгейлілігі зерттелген. Бұл ғылыми еңбектерде мамандыққа дайындаудың 4 бағыты бөлініп, көрсетілген:

гуманитарлық;

жаратылыстану ғылымдары;

физика-математикалық;

программалық;

А.Г.Гейн мен А.И.Сенокосовтың 8-11 сыныптар бойынша жасақтаған ақпараттанудың мазмұндық құрылымында базалық түсініктермен қатар басқа пәндермен сабақтастылық байланыстары және компьютерлік модельдің практикалық мәні де қарастырылған.

         А.П.Ершовтың жасақтаған мазмұндық жүйесімен салыстырғанда бұл жүйеде ақпараттанудың базалық түсініктері компьютерлік модельдеу негізінде берілген. Ақпараттану оқулықтарының басым көпшілігінде есептеуіш техниканың тек даму тарихы ғана көрсетілсе, ал мұнда оның даму келешектеріне талдау жасалынып, микропроцессорлық техника түсініктері берілген.

Осы мәселе төңірегінде ақпараттануды 7-11 сыныптарда оқытудың тұжырымдамасы, мемлекеттік білім стандарты және сәйкес оқу бағдарламалары жасақталды. Аталған құрылым негізінде 7-11 сыныптарға оқулықтар шығарылды. Жасақталған оқулықтардың негізгі мазмұны оқушының ақпараттық қоғам жағдайында ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

       Жаңа ақпараттық технологиялардың жеделдетіп дамуына байланысты ақпараттанудың мазмұны да үздіксіз өзгеріп отырады. Осыған орай ақпараттану пәнін төменгі сыныптарға көшіру проблемасы туындауда. Осы қажеттілікті шешу бағытында академик  Е.Балапановтың ғылыми жетекшілігімен “Ақпараттық мәдениет негіздері” курсын 1-11 сыныптарда оқытудың тұжырымдамалық негізі, стандарты, оқу бағдарламасы және оқу-әдістемелік кешендері жасақталуда.

        Орта мектепте ақпараттануды оқытудың мақсаты.

Алғашқы кезеңде ақпараттану пәнін мектепте оқутудың негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алайда шет елдік отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, біріншіден, компьютерлік сауаттылық басқа пәндерді үйренуде оқушыда қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады.

Әрине “компьютерлік сауаттылық курсы” оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды, сөйтсе де курсты оқытудың басты мақсаты орта білімді беру мақсатынан туындайды.

Орта білімді берудің мақсаты- жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.

 Бұдан, білім беруде ақпараттану саласын мектепте оқытудың негізгі төмендегідей мақсаттары туындайды:

  -оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту;

   - оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде, сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

        Ақпараттануды оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

         Тәжірибелік мақсаты оқушыларды тәжірибелік қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шеуге және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған.

          Тәрбиелік мақсаты оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған. [9,7]

Компьютердің жұмыс істеу принципін жалпы түрде алғашқы рет 1946 жылы американдық ғалым Джон Фон Нейман сипаттап жазған.

Программалық басқару принципі деп аталатын жұмыс істеудің бұл принципі мыналардан тұрады:

  • Енгізу құрылғыларының көмегімен компьютердің ішкі жадына программа жазылады;
  • Процессор программаның бастапқы нұсқаулары бар ішкі жадтың ұяшықтарындағыны шығарып оқиды;
  • Ол нұсқауларды орындайды, олар:
  • Деректер мен операциялар (арифметикалық немесе логикалық);
  • Жадтан деректерді оқу (арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындау үшін);
  • Деректерді жадқа жазу (арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындау нәтижесі);
  • Жадқа енгізу құрылғысы арқылы дерек енгізу;
  • Шығару құрылғыларына жадтан дерек шығаруы болуы мүмкін.
  • Егер алдыңғы ұяшықта жазылғанды орындау нәтижесінде өту болса, онда тура алдыңғы ұяшықтан кейін орналасқан немесе басқа ұяшықтағыны шығарып оқуға ауысу.

Осылайша процессор нұсқаулар мен программаларды автоматты түрде орындайды – бұл программалық басқару принципі. [5,59]

АҚПАРАТТЫҚ  (ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ)  ҚЫЗМЕТ

КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Адамзат баласы барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған аяқ-қол саусақтары   секілді қарапайым  құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар -  есепшот, арифмометр, арнаулы  математикалық   кестелер шығарыла бастады.  Бірақ үстіміздегі ғасырдың  40- жылдарында, ядролық  физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей  араласуын талап   ете бастады.                                                                                                                                

          ХХ ғасырдың ортасында информацияны  өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі   (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық  техника мен технологияның қарқынды дамуына  себепші болды.

           Информация -   дәл анықтамасы  жоқ кең ұғым.  Қарапайым түрде айтқанда, түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер тағы басқалар жөніндегі мағлұматтар.

           Мысалы, айналадағы кеңістіктер жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп информация аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы, күннің бұлтты екені және жауын жауу мүмкіндігін тағы басқаларды білдіретін информация . Көшеге ілінген бағдаршамның көк не қызыл түсте жануы – жолды кесіп өтуге болатын не болмайтынын білдіретін информация. Радио, телевизор арқылы берілетін хабарлар мен    ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.

            Информацияны сандық, кесте, сурет,  құжат (мәтін) сияқты түрлі түрде к­өрсету, жинастыру мүмкін. Мысалы, өсімдіктің биологиялық қасиетін зерттеп, нәтижесін кесте түрінде дайындау ; рентген сәулелер арқылы   адам организмі кескінін суретке   түсіру;  мәліметтік информацияны газет, журнал беттерінде басып шығару тағы басқалар.

              Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. ”Информациялық экономика теория ғана емес, өндірістер немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бірде бір сала жоқ ,“ – дейді  американдық  экономист  П.Хауке. 70-ші  жылдар шамасында  Батыс елдеріндегі ғылыми және техникалық  прогрестің көш басшылары (М.Порет, Е.Масуда, А.Тоффлер т.б) шын мәнінде “информациялық қоғам” туралы бірауыздан айтқан еді.  Бүгінгі пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны : ”Неғұрлым  көбірек және тезірек информация алу!” болып отыр .

         Өмір ағымының  жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін идентификациялау, білімді жылдам жинақтау - осының барлығы А.Тоффлердің  айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады. Бұл белгілі футуролог “Келешекпен бетпе-бет келу ” атты кітабында: “Информация  пульсі бұрынғыға қарағанда анағұрлым жылдамырақ   соғуы керек ” дейді.

         “Информациялық жаңа әлемде” бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын  болмаған дәрежеде   информациялық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде жеке іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми-зерттеу институттарында, мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адаптерлердің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше, 1975-ші жылдан бастап-ақ жалданып істеген американдық  азаматтардың жартысынан көбі негізінен информацияны өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.                                                                                                

Әлем қазір информацилық қоғам табалдырығында тұр. Осындай қоғамда информацияны тарату, сақтау және өңдеу жүйесі аса                                                                                                 маңызды роль атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ  информациялық орта пайда болып, олар азамат баласы жинаған информациядан кез келген адамның өзіне қажетті информацияны алуын қамтамасыз етеді. Компьютердің интелектуалдық  роботтармен қатар адам іс-әрекетінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Информацияларды жинақтау, өңдеу, қорғау және сақтаумен кәсіби тұрғыда айналысатын адам  саны өсуде. Информация аса бағалы тауар болып, информация индустриясы болашақ қоғамда өте маңызды құбылыс болмақ.

         Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандар, кәсіпкер номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.

            Дүниежүзілік тарихтың мойнағына үш ірі ағым тоғысатындай:

  • Технология ағыны;
  • Информация ағыны:
  • Осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны.

        Белгілі  мөлшерде информациялық тұрғыда бұрынғы жаңа, анағұрлым зор өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениеті мыңжылдық тарихы мен дәстүрі бар кәсіптер көз алдымызда жойылып бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Адамзаттың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару  мен   ұйымдастыру түрлерінде де үлкен  өзгерістер болып жатыр.

          50 жылдың бас кездерінен бастап көптеген жарыққа шыға бастаған электронды есептеуіш машиналарды (ЭЕМ-дерді) осы жұмыстарға пайдалану оларды өңдеудің шапшаңдылығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызады.

          ЭЕМ- ді компьютер деп, автоматты  құрылғының не    адамның                                                                                        өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік тағы басқа информация  берілгендер деп аталады.

            Мақсатқа жету үшін информацияны ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендіру оны өңдеу деп аталады. ЭЕМ арқылы берілгендерді өңдеу машинаға түсінікті нұсқаулар тізбегі (программа )  арқылы жүргізіледі.

             Түрлі салаларда жиі пайдаланатын берілгендер мен    программалар көп болғандықтан, әр түрлі материалдардан тұратын магниттік таспаларға,   дискілерге (тасымаушыларға) жазылып, сақталып қойылатын болады.

              Сақтаулы информацияны іздеп, оны тұтынушыларға жеткізіп беру  информациялық қызмет көрсету (ИҚК) делінеді. Қазақстан республикасы мен ТМД  елдерінде тек ғылыми-техникалық  ИҚК-мен айналысатын кітапханалар ғана бар. Олардың анықтамалық-информациялық қорында екі миллиярдтан аса информациялық мәліметер жинақтап, көп мәліметтер компьютер дискілеріне жазылып қойылған.  Осылардың  арасында қажеттісін іздеп, тауып беру көп еңбекті талап  етеді. Бірақ бұл жұмысты орындап шығудың  маңыздылығы сөзсіз. ИҚК-ның маңыздылығына бір ғана мысал: егер өндіріс басқармасын  қажетті информациямен, түрлі ғылыми-  техникалық    жаңалықтармен   дер   кезінде қамтамасыз етіп  отырмаса, ол жаңа техниканы пайдалануға  жоспарлауға, өндірісте еңбек өнімділігін арттыруға үлкен кедергі келтірер еді.

Қазіргі кезде информацияны тиімді пайдалану дүние жүзінде негізгі орынға шығып келеді. Қазір біз информациялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз.

Жүйе – деп элементтері бір-бірімен қандай да бір заңдылықпен байланысқан жиында түсінеміз. Мұндай жиынның элементі ретінде құбылыстарды, әдістерді, білімдерді т.с.с. алуға болады. Мысалы, санау жүйесі, транспорт жүйесі, экономикалық, химиялық элементтер жүйесі, нерв жүйесі т.с.с.

Информациялық қызмет көрсету жүйесі түсінігі кең таралған және түрлі мағыналық мәнге ие. Компьютердің ақпараттық бөлігі де жүйе деп аталады. Жүйе деп сондай-ақ нақты қолданбалы мәселелерді шешу процесіне қажетті құжатты жүргізу процедурасымен толықтырылған көптеген программаларды да атауға болады.

Жүйе түсінігіне информациялық қызмет көрсету сөзін қосу оның құрылуы мен қызмет етуінің мақсатын бейнелейді. Информациялық қызмет көрсету жүйелері кез-келген облыста шешім қабылдау процесіне қажетті ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және ақпаратты берумен қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді талдап, жаңа өнім жасауға көмектеседі.

Информациялық қызмет көрсету жүйесі – қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер мен олардың жұмыстарын үйлестіріп отыратын пайдаланушылардың жиынтығы.

Алғашқы информациялық қызмет көрсету жүйелері  50-жылдары пайда болды. Бұл жылдары олар жалақы есебін есептеу мен есептерді өңдеу үшін бағытталып, электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында орындалды. Бұл кейбір шығындарды қысқартып, қағаз құжаттарды даярлауға қажетті уақытты азайтты.

60-жылдары информациялық қызмет көрсету жүйесіне деген қатынас өзгерді. Олар информацияны көптеген параметрлер бойынша есептеп,   айлықты ғана есептейтін ғана емес, сонымен бірге көптеген қосымша қызметтерді орындайтын компьютерлік жабдықтар ретінде ұйымдастырыла бастады.

70-80 жылдардың бас кезінде шешім қабылдау процесін тездететін информациялық қызмет көрсету жүйелері басқаруды бақылау құралы ретінде кеңінен қолданыла бастады.

90 жылдың соңғы кезінде информациялық қызмет көрсету жүйелерін қолдану концепциясы қайтадан өзгеріске түседі. Олар информациялық стратегияның бастауына айналып, кез-келген профильді ұйымдастырудың барлық деңгейінде қолданылады. Бұл кезеңнің информациялық қызмет көрсету жүйелері пайдаланушыға қажетті информацияны дер кезінде, ыңғайлы түрде ұсынып, ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруда жетістіктерге жетуіне, жаңа тауарлар мен қызмет түрлерін құруға, тауарлар өткізудің жаңа рыноктарын табуға, өзіне лайықты серіктер табуға, өнімді төмен бағада шығаруға және т.б. көмектесе алады.

Қазіргі информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі техникалық құралы ретінде дербес компьютерді қолданады. Ірі ұйымдарда информациялық қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасына дербес компьютерлермен бірге майнфрейм немесе суперЭЕМ енеді. Сондай-ақ, информациялық қызмет көрсету жүйесі адамның рөлінсіз іске аспайды.

Информациялық қызмет көрсету жүйелерінде компьютерді пайдалану салалары көп. Мысалы,

  • электронды оқулықтар жасап шығару;
  • кітапханалар жұмысын автоматтандыру (кітаптарды жылдам іздеп табу, олар жайлы мәліметтер беру т.с.с.);
  • абоненттік  телефор номері сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;
  • қалааралық транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске сатылған және бос орындар компьютерге тіркелгендіктен, оларды пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес) ;

Жалпы информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер мынадай:

  • информация талдап, оны өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;
  • информацияны тиімді өңдеу үшін нұсқаулар тізбегін (алгоритмін) жинақты түрде құру;
  • мәшине түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін) пайдаланып программалау тілдерінің бірінде алгоритмнің программасын жазып шығу;
  • программаны ЭЕМ-де орындап, нәтижені алу;
  • нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;
  • дұрысталған программаны сақтау;
  • пайдаланушыға программаны пайдалану жайлы нұсқаулар беру.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.Ә.Исаев., А.Н.Мұхамади., О.С.Ахметова “Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум” Алматы 2000
  2. Н. Ермеков, Ж.Қараев, Н.Стифутина “Информатика”
  3. Энциклопедия персонального компьютера
  4. Н.Т.Ермеков, С.В.Пилипенко, С.П.Давиденко, В.Ю.Викс “Информатика” Әдістемелік нұсқау,  8 сынып, Алматы “Мектеп”
  5. Н.Т.Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, Алматы “Мектеп” 2004
  6. Н.Т.Ермеков, С.В.Пилипенко, Л.В.Крепп, Е.М.Кузина “Информатика” Әдістемелік нұсқау,  7 сынып, Алматы “Мектеп”
  7. Н.Т.Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, Алматы “Атамұра” 2003
  8. Н.Т.Ермеков, С.В.Пилипенко, Л.В.Крепп, Е.М.Кузина “Информатика” Дидактикалық материалдар практикум,  7 сынып, Алматы “Атамұра ” 2003

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-12-08 19:10:00     Қаралды-2649

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »