UF

ТҰРҒЫН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ  ЖАҢҒЫРТУ  ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫ

 

Қазіргі кезде қала шаруашылығы техникалық саясатының құрамдас бір бөлігі жекелеген тұрғын үйлер мен азаматтык үймереттерді уақытылы ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу, жаңарту, қайта құру, ескі құрылыстарды бұзу, ертеректе салынған тарихи бағалы үймереттерді сақтау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл орайда тұрғын үй және ќоғамдык құрылысты қалпына келтіру, жаңарту, қайта құру сипатына мынандай негізгі факторлар әсер етеді: қаланың сипаты; қайта жаңғыртылатын құрылыстың қаланың жобалық құрылымындағы орыны; қайта жаңғыртылатын шағын ауданның, кварталдық, үймереттің сапасы. Бұдан басқа Қазіргі кезде осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын ғана салынған үйлер мен жаңа құрылыстарда да беріктігі жағынан қызмет ету мерзімі 100-125 жылға есептелгеніне қара­мастан қайта жаңғыртуды қажет ете бастауда. Бұндай үймереттерді қайта жаңғыртудың негізгі себебі олардың моральдық жағынан тозуы болып отыр, өйткені олар алғашқы үлгі жобалармен ас бөлмелерінің,ванналарының, кіре беріс бөлмелерінің көлемі кішірейтіліп, ас бөлмеге жататын бөлмеден кіретін етіліп, ванна мен тазалық жүйелері біріктіріліп салынған.

Қайта жаңғырту нәтижесінде жекелеген құралымдардың толық немесе жартылай алмастыру жолымен үймереттің сырттай то­зуы ғана емес, сонымен бірге пәтерлердің ішкі қайта жобалануы мен үймереттің тұтастай жақсылап жабдықталуына байланысты моральдық тозуы да азаяды.

Ішкі қайта жобалау екі түрлі болады, олар: жартылай және толық.

Жартылай қайта жобалау қолданылып отырған отбасылық қолданыстары тазалық жүйелерін, ванналарды, ас бөлмелерді қайтадан орналастыру арқылы, ретке келтіру жолымен жүзеге асырылады. Кей жағдайларда жартылай қайта жобалау пешпен жылытуды орталықтандырылған сумен жылытумен алмастыруға ұласады.

Толық қайта жобалауда пәтер жай көлемі мөлшерлі және жоғары деңгейлі жайлы жабдыкталған пәтерлерге жанұясымен қоныстандыру қарастырылған.

Толық қайта жабдықтау тәртіп бойынша қабырғаларының қалануы жақсы үймереттерге жүргізіледі, есік, шатыр аралықтары жаңасымен алмастырылады. Бұдан басқа, жаңа жобаны ұйымдастыру жекелеген жағдайларда басқыш алаңдарының орналасуын өзгертумен, қабат жоспарының құралымдық элементтерін қайта бөлумен, ал кейде үймереттің құралымды үлгісіне жаңа қабырғалар, діңгектер және басқа элементтер енгізумен қабаттас жүргізіледі.

Жұртка мәлім, күрделі тұрғын үйдің негізгі құралымдық элементтері - іргетас пен қабырғалар, сондай-ақ шатыр арқалыктары. Бұл орайда іргетас пен қабырғалар үймереттің алмастырылмайтын бөлігі болып табылады, өйткені олардың толық алмастырылуы ескісінің түгел бұзылып, жаңа үймерет салумен ұласар еді, сондықтан іргетас пен қабырғалардың қызмет ету мерзімі негізінен тұтастай үймереттің қызмет ету мерзімін айқындайды.

Үймереттің техникалық жағдайы мен қайта жаңғырту кезінде оның негізгі құралымдық элементтерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау үшін әртүрлі әдістер, оның ішінде көзбен шолу және механикалық әдістер, жекелеген үлгілердің лабораториялық сынау әдісі, құралымдарды заттаи сынау әдісі, радиотехникалық әдіс және басқалары қолданылады.

Негіздің топырағын нығайту. Негізгі нығайту қажеттілігін туғызатын негізгі себептер іргетас табанына түсетін күштің артуы және олардың салмақ көтеру қабілетінің төмендеуі болып табылады.

Қолданыстағы үймереттің негізінің топырағын нығайту үшін цементтеу, силикаттау, термиялық өңдеу мен сары топырақпен толтыру, электрлі силикаттау мен топырақты синтездік шайырмен бекіту қолданылады. Барынша терең зерттелген және сенімді, іргетастар табанының салмақ көтеру қабілетін арттыратын әдістер ірі қиыршықты құмды цементтеу, орташа және ұсак қиыршықты құмды екі ерітінділі силикаттау мен сары топырақты бір ерітінділі силикаттау болып табылады.

Іргетас табанын нығайту әдісін таңдауда топырактың жер асты суының жылдамдығы мен агрессивтілігі, сондай-ақ, топырақтың мұнай өнімдерімен, шайырмен, маймен және басқа химиялық  өнімдермен былғануы маңызды орын алады.

Іргетастарды нығайту. Іргетастарды нығайту әдісін таңдау олардың пішінінің өзгеруін туғызған немесе беріктігінің бұзылу себептеріне байланысты. Іргетастарды нығайту мына~ әдістердің бірімен жүргізіледі: іргетас қалауын нығайтумен, іргетастардың тірек алаңын кеңейтумен,салмақты топырақтың төменгі қабатына түсірумен, қолданыстағы үймереттің іргетас тереңдетумен. Барынша тиімді және қауіпсіз әдіс цементтеу болып та­былады.

Іргетастың тірек алаңын кеңейту іргетас табанын алдын-ала тығыздап алу арқылы тұтас темірбетоннан немесе бетоннан, құрамалы темірбетоннан, шой тастан қаланған тиянақты орнату жолымен жүзеге асырылады. Бұл әдістің ерекшелігі табиғи негізді жаңа қосымша алаңның іске қосылуы болып та­былады, сондықтан мұнда жанастыра салынған бөліктердің табанындағы топырақтың алдын ала тығыздалуы мен түйіскен жерлердің қажетті беріктігі мен іргетастардың қаттылығының қамтамасыз етілуі айрыкша маңызға ие.

Салмақты топырақтың төменгі қабатына түсіру салмалы қадалар немесе түсірмелі кұдыктар орнату арқылы жүзеге асыры­лады. Қолданыстағы іргетастардың көтеру қабілетін арттыруға бұрғылап, кейін бетондау жолымен орнатылатын құйма бетон­нан жасалған салмалы қадалар жақсы нәтиже береді. Түсірмелі құдықтар әдетте іргетастың астына орналастырылады, бірақ одан шеткері орналастырылуы да мүмкін. Ќұдықтар бетоннан және темірбетоннан жасалады, пішіндері дөңгелек, тік бұрышты, эл­липсоиде, текше болады.

Қолданыстағы үймереттің жертөлесін салғанда және кеңейткенде оған жақын жерден біршама терең жертөле немесе кол­лектор, туннел салғанда жаңағы үймереттің іргетастың тек құрғақ және ылғалдылығы төмен топырақта ғана тереңдетуге болады.

Тұтастай инженерлік тәжрибеде іргетастарды нығайтудың бірнеше әдісін үйлестіру жиі қолданылады. Бұл орайды осы әдістердің әрқайсысын тиімді пайдалану саласы қолданыстағы іргетасты техникалық жағдайына қарай айқындалады.

Тұрғын үйлер мен коғамдык үймереттердің жердің бетіндегі бөлігінде негізгі құралымдардан қызмет ету мерзімі тас қабырғалар мен іргетастың қызмет ету мерзімінен кем аралықтар (яғни, ағаш Арқалықтар) ғана алмастырылады. Өз кезегінде тозған ағаш Арқалықтарды жаңа ағаш немесе құрамалы темірбетон арқалықтармен алмастыруға болады.

Қолданыстағы ескі ағаш Арқалықтарды түгелдей жаңасымен алмастырғанда аралық түрі мен оның құралымдық үлгілерін таңдау керек. Арқалықтың түрі мен құралымы өз кезегінде үймереттің көлемдік жоспарлау үлгісіне және үймерет қабырғасының тозу пайызына байланысты калған қызмет мерзіміне сәйкес қолданылады.

Өнеркәсіптік ғимараттарды қайта жаңғыртуға дайындаудың маңызды сатысы жұмыс істеп тұрған ғимаратты зерттеу мен жұмыс істеу жағдайын анализдеу болып табылады. Тексеру көлемі объектіні қайта жаңғыртудың қабылданған шешіміне байланысты анықталады. Өнеркәсіптік ғимаратты қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты болып мыналар қабылдануы мүмкін:

  • өнеркәсіптің өндірістік қуатын арттыру;
  • шығарылатын өнімнің түрін өзгерту;
  • шығарылатын өнімнің номенклатурасының кеңеюі;
  • өнімнің сапасын жоғарылату;
  • шығарылатын өнімге кететін шығындарды кеміту;
  • еңбек өнімділігін арттыру;
  • жұмыс істеу жағдайын жақсарту;
  • өрт қауіпсіздігін арттыру;
  • қоршаған ортаны қорғаудың жоғарылатылған талаптарын орындау.

Көп жағдайда өнеркәсіптік ғимараттарды қайта жаңғыртуды орындау барысында бір емес бірнеше мақсаттарға қол жеткізіледі.

Мысалы, өнеркәсіптің өндірістік қуатын арттыруды қамтамасыз ететін қайта жаңғырту жұмыстарында шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылату, жұмысшылардың жұмыс істеу жағдайын жақсарту және т.б. бойынша шаралар қатарын ескереді. Сондықтан, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіпті зерттеу сатысында оның жұмыс істеу жағдайын мұқият зерттеп, қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін басты тапсырмаларды нақты анықтау. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіпті зерттеу мен жұмысына анализ жасау үшін келесі әдістерді ұсынуға болады. Біртұтас тексеру әдісінің мәні осы өнеркәсіппен шығарылатын өнім өндірісінің барлық технологиялық схемасы зерттеледі (өндіріс сипаты, шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді дайындаудың технологиялық схемалары, көмекші және негізгі цехтардың, ғимараттар мен үймереттердің құрамы, олардың жұмыс тәртібі, технологиялық жабдықтар мен құрылыс конструкцияларының жағдайы, әрбір цех және бүкіл өнеркәсіп бойынша жұмысшылардың жұмыс істеу жағдайы, өндірістің өрт қауіптілік пен газдану, шаңдану уческелері, инженерлік жүйелердің, алаң ішіндегі және  цех ішіндегі транспорт жолдарының және т.б. жағдайы).Бұл әдіс толығырақ әрі бөлшекті (детальным) болып табылады, дәл әрі сенімді мәліметтер береді, бірақ көп еңбек және уақыт шығынын қажет етеді. Оны өнеркәсіпті толық қайта жаңғыртуда қолданған дұрыс.Таңдамалы тексеру әдісінің мәні өнеркәсіп орны толық зерттелмейді,тек арнайы таңдалған бақылау объектісі ғана (бөлек цехтар, технологиялық желілер, инженерлік желілер, жеке конструкциялық элементтер немесе ғимараттың түгел қаңқасы және т.с.с.). Таңдамалы зерттеу негізінде өндірістің тар жерлері, жеке цехтарды, ғимараттар немесе үймереттерді қайта жаңғырту, жабдықтардың, ғимараттың, т.с.с. конструктивтік элементтерін ауыстыру немесе күшейту керектігін анықтау. Бұл әдісті өнеркәсіптік ғимараттарды бөлшектеп қайта жаңғыртқанда (жеке цехтарды, коммуникацияларды, ғимаратты немесе үймеретті, жабдықтарды, т.б.) қолданған дұрыс.

Қайта жаңғырту жұмыстарының сатыларын, мерзімін және кезектілігін анықтайтын негізгі құжат болып қайта жаңғыртуды ұйымдастыру жобасы мен жұмыс өндірісінің -жобасы твабылады, олар ҚН 47-12 «Құрылысты ұйымдастыру жобасы мен жұмыс өндірісінің жобасын өңдеу бойынша нұсқауларға» сәйкес жасалуы керек. Қайта жаңғырту жобасының бастапқы мәліметтері қайта жаңғыртылатын ғимараттың материалдарын тексеруі мен тексергеннен кейінгі ұсыныстар.

Жобалау мекемесімен өңделетін қайта жаңғыртуды ұйымдастыру жобасы келесі құжаттармен берілуі тиіс:

  • қайта жаңғыртудың күнтізбелік жоспары;
  • құрылыстың бас жоспары;
  • жұмыс істеп тұрған цехтардың, ғимараттардың, имараттардың, коммуникациялар мен желілердің немесе қиратуға берілген ғимараттардың орнына тұрғызылып жатқан жаңа объектілердің қайта жаңғыртуының ұйымдастыру – технологиялық схемалары;
  • объекті, түйіндер, қосқыш кешендер және қайта жаңғыртудың этаптары бойынша жұмыс көлемдерінің ведомосты;
  • керекті құрылыс конструкцияларының, бұйымдардың, материалдардың, детальдардың, барлық қайта жаңғырту объектілері бойынша жабдықтардың қажеттілік графигі;
  • барлық қайта жаңғырту объектілері бойынша негізгі құрылыс машиналары мен механизмдерінің қажеттілік графигі;
  • еңбек ресурстарындағы қажеттілік графигі;
  • күрделі жұмыстарды орындау бойынша шешімдер;
  • түсініктемелік жазба.

Бас мердігермен өңделетін жұмыс өндірісінің жобасының құрамында келесі құжаттар өңделеді:

  • бөлек объектілер, түйіндер, ғимараттар және әрбір объектінің монтаждық горизонты, түйіндері, ярустары бойынша жұмыс өндірісінің графигі мен күнтізбелік жоспары;
  • әрбір объекті бойынша және рельс жолдарын орналастыру мен монтаждық крандарының жұмыс істеу аймағын, уақытша және тұрғылықты жолдарды, энергиямен және жылумен қамтамасыз ету, байланыс жүйелерін, қоймалар мен алаңдарды қамтитын  күрделі жұмыс кешендері бойынша құрылыстың бас жоспары;
  • объектігі құрылыс конструкциялары, бұйымдар, материалдар, жартылай фабрикаттар, құрастыру ведомосты бар жабдықтардың келуінің графигі;
  • жұмысшылардың мамандықтары бойынша әрбір қайта жаңғыртылатын объекті бойынша жұмысшы кадрларының қажеттілік графигі;
  • күрделі қондырмалардың және қайта жаңғыртылып жатқан объектінің спецификалық жағдайында қолданылатын арнайы жабдықтар;
  • жұмысты көп қажет ететін процестерді кешенді механизациялауға арналған жинақтау нұсқаулығы бар құрылыс машиналары мен механизмдердің қажеттілік графигі;
  • технологиялық карталар мен қайта жаңғырту жұмыстарының негізгі түрлерін, құрылыс машиналарының тар жағдайда монтаждауының, бұрыннан бар және жаңадан монтаждалған конструкцияларда түйістірмелерді орналастыруды  ұйымдастыру схемалары;
  • тар жағдайда орындалатын, жұмыс өндірісінің тәсілдері мен кезектілігі сипатталған, керекті құрал – сайман таңдалып, жұмысшылардың, машиналар мен механизмдердің еңбек шығыны есептеліп қойылған салыстырмалы жеңіл процестерді орындауға жұмысшы орындарын ұйымдастыру схемасы;
  • еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар.

өндіріс процестерінің дайындығы сонымен қатар, құрылыс – монтаждау жұмыстарының сапасын көтеру бойынша кешенді шараларды да қамтиды, ол бригадалар орындайтын  кіру, операциялы және қабылдау бақылау жолымен және жасырын жұмыстар мен қайта жаңғыртылып жатқан ғимараттың аяқталған конструктивтік бөліктерінің бақылауы арқылы іске асады.Қайта жаңғыртылып жатқан ғимаратты материалды – техникалық қамтамасыз етуге дайындық келесілерді анықтауды қарастырады – жеткізудің түрі, номенклатурасы, көлемі мен мерзімі бойынша; жеткізушілер мен жергілікті құрылыс материалдарды қолдану мүмкіндігін анықтау, сонымен қатар, бұрын бар ғимараттарды немесе имараттарды бұзған кезеде алынатын материалды – техникалық ресурстарды анықтау. Конструкциялардың, бұйымдардың, материалдардың, т.с.с. қажеттілігі қайта жаңғыртудағы құрылыс – монтаждау жұмыстарының көлеміне байланысты жобада ескерілген есеп бойынша анықталуы керек.Қайта жаңғыртуды материалдық – техникалық қамтамасыз ету өндірістік – технологиялық комплектация негізінде іске асырылуы тиіс, ол керекті конструкцияларды, бұйымдарды, материалдар мен жабдықтарды жеткізу қатаң түрде өндірістің технологиясына, қайта жаңғырту жұмыстарының ұйымдастырылуы мен мерзіміне байланысты.

Унификацияланған мөлшерлік – технологиялық құжаттаманы дайындау үшін қайта жаңғыртылып жатқан ғимаратты технологиялық жұмыс кешендеріне бөледі, соған сәйкес ғимараттың конструктивтік элементін тұрғызу үшін конструкциялардың, бұйымдардың, жартылай фабрикаттар мен материалдардың керектігі мен жеткіліктілігін білдіретін материалдық ресурстардың технологиялық комплектісі анықталады.Мөлшерлік – технологиялық құжаттаманы тапсырыс берушімен есептесу үшін қайта жаңғырту жұмыстарының кезеңдері бойынша жасаған жөн.

Унификацияланған мөлшерлік – технологиялық құжаттаманы өңдеу үшін келесі бастапқы мәліметтерді қолданады:

  • объектіні қайта жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттама;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыруы бойынша ЖӨЖ негізгі шешімдері;
  • жұмыс түрлері бойынша негізгі материалдық ресурстардың шығынының өндірістік мөлшері;
  • жұмыс көлемдерінің ведомосты;
  • материалдарға МЕСТ.

Сонымен бірге унификацияланған мөлшерлік – технологиялық құжаттаманы өңдеу кезінде объектіні қайта жаңғырту ерекшеліктерін, соның ішінде құрылыс алаңының тарлығынан туындайтын шектеулерді ескерген жөн, ол материалдар мен конструкциялардың мөлшерлік қорын құруға кедергі жасайды; кейбір жағдайларда қазіргі заманғы машиналар мен механизмдерді арту – түсіру жұмыстарында қолдану мүмкін болмайды, номенклатура мен конструктивті және көлемдік – жоспарлық шешімдердің әртүрлілігі, т.с.с. 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-12 13:47:45     Қаралды-5921

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »