UF

      Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын «желдей жүйрік атты көшпелі турлар» мекендеген. Парсы деректерінде турлар — сақтар деп аталады, бүл «еңіреген ерлер» деген сөз, ал грек авторларының туындыла-рында олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің екінші аты.

Б.з. I ғ. көне рим оқымыстысы Плинийдің Үлкені: «Яксарттың (Сырдарияның көне аты) арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оны сақтар деп атайды. Скиф халықтарының саны қисапсыз көп. Олардың ішіндегі ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер, » — деп жазады.

Біздерге жеткен сипаттама деректерге қарағанда, сақтар малшылар болған, олар жылқы, мүйізді ірі қараны, уақ малдарды өсірген, шеттерінен ат құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзінен ататын садақшы-мергендер екен.

Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен де бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтса керек. Олардын. ішіндегі ең көбі массагеттер болған. Геродот олар туралы былай деп жазады: «Бұл халық Аракс (тегі Сырдария секілді) өзенінің, арғы бетінде тұрады. Киетін киімдеріне, тұрмыс салтына қарасақ, скифтерге ұқсайды. Олар атпен де, жаяу жүріп те соғысады. Соғыстың осынау екі тәсіліне де жетік, садақпен де, сүңгімен де шайқаса біледі; әдетте, ай балтамен де қаруланады. Олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан жасалған. Олар егін екпейді, үй жануарларының етімен, балықпен қоректенеді.

Басқа бір авторлар: «Соғдының ар жағында, Яксарттың (Сырдария) бойын қуалай сақтар қоныс тепкен» — сияқты мәліметті келтіреді.

Парсының сына жазуларында сақтардың үш тобы туралы сөз болады: парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), хаомаварга-сақтар (хаома сусынын жасайтын сақтар), тиграхауд-сақтар (шошақ бөрікті сақтар). Бірқатар зерттеушілердің пікіріне сенсек, парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Әмударияның теменгі ағысында немесе Қаратеңіздің теріскей бетінде өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары Сырдарияның орта аймағы мен Тән-Шәнді мекендеген; хаомаварга-сақтар Мұрғаб алқабынан қоныс тепкен.

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдін, сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Б. з. бұрынғы 519—518 жж. сақтарға қарсы І-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіред. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.

Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б. з. дейінгі 330—327 жылдары Александр    Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін.

Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.

Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған-кезде, «еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен» грек-маке-дон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған.

Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата     (Шеткі Александрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды көп алаңдатадьг;"Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскермен.жеделдетіп өзеннен өтіп, сақтарды қуалай жөнеледі. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың өз басы осы жортуылда жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Македонскийдің Яксарт (Сырдария) сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс-талабы сәтсіз аяқталады.

Орта Азия меи Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан былай да маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з. бұрынғы III ғ.-б. з. дейінгі III ғ. аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының тал-қандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады.

     Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері — қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазакстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жаркын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.

    

                                           Үйсіндер

 

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б. 3. дейінгі II ғ. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы «гуньмо» (Күн баг — Кун бегі) деп аталатын иеліктің негізін салды.

Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, алардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді, Каңлылармен шектеседі. Шығысында хүндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.

Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.

Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі кінәз Чжанцянь Үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері жәнс оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.

Деректерде б. з. IIІ-ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.

Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер — түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірІ «үйсін» деп аталады.

 

                                          Қаңлы  мемлекеті

Каңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б. з. дейінгі II ғ. айтылады. 138 ж. Кытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін жібереді. 13 жылдан кейін талай қиыншылықтардан өтіп, Чжан Цянь қайта оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайға беймәлім болып келген мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында Қаңлы мемлекеті де атала-ды, оның билеушісінің ордасында Чжан Цяннің өзі болған екен.

Қаңлынын, билік құрған кезеңдегі сыртқы саясатының жалпы бағыты Жібек жолының Сырдария бойымен жүретін бөлігіндегі Ферғанадан Арал өңіріне дейінгі учаскесін өз бақылауында қайтсе де сақтап қалуға ұмтылушылығы еді. Олар оны уысынан шығармады да. Жібек жолының Сырдария бойымен жоғары Солтүстік Батысқа — Кавказ бен Қаратеңіз өңіріне, сол сияқты түскейге — Иран мен Таяу Шығысқа, Үндістанға мігірсіз жүріп, белсенді әрекет істегеніне қаңлылардың қала жұрты мен обаларын, Яньңай-Алань тұрғын үйлерін қазған кезде табылған олжалар: Үндістанның маржан моншақтары. Кытай теңгелері мен айналары,  Иранның бедерлі тасы-инталио куә бола алады.

Қаңлы халқының этникалық сипаты жөніндегі мәселе күрделі де қиын. Қаңлылардың, қай тілде сөйлегені жөнінде де бірыңғай пікір жоқ.                        А. М. Бернштамның пікірінше, қаңлылар түрік тілді халық болған. Басқа зерттеушілер қаңлылар Солтүстік Иранның мал өсіруші тайпалары қатарына жатады, олар б. з. бірінші мыңжылдығы ортасында Сырдария бойына түрік тайпаларының қоныс аударуына байланысты өзінің этникалық бейнесі мен тілін өзгерткен деп болжам жасайды. Б. А. Литвинский қаңлылар иран тілді сақтардың ұрпағы деп есептейді. Оның, пікірінше, Қаңлы атын сақ тайпаларының бірі, «былғары киімді әлде (сауытты) адамдар» деп айтуга болады.

Соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулерге жүгінсек, қаңлы замандастары салған суреттер қаңлылардың сыртқы бет бейнесін көз алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. Олар бізге бір кездері былғарыға тігілген сүйек пластинкаларға салынған гравюра бейнелері күйінде жеткен. Пластинкалар Самарқан облысындағы Қорған төбе қалашығы маңындағы б. з. бірінші ғасырларындағы қаңлы обасын бірінші қазған кезде-ақ табылды. Олардың біреуінде атты және жаяу батырлардың айқасы, екіншісінде — атпен аң аулау көріністері бейнеленген. Айқас пен аң аулауға қатысушылар түгелдей бір этникалық тұрпатқа жатады.

Қару-жарақтардан: ұшы үшкілденіп келетін ұын найзалар, қынабы белдікке қос таспамен бекітілетін екі жүзді ұзын семсерлер, жебесі үш қырлы оқтары бар құрама садақтар, кең бөлігі садақтың өзіне, екі бөлігі оқтарға арналған үш бөлімді қорамсақтары болған. Сопақ қалқан сырты пластиндармен қапталған. Бір жауынгердің айбалтасы бар. Сауытты жауынгерлер сауытсыз аттарға мінген. Ат-тардың жалы күзелген, құлақтарының арасындагы кекілін күлтелендіріп жинап қойған.

                                                  Ғұндар

Тарнхта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты — жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндсй көрінеді. Аттила бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл-жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың, ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан таныс оқиғалар. Ал б. з. дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен б. з алғашқы ғасыр-ларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген азиялық ғүндар тайпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.

Деректерде ғұндар (хунну) мен қаңлылардың өзара қарым-қатынас жасағаны жайлы мәліметтер сақталган.

55-жылы аса құдыретті ғүн мемлекеті — оңтүстік және солтүстік болып — екі елге бөлінеді. Солтүстік-батыс Моңголиядағы Кырғыз-Нұр көліне таяу жерден теріскен ғұндарының билеушісі Чжичжи өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады. Чжичжимен Кытай да жауығып, алагөз болып жүреді, әсіресе ғүн билеушісі қытай шенеунігі мен елшісін өлтіру жайлы бұйрық бергеннен кейін, бұл қатынас мүлде ушығып кетеді. Чжичжи мен оңтүстік ғүндар билеушісі арасындағы бәсеке-тартыс та күшейе түседі. Жағдай осылай шиеленісіп түрғанда, Сырдария бойын еркін жайлаған Қаңлы мемлекеті иесінің Үйсін мемлекетінЕ қарсы одақтасып, бірге күресу жөніндегі ұсыныс-сәлемі дәл мерзімінде жасалған ұсыныс болады. Ол Чжичжиді өзінің шығыстағы иелігіне — Талас алқабына шақырып, оған қаңлы атты әскеріне қолбасшылық ету құқын береді. Мұның үстіне ол шаньюге өз қызын әйелдікке беріп, оған бірнеше мың түйе мен жылқыны, есекті сыйға тартқанда, қаңлы билеушісі: Чжичжи көп ұзамай үйсіндерді талқандап, олардың қарауындағы Іле мен Шу алқабын басып алады деп үміттенеді. Алайда Чжичжи үйсіндерді күйрете алмайды. Сол себепті де үміті кесілген қаңлы ақсүйектері мен билеуші арасында тартыс туады. Ұзамай бұлар ат құйрығын кесіседі. Шежірешілер сөзіне қарағанда, шаньюй. ҚАҢлылардың әдет-ғұрпын мойындаудан бастартады да, ашу үстінде каңлы бекзатының қызын өлтіреді, бұған қоса бірнеше атақты кісілерді, жүздеген қаймана халықты қырып салады, яки оларды Далай (Талас) өзеніне лақтырып тастайды. Бұл үшін Чжичжи қаңлы билеушісінің қосынынан қуылып, Таластың жоғарғы жағына кетеді, сол жақтан өзіне шаһар сала бастайды.

Чжичжидің күшейе түсуі және оның үйсіндерді дүрліктіріп,. шапқыншылық жасай бергені Қытай империясының төзімін тауысады. Чжичжиді елшілік жолымен бейтарап қалдыру әрекетінен ештеңе шықпайды да қытайлар соғысқа дайындала бастайды.

Ұзамай қытай әскері жорыққа шығады. Ол екі,жолмен жүреді. Үш қол оңтүстік жолымен, Қашғар мен Ферғана арқылы Шатқал қыратындағы Шанаш асуын және Талас тауындағы Қарабура асуын басып өтеді; үш қол Шығыс Түркістаннан шығып, солтүстік жолымен, шамасы Бедел асуы арқылы үйсіндер ордасы бар Чигучен шаһары тұрған Ыссық көл алқабына шығып, сосын Шу алқабы мен Таласқа барады. Қалың қод бір-бірімен Чжичжи қаласының түбінде қосылады.

Ғүндардың қаһармандықпен қарсы тҰрғанына қарамастан, қытайлар сыртқы ағаш қабырғаны өртеп, қамкесектен тұрғызылған дуалды опырып тастап, қалаға басып кіреді де, ішкі қамалды алады. Чжичжи төңірегіндегі көптеген ағайын-туыстарымен, бала-шаға, қатын-қалашымен, текті бекзаттарымен бірге - небәрі 1518 адам — тұтқынға алынады. Олардың түгелдей басы кесіледі.

Ғүндардық қоныс аударуының екінші толқыны б. з. 93 жылы басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.          Б. з. ІV-ғасырында олар Европадан бой керсетеді.

Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікіріне үңілсек, ғүндар түріктердің арғы ата-бабалары, олардың Казақстан жеріне келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б. з. I мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық тұрпаты өзгереді де, моңғол тұрпаттылар пайда бола бастайды.

Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндардын өмір-тіршілігінде мал өсіру, әсіресе, жылқы өсіру басты рөл атқарған. Жылқы болмаса, көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас еді, әскери жортуыл-жорықтарда ат әскердің өзін ғана алып жүрмей, оларды аспен де қамтамасыз етіп отырған. Ғүндардың аттарының көпшілігінің шоқтығы аласа, жатаған, дене бітімі тығыз да дөкірлеу, басы үлкен болып келеді. Олар жүріске төзімді, жарлауыт тау қыраттарына емін-еркін шығып, өзен-сулардан қиналмай өте беретін болған. «Тау жоталарына шығып, олардан түсерде, тау өзендерінен көктей етіп, олардан шығарда Кіндік патшалықтың аттары сюннулар аттарына ілесе алмай қалады» — деп жазған қытай бекзаты Час Ко.

Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Бұл жөнінде деректерде: «Балалардың қойға мініп, садақ тартып, құстар мен тышқандарды атуына болады; біраз өскеннен кейін олар түлкі мен қоянды атып алып, олардың етімен ауқаттанады. Олардың әдет-ғұрыптары бойынша тыныш кездері малын жайып келе жатып, жолай аң мен құстарды атып тіршілік қажетіне жаратады» — деп жазады.

 

       Қара қытайлар мемлекеті. Қара қытайлардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б. з. IV ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық Мұхитқа дейінгі аса кең жер Кидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.

1125 ж. Сунь Кытайы мен Чжурчжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады да, қалған бөлегі енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді, сөйтіп сол арадан аттас қала салады. Олардың, қидандардың батыс тармағы өкіметі қоластына Жетісудың бір бөлегі қарап, жергілікті түріктілдес халықтармен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кете береді.

1128 ж. Карахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлықтарға қарсы аттануға шақырады. Қарақытайлар көсемі Елу Даши Баласағүнды басып алып, Карахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырып, Жетісуға өз мемлекетін орнатады. Сосын бірқатар жаулау жорықтарын жасап, мемлекст шекарасын Енисейдсн Таласқа дейін кеңейтеді. Содан кейін қарақытайлар қаңлыларды бағындырып, Шығыс Түркістанды косып алады. 1137 ж. олар Ходжент жанында Мауараннахрдың иесі Махмұдханды, ал 1141 ж Самарқанға таяу жердегі Қатуан даласында салжық-қарахандар әскерін күйретеді. Қарақытайлар Бұқарды және күллі орталық         Мауараннахрды басып алады. Хорезмге жіберілген айрықша әскер Хорезм шахты жыл сайын өздсеріне 3 мың, алтын динар мөлшерінде алым төлеп тұруға мәжбүр етеді. Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Мауараннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына енеді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.

Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Баласағүн оның иеліктерінің орталығы болып кала береді. Әскерде тәртіп өте қатал болады, ел ішінде аула басынан салық жинау жүйесі енгізіледі — әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақын-жуықтарына енші етіп жер-суды тарту етпейді, өйткені олар күшейіп алып, бәсекеші болып кетер деп қауыптенеді. Карақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Кұлжа өлкесін тікелей басқарады, Жетісудың Іленің теріскей бетінен әрі жатқан бөлегі қарлықтар хандарының қарауында болатын, бірақ олардың ортасында ұдайы Гүрханның өкілі тұрған. Бірінші гүрхан 1143 ж. қайтыс болады. 1208 ж. қара-қытайларға Моңғолиядан Шыңғысхан тықсырып қуып шыққан, Күшлік бастаған наймандар қашып келеді.

Наймандар ұлысы. XII ғ. керейттер (керейлер) мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардын, шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте күрделі қиын мәселе. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі ең жаңа мәліметтер олар түріктілдес болды дегенді дәйектейді. Ғалымдар «найман» терминінің мәні моңғол тілі тұрғысынан алғанда ашылады, ол конфедерацияға енген тайпалар санына қарап, «сегіз» деген сөз деп болжам жасайды. Көне түрік жазуларында айтылатын «сегіз-оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңдестіреді. VIII ғ. оғыздар тайпаларынын бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғары Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаган.

Наймандардың батыс жағында — Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде — Енисей қырғыздары, шығысында — Шығыс Моңголияда көшіп-қонып жүрген керейттер, ал оңтүстік жағында — Орталық Азиянын, басқа да көптеген халықтары мен тайпалары сияқты, қидандарға тәуелді вассал болған ұйғырлар, көрші-қолаңы ретінде, қарым-қатынас жасап тұрған. Наймандар өздерін қоршаған көшпелі және отырықшы-егінші этностармен, әсіресе қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси және мәдени байланыста болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп коныстанады.

Бейбіт қарым-қатынастар Керейттер ұлысына біріккен қуатты да құдыретті тайпалармен арадағы жауығу кезеңдерімен алмасып отырған. 1125 ж. Қидан мемлекеті қирағаннан кейін, оның Орталық Азиядағы ойрандалған орнында бірқатар мемлекеттік бірлестіктер (ұлыстар) құрылады, олардың арасынан жетекшілік рөлі керейт хандарының қолына көшеді.

Керейттер ұлысы. Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғ. бас кезіне жатады және ол цзубу орталық тобының тайпаларымен байланысты болып келеді. Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейттердің батысында — наймандар, солтүстігінде — меркіттер, шығысында — татарлар, оңтүстігінде — таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. Орхондағы Бас орда өте қолайлы жағрафиялық жерде, сауда жолының аса маңызды бөлігінде болған, сол себепті де ол көршілес және алыс елдерден келетін көпестер, сол сияқты миссионерлер жиналатын орынға айналған. 1007 ж. керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Керейттер, әсілі, белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.

XII ғ. екінші жартысында Тоғрылхан тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте — Селенганың жоғарғы бойынан оңтүстікте — Хуанхеге дейінгі, батыста — Ханғай тауынан, Шығыста — Халқин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Керейттер — найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық-мәдени байланыс жасап тұрған. Тоғрылханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері мәселен, Темучин (Шыңғысхан) мен Жамуха тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болады.

Керейттер билеушісі Тоғрылхан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. Кейбір фактілерге қарап, керейттер мен каңлы арасында генетикалық байланыс болған-ау деген ойға қаласың.

Керейттер мен наймандар әлеуметтік-саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым-ұлыстар болып ұйымдасады, ал ұлыстар болса, хандар әулеті бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық-тайпалық институт атаулының бәрінен де жоғары тұрған. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. .Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосынының басқару орындары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген.

Керейттер мен наймандар мемлекетінде хан қосыны (ордасы) айрықша орын алған,

ол ханның дүние-мүліктері мен әскерді басқарып отырған. Наймандар мен керейттерде кәдуілгі хұқ низамы қолданылған. Бұл хандықтарда іс жүргізу кең таралған. Кұжаттар мөр басу арқылы бекітілген, әсіресе алым-салық жинау және қызмет адамдарын тағайындау құжаттарына мөр басылатын болған. Қоғамның тандаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген. Керейттер мен наймандардың христиан дініне енуі олардың әлеуметтік және мәдени дамудың жоғары деңгейінде тұрғанын көрсетеді. Туысқан тайпалардың әлеуметтік жіктелуі мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің Керейттер мен Наймандар ұлысының құрылуымен аяқталады.

XII ғ. аяқ кезінде Темучиннің саяси өрлеуі басталады, ол татарларды талқандағаннан кейін, 1203 ж. керейттерді бағындырады, ал 1206 ж. наймандарды жеңеді. Наймандардың ойрандалған тайпалары Күшліктің бастауымен Алтайға келіп, керейттер мен меркіттер тобына қосылады.

1209 ж. қарақытайлар өздсрі үшін ең бір қолайсыз уақытта Мұхаммед Хорезмшахқа қарсы соғыска шығады. Карақытай мемлекеті сұмдық ауыр халге түседі. 1210 ж. Мұхаммед Хорезмшах Самарқанд ханы Османмен одақтасып, Талас маңында қарақытай әскеріне тап береді. Карақытайлардын, басшысы Таянқу тұтқынға түседі де, оның әскерлері лаждың жоғынан шегініп кетеді.

1211 ж. Күшлік және онымен одақ құрган хандар гурханды тұтқынға алып, өкімет билігінен айырады. Арада екі жыл өткен шамада ең соңғы гурхан Чжилигу дүние салады. Сөйтіп қарақытай мемлекеті өз тіршілігін тәмамдайды. Өзінің бір ғасырға жетпейтін өмірі ішінде қарақытайлар мемлекеті осынау өлкенің экономикасына, қоғамдық өмірі мен мәдениетіне айтарлықтай әсер ете алмайды.

                Қыпшақ  хандығы

«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректеріне қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабехтің (IX ғ.) жылнамалық жағынан VIII ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі.

656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары қимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғ. соңында оларды қимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа карай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. IX—X ғғ. қыпшақтар тарихы қимектер тарихымен қоса өрледі. Қыпшақтар қимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Қимек қағанаты құрамына кіреді.

XI ғ. басында Қимек қағанаты тарағаннан кейін, қимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді    қимыл-әрекеттерге   кірісіп,    Орта Азия және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.

XI ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпаларының ақсүйектері оғыз жабғысын Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуалап жібереді.

Аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші ширегінің бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Кыпшақ аты пайда болады. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетіп барады.

XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжи бастайды. Батысқа қарай жылжып өрлеген сайын кумандар тайпаларының қалың жұрты бірінші болып, Шығыс Еуропаның әсіресе орыс, Византия, Венгрия халықтарымен тура қарым-қатынас жасауға көшеді.

Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-жағрафиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.

Қыпшақтар мемлекетін құру ісіне қаңлылардың көптеген тайпалары қатысқан. Олардын жинақты топтары XII ғ. екінші жартысында Арал өңірі даласында этникалық-территориялық бірлестікті ұйымдастырады; сол сияқты ол процеске Қазақстан жеріне Шығыс Түркістаннан келген түрік тілді тайпалар: ұран, баят, азкісі мен түргештер де қатысқан. Соңғы екі тайпаның XII ғ. Қаратеңіз өңірінде пайда болуы, тегі, сол жаққа қыпшақ тайпаларының келуімен байланысты болса керек. Қыпшақтардың этникалық компоненттерінің, бірі сол сияқты қарлықтар, шігілдер мен кайлер болған.

Қазақстан жерінде қыпшақ жұртының кұрылып қалыптасуын этникалық-мәдени белгілердің тегістелу процесі де демеп-жебеп отырған, оған шаруашылықты жүргізу ісінің бір типтілігі, қоғамдық қатынастар жүйесі мен тіл ортақтығы да ықпалын тигізген. Қыпшақтардың әртүрлі этникалық топтармен тығыз байланыста болуы олардың этникалық қауымдастығына әсер етеді. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғол басқыншылығы  үзіп тастайды.

Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қәзіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен.

Солтүстік батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өнірінің халқымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған. Қыпшақ тайпаларының XI ғ. екінші жартысы мен ХШ ғ. бас кезінде балгарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.

Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді.

Хандықтың кұрылуы, Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен Орта Азиядағы Салжықтар, Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген XI ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар   мемлекетін   құрудың обьективті   себебіне айналды.

XI ғ. орта кезінде Дешті-Қыпшақтағы ыдыраушылықтың көзі болып келген қыпшақ пен куман тайпаларының көптеген топтары көшіп кеткеннен кейін, Қыпшақ хандығының саяси тірегі едәуір күшейіп, нығая түседі.

XI ғ. екінші жартысынан XII ғ. бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарады. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық-әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.

Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұра болып әкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру ел-бөрілі екен. Орда деп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі мен армиясының ісін жүргізетін басқару аппараты болған. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойыңда, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат — қосынымен Сығанақ қаласында тұрған.

XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Алайда XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның, мұсылмандық әулеттері арасындағы қиянкескі күрес алаңына айналып кетеді. Ислам дінін таратуды туғып көтерген Хорезмшахы Атсыз Жентті жаулап алады, сосын солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады.

1133 ж. Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Қыпшақтардың тұңгыш рет күйрей жеңілгенінің себебі жөнінде деректерде ешқандай қосымша мәліметтер келтірілмейді. Шын мәнінде тап сол кезден (XII ғ. скінші жартысы) қыпшақ хандығының ыдырауы басталады, оған себсп болған негізгі жәйттар: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімделушілер қатарының молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі болады.

 

       
   
 
     

         ҚАЗАҚСТАН МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕ

 

XIII ғ. бас кезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы евразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының жүрісін өзгертіп жіберді.

XII ғ. орта шенінде Моңғол тайпалары Моңғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып түріктілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық мәдениеттің көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктің әдет-ғұрпын мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжиды. Сол уақыттан бастап, түріктер мен моңғолдардың, кейінгі уақытқа дейін сақталған, қоныстарының шекарасы анықталып калыптасады. Моңғолдар жайлаған территория солтүстікте Байқалдан, Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан оңтүстікте Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады.

       1218—1219 жж. моңғолдар көрші елдердің көптеген халықтарын бағындырады. Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлері тартып алынады, таңғұттар мемлекеті құлатылады, Ұйғырдың Түрфан бектігі моңғол бодандығын өз еркімен қабылдайды. Цинь импери-ясының әскерін талқаңдағаннан кейін, Моңғолдар Солтүсгік Қытайды басып алады. Шыңғыс ханның келесі міндеті батыс елдерін — Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказдың ар жағын, Шығыс Еуропаны жаулап алу болады. Ертістен, Арал теңізі мен Амудариядан әрі, батыс жақтағы әлі алынбаған жерлерді Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарына ұлыс етіп береді.

Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210—1211 жж. қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғыс-ханның қоластына көшеді. 1217 ж. Алмалық облысының билеушісі Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. Келесі жылы Баласағүн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Наймандар басшысы Күшліктің сегіз жылдық билеуінен кейін, оның хорезм-шах Мұхамметпен және қарлық билеушілерімен жүргізген соғыстарынан кейін, Жетісу халқы ақырында қатты жұтап, қайыршының күйіне түскен еді. Күшліктің мұсылмандарды қудалауы, оның ішінде көпшілктің бас қосып намаз оқуына тыйым салғаны жұрттың зығырданын қайнатады, сол себепті де дінге төзімділік жасаған моңғолдарды халық өздерін құтқарушылар есебінде қарсы алады. Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғысхан бұл өлкеде талаушылық пен қырғынға тыйым салады. Ал Күшлік бұлардан Орта Азияға қашады, бірақ кейінірек моңғолдар оны Бадахшанда қуып жетіп, көзін құртады.

Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашты. Мауараннахрдағы хал-жағдайды анықтау үшін, Шыңғысхан әуелі хорезмшах Мұхамметке өзінің Солтүстік Қытайдағы жеңістері және «түріктер елін» бағындырғаны жөнінде және онымен бітім шартын жасасуды ұсынып, хат жібереді. Бұл болашақ әскери жорықтың елшілік жолымен жасалған әзірлік еді. Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің 1218 ж. Отырарда құртылып жіберілуі олардың хорезмшах иелігіндегі жерге басып кіруіне желеу болады. Көпестер Хорезмшахтың Отырардағы уәлиі, олар түгелдей тыңшылар деп күдіктенген Қайырхан Иналшықтың бұйрығы бойынша өлтіріледі. Шыңғысхан әскерінің жорығы 1219 ж. қыркүйекте басталады. Моңғол әскері Ертіс жағасынан шығып, Жетісу арқылы жүреді. Олардың саны 150 мың адам еді, оның 111 мыңы моңғол болатын, армияның қалған бөлегі — Шыңғысханның вассалдары — қарлықтар мен ұйғырлартұғын.

Моңғол армиясының 1219 ж. Мауараннахрға жүретін жолы Қазақстанның халқы тығыз тұратын және шаруашылық жағынан жақсы игерілген аудандары — Жетісу үстімен Орта және Төменгі Сырдарияның қалалы аудандарына қарай өтетін. Моңғол әскері батысқа қарай жеделдетіп келе жатып, жолай тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан жеріне тап болады және жергілікті халық оларға қатты тойтарыс береді, ал басқыншылар болса, жұртты жаппай қыру және зорлық-зомбылық жасау әдістерін қолданып, тұтас облыстарды құлазытып, қалаларды қиратады. Араб және парсы деректерінде моңғолдар бүкіл халқын жусатып кеткен, әртүрлі елдердегі отызға тарта қаланың аты келтіріледі. Олардың ішінде Қазақстанның үш қаласы: Отырар, Сығанақ, Ашнас бар.

Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Тек қала гарнизонындағы әскербасыларының бірі Қараджа-хаджиб опасыздықпен Суфихан қақпасын ашып, моңғолдарға берілгеннен кейін ғана, татар аламандары қалаға кіреді. Қайырхан ішкі қамалда бекініп алып, тағы да бір ай бойы, соңғы жауынгері қалғанша сағысады. Ол тұтқынға алынып, азаппен өлтіріледі, ал күллі халық «отар-отар қой секілді етіліп, қаладан қуып шығарылады да, моңғолдар мал мен мүліктің бәрін талап кетеді...»

Моңғолдарға берілгісі келмеген Сығанақ тұрғындары да өз қаласын жеті күн бойы қорғайды. Қаламы алғаннан кейін мұның да халқының көзі жойылады. Ашнас тұрғындары да тап осындай зауалға кезікті. Жент, Баршынлықкент, Өзгент тоналады. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан жері арқылы сапар шеккен Плано Карпини осынау жерден яғни Сырдарияның төменгі жағынан «қиратылған сансыз қалаларды, бұзылған бекіністерді, көптеген қаңырап қалған қыстақтарды көреді». Қалалармен қатар суару жүйелері бұзылып, егістіктер тапталады және сол маңайдағы егіншілік аймақтары құртылады. Сырдария бойындағы егінді-мекендердің көптеген халқы қырылады, екіншілері тұтқынға алынады, үшіншілері басы ауған жаққа бытырап қашады. Тұтас бір аудандар — оның ішінде көшпелілері де бар — құлазып бос қалады.

1221 жылдын көктемінде моңғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтайды. Соғыс әрекеті енді Иранның, Ауғанстан мен Солтістік Үндістанның территориясына көшеді. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Сүбедейдің корпусы Калка өзенінің бойында аландар мен қыпшақтарды, орыстарды талқандап, орыс жерінің оңтүстік аймағын жұтатқан соң, Қазақстан жерін көктей өтіп, 1224 ж. Ертістегі Шыңғысхан ордасына қайтып келеді. Сөйтіп 1219—1224 жж. моңғол басқыншылығы салдарынан Қазақтан Шыңғысхан им-периясының құрамына енеді. Қазақстан көшпелі тайпалары моңғол ұлыстарының құрамына қарсылықсыз өте салған жоқ. «Туши (Жоши) мен Шағатай, — деп хабарлайды Джузджани «Насыр дәрежелерінде», — Хорезмнің шаруасын бітіргеннен кейін, Қыпшақ пен Түркістанға аттаңды, қыпшақтардың әскерлері мен тайпаларды бірінен соң бірін мойынсұндырып тұтқындады, сөйтіп сол тайпаларын қоластына қаратты». Жергілікті көшпелілердің текті байлары (қыпшақ пен оғыздың) моңғолдар қызметіне кірісті, катардағы көшпелілер жүздік, мындық, түмендік (он мындық) әскер қатарын толтырып, Шыңғыс әулетінің қарауына берілді. 1237 ж. Шығыс Европаны бүғалықтауға аттанған, Бату бастаған моңғол армиясының едәуір бөлегін қыпшақтар мен басқа да түрік тайпалары құрады.

Қазақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына енді: оның дені (далалық жағы) — Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысына, Солтүстік-Шығыс бөлегі — Үгедей ұлысына енді. Жошының еншілігі Ертістің батысынан Жетісудің теріскейін қамтып, Дешті-Қыпшақтың бүкіл шығысын Төменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда айтылған жерлер үстіне Шығыс Түркістан мен Мауараннахрды қосып алды, Үгедей — Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын биледі. Шыңғыс әулеті өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғысхан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя бірнеше тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді.

Сол жылы қайтыс болған Жошының орнын оның ұлы Бату-Батый басады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бұлғарларының жеріне, одан әрі Батыс елдеріне жаулау жорығын жасайды. Орыстың аса ірі кінәздіктері талқандалып, Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап, құлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде (1236—1242 жж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың Төменгі жағына дейінгі жерлер қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтүстік Кавказ бен Батыс қыпшақ (половцылар) даласы да кіреді. Еділдің төменгі бойына қайта оралған Бату бұл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы ұлысының территориясы — Шығыс Дешті-Қыпшақ яғни Қазақстанның Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлегі, сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді. Орыстың Батый аламандары қүйреткен кінәздіктері Алтын Орданың тәуелді вассалына айналады. Орыс кінәздары Алтын Ордаға кіріптар екенін мойындайды, оның хандарының қолынан «кінәздік құруға жарлық» алады, алым-салық төлейді, бірақ толық болмаса да дербестігін сақтап қалады.

Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы, сол сияқты Жошы ұрпағы хандарының атымен (Бату ұлысы, Берке ұлысы т. б.) деп аталады. Орыс шежірелерінде «Орда» немесе «татарға», «татардан» деген сөздер қолданылған. Ұлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жақын жерде), кейінірек — Сарай-Берке қалалары болған. Алтын Орда көпұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол қоғамдық-экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірінен айырмашылығы үлкен, өзіндік мәдениеті мен әдет-ғұрыптары бар, әралуан халықтар мен тайпалардан құралатын. Дешті-Қьшшақ даласындағы көшпелілердің басым көпшілігі ең әуелі қыпшақтар, сосын барып қаңлылар, қарлықтар, наймандар т.6. болатын. Алтын Орданың отырықшы облыстарында балғарлар мен мордва, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер т. б. тұратын. Моңғолдардың өздері тіпті аз еді. ХIII—XIV ғғ. шамасында, әсіресе XIV ғ. моңғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады.

Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы тұтас алғанда Шыңғысхан енгізген үлгінің ізімен жүрді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі саналды.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-04-30 08:05:35     Қаралды-5201

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »