UF

Тарих көшінің ұзақ жолдарында талай-талай оқиғалар болып өтті. Жер сілкіну, су тасу сияқты апаттардан, оба, сүзек сияқты топалаң аурулардан әр кезде он мыңдаған адамдар қырғынға ұшырады. Патшалардың жүргізген соғыстарынан миллиондаған адамдар қазаға ұшырап, жүз мыңдағап адамдар құлақ естіп, көз көрмеген жерлерге құлдыққа сатылды. Кейбір халықтар түгелдей жойылды, басқыншылар олардың тұқымын құртып жіберді. Тұқымы құрып, тарихтан аты өшіп кеткен халықтардың айтуға тұрарлық есебі де жоқ. Мұндай зұлымдық ұлы географиялық табыстардан кейін, яғни Америка ашылғаннан кейін, өте-мөте өршіп кетті. Осы мәселеге қысқаша тоқталып өтейік.

Жоғарыда айтылған X. Колумб ұлты итальян болғанымен экспедицияны испандықтардың қаражатымен ұйымдастырған болатын, сондықтан жаңадан ашылған жерлердің қожасы Испания королі болып есептелетін. Испандықтар барғанда Америка бос жатқан, иесіз жер емес еді, миллиондаған халқы бар, тастан салған қалалары бар, жазылған кітаптары бар әжептәуір мәдениетті ел еді. Испандықтар Американың жергілікті залықтарын үндістер деп атады (орыс тілінде «индейцы» делінеді), шапқыншылар оларды бақытсыздыққа ұшыратты. Үндістер көптеген тайпаларға бөлінген, олардың ең ірілері және белгілілері майя, ацтек және инка тайпалары. Майалар Орталық Американы (Юкатан түбегін), қазіргі Гватемала мен Гондурас жерлерін мекендеген, майыс жүгерісін өсіргендіктен осылай аталған. Ацтектер Мексика жерінде, инкалар Перу жерінде болған.

Археологиялық деректерге қарағанда майялар Юкатан түбегінде ертеден келе жатқан халықтардың бірі екен. XV ғасырдың орта кезінде олар көрші тайпалармен соғысып (не үшін соғысқаны белгісіз), жеңіліп, әлсіреп қалған. Испандықтар Орталық Америкаға содан сәл кейін келіп, алсіреген үндістерді қыра бастаған.

Майялардың арнайы обсерваториясы болған, ол «Қауырсынды жылап» (орыс тіліне «Пернатый змей» деп аударылады) делінген пірдің құрметіне салынған. Күн мен түннің теңелуі кезінде (21 наурыз пен 21 қыркүйек) обсерваторияның негізгі терезесінен келетін жарық сәулесі бөлме ішінде отырған бақылаушы абыздың дәл алдына тұсетін болған. Обсерваторияның құрылысы майялардың астрономияны жақсы білгендігін көрсетеді.

Майя астрономдары жылдың ұзақтығын 365,2420 тәулік етіп алған, мұның қазіргі нақты жылдан 0,0002 тәулік (яғни 1 секунд шамасында) қана кемдігі бар. Бұдан бір күн жиналу үшін 5000 жылдай өтуі керек. Сонда майя календары ежелгі египет календарынан 1200 есе, юлиан календарынан 40 есе, григориан календарынан 1,5 есе дәлірек болып шығады.

Ұзақ уақыт есебін майялар жиырмалық жүйеде - тун жүйесі бойынша - жүргізген: әр айда 20 күн болған, 20 жыл «катун» деп, 20 катун «бактун» деп, 20 бактун «пиктун» деп, 20 пиктун «калабтун» деп, 20 калабтун «кинчильтун» деп, 20 кинчильтун «алаутун» деп аталған. Сонда:

алатун - 20 кинчильтун, кинчильтун - 20 калабтун, калабтун - 20 пиктун, пиктун - 20 бактун, бактун - 20 катун болған. Демек, алаутунда 23 миллиардтан астам күн болған.

Майя заманының дәуірі, яғни майяша жыл санау жүйесінің басы б. з. б. 3373 жылға келген.

Майялар үш түрлі календарьды қатар қолданған. Олардың бірінде жылдың ұзақтығы 260 күн болып алынған (13 айға бөлінген, айларда 20 күннен болған). Мұндай жылды майялар «цолкин» деген, ол «қасиетті» жыл болып есептелген. 20 күндік 18 айдан құралатын жылда (бұл - жылдың екінші түрі) 360 күн болған, ол «түн» деп аталған да, діни жосықтарда қолданылған. Жылдың үшінші түрінде 365 күн болған (20 күннен 18 ай және олардан тыс алынатын 5 күн), ондай жыл «хааб» деп аталған және шаруашылықта қолданылған. Майя астрономдары тун мен хааб жылдарын өзара байланыстырып, арнайы ережемен 52 жылда бір рет түзеп, жылдың орташа ұзақтығын жоғарыда айтылған мәніне келтіріп отырған.

Майя айларында 20 күннен болған дедік. Ол күңдер былай аталған:

1)

ик,

2) акбаль,

3) кан,

4)

чичкан,

5)

кими,

6) маник,

7) ламат,

8)

мулук,

9)

ок,

10) чуэн,

11) эб,

12)

бен,

13)

иш,

14) меп,

15) сиб,

16)

кабан,

17)

эцнаб,

18) канак,

19) ахав,

20)

имиш,

 

Әрбір күңге тәуелдендірілген иероглифтік таңбалар болған.

Майялардың басым көпшілігін испандықтар қырып тастаған, қалаларын қиратып, өртеп, жермен жексен еткен, кітаптарын жинатып алып, отқа жағып жіберген. Испандықтар жергілікті халықты мүлде жойып, тек олардың жерлері мен мал-мүліктерін пайдалануды көздеген.

Кезінде осы шапқыншылыққа қатынасқан Диего де Ланда деген бір испандық монах 1562 жылы «Юкатан істері жөніндегі хабар» деген кітап жазған көрінеді. Онда былай делінеді: «Майяларда кітап көп болған екен, біз бәрін жинатын алып, өртеп жібердік, оған майялар қатты өкінді, өртемендер деп зар жылады, әрине, біздікі жөн, олардың кітаптарында соқыр сенімдер мен былшылдардан басқа не болушы еді». Бұл кітапта шапқыншылардың басқа да көптеген зұлымдықтары айтылған (Ланданың кітабын профессор Ю.В.Кнорозов орыс тіліне аударып, 1955 жылы Москвада бастырып шығарды).

Инкалардың календары алдыңғы тақырыптарда айтылған болатын. Осыларға ұқсас календарь ацтектерде де болған. Енді олардың бәрі де - өлі календарьлар.

Үндістердің жеткен мәдени деңгейін жойылып кеткен қалалардың жұрттарынан, қираған құрылыстардың тамтықтарынан, бірен-саран кездейсоқ сақталып қалған кітаптардан, жалпақ тастарға шабылған жазулардан көреміз. Өткен ғасырдың орта тұсынан бастап Орталық Америкада көптеген археологиялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Үндістердің тілдері мен тарихы зерттеліп, кітаптары европалық тілдерге аударылуда. Совет ғалымы Ю.В. Кнорозов 1955 жылы «Система письма древних майя» атты аса құнды кітап жариялады (орыс және испан тілдерінде), онда майялардың көптеген иероглифтері шешілген. 1974 жылы Прагада чех ғалымы М. Стинглдың «Индей пирамидаларының сыры» атты көлемді кітабы шықты (1978 жылы орыс тіліне аударылып, Москвада басылды). Қазір майялардың ғылымы мен мәдениеті көптеген ғалымдардың назарын аударуда.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-05-30 16:05:07     Қаралды-2727

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ЕҢ КІШІ?

...

Ватикан - ең кішкентай мемлекет, дәлірек айтсақ, қала-мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДА ҚАЙ ҚАЛА ТҰР?

...

Италияның солтүстігіндегі Венеция қаласы суда орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Сіз оны солтүстік жарты шарда іздеуіңіз керек, аралды екі мұхит - Атлант және Арктика жуады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛУМБ АМЕРИКАНЫ ҚАШАН АШТЫ?

...

Американың ашылған ресми күні 1492 жылдың 12 қазаны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »