UF

РАМА ҮЛГІСІНДЕГІ ҚАҢҚАДАН ҒИМАРАТТАР ТҰРҒЫЗУ

Өйткені үлкен рамалы құралымдар көбінесе ұшақ және кеме құрылысында корпустарды құрастырып, жөндеуде, сондай-ақ спорт ғимараттары мен көрме павильондарының құрылыстарында қолданылады.

Рама име үлгісіндегі ғимараттардың жабуы құрылымдық элементтермен немесе құралымдар блоктарымен мынадай тәсілдермен құрастырылады: уақытша тіреулерде име ригельдерін жерде ірілендіріп құрастыру және оларды крандармен немесе басқа да жүк көтергіш механизмдермен, полипастармен, лебедкалармен жобалық жағдайда келтіретіндей етіп көтеру.

Фермалар түріндегі имелердің ригельдері өзінің габаритті мөлшері жөнінен темір жолда рұқсат етілген габариттен асып түседі. Сондықтан белдіктер мен ригель торкөзі құрастыру алаңына ұзындығы 12-12 метрден аспайтын жекелеген элементтер түрінде беріледі.

Ригель құрастыру алдында ірілендіріледі. Бұл ретте оның ірілендірілу деңгейі ригель мен құрастыруға қабылданып алынған жүк көтергіш жабдықтың массасына байланысты болады.

Ригельдің салмағы жекелеген жағдайларда 300 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан құрастыру вариантын таңдау оның құрылымдық шешімімен, жергілікті жағдайлар арқылы құрастыру жабдықтарының санына қарай, сондай-ақ экономикалық пайымдауларға сүйене отырып айқындалады.

Ригельді бөлшектеп құрастырған кезде олардың әрқайсысы бір немесе екі уақытша тіреулерге (10а-сурет) қойылады. Мұның үстіне төменгі жақта жұмысты болдырмас үшін тіреулер тек ригельдің тораптарының астына ғана қойылады.

Жүк көтергіштігі шамалы крандарды пайдалану мүмкіндігі бұл тәсілдің лайықтылығын бейнелесе, уақытша тіреулерге кететін қосымша болат шығыны, биікте орындалатын жұмыстардың ауқымдылығы, құрастыру жұмыстарының ұзаққа созылуы оның кемістіктері болып табылады.

Ригельдер басым жағдайда құралымдар қыртысында ұдайы мұқият өлшенген стеллаждарда көлбеу жағдайда ірілендіріледі.

10-сурет. Рамалык кұралымдардын ригельдерін күрастыру үлгісі: а -уакытша тіректерде бөлектеп кұрастыру; б - екі діңгекпен бүтін түрде кұра-стыру; I - баганалар; 2 - ригель; 3 - уакытша тіректер; 4 - қүрастырушы краны; 5 - домкрат түйіндері; б - діңгектер; 7 - діңгек тартпалары; 8 -зэкірлер


Мұның үстіне тұтастай немесе бөлшектеп құрастырудың қай түрін қолданса да ригель, соның бәрін түгелімен ірілендіріледі. Ол аталған құрылыстың көтерудің төменгі жағына салмақты көбірек түсірмеу үшін қажет. Құрылыстық көтерудің көлемі жобада есептелген және әрбір торапқа арналған жұмыс сызбаларында келтірілген.

Ұзындығы 35-40метр кеңдігі 6-12метр және салмағы 40-50тонналық құрастырылған жинақ блоктары қоймадан құрастырушы кранымен шығарылып, 2-3 платформаға салынады. Содан соң құрылыс алаңына жеткізіледі. Ригельді ірілендірілген блоктың тіреу торабының астына жобалық жағдайға келтіре бөлшектеп қойған кезде әрбір уақытша тіреуге қажетті жүк көтергіш деңгейіндегі домкрат қойылады. Ол төменгі белдіктері тораптың жобалық деңгейде болуын және артынан ригельді ажыратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Ригельді тұрақты бір тіреуден екіншісіне дейін әрбір элементі аударылып кетпейтіндей беріктілігі қамтамасыз етілетіндей етіп, бөлшектеп құрастырады.

Ригельдің барлық бөлшектерін құрастырғаннан жинақтық қосылыстар жобаға сәйкес өлшеніп, орындалғаннан кейін ажыратуға, яғни уақытша тіреулерді жұмысқа жолымен құрастырылған құралымдарды біртіндеп жұмысқа қосуға кіріседі. Ажырату сатылап жүргізіледі. Бұл ретте уақытша тіреулерге қойылған домкраттарды пайдалана отырып, ригель торабының әрбір сатыға түсу көлемі тексеріледі.

Толығымен құрастырылған ригельді бір кранмен көтерген кезде оның жұмысының есепті статистикалық үлгісі өзгеріске ұшырайды: төменгі белдікте және қиғашынан қойылған тіреулерде сығымдалу пайда болады, жоғарғы белдікте және сығымдалған қиғаш тіреуде тартылыс пайда болады, яғни белдіктер мен қиғаш тіреулерде күш түсу белгісі өзгереді, осының өзі ригельді көтерген кезде және қажетіне қарай оны күшейткен жағдайда элементтердің беріктігі мен алып жүру қабілеттерін қосымша тексеруді талап етеді.

Ригельді осындай тәсілмен жинақтау үймеретті түбірімен тұрғызудың жоғары қарқынынқамтамасыз ете отырып, жұмыстың басым бөлігін тікелей жерге орындауға мүмкіндік береді. Ригель екі кранмен немесе бағаналарды пайдалану жолымен көтеріледі.

11-сурет. Рамалык күралымдардын ригельдерін крансыз бүтіндей құрастыру үлгісі: 1 - бағаналар; 2 - ригель; 3 - көтергіш полиспаптар; 4 - сүйемелдегіш аркалықтар; б - кұрастыру тіректері; 6 - тежеуіш тартпалары



Ригельді екі кранмен көтеру вариантын қолданған кезде ірілендіру құрастыру басталатын үймереттің сыртында орналасқан тұрақты стеллаждарда жүргізіледі.

 

Жүк көтергішті қажетті деңгейдегі крандар болмаған жағдайда ригельдер полипасталармен құрастырылуы мүмкін (10в-сурет). Ол үшін бағаналар консольдермен жоғары сәйкестендіріп жобалануы керек. Ал консольдарға полипастардың жылжымайтын блоктары ілінеді. Көтеру жұмысы тік және көлбеу байланыстармен  жымдастырылған, екі ригельден тұратын блоктар арқылы жүзеге асырылады.

Ригельдердің екеуі де көлбеу жағдайда қарастырылады. Содан соң канттау жолымен тік жағдайға келтіріледі және олардың арасына көлбеу құралымдар мен жабулар орнықтырылады. Рригельдердің төменгі белдіктері тіреу тораптарының астына аяқ жақтарына полипастардың жылжымалы блоктары бекітілген көлбеу арқалықтарды алып келеді. Осылайша құрастырылған салмағы 500тонналық блокты әдетте әрқайсысының жүк көтергіштігі 160тонналық төрт полипастамен көтереді.

Бағаналарды да осындай көлбеу жағдайда жерде құрастырады және құлайтын шеврдің көмегімен тіреу топсасын айналдыра бұру тәсілімен жобалық жағдайға келтіріп қояды.

Тәжірибеде жұмыс тәсілдерінің құралымдық шешімдері тығыз байланысты және өзара қатысты өткіні ауқымды имелік үймереттерді құрастырудың сан түрі кездеседі.Осының өзі солардың ішінен оңтайлы шешімді таңдап алу мақсатында варианттап жобалаудың айқын мүмкіндігін тудырады.

Әдебиеттер:

 

  1. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
  2. Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
  3. Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
  4. Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
  5. Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006. 
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-13 14:53:31     Қаралды-2727

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »