UF

Қазақстан хронологиясы мыңдаған даталарды қамтиды. Төменде солардын кейбіреулері келтіріледі.

1919 ж. 10 шілде - РСФСР Халық Комиссарлары Советінің декреті бойынша РСФСР қурамында Қазақ өлкесі (алғашқы кезде «Қырғыз өлкесі» деп аталған) құрылды.

  1. ж. 26 тамыз - РСФСР құрамында Қазақ АССР құрылды.

1921 ж. 4-12 қазан — Қазақ АССР советтерінің құрылтай жиналысы өтті (Орынбор).

1922 ж. 11-18 маусым - Казақ облыстық 1 партия конференциясы болды (Орынбор).

1923 ж. 7-13 маусым - комсомолдық қазақ өлкелік I съезі болды (Орынбор).

1925 ж. желтоқсан - Қазак. драма театры кұрылды, қазір М. О. Әуезов атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді академиялық мемлекеттік драма театры. Тұңғыш спектаклі - «Еңлік-Кебек» трагедиясы, 1926 ж., 13 қаңтар.

1928 ж. 10 қазан - Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны - Қазақ педагогика институты ашылды, 1935 ж. оған Абай есімі берілді, институт 1978 ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

1928 ж. мамыр - Қазақстанның астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді.

 

ТАБИҒИ КАЛЕНДАРЬЛАР

Қазір Жер шарындағы халықтардың жалпы саны 6 миллиардтан асты. Олар, шамамен айтқанда, 2500 түрлі тілде сөйлейді. Халықтардың мекені, шаруашылығы, даму дәрежесі әр түрлі. Ғылымы мен мәдениеті жоғары сатыға көтерілген елдер космос корабльдерін жасап, Әлем кеңістігін зерттеуге кірісті. Алайда мәдениеттен мүлде кенже қалған тайпалар да бар. Сондықтан дүние жүзіндегі халықтардың календарьлары да әр түрлі.

Календарьларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншісі - жер бетіндегі құбылыстарға, дәлірек айтқанда, ауа райының өзгерістеріне негізделген календарьлар. Әдетте оларды табиғи календарьлар дейді. Екіншісі - аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген календарьлар. Бұлар астрономиялық негізі бар календарьлар деп аталады. Тағылық дәуірден шықпаған халықтарда ешқандай календарь болмайды. Шаруашылықтың белгілі бір түрімен жүйелі түрде айналысатын халықтарда табиғи календарьлар қалыптаса бастайды. Жыл басы мен жылдың бөліктері әр жерде әр түрлі болатындықтан, табиғи календарьлардың түрлері өте көп болады. Осы күнгі мәдениетті халықтардың бәрі де ерте замандарда табиғи календарьларды пайдаланған, астрономиялық календарьларға бертін жеткен. Табиғи қалендарьлар - адамзаттың балалық шағына сәйкес календарьлар, алдымен солар пайда болған.

Астрономиялық негізі бар календарьлар принциптік жағынан алғанда төрт түрлі: 1) күн календары, Күннің қозғалысына немесе белгілі бір жұлдыздың, мәселен, Сүмбіле жулдызының, қозғалысына негізделген, 2) ай календары, Айдың қозғалысына негізделген, 3) ай-күн календары, мұнда уақыт ессбіп жүргізгенде Ай мен Күннің екеуінің де қозғалыстары еске алынады, 4) тоғыс календары, ол Үркер шоқжұлдызының қозғалысына негізделген. Осылардың бәрі де қолданылады.

Календарь жөнінде тыңғылықты білім алғысы келетін оқырмандар үшін григориан календарын ғана білу жеткіліксіз. Мәселен, жаңа жыл мейрамын Вьетнам халқы ақпан айында, Иран халқы наурыз айында, Эфиопия халқы тамыз айында, ал араб елдері кейбір жылдары сәуірде, кейбір жылдары қазанда өткізеді т. с. с. Григориан календары бұл мейрамдарды түсіндіре алмайды. Оқырмандар әр түрлі халықтардың календарьларынан хабардар болулары керек. Көптеген совет азаматтары туристік сапармен шетелдерге барады, кейбір мамандар шетелдерге барып қызмет істейді. Шетелдердің календарьларын білу қазір өмір талаптарыпың бірі болып отыр.

Қазіргі европалық календарь бізге римдіктерден келген, ал рим календарының өзі Ежелгі Египет календары негізінде жасалған. Араб календары Ежелгі Вавилон календарының жалғасы. Демек, осы күнгі халықтардың календарьларын толық түсіну үшін, ертедегі халықтардың календарьларын, календарьдың тарихын білу қажет болады.

Алдымен табиғи календарьларды қарастырып өтейік.

Уақытты өлшеу мен есептеу әдістерін алдымен пәлендей халық пәлен уақытта тауыпты деп кесіп айтуға болмайды. Ол жөнінде ешбір тарихи дерек жоқ. Календарь жазудан әлдеқайда бұрып шыққан. Біз календарь шежіресінің соңғы 50-60 ғасырып ғана сөз сте аламыз. Тарихи материализмнің негізгі қағидаларына сүйене отырып, осы күнгі анайы халықтардың тұрмысына қарап алғашқы календарьлардың сипатып айта аламыз.

Жер бетіне адамзат пайда болғалы шамамен алғанда 100-125 мың жылдай уақыт өтті. Бірақ мұның көбі тағылық дәуірге келеді. Тағылық заманда календарьдың болуы мұмкін емес. Уақыт есебін жүргізу, алғашқы календарьды жасау тек жер кәсібі мен мал шаруашылығына көшкен варварлық заманда ғана басталады. Мәдениеттей кенжеқалған халықтардың тұрмысы бұл жайды толық сипаттайды.

Орталық Австралияның бұталары арасында, Индонезия мен Оңтүстік Американың тропиктік жыныс ормандарында бірен-саран отырықшылықты, жер кәсібін, мал шаруашылығын, балшықтан ыдыс жасауды білмейтін тағылық тұрмыстан шықпаған тайпалар осы күні де бар. Бұл ну ормандардың ішінде қаңғырып жүріп жеміс теріп, аң аулап күнелтетін тайпаларда уақыт есебі жоқ. Олардың арифметикасы төрт пен бестен аспайды.

Тағы халықтардың уақыт жөнінде бұлдыр ғана түсінігі болады. Олар күн мен түнді айыраду, аңдар мен балықтардың молырақ кездесетіп маусымдарын аңғарады, аңдардың төлдейтін кездерін біледі. Бірақ олар уақыт есебін жүргізбейді. Тағылар дүниені бертінде жаратылған деп долбарлайды. Мысалы, Бразилиядағы (Оңтүстік Америка) бакаир тайпасының адамдары XIX ғасырда неміс саяхатшысы Фон-ден-Штейненге: «Біздің ұлы аталарымыз дүние жаралғанда осы жерде тұрыпты» деп мәлімдеген.

Мал шаруашылығы мен егіншілікке көшкен халықтар жыл мезгілдерін айыра біледі. Алғашқы кезде бұл айыру дөрекі, шамалы түрде ғана, мысалы, өзендердің тасуы, тұрақты желдің есуі, қардың жаууы сияқты жер бетіндегі табиғи құбылыстар бойынша жүргізіледі.

Үнді мұхитының аралдарындағы бірталай халықтар жылды муссон желі бойынша анықтап отырған: әрдайым мамыр айы қезінде оцтүстік-батысқа қарай муссон соға бастайды. Ол 180-185 күнге созылады. Содан кейін муссон кейін шалқып, мамыр айына дейін солтүстік-батысқа қарай соғып тұрады. Осыған сәйкес Үнді мұхитындағы халықтар жылды екі маусымға бөледі. Орталық Африканың кейбір халықтары ауа райының жауынды, ыстық және құрғақ болуына қарай, жылды үш маусымға бөледі. Ерте заманда Солтүстік Үндістанды мекендеген тайпалар жылды ауа райына қарай, алты маусымға бөлген. Финляндияның ертедегі халқы жылды қардың түсуі меп кетуіне қарай, қыс пен жаз деп, екі бөлікке ғана бөлген. Ежелгі финдерде «көктем», «күз» ұғымдары болмаған.

Халықтардың көпшілігі жыл мерзімін жаз, күз, қыс, көктем сияқты маусымдармен есептеген. «Пәлен оқиғадан бері бес жыл өтті» деудің орнына олар бес жаз немесе көктем өтті деген. Мұны орыс тілінен анық көреміз: пять лет - бес жыл, түпкі мағынасы - бес жаз. Қазақ тіліндегі «жас» ұғымы да сол ертеден қалған сарқыншақ: бала жеті жаста мектепке барады - бала жетінші жазда мектепке барады, бәрібір.

Шаруашылығы күрделіленіп, мәдениеті біртіндеп ілгері басқан сайын халықтардың уақыт жайындағы түсініктері молайып, калепдарьдың өрісі кеңи берді. Жылды бұрып екі, үш, төрт, алты бөлікке бөлген халықтар одан да көбірек бөліктерге ажырататын болды. Осыдан жылдың бөлшектері - ай есебі туды. Бірақ алғашқы кезде бұл тиянақсыз, әр тайпаның күнкөрісі шеңберінен асып шыға алмайтын, шалағай есеп болды. Жыл ішінде шамалап алғанда 365 күн болатынын, онда 30-31 күннен 12 ай болатынын адам баласы ондаған мың жылдар бойындағы өмір тәжірибесі арқылы ғана түсінді.

Халықтардың көпшілігі жылды 8, 10, 12, 13, 18 айға бөлген. Олардың айлары шаруашылык, маусымдарымен тығыз байланысып келді. Бұл жайды төмендегі мысалдардан көреміз. Бұдан 250 жыл бұрын атақты орыс саяхатшысы С.П.Крашепинников (1711-1755) Камчатка түбегіндегі ителмендердің (ескі терминология бойынша камчадалдардың) календарын жазып алған. Ителмендер жылды мынадай 10 айға бөлген:

1. кеулаол-кулеч - өзен қататын кез

2. кыжатпы-кулеч - сонарға шығатын кез

3. чюжлингеч-кулеч - күнадан тазаратын кез

4. кукамлилинеч-кулеч - аяздың қаттылығынан балтаның сабы сынатын кез

5. қыдыхшкойнеч-кулеч - күн ұзаратын кез

6. шижо-лахтаки-кулеч - ит күшіктейтін кез

7. кууль-кулеч - нерпалар күшіктейтін кез

8. кожа-кулеч - үй бұғылары бұзаулайтын кез

9. каю-кулеч - жабайы бұғылар бұзаулайтын кез

10. куйткожалидеч-кулеч - балық аулайтын кез.

Мұндағы алдыңғы тоғыз «айда» 24-25 күннен, жалғыз оныншы «айда» 135-140 күн бар деп есептелгеп. Жыл басы - кеулаол, қыркүйекке сәйкес келеді. «Кулеч» сезі «ай» ұғымын білдіреді.

Камчатка түбегі – Ресей Федерациясының қиыр шығысында. Ителмендер қазір халықтарының туысқан семьясында Конституциясында жазылған праволарын толық пайдаланып, шаруашылығы мен мәдениетін социалистік ұлттармен бірге өркендетіп отыр. Кеше ғана дерлік, XVIII ғасырда тиянақты календары болмаған халықтың Октябрь революциясынан кейін мәдениеттін кең жолына түсуі, мектептері мен кітапханаларының, ауруханалары мен театрларының жұмыс істеуі, кітап, газет, журналдар шығаруы - Коммунистік партия мен Совет үкіметінің ұлт саясатының ұлы жемістерінің бірі. Ал капиталистік және отаршыл елдер Азия мен Африканың, Америка мен Австралияның, мұхиттардағы көптеген аралдардың мәдениеті мещеу қалған жергілікті халықтарын қырғынға ұшыратты, олардың кейбіреулерінің тұқымы құрып кетті. Мәселен, XVIII ғасырдың аяғында Австралияның негізгі халқы 300 мың адам болған екен. Қазір содан қалған барлық мұрағат 60-ақ адам (1965 жылғы мәлімет бойынша). 1800 жылы Тасмания аралында 8 мың жергілікті тұрғын болған, 1900 жылы олардан ешкім қалмаған.

Тынық мұхиттың Самоа аралында тұратын жергілікті ұлыстар жылды 12 айга бөледі, сол маңда болатын палоло балығының ұрық шашарда аралға келу кезі жыл басы болып саналады. Самоалықтардың айлары мынадай:

1. палоло - ұрық шашу кезі

2. тутамара - егін әлі орылып біткен жоқ

3. утувамуа - мал әлі төлдеген жоқ

4. туутува - дақылдар әлі әбден жиналып біткен жоқ

5. фаору - ямс жемісі кепті

6. ло - нан ағашының жемісін жинау басталды

7. аунуну - садақ дайындау

8. олоаману - жабайы көгаршындарды аулау

9. палоломуа - палоло балықтарын аулаудың алғашқы кезеңі

10. тупалоло - палоло аулаудың соңғы кезі

11. мулифа - банан жемісін жинау

12. лотуага - нан ағашының жемісін жинау аяқталды.

Оңтүстіқ Американы мекендеген ежелгі индей тайпаларының бірі - инкалар жылды 12 айға бөлген. Олардың айлары былай аталған:

1. япуй кильа - жер жыртып, егін салатын ай (тамызға сәйкес)

2. койа райми килъа - патша әйелі мейрамының айы (қыркүйекке сәйкес)

3. ома райми кильа - жаңбыр мейрамының айы (қазанға сәйкес)

4. айа маркай кильа - өлген адамдарды қыдырту айы (қарашаға сәйкес)

5. капак Инти райми кильа - ұлы Күн мейрамының айы (желтоқсанға сәйкес)

6. капак райми кильа - жаңғыруға арналған үлкен мейрамнын айы (қаңтарға сәйкес)

7. паукар варай кильа - өсімдіктердің гүлдену айы (ақпанға сәйкес)

8. пача пукой кильа - өсімдіктердің пісіп жетілу айы (наурызға сәйкес)

9. инка райми кильа - инкалар мейрамының айы (сәуірге сәйкес)

10. айморзй кильа - орақ айы (мамырға сәйкес)

11. хаукай куски кильа - егінжайдың тынығатын айы (маусымға сәйкес)

12. чакра йонакуй кильа - дала жұмыстарының айы (шілдеге сәйкес)

Бұл айлардағы күндер саны тұрақты емес. Қай айда неше күн болатындығын абыздар жариялап отырған. Келтірілген тіркестердегі «кильа» сөзі «ай» ұғымын білдіреді.  Инкалар аспандағы Айды да «Кильа» деген. Ипкаша: Инта - Күн, койльур - жұлдыз. Йнкалар қазіргі Перу жерінде болған. Олардың басым көпшілігін XVI-XVII ғасырлардан испан шапқыншылары қырып тастаған.

Африкадағы гегеро негрлері дс жылды 12 айға бөлген. Қазақ тіліне аударғанда олардың айлары төмендегідей болып шығады:

1. шұқырларға жаңбыр суы толады

2. арқар коздайды

3. шұқырлардағы сулардың ақыры

4. жауын басылады

5. Күн суытады

6. құрғақшылық болады

7. жапырақ қурайды

8. қой қоздайды

9. лилиялар гүлденеді

10. сүтжапырақ шөпке жапырақ шығады

11. жауын басталады

12. сел қаптайды.

Бұл айлардағы күндер саны тұрақты смес, әр жылы ауа райына қарай әр түрлі бола береді.

Ежелгі славяндардың календары да табиғат құбылыстары мен шаруашылық маусымдарына байланысты болған. Мұны орыс халқының ерте кезден сақталып келе жатқан қолжазба кітаптарындағы (мысалы, 1056 жылы жазылған Остромир інжілі, 1144 жылғы інжіл т. б.) ай аттарынан айқын көреміз. Айлардың ескіше аттары аздаған өзгерістерге ұшыраса да, әр түрлі славян тілдерінде әлі де сақталып келеді.

Ерте кезде Қазақстан жерін мекендеген халықтардың календары да табиғат құбылыстарына негізделген: «аласапыран», «мамыр», «қыркүйек» т. с. с.

Бұл айтылғандардан төмендегідей қорытындылар жасауға болады. Біріншіден, алғашқы календарьлар жеке бір данышпан адамның немесе бір дарынды халықтың ойлап шығарған өнертабысы емес, көптеген халықтардың мыңдаған жылдар бойы жинақталған өмір тәжірибесінің нәтижесі. Екіншіден, алғашқы календарьлар жер бетіндегі табиғи құбылыстарға - қардың кетуі, өзендердің тасуы, дауылдардың соғуы, құстардың келуі тағы басқаларға, сайып келгенде ауа райына байланысты болған. Үшіншіден, алғашқы календарьлар әр түрлі болған, олардағы жыл басы, жыл ішіндегі айлар мен күндердің саны әр түрлі және әр халықтың тұрмысына сәйкес болған. Төртіншіден, алғашқы календарьларда сағат, мипут, секунд, ғасыр өлшемдері болмаған, ай есебі тиянақсыз болған.

Табиғи календарьлар тиянақсыз, әр тайпаның күнкөрісі шеңберінен асып шыға алмайтын, шалағай болды. Бірақ олардың көптеген кемшіліктерімен қатар бір тамаша ерекшелігі де бар: алғашқы календарьларда өмірден тікелей туған материалистік сарып айқын көрініп тұрады, оларда дүниеге, Жерге, планеталарға құдайлардың, патшалардың, жын-шайтандардың әсері болады дейтін діни ұғымдар мүлде жоқ. Негрлердің «шұқырға су жиылады», игелмендердің «бұғы бұзаулайды», самоалықтардың «жағаға палоло келеді» дегендерінде жаратылыстан тыс күштердің ешқандай көлеңкесі жоқ. Дүниені құдайлар мен патшалар билеп тұрады деп түсіндіретін ғылымға қайшы, идеалистік көзқарас бертін, таптық қоғамдар тұсында шыққан. Мұндай ұғымдарды еңбекші бұқараны қорқытып ұстау және еңбегін қанау мақсатымен, жәдігөй сопылар, алаяқ кардиналдар т. с. с. дін уағыздаушылар таратқан.

Табиғи календарьлар өз тұсында ежелгі халықтарға мүмкін қадарынша қызмет етті, олардың тіршілік мүқтаждықтарын өтеп, шаруашылықтарын ұйымдастыруға жағдай жасады. Бірақ бертіп келе, шаруашылық күрделіленіп, өндіріс құралдары көбейіп, еңбек бөлісу шеңбері кеңіген кезде табиғи календарь халықтар қажетін қанағаттандыра алмайтын болды. Жер құбылыстарына негізделген табиғи календарьдың дәлсіздігі мен дәрменсіздігі жыл сайын жұртты қаны қалдырып, жұтқа ұшыратып, жаппай сергелдеңге түсіретін болды. Ақырында бақытсыздыққа ұшыраған халықтар уақыт есебін көктен іздеп, табиғи календарьдан бас тартты. Тарихқа уақыт есебін аспан денелерінің қозғалыстары бойынша жүргізетін астрономиялық календарьлар келді. Мұндай календарьлар алдымен ежелгі Шығыстың - Азия мен Африканың көне мәдениетті елдерінде пайда болды. Біз енді осы елдердің ерте кездегі календарьларына жеке-жеке тоқталамыз.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-05-22 12:36:56     Қаралды-1765

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »