UF

ТҰРҒЫН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҮЙМЕРЕТТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ

Қазіргі кезде қала шаруашылығы техникалық саясатының құрамдас бір бөлігі жекелеген тұрғын үйлер мен азаматтык үймереттерді уақытылы ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу, жаңарту, қайта құру, ескі құрылыстарды бұзу, ертеректе салынған тарихи бағалы үймереттерді сақтау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл орайда тұрғын үй және ќоғамдык құрылысты қалпына келтіру, жаңарту, қайта құру сипатына мынандай негізгі факторлар әсер етеді: қаланың сипаты; қайта жаңғыртылатын құрылыстың қаланың жобалық құрылымындағы орыны; қайта жаңғыртылатын шағын ауданның, кварталдық, үймереттің сапасы. Бұдан басқа Қазіргі кезде осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын ғана салынған үйлер мен жаңа құрылыстарда да беріктігі жағынан қызмет ету мерзімі 100-125 жылға есептелгеніне қара­мастан қайта жаңғыртуды қажет ете бастауда. Бұндай үймереттерді қайта жаңғыртудың негізгі себебі олардың моральдық жағынан тозуы болып отыр, өйткені олар алғашқы үлгі жобалармен ас бөлмелерінің,ванналарының, кіре беріс бөлмелерінің көлемі кішірейтіліп, ас бөлмеге жататын бөлмеден кіретін етіліп, ванна мен тазалық жүйелері біріктіріліп салынған.

Қайта жаңғырту нәтижесінде жекелеген құралымдардың толық немесе жартылай алмастыру жолымен үймереттің сырттай то­зуы ғана емес, сонымен бірге пәтерлердің ішкі қайта жобалануы мен үймереттің тұтастай жақсылап жабдықталуына байланысты моральдық тозуы да азаяды.

Ішкі қайта жобалау екі түрлі болады, олар: жартылай және толық.

Жартылай қайта жобалау қолданылып отырған отбасылық қолданыстары тазалық жүйелерін, ванналарды, ас бөлмелерді қайтадан орналастыру арқылы, ретке келтіру жолымен жүзеге асырылады. Кей жағдайларда жартылай қайта жобалау пешпен жылытуды орталықтандырылған сумен жылытумен алмастыруға ұласады.

Толық қайта жобалауда пәтер жай көлемі мөлшерлі және жоғары деңгейлі жайлы жабдыкталған пәтерлерге жанұясымен қоныстандыру қарастырылған.

Толық қайта жабдықтау тәртіп бойынша қабырғаларының қалануы жақсы үймереттерге жүргізіледі, есік, шатыр аралықтары жаңасымен алмастырылады. Бұдан басқа, жаңа жобаны ұйымдастыру жекелеген жағдайларда басқыш алаңдарының орналасуын өзгертумен, қабат жоспарының құралымдық элементтерін қайта бөлумен, ал кейде үймереттің құралымды үлгісіне жаңа қабырғалар, діңгектер және басқа элементтер енгізумен қабаттас жүргізіледі.

Жұртка мәлім, күрделі тұрғын үйдің негізгі құралымдық элементтері - іргетас пен қабырғалар, сондай-ақ шатыр арқалыктары. Бұл орайда іргетас пен қабырғалар үймереттің алмастырылмайтын бөлігі болып табылады, өйткені олардың толық алмастырылуы ескісінің түгел бұзылып, жаңа үймерет салумен ұласар еді, сондықтан іргетас пен қабырғалардың қызмет ету мерзімі негізінен тұтастай үймереттің қызмет ету мерзімін айқындайды.

Үймереттің техникалық жағдайы мен қайта жаңғырту кезінде оның негізгі құралымдық элементтерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау үшін әртүрлі әдістер, оның ішінде көзбен шолу және механикалық әдістер, жекелеген үлгілердің лабораториялық сынау әдісі, құралымдарды заттаи сынау әдісі, радиотехникалық әдіс және басқалары қолданылады.

Негіздің топырағын нығайту. Негізгі нығайту қажеттілігін туғызатын негізгі себептер іргетас табанына түсетін күштің артуы және олардың салмақ көтеру қабілетінің төмендеуі болып табылады.

Қолданыстағы үймереттің негізінің топырағын нығайту үшін цементтеу, силикаттау, термиялық өңдеу мен сары топырақпен толтыру, электрлі силикаттау мен топырақты синтездік шайырмен бекіту қолданылады. Барынша терең зерттелген және сенімді, іргетастар табанының салмақ көтеру қабілетін арттыратын әдістер ірі қиыршықты құмды цементтеу, орташа және ұсак қиыршықты құмды екі ерітінділі силикаттау мен сары топырақты бір ерітінділі силикаттау болып табылады.

Іргетас табанын нығайту әдісін таңдауда топырактың жер асты суының жылдамдығы мен агрессивтілігі, сондай-ақ, топырақтың мұнай өнімдерімен, шайырмен, маймен және басқа химиялық  өнімдермен былғануы маңызды орын алады.

Іргетастарды нығайту. Іргетастарды нығайту әдісін таңдау олардың пішінінің өзгеруін туғызған немесе беріктігінің бұзылу себептеріне байланысты. Іргетастарды нығайту мына~ әдістердің бірімен жүргізіледі: іргетас қалауын нығайтумен, іргетастардың тірек алаңын кеңейтумен,салмақты топырақтың төменгі қабатына түсірумен, қолданыстағы үймереттің іргетас тереңдетумен. Барынша тиімді және қауіпсіз әдіс цементтеу болып та­былады.

Іргетастың тірек алаңын кеңейту іргетас табанын алдын-ала тығыздап алу арқылы тұтас темірбетоннан немесе бетоннан, құрамалы темірбетоннан, шой тастан қаланған тиянақты орнату жолымен жүзеге асырылады. Бұл әдістің ерекшелігі табиғи негізді жаңа қосымша алаңның іске қосылуы болып та­былады, сондықтан мұнда жанастыра салынған бөліктердің табанындағы топырақтың алдын ала тығыздалуы мен түйіскен жерлердің қажетті беріктігі мен іргетастардың қаттылығының қамтамасыз етілуі айрыкша маңызға ие.

Салмақты топырақтың төменгі қабатына түсіру салмалы қадалар немесе түсірмелі кұдыктар орнату арқылы жүзеге асыры­лады. Қолданыстағы іргетастардың көтеру қабілетін арттыруға бұрғылап, кейін бетондау жолымен орнатылатын құйма бетон­нан жасалған салмалы қадалар жақсы нәтиже береді. Түсірмелі құдықтар әдетте іргетастың астына орналастырылады, бірақ одан шеткері орналастырылуы да мүмкін. Ќұдықтар бетоннан және темірбетоннан жасалады, пішіндері дөңгелек, тік бұрышты, эл­липсоиде, текше болады.

Қолданыстағы үймереттің жертөлесін салғанда және кеңейткенде оған жақын жерден біршама терең жертөле немесе кол­лектор, туннел салғанда жаңағы үймереттің іргетастың тек құрғақ және ылғалдылығы төмен топырақта ғана тереңдетуге болады.

Тұтастай инженерлік тәжрибеде іргетастарды нығайтудың бірнеше әдісін үйлестіру жиі қолданылады. Бұл орайды осы әдістердің әрқайсысын тиімді пайдалану саласы қолданыстағы іргетасты техникалық жағдайына қарай айқындалады.

Тұрғын үйлер мен коғамдык үймереттердің жердің бетіндегі бөлігінде негізгі құралымдардан қызмет ету мерзімі тас қабырғалар мен іргетастың қызмет ету мерзімінен кем аралықтар (яғни, ағаш Арқалықтар) ғана алмастырылады. Өз кезегінде тозған ағаш Арқалықтарды жаңа ағаш немесе құрамалы темірбетон арқалықтармен алмастыруға болады.

Қолданыстағы ескі ағаш Арқалықтарды түгелдей жаңасымен алмастырғанда аралық түрі мен оның құралымдық үлгілерін таңдау керек. Арқалықтың түрі мен құралымы өз кезегінде үймереттің көлемдік жоспарлау үлгісіне және үймерет қабырғасының тозу пайызына байланысты калған қызмет мерзіміне сәйкес қолданылады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-12 12:57:09     Қаралды-2034

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »