UF

ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЖЫЛУ САҚТАҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІН КҮШЕЙТУ. ҚАЙТА САЛУ КЕЗІНДЕ ШІРУДЕН ҚОРҒАУ

 

  1. Құрылымдардың жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту
  2. Қайта салу кезінде шіруден қорғау

 

Құрылымдардың жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту

Ерте салынған ғимараттардың неғұрлым бөлігі жылу сақтағыш болғанша жаңа қағидалар талаптарын қанағаттандырмайды. Жылу сақтағыш деңгейін көтеру үшін тиімді жылу қорғағыш материалдар қолданылады.

Үймеретті жөндегенде сыртқы қабырғаларды жылыту өндірісі жасалу қажет. Үймереттің сыртына материалдарды орналастыру кезінде ылғалдылық өткізудің жоғары дәрежеде болуы сырт қабырғалардың  жылу техникалық көрсеткіштеріне салыстырмалы түрде кері әсерін тигізеді.

Үймереттің ішін жылыту үшін қолданылады: пенополидретондар, термореактивті материалдан жасалған, эковата; «Тиги-Кнауф» гипсті аралас панельдер; перпит иегізуеріндегі цемент, әктас, қоспалары бар жылы  сылаутар; минерал бөлшектері қосылған жылытқыш бояулар.

 

Жабын жылытуыштармен жылыту

1-қабырға фрагменті, 2-ағаш тығындар, 3-жабыстырғыш; 4-жылу сақтағыш; 5-бу өткізбейтін қабат; 6-қаптауыш жабындар; 7-өңдейтін қабат; 8-ағаш қайрақтар (брусок)

Жылу сақтағыш сылақтардан қорғау

1-қабырға фрагменті; 2-ағаш тығындар; 3-судан сақтауыш; 4-рейкалар; 5-құрғақ сылаң; 6-өңделген қабат

 

Бұрыштардың жылу сақтағышы бөлменің толық биіктігі бойынша жасалады; беті дайындалады; жылу сақтағыш жабыстырылады; бу сақтағыш қабат жағылады; металл торлар бойынша әсемдік өңдеу қабаты орындалады:

                                                                                       

Бұрыштардың жылу сақтағышы

1-жабынды жылу жақтағыш; 2-бу сақтағыш қабат; 3-өңделетін қабат.

 

Егер қабырға 20 мм  шамасында тегіс болмаса, ол қосымша тегістелу керек. Ол үшін ені 10 см болатын гипсокартонды панель беттер пайдаланылады. Жолақтарды периметрімен шамалайды, сонан соң аралас гипсті панельдер жабыстырылып, арасындағы жіктер бекітіледі. Еден араларындағы саңылаулар өткізбейтін материалдармен бітеліп, плинтустар салынады.

Есік және терезе өткелдерінің еңістеріне жылу сақтағыш салудың екі тәсілі бар:

1-тәсіл. Тақтаны терезелік ойықтың өлкесіне бөлігін шығарумен орнатады. Жабыстырғыш құралдары кепкеннен кейін терезе жақтуларына тығыздағыш тақталарды жабыстырады. Тақтаға ойылған жабындарды еңістерге жабыстырады. Шығып тұрған тақтаның бір бөлігін сызғышпен кесіліп алынады.

2-тәсіл. Тақтаны терезе ойығының бетімен бірдей қылып орнатады. Жабыстырғыш құралдары кепкен соң, терезе жақтауларына тығыздағыш ленталар жабыстырылады.

 

Қайта салу кезінде шіруден қорғау

Кәсiпорынды қайта салу кезінде конструкция жасауында кеткен ақауларда немесе қолайсыз жағдайларда пайдалану нәтижесінде арматуралардағы темірбетон конструкциясын қорғау қажеттілігі жиі пайда болады.

Арматураны қорғаудың ең тиімді тәсілі торкретбетон болып табылады. Конструкцияның ақаулы бөлшектерін қашаулар және балғалар немесе ұрғыш балғалар арқылы зақымдалған қорғаушы қабатын коррозиядан металдық щетка және құм арқылы тазарту аппаратымен тақырлап тазалайды.

Тақырланған арматурада 50х50 мм өлшемдерiнiң ұяшықтары бар диаметрі 2-3 мм сымдыторды бекітіп, зақымданған бөлшектерді брандспойттағы қысыммен жуып, және ол ылғалды емес, дымқыл бетті торкреттейді.

Бетонда қорғаушы қабаттың жетіспеуіннен арматурада каррозиядан оқшаулауға перхлорвинил материалын бетонның тегістелген бетіне лак және эмаль ретінде қолданады.

Бетті тегістеу торкретбетонмен жүргізіледі, яғни ондағы  бетон  қабатынының  қалыңдығы оның нақты бетонды қорғау қабат қалыңдығына байланысты және  ол 10 мм-ден кем емес болып келеді. Торкреттеу арматура каркасына бекітілген сымды тор арқылы жүргізіледі.

Бетон бетіне торкретбетонды жағу алдында оның бетін  мұқият саздан және шаң-тозаңнан қысымды сумен тазалап алады.

Жаңа және ескі бетонның бір-біріне жақсы бекітілуі үшін бет дымқыл болуы керек,сондықтан жууды торкреттеу алдына дейін 1-1,5 сағ бұрын жасалады.

Егер торкретбетон қабаты жағылғаннан кейін қорғаушы қабат қалыңдығы нормативке сәйкес келсе, онда лакті бояу жамылғысы керек болмайды.

Перхлорвинилді оқшаулағышты кептіріліп және қаттыланған торкретбетон қабатына жағылған топырақ қабатына 0,015-0,02 мм қабаты қалыңдығымен бояуатқышпен орындайды. Оқшаулағыш қабат саны бетонды қорғаушы қабат қалыңдығына байланысты 2-ден 4-ке дейін алынады.

Перхлорвинил тұтқырлығы 0,018-0,022 арасында ВЗ-4 вискозиметрімен қабылданады. Оқшаулағыштың кебуі 2-3 сағ жүреді.

 

Темірбетон құрылымдарды күшейту

        

Құрылыс құрылымдарды күшейтудің н.к.әдісі ғимараттар мен үймереттерді қайта салудың техникалық тапсырмаларына байланысты болады, яғни көлемдік-жоспарлық шешімдерін, пайдалану жағдайлары мен жүктемерінің өзгеруіне байланысты. Темірбетон құрылымдарды күшейтудің негізгі себептері:

- жүктемелердің  ұлғаюы, осының нәтижесінде әртүрлі құрылымдарға күшейту жұмыстары жасалады (үйді қайта құру, ғимарат құрылыс)

- қайта салынатын үймереттердің технологиялық жабдықтарын жақсарту, технологиялық процестеріне өзгеріс жасау;

- қолдану кезіндегі тозу ( көтергіш қабілетін жоғалту)

- құрылымдарды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде болатын құрылымның міндері (дефекты)

- кездейсоқ бұзулылар ( монтаждау және бұзу кезінде).

Жүк көтергіш қабілеттерінің ұлғаю тәсілдері:

- олардың кернеулі күйлерінің өзгермеуі немесе құрылымдық схемаларының өзгермеуі (темірбетон, металл, темірбетон жүйелер, обоймалар(құрсаулар);

- олардың кернеулі күйлерінің өзгеруімен немесе құрылымдық схемаларының өзгеруімен (алдын ала кернелген тіректер; металл арқалақ тортіректер, сүйеулер (подкосы), құрамалы созылулар.

Темірбетон бағандарды күшейтудің тиімді тәсілдерінің біріне темірбетон немесе металл құрсаулар орнату болып табылады.

Шатыр тіреуіш (мторца) құрылымдарды күшейту.

Итарқалар мен  арқалықтарға қосымша жүктемелер түскенде оларды толық  күшейту қажеттілігі туады немесе жеке бөлшектері мен бұрыштарын күшейту қажет болады.

Жабын металл формаларды күшейту тәсілдері:

А) қосымша кернелген шорнирлі-өзекті шынжырларгайкалармен бұрап орнатылады.

Б) жалпақ бопот немесе темірбетоннан жасалған металл қамыттармен форма бұрыштарын күшейту.

В) бұрыштардан шпренгель созылулармен тарту

1- ферма биіктігі бойынша бір қабатты күшейту.

4- көлденең тартпалар (тяжи)

5- күшейту қалыттары ( хомуты)

2-ферма ортасынан төменгі күшейтілуі

3- шарнирлі-өзекті шынжыр

6- бетон

7- шпренгель

8- тірек құрылғылар

9- тірек ( распорка)

10- керіп кигізілген бурандалар ( натяжные влиты)

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-12 14:07:22     Қаралды-2267

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »