UF

Мәдениеті өте ерте заманда басталған елдердің бірі - Егинет (Мысыр). Ол Африканың солтүстік-шығыс жағалауында, Піл өзенінің бойында орналасқан. Египет жерінде бізден жүз мың жыл бұрын адам тектері болған. Батыс Европа тайпалары тері жамылып, үңгірлерді паналап жүрген кезде ежелгі египеттіктер егін еге, капал қаза, үй сала білген. Египетте жазу өнері шыққалы 5000 жылдай болды.

Египет мемлекеті әр кезде әр түрлі аталған. Ежелгі гректер оны «Египет» («Египтос») деген. Кейін бұл атау термин ретінде қалыптасып кеткен. Европа халықтары «Египет», «Ежипет» дейді. Ежелгі грек ғалымы, «тарих атасы» Геродот: «Египет - Нілдің сыйы» деп жазған. Ғылыми әдебиетте Ежелгі Египеттің халқын египеттіктер дейді. «Ніл» - Египеттегі өзеннің европаша аты (латынша «Нилус», грекше «Нейлос», арабша әл-Бахр), ерте замандардағы египеттіктер оны «Хапи» деген. Египет ертеде күшті мемлекет болғанымен, бергі замандарда берекесі кетіп, мешеулеп қалған. Ол тәуелсіздігінен айырылып, Ежелгі Персияға, одан кейін Ассирияға, Грецияға, Рим империясына бағынған. Біздің заманымыздың 639-642 жылдары Египетті арабтар жаулап алған. Олар Египетті «Мысыр» деп атаған. Ежелгі египеттіктер бір жағынан жойқын соғыстарда қырылып, екінші жағынан Эфиопия, Судан жерлеріне қарай ығысып, азайған. Өз жерінде қалғандары гректермен, әсіресе арабтармен будандасып, ұлттық ерекшеліктерін жойған. Египеттің осы күнгі негізгі халқы - арабтар. Қазіргі Египет - Египет араб республикасы, астанасы - Каир (арабша әл-Қаһира) қаласы. Ежелгі Египеттің астанасы Мемфис қаласы болған. Ежелгі египеттіктерден қалған жұрағат - коптылар, олар осы күні негізінен алғанда Эфиопияда, шағын бір бөлігі Египет араб республикасында. Саны аз халық.

Қазақ тілінде шыққан кітаптарда араб тілі арқылы енген «Мысыр» атауы қолданылып келген еді. Соңғы жылдары баспасөз бетінде көбінесе оның «Египет» түріндегі халықаралық атауы айтылатын болды. Соған сәйкес, Мысырды біз де Египет дейміз.

Египет жері сүреңсіз, тамшы су көрмеген тарғыл тақыр, қызылшақа құмайт, беті жарылып, айқыш-ұйқыш тілініп жатқан өлі дала. Ол екі оттың аралығына төселген тулақтай туырылып, шет-пұшпақтары сарғайып жатады. Шыңында да солай: Египеттің шығыс жақ қапаты Аравия шөліне, батыс жақ қанаты Ливия шөліне тіреледі. Ливиядан әрі «құмы қайнап, тасы балқыған» әйгілі Сахара шөлі бар. Төбеден шақырайған күн көзі жан иесінің бәрін шыжықтай шыжғырып, тынысын тарылтып, таспадай тартылған Ніл өзенінің екі жағасына иіреді. Египет халқының 97 проценті осы Нілдің жағалары мен Файюм көгалын қоныс етеді. Басқа аудандарында су жоқ, сондықтан Египет жерінің 96 процентінде тіршілік жоқ.

Ніл өзені ежелгі Египет өмірінде шешуші роль атқарған. Жер кәсібімен күнелткен египеттіктер егін салуға әзірлікті, оны оруды т. б. ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін өзеннің тасуы мен қайтуын қадағалап бақылап отырған. Су кейін қайтқан кезде одан босаған құнарлы жерлерге егін салғап. Әр шаруаның меншікті жерінің шекараларын жыл сайын су бұзып кетіп отыратындықтан, олар жерді жыл сайын өлшеп, өз учаскелерін қалпына келтіруге мәжбүр болған. Үш бұрышты, төрт бұрышты т. с. с. жер аудандарып үнемі өлшеу, су бөгеттері мен ірі құрылысгар салу практикасы геометрия мен механика ғылымдарын тудырған.

Ежелгі Египеттің құрылыс өнері мен техникасының даму дәрежесін бұдан бес жарым мың жыл бұрын салынған заңғар пирамидалар айқып көрсетеді.

Египеттің ежелгі замандағы патшалары фараон (ескі қазақ тілінде - перғауын) деп аталған. Олардың билігі шексіз, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болған. «Фараон» - дәл мағынасында үлкен үй, яғни патша сарайы деген сөз. Халық патшалардың аттарын атай алмаған. Фараондар Күн құдайы. Амон-Раның балалары деп есептелген. Пирамидалар бір жағынан зират, екінші жағынан ескерткіш ретінде салынған. Египет пирамидаларының жалпы саны 80, бұлардың ішіндегі ең үлкені - Хуфудың (грекше Хеопс деп аталып кеткен) пирамидасы. Оның биіктігі 146 метр, табан қабырғаларының әрқайсысының ұзындығы 233 метр, түбінің ауданы 52 900 шаршы метр. Пирамидалар аса берік гранит тастардан жонып жасалған, олардың астасқан жіктері білінбей тұрады. Хуфудың пирамидасы ұзындығы 2 метрдей, биіктігі 1 метрдей гранит плиталардан салынған. Плитаның әрқайсысының салмағы 2,5 тонна шамасында. Оған осындай 2 миллион 300 мың тас плита жұмсалған. Египеттің солтүстігінде ондай тастар жоқ. Керекті тастарды фараондар Орталық Африкадан баржалармен алдырған. Бұл пирамида 30 жылда салынып біткен, онда кұлдар, соғыс тұтқындары, барлығы 120 мыңдай адам жұмыс істеген. Құлдар мен тұтқыңдардың көпшілігі ауыр жұмыстың, шыжыған ыстық күннің, сусын мен тамаққа жарымаудың салдарынан қырғынға ұшыраған.

Пирамидалардың жанына кесек тастан шауып, басы адам (әдетте белгілі фараон), кеудесі мен бөксесі арыстан бейнесінде ескерткіштер қойылған. Олар сфинкстер деп аталады (сфинкстерді ежелгі египеттіктер «ху» деп атаған). Хуфудың інісі Хафра (тарихи әдебиетте көбінесн оның грек тілінде қалыптасқан Хефрен дегеп аты кездеседі) патшаның пирамидасының қасындағы сфинкс ұзындығы 57 метр, биіктігі 20 метр тұтас бір жартастап жойылып жасалған. Оны сол орынға мыңдаған құлдар жаяу сүйреп жеткізген. Ежелгі Египетте аспанды бақылап отыратын бірен-саран сауатты сопылар болды. Бұлар абыздар деп аталады. Абыздар діни мейрамдарды басқарып, уақыт есебін жүргізіп, шежірелер жазып отырған. Олар храмдарда (ғибадатханаларда) тұрған. Бірталай жұлдыздарды, зодиакты және бес планетаны білген. Планеталарда табиғаттан тыс күш бар деп түсіндірген.

Егіншілік кәсібі Нілға тәуелді болғандықтан, жыл соған сәйкес үш маусымға бәлінген: топан - Ніл таситын кез, егін оратын кез, ыстық болатын кез.

Судың тасыған кезінде талай рет қырғынға ұшыраған, шаруашылығы күйзелген халық ұзақ тәжірибенің нәтижесінде Ніл топапың алдын ала білетін дәрежеге жеткен. Египет абыздары әрдайым су тасырдың алдында күн шығардан сәл ертерек сүмбіле жұлдызы көрінетінін байыптаған. Осы мезгілді аңдып, қарап отырған адам бұл жұлдызды аспанның шығыс жағынан бірнеше минут бойы көре алады. Олай болса Сүмбіленің көрінуі Нілдің таси бастауының тиянақты белгісі болып табылады. Мұны абыздар бақылап, халыққа жариялап отырған. Сүмбіленің алғашқы көрінетін күні жыл басы болып есептелген. Күндерді санап, жазып отырған абыздар жыл басынан Сүмбіленің екінші рет дәл солай көрінуіне шейін 365 күн уақыт өгетінін аңғарған, бұдан бір жылда 365 күн болады деп қорыткан. Сүмбілені ежелгі египеттіктер Сотис деп атаған (грекше «Сириос», латынша «Сириус»). «Сотис», «Сириос», «Сириус» сөздерінің үшеуінің де мағынасы - «жарқыраған жұлдыз» немесе «жарық жұлдыз». Сүмбіле бойынша жасалған ежелгі Египет календары астрономия тарихында сотистік календарь деп аталған.

Сырт қарағанда сотистік календарьдың Күннің қозғалысына қатысы жоқ сияқты. Шынында олай емес. Сотистік жыл - Сүмбіле жұлдызының жаздың басында 70 күндей көрінбей, содан кейін алғаш көрінген күнінен келесі дәл сондай көрінетін күніне дейін өтетін уақыт, ол жуық түрде 365 күн. Ежелгі Египет заманында Сүмбіленің бұлай алғаш көрінуі 19 шілдеге келіп отырған. Іс жүзінде Сүмбіле туып, содан соң батып отырмайды, ол өз орнында бола береді (жұлдыздардың өз қозғалыстары елерлік емес, сондықтан есепке алынбайды). Сүмбіленің бізге кейде көрініп (туып), кейде көрінбеуі (батуы) Жердің жылдық қозғалысының әсерінен болады. Бірақ жер бетіндегі бакылаушыға бұл құбылыс Жердің қозғалысы ретінде көрінбей, Сүмбіленің қозғалысы болып көрінеді. Дәл осы сиякты, Күн көзінің жазғытұрғы күн мен түннің теңелу нүктесінен өткен кезінен келесі сондай кезіне дейінгі уақыт та жуық түрде 365 күн, Күн бойынша есептелетін жыл, яғни алдыңғы тарауда айтылған тропиктік жыл болады. Бұл құбылыс та Жердің Күнді орағыта айналып жүруінің салдары, бірақ бақылаушыға Күннің қозғалысының салдары болып көрінеді. Демек, Египет абыздары Сүмбіле бойынша анықтаған, жуық түрде 365 күндік, жыл Күн бойынша анықталатын жылмен бірдей, олардың бірінен бірінің айырмашылығы жоқ. Сондықтан сотистік календарь күн календары болып табылады.

Тарихта белгілі деректерде египеттіктерден бұрын мұндай (жылы 365 күннен құралған) календарьды пайдаланған халық кездеспейді. Сондықтан күн календары алғаш рет Ежелгі Египетте шыққан деп есептеледі.

Ежелгі Египеттің шаруашылығы Нілдің тасуы мен қайтуына тәуелді болған. Шаруашылық календарьды тудырған, ал календарьды абыздар жүргізіп отырған. «Ніл суының кәтеріліп, басылу кезеңдерін есептеп шығарудың қажеттігі Египет астрономиясын туғызды, ал сонымен бірге егіншілік кәсібінің басшылары ретінде абыздар кастасының үстемдігін орнатты.

Сотистік календарь бойынша жылдағы 365 күн әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлінген. Артық қалатын бес күнқосылмай, құдайға құлшылық ететін күндер деп жарияланған. Айлар былай аталған: тот, фаофи, атир, шувак, тиби, мехир, фаменот, фармути, пахон, пайни, эпифи, әбика. Бертін келе бұлар былай айтылатын болды: тот, фаофи, хатор, кайхак, туба, әмпир, бармахат, бармуза, башнас, буна, әбиб, мусри.

Сотистің бұл ерекшелігі көптеген аңыздар, ертегілер, жырлар тудырған. Осы дәстүр бойынша әйел кұдай Хатор дегенге арналып салынған Дендердегі храмның маңдайшасына:

«Аспанда ұлы сотис жарқыраса, Арқырап Ніл шығады қайнар көзден»;  - деген сөздер жазылған.

Бұл ескерту халықты судың тасуынан алдын ала сақтандырып тұратын еді.

Сотистік календарь жылындағы айлардың аттары - ежелгі египеттіктер табылған «құдайлар» мен «пірлердің» аттары. Египеттіктерде ондайлар өте көп болған. Жылдың бірінші айы - тот, «жазу өнерін шығарған» даналық құдайы болып есептелген Тот дегеннің құрметіне солай аталған. Тотты бейнелейтін мүсіндер мен суреттерде ол басы ибистің басы сияқты, денесі адам денесі сиякты болып кескінделген. Хатор (Атир, Хатур) - сиыр түріндегі құдай, одан диқаңдардың пірі - Апис есімді қасиетті өгіз туыптымыс т. с. с, Махаббат құдайы - Баст деген мысық түрінде, әйелдердің пірі - Хекет деген бақа түрінде бейнеленген. Ерте замандарда Египеттен басқа елдерде мысық (кәдімгі үй мысығы) болмаған, Египетте ол «қасиетті» хайуан болып есептелген. Біздің заманымыздың VII ғасырында гректер мен римдіктер мысық тұқымын, тышқандарды құрту үшін, Египеттен Европаға апарған. Мысықтар жер жүзіне содан кейін таралған.

Египеттіктердің жоқтан өзгені құдай деп табына беруінің бір себебі Нілге байланысты болған. Ніл ғасырлар бойы жұмбақ болып келген, оның қайдан басталатындығы тек XIX ғасырда ғана анықталды. Жалпы ұзындығы 7000 километрге жақын ұлы өзен (салыстыру үшін: Волга 3700, Енисей 4100 километр) Шығыс Африканың адам жүре алмайтын және азулы жыртқыштарға толы ну орманды үстірттерінен басталады. Ондаған ұсақ өзендер мен жылғалардан екі өзен - Ақ Ніл мен Көк Ніл - пайда болады, Суданның астанасы Хартум қаласының іргесінде соңғы екеуі қосылады да, Жерорта теңізіне барып құятын әйгілі Ніл дариясы болып ағады. Ежелгі египеттіктер Нілді құдайлар ағызып тұрады деп есептеген, ал орта ғасырлардағы арабтар «Ніл жұмақтан ағып шығады» деп ойлаған. Нілдің өзге өзендерде кездеспейтін, өзіне ғана тән ерекшелігі бар: ол - құбылмалы өзен, тасыған кезде бір айдай сары өзен, екі аптадай қан түсті қызыл өзен, үш аптадай сия сияқты көк өзен болып ағады. Мұның себебін көпшілік түсіне бермейді. Өзендердің көздері - биік таулардың басындағы қар. Әр түрлі биіктіктегі қар әр кезде ериді. Олардың жолында әр түрлі минералды заттар болады. Нілдің бас жарындағы сары топырақты аласа таулардың қары алдымен еріп, жолындағы топырақты езіп, суды сарғайтады. Одан кейін еріген қардың суы қызыл балшықты жерлердеп өтіп, боялып, қызыл су болып ағады. Бұл кезде алдыңғы айтылған су азаяды, ал көк балшықты жерлерден (тотияйын кені бар жерлерден) өтетін судың қоры болатын қар еріп үлгірмейді. Демек, бұл құбылыста ешқандай керемет жоқ. Египеттіктер оны, тек түсінбегендіктен ғана, құдайлардың құдіреті деп есептеген.

«Перғауын» деген сөздің түп төркіні Египет патшалары - фараондарға барып тіреледі. Ергедегі аталарымыз Египетке бармаған күнде, фараондардың қылықтарын «ұзып құлақтап» естіген болар. Фараондар 100-120 әйел алған, олар көрікті болса, жесір қалған шешесі мен туған қыздарын да әйелдікке ала берген. Фараондар өмір бойы шаштарын алдырмаған, ал әйелдері - ұстарамен алдырып, тақыр бас болып жүрген. Тамақты кадірлі қонақтарына үй сыртында беріп, өздері үй ішінде ішкен. Балаларды сүндеттету солардан қалған. Халықтардың көпшілігінде өлген адамның моласын семьясы, балалары, туған туысқандары жөндейді, кендн там соғады. Ал фараондар өздері жерленетін пирамиданы өздері, тірі күнінде, салдырып отырған. Бұл өзі зор бәсеке, жарыс болған. Жоғарыда айтылған Хуфудың пирамидасы құламай, қисаймай (анықтама: 1978 жылы 15 қазанда 80 метр биіктіктен салмағы 2 тоннадан астам бір тас плита сынып, жерге түсті, адам шығыны болған жоқ, бұл - 49 ғасырда пирамидадан құлаған бірінші тас) 4900 жылдан бері тұр. Оның кұрылысын Хемиун деген сәулетші инженер басқарған. Металл шеге мен цемент жоқ кезде, соның ссебі мен жобасы бойынша салынған. Салынып біткенде риза болған Хуфу Хемиунге көп сыйлық берген, сонымен бірге оның бір қолын кестіртіп тастаған. Хемиун дені сау болса келесі фараонға одан да жақсы пирамида салуы мүмкін деп қауіптеніп, ұлы инженерді мүгедек етіп жіберген. Фараондар жерге көмілмеген, алтын табытқа салынып, пирамиданың ішінде кең залға қойылған.

XIX ғасырда европалық ғалымдар Хуфудын пирамидасын ашып, ішіп аралап шықты. Бірақ олар фараонның табыты меи бағалы заттарып таба алмады. Пирамиданы ежелгі заманның ұрылары тонап кеткендігі анықталды. 1953 жылы араб археологтары окы қайта зерттеді, пирамиданың жанынан, 17 метр тереңдікте мүлде бекітіліп тасталған ұлан-байтақ зал тапты. Залдан соғыс қару-жарақтары, бағалы бұйымдар және ұзындығы 35 метр желкенді қайық шықты.

Ежелгі халықтардан тек египеттіктердін, ғана жылының ұзақтығы тұрақты (әрдайым 365 күн) болды, өзге халықтардың календарьларындағы жылдың ұзактығы тұрақсыз, ауа райына қарай немесе патшалар мен абыздардың жариялауына қарай есептеліп отырды. Сотистік календарьдағы жыл нақты жылдап, жуық түрде, 0,25 тәулік кем. Сонда 4 жылда 1 күн, 40 жылда 10 күн, 120 жылда 1 ай, 1460 жылда 1 жыл жиналады. Демек, юлиан календарының 1460 жылы Египет календарының 1461 жылы болады. Сондықтан Сотистің (Сүмбіленің) алғашқы көрінетін күні «көшіп жүреді». Мәселен, бір жылы Сотис тот айының 1-інде туса, 148 жылдан кейін ол фаофи айының 7-сінде туады. Абыздар оны түземеді, өйткені Сотис туатын күннің осылай жылжып жүруі өздеріне тиімді еді. «Қасиетті» жұлдыздың қай айдың қай күні туатындығын абыздар айтып отырған, соған байланысты бірталай мәселелерді абыздар шешкен. Абыздар: «Жарықтық Сотис биыл пәлен айдың пәлені күні Хапиды қозғап жібереді» деп мадақ сөздер айтқан. Сотистік календарьдың озып кетуі (40 жылда 10 күн) бір адамның өмірінде елеулі бола қоймайды.

Сотистік календарьдағы мейрамдар да осылай жылжып отырған.

Ежелгі Египет абыздары өздерінің календары бойынша есептелетін 1461 жылды (юлиан календары бойынша 1460 жыл) Сотистік ұлы жыл деп атаған. Сотистік ұлы жыл өткенде Сотис жұлдызы туатын күн қайта оралып, тот айының 1-інде келеді. Осыған байланысты бір қызық оқиға болды. Б. з. б. 2781 жылдың 19 шілдеде Сотис туатын күн дәл 1-тотқа келетін еді (египетше 1461 жылда бір-ақ рет осылай болады). Бұл күн «мәңгілік мейрамы» деп аталын, айырықша өткізілетін. Мейрамға 72 күн қалғанда кәрі фараон - Каха патша өлді де, оның орнына таққа Нинечер деген отыруға тиісті болды. Бірақ ырымшыл Нинечер асықпады. Баласыз өткен Қаханың орнына отыруға қорықты. Ал алдында «мәңгілік мейрамы» тұрды. Жаңа патша айласын тапты: көмекшілері мен шабармандарынан 72 адамның тізімін жасатты да, әрқайсысын бір-бір кұннен фараон етіп, таққа отырғызды. Фараондықты ресми түрде өзі «мәңгілік мейрамы» күні қабылдады. Алайда Нинечер ұзақ өмір сүре алмады.

Египетте жылдар есебінің қай кезден басталғаны белгісіз. Астрономиялық есептеулер бойынша бірінші жыл дерлік - Сүмбіле тот айының 1-інде туған мезгіл б. з. б. 4241, 2872, 1322 жылдарға келеді. Бірақ нақты мағлұмат жоқ. Ескілікті документтерде кездесетін жылдар «пәлен патшаның таққа отырғанынан кейінгі пәлен жыл» түрінде жазылған.

Жыл басының көшіп жүруін тоқтату үшін б. з. б. 238 жылғы 7 наурызда Египет патшасы Птолемей III Эвергет (246-222) арнаулы указ шығарды. Онда 3 жыл 365 күннен, төртінші жыл 366 күн болып есептелсін делінген. Сонда жыл орта есеппен 365,25 күн болады да, әрдайым 1 тотта басталып отырады. Энергеттің указы Каноп декреті деп аталды. Ол мынадай сөздермен аяқталған: «Жыл уақытын есептеуде осы күнге дейін болып келген кемшіліктерді Эвергет патшаның түзеткендігін жұрттың бәрі білетін болсын». Шынында мұны Эвергет өзі тапқан жоқ, оған сол кездегі астрономдардың бірі айтқан болатын. Патша өзінін туған күні - 7 наурызда указға іліктіріп, мәңгілік қалдырғысы келген. Каноп декреті копт және грек тілдерінде тасқа шабылып жазылған.

Дегенмен, Эвергеттің айтқаны болмай қалды. Қалендарьды басқарып отырған абыздар указды құдай ісіне қайшы келеді деп тапты да, жүзеге асырмады. Олар тіпті календарьды өзгертпеу жөнінде патшалардан ант алатып болды.

Эвергеттің указы жазылған тас плита 1867 жылы Қаноп қаласындағы (Нілдің сағасында) бір ескі храмның жұртын қазған кезде табылды.

Эвергеттің реформасы негізінен алғанда дұрыс еді, ол календарьдағы бірталай кемшіліктерді түзейтін еді. Сондықтан бұл мәселе 200 жыл өткенде қайтадан көтерілді де, император Августың указымен б. з. б. 26 жылы жүзеге асты. Бұл кезде Египетті Рим империясы жаулап алған болатын. «Шолақ айдың» 5 күні мен әрбір төрт жылда қосылып отыратын бір күн мусри айынан кейін қойылды.

Эфиопия мен Египеттегі копттар осы күнге дейін Эвергет календарын қолданады. Ондағы жылдар есебі Диоклетиан заманы бойынша жүргізіледі, дәуірі - біздің заманымыздың 284 жылындағы ескі санатша 29 тамыз. Григориан календарының 1979 жылы - копт календары бойынша 1695 жыл. Айлар былай аталады: тот, бабэ, хатур, кихак, тубэ, әмшир, барамхат, бармуда, башнас, бауна, абиб, мисра, иәси. Бұлар - сотистік календарьдағы айлар, тек кейбіреулері араб тіліне сәйкестендіріліп, фонетикалық өзгерістерге ұшыраған. Жыл басы - бірінші тот. Шолақ ай - эпагоменайды коптылар «пәси» дейді, ол 13-ай ретінде алынады. Нәсиден басқа айлар 30 күннен. Апта есебі мүлде жоқ. Әрбір төрт жылдың бірі кібісе жыл болып отырады. Санын 4-ке бөлгенде калдығында 3 шығатын жыл кібісе жыл болып есептеледі. Мысалы, 1695 жыл - коптша кібісе жыл, өйткені 1695 = 4X423 + 3. Кібісе жылдары пәси айы 6 күп, жыл 366 күн болады да, одан кейінгі жылдың басы юлиан календары бойынша 30 тамызға, григориан календары бойынша 12 қыркүйекке келеді. Коптар христиан дінінде.

Эфиопияда қолданылатын мемлекеттік ресми календарьдын копт календарынан азын-аулақ айырмашылығы бар: ресми календарьдағы жылдын копт календарындағы жылдан 277 жылы артық болып отырады, бірақ екеуіндегі айлар, айлардағы күндер бірдей. Демек, замандары екі түрлі. Эфиопияның мемлекеттік ресми календары григориан календарынан (жаңа санаттан) 7 жыл 8 ай шамасында кейін қалып отырады. Мысалы, жаңа санат бойынша 1974 жылдың 12 қыркүйек Эфиопияның мемлекеттік ресми календары бойынша 1967 жылдың 2 тоты, ал копт календары бойынша 1690 жылдың 2 тоты болды. Бұл күн эфиопия тарихында айырықша орын алды: сол күні Эфиопияның қарулы күштері, халықтың қолдауымеп, ата-бабаларынан бері патша болып келе жатқан монарх Хайле Селассиені тақтан түсіріп, қамауға алды да, бостандық пен демократия туын көтерді. 1916 жылдан бастап Эфиопияны билеген, 1930 жылы император лауазымын алған, ежелгі еврей патшасы Соломонның (б. з. б. 965-928 жылдар) жүз он бірінші буынындағы ұрпағымын деп көкитіп Селассиені үш офицер айдап шығып, өзі салдырған түрмеге апарды. Императордың тонналаған алтындары Америка мен Швейцарияның банкілерінде қалды.

Эфиопия еңбекшілері бұдан былай екі мейрамды бірге өткізеді: 1 тот - жаңа жыл, 2 тот - Эфиопия революциясының күні.

Ежелгі Египетте апта есебі болған жоқ. Ай есебі (фазалар бойынша) болды. Бірақ оның Нілге ешқандай байланасы болмағандықтан, халықтың тұрмысына сіңісе алмады. Ай каленідарын бұдан елу ғасыр бұрын Сотистік календарь ығыстырып шыгарды.

Египетте ай ішіндегі 30 күннің әрқайсысының жеке аты болды.

Осында баяндалған мәселелерге байланысты бір терминнің шыққан төркінін айта кетейік. Египеттің ойпаң жерлерде тұратын ауылдары Сотис туғанда (су тасырда) қырат жерлерге кететін, яғни қырға көшетін. Бұл кезде, әдетте маусымның 19-25 арасы жұмыс істемей, тасқын бәсеңдегенше дем алатын. Сотис - Үлкен төбет деп аталатын шоқжұлдыздағы жұлдыз. Төбет итті латынша каникс дейді. Осыдан қазіргі (мектептерде оқудың, мекемелерде қызметтін уақытша тоқтап, бір-екі жұмадай демалыс болатын уақыт) каникул сөзі шықты.

Египет календары дәлсіздігіне қарамастан, зор тарихи роль атқарды. Ол осы күнгі дүние жүзілік календарьдын түп төркіні болып табылады. Сондықтан календарь жасау жолында айтарлықтай астрономиялық білімдерді жинап, жуйеге келтірген Египет абыздары елеулі еңбек сіңірді деуге болады.

Бірақ абыздар аспан заңдарын өте құпия тұрде ұстады. Астрономиялық білімдерді олар өлер алдында ғана жақындарына немнсе сенімді адамдарына үйретіп кететін болды. Абыздардың аспан жөніндегі сәуегейліктері көп жағдайда мүлтіксіз келіп отырды. Сондықтан абыздар бұқара халықтың, тіпті фараондардың алдында көріпкел, тәуіп, әулие болып көрінді.

Осы күні ежелгі египет тілінде сөйлейтіп адам жоқ, копт тілі одан көп алшақтап кеткен. Бізге Ежелгі Египеттен 50 мыңдай әр түрлі жазба документ жетті. Ешкім түсінбейтін «елі тілдегі» жазуды кім оқи алады? Бұл ешкім танымайтыи ескі жазуларды өткен ғасырда дарынды француз ғалымы Франсуа Шампольон (1790-1832) түсініп оқып, бірсыпырасын француз және ағылшын тілдеріне аударып берді. ІІІампольон он шақты тіл білген, ежелгі Египет жазуын 16 жасында аудара бастаған. Кейін ежелгі египет тілінің грамматикасы мен сөздіктерін жазған. Шампольон еңбектерінің негізінде шығыс тану ғылымының дербес саласы - египтология қалыптасты. Ол Ежелгі Египеттің тілін, әдебиетін, тарихын және мәдениетін зерттейді. Қазір Ежелгі Египет тілінің бес томдық сөздігі бар.

Египтологияға кемеңгер орыс ғалымы, академик Б. А. Тураев (1868-1920), оның шәкірті, совет ғалымы, академик В. В. Струве (1889-1965) және көрнекті орыс ғалымы В. С. Голенищев (1856-1947) зор үлес қосты. Б. А. Тураев пен В. В. Струве баска жұмыстарымен қатар ежелгі египет жазуларын (олардың ішінде математикалық және астрономиялық документтер де бар) орыс және неміс тілдеріне аударып, египтологияның мазмұнын байытып кетті. В. С. Голенищев әуелде әуеской ретінде жүріп, Ежелгі Египеттің затты ескерткіштерін зерттеді, XIX ғасырдың аяғынан бастап, қалған өмірін Египетте өткізді, Каир университетінде профессор болды. Ол өзі жинаған кұнды заттарын Россияға жіберіп отырды. 1912 жылы В. С. Голенищев әкеліп берген «Москва папирусы» атты ежелгі египет математикасының аса маңызды документі А. С. Пушкии атындағы музейде сақталып келеді. Онымен қатарласа алатын математикалық папирус тек Британ музейінде ғана бар.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-05-23 13:27:26     Қаралды-7720

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »