UF

Ірі панельді үймереттерді тұрғызу

 

Ірі панельді қаңқасыз үймереттердің құрылымының негізіне олардың барлық элементтерінің бірлескен кеңістік жұмыстарының, қабырғалар құралымдарында арқалықтар мен қоршау функцияларының міндеттерін үйлестіру принциптері алынған. Бұл үймереттер элементтерінің түрлері мен мөлшерлерінің салыстырмалы түрде алғанда аз болатындығымен ерекшеленеді.

Құрастыру жұмыстары басталғанға дейін шұңқырдағы жер жұмыстары аяқталып және жер асты коммуникациялары (жүйелері) орнатылып, бітуге тиіс.

Ірі панельді үймереттердің құрама элементтерін құрастыру алымдар бойынша жүргізіледі, олардың әрқайсысына бір немесе екі секция кіреді, бұл процестердің үздіксіздігін және ырғақтылығын, яғни өндірістің тасқындылығын қамтамасыз етеді.

Осы сияқты үймереттің жерасты бөлігін салу жұмыстары да алымдар бойынша жүргізіледі, екінші алымдағы жер жұмыстары бірінші алымның шұңқырындағы құрама элементтерді құрастырумен біріктіріліп, үйлестіріліп атқарылады.

Үймереттердің құрама элементтері құрастыру аймағына тікелей тасымал күралдарынан немесе тиісті алымдардың қарсысына орналастырылған құрастырушы кранының жұмыс істейтін аумағындағы объекті жанындағы коймалардан әперіледі.

Үймереттің жерасты бөліктерінің құрамалы іргетастары, жертөлелердің қабырғалары және басқа элементтері мұнаралы крандармен, осы сияқты автомобиль және жебелі крандармен жабдықталады. Үймереттің жерасты бөлігін рельс бойымен жүретін крандармен құрастырудың құны жыланбауыр табанды жебелі немесе пневмодоңғалакты крандарды пайдаланудан арзанға түседі. Алайда бұл максаттарға мұнаралы крандар аз пайдаланылады, өйткені кран жолдары сыртқы қабырғалардың қуыстарын толтыруды қиындатады және жерасты бөлігінің барлық құрастыру біткенге дейін үймерет айналасындағы территорияны көріктендіру жөніндегі жұмыстарға бөгет жасайды.

Ірі панельді үймереттерді құрастырудың кезегі үймерет бөліктері мен элементтерінің құрылымдық ерекшеліктеріне, олардың қаншалықты берік орналастырылғанына және құрастырудың қауіпсіздік деңгейіне қарай анықталады.

Ірі панельді үймереттерді құрастыру кезегінің түрлі үлгілері бар. Мына принциптерді есте ұстау керек: құрама элементтерді жобалық жағдайына әрбір келесі панельді оның алдындағы орнатылған панельмен түйістіру және оларды электрмен пісіру, мұның мақсаты - жабылған ұяшықты қаттылық өзегі ретінде камтамасыз ету, құрастыру маякты (базалық) ұяшықтар құру-дан басталу керек, оның қатарына сыртқы бұрыштар және үймереттің табалдырық клеткалары кіреді. Әдетте құрастыру үймереттің сыртқы бұрыштарынан басталады, өйткені сыртқы қабырғалардың алғашқы екі панелі (көлденеңі мен көлбеуі) бойынша орнатылғаннан кейін қатқыл торап пайда болады, ол құрылымдардың кеңістіктігі бойынша өзгермеуін қамтамасыз етеді. Құрамалы элементтерді кранға қарай құрастыру ұсынылады, яғни оны краннан ең алыс орналасқан панельден бастау керек, бұл кейін краншыға келесі элементтер орнатылатын жерлердің жақсы көрінуін қамтамасыз етеді. Егер екі құрылыс краны болған кезде құрастыруды әр кранға ең жақын орналасқан үймереттің сыртқы бұрышынан бастау керек.

Толық құрамалы үймереттерді құрастыру жөніндегі жұмыстар өндірісінің жобасында құрамалы элементтерді жобаға сәйкес орналастырудың кезектігін көрсететін нөмірлерді белгілеуге ерекше мұкият бөлу қажет. Элементтік нөмірлері үймеретті қабаттар бойынша құрастыру жоспарында белгіленеді және элементтерді орнату кезегі строптар мен элементтерді көтеріп әперетін косалқы жабдықтарды жиі алмастыруға әкеліп соқпауы керек.

 

Ірі блокты және панельді-блокты үймереттерді тұрғызу

 

Ірі панельді үйлерді салумен қатар тұрғын үйлерді блокты және панельді-блокты құрылымдық үлгілер бойынша салу кең қанат жайып келеді.

Блокты үлгілі үйлерде ең жоғары зауыттық әзірлік деңгейі қамтамасыз етіледі, өйткені блоктарды дайындау, жинақтау, сантехникалық және инженерлік жабдықтармен жарақтандыру, блоктарды сыртынан және ішінен өңдеу зауыт жағдайында жасалады. Құрылыс алаңында блоктарды құрастыру, құбыр жүйелерін қосу және түйіскен жерлерді өңдеу жұмыстары ғана атқарылады, бұл үймеретке жұмсалатын еңбектің 15-20 пайызын ғана құрайды.

Үймереттердің панельді-блокты үлгісінде бір-бірінен әртүрлі қашықтыққа қойылатын арқалықтық көлемді блоктармен және блоктар арасындағы бос кеңістікті аяқтайтын жабындық және қабырғалық жазық панельдерді үйлестіріп пайдаланудың жолдары қарастырылады. Дегенмен бұл үлгіні тұрғын үй және мәдени тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын құрылыстарда қолдану едәуір дәрежеде құрылыс материалдарының, зауыттық әзірлік деңгейін төмендетеді, өйткені олардың панельдік бөлігін құрылыс алаңы жағдайында өңдеуге тура келеді, бұл жағдайда зауыттық еңбек шығыны 55-65% құрайды. Оның үстіне панельді-блокты үйлерде құрастыру элементерінің саны, түрлері және салмақтары әртүрлі болады.

Блокты және панельді-блокты үймереттерді түрғызу процесі оларды дәстүрлі құрылымдардан салудан елеулі айырмашылыктары бар. Блоктардың берік орнығуының нәтижесінде оларды бекіту, тексеру және жабынға орнатылғаннан кейін жобалық жағдайға жеткізу сияқты қосымша процестердің қажеті жоқ.

Ғимарат құрастыру процесінде алымдарға бөлінеді. Блоктарды құрастыру кезегін орнату құралымдық шешімдерге, блоктарды жазық элементтермен байланыстыруға, осы сияқты құрастырушы кранының түрі мен оның параметріне тәуелді.

Көптеген жағдайларда ортақ нәрсе (үймереттерді мұнаралы, төрттаған, жыланбауыр табанды және пневмодоңғалақты крандармен құрастырғанда) ең алдымен машинист кабинасынан ең алыс орналасқан блоктар орнатылады, бүл келесі элементтерді орнататын орындардың жақсы көрінуіне мүмкіндік туғызады. Үймереттің құрылымында жазық бөлшектер болған жағдайда құрастыру кезектігі тораптардың нақты құрылымдық ерекшеліктеріне, оларды блоктарға жапсарластырылуына қарай шешіледі. Мұндай жағдайда қүрастыруды алдымен блоктардан бастау керек, одан кейін жазық элементтер құрастырылады, бұл құрастыру жарақтарының және жұмыс әдістерін жиі алмастыруды қажет етпейді.

Стропылауды және блоктарды көтеру кеңістікті теңдестіргіш траверсттердің көмегімен, ал блоктарды құрылыс алаңына тасымалдау трейлер немесе автотіркегіштер арқылы жүзеге асырылады.

 

Қаңқалы-панельді үймереттерді тұрғызу тұрғызу

 

Қаңқалы-панельді жүйелер кеңістіктік қатқылдықты қамтамасыз ету әдістері бойынша: рамалы, рамалы-байланысты және байланысты; каңқа рамаларының орналасу үлгісі бойынша кеңістікті және жазықтықты (өң бойғы немесе көлденеңді) рамалы жүйелерге, көлденең арқалық құрылымдардың түрлеріне қарай - ригельді, ригельсіз, биіктігі бір қабаттық көлденең арқалық элементтері болып бөлінеді.

Қаңқалы-панельді құрылыста кондукторлы қосалқы құралдар негізінде қүрастыру әдісі ең көп қолданылады. Осымен қатар жекелеген құралымдық элементтер кеңістікті өзін-өзі бекітетіндей жағдайда құрастырылады, өйткені олардың орналасуы алдында орнатылған құралымдардың, мысалы, бағаналар мен ригельдердің жағдайымен анықталады.

Жалпы алғанда үймереттің жерүсті бөлігінің құралымдық элементтерін құрастырудың кезегі мынадай: бағаналар-ригельдер - қатқылдық диафрагмасы - кергіштер - жабын тақталары -сатылар - сыртқы қоршаулар.

Элементтердің салмағына, үймереттің көлемдік мөлшеріне және құрылыстың нақтылы жағдайларына байланысты құрастырушы крандары салынып жатқан үймереттің бір немесе екі жағына да қойылады. Әдетте үймеретті құрастыру алымдар және ярустар бойынша жүргізіледі. Қаңкалы-панельді үймереттің екі қабатына тең әр ярустың аумағында қүрамалы элементтерді құрастыру ең қатқыл ұяшықтан басталады. Көптеген жағдайда кеңістікті қатқылдағы құрастырылатын құралымдардың өзгеріске ұшырамауын қамтамасыз ететін саты бөлімшесі осындай үяшық қатарына жатады. Осы саты бөлімшесі кейін қабаттан қабатқа көшуге пайдаланылады.

Алайда таңдап алынған қүралдан және онымен байланысты құрастыруды ұйымдастыру процестерінің жағдайына қарай басқа да кезек реті қабылдануы мүмкін, бұл жағдайда да қаңка элементтерінен қатқыл кеңістікті ұяшықтар пайда болады (1 -сурет).

Жоғарыдағы кабаттың (қабаттардың) құрама құрылымдарын құрастыру төменгі кабаттың (қабаттардың) элементтерін толық және біржолата бекітуден және түйіскен жерлердің тұтастырған бетонның жобада белгіленген беріктікке жеткеннен кейін басталады.

1-сурет. Қанқа панельді тұрғын үйдің құрама элементерін құрастыру тәртібі. 1-элементтерді құрастыру басы; 1-172-элементтерді құрастыру нөмерлері.

Екі қабатты бағаналарды орнату мен уақытша бекіту бір топ немесе жекелеген кондукторлардың көмегімен атқарылады. Кондуктор тобы қаңқалы құралымдарды тұрғызудың ең прогрессивті технологиясы болып табылады, олардың көмегімен құрастырудың, жоғары дәлдігі мен қарқыны, мәселен, бағаналарды ұзын бойлық және көлденең бағытта еріксіз дәл орнату; бағаналарды құрастыру процесінде оларды уақытша бекіту мен тексеру және электр пісіргішпен біржолата бекіту, ригельдері, қаткылдық диафрагмаларды және басқа элементтерін құрастыру; жұмыстардың ыңғайлы және қауіпсіз жағдайда атқарылуын қамтамасыз ету.

 2-сурет. Көп қабатты қоғамдық және өндірістік үймереттердің құралымдарын құрастырғанда жүк көтергіш крандарды орналастыру үлгісі: а, б, в – қимасының екі жағынан, бір жағына және көлденең ішінде орнатылған мұнаралы крандармен; г, д, е – осындай, жебелі крандармен, мұнаралы – жебелі жабдықтармен; ж, з, и – осындай мұнаралы және жебелі крандармен бірге үйлестіру.

Алайда топтық кондукторлар тек торлы бағаналы үйлерде пайдаланылатындықтан аз, шектеулі мөлшерде ғана қолданылады. Осыған байланысты мүндай жағдайда жекелеген құрастыру кондукторлары кеңінен пайдаланыла бастады. Жекелеген кондукторларды қолдану кезінде екі кабаттьгқ бағаналардан басқа барлық құрылымдық элементтер кезекпен орнатылады. Кеңістік қатқылдығын және орнықтылығын қамтамасыз ету үшін әр алым ішінде 4-8 бағаналармен қатқыл үяшықтар жасалады.

Азаматтық және өндірістік мақсатта пайдаланылатын каңқалы-панелді үймереттерді құрастыру мұнаралы және өздігінен жүретін жебелі крандармен жүргізіледі, оларды орналастыру үлгілері 2-суретте көрсетілген.

Көпқабатты үймереттердің қаңқасын құрастыру үшін арнаулы сырғымалы крандар, ал үймереттердің биіктігі 25 және одан да көп кабат болғанда қосалқы, жанамалып бекітілген крандар қолданылады, олар бірнеше яруспен үймереттің көтергіш құрылымдарына бекітіледі.

 

Үймереттерді көлемді элементтерден тұрғызу

 

Көлемді-блокты үйлер салудың мәні - үймереттің құрастыру элементін күрт ірілендіру және оларды ең жоғарғы зауыттық әзірлік деңгейіне жеткізуді қамтамасыз ету. Оларды қажетті беріктік, қатқылдық, ыңғайлы орнықтырылатын қасиеттері бар, тұйықталған бірлік түрінде сипаттауға болады. Және уймереттер, ғимараттар осы сияқты элементтермен біріктіріліп салынғанда жақсы кірігіп кетеді, бөлек орнатылғанда да берік орнығады.

Кеңістікті арқалықтық құрылым сипаттағы көлемді элементтерден салынатын тұрғын үйлер бірнеше типті және әр түрлі көлемді тұрғын бөлмелер блогынан, сатылық бөлімшесінен, ас бөлмесі мен санитарлық тораптардан қүралады.

Көлемді-блокты үймереттерді тұрғызу процесі дәстүрлі құрылымдық үймереттерді салудан едәуір ерекшелігі бар. Мүнда еңбек сыйымдылығы мол жұмыстар кешені қысқарады, яғни оларды атқарудың қажеті жоқ. Көлемді блоктардың орнықтылығы нәтижесінде оларды уақытша бекіту, тексеру және жабынға орнатылғаннан кейін, оларды жобалық жағдайға жеткізу процес-тері де керексіз болып қалады.

Көлемді блоктарды құрастыру оларды жобалық жағдайға келтіру және оларды байланыстыру процестерінен құралады. Блоктарды орнату циклы мына операциялардан тұрады: траверстерді блокқа әперу, стропылау, блоктарды орнатылатын жерге әперу, блоктарды орнатылатын жерге бағдарлау, блоктар мен стропыландыру жағдайын тексеру.

Құрастыру циклының бастапкы кезеңдерін — траверсті әперу және блокты стропылауды бастау үшін көлемді блоктың ауырлық орталығы орналасуының улкен маңызы бар. Бұл мақсатта теңдестіргіш траверстер пайдаланылады. Оларда блок ауырлығының орталығы туралы ережеге сәйкес траверстің ілінетін жерлерін ауыстырып отыруға мүмкіндік беретін құрылғылар бар. Осы арқылы құрастыру үшін кеңістіктегі блоктың кажетті жағдайын қамтамасыз етеді. Көп ретте орнатылатын орнына көлемді блоктар көлденең жағдайда емес, сыртқы кырына қарай еңістетіле 1,5-2 градуспен әперіледі, өйткені жобалық жағдайына келтіріп орнату нақтылы осыдан басталады.

Үймерет құрастыру процесінде алымдарға бөлінеді. Блоктарды орнату кезегі құралымдық шешімдер ерекшеліктеріне: коммуникацияларды көлемді блоктарға орнату және оларды түйістіру әдісіне, құрастыру крандарының түрлері мен олардың параметрлеріне қарай орнатылады. Мәселен, коммуникация блоктардың ішіне орнатылғанда көлемді блоктардың екі ұзын бойлық қатарынан параллель бойынша үймереттің бір енінен екіншісіне қарай орнату тиімді әдіс болып табылады, бүл түйіскен жерлерді өңдеу жұмыстарын да жүргізуде ыңғайлы жасайды (4 а-сурет). Егер өң бойғы катарда орналасқан санитарлық-техникалық блоктарда үймереттің ені бойындағы блоктарының сыртқы бетінде коммуникациялары болса және оларды түйістіру жұмыстары сыртта атқарылса, онда қүрастыру кезегі бүл жұмыстарды атқаруға қажет уақыт есепке алынып, белгіленеді. Ком-муникациялары бар қатар блоктарының бір бөлігі бірінші кезекте құрастырылады, содан кейін барып қана басқа қатардың тиісті блоктары құрастырылады. Коммуникациялары бар блоктар құрастырылғаннан соң сол қатардағы, келесі бір немесе екі блок орнатылады, бірақ олар коммуникацияны блоктарға қарсы салынатын блоктарды орнату басталғанға дейін (барлық санитарлық-техникалық байланыстар істеліп біту керек (3, б-сурет). Коммуникациялар блоктардың оң бойғы жағының сыртына орналасса, блоктарды орнату кезегі "дөңгелек" үлгісі бойынша жүргізіледі (3, в-суретті қараңыз). Егер коммуникация көлемді блоктың екі қырының сыртына орналастырылған жағдайдада осы үлгі бойынша құрастырылады, бірақ саты бөлімшесі қалдырылады (3, г-сурет), олар коммуникацияларды түйістіру жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін, ең соңғы кезекте ор-натылады. Жанастырылып бекітілетін панельдер көлемді блоктарды орнату барысында орнатылады.

3-сурет. Үймереттерде көлемді блоктардан құрастыру тәртібі: а-сыртқы коммуникациясыз; б-көлденең жақ қырындағы сыртқы коммуникациялармен; в- тұрқы жақ қырындағы сыртқы коммуникациялармен; г- жақ және бойлай қырындағы сыртқы коммуникациялармен; 1-құрастыру кезінде түйістірілетін сыртқы санитарлық-техникалық коммуникациялы блоктар: 2-басқыш алаңының блоктары; 3-құрастырушы кран машинасының кабинасы; 4-құрастыру басы; 5-құрастыру соңы.

Көлемді блоктарды құрастырумен қатар түрлі алымдарда аспалы бесіктер арқылы құралымдардың тұйіскен жерлерін өңдеп бітейді, санитарлық-техникалық және электротехникалык коммуникацияларды байланыстырады.

 

Үймереттерді көлемді элементтерден тұрғызу

 

Қабаттарды және жабынғыларды көтеру әдісінің темірбетонды құралымдарды тұрғызудың дәстүрлі үлісінен айырмашылығы сол, оларды құрастыру немесе құралымдарды құрау, әдеттері кері кезекпен, яғни жоғарғы қабаттан бастап жүргізіледі. Бұл әдістің мәні – элементтер жерде дайындалады немесе ірі көлемді құрылыс құралымдарды жекелеген құрамалы элементтерден құрастырып бағытталған тіректер бойымен жоғарыға көтеріледі және жобада көрсетілген жерге көлбеусіз жылжытылмай-ақ орнықтырылады. Қабаттарды көтеру кезінде барлық жұмыстар жерде жүргізіледі, ал жабынғыларды көтеру кезінде жобалық белгілерде жүргізіледі.

Көптеген жағдайларда Үймереттің жабын тақталары бірінен соң бірі пакет түрінде жасалады. Бірқатар жағдайда жабындық тақталардың бір бөлігі аралық белгілерде дайындалып, содан кейін ғана жобалықбиіктіктерге көтеріледі.

Бағыттаушы тіректер ретінде құрамалы темірбетонды немесе бір немесе бірнеше қабаттық биіктігі бар металл бағаналары, осы сияқты ауыстырмалы немесе жылжымалы қалыпта жасалатын қатқылдықтың біртұтас темірбетонды ядросы қолданылады. Құралымдар жобалық белгіге үймереттің түбінде немесе бағыттаушы тірнктерге орнатылған арнайы жабдықтар, көтергіштер немесе домкраттар арқылы көтеріледі (1-сурет) немесе жекелеген жағдайларда, мәселен, иілмелі құралдарды пайдаланғанда, нөлдік белгіде орнатылған арқандар жүйесінің, полиспастардың жәнелебедкалардың көмегімен атқалылады және жұмыстар өндірісінің әдісі үймереттің құралымдық шешіміне байланысты таңдап алынады. Мәселен, қабаттарды көтергенде әрбір қабат бірден жобалық белгіге немесе бірнеше рет бірқабаттық биіктікке (2-сурет). Жабын тақталарын көтеру кезінде құрастырудың бірнеше түрін пайдалаеуға болады.Оның ішінде жабын тақталарын жоғарғысынан бастап бір-бірлеп немесе бірнеше тақталарды бірге көтеретін вариант кеңінен пайдаланылады. Осы сияқты барлық тақталарды пакетпен, бірден көтеретін, жобалық белгіге төменгі тақтадан бастап орнату әдісі де қолданылады.

 
   

 

1-сурет. Жабы» көтеру эдісініц үлгісі: 1 - бағаналар; 2 - қаттылық өзегі; 3 - жабындар; 4 - іргетастар; 5 - домкраттар; 6 - тарткыштар; 7 -тартқыштарды жабынға бекіту; 8 - құрастыру немесе уакытша тіректер; 9 -бірімші алым; 10 - екінші алым

2-сурет. Көп кабатты үймеретті қабаттарды көтеру эдісімсн қүра-стыру үлгісі: а - кетергіштерді катгылык өзегінің жогаргы жагына орнатып гікелей жоба белгілерінің үстіне кою; б - көтергіштерді жүйелі өсірілетін иағаналардан, үстіне орнатып аралык аялдамамен; 1 - қабат күралымдарын жер үстінде ірілендіріп орнатуға арналган крандар; 2 - темірбетонды мұнара каттылық өзегі; 3-көтеру барысындагы кабат; 4-қабаттардың жобалык орны; 5 - котергіш домкраттар; 6-котергіш тарткыштар; 7 - кабаттарды бекітуге арналған сацылау; 8 - жамылгы такталар пакеті; У - өсіріп жаткан ярус баға-иасы; 10 - ярустың көтергіш тартқыштары; 11 - көтергіш; 12 - бағаналарды осіруге жэне тарткыштары бар көтергіштерді ауыстырып коюға арналған кран; 13-16 - үймереттін құрастырып жаткан кабаттары

 

Көлемді блоктарды құрастырумен қатар түрлі алымдарда аспалы бесіктер арқылы құралымдардың түйіскен жерлерін өңдеп бітейді, санитарлық-техникалық және электротехникалық комуникацияларды байланыстырады.

 

Жабу қабыршақты және қыртысты түрдегі элементтерден тұрғызу

 

Құрама темірбетоны элементтерінен қабыршақты және қыртысты түрдегі жабулар матерйалдық ресурстарды неғұрлым аз жұмсау жағдайында аралық тіреулерсіз ауқымды алаңдарды жабуға мүмкіндік береді.

Көлбеу жабу тақталарына қарағанда анағұлым үнемдірек ҚЖС-ның цилиндрлі қабыршақтары кеңінен тараған. Қазір құрылыста қабыршақтардың мынадай түрлері жиі пайдаланылады: 24х 12 м бағалардың торларына арналған 3 х 12м мөлшердегі ұзын цилиндірлік қабыршақтар: үймереттің аралығын жабатын 3х12,3х18 және 3х24м мөлшердегі қысқа цилиндірлік қабыршақтар; екі жақсы икемді қисайтылған қабыршақтар.

Орта және бүйірлік, жиектік элементтері тәрізді екі түрде шығарылған тақталардан ұзын цилиндірлік қабыршақтар құрастырылады.

Қабыршақтарды құрастыру бағанаға жиектік элементтерді орнатудан басталады. Олар бағаналарға электрмен пісіру арқылы бекітіледі. Тақталарды жиектік элементтерге орнықтырғанға дейін (аралық кеңдігі 24м жағдайында) оларды уақытша тіректерге төрт тағанды домкраттармен тірейді. Панельдерді құрастыру бүйірлік панельдерден басталады. Мұның үстіне тақтаның тартпасы бағананың ұшар басына дәнекерленіп жапсырылады, ал тақтаның өзі осындай жолмен жиектік элементке қиюластырылады. Содан соң – тартпалы бүйірлік тақтадан кейін – төрт қртардағы тақталарды орнықтырып, пісіреді. Түйіспелерді түбегейлі пісіріп барлық тігістерді бекітіп және бетонның төзімділігін анықтағаннан кейін жиектік элементтер ажыратылады.

Құрастыру жұмыстары әдетте жүк көтергіштігі сәйкестендірілген жыланбауыр табанды кранның көмегімен панельдерді төрт тұзақты траверспен көтеру арқылы жүргізіледі.

Екі жақты қисайтылған қабыршақтар қозғалысы еркін қамтамасыз етілуге тиіс қоймалардың, цехтар мен өзге өндірістік орындардың, бағаналардың ірі шаршыларын жабу үшін қолданылады.Мұндай қабыршақтарбір өткінді де, көп өткінді де үймереттерді жабуда қолданылады.

Екі жақты қисайтылған қабыршақтарды құрастыру біртіндеп былайша жүргізіледі.Алдымен жыланбауыр табанды кранмен бағаналарға контурлы имелерді орнықтырады.Қабыршақ тақталарын орнату үшін тірегіш немесе кондуктор қояды.Содан соң мұнаралы немесе мұнаралы –жебелі жабдығы бар жыланбауыр табанды кранмен жамылғы тақтасын орнатады.Бұл ретте әрбір бұрыш төсенішке немесе кондукторға арқа сүйеуі керек.Қабыршақтың бұрышы тақталармен толтырылады.Олардың арасына арматура салынады.Арматура дәнекерленгенненкейін тартылып, түйіспелері бетонмен тұтастырлады.

Бетон бұрыштық аймақтары мен тақталар аралығындағы жапсарлар 70 пайыздық беріктікке жеткенненкейін қабыршақтар ажыратылады.Ажырату төсеніш бағанасы мен тіркеу кондукторының астына қойылған бұрандалы немесе гидравликалық домкраттарды босату арқылы жүзеге асырылады.

Қабыршақтар мен қыртысты түрдегі жабулардың басқа да түрлері бар.Мәселен, «Дружба» спорт залының ауқымды жабуы біртұтас тақтаға арқа сүйеуге негізделген бірыңғай құрастырмалы темірбетонды жүйе түрінде шешімін тапқан.Осының өзі орталық сфералық қабыршақ пен қыртыстары сынық деңгейінде болат тартпамен тартылған 28 қыртыс үлгісіндегі қабыршақтар үйлесімділігін білдіреді. Жабуды құрастыру алдын-ала ірілендірілген орталық қабықшақ секциялары және ірілендірілген қыртысты қабыршақтар арқылы орындалған.Секциялардың ірілендірілген құрастырмалы жабудың қарама-қарсы жағына орналастырылған екі стендіде бір мезгілде жүргізілген.Қыртысты қабыршақтар үймереттің периметрі бойынша біркелкі орналастырылған төрт секцияда ірілендірілген.

Жабуды құрастыру үшін жинақ құралдарының уақытша тіреулері орнықтырылды: біреу-орталық және 20-сы орталық қабыршақ контурының периметрі бойынша.Құрастыру жүк көтергіштігі 100 тонналық СҚР-1500 кранымен жүргізілді.Оның өзі үймерет периметрі бойынша төселген рельс жолымен қозғалып отырды.

Ірі панельді қаңқасыз үймереттердің құрылымының негізіне олардың барлық элементтерінің бірлескен кеңістік жұмыстарының, қабырғалар құралымдарында арқалықтар мен қоршау функцияларының міндеттерін үйлестіру принциптері алынған. Бұл үймереттер элементтерінің түрлері мен мөлшерлерінің салыстырмалы түрде алғанда аз болатындығымен ерекшеленеді.

Құрастыру жұмыстары басталғанға дейін шұңқырдағы жер жұмыстары аяқталып және жер асты коммуникациялары (жүйелері) орнатылып, бітуге тиіс.

Ірі панельді үймереттердің құрама элементтерін құрастыру алымдар бойынша жүргізіледі, олардың әрқайсысына бір немесе екі секция кіреді, бұл процестердің үздіксіздігін және ырғақтылығын, яғни өндірістің тасқындылығын қамтамасыз етеді.

Осы сияқты үймереттің жерасты бөлігін салу жұмыстары да алымдар бойынша жүргізіледі, екінші алымдағы жер жұмыстары бірінші алымның шұңқырындағы құрама элементтерді құрастырумен біріктіріліп, үйлестіріліп атқарылады.

Үймереттердің құрама элементтері құрастыру аймағына тікелей тасымал күралдарынан немесе тиісті алымдардың қарсысына орналастырылған құрастырушы кранының жұмыс істейтін аумағындағы объекті жанындағы коймалардан әперіледі.

Үймереттің жерасты бөліктерінің құрамалы іргетастары, жертөлелердің қабырғалары және басқа элементтері мұнаралы крандармен, осы сияқты автомобиль және жебелі крандармен жабдықталады. Үймереттің жерасты бөлігін рельс бойымен жүретін крандармен құрастырудың құны жыланбауыр табанды жебелі немесе пневмодоңғалакты крандарды пайдаланудан арзанға түседі. Алайда бұл максаттарға мұнаралы крандар аз пайдаланылады, өйткені кран жолдары сыртқы қабырғалардың қуыстарын толтыруды қиындатады және жерасты бөлігінің барлық құрастыру біткенге дейін үймерет айналасындағы территорияны көріктендіру жөніндегі жұмыстарға бөгет жасайды.

Ірі панельді үймереттерді құрастырудың кезегі үймерет бөліктері мен элементтерінің құрылымдық ерекшеліктеріне, олардың қаншалықты берік орналастырылғанына және құрастырудың қауіпсіздік деңгейіне қарай анықталады.

Ірі панельді үймереттерді құрастыру кезегінің түрлі үлгілері бар. Мына принциптерді есте ұстау керек: құрама элементтерді жобалық жағдайына әрбір келесі панельді оның алдындағы орнатылған панельмен түйістіру және оларды электрмен пісіру, мұның мақсаты - жабылған ұяшықты қаттылық өзегі ретінде камтамасыз ету, құрастыру маякты (базалық) ұяшықтар құру-дан басталу керек, оның қатарына сыртқы бұрыштар және үймереттің табалдырық клеткалары кіреді. Әдетте құрастыру үймереттің сыртқы бұрыштарынан басталады, өйткені сыртқы қабырғалардың алғашқы екі панелі (көлденеңі мен көлбеуі) бойынша орнатылғаннан кейін қатқыл торап пайда болады, ол құрылымдардың кеңістіктігі бойынша өзгермеуін қамтамасыз етеді. Құрамалы элементтерді кранға қарай құрастыру ұсынылады, яғни оны краннан ең алыс орналасқан панельден бастау керек, бұл кейін краншыға келесі элементтер орнатылатын жерлердің жақсы көрінуін қамтамасыз етеді. Егер екі құрылыс краны болған кезде құрастыруды әр кранға ең жақын орналасқан үймереттің сыртқы бұрышынан бастау керек.

Толық құрамалы үймереттерді құрастыру жөніндегі жұмыстар өндірісінің жобасында құрамалы элементтерді жобаға сәйкес орналастырудың кезектігін көрсететін нөмірлерді белгілеуге ерекше мұкият бөлу қажет. Элементтік нөмірлері үймеретті қабаттар бойынша құрастыру жоспарында белгіленеді және элементтерді орнату кезегі строптар мен элементтерді көтеріп әперетін косалқы жабдықтарды жиі алмастыруға әкеліп соқпауы керек.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-12 13:14:08     Қаралды-3726

КҮН НЕГЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ?

...

Күн Жер сияқты қатты дене емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСПАНДА ЖҰЛДЫЗДАР ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жұлдыздар галактикалардың негізгі «тұрғындары» болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »