UF

АТ СПОРТЫ ӨНЕРІ

Атам қазақ “ат - ер қанаты”, деп тегін айтпаған. Ал, жүйрік арғымақтың ерекше белгісін азамат біткен біле бермейді. Атқұмар азаматтарға пайдасы тиер деген ниетпеи жүйрік аттың осындай белгілерін айта келуді жөн көрдік. Жүйрік арғымақтың негізгі белгісі үш түрге белінеді:

1. Сыртқы белгісі.

2. Ішқі белгісі.

3. Жасырын белгісі.

4. Сыртқы белгісі.

Қандай бір жылқының үрім-бұтақ, тұқымына сәйкес сырт белгісі әр түрлі болады. Мысалы, жүк арбасын сүйрететін аттың бұлшық еттері жұмыр, денесі шымыр келсе, жүйрік аттың сыртқы бейнесі мүлде бөлекше. Жүйрік аттың сыртқы бейнесі 10 түрге бөлінеді.

1. Бас белгісі.

2. Тұяқ белгісі.

3. Құйрық белгісі.

4. Дыбыс білгісі.

5. Із белгісі.

6. Су ішкен белгісі.

7. Жайылым белгісі.

8. Тіс белгісі.

9. Тарамыс белгісі.

10. Барлық дене белгісі.

1. Бас белгісі - жүйрік аттың басын кейіп-келбетіне сәйкес қой басты, қоян басты, бақа басты, жыртқыш басты, бөкен басты сияқты бес-алты түрге бөледі. Бұлардың ішінде қоян басты мен бақа бастысы ерекше жақсы болумен қатар, бұлан басты жылқы да тым жаман болмайды. Жүйрік аттың көзі алысы болжағыш, мандайы кең, құлағы ұзын (қамыс-құлақ) мұрын танауы кең, омыраулы, астыңғы ерні үлкен (саптаяқтай), тілі жатыңқы екі жақтың арасы жұдырық айналатындай кең (қоян жақты) және терең, мұрны үшкір көрінгенмен, кішкентай таңқылау, қабағы үшбұрыш және котеріңкі (бөкен қабақ). Бас бейнесі бірталай үлкен болғанымен еті жоқ, арық және үшкірлеу, астыңғы ерніүстіңгі ернінен ұзын көрінімен, қышқыш секілді бір-бірімен тиісіп тұрады.

2. Тұяқ белгісі - шыны тұяқ, ет тұяқ, тегеуір тұяқ, сарлық тұяқ, жүйрік тұяқ деп бес-алты түрге бөлінеді. (Түсініктеме: сарлық деген сиырдың бір түрі. Орыс тілінде “як”- дейді). Бұл тұяқтың ішінде ең жақсысы - сарлық тұяқ. Бұл өте жұмыр, табаны тым жалпақ емес, өкшесі кетік болады. Кейбір жүйрік аттар құс бақайлы түрде де кезігеді. Мұндай аттың шабысы жақсы.

3. Құйрық белгісі - құйрығы негізінен ұзын, құйымшақ жағының қылшықтары төгілмеді, құйрықтың бас жағы жуантық болғанымен, аяқ жағы сұйық болғаны өте абзал. Жалпылай айтқанда, құйрық ұзын болумен қатар, жуандау болса тым жаман емес. Құйрығы жіңішкелеу және бостау болғаны жақсы емес. Кейбір жүйрік аттың құйымшақ сүйегін тартып көргеңде жамбастың басына дейін барса, өте жақсы.

4. Дыбыс белгісі - қандай бір жүйрік мұрнымен кісінеп дыбыс шығарса (шошқа секілді) өте жаман. Жыртқыш аңдар секілді күркіреп кісінесе орта мөлшерде, торғай секілді жіңішке дауысты орта мөлшерде, кісінеген кезде азынап шықса, өте жақсы деп есептеген жөн.

5. Жайылым белгісі - жайылым мол, тастайтын құмалағы аз болса, өте жақсы. Жайылымы аз, құмалағы көп болса, нашар, әлсіз болғаны.

6. Су ішу белгісі - суды дем алмай бір-ақ рет ішкені тым жақсы емес. Басында құмарланып ішіп, онан кейін тағы да дем алса, өте жақсы. Жалпылай айтқанда, суды ауық-ауық дем алып ішсе, дұрыс деп есептеледі.

7. Із белгісі - тұяқтың қырынан басқа із түспесе өте жақсы.Алдаңғы екі аяқтың ізіне артқы екі аяқтың ізі жетпесе, тым нашар болғаны. Керісінше, алдыңғы екі аяктың ізінең артқы екі аяқтың ізі сөл қиғаш, бір сұйем артық болса, өте жақсы болғаны.

8. Тарамыс белгісі - қандай бір жүріктің тарамысы садақтың жақтауындай иілген және өте қатты сіңірлі болумен қатар, жіліншік тарамысының екі жағынан бас бармақ және ортан қолмен қысып көргенде арасының кеңдігінің әсерінен екі қол бір-біріне тиісін тұрса, тым жақсы болғаны. Жалпылай айтқанда, тебіні қаты жүйріктің екпініме төтеп бере алмайтын жағдай - алдыңғы алқтың тарамысының әлсіздігі. Міне осыдан барып, алдыңғы аяқ жиі ақсайды. Қандай бір жүйріктің қылтасы бос (бота тірсек), жеңіл қозғалыста болса, өте жақсы деп есептелінеді.

9. Тістің белгісі - алыс тіс, түйе тіс, қой тіс, бидай тіс, тауық тіс сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Алыс тісті - өте алыс, иірімді алыс, жасырын алыс деген сияқты бірнеше түрге бөледі. Ал аузы бураның азуындай үлкен және сыртқа қарай иілген болса, өте жақсы. Керісінше жас жылқының (тай, құлан, дөнен) тісі тым үлкен болса, келешекте сондай жүйрік болуы екі талай. Азу мен алдыңғы тістің арасы ортан қол өтетіндей алыс болса, алысқа жүретіннің белгісі.

10.Жалпылап дене белгісі - қандай бір жүйріктің басы бұланның басындай төрт сирағы бұғының сирағындай, қылтасы кең, тірсегі арқардың тірсегіндей, танауының тесігі үлкен, алдыңғы мойны сәл жуандау (қой мойын), арқасы көтеріңкі және садақтай иілген, жауырыны қиғаш жағынан сәл жалпақтауқабырғасы ұзын, шығыңқы, арасы жиі бөлумен қатар, қарны сәл жуандау, ең соңғы қабырға мен жамбас арасындағы кеңістік тарлау, жамбасты байқаған кезде сәл қиғаштау келеді. Артқы мықынның арасы кең, қасасы сәл кішірек болуы шарт. Терісі бос, қолтық терісі қатпарлы, төрт аяғы теп-тегіс, сәл сыртқы тебілген терісі қатпарйы алдыңғы аяққа дейін және алдыңғы аяқтың шашасынан артқы аяқтың бақайына дейінгі кеңістік ете кең, алдыңғы екі аяқты қатар қойып (тұяғын түйістіріп), екі тізе аралығындағы кеңістік өлшегенде 5-8 см болса, әр мен ылдиды білмейтін жүйріктің өзі деп есептеуге болады.

Дененің жалпылай сипаты - кеуде мен құйрық жағы бірдей, байлап қойған кезде тік тұрса өте жаксы.

 

2. Ішкі белгісі

 

Қандай бір жүйрік аттын ішкі белгісін бастан тануға болады. Мұнда- жүрек белгісі - көз бен құлактан, өкпе белгісін - танауда және танаудың кендігінен, бүйрек белгісің - құлақтан, бауыр белгісін – тілден, көк бауыр белгісін тістің үрт етінен білуге болады.

а) Жүрек белгісі - ұзақ жүріске төзімді жуйріктің көзі қызыл-қара болумен қатар, озі күрең, құлағынын туп жағы жуан, мініп жүрген кезде екі құлағын екі жақа салпаңдатып отырады. Керісінше, қой көзді, кішкентай құлақты болуы жүрек нашарлығының белгісі. Бұл көбінесе кашағанаттардың белгісіне сайма-сай келеді. Құлағын екі жаққа салпандатып жүретін жылқы, оң мен сол жағынан үріккіш (жалтақ) болатынын ұмытпаған дұрыс.

ә) Өкпе белгісі - өкпе белгісін танаудың тесігінен (мұрынның) тануға болады. Жалпылай айтқанда, танаудың тесігі кең болғаны өте жақсы. Жәй бос уақытта дем алғанда мұрынның сыртқы шеміршектері барабанның аузы секілді сыртқа қарай сәл иілген болса, өте жақсы болғаны. Анықтап байқаған кезде мұрынның ішіңдегі тесіктері көп болса, өте абзал деп есептеледі.

б) Бүйрек белгісі - бұйректің қалай екенін құлақтан біледі. Бұйректің кішкентай болғаны абзал. Мұңдай бүйрегі бар жылқының құлағының түбі жуан және жұқалау сәл ұзын, ұшы үшкір, құлақ қуысы кең болады. Құлағы қалың әрі жуан болса, бұйректің үлкендігін білдіреді. Мұндай белгі жүйрік атқа жарамсыз деп есептеледі.

в) Бауыр белгісі - бауырдың негізгі белгісі тілінде болады. Бауырдың кішкентай болғаны жақсы. Бауыры кішкентай жылқының тілі жұқа, ақ түсті болумен қатар, қалың болуы - бауырдың үлкендігінің белгісі. Мұндай жүйрік ұзақ шаппайды. Өте ұшқыр келеді.

г) Көк бауыр белгісі - көк бауырдың белгісін тістің ішкі ұрт еттерінен білуге болады. Көк бауырдың кішкентай болуы жүйрік атқа жарасымды. Ішкі үрт еттері қаттылау өрі ісік сияқты дөңбектеу болуы көк бауырдың үлкендігінің белгісі.

 

3. Жасырын белгісі

 

Жасырын белгісі тек тісте болады. Бабаларымыз аттың тісін көріп жасын және басқа да ерекше мінез-құлқын ажыратқан. Қазақ атамның көріпкелдігіне, тапқырлығына шүбә жоқ. Сыртқы бейнесінен тартып, ішкі бір құрылысының қандай бір ерекшелігін білдіретін бұл сырды жасырын белгі деуі қандай керемет. Тіспен айыратын бұл жасырын белгіні 25 түрге бөлсе, соның ішінде ерекшеленген бірнеше түрін атқұмар жастарға айта кетуді жән кордік.

а) Торғын шырағы - жоғарғы ауыз тістің ортасында, ұрт еттен тістің астыңғы астарына дейін тартқан жіп секілді желі болады. Міне, бұл көбінесе жүйрік және жорға, сол сияқты көкірек (жорға секілді) аттарда болады.

ә) Асқар - асық - астыңғы ең шеткі тісте жіңішке ши сияқты белгі болады. Бұл - жазық жердің ұшқыр аты шапқан кезде басын тарта отырса, алысқа сілтеген сайын екіленіп, күні бойы болдырмайды.

б) Жебе тіс - үстіңгі еріннің ортаңғы тісіңде үрт етке дейін тыртық пайда болған тәрізді көрінеді. Мұндай белгісі бар жүйрік жазық жерде қоян мен жирендіде қуып жетеді.

в) Тістің қызыл бедері - тістің ішкі бедерінің аралығында пайда болған қызыл түсті бояуды айтада. Бұл белгі бір тісте болса, 500 аттан екінші, ал екі тісте болса, 1000 аттың алдында келуі күмәнсіз.

г) Тістің сар бедері - астыңғы еріннің тістің бедерінің қырынан, тістің ішкі бедерінің сыртына дейің сарғылт түсті белгі болады. Бұл - жазық жердің дүлдүлі.

 

4. Ат жарату тәсілі

 

Атқұмар жас ұрпақ көкейге тоқуы үшін жүйрік аттың бабын қалай келтіріп, қайтіп жаратудың әдіс-амалдарына тоқталайық.

Орыстың ұлы суретшісі Репин “Асау Иван” деген суреп туралы: “мына суретке бір тамшы бөтен бояу тамған болса, бұл сурет емес, қорқыныш қасіреті болар” деген екен. Бұдан өнер дегеннің қаншама күрделі іс екенін адам біткен түсінер деп ойлаймын. Жүйріктің бабын тауып жарату, қай күннен бастап жарату, қай күні бәйгеге қосам дегенді, алдын ала есептеу - әрбір бапкердің басты міндеті. Нағыз бабына келген жүйрігін мектеп межелі күні жарыстыра алмай бір күн кешеуілдесе, шылбырға да ілінбеуі ықтимал. Міне, баптың есеп-қисаппен жүріліп, сағат-минуттан өлшенетінін, әйтпесе “Асау Иванның” суретіне ботен түсті бояудың бір тамтанынан кем түспейтіндей өкініште қалдыратынын сақтамлса болмайды. Әрбір атбегі жүйрікті 25-30 күн арасында жаратып, бабына келтіреді. Ата-бабамнан бері жалғасып келе жатқан дәстүр-салтына сәйкес, күннің сәтінеұстап, 2-3 күн аралығыңда мінбей, күндіз байлап, түнде жаю керек.

Жүйрік жаратудың бірінші тәсілі - терін алу. Тоқтай ұсталған жүйрікті 2-3 күн байлап, аса қатты шаппай, жақын жерте көкірек немесе желіспен жүріп, терін алады. Керісінше, тоқ аттың терін қатты шауып, ұзақ жерге шауып алса,бітеу карта болумен қатар, қан-жыны араласып өліп кетуі де ықтимал. Жүйріктен бір күн тер алса, екінші күш жақын жерге қара жарыс салғаны абзал. Теріп алған кезде жұиріктің денесін кеңіп, семіздік күші түсумен қатар аяқ алысы күннен күнге жеңілдей береді. Терді үш түрге бөледі:

а) Батпақ тер - бұл терді алу үшін жүйрікті жабулап, желдің өтіне қарай 2-3 шақырым жерге жай желіс, көкірек шабыспен ғана жүріп,қайтарда желдің ығына қарай жүргізген дұрыс. Бұл терді 2-3 рет алады. Батпақ тер дегеніміз - топырақ араласқан арам терді айтады.

ә) Көбік тер - батпақ тер шығып біткеннен кейін шығатын тер. Көбік тер шыққан кезде семіз аттың қоңдылығы (семіздік күші) азайып, еті түсіп, жарай бастайды. Көбік тершығып біткен кезде жүйріктің құмалағы қатайып, бүтін немесе жарты болып шығуы - жарағанның белгісі. Бұл - бабының келейін дегені.

б) Су тер - бұл көбік тер шығып біткеннен кейін су сияқты мөлдір боп тамшылайды.

в) Моншақ тер - моншақ сияқты мөп-мөлдір боп, түйіршіктеніп домалап түскен терді айтады. Бұл терді, жалпылай айтқанда, екіден артық алмауы шарт. Қандай бір жүйрікті моншақ тер алынғаннан кейін бабына келді деп есептейді.

 

5. Қаражарыс

 

Қара жарыс деген сөз, жүйріктің тынысын кеңейтіп, шабысын екпіндететін үлкен жаттығу кезеңі. Қара жарысты өте жақыннан бастап (ең алғашыңда 1-2 шақырым) ары қарай 2-5, 5-10, 15-20 шақырымға дейін созуға болады.Алғашқы қара жарыс кезеңіне қатты көңіл бөлу керек. Міне, бұл кезде ұстай сала 2-3 күн байламай қосуға есте болмайды. Егер жартылай жаратылған атты тоқтай қосса, өліп кетуімен қатар, сонан болып алып қашу, денесі дірілдеу сияқты кеселдер пайда болатынын бапкер адамның естен шығармауы керек.

Қара жарысты үш түрте беледі:

1. Жай жарыс.

2. Алқымды қара жарыс.

3. Дүбірлі қара жарыс.

Жай жарыс - 2-5 шақырым аралығында болса, алқымдықара жарыс - 5-10 шақырым аралығында, дүбірлі жарыс - 10-20 шақырым арасында болады. Жүйрікті бабына алқымды қара жарыс кезінен бастап,нақтылы келтіре бастайды. Әрбір бапкер, баптап отырған жүйрігінің нағыз бабына келген-келмегенін той болардан 3-4 күн бұрын дүбірлі қара жарыста байқайды. Жарыстан келген кезде, екі бүйірін соға жиілетіп өте қатты дем алып тұрса,ол аттың әлі бабына келмегені. Танауын кең ашса, танауымен бүйірін соқпай, соза дем алса, ол аттың дәл бабына келгені. Дүбірлі қара жарыста бапкердің байлаған жүйрігі қалай шапса, нақтылы бәйгеде солай шабуы шарт.

Міне, мұндай атты қайтіп ұзаққа жарыстырмау керек. Тек қана еріккенін басу үшін жарты шақырымнан бір шақырым аралығында ғана көп атпен емес, жалғыз өзін шаптырған абзал. Бұл кезде аяқ алысын, ізін өлшеп білуге болады.Міне, бұған қарағанда бабына келген жүйріктің қаншама екпінді шығатынын ізінен белгілі болып тұр. Әрбір бапкердің жүйрігінің мінез-құлқы, шығу тегіне сәйкес баптауы табысқа жетудің бір жолы болмақ. Осыған сай кейбір жағдайды ескере кетуді жөн көрдім.

“Тойдың болғанынан боларысы қызық” дегендей, дәл бабына келген жүйріктің ертеңгі қосылар күнінің түнгі жайылымы мен жеміне ерекше назар аудару шарт. Мұнда әрбір атты мінез-құлқы, күй-талғамына сәйкес ұстаған жөн. Мәселен, өте ашқарақ атты керісінше тойдырмаса, тез барлығып, бұралап қалады. Жұйрікті көп жайылтпау керек. Себебі, қарнына сәйкес көп жайылғаны тоқ болып шаба алмай қалады.

Бәйге күнгі ауа-райы да жүйріктерге өз ықпалын тигізетінін есте ұстаған дұрыс Мысалы, бапкерлер жүйріктің бабын күннің көзіне сәйкестендіріп баптайды. Керісінше, бабы келген жүйрік, жарыс күні жаңбыр жауса, шаппауы да ықтимал. Бабы әлі де келе қоймады деп күдіктенсе, жарысқа шығар алдында арқасы мен сауырына биенің жаңа сауған саумал сүтін аздап (терісінен өткенше) бүркіп жіберсе өте жақсы. Көпшілік қауым, қанымызда бар қасиетті атбегілік өнер қайта жаңғырса, одан үлкен куаныш болмақ емес. Қазақтың әрбір баласы атбегі болып жатса, қандайғанибет. Бір алла соған жазсын дейік.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-07-09 16:59:10     Қаралды-2592

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »