UF

Тақырыбы: Жерге орналастырудың ғылыми негіздері (ЖОҒН)

 

Жер қатынастары

Жер қатынастары қоғамның экономикалық құрамын қалыптастыратын өндірістік қатынастар жүйесінің негізгі бөлшегі болып табылады.

Жер меншігі , жер иелену және жер пайдалану формалары әрқашанда олардың негізі ретінде болады.

Жер қатыннастары бүкіл өндірістік қатынастарымен және өндіргіш күштерімен бірге дамиды. Мысалы, егіншілікте қуатты тракторлар мен  күрделі ауылшаруашылық техниканың  қолданылуы өндірістік қатынастары мен жер қатынастарын елеулі түрде өзгертіп жібереді. Бұндай жағдайда өндірісті шоғырландыру, егіншілікте кооперацияны пайдалану, соған сабепті жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің аудандарын ұлғайту қажеттілігі туындайды. Осының нәтижесінде белгілі бір мөлшерде егіншілік еңбегінің өнімділігі де арта түседі.

Жер шаруашылық құндылығының өсуіне, жер құқығының бірте-бірте дамуына қарай межелеу қажеттілігі пайда болады, ал соңғысы уақыт өте бара күрделі жерге орналастыру шаралары кешеніне айналды. Жер қатынастарының күрделене түсуіне сәйкес, жерді экономикалық және экологиялық тұрғыдан пайдалану мақсатымен, оларды реттеуге қолданылатын жерге орналастыру іс-қимылдары да сан алуан формаларына ие болады

Жер қоғам өміріне қажетті материалдық жағдайлар арасында негізгі орын алады., ол экономикалық қызметтің барлық аясында маңызды функциялар орындайды. Ауылшаруашылығында жер өндіріс процесінің басты бөлігі , ал басқа ортада – әлеуметтік қызметтің  өндірістік және кеңістік базисі .

Жер қатынастары адам қоғамымен байланысты болғандықтан , қоғамдық, соның ішінде өндірістік қатынастар жүйесінде ерекше орын алады. Бұл жер қатынастары объектісінің бірегейлігімен түсіндіріледі. Жердің басқа өндірістік қатынастардың объектілерінен айырмашылығы – ол адам қоғамының тіршілік әрекетін бүкіл оның тарихы бойында көп жақтан қамтамасыз ететін қоғамдық ұдайы өндірістің бірегей, жан-жақты факторы болады.Бұл бірегейлік төмендегідей негізгі фоормаларда көрінеді.: жер өндірістік қызметтің және әрбір адамның өмір сүруінің кеңістіктік базисі., ол басқа да табиғи ресурстар мен пайдалы қазбалардың табиғи қоймасының , мемлекеттік аумақтық негізгі , ал экономикалық тұрғыда алдымен ауылшаруашылығында өндірістің базалық салаларында еңбектің заты және құралы болып табылады.Қоғамдық ұдайы өндірістің факторы ретінде жердің бірегейлік сипаттамасы табиғат-қоғам-адам жүйесінде  оның ерекше ролін айқындайды. Жер адам өмір сүретін бірден – бір орын , адам өмірінің негізі болып табылады, оның қажеттіліктерін өтейді.Осының салдарынан көп елдерде жер жалпы ұлттық игілік ретінде қарастырылады.

Жер қатынастарының мәселелерін зерттеушілердің көбісі жер меншігінің мемлекеттік , жеке және басқада формаларына негізделген қазіргі кездегі әлемнің бүкіл елдеріндегі жер қатынастары мемлекетпен реттелетінін айтады.

Бұдан мемлекеттің дамуында жер қатынастарын , соның ішінде жерге жеке меншікті реттеу мейілінше қатаң бола түсетінін байқауға болады. Яғни жер қатынастарын эволюциялау процесінде , ең алдымен жерді бірегей табиғи ресурсы және табиғи ортаны маңызды құраушы ретінде сақөтауда бүкіл қоғам игілігі үшін жеке меншік иелерінің құқығын шектей түседі.

Жер қатынастарын бұлай дамытудың басты нәтижесі ауылшаруашылығындағы жерге жеке меншіктің абсолюттік сипатын мойындаудан бас тарту болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында жердің жеке меншіктік қатынастарын мемлекеттік реттеу меншік иесінің мінез-құлық бостандығына сай келу керек.

Қазақстан Республикасында жер меншігі құқығының түсінігі. Меншік құқығы көптеген құқық салаларының орталық институты болоып табылады . Нарық қатынастарының дамуы мен жерді азаматтық айналымға тарту мен жерге жеке меншік құқығын қалыптастырумен байланысты. Жер құқығындағы  бұл институттың маңыздылығы өсе түсуде. Адамның өмір сүруіне қажетті бүкіл материалдық игіліктердің пайда болуының бірден-бір қайнар көзі – қоғамдық өндірістер. Бірақ жер және басқа табиғи ресурстар өзіне тән бірегей ерекшеліктерді иеленеді. Сонымен , жер адам еңбегінің өнімі емес , табиғаттың өзінің бөлігі . Жер бедері адам қажеттіліктеріне байланысты қолдан үлкейтіле алмайды.

Табиғаттан материалдық игіліктерді алу үшін адамдар бір-бірімен қатынасқа түседі Бұл қатынастардың мәнділігіматериалдық игіліктерді иеленуден тұрады.

Жерге меншіктілік бұл бір адамның сол объектіге үстемдік етіп, оған екінші бір адамның араласа алмауынан байқалатын қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрі. Жер меншігінің барлық формалары үшін құқықтылық бірдей болғанымен мазмұны мен көлемі әртүрлі. Қазақстан республикасында жерге мемлекеттік және жеке меншік бірдей қорғалады. Меншік құқығының субъектіліері :

Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі – Қазақстан Республикасы: жер учаскілеріне жеке меншік құқығының субъектісі- азаматтар мен  мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

Республикада жеке меншіктіжүргізуден жер меншігі құқығының объектісінде өзгерістер болды. Мемлекеттік меншік объектісі 1995 жылдан жеке меншіктегі жер учаскелері мен бірге Республиканың жер қоры болып табылады. Жерді иелену – заңда негізделген Қазақстанның жер учаскелерін немесе жер қорының белгілі бөлігін иелену мүмкіндігі. Жерді заңға сәйкес меншік иесінен басқа адам да пайдалана алады. Керісінше жағдайда жерді иелену өз еркімен жерді алу немесе өз еркімен беру болып саналады да заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Меншік иесі кез- келген жерге қоя алатын мүлікті иеленуден жерге иелік етудің айырмашылығы – жердің орнын ауыстыру мүмкін болмағандықтан белгілі жағдайларды қажет етеді. Жерді иелену жоспарда жер учаскелерінің шекарасы бекітілген жерге орналастыру жобаларын әкеліп, жер учаскесіне құқықты тіркеуді жүргізу, рәсімдеу және куәландырушы құжаттарды беру жолымен  жүзеге асады .

Жерді пайдалану құқығы – заңмен рұқсат етілетін жерді шаруашылыққа және басқаға қолдану мүмкіндігі , оның пайдалы жақтарын алу және қоғам қажеттілігін өтеу мақсатында пайдалану.Бұл құқық екі негізгі формада көрінеді:

  1. Іске асыруға жол беретін тәсіл және жер учаскелерін пайдалану бойынша меншік иесі мен пайдаланушы құқығы
  2. Құрылыс , мелиорация жүргізу жолымен жерде еркін шаруашылық жасау формасы.

Жерді иелену құқығы – бұл жердің және жеке меншік иесінің заңды жағдайын анықтауда, заңнамалық актілер тиым салмайтын келісімдер жасауда.Заңмен рұқсат етілетін мемлекеттіңғ мүмкіндігі.Жалға алушының бұған құқығы тіптен жоқ, немесе меншік иесінің келісімімен тек шектелген түрде ғана иеленеді.

 

Агроқұрылымның жаңа түрлері

 

Алдымен ЖЕС жылдарындағы жер иелену жүйесін назарға ала отырып, сол кездегі шаруа қожалықтарын және АҚШ-пен басқа да елдердегі жеке меншік фермерлік шаруашылықтарын ұйымдастырудың көп жылдық тәжірибесін зерттеу қажет. Осының нәтижесінде қазіргі заманның талабына және жергілікті жағдайларға сай ШФҚ ұсынуға мүмкіндік пайда болады. Зерттеулерді экологиялық проблемелармен байланыстыра және нақты табиғи-экономикалық жағдайларды ескере отырып жүргізген орынды.

Қазіргі кезде жыртылған жердің ауданын қысқартуқажеттілігіне назар аударылуда. Шынында да , тың игеру жылдарында орасан зор аумақтар ғылыми тұрғыдан жеткілікті негізделмейжыртылып тасталды. Бұның салдарынан табиғи ландшафттар бұзылып, мал азығы алаптары аудандары күрт қысқарды. Сондықтан тың игеру процесі нәтижесінде пайда болған экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді жоққа шығару ұмтылыстары да  байқалуда.

Енді орасан зор көлемді көбінесе жүйесіз пайдаланудағы мал азығы алаптарын, ауыл әкімшіліктерінің қарамағына берген кезде, олардың жақсартылуына, агромелиоративтік, зоотехникалық және жерге орналастыру ғылымдарының ұсыныстарына сәйкес территориялық реттілігін қалыптастыруға, ауыспалы жайылымдар мен шабындықтарды енгізуге, суландыру мен қажетті культуртехникалық шараларды жүргізуге басты назар аударуы тиіс.

Сонымен қатар тың игеру кезінде пайда болған теріс экологиялық құбылыстардың, бірінші кезекте экологияға қатыстыларының салдарын жою жөніндегі ұсыныстарды дайындау керек.

Экологиялық және экономикалық жағдайлары , солармен бірге , әлеуметтік проблемаларды ескере отырып , жер алаптары мен егістік аудандарының құрылымын жанжақтақты қайта белгілеу қажет. Бұл өз кезегінде өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын әрі қарай дамытуға  және қайта орналастыруға, ауыспалы егістердің жүйесін, жалпы егіншілік жүйесімен бүкіл шаруашылық құрылымды өзгертуге түрткі болады.Сондықтан өндірістің территориялық реттілігін қайта қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Мысалы, мал азығы өндірісін кеңейту, алқаптық және шалғындық мал азығын өндірудің тиімді өзара сәйкестігін іздестіру, халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ету мақсатымен қант қызылшасының , малы дақылдардың, картоптың, көкөністердің және тағы басқа осы сияқты дақылдардың егістіктерін ұлғайту,сөзсіз, аса маңызды міндеттердің біріне айналады. Әрине бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында жаңадан қалыптасқан импорт-экспорттық байланыстар, топырақ-климаттық жағдайлар , еңбек және материалдық қорлар, әрбір шаруашылық пен табиғи аймаққа тарихи қалыптасқан сабақтастық пен еңбеккерлерінің шеберлігі назарға алынып ротыруға, мамандандыру және оған байланысты территорияны реттестіру, жалпы өндірісті ұйымдастыру мәселелері мүлде жаңаша шешілуге тиісті.

Жоғарыда сипатталып өткен экономикалық мәселелерді экологиялық проблемалармен өзара байланыстыра отырып қараған жөОсыдан тура 100 жыл бұрын В.В.Докучаев жариялаған девиз: «алқаптың, орманның, шалғынның, және судың өзара қажетті қатынасын қамтамасыз ету – бүкіл іс-қимылдарды орындау басшылығына негізгі принцип ретінде алынған абзал».

Жерге орналастырудың экологиялық-ландшафттық бағытын дамыта отырып, күрделі бедерлі учаскелерде территорияны контурлық – мелиоративтік тұрғыданұйымдастыру элементтерін енгізу әрбір топырақ контуры мен учаскеде  жеке агромелиоративтік агротехниканы қолдануға жағдай жасау деген сөз.

Қысқасы, мәселе экономика мен экологиялық арасындағы қайшылықты жою немесе бәсеңдету.

Аса күрделі міндеттер қатарына  жаңа шаруашылық құрылымдарының жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарының межелерін және аудандарын туралау, және оның кеңістік кемшіліктерін жою. Сондай-ақ ұсақ , орташа және ірі шаруашылықтардың ұтымды үйлесімін  қамтамасыз ете отырып, олардың өздерінің және жер пайдаланушылықтарының , мамандандырылғандықтарына қарай тиімді көлемдерін табуқажет.

Жер заңдарына елдің жер ресурстарын пайдалану  жөніндегі ғылыми негізде жасалған схемаларды әзірлеу ескерілген.

Ғылыми техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің дамуына және өндірістік қатынастарының жетілуіне байланысты , жердің аса маңызды өндіріс құралы және алмасуға жатпайтын табиғи ресурсы , ал қазіргі нарықтық жағдайларда – жылжымайтын мүлік және нарық механизмінің объектісі ретінде қоғамдық – экономикалық ролі едәуір арта түсті.

 

Жерге арналастыру техникасы

 

Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және қүқықтық негіздері техникалық, бірінші кезекте, геодезиялық әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық техника көптен бері жерге орналастыру жобалары мен схемалардың план-картографиялык, негізін жасауға, ал жобалау аяқталғаннан кейін оларды жер бетіне түсіруте қолданылды.

Ол арқылы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс-қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі. Бұл:

-план - картографиялың негізді таңдау және оның дәлдігін бағалау;

-іздестіру және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу

жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;

-план-картографиялық материалдарды жасау дәлдігі;

-жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жо­балау жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;

-жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс-қимылдар.

План-картографиялық негіздің таңдалуы жобалау жұмыстарының түрлері мен жобалау көлеміне байланысты. Мысалы, облыстық және аудандық жерге ораналастыру схемаларын, ал кей кезде шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасағанда көбінесе 1:100000        1:50000 масштабтағы пландар пайдаланылады. Ішкі-шаруашыльщ жерге орналастыру жобаларының масштабы жер пайдаланушылықтың көлеміне тікелей байланысты, соңғысы а.ш. көсіпорнының мамандандырылуымен себептеледі. Дала аймақтарындағы жер пайдаланушылықтардың ауданы 15-50 мың га аралығында. Бұнда көбінесе 1: 25000, шөл және шөлейт аймақтарындағы 50-150 мың гектарлық жер пайдаланушылықтарда -1:50000, суармалы егіншілік аймақтарында (2-10 мың га) -1:10000 масштабтағы план-картографиялық материалдар қолданылады. Елді мекендердің территориясын реттестіру жөніндегі жобалар 1:5000 немесе 1:2000 масштабта жасалады.

Іздестіру және топографиялық - геодезиялық жұмыстар ведомстволық нұсқаулар бойынша жүргізіледі. Соңғыларында бұл жұмыстарды жүргізу реттілігі, жер ауданының бір гектарына алынатын үлгілер мен өлшемдер саны, топырақ контурларын картаға түсіру дәлдігі және басқалары көрсетіледі. Нәтижесінде, жобалық шешімдердің негізі болып табылатын, белгілі бір масштабтағы топырақ, геоботаникалық, топографиялық карталарда контурлар мен межелерді бейнелеу дәлдігі қамтамасыз етілуге тиісті. Тым толық және нақты план-картографиялық материалдарды жасау зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы мен уақыт көлемін едәуір көбейтеді. Жерге орналастыруда қолданылатын план-картографиялық жұмыстар аэрофототүсіру және жер бетінде түсіру жұмыстарының нәтижесінде әзірленеді,

Жерге орналастыру жобаларын жасағанда және жер кадастрын жүргізгенде негізгі картографиялық материалдар болып табылатын топографиялық пландар аэрофототүсіру әдістері арқылы алынады. Бұл пландар толыктығы мен нақтылығына қарағанда жерге орналастырулық жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.

Аэрофотосуреттер, фотопланшеттер және баска осы тәріздес материалдар дайындық және зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ аумақта рекогносцировка жүргізу барысында пайдаланылады.

Шағын жер учаскелеріне мензулдық, теодолиттік немесе тахеометриялық түсіру арқылы пландар жасалады, өйткені бұнда аэрофототүсіру әдістерін қолдану тиімсіз.

Топографиялық пландар, аэрофотосүреттер мен фотопланшеттер ауқымды территорияларды (100 кмі астам) алатын жобалық жұмыстарды жүргізгенде пайдаланылады. Жер бетінде түсіру әдістері көбінесе шағын ауданды, қаржы мен еңбекті мол талап ететін объектілерде (гидротехникалық, табиғат қорғау, эрозияға қарсы бағытталған) қолданылады.

Жерге орналастырулық жобалау нәтижесінде жобалық планда қажетті дәлдікпен, экономикалық тұрғыдан негізделген учаскелердің аудандары мен межелері графикалық түрде көрсетіледі.

 Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынадай жобалау тәсілдері қолданылады:                         

- аналитикалық (координаттар бойынша);     

- графикалың (планда сызықтық өлшемдер арқылы);

- механикалық (планиметр арқылы).

Аналитнкалық жобалау тәсілі арқылы есептелген аудандардың салыстырмалы қателіктері 1/2000 шамасында, ал механикалың жобалауда - 1/300 болуы мүмкін.

Жобаны жер бетіне түсіргенде мынадай әдістер пайдаланылады:

- өлшеу әдісі (арнайы құралдар арқылы);

- бұрыш өлшеу тәсілі (теодолит жөне т.б. аркылы);

- графикалық - мензула өдісі.

Аналитикапық жобалау барысында жасалған тексеру өлшемдер мен сызықтарды өлшеу әдісі арқылы жер бетіне түсіру айырмашылығы 1/1500 аспауға тиісті.

Мензула арқылы жобалық нүктелерді жер бетіне түсіру дәлдігі оларды планда көрсету дәлдігіне сәйкес 0,4 мм тең болуға тиісті.

Қазіргі кезде геодезиялық жұмыстарды жүргізу барысында, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері ескерілген өлшеу аспаптары мен құралдары, соңғы үлгідегі компьютерлер мен аэрофото және аэроғарыштық әдістер мен материалдар кең қолдануда.

Қорыта келгенде, техникалық әдістер арқылы жерге орналастыру іс-қимылдары, олардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәні іс жүзінде жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасында жерге орналастыру жұмыстарың ұйымдастыру

 

Қазақстандағы қазіргі жер заңнамасы жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу, сол сияқты бұл мәселелерді шешудемемлекеттік органдардың құзырлығы мен  құқықтылығы бойынша міндеттерді белгілейді. Құзырына жер қатынастарын реттеу мәселелері кіретін жоғарғы орган –Қазақстан Республикасының Парламенті.

Мұндағы оның негізгі міндеттері – жер қатынастарын реттейтін , сол сияқты жер қатынастарын реттеу және жер қорын басқару аясындағы  жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың жер ресурстарын басқару бойынша ҚР үкіметінің орталық мемлекеттік органдардың құзырлығын  белгілейтін заңнаманы дайындау мен қабылдау.

Парламент жер қатынастарын реттеуді тек жер және табиғатты қорғау заңнамасымен ғана емес, заңнаманың барлық басқа түрлері арқылы да алдымен азаматтық және  салық кодексі, сондай ақ жекелеген оқиғаларда халықаралық келісімшарттарды бекіту арқылы жүзеге асырады.

ҚР жер қатынастарын реттеудің қызметтік жоспарында қазір бірнеше бағыт бар.Бұлар құықтық және әкімшілік , экономикалық және жерге орналастырушылық – экологияляқ. Жер қатынастарын құқықтық және әкімшілік реттеу заңдарды , жарлықтарды,қаулыларды,нормативтер мен нұсқауларды дайындауға және қабылдауға негізделеді, сол сияқты оларды орындау мен заңнама талаптарын дұрыс орындауды бақылаудан тұрады.

Жер қатынастарын реттеудің экономикалық аспектісі жерді ақылы пайдалану принципін орындаумен сипатталады. Ол жерге салық салу және жалға төлеу , жерді бағалау мен бағалы аймақтандыру , сол сияқты жер учаскелерін мемлекетке сату және жерді пайдалану құқығы , шаруаларда ипотекалық несиені дамыту арқылы жүреді. Жерді бағалау және алу тәртібін орнату мемлекеттің де , жерді пайдаланушыныңида шығынын орнына толтыруға мүмкіндік береді.

Жер қатынастарын реттеудің жерге орналастырушылық – экологиялық аспектісі категориялардың, облыстардың, аудандардың,  халық шаруашылығының салаларының арасында жер қорын үлестіру және қайта үлестіру,жер учаскелерін бөліп беру, жер алқаптарының құрамы мен арқатынасын белгілеу, жерді тіркеу және есепке алу, куаландыратын құжаттардың құқығын рәсімдеу, жерді жабдықтауды, мониторинг пен қорғауды жүргізу, бұзылған жерлерді рекультивациялау мен қалпына келтіру,  кез-келген мақсат үшін жер учаскелерін бөліп беру жобаларын сараптау бойынша әрекеттерге негізделген.

Жер қатынастарын реттеу бойынша үкіметтің құзыретін белгіліген заңның анализі олардың негізінен мейілінше маңызды мәселелерді қамтитынын , басқару органдары деңгейінің талаптарына сай келетін сол сияқты 1995 жылғы президенттің Жeр туралы жарлығында бұл баптардың құрылымы шамалы айрықшаланатынын көрсетеді.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-22 14:08:03     Қаралды-5297

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »