UF

ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨНДІРІСІ

 

Пайдаланылуы жағынан жер ғимараттары гидротехникалық (плотиналар, каналдар, қашылар, көтермелер және т. б.), жолдар (автомобиль және темір жол төсемдері), ирригациялық және мелиоративтік (тоған су, әуіт, қарасу, суару және құрғату каналдары және басқа), өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстар (алаңдарды тігінен тегістеу, орлар, шұңкырлар және басқа) болып бөлінеді.

Пайдалану мерзімдеріне байланысты жер ғимараттары тұрақты (жолдардың, плотиналардың, жыралардың үйінділері, төсемдері, оларды үйуге алынған топырақ) және уақытша (ғимараттар мен үймереттердің іргетас үшін шұңқырлар немесе түрлі мақсатта пайдаланылатын құбырлар мен кабельдерді тарту) болады.

Тұрақты жер ғимараттары ұзақ уақыт пайдаланылады. Уақытша жер ғимараттары салынып жатқан ғимарат немесе үймерет аяқталғанға дейін ағынды немесе жер асты суларынын, әсерле- рінен қорғану, осы сияқты оларда ғимараттар мен үймереттердің жерасты бөліктерін салу немесе жерасты мағистральдарын тарту үшін пайдаланылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін уақытша ғимараттар бұзылып, алынып тасталады.

Жер ғимараттары әдетте шұңқыр немесе үйінді түрінде салынады. Өнеркәсіптік және тұрғын үй, азаматтық құрылыстарында алаңды тегістеумен, орлар және қазаншұңқырлар қазуға байланысты жұмыстар жиі атқарылады. Үймереттер қабырғаларының іргегастары үшін қазылатын орлардың ұзындығымен салыстырғанда ені мен тереңдігі үлкен болмайды.

Территорияны тігінен тегістеу құрылыс алаңын тазарту жөніндегі жұмыстар және қазылатын орлардың тереңдігі мен үйіндінің биіктігі көрсетілген геодезиялық бөлу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Жекелеген өнеркәсіптік үймереттер мен ғимараттардың, автомобиль және темір жолдардың, плотиналардың, бөгеттердің төсемдері үшін аландарды тігінен тегістеу, осы секілді объектілер іргетасгарының қуыстарын қайта жабу сапалы төсемдер қатарына жатады. Сондықтан олар құрамы, ылғалдылығы, орнықтылығы, тығыздығы, су өтқізгіштігі жөнінен белгіленген талаптарға жауап беруі керек.

Жұмысты жүргізу, топырақты орналастыру және оны үюге, үйіндінің орынын ойластырмай қайта-қайта ауыстыра беруге жол бермейтіндей тәртіп белгілейтін негізгі техникалық кұжат - жер жұмыстарының балансы болып табылады.

Құрылыс алаңы бойынша жер жұмыстарының балансы жоспарланған ойықтар қазу мен үйінділер жасау және оларды қайта жабу жұмыстарының көлемінен құралады. Ойықтарды қазудан және төсемдерді жасауға қажет деп алынған топырақ көлемі мен оларды қайта жабуға керек топырақ көлемінің айырмашылығы мейлінше аз болуы керек.

Топырақ көлемінің балансын анықтағанда үймереттердің салыну мақсатын, жалпы тегістеу белгілерін, жердің физикалық механикалық қасиеттерін, топыраққа қойылатын талаптарды, топыраққа деген қажеттілікті және т.б. ескеру қажет. Топырақ көлемінің балансын анықтаумен бір мезгілде топырақты мейлінше қысқа жолмен жылжытудың нобайы жасалады. Топырақты тасымалдаудың орташа арақашықтығы, яғни топырақ алынатын жерлер мен тәсемдер, үйінділер жасалатын орындар арасының қашықтығы анықталады.

Жер жұмыстары өндірісінің технологиялық үлгісі негізгі төрт жұмыс процестерінен құралады: топырақ алу, оны төсейтін, құрылыс жүргізілетін жерлерге тасымалдау, үйінді, төсем немесе атжал жасау, үймеретті өндеу, яғни шұңқырлар мен үйіндіні төсемді жобалық пішінге жеткізу.

Алғашқы үш процесс технологиялық және уақыт жағынан да өзара тығыз байланысты, ал төртіншісінің алдындағылармен байланысы жоқ, кейін де атқарыла береді. Әр процесті орындау үшін - арнаулы машиналар пайдаланылады. Алайда кешенді әдіс қолданылған жағдайда үш процестің бәрін де бір машинамен атқаруға болады. Оған мысал ретінде скреперді алуға болады. Онымен қазу, тасымалдау, түсіру, атжал жасалатын жерді тегістеу және алаңдарды тегістеу кезінде біржолата нығыздау, жердің өсімдік өсетін қабағын алу және оны атжалдарға жеткізу. жолдар мен каналдар және т.б. үшін ойықтар (окпандарды, шұңқырларды) жасагі, өңдеу сияқты жұмыстар істеледі. Экскаваторлардың атжалдағы жер жұмыстарын атқаруы туралы да осыны айтуға болады. Мұнда топырақты өңдеу және колданылатын жеріне жеткізу тасымал құралдарынсыз-ақ тікелей экскаватордың жұмысшы жабдығымен өткеріледі. Бұл әдіс аса үлкен емес шұңкырлар мен орларды. жолдар мен каналдар. т.б. үшін ойыктар жасау. оңдеу кезінде колданыдады.

Жер жұмыстарын экскаваторлармен жүргізу кезінде топырақты алыс кашыктыққа тасымалдауға тура келетін болса кешенді механикаландырылған әдіс –топырақты өздігінен копар ғыш автомобильдермен тасымалдауға көшу керек. Бұл әдіс ірі шұңкырларды қазуда, жолдар мен каналдар т.б. үшін топырак дайындауда пайдаланылады.

Негізгі технологиялык процестермен қатар жер ғимаратының пайдалану мақсаты мен жұмыс өндірісінің жергілікті жағдайларына байланысты қажет болған кездерде жалпы технологиялық нобайында есепке алынатын қосымша жұмыстардың да (тоң болып қатып қалған топырақты қопсыту. тасты жыныстарды ұқсату, үйінді жасалатын және төсем төселетін жерлерді даярлау жарқабақтарды, еңістерді өңдеу, орларды бекіту, т. б.) жүргізілуі мүмкін.

Жер ғимараттарын салудың бүкіл технологиялық процесінің барлық негізгі және қосымша операциялары машиналармен атқарылған жағдайда бұлар кешенді-механикаландырылған жұмыстар деп есептелінеді.

Қажетті машиналардың жинақтарын және жер жұмыстары өндірісінің әдістерін таңдау топырақтың түріне, жер бедері мен гидрогеологиялық жағдайларға. тұрғызылып жатқан ғимараттың түрі мен көлеміне, топырақты тасымалдаудың алыстығы мен көлік түрлеріне, құрылыстың мерзімдеріне және басқа да факторларға (себептерге) байланысты.

Жер жұмыстары өнідірісін кешенді-механикаландырылған әдіспен жүргізу үшін машиналарды дұрыс іріктеп, таңдап алудың негізгі шарттары төмендегідей:

-       технологиялық процеске қатысатын машиналар саны барынша аз болуы керек;

-        әрбір машиналар жинағының құрамынан негізінен бүкіл жинақтың жұмысын ұйымдастыру деңгейін және жұмыс өндірісінің қарқынын айқындайтындай бір немесе бірнеше жетекші машиналарды арнайы бөліп, белгілеу қажет;

-        машиналар жинағының құрамы топырақ алынатын жерлерден атжалдар немесе үйінділер, төсемдер жасалатын орындарға, топырақтың толассыз тасымалдануын қамтамасыз етуге тиіс;

-жинақтын құрамына кіретін әрбір машинаның еңбекөнімділігі жетекші машина (машиналардың) жұмысының барынша тиімді болуын камтамасыз етуі керек.

Негізгі процестердің үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін қосымша машиналарды жалпы пайдаланудың алмасудағы өнімділігі жетекші машинаның еңбек өнімділігімен тең немесе артық болуға тиіс.

Жұмыс кешенді-механикалацдырылған әдіспен атқарылғанда. мәселен, өздігінен қопарғыш автомашиналарға топырақ тиеу экскаватормен, үйінділерде топырақты тегістеу бульдозермен, топырақты тығыздау тығыздауышпен жүргізілгенде бұл талап мына шарттарға сай келуі керек

Qд<NaQa   Qa<NбQа  Qб<NкQк    

мұндағы  QдQaQбQк - тиісінше экскаватордың. өздігінен қопаратын автомашинаның, бульдозердің және топырақ нығыздағыш машинаның сменалық пайдалану өнімділігі сменасына м3 есебімен: NaNбNк - тиісінше өздігінен қопарғыш автомашиналар бульдозерлер және топырақты тығыздағыш машиналар саны.

Жер қазатын машиналар қатарына бір шөмішті экскаваторлар және үздіксіз жұмыс істейтін экскаваторлар (жерақазғыштар, роторлы, орлық, шынжырлы, карьерлік) жатады.

Жер казып-тасымалдайтын машиналар: скреперлер, бульдозерлер, бір шөмішті алдынан артатын тиегіштер.

Алаңды тігінен тегістеу тиісінше ҚМжЕ 111 - 8-76 "Жер ғимраттары" және ҚМжЕ Ш -4-80 "Құрылыстағы техника кауіпсіздігі", осы сияқты жұмыстар өндірісінің жобасының талаптарына толық сәйкес келетіндей жасалуға тиіс.

Тегістелетін үйінділерге топырақ көлденең қабаттармен немесе қабаттары 0,005-тен биік емес еңіспен салынады. Қабаттардың қалыңдығы топырақты тығыздауға пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың түрлеріне байланысты болады.

Топырағы тығыздалмаған қатты жерлерге жасалатын үйінділерге, төсемдерге кейін осынша мөлшерге шөгеді-ау деген есеппен топырақ молдау етіп салынады, мәселен, тасты топырақ үйілетін төсемдерге барлық топырақ көлемінің 6 пайыз, тасты емес топырақ үйілетін жерлерге барлық топырақтың 9 пайыз мөлшерінен артық салынуы керек.

Тігінен тегістеуде топырақты жылжыту немесе тасымалдау қашықтығына байланысты жер жұмыстарын жүргізу үшін мынадай машиналар мен жабдықтар ұсынылады: автогрейдерлер - 20 метрге дейін, бульдозерлер: 30-50 - ДТ - 54: 50-70 - ДN - 75, Т- 100; 70-100-Т - 130, Т- 180; өздігінен жүретін скреперлер: 300-1500 м - МАЗ - 529М шөмішінің көлемі - 8м3 дейін); 400-2500 МоАЗ - 546П (шөмішінің көлемі -9-10 м3).

Бір шөмішті экскаваторлар топырақты 1,5 км жылжыту үшін және скеперлерді қолдануға болмайтын құм топырақты жерлерде пайдаланылады. Ал өздігінен қопарғыш автомашиналардан түсірілген топырақ бульдозермен немесе экскаватор-тегістегішпен тегістеледі. Қабаттардың қалыңдығы пайдаланылатын тығыздаушы жабдықтарға байланысты болады.

Бірігуі жақсы топырақты тығыздау үшін пневмомашиналарға орнатылған жұдырықшалы, кереге көзді тығыздауыштар, таптағыш машиналар, ал сусымалы топырақты тығыздауға вибрациялык, вибротаптағыш нығыздауыштар пайдалану ұсынылады.

Территорияны тегістеу жөніндегі жұмысты қабылдағанда аландағы белгілермен еңістердің және топырақты тығыздау деңгейінің жобада белгіленген көрсеткіштермен сәйкес келетіндігін мұқият тексертіп алу қажет.

Тереңдігі 1,5 метрге дейінгі орлар мен шүңқырлар теріс күрекпен немесе драглайнмен жабдықталған бір шөмішті экскаватормен, ал тереңдегі 1,5 метрге дейінгілері тік күрекпен де қазылады. Өткіннің ені шұңқырларды теріс күректермен жабдықталған экскаваторлармен қазғанда олардың шөміштерінің-жерді тілу радиусының ең үлкен көрсеткіштері мен тілінген жердің тереңдігіне байланысты белгіленеді. Келесі істелер жұмыстар майданың үлғайту үшін қажетті жағдайда ені үлкейтіледі, жұмыс кеңейтілген өткін бойымен, экскаватордың иректеп жүруі арқылы атқарылады.

Ордың түбінде жұмыс шөміштің еніне тең ауқыммен жүргізіледі, экскаватор алымының өсін ор өсімен үйлестіріп отыру дұрыс, егер ор түбінің ені экскаватор шөмішінің енінен үлкен болган жағдайда өткін өсі ор өсі мен еңіс табанының арасында болуы керек (1 - сурет)

1 – сурет. Экскаватордың ор қазған кездегі өту өсі:

а – ордың төменгі ені экскаватордың шөмішінің енімен тең болғанда; б – ордың төменгі ені шөміштің енінен артық болғанда; 1 – ордың өсі; 2 – экскавтордың өту өсу; d – іргетас құрылымының ені; В  - ордың төменгі ені.

Ленталы және дарат тұратын іргетастар үшін шұңқырлар мен орлар енін іргестастар құралымдарының, гидроайырғыштардың (гидроизоляциялардың), қалыптардың, бекіткіштердің енінен 0,2 м үлкен болып белгіленеді. Еңісті шұңқырлар үшін еңіс табаны мен ғимарат (үймерет) арасының қашықтығы 0,3 м болуы керек.

Іргетастарға арналған шұңкырлар мен орларды түбіндегі топырақтың табиғи құрылымын бүлдірмей жасаған лазым. Шұңкырлардың түптері арнайы тазалау шөміштері бар бульдозерлермен, экскаваторлармен немесе тегістеуші машиналармен тазаланады. Шұңқырлардың түбіндегі топырақ жобаларда белгіленгеннен тек 5-7 сантиметр ғана кем алынуы тиіс, іргетастар орнатылатын шұңкырлардың түбінен топырақ алу тек қол күшімен аткарылады.

Топырақ алу циклды және үздіксіз жұмыс істейтін машиналар арқылы жүргізіледі. Бірінші топқа теріс күрекпен жабдықталған кәдімгі шөмішті экскаваторлар жатады. Ордың тереңдігі 7 метрден 13-ге дейін болғанда оларға ұзартылган тұтқалар орнатуға болады.

Бүгіндері кран-экскаватор жебесінің арқанына ілінгей немесе арнайы қатты штангіге бекітілген қосжақты грейдер тәріздес жұмысшы органы бар жабдықты пайдалану кең еріс алып келеді. Соңғы жылдары ені 1 м және тереңдігі 30 м дейінгі орларды қаза алатын арқанды кеңалымды ШГ-600 грейферлі қондырғылар және қатты штангілерге бекітілген электргидравлиқалық грейферлер, грейферлі механизмдер пайдаланыла бастады.

Үздіксіз жұмыс жабдықтары өнімді келеді, алайда бағалары қымбаттау және пайдалануда да күрделі болады. Бұл топқа гидравликалық орқазғыш жатады. Ол құмды, сазды, саздақ топырақты жерлерде тереңдігі 20 м және ені 0,5-0, 8 метрге дейінгі орларды қазуға арналған.

Соңғы жылдары дүниежүзілік тәжірибеде батыратын қондырғымен, бұрғылау сайманымен және бұзылған топырақты алып тастайтын қондырғымен жабдықталған топыракты блоктап қазатын машиналар өндіріске кеңінен енгізілуде.

Орларда бетон мен темірбетоннан тұрғызылатын тұтас қабырғалар топырақ ерітіндісін қолдану арқылы тігінен жылжитын құбыр атанған әдіспен салынады. Бетон қоспаларын төсейтін арнаулы жабдықтарға жиынына түтікті мұнара, бетон құятын секциялы құбыр, тірек шайбасы және бетон қоспасына арналған қауға кіреді.

Терендігі 20 метрге дейін орларда телескоптық бетонтосегішті колдануға болады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-12 14:17:02     Қаралды-1944

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »