Ежелгі үнділер жылды 6 маусымға бөлген, маусымдар риталар деп аталған. Әрбір рита жуық түрде 2 ай болып отырады. Ведалар мен сутраларда риталар былай аталған: 1) византа - көктем (наурыздың ортасынан мамырдың ортасына дейін), 2) гришма - жаз, ыстық болатын кез (мамырдың ортасынан шілденің ортасына дейін), 3 варша - жаңбыр маусымы (шілденің ортасынан қыркүйектің ортасына дейін), 4) шарад - күз (қыркүйектің ортасынан қарашаның ортасына дейін), 5) хеманта - қыс (қарашаның ортасынан қаңтардың ортасына дейін), 6) шишира - салқын болатын кез (қаңтардың ортасынан наурыздың ортасына дейін).
Үнділер математика мен астрономия ғылымдарыи дамытуда зор еңбек сіңірген. Осы күнгі қолданылып жүрген он цифрды солар шығарған. Цифрлардың бұл системасы арифметиканы жүйесіз таңбалардың шырмауынан шығарып, бүкіл математиканың өркендеуіне кең жол ашты. Ноль санын да солар тапты. Шахмат та әуелде Үндістанда шыққан.
Ежелгі Үндістанның абыздары - брахмандар да аспанды бақылап отырған. Олар Қүннің, Айдың, бес планетаның, кейбір жұлдыздардың көрінерлік қозғалыстарын жақсы білген. Санскритше Күн - Адид, Ай - Сәуім, Шолпан - Шарқ, Меркурий - Бід, Марс - Мепкал, Юпитер - Брхсабти, Сатурн - Сенсаджар, Үркер - Криттика. Ведаларда Үркер бірінші шоқжұлдыз делінген. Үнді тілінде былай: Күн - Сурья немесе Рави, Ай - Чандра немесе Сома, Меркурий - Будха, Венера - Шукра, Марс - Мангала, Юпитер - Брихаспати, Сатурн - Шани. Бұлар, жалпылап айтқанда, грахалар делінеді.
Үндістанда вавилон зодиагы елеулі роль атқармаған. Мұнда эклиптика 27 бөлікке бөлінген. Бөліктер накшатраз деп, ал олардың нүктелері джафралар - «Айдың тоқтайтын жерлері» деп аталған. Сонда бір нақшатраз 13 градус 20 минут болады. Санскрит тілінде аспан құбылыстарын баяндайтып және жұлдыздардың орындарын сипаттайтын бірсыпыра астрономиялық кітаптар жазылған. Бұлар көбінесе «Зидж Синдхинда» деп аталған. Ертедегі үнді астрономдары мен математиктерінің ең көрпектілері Ариабхата (476 ж. туған, өлген жылы белгісіз) мен Брахмагупта (598 ж. туған, өлгнп жылы белгісіз) болды. Ариабхатаның бір-ақ кітабы сақталған, ол «ариабхатия» деп аталады. Кітап өлеңмен жазылған және төрт бөлімнен кұралған. Бөлімдері мынадай: дашагитика - цифрлар туралы, ганитапада - математика негіздері, калакриапада - уақыт есебі мен календарь, галопада - астрономия негіздері. Брахмагуптаның екі кітабы сақталып қалған.
Үндістанда әр түрлі календарьлар қолданылып келген. Олардың ең бастылары: ай календары, аралас календарь және күн календары.
Айдың ұзақтығы, жуық түрде, 29,5 тәулік болатындығы мәлім. Мұны бүтін санға келтіру үшіп, ежелгі үнділер кейбір айларды 29 күннен, кейбір айларды 30 күннен есептеген. Әрбір ай екі жартыға бөлінгеп, бұл жарты айлар «пакща» деп, ондағы күндер «титхалар» деп аталған. Айлардын, бірінші жартыларын - өліарадан толық айға дейінгі аралықтары - «шукла-пакша» (мағынасы - «айдың жарық жартысы») деп, екінші жартылары - толық айдан келесі өліараға дейінгі аралықтары - «кришна-пакша» (мағынасы - «айдың көмескі жартысы») деп аталған. Бұл календарьдағы айлардың атаулары төмендегідей:
1) чайтра (наурыз-сәуір), 2) вайшакха (сәуір-мамыр), джьяйштха (мамыр-маусым), 4) ашадха (маусым-шілде), 5) шравана (шілде-тамыз), 6) бхадрадада немесе прауштхапада (тамыз-қыркүйек), 7) ашвина немесе ашваюджа (қыркүйек-қазан), 8) карттика (қазан-қараша), 9) маргаширша немесе аграхаяна (қараша-желтоқсан), 10) пауша немесе тайша (желтоқсан-қаңтар), 11) магха (қаңтар-ақпан), 12) пхалгуна (ақпан-наурыз). Үнділер белгілі бір уақытты айтқанда алдымен айын, содан соң пакшасын, ақыры титхасын айтады. Кейде «шукла-пакша» деу орнына оның қысқартылған «шуди» деген түрің «кришна-пакша» деу орнына - «бади» деген түрін қолданады. Мысалы: «чайтра шуди 7» - «чайтра айының алғашқы жартысындағы жетінші күн», «шравана бади 4» - «шравана айының соңғы жартысындағы төртінші күн» (біз «шравана айының 19» дер едік). Үнділср қолданған ай календары осындай. Мұнда чайтра жылдың бірінші айы ретінде келтірілген. Бірақ Үндістанның кейбір тайпалары, өздерінің діни түсініктеріне немесе ғұрыптарына қарай, жылдың бірінші айы ретінде карттика айын немесе басқа айлардың бірін алады. Үндістанда календарьдың көптеген түрлері болуының бір себебі осыеда.
Аралас календарь, яғни ай-күн календары, ай календарын күн календарына сәйкестендіріп отыру үшін қолданылады. Алдыңғы айтылған 12 ай 354 күн болады, ал күн календарындағы жыл 365,25 күн. Бұлардың арасындағы алшақтықты жою үшін, ежелгі үнділер әрбір 30 синодтық айдан кейін тағы да бір ай қосып есептеген. Жуык түрде 29,5X31=914 күн, ал 30X30 = 900 күн, сонда 900 күн орнына 914 күн алынған. Қосымша ай ашадхадан кейін қойылып, «дивития ашадха» («екінші ашадха») немесе шраванадан кейін қойылып, «дивития шравана» («екінші шравана») деп аталған.
IV ғасырдан бастап Үндістанның кейбір жерлерінде күн календары қолданылған. Ондағы айлар былай аталған:
1) |
меша, |
5) |
синха, |
9) |
дханус, |
2) |
вришабха, |
6 |
канья, |
10) |
макара, |
3) |
мнтхуна немесе |
7) |
тула, |
11) 12) |
кумбха, |
|
маусун, |
8) |
вришчика, |
мина. |
|
4) |
карката, |
|
|
|
|
Айлардың бұл атаулары зодиак шоқжұлдыздарынын үнді тіліндегі аудармалары болып табылады. Меша - Тоқты шоқжұлдызы, Вришабха - Торпақ шоқжұлдызы т. с. с., қазақ тіліпдегі амал, сәуір т. с. с. мағыналас.
Парсылар жаулап алған Вавилон, Египет, Үндістан т. б. елдердің календарьларымен танысып, оларды өз мақсаттарына пайдаланды. Кейін соларға сүйене отырып, өз календарьларын жасады.
Ежелгі парсылар Күнге табынған халық болды, олар Күн құдайы - Митраға, аспан құдайы - Ахура-маздаға сыйынды. Календарьларын Күннің қозғалысы бойынша жасады, Тәуліктің басын Күннің шығуынан есептеді. Вавилон зодиагі парсы тіліне былай аударылды: Тоқты - Бара, Торпақ - Гау, Егіздер - Дупейкер, Шаян - Қарзаң, Арыстан - Шір, Бикеш - Хуша, Таразы - Таразу, Бүйі - Қаждум, Мерген - Нимаси, Ешкімүйіз - Бахи, Сукұйғыш - Доль, Балықтар – Махи, Парсыша Күн - Михр-Хуршид, Ай - Мах, Меркурий - Тир, Шолпаи - Зуһра, Марс - Баһрам, Юпитер - Хормузд немесе Бурджис, Сатурн - Кейван, Орион шоқжұлдызы - Мизон, Үркер - Прәйіп.
Персияда календарь «мах и руз» есебі, яғни айлар мен күндер есебі деп аталды. Бертін бұлар арабтарға сіңіп, «муаррах» (мағынасы - календарь) термині шықты.
Ежелгі Персияда қолданылған календарь жөніндегі мағлұматтар «Авеста» атты ескілікті діни кітапта келтірілген. Ондағы деректерге қарағанда жылдың ұзақтығы 365 күн болып есептелген, жыл әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлінген және айлардан тысқары 5 күн алынған. «Авестада» айтылатын айлар: 1) фравартипам, 2) ртагия вагиштая, 3) гарватата т. с. с. Бұл атаулар ертедегі парсылар сыйынған пірлердің аттары негізінде жасалған. Айлардағы 30 күннің де әрқайсысының дербес атаулары болған, мысалы: 1) руз Ахура-мазда (Ахура-мазда күні), 2) руз Вағауыш-манағақ (Вағауыш әулие күні) т. с. с. Бұл атауларды негізінен алғанда сопылар мен дінбасылар қолданған. Бертін келе парсы тілінде айлардың мынадай атаулары қалыптасты:
1. фервердин = мах,
2. өрдібеһишт = мах,
3. хордад = мах,
4. тир = мах,
5. мордад=мах,
6. шахривар = мах,
7. меһр = мах,
8. абан = мах,
9. азар = мах, 10) дай = мах,
10. бахман = бах,
11. әсфендармуз=мах.
Бұл айлар да 30 күннен есептеледі. Айлардан тыс алынатын 5 күн «фанджи» (мағынасы - «ұрланып кіретін») немесс «апдаргах» (мағынасы - «кетікті толтыратын») деп аталды. Әдетте олар абан-мах пен азар-махтың аралығына қойылып отырды. «Ұрланып кіретін» күндердің жеке-жеке атаулары болған, тарихи әдебиетте олардың алты варианты кездеседі.
Айлардағы 30 күннің «Авестада» айтылатын атауларының орнына қарапайым халық қолданатып атаулары шықты. Олар төмендегідей:
1) хұрмұз, |
11) |
ур, |
21) |
рәм, |
---|---|---|---|---|
2) бахман, |
12) |
мах, |
22) |
бәд, |
3) өрдібеһишт, |
13) |
тир, |
23) |
дей-ба-дин, |
4) шахривар, |
14) |
гош, |
24) |
дин, |
5) әсфендермад, |
15) |
дей-ба-михр, |
25) |
ард, |
6) хордад, |
16) |
михр, |
26) |
аштаз, |
7) мордад, |
17) |
серош, |
27) |
асман, |
8) дей-ба-азар, |
18) |
рәшін, |
28) |
замдаз, |
9) азар, |
19) |
фервердин, |
29) |
марасфанд, |
10) абан, |
20) |
баһрам, |
30) |
аниран. |
Жеті күндік апта қабылданғаннан кейін бұл күндер ұмыт болды.
Жеті күндік аптаны парсылар бертін қабылдады.
Персияда қазіргідей кібісе жылдар болмады. Бұлардын жылында 0,25 күн кем болып отырды, оны реттеу үшін әрбір 119 жыл 12 айдан, 120-ншы жыл 13 айдай есептелді. Одан кейіп, жылдың дәл 365,25 күн еместігін түсінген кезде, 116 жылда артық бір ай қосылатын болды.
Парсы калепдары бірнеше рет өзгертілді. Иранның осы күнгі календарында он үшінші ай да, «ұрланып кіретін» күндер де жоқ. Ол парсы календары деп немесе Иран мемлекетінің ресми календары деп аталады. «Мағараф» деп те айтылады. Жылының ұзақтығы жағынан мағараф, Египет календары сияқты, күн календарына жатады, мұнда айдфң фазалары есепке алынбайды. Айлардағы күндердін саны өзгерістерге ұшырап отырды, бірақ айлардың өздері бұрынғысындай, фервердин, өрдібеһишт т. с. с. деп аталын келеді. Қазіргі парсы календарында жылдың алғашқы 6 айы (фервердин, өрдібеһишт, хордад, тир, мордад, шахривар) 31 күннен, одан кейінгі 5 айы (меһр, абан, азар, дәй және бахман) 30 күннен есептеледі. Жылдың ең соңғы айы - әсфендермуз жай жылдары 29, кібісе жылдары 30 күн етіліп алынады. Сонда иран календарында жай жылдары 365, кібісе жылдары 366 күн болады. Әрбір 33 жылдың 25 жылы - жай жыл, 8 жылы - кібісе жыл. Кібісе жылдар мыналар: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 33-жылдар.
Бұл календарь Иранда 1925 жылдың 21мартында (иранша - күн хиджрасының 1304 жылындағы 1 фервердинде) қолданыла бастады. 1976 жылдан бастап жылдар есебі «иран заманы» бойынша жүргізілетін болды. Оның дәуірі - б. з. б. 558 жылдың 1 наурызы.
Иран үкіметінің 1936 жылғы бір қаулысы бойынша онда тек банкілср мен халықаралық саудаға қатысы бар мекемелерде ғана европалық календарьды қолдануға рұқсат етілген. Бұл жағдайда айлардың европаша аттары айтылмайды, тек рим цифрларымен жазылады, ал жылдарда төрт цифр түгел жазылады. Мысалы: 15. VIII. 1979. «Христос туғаннан» есептелетін жылдарды парсылар «миләди» дейді.
XIX ғасырдың ортасынан 1925 жылға дейін Иранда боржы календары да қолданылып келді. «Боржы» - «зодиактағы шоқшұлдыз» деген сөз. Боржы календарында жылдағы айлар осы шоқжұлдыздардың аттарымен аталған. Алайда ресми түрде бұлардың арабша нұсқалары алынған (парсыша аудармалары ресми емес). Айлардағы күндердің саны тиянақсыз (29, 30, 31, 32 күн). Боржы календарындағы айларды тізіп өтейік:
- хамал (бара), 30 (31) күн, наурыз-сәуір,
- сәуір (гау), 31 (32) күн, сәуір-мамыр,
- джауза (дупейкер), 31 (32) күн, мамыр-маусым,
- саратан (қарзаң), 31 (32) күн, маусым-шілде,
- әсед (шір), 31 (32) күн, шілде-тамыз,
- сүмбіле (хуша), 30 (31) күн, тамыз-қыркүйек,
- мизан (таразу), 30 (31) күн, қыркүйек-қазан,
- ақырап (қаждум), 29 (30) күн, қазан-қараша,
- қауыс (кеман, пимаси), 29 (30) күн, қараша-желтоқсан,
- джади (бахи, бозғал), 29 (30) күн, желтоқсан-қаңтар,
- дәлу (доль), 29 (30) күн, қаңтар-ақпан,
- хұт (махи), 29 (30) күн, ақпан-наурыз.
Боржы календары шамси немесе күн хиджрасының календары деп аталған. Заманының дәуірі - 622 жылғы 16 шілде.
Иран діншілдері ай хиджрасының календарын (қамари) қолданады, онда айлар арабша: мұхаррам, сафар т. с. с. деп аталады. Жылдың ұзақтығы 354 (355) күн.
VII-XI ғасырларда Иранда Ездигерд календары қолданылып келген. Оның дәуірі Сасан әулетінен шыққан ең соңғы патша Езднгерд 111 дегеннің таққа отырған күніне - 632 жылдың 16 маусымда немесе арабша ай хиджрасының 11 жылғы 21 раби әл-әууалына келеді. Ездигерд жылында, жоғарыда айтылғандай, 30 күндік 12 ай мен қосымша 5 күн болған.
Парсы календарьларының Луганстан календарьларына елеулі әсері болған. Енді осы мәселеге қысқаша тоқталып өтейік.
Қазіргі Ауғанстапда үш түрлі календарь қолданылады, олар: шамси, қамари жане григориан календары.
Шамси - күн хиджрасының календары, жоғарыда айтылған боржы жүйесіне жатады. Онда жыл 365 (кібісе жылдары 366) күн болып есептеледі және 12 айға бөлінеді. Айлар зодиак шоқжұлдыздары бойынша аталады, олар пұшту (ауған) тілінде де, пұштуға сәйкестендірілген араб тілінде де (мысалы, «әс-сәуір» орнына - «сәуір») айтыла береді. Айлардың реті мен олардағы күн саны төмендегідей (жақшаларда айлардың пұштуша атаулары келтірілген):
- хамал (уәрай), 31 күн,
- сәуір (ғуаяй), 31 кун,
- джауза (ғыбыргөләй), 31 күн,
- саратан (чүнгәш), 31 күн,
- әсед (зымарай), 31 кун,
- сүмбіле (уажай), 31 күн,
- мизан (тәле), 30 күн,
- ақырап (ларам), 30 күн,
- қауыс (линда), 30 күн,
- джади (марғұмай), 29 (30) күн,
- дәлу (салуаға), 30 күн,
- хүт (кәб), 30 күн.
Сонымен, шамси жылының алғашқы 6 айы 31 күннен, оныншы айы джади айы - жай жылдары 29, кібісе жылдары 30 күннен, қалған 5 айы 30 күннен есептелетін болды. Кібісе жылдардың реті парсы календарындағыдай: әрбір 33 жылдың 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 33-жылдары кібісе жылдар болады. Пайдалануға бұл календарь өте қолайлы: біріншіден, мұнда айлардағы күндерді есте сақтау оңай, екіншіден, ол табиғат құбылыстарына сәйкес. Атап айтқанда жылдың алғашқы 6 айында 31 күннен 186 күн болады, бұл күн мен түннің жазғытұрғы теңелуінен (21 наурыз) күзгі тенелуіне (23 қыркүйек) дейін өтетін 186 күн. Жылдың екінші жартысындағы 179 күн (кібісе жылдары 180 күн) күзгі теңелуден жазғытұрғы теңелуге дейінгі аралық болады. Жердің қозғалысы бір қалыпты емес (жаз баяулайды, қыс үдейді), сондықтан ол өз орбитасының бірінші жартысын 186 күнде, екінші жартысын 179-180 күнде жүріп өтеді.
Хамал - жылдың бірінші айы, ол күн мен түннің жазғытұрғы теңелуінен басталады. Ауған календарындағы кібісе жылдар мен григориан календарындағы кібісе жылдар біріне-бірі қабысып отырмайтындықтан, I хамал бізше 20, 21, 22 нарыз күндерінің біріне келеді.
Бұл календарь парсылардың күн календары үлгісімен жасалған, бірақ ондағы 29 (30) күндік он екінші ай мұнда оныншы ай етіліп алынған және айлар фервердин, өрдібе-һишт, хордад т. с. с. деп аталмай, зодиаққа сәйкес хамал, сәуір, джауза т. с. с. деп аталған. Бірінші жыл - 622 жыл. Сондықтан, бізше 1973 жыл ауғанша 1351 жыл болады, өйткені 622+1351 = 1973.
111 амси календары Ауғанстанда 1911 жылдан бері мемлекеттік календарь ретінде қолданылып келеді.
Қамари - ай хиджрасына негізделген календарь, діни мейрамдар сол бойынша өткізіледі. Мұның араб календарынан азын-аулақ айырмашылығы бар. Хиджраның басын арабтар 622 жылғы 16 шілдеге келтіреді, ал пұштулар 622 жылғы 15 шілдеге келтіреді. Айлардағы күндер де бірдей бола бермейді. Мәселен, шағбан айы арабтарда 29 күн, ал Ауғанстанда - кейде 29, кейде 30 күн болады.
Григориан календары көбінесе Ауғанстанның қалаларында қолданылады. Газет-журналдарда уақыт екі-үш түрлі календарь бойынша көрсетіледі.
Жарияланған-2019-05-28 14:37:54 Қаралды-2205
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина