UF

АУҒАНСТАН  (ресми аты - Даулат-еПадшаһи-е Ауғанстан).

Жалпы мәлімет. Ауғанстан - Орта Шығыстағы мемлекет. Түркменстан. Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Үндістан, Пакистан және Иранмен шектеседі. Жері 647,5 мың км2, халқы 31,5 млн. Астанасы - Кабул қаласы. Әкімшілік жөнінен Ауғанстан жері 28 уалаятқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. 1964 жылғы конституция бойынша Ауғанстан - конституциялық монархия. Мемлекеттік басшысы - король Мұхаммед Захир-Шаһ. Заң шығару өкіметі парламенттің қолында. Бірақ король белгілі бір заңмен келіспесе, оның орындалуын тоқтатуға мүмкіндік беретін вето правосын пайдаланады. Парламенттің сессиялары аралығындағы кезеңдерде король бұрыннан қолданылып жүрген заңдарды да өзгерте алады. Ауғанстан парламенті 2 палатадан тұрады: құрамында 216 депутаты бар Халық советі («Вулуси жирга») мен Ақсақалдар жиналысы («Мышрано жирга»), Ақсақалдар жиналысының 84 мүшесі бар. Мұның 1/3бөлігін король 5 жылға тағайындайды, 1/3 бөлігін жұртшылык 4 жылға сайлайды, ал қалған 1/3 бөлігін провинциялық жиналыстар 3 жылға сайлайды. Аса маңызды мәселелерді шешу үшін король үлкен жиналыс («Лойа жирга») шақыра алады. Оган екі палатаның мүшелері мен провинция жиналыстарының председательдері қатысады. Атқарушы өкімет билігін министрлер кабинеті жүзеге асырады. Кабинет мүшелерін корольдың мақұлдауымен премьер-министр тағайындайды. Олар парламент алдында жауапты. Қазіргі премьер-министрі өрі сыртқы істер министрі - Нур Ахмед Этемади. Елде саяси партиялар жоқ.

Табиғаты. Ауғанстан жерінің 3/4 бөлігінен астамы таулы келеді. Ең ірі таулары - Гиндукуш (кейбір шыңдарының биіктігі 6729 м), Паропамиз (4231 м), Орта-Ауган таулары (4145 м). Елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік жағы - жазық дала. Регистан, Дашти-Марго шөлдері едәуір алқапты алып жатыр. Климаты субтропиктік, құрғақ. Шілде айында температура 24-тен 32°С-қа жетеді. 2500-4000 м биіктікте 10°С шамасында. Жазық далада қаңтардың температурасы 0°, 8°С, ал шілдеде 25°, 30°С шамасында болады. Көп жерінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 мл-ден аспайды, ал шығыс жақ шетінде 800 мм-ге жетеді (муссондардың әсерінен). Ірі өзендері: Амудария, Герируд, Гильменд, Кабул. Жазықтағы өзендерінің көбі жазда құрғап қалады. Таулы өңірлер саздақ және құмдақ қоңыр топырақты, ал жазық жерлері сор, қызыл қоңыр топырақты болып келеді. Көбіне шөлде өсетін өсімдіктер кездеседі. Жазық далалар мен тау етектерінде жусан, күйреуік, сексеуіл мен жүзген, тау беткейінде жалпақ жөне қылқан жапырақты ағаштар өседі. Мұнай, табиғи газ, тас көмір, темір рудасы, графит және асыл тастар өндіріледі. Орталық Азияда, Жерорта теңізі маңында, Үндістан мен Африкада тіршілік ететін жануарлар бар.

Халқы. Ауғанстан  - көп ұлтты мемлекет. 20-дан аса ұлттың өкілдері тұрады. Халқының жартысынан сәл көбірегі - ауғандар, қалғандары тәжік, өзбек, хазар, түрікмен, қырғыз, қазақ, қарақалпақ т. б. Елде 2,5 млн-ға жуық көшпелі халық бар. Ауғандар пушту тілінде сөйлейді; діні - мұсылман. Тәжіктер негізінен Гират обллысынан, Гиндукуш тауларының солтүстігіне қарай жатқан аймақты және Кабул, Кандагар облыстатарын, өзбектер мен түрікмендер солтүстік жағын мекендейді. Олар егіншілік пен мал өсірумен шұғылданады. Бұлар - Совет Одағының Орта Азия республикаларындағы аттас ұлттармен тегі, тілі бір бауырлар. Түрікмендер елдің экспортында маңызды орын алатын әйгілі қаракөл қойын өсіреді. Ауғандар көптеген тайпалар мен руларға бөлінеді. Олардың ішіндегі ең үлкені - дурранилер, негізінен Кандагар, Фарах обллыстарын мекендейді. Қазіргі король әулеті де осы тайпадан шыққан.

Тарихы. Қазіргі Ауғанстан жерінің солтүстік бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінде, оңтүстік бөлігін қола дәуірінде мекендеген. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында ертедегі таптық, қоғамдық қатынастар қалыптасып, тұңғыш мемлекеттер құрылды; олардың ең ежелгісі - Бактрия. Б. з. б. 6 ғасырдың 30 жылдары Ахемен әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді. Б. з. б. 250 жылы шамасында Грек-Бактрия патшалығы пайда болып, б. з. б. 140-130 жылға дейін өмір сүрді. Б. з. 1-4 ғасырларында Кушан патшалығы гүлденіп, дамыды. Сол кезде буддизм тарады. 5 ғасыр мен 6 ғасырдың басында Ауғанстан жерінің денін эфтадиттер жаулап алды. Түріктер мен Сасан әулетінің соққысынан әфталиттер бірлестігі ыдыраған кезде (6 ғасырдың 60 жылдары) Ауғанстан жері ұсақ иеліктерге бөлінді, билеушілердің бір бөлегі Турік қағанатына, екінші бөлегі Сасан әулетіне бағынды. 7-8 ғасырларда Ауғанстан жерінің дені арабтарға қарады, 9 ғасырдан бастап Таһири, Саффари әулеттері, 900 жылдан Бұқардың Самани әулеті биледі. 7-10 ғасырларда ислам діні тарады. 10 ғасырдың 60 жылдары -12 ғасырдың 30 жылдары Газнауи әулеті, 1148-1206 жылдары Гури әулеті билеген мемлекеттердің құрамында болды. 13 ғасырда Ауғанстан жері монголдардың шапқыншылығына ұшырады. 14 ғасырдан кейін ауғандар саяси тұрғыдан тарихта көрнекті роль атқарды. Ауған халқы Сұлеймен таулары алқабында, Газин - Кандағар, Квети-Пишин таулы өлкесінде қалыптасты. Бұл жердің ежелгі халықтары шығыс иран (қазіргі ауған тілі - пушту да соған жатады) тілінде сөйледі. Ауған халқының шығу тегі осыдан басталды. Оған ертеректе бактриялықтар, сақтар мен эфталиттер, кейінірек үнділер (әсіресе оңтүстікте), тәжіктер, түріктер де араласқан болуы мүмкін. 16 ғасырда Ауғанстан жерін Ұлы Моголдар мен Сефеви әулеті жаулап алды. Орта Азиядан ығысқан Бабыр 1504 жылы Кабулды, кейін ауған жерін тұтас жаулап алып, Ұлы могол әулетіне қаратты. 16 ғасырда Акораның Хаттак князьдығы, 1709 жылы Кандағарда Гильзаи князьдығы, 1716 жылы Ғиратта Абдали тайпаларының князьдығы пайда болды. Бұл князьдықтарды 18 ғасырдың 30 жылдарында Надиршаһ басып алды. Ол өлгеннен (1747) кейін мемлекет ыдырады. Оның орнына 1747 жылы Дуррани мемлекеті орнады. Оны Ахмад шаһ Дуррани басқарды. Ол Кашмир, Пенжаб, Синд, Сирхинд, Белужистан, батыста Шығыс Сейстан, Хорасан, Балхты, сондай-ақ Амударияның сол жағасындағы өзбектер мен тәжіктердің біраз жерін қаратып алды.

Ахмад шаһтың мұрагерлері Темір шаһ (1773-1793), Земан шаһ (1793-1800), Махмуд шаһ (1800-1818) тұсында ауған мемлекеті құлдырай бастады. Ел ішінде тап қайшылықтары шиеленісіп, өз ара қырқысқан күрес күшейді. 1818 жылы Ахмад шаһ әулеті құлағаннан кейін Ауғанстан Ғират, Кандағар, Кабул, Пешауар сияқты негізгі төрт князьдыққа бөлінді. Бытыраңқы, әлсіз елге шетел империалистері көз аларта бастады. Оны өз отарына айналдыруға тырысқан ағылшын империалистері Дос Мухаммед әмірдің елді біріктіруіне шол бермеу үшін ауғандарға қарсы соғыс ашты. 1838-1842 жылдардағы 1-ағылшын-ауған соғысының (Ағылшын-ауған соғыстары) басында-ақ ағылшын агрессорлары саны аз, нашар қаруланған ауған отрядтарын жеңді. Шапқыншылар Кабулды басып алып, қолжаулық ретінде Шаһ Шуджа дегенді таққа отырғызды. Бірақ халық Шаһ Шуджа мен оның қожайындарына бас имеді, ел ішінде көтеріліс жалыны лаулады. Көтерілісшілер жаудың 15 мың адамнан құралған гарнизонын талқандады. Англия жеңілді. Бұл ауған жерлерін біріктіруге біраз жағдай туғызды. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында Дос Мұхаммедтің билігі Кандағар, Ғират өңірлеріне және Амударияның сол жағасындағы кейбір аудандарға тарады. Одан кейін өкімет басына келген өмір Шер Әли Амударияның сол жағасын түгел өзіне қосып алып, Бадахшанды бағындырды. Дегенмен, ағылшын отаршылары Ауғанстанды құлдану ниетінен танбады. 1878 жылы қарашада Ұлыбританияның 37 мың қолы Ауғанстанға тағы да басып кірді. 1878-1880 жылдардағы 2-ағылшын-ауған соғысы елдің дамуына үлкен нұқсан келтірді. Бірақ еңбекшілер бұқарасы азаттық күресін тоқтатпады. Ауғанстан халықтарының басқыншыларға мықтап тойтарыс беруі Англияны соғысты тоқтатуға мәшбүр етті. Алайда отаршылар Ауғанстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне біраз шек қойды, елдің сыртқы қарым-қатынасы Англияның бақылауында болды, шекаралық Пушту тайпаларының жерін Британияның Үндістандағы орталық меншігіне қостырып алды («Дюранд шебі» дейтін бойынша). 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Ауғанстанда бір орталыққа бағынатын мемлекет құру процесі аяқталды. Әмір Абдуррахман реформалары (біртұтас әкімшілік аппарат құру, тұрақты армия ұстау, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бірыңғай ақша жүйесін енгізу, шетелдік сауда капиталының әрекетіне шек қою) бұған едәуір себепші болды. 1917 жылы Ауғанстанда елдің толық тәуелсіздігі мен конституциялық реформаларды іске асыру жолында күресуші жас ауғандар қозғалысы өріс алды. 1919 жылы Англия Ауғанстанға толық еркіндік беруден бас тартқанда, патриоттар отаршыларға қарсы қарулы күреске шықты. 1919 жылы ақпанда өкімет басына келген Аманолла хан Ауғанстанды тәуелсіз деп жариялады. Англия мұны мойындаудан бас тартып, соғыс ашты. Осындай қиын-қыстау кезеңде Ауғанстан Ресей мемлекетінен қолдау тапты. Совет Россия Ауғанстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныды және онымен елші алысуға әзір екенін мәлімдеді. Совет үкіметінің қолдауы және күллі Шығыста империализмге қарсы күрестің өрлеуі ауған халқының ұлт-азаттық қозғалысына қолайлы жағдай туғызды. 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Англия Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.

1919-1928 жылдар Ауғанстанда бірсыпыра реформалар жүргізілді. Олар феодалдық мешеулікті жойып, капиталистік қатынастардың дамуына себепші болды. 20 жылдары Кабулда үкімет үйлері, сауда фирмалары мен оқу орындары салынды. 1921 жылы қолөнер, сәулет өнерінің мектебі ашылды. Бұл сияқты прогрестік өзгерістер тайпалардың кертартпа көсемдеріне ұнамады, сөйтіп, 1928 жылы үкіметке қарсы бүлік шықты. Аманолла хан тақтан түскеннен кейін, өкімет билігін ағылшын барлаушысы Лоуренстің асырандысы, қарақшылардың басшысы - Бачаи Сакао басып алып (1929 жылы қаңтарда), өзін өмір Хабибулламын деп жариялады. Ол прогрестік реформалардың бәрін жойды. Бұл тұста  Орта Азиядағы совет республикаларына қарсы арандату өрекеттерінің орталығына айналды; басмашылар Совет жеріне өтін кетіп жүрді. Бачаи Сакаоның реакцияшыл саясатын халық қолдамады. Ауғандар оған қарсы қарулы күреске шықты. Оны Аманолла хан үкіметінің соғыс министрі генерал Мұхаммед Надир (Надир Шаһ) бастады. Оның әскерлері 1929 жылы қазанда Кабулды алды. Мұхаммед Надир король деп жарияланды да, қазіргі король әулетінің негізі қаланды. Бұл тұста совет-ауған қатынастары достық және ынтымақ рухында қайта дами бастады. Ауған үкіметі Совет жеріне шабуыл жасап жүрген басмашы-қарақшыларды қарусыздандырып жойды. 1931 жылы маусымда  бейтараптық және өз ара тиіспеу туралы совет-ауған келісіміне қол қойылды. Ол Ауғанстанның тәуелсіздігі мен халықарылық жағдайының нығаюына себепші болды. 1933 жылы қарашада Мұхаммед Надир жау қолынан қаза тапқаннан кейін, таққа қазіргі король Мұхаммед Захир шаһ отырды.

2-дүние жүзілік соғыс кезінде Ауғанстан бейтараптық саясат ұстады. Соғыстан кейінгі жылдары Ауғанстанның корольдық үкіметі дәстүрлі бейтараптық және соғыс одақтарына қатыспау саясатын бұлжытпай сақтап келеді. Ауған үкіметі Израильдің араб елдеріне қарсы агрессиясын айыптап, Вьетнам мәселесін бейбіт жолмен шешуді жақтауда. Ауғанстанның Совет Одағымен саяси, экономикалық және мәдени байланыстары жылдап-жылға ұлғайып, екі ел арасында тату көршілік қарым-қатынас орнап отыр.

Экономикасы. Ауғанстан  - аграрлы ел. Феодалдық және жартылай феодалдық қалдықтар сақталған, бірақ капиталистік өндірістік қатынастар барған сайын кең өрістеп келеді. Экономикасының негізі - суармалы егіншілік пен жайылымдық мал шаруашылығы. 1967 жылғы марттан бастап 3-бесжылдық программа жүзеге асырылып жатыр (1967/68 - 1971/72 жылдарға арналған).

Ауыл шаруашылығы. Ұлттық табыстың 80%-ке жуығы ауыл шаруашылығынан өнеді, еңбекке жарамды адамдардың 90%-тен астамы осы салада істейді. Ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастар нашар дамыған. Өңделетін жері 7,8 млн. га, бұдан 5,3 млн. га жер қолдан суарылады. СССР-дің көмегімен Жалалабад каналы салынғаннан кейін, жаңа жерлер игерілуде, Сарда су қоймасы пайдалануға берілді. Көп жер ірі помещиктер мен кулактардың меншігінде; 4 га-дан ғана жері бар 75 мың шаруаға (барлық шаруашылықтардың 15%-і) өңделетін жердің 3/4 бөлегі келеді. 500 мыңнан артық шаруаның жері жоқ. Өңделетін жердің 90%-іне дәнді дақылдар егіледі, мұның 70%-ке жуығы (2,3 млн. га-сы) бидай. Бау-бақша, жүзім, мақта шаруашылығы зор роль атқарады. 1967 жылы 2200 мың от бидай, 730 мың т жүгері, 345 мың т күріш, 19 мың т таза мақта, 60 мың т қант қызылшасы т. б. жиналды. 20 млн. қой (мұның 5,6 млн-ы қаракөл қойы), 3,2 млн. ешкі, 3,6 млн. ірі қара, 0,6 млн. жылқы мен түйе болды. Мал қыстан күйлі шыққан жылдары экспортқа шығаруға 2,5 млн. қаракөл елтірісі, 8 мың от жүн дайындалады. Шетке шығарылатын өнімінің басым көпшілігін мал шаруашылығы береді.

Өнеркәсібі жаңа ғана дамып келеді. 1967 жылы СССР-дің көмегімен салынған Наглу, Пули-Хумри СЭС-тері, Пули-Хумридегі әскери-механикалық зауыд т. б. кәсіпорындар іске қосылды, ауған-совет шекарасына дейін газ құбыры тартылды. 1967-1968 жылдар 357 млң. квт * сат электр энергиясы, 152 мың от тас көмір, 124 мың от цемент өндірілді, 64 млн. м мақта мата, 1,2 млн. м жасанды жібек, 0,3 млн. м жүн мата тоқылды, 100 мың пар аяқ киім тігілді.

Транспорты. Кушка (СССР) - Торагундай (Ауғанстан) темір жол бар, ұзындығы 10 км. Автомобиль жолдарының ұзындығы 7,5 мың км. 1967 жылы автопаркінде 45,1 мыңға жуық машина болды.

Сыртқы саудасы. 1966-1967 жылдар сырттан әкелінген товарлардың жалпы сомасы 150,8 млн., ал сыртқа шығарылған өнімдерінің сомасы 69,5 млн. долл. болды. Товарларды сырттан әкелу және экспортқа шығару жөніндегі негізгі өріптестері (млн. долл. есебімен): СССР (80,9 және 23,7), АҚШ (26,0 және 5,5), Үндістан (6,8 және 9,1), Ұлыбритания (2,2 және 11,1), ГФР (7,4 және 3,7), Пакистан (4,6 және 5,5), Жапония (9,6 және 0,1), ЧССР (2,9 және 2,1).

Ақшасы - ауғани СССР Мемлекет банкісінің 1970 жылы сәуірдегі нарқы бойынша 100 ауғани - 2,01 сом. 1967-1968 жылы мемлекеттік бюджеттің шығыстары 5750 млн., кірістері 5400 млн. ауғани болды.

Денсаулық сақтау ісі. Ауғанстанда халыққа медициналық қызмет көрсету ісі соңғы жылдары жолға қойылып келеді. Әрбір 50 мыңдай адамға 1 дәрігерден, ауруханалар мен басқа да емдеу орындарында 1000 тұрғынға 1,5 төсектен келеді (1967). Кабул университетінің медицина факультетінде акушерлер мектебінде медицина кадрлар даярланады. Жұқпалы ауруларға арналған ауруханаларда медициналық көмек тегін көрсетіледі. Денсаулық министрлігілігі бар.

Халық ағарту ісі. 19 ғасырдың аяғына дейін Ауғанстанда жалпы білім беретін мектеп болмады. Діни мектептерде балалар арабша жазылған құран сөздерін жаттайтын. 20 ғасырдың бас кезінде тұңғыш орта мектеп (азаматтық колледж) ашылды; ол сарай төңірегіндегі ақсүйектердің балаларынан чиновниктер даярлауға тиіс болды. Колледжде сабақ парсы, ағылшын тілдерінде оқытылды. Офицерлер кадрларын даярлайтын әскери мектепте сол кезде ашылды. 1919 жылы халық ағарту саласында кейбір реформалар жүргізілді. Қалалар мен ауылдық жерлерде 300-ге жуық бастауыш мектеп ашылды. Қалалардағы 5 жылдық мектептерде арифметика, тарих, география, жаратылыс тану пәндері оқытылды. Үш үлкен қалада орта мектеп ашылды. 1931 жылы Кабулда Ауған РА құрылды, Кабул университеті (1932), бірқатар колледждер ашылды. Бастауыш және орта мектептер жүйесі жылдан-жылға көбейіп келеді. Ең ірі кітапхана халық ағарту министрлігінің қарамағында. Кабулда, Кандағарда, Ғиратта, Мазари-ІІІериф пен Газниде музейлер бар.

Әдебиеті мен өнері. Пушту мен дари (фарси-кабули) тілдерінде дамыған Ауғанстан әдебиетінде ауыз әдебиетінің үлгісі басым. 15 ғасырға дейінгі пушту тіліндегі әдебиет туралы толық мәлімет жоқ. Пушту тіліндегі жазба әдебиеттің елеулі ескерткіші ауғандардың басқыншылық жорығының 15 ғасырдың басында туған тарихы - «Мали шайқының тіркеу кітабы». Баязид Ансаридің 16 ғасырда жазылған «Аса игілікті хабар» атты діни кітабынан үзінді сақталған. 17-18 ғасырдағы ақындардан Хушхальхан Хаттақтың отаншыл өлеңдері, Абдуррахманның өткір лирикасы, Абдулхамидтың әсем шығармалары, Ахмад шаһ Дурранидің отты жырлары Ауғанстан поэзиясында жарқын із қалдырды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысында Ауғанстан әдебиеті құлдырап кетті де, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап пушту тіліндегі Ауғанстан әдебиеті қайтадан көркейе бастады. Ауғандардың ағылшын отаршыларына қарсы қаһармандық күресі патриоттық поэзияны тудырды. Қазіргі әдебиеттің негізін 20 ғасырдың басында ағартушы Махмуд Тарзи, Гулям Мухиддин Афган, Салих Мухаммед т. б. қалады. Ауғанстан тәуелсіздік алғаннан кейін (1919) әдебиет әлеуметтік әуенге ие болды. Патриотизм, халыққа қызмет ету идеясы көпшілік жазушылар творчествосының темір қазығына айналды. Ауғанның қазіргі көрнекті жазушылары А.Бенава, Г.П.Ульфат, Н.М.Тараки, К.Хадим, С.Риштин әр түрлі жанрда еңбек етіп келеді. Қазіргі ауған әдебиетінде шетел жазушыларының шығармаларын аудару үлкен орын алып отыр. Орыс жазушыларынан, әсіресе А.Чеховтың, Л.Толстойдың, М.Горькийдің әңгімелері көбірек аударылады. Қазіргі ауған әдебиетінің негізгі жанры - поэзия. Ел басына күн туған қиын-қыстау замандарда, әсіресе ауғандардың ағылшын басқыншыларына қарсы азаттық күресі жылдарында, халықтың ауыз әдебйеті қарыштап өркендеді.

Қазіргі Ауғанстан жерінде көне заманда Греция-Бактрия мәдениеті өркендеген. Бұдан бізге неше түрлі ою-өрнектер салынған бұйымдар жетті. Ертеде өмір сүрген Хадд және Нигарахар қалаларының орнын қазғанда тамаша мүсін ескерткіштері табылды. 2-9 ғасырларда Вамиан қаласы көрнекті мәдени орталық болған (мүсіндер мен бейнелеу өнерінің басқа да нұсқалары сақталған). Орта ғасырда Балх, Ғират қалаларында архитектура мен сәулет өнері жақсы дамыған. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі бейнелеу өнерінде ұлттық тақырып басым. Европаның бейнелеу өнері мен графикасының тәжірибесін үйренетін ағымды Ғұлям Мұхаммед хан мен Брешна бастады. Ою-өрнек шеберлерінен Хумаюн Иттимади, мүсін өнерінен Аманулла Хайдардың творчествосы ерекше көзге түседі.

Әдеб.: Зарубежная Азия. Физическая география. М., 1956; Рейснер И. М., Развитие феодализма и образование государства у афганцев, М., 1954; Ганковский Ю. В. Империя Дуррани, М., 1958; Халфин Н.А. Провал британской агрессии в Афганистане (XIX в.- нач. XX в.). М., 1959; Современный Афганистан. М., 1960; Герасимова А.С. и др., Общественные мотивы в современной литературе Афганистана. М., 1961; Пурецкий Б. Поэтическое творчество афганцев. «Новый мир», М., 1927.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-24 17:06:18     Қаралды-5396

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »