ҚҰРЫЛЫС ӨНІМІНІҢ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Өндірістің сапалық көрсеткіштерін жақсарту қазіргі заманғы құрылыстың озекжарды міндеттерінің бірі болып табылады. Жобалау кезеңіндегі құрылыс өнімінің сапасы ғылыми-техникалық прогрестің казіргі дәрежесіне, колданылып жүрген мөлшерлік талаптарға сай келетіндей жоғарғы деңгейдегі жоба шешімдерімен айкындалады.
Жобалық шешімдер үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу процесінде жүзеге асырылады. Ал құрылыс өнімінің түпкі сапасы құрылыс-құрастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу мен пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдар мен құралымдардың сапасына байланысты.
Үймереттер мен ғимараттарды салу әдістері мен құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің технологиясын жетілдіру құрылысты интенсивтендіруге көмектеседі және оның тиімділігін арттырудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл саладағы техникалық саясаттың негізгі бағыттары мынадай: құрылысты индустрияландыру мен механикаландыру; ауыр және еңбек сыйымдылығын көп қажет ететін құралымдар мен бөлшектерді дайындау жөніндегі барлык жұмыс көлемін зауыттарға көшіру; олардың дайындық деңгейін арттыру; құрылыс объектілерін барынша тез қүрастырудың және құрастыру күрделігін азайту жолдары карастырылған жобалар жасау және оларды пайдалану; зауытта пайдалануға толық дайын құралымдар және бұйымдарды жиынтык түрде жеткізу; жұмыстарды кешенді механикаландыру мен автоматтандыруға негізделген жаңа жоғары өнімді технологиялык процестерді пайдалану.
Тек казіргі заманғы ғылыми-техникалык прогресс жетістіктерін ұтымды пайдалану және құрылыс (ғылыми - жобалау -құрылыс) өндірісінің озық үлгілері мен тәжірибелеріне сүйене отырылып баскарылса ғана бұл міндеттер ойдағыдай жүзеге асырылады.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, құрылыста қажетті сапа деңгейіне кол жеткізу құрылысқа катысушылардың бәріне: жоспарлау органдары, тапсырма берушілер, жобалаушы және құрастыру-құрылыс ұйымдары, жабдықтаушы зауыттар және бакы-лаушы органдарына тікелей байланысты кешенді проблема болып табылады. Сондықтан да өнімді жобалау, өндіріс және пайдалану кездерінде өнімнің белгіленген кажетті сапа деңгейін әрдайым камтамасыз ету жүйелі бакылау аркылы жүзеге асырылады және сапа деңгейіне әсер ететін жағдайлар мен факторлар (ГОСТ-15467-79) мақсаткерлікпен реттеліп отырылуға тиіс.
Құрылыстағы сапаны баскару жүйесін құрудың негізіне өнім сапасын мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесі алынады. Осы ережеге сәйкес сапаны баскару мемлекеттік, ведомстволық және өндірістік деңгейінде жүзеге асырылады (1.7-сурет). Құрылыстағы сапаны басқаруды мемлекеттік деңгейде құрылыс жөніндегі мемлекеттік департаменттер жүргізеді. Олардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: өнім сапасын жоспарлау, сапа-ны сактауға мемлекеттік бакылауды ұйымдастыру, сапаны жақсарту жөніндегі шаралар жасау.
Сапаны баскаруды ведомстволық деңгейін құрылыс министрліктері, территориялық бас баскармалар аткарады. Бұл деңгейдегі міндеттер мемлекеттік деңгейдегімен ұксас,тек ведомство шеңберімен шектеледі.
Сапаны басқарудың өндірістік деңгейі жобалау ұйымдарда, кәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарында (бірлестіктерде, фирмаларда, баскармаларында) ішкі өндірістік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік деңгей орындаушылық деңгей болғандықтан оның негізгі міндетіне қолданылып жүрген мөлшерлер мен кұжаттарға сәйкес сапаны камтамасыз өту жөніндегі шаралар жүйесін жасау жатады. құрылыс-құрастыру жұмыс-тарының сапасы әрбір өндірістік процестің орындалуына жүйелі бақылау жасау аркылы қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастыру тұрғысынан сапаға бақылау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Жүмыс өндірісінің барлық кезендерінде ішкі бакылауды жүргізу күрылыс ұйымының әкімшілік-техникалык қызметкерлерінің міндетіне жатады. Жұмыс өндірісіне жедел бакылау негізінен жұмыс басқарушыға, құрылыс шеберлеріне және бригадирге жүктеледі. Олар бақылауды үздіксіз және тұрақты түрде жүргізеді.
Сырткы бақылау (техникалык кадағалау) - тапсырыс бойынша құрылыс салынып жаткан тапсырма берушінің және жобалау ұйымының авторлык кадағалау м індеті.
Тапсырма берушінің техникалық қадағалауы (құрылысты салушының)- құрылысты салудың барлык мерзімінде жұмыс көлемі мен сапасына бакылау жасайды және мердігерден пайдалануға берілуге даяр объектіні кабылдайды. Тапсырма беруші алғашкы, аралык және түпкі кабылдау кездерінде бақылауға катысады, бұл жөнінде кұжаттар толтырылады.
Жобалаушы ұйымдардың авторлық қадағалауы құрылыстың сапасын жаксарту, салыну мерзімін кыскарту және пайдалануға берілетін объектілердің сапасын және жетілдірілген материалдар мен құралымдарды құрылыстарда пайдалануды жобалау, құрылыс ұйымдарының және тапсырма берушінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Авторлық кадағалау жобадан ауытқулар мен жұмыстардың орындалуында олқылықтар табатын болса құрылысты тоқтатуға кұқығы бар. Барлық табылған кемшіліктер толык түзетілгеннен кейін ғана жұмысты жалғастыруға рұқсат беріледі.
Жобалау ұйымдары құрылыстың сапасы және авторлык қадағалаудың мұкият жүргізілуі мен байкалған кемшіліктерді түзеу үшін толық жауап береді.
Пайдалануға берілетін үймереттер мен ғимараттарды кабылдауды ұйымдастыру. Құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау сапаны бакылаудың қорытындылаушы және ең жауапты түрі болып табылады. Қабылдау тәртібі ҚМЕ Ш-3-76 "Құрылыстары аякталған кәсіпорындарды, үймереттер мен ғимараттарды пайдалануға кабылдау. Негізгі ережелер" арқылы реттеледі. Тапсыру мен қабылдау екі кезеңде жүзеге асырылады. Тапсырма берушінің жұмысшы комиссиясының мердігерден объектіні алдын ала техникалық кабылдауы және мемлекеттік комиссияныңтүпкілікті қабылдауы.
Жарияланған-2016-10-12 16:32:56 Қаралды-3173
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина