UF

Тақырыбы: Экология

 

1. Дүниеге экологиялық көзқарас принциптері

 

Соңғы онжылдықта, планетамыздың тіршілік белгісі бар бөлігіне төнген қауіп, көптеген өнеркәсібі дамыған елдерді экологиялық проблемаларға алаңдауға мәжбүр етті, Табиғатқа келтірген шығынның орнын толтыру, қоршаган ортаны сақтау шаралары үшін орасан үлкен қаржы бөлу күнделікті құбылысқа айналды.

Бірақ, мұның бәрі жартымсыз шаралар, өйткені табиғи объектілерге деген өндірістік, индустриалдық негативгі әсерлердің жаппай етек алуы, әлгі шаралардың нәтижесіне сапалық та, сандық та көрініс бере алмайды. Ол үшін, біз қоршаған ортаға деген бұрыннан қалыптасқан үйреншікті стандарттар мен көзқарасымызды түбірімен өзгертуіміз қажет. Биосфераны, біздің мақсаттарымыз бен қажеттіліктерімізге бейімдеп өзгерту кезіңде, сол мақсаттар мен қажеттіліктердің өзі, биосфераның мүмкіндіктеріне бейімделіп өзгеруі тиіс.

"Адам-Табиғат" жүйесін комплексті түсіну және оның адам іс-әрекеті мен табиғаттың гармоникалық дамуы ретінде өзгеріске ұшырауы - қазіргі ғылыми-техникалық прогресті экологизациялаудың интелектуалдық базисін құрайды және ол төмендегі принциптерге сүйенеді:

1.  Өмір сүрудің рухани сипаты - табиғат пен қоғам қарым-қатынасын реттейтін экологиялық моральдің негізі.

2.  Болашақ маманға тәрбие, білім беру жүйесі - экологиялық ойлауды дамыту принциптері негізінде құрылуы шарт.

3.   Кез  келген  маманның  негізгі  қағидасы   -  "биосфераны бүлдірмеу" болуы тиіс.

4.   Ойлау — глобальды, ал іс-әрекет — локальды болсын.

5.   Белгілі территориялар масштабында және  бүкіл планета бойынша техносфераны басқарудың репрезентативті экологиялық модельдерін жүзеге асыру.

6.  Шаруашылық нормалары мен деңгейін адам және биосфера коэволюциясы негізінде дамыту.

7.  Табиғи ресурстарды рациональды пайдаланудың бірыңғай нормалары      негізінде,      табиғат      қорғаудың      экологиялық критерийлерін комплексті унификациялау.

8.  Іс-әрекет бірлігі - табиғат бірлігінен туындайды.

9.    Ғылым,   техника,   өндіріс   -   экологиялық   мүмкіндіктер тоғысында ғана бағалануы және дамуы тиіс.

10    Ғылыми-техникалық   іс-әрекеттің   барлық   бағыттары   -экологиялық когерентті болуы қажет.

2. Экология ғылымы, оның зерттейтін объектілері мен міндеттері

Экологияның негізгі салалары мен бөлімдері тоғысатын бірнеше маңызды мәселелер бар. Оларды шешу жолындағы жетістіктер, бүкіл экологияның алға басуын қамтамасыз етеді, сондықтан, күш ең алдымен сол мәселелерді зерттеуге бағытталуы тиіс.

         Экологияның қамту саласын дәлірек анықтау үшін тірі материяның ұйымдастырылу деңгейлерінің спектрін қарастырып өтейік:

         Молекула - Жасуша (клетка) - Ұлпалар мен органдар- Организм -   Популяция-түр - Экожүйе - Биосфера.

         Экология   компоненттігінің   негізгі   аймағы   -   экожүйелер Деңгейі, сонымен қатар ол келесі және ілгері тұрған деңгейлерді де қамтиды.  Экологаяның айрықша міндеті - тірі табиғатты экологиялық жүйелер деңгейінде зерттеу.

         Бұл орайда, тіршілік иелерінің өмір сүру деңгейлеріне қарай, экологая - аутэкология және синэкология болып екіге жіктеледі. Егер, нақты бір организмнің қоршаған ортамен жеке-дара байланысы зерттеліп және организм сол жүйеден оқшауланып карастырылса, онда әңгіме аутэкология туралы болғаны. Кейде аутэкология тек жеке бір организмді ғана емес, ол бүкіл бір түр немесе организм тобын да қарастырады.

         Алайда, жоғарыдағыдай оқшаулау тәсілімен зерттеу-табиғи өзгерістердің өту заңдылықтарын толық білуге, тануға мүмкіндік ашпайды. Сондықган, кез-келген организм немесе организмдер тобын, сол жүйені құрайтын барлық құрамалар табиғатын ескере отырып, оларды жан-жақты зерттеу-синэкологияның мәселесі болып табылады. Зертгейтін нақты обьектілері мен ортасына қарай экологияны төмендегіше де топтайды:

- адамзат және жан-жануарлар экологиясы;

- өсімдіктер экологиясы;

-  микроорганизмдер экологиясы;

Осылайша топталған экология құрылымы (структурасы) 1-суретте келтірілген.

         Экология объектілері, көбінесе биологияның өзге — физиология, генетика, биофизика, эволюция сияқгы салаларымен тоғысып жатады. Бұл - экологиялық физиология, цитоэкология, өнімділік-энергетикалық экология, эволюциялық экология және т.б. пәнаралык және синтетикалық бағыттардың калыптасуына әкеліп соғады. Экология - химия, физика, геология, география, математика және т.б. биологиялық емес ғылымдармен де тығыз сабақтас. Соңғы кезде географиялық экология немесе химиялык, экология және т.с.с, ұғымдар кеңінен қолданылып жүр.

         Соңғы кезде құрылыс және сәулет сияқты мамандықтар өкілдерінің де, экологияға назар аударуы кездейсоқ нәрсе емес. Қазірдің өзінде жаңа ғылыми бағыттар - инженерлік экология, қала экологиясы пайда болды.

         Адамзат баласының, ғарыш кеңістігінде зерттеулер жүргізілуіне байланысты, ғарыштың антропоэкология мәселесі туындап отыр, өйткені ұзақ мерзімдік космостық ұшу жағдайында тіршілікті қамтамасыз ету - нағыз экологиялық проблема.

         Өндіріс, өнеркәсіп орындарында адамзаттың техникамен, машинамен жұмыс істеу нәтажесінде еңбек қорғаудың бөлігі болып табылатын эргокомика да экология ғылымы қарастыратын мәселе болып табылады. Сонымен, жаратылыстану және қоршаған   табиғи   ортаны   қорғау   ғылымы   ретінде   экология пәнінің айнылысатын мәселелеріне төмендегілер жатады:

-   тіршілік иелерінің табиғатқа және  биосфераға  қатысты нақты заңдылықтарын зерттеу;

-    адамзат   іс-қимыл   қарекетінің   нәтижесінде,   қоршаған ортаның өзгеріске ұшырауын алдын-ала болжау және         табиғи биологиялық қорлар көзін тиімді пайдаланудың   ғылыми негізін қалау;

1-сурет. Экология құрылымы

 

- олардың дамуын реттеу;

- зиянкес түрлерге қарсы күресте, химикаттарды мейлінше аз пайдалану жолдарын қарастыру;

-ландшафт кұрылымындағы оны кұрайтын кұрама немесе кұрамдас бөліктерінің (компоненттерінің) қасиетін анықтау барысында, оларға экологиялық индикация жүргізу, сонымен бірге, табиғи ортаның ластануын да индикациялау;

-  бүлінген табиғи жүйелерді қорғау, атап айтқанда - ауыл шаруашылығында егістік жерлердің, жайылымдардың топырақ құнарлылығын, бөгет және су қоймаларын қалпына келтіру;

-   бей-берекетті  өндірістен  шаруашылықты  қожалықтарға көшу;

-         биосфераның бүлінбеген эталонды бөліктерін сақтау. Экология саласының жоғарғы оқу орындарында арнаулы пән ретінде жүруінен басқа да мәселелер туындайды. Мәселен, химик-технолог міндетіне тіршілік жүйесін ұйымдастыру мәселесі кірмегенмен, ол өз кәсібін атқару барысында тіршілік иелері мен қоршаған ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Демек, оның табиғи қоршаған орта кұрылымын, қасиеттерін, онда жүретін өзгеріс заңдылықтарын қандай дәрежеде меңгергендігіне байланысты, қоршаған орта да, оған өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды.

         Жер асты кендерін су қоймаларын, табиғат аясын, аяусыз есепсіз пайдалану, ластау, тіршілік көздерінің сарқылуына және әртүрлі зілзалаларға алып келері даусыз. Сондықтан, инженер-технологтардың да экология пәнінен хабардар болғаны жөн және бұл бүгінгі күн талабы.

        Өнеркәсіп, өндіріс орындарында, конструкторлық-жобалау  мекемелерінде жұмыс атқаратын инженер мамандардың экологиялық басты мәселелері болып төмендегілер саналады:

         1) Технологиялық,     инженерлік,     конструкторлық-жобалау жұмыстарын    адамзат    денсаулығына    зиянын        тигізбейтін қоршаған ортаны мейлінше бүлдірмейтіндей етіп жүргізу;

         2) Қайта   құрылатын немесе жобаланатын өндіріс орындарының  - қоршаган ортаға,  адамзатқа,    жан-жануарлар дүниесіне тигізер зиянды әсерін алдын-ала    болжап, бағалай білу және   оны болдырмау   жолдарын қарастыру;

         3)  Өндіріс, өнеркәсіп саласындағы  қоршаған  орта мен тіршілік иелеріне зиянды технологиялық процесті дер кезінде, анықтап, оны түзету шараларын іске асыру.

         Қысқасы,   қоршаған   табиғи   ортаны   қорғаудың   ғылыми негіздерін және заңдылықтарын қарастыратын ілім - экология

болып табылады. Экологияның жетістіктері, қазіргі заманның бірқатар өзекті міндеттерін шешуге негіз болып отыр. Экология -келешектің ең маңызды ғылымдарының бірі - деген ойды әлем ғалымдарының көпшілігі барған сайын мойындай түсуде.

 

 3. Табиғатты қорғау және экология

 

         Экологияның практикалық нәтижесі, ең алдымен табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден бастау алады.

         Экология қарастыратын басты мәселелері айқындап алғаннан соң, оның қоршаған ортаны қорғауын, бүлдірмей сақтауды қалай жүзеге асыратындығын әңгіме етелік.

         

         Табиғат деген ұғымды, біз өзімізді қоршаған орта — тау-тас, өзен-көл, жан-жануар, өсімдіктер және т.б. заттардан тұратын дүниелер деп түсінеміз. Ал енді, бұған өзгеше бір кең мағынада анықтама берсек, табиғат дегеніміз -адамзат қоғамы тіршілік ететін материалды-энергетикапык, және букіләлемдік информациялық дүниелер жиыны. Берілген анықтамалардан табиғат дегеніміз - тек жер бетін мекендейтін адамзат, жан-жануарлар, өсімдіктер дүниесі ғанаемес, сонымен қатар, жансыз дүниелер де, оның ішінде - литосфера, энергетикалық қор, пайдалы кен қазбалары кіретін дүние әлемі екендігі көрінеді.

         Бұл мәселеде айтылғандармен қатар, екінщі дүние (Вторая природа) деген де түсінік бар. Бұл үғым бойынша адамзат қолымен, еңбегімен жасалған дүниеліктердің бәрі - соңғы түсінікке жатады. Яғни, жайқалған егістік алқабынанбастап, қаламсапка дейін "екінші дүниелік" заттары болып табылады. "Екінші дүние" заттары да табиғат еншісі болып табылғандықтан, олардың табиғат ұғымына кіретініне ешкім шек келтіре қоймас.

          Адамдардың табиғатқа тигізетін әсерлері және олардың салдары әртүрлі болады. Олардың кейбіреулері шағын аумақты алуы мүмкін. Мысалы, өзендерге салынған плотина, кішкене көлшіктердің пайда болуына, сол аумақта су деңгейінің жоғарылауына, ал кейбір шұрайлы аймақтың тіптен су астында қалып қоюына өкеліп соғады.

         Орман ағаштарының көптеп кесілуі, сол аумақтағы су көздерінің жойылып кетуіне әкеліп соғады, ал үлкен су қоймаларын жасау сол жердің ауа-райының өзгеруіне әсер етеді (ол судың үлкен аумақта булануынан болады).

         Түптеп келгенде, адамдардың іс-әрекетінің әсерінен, биосферада көптеген өзгерістер болады, олар: өсімдіктер және жануарлар өлемінің өзгеруі, топырақтың және ауаның құрамының өзгеруі, су кррларының өзгеруі, ауа райының өзгеруі, жер релефінің өзгеруі.

          Экология қамтитын проблемалар өте күрделі әрі көп қырлы. Дұрыс шешімін табу үшін - жаратылыстану, техникалық, қоғамтану және т.б. ғылым салалары қатысуы қажет. Осы күнге дейін, әр ғылым өзіне таныс, тусініктіпроблеманы бөліп алып, жеке зерттеп келді. Осылайша, біртұтас, бір жүйеге жататын үлкен мәселе еріксіз бөлшектеніп, жан-жақты зерттелмей, ғылыми тұрғыдан негізделмей, ұштастырылмаған жұмыстар жиынтығы болып келді.Қоршаған ортаға байланысты емес, әрі жеке-дара зерттелгендіктен, ғалымдардың ұсыныстары-қайшылықтары көп және ортаның бір бөлігіне пайдалы болса, басқасына зиянды болып жатты. Сол себептен, табиғи ортаның жағдайыжақсару орнына, күннен күнге нашарлауы орын алып отыр.

Өндірістік мекемелер және жылу энергетикалық қондырғылар, тасымал машиналар т.б. қоршаған ортамен өзара үйлеспеуі, табиғатқа жан-жақты әсерін тигізіп, түрлі зиянды өзгерістер туғызады. Олар: әртүрлі химиялық заттармен қосылыстардың, радиацияның, әртүрлі шулардың табиғи ортаға тарауы. Басқаша айтқанда, ақыл-ойдың құдіреті дүниеге келтірген ғажайып техникалық құралдар - табиғатты бүлдірмей, қайта оны сақтауға, гүлдендіре түсуге тиіс.Ал, нақты өмірде солай болып отыр ма? Өндірістің құрал-жабдықтарын әбден жетілдіріп, табиғат байлықтарын игерген адам, енді сол табиғаттың өзін жүдетіп жібергенін де байқамай қалды. Қазір атмосфера ластанған, топырақ тозған,өзендердің өзегі талып, суы тартылған, әрі уланған. "Табиғатты бас игіздік, жеңдік" деп даурығып жүріп, өзімізге өзіміз қастық жасадық.  Соның бір қуәсі - Арал апаты. Аралдың алтын өзегі Амудария мен Сырдарияның суынжырымдап, "мақта суарамыз, күріш өсіреміз'' - деп; бұра тартып жүріп, табиғатқа қиянат жасадық. Жауапсыздықтың, қырсыздықтың неге әкеліп соққанын қараңыз: теңіз деңгейі ондаған метрге төмендеп, суы тартылған, жағалауықұлазыған. Суы кепкен теңіз түбінен, бүгінгі күні тұзды құйын көтерілетін болды; ол тек Арал өңірі ғана емес, мыңдаған шақырым жерлерге жетіп, тұз жаудыратын халге жетгі. Арал аймағында өлім-жітім екі есеге дейін көтерілді.Жаңа туған нөрестелердің 80-90 %-і дімкәс болып туатын болды. Бұл өңірде, сүзекпен ауыратындар отыз есе, сарыауруға шалдыққандар саны жеті есе көбейіп кетті.

         Адам әсерінен болған табиғаттағы зиянды өзгерістер, өте алыс жерлерге де әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, Ұлыбритания заводтарының газдары мен түтіндері Швецариядағы  орман ағаштарының жойылуына, көлдері менөзендерінің ластануына, жеміс-жидектердің сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырып отыр.

         Чернобыльда болған апатты шет мемлекеттің ғалымдары әлемге бірінші болып хабарлаған. Олар, ауадағы радиация фонының кенеттен өсіп кетуін арнайы аспаптарда тіркеп, атом электростанциясында болған апатты жария етті.Бұл жағдай 26 сәуірде болса, ал біздің елімізде ол туралы хабарды, тек 6 мамыр күні айтуға мәжбүр болған.

         Ащы болса да, шындық солай. Сондықтан, табиғатты қорғау, сақтап қалу міндеті - ғаламдық мәселелерге айналып отыр.

         Дүниеге құдіретімізді жүргіземіз, қолдан теңіз жасаймыз деп жүріп, Іленің суын шаштық, Балқашты шөліркеттік. Ақыл-ойымыздың жаңсақ басқан мұндай мысалдары өте көп.

         Қорыта келгенде, жаны ашымастық пен қырсыздықтың салдары - аймақтык, және глобальдық экологиялық проблемаларға шалдықтыратыны аян.

         Сондықтан, табиғат қорғау, коршаған орта тазалығы үшін күрес, табиғат байлығын ұқыпты пайдалану мәселелері мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны әбден заңды. Сондықган да, экологиялык мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау - әрбір азаматтың абыройлы борышы.

         Соңғы кезде "инженерлік экология", "өнеркәсіп экологиясы", "техникалық экология" деген ұғымдар кең айтылып жүр. Мысалы, "инженерлік экология" деп - қоршаған орта сапасын өндіріс дамуына тәуелсіз, жақсы калпында сақтап қалуға арналған инженерлі-техникалық шаралар жүйесі айтылады. Алайда, әңгіме екі түрлі мәселелер туралы болады, Демек, мәселе экологияның жаңа бір саласы туралы емес, бар болғаны қоршаған табиғи ортаны инженерлік білім жетістіктерін пайдаланып қорғау немесе оның сол сапалы күйін сақтап қалу туралы болғаны. Олай болса, экология ғылымының, негізінен, техникалық сипатынан гөрі пәнаралық мәні басым және экологиялық мөселелерді сол тұрғыдан қарағанда ғана оны дұрыс шешуге болады. Басқаша айтсақ, әрбір адамға экологиялық ойлау қабілеті қажет.

         Адамзат   қоғамы  тіршілік  ету   барысында,   өзін   қоршаған орта    дүниеліктерін    пайдаланып,    оларды    кәдесіне жаратады; әртүрлі өңдеу орындары болып табылатын фабрика, өнеркәсіп мекемелерін салады. Жер қойнауындағы шикізаттардан және кен-қазбалардан керекті заттар өндіру барысында қажетсіз өндіріс калдықтары пайда болады және бұларды ксенобиотиктер (грек тілінен "ксенос"- бөтен, өзге; "биос" - өмір, тіршілік) деп атайды.

         Жер бетіндегі тіршілік иелерінің даму эволюциясы кезінде, аталған заттар болмаған және ксенобиотиктер өнеркәсіп өндірісі нәтижесінде ғана пайда болған. Мысалы, металлургия өнеркәсібі пайда болғанға дейін, табиғатта таза металдар ұшыраспаған (алтынды есепке алмағанда). Химия өнеркәсібінің нәтижесінде -фреондар, пестицидтер, органикалық заттар алу барысында пайда болатын өндіріс қалдықтары қаншама. Табиғатта ұшырасатын кейбір заттар ксенобиотиктер қатарына жатпағанымен, олардың су қоймаларында, ауада топырақ құрамында артық мөлшері кездесуі зиянды болып табылады. Мысалы, озон, фенол, көмір кышқыл газы, күкіртгі ангидрид және т.б. қосылыстар. Бұларға іштен жану двигательдерінде бензин жану барысында түзілген иіс газының (СО) ауаны ластауын қосыңыз.

         Осы ксенобиотиктер, тірі организм клеткаларына түссе, ондағы метаболизм құрылысы бұзылады, нәтижесінде организм жағдайын нашарлатады, Мысалы, атмосфералық ауа кұрамында -фтор, никель, кобальт, күкірт қосылыстары бар болса, онда фотосинтез құрылысына нұқсан келеді, яғни өсімдіктер дүниесінің фотосинтетикалық жұмыс жүйесі жарамсызданады. Су қоймаларына, өзен-көлдерге сарқынды сулармен келіп түсетін органикалык қалдықгар, фенолдар, суда мекендейтін жәндіктердің, балықтардың қырылуына әкеліп соқтырады.

         Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы нәтижесінде, тыныс алатын ауа - әртүрлі аллергиялық аурулардың қоздырушы көзі болып табылып отыр. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адамзат қоғамы мен оны қоршаған ортаның жағдайын нашарлатпауы тиіс. Міне, осындай мәселелердің бәрі - табиғат заңын дұрыс пайдаланып, экология негіздерін білуді талап өтеді.

         Енді,   2-суреттегі     схеманы  қарастыралық.  Келтірілгені суреттің төменгі жағындағы үш бөлік - әртүрлі өнеркәсіп өндірісі немесе  табиғи     ортаны        түрлендіру,        ауыл-шаруашылық өнімдерінің құнарсыздануы мен адамзат баласы денсаулығының нашарлауын  бейнелейтін негативтік құбылыстарды болдырмау, жою   және   шешу  жолдарын   қарастырады.   Ол   үшін,   табиғи қорларды (ресурстар) пайдалануды қысқарту жолы ұсынылған. Алайда, бұлар мәселенің бүтіндей шешімі бола алмайды.

         Сонымен қатар, мұнда табиғи жүйелердің ксенобиотиктер нәтижесінде бұзылуын болдырмау үшін, алдыңғы қатарлы тиімді инженерлік тәсілдері пайдалану ұсынылады (жоғарғы ортаңғы бөлік). Осы келтірілген инженерлі-техникалық және технологиялық мәселелер, бірден екі мәселе түйінін шешеді.

         Оның біріншісі - табиғи қор, екіншісі экологиялық мәселелер. Ал бұл мәселелерді дұрыс шешу - әрі қоршаған табиғи ортаны қорғау, әрі адамзат қоғамының өмір сүру жағдайын жақсарту болып табылады.

 

 
   

4. Антропогенді экологиялық кризистердің тарихы және қазіргі экологиялық проблемалар

 

         Қоғамның даму тарихына қарағанда, оның жан-жақты дамуы, табиғатта түрлі экологиялық кризистердің орын алуына себеп болып келді.

         Экология ғылымында, экологиялық кризистерді болжай отырып, оның алдын-алудың маңызы өте зор. Біздің планетамыздың тарихында бірнеше экологиялық кризистер мен апаттар (катастрофалар) болған. Олар, көптеген тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесінің жойылып, олардың түрлерінің, қасиеттерінің өзгеруіне ықпал етті. Мұндай катастрофаларға -геологиялық процестердің, космостағы планеталардың және денелердің бір-бірімен соғысуының немесе жер орбитасының параметрлерінің өзгеруі және жердің айналу осінің орнын өзгертуі сияқты әсерлер себеп болды. Ал қазіргі күні, адамдардың тіршілік әрекеті салдарынан болатын экологиялық апаттар халықты қобалжытуда және бұл экологиялық проблемаларды дұрыс шешу міндеті - экологтардың, ғалымдардың еншісінде.

         Экологиялық апаттардың негізгі себептерінің бірі - ғылыми-техникалық професс. Қазіргі ғылым мен техниканың құдіретін адамзат дұрыс пайдалана білгенде ғана, антропогендік экологиялык кризистердің алдын алу мүмкіндігінекең жол ашылады.

         Табиғи экологиялық кризистердің негізі климаттық факторда жатыр. Жер шарының әр түкпірінен табылған ауа райы туралы деректерді салыстырғанда, мұнан бірнеше миллион жылдар бұрын климаттың басқаша болғаны, соданбері планетамыз көптеген өзгерістерді бастан кешіргені мәлім болды. Ол кезде, жоғарғы ендіктер мен экватор арасында климат айырмашылығы қазіргідей көп болмаған. Үшінші дөуірде (біздің дәуірге дейін 16-2 миллион жыл бұрын)солтүстік және оңтустік ендіктерде температура төмендеп, біртіндеп мұз қабаты пайда бола бастады. Төртінші дәуірде (соңғы I миллион жыл шамасында) мұз орта ендікке дейін келіп, қайта еріп, оның шегі солтүстікке қарай жылжыпотырды. Мұздың орта ендікке дейін соңғы рет, жетуі шамамен 10 мың жыл бұрын болатын. Сонан кейін, тұрақты мұзды алқап Солтүстік Мұзды мұхит пен Антарктида ендіктерінде сақталды. Климаттың салқындауы, атмосферадакөмір қышқыл газының азаюына байланысты болды. Сонымен бірге, жанартаулардың атқылауы мен үлкен өрт кезінде аспанда пайда болған шаң-тозаң - күн сәулесінің жер бетіне толық түспеуіне, осының нөтижесінде климаттыңсалқындауына әсер етті.                              

         Ғалымдардың болжауы бойынша, адамдардың іс-әрекетіне байланысты ХХІ-ғасырдың соңында, көмір қышқыл газының үлес салмағы 0,04 проценттен - 0,07 процентке дейін артуы ықтимал және соның салдарынан жер бетіндегіорташа температура өзгеруі мүмкін.

Егер, дүниежүзілік температура 1,5-4 °С-қа көтерілсе, көпжылдық мұздар мен мұздақтар жаз айларында еріп, мұхит суының жайылуы әсерінен, көптеген қолайсыздықтар орын алуы мүмкін. Бұрын, дүние жүзі ауасыныңтемпературасы бірнеше мың жылда 0,1 °С-қа көтерілетін болса, қазір отын мен энергия қорларын шектен тыс жағуға байланысты, бар болғаны 30-40 жылда 1 °С-қа көтерілетін түрі бар. Адамзат, әрі қарай да, қазіргідей жылына 7-10миллиард тонна отын жағып, ауаға қосылатын көмір қышқыл газы мөлшерін арттыра беретін болса, ауаның, жылынуы нәтижесінде мәңгілік мұздар еріп, құрлықты су басып, тұщы су қорлары азаюы ғажап емес.

Алғашқы атропогенді экологиялық проблемалар, адамдар өмір сүретін аймақтарда өте ерте кездерде-ақ байқалған. Сол кездердің өзінде-ақ, жабайы аңдардың, өсімдіктер түрлерінің кейбір ғалымдар, бұл жағдайдың себебінөзгеруімен байланыстырса, ал кейбіреулері математикалық есептерге сүйене отырып, "жан-жануарлар, өсімдіктердің қырылуына адамдар кінәлі" деген жорамалдарды айтуда.

Ерте кездегі адамның қоршаған ортаға әсері, олардың отты қолдануынан басталған. Ормандағы және даладағы өрттер жабайы аңдарды ұстауды одан сайын жеңілдетті. Бұл, көптеген өсімдіктер мен жануарлардың ұшты-қилыжоғалып кетуіне әкуеліп соқты.Сол кездерден бастап экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тұрақты құбылысқа айналды.                                                     

         Бір кездерде адамдар, егін және мал шаруашылығымен шұғылдана бастайды. Мал бағу, егін егу үшін жазық дала қажетті болғандықтан, көптеген орман ағаштары жағылып  жойылып кетті. Отынның күлі тыңайтқыш ретіндеқолданылып, егін өнімінің жоғарлайтыны байқалған соң, ормандардың жаппай жою үйреншікті көрініске айналды. Әрбір 2-3 жылда ағаш күлінің тыңайтқыш қасиеті азайып, адамдар басқа, жерден орын іздеуге мәжбүр болыпотырды.    Егін егудің мұндай әдісі, енді дамып келе жатқан елдерде қазіргі күнге дейін қолданылып келеді.

         Өсімдіктердің үлкен аймақта жануы (өртенуі) табиғат жағдайының күрт өзгеруіне әкеліп соқты: өсімдіктер мен жануарлардың түрі, топырақтың құрамы, ауа ылғалдылығы және ауа райы өзгеріске ұшырап, көп жағдайлардақоршаған ортаны бұрынғы қалпына келмейтіндей етті.

         Көптеген жерлерде өсімдіктердің құрып кетуіне, үй жануарларының көптігі әсер етті. Әсіресе, құрғақ климатты жерлерде мыңдаған, миллиондаған үй жануарлары өсімдіктерді жеп, мыңдаған малдардың тұяқтары топырақтықопарып, шөптердің тамырын үзіп, көкшалғын жерлерді шөп өспейтін мидай далаға, тақырға айналдырып жіберді.

         Ғалымдарымыздың айтуынша, қазіргі тасты, құмды жерлердің көпшілігі, кезінде орманды жерлер болған. Мысалы, археологтардың айтуынша, Орта Азияда егін егетін жерлер бұрын, қазіргіге қарағанда бірнеше есе көп болған.

         Ерте заман адамдары келешегін ойлауды, іс-әрекетінің табиғатқа тигізер зардабын болжауды игермегендіктен, оларды кіналауға хұқымыз жоқ. Оның үстіне, экологиялық зардаптың көп жылдар өткен соң біліне бастайтынынескерген жөн.

         Қоғамның   дамуына    байланысты,    табиғат   ресурстарын пайдалану    қарқындап    өсе    бастады.    Табиғат    байлықтарын қисапсыз  көп  мөлшерде өндіру барысында,  оның құрамында қажетті      заттарды      айырып     ала      білу      жолын      жақсы меңгермегендіктен,   қоршаған   ортаға   зиянды   қалдық   тастау мөлшері өсе түсті. Мысалы,  1945-1970 жылдары АҚШ Атлант мұхитының    шығыс    жағалауына    3    мың    метр    тереңдіккерадиоактивті калдықтар салынған 85 мың контейнер тастады. АҚШ әскерлері,  Вьетнам жеріндегі ағаштарды, өсімдіктерді у шашып жойып жіберді. Соғыс біткелі 30 жыл өтсе де, әлі күнге дейін онда ештеңе өспейді. Ханфордтағы(АҚШ) атом электр станциясы, радиактивті қалдық суларды Колумбия өзені әрі Тынық мұхитка, ағылшындар - Ирланд теңізіне, француздар-Рона өзені арқылы Жерорта теңізіне жіберіп жатыр. Кеңестер империясы, 40 жыл бойыҚазақстан жерінде - ауада, жерастында, атом және сутек бомбаларын жарып келді. Екібастұзда, жылына 100 миллион тонна күлі көп қоңыр көмір қазып, оны жағу арқылы алынған электр энергиясын жоғары вольтты сымдарменРесейге жөнелтуде, ал Қазақстан жерінде көмірдің күлі мен  түтіні қалуда. 1993 жылы қазан айында, Ресейдің сұйық радиоактивті қалдықтар салынған контейнерлерді түн қараңғысын жамылып, Жапон теңізіне тастағаны белгілі болды.Ормандарды жою, өзен-көлдерді, топырақты, ауаны ластау сияқты тағы басқа масқара қылықтардың кешегі социалистік елдерде жүргізілгені, ұзақ жылғы үнсіздіктен соң мәлім болды. Жыл сайын, егістіктер мен шабындықтарға 500миллион тонна минералды тыңайтқыштар қолданылып, 700 миллион тоннадан астам шаң-тозаң, газ, бу қосындылары, соның ішінде 200 миллион тонна көміртек тотығы, 50 миллион тоннадан астам көмірсутектер, 146 миллион тоннағажуық күкірт қостотығы, 53 миллион тонна азот тотығы атмосфералық ауаға келіп қосылады. Адамдардың іс-өрекетінен нәтижесінде, жер мен ауа ластанып, өзен, теңіз, мұхит түрлі жарамсыз қоқыс төгетін орынға айналып барады.

         Адамзат санасы қоршаған ортаның қасіретті жағдайын терең түсініп, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуын, азып-тозуын тоқтатуға жұмсалса, биосферада мәнді өмір жалғаса берері сөзсіз.

 

5Экологиялық факторларға тірі организмдердің бейімделуі

 

Экологиялық факторларға қатысты организмдерді топтау (классификациялау). Бір организмдердің - температураға, ылғалдыққа, жарыққа төзімділігі немесе қажетсінуі, өзге бір организмдердікіне қарағанда басқаша болыпкеледі. Мысалы, қайың ылғалдығы ауа райында жақсы өседі, ал шыршаларға — ылғалдығы төмендеу ауа райы қолайлы. Ылғалдылықтың немесе әртүрлі температураның тіршілікке қолайлы және қолайсыз жақтары болады. Тіршіліккеқолайсыз жағдайлар — пессималды жағдай немесе пессимум деп аталады. Пессимальды жағдай кезінде, тіршілік иесінің өмірге деген құштарлығы кеміп, қозғалуы, өсуі төмендейді, тұқым шашу немесе көбею мүмкіндігі де бәсеңдейді.

         Кез келген түрдің, жекеленген факторға немесе олардың жиынына бейімделу қабілетіне — экологиялық валенттілік немесе бейімделгіштік (пластичность) деп аталады.  Түрдің бейімделгіштігі артқан сайын, оның экологиялықжүйеде, яғни қоршаған ортада өмір сұру қабілеті де артады.

         Бейімделу түрлері мен ерекшеліктері. Экологиялық факторлардың уақыт және кеңістік бойынша өзгеруі — геологиялық, гелиоклиматтық (күн көзіне байланысты ауа райының калыптасуы) және астрономиялық құбылыстарға байланысты және олар тіршілік иелеріне, тірі организмдерге өз дегеніне көндіретін басқарушы қызметін атқарады.

         Эюлюциялық даму барысында қалыптасқан тірі организмдердің, экологиялық факторлар өзгерісіне бейімделу мумкіндігі -адаптация деп аталынады. Басқаша айтсақ, организм тіршілік ету үшін, сол ортаға бейімделуі шарт. Ал өйтпеген жағдайда, ол түр не тірі организм, өзінің тіршілік етуін жоғалтады.

 М о р ф о л о г и я л ы қ    адаптация. Морфологиялық  адаптация  мысалына,   өзен  - көлдерде мекендейтін тірішлік иелері — балықтарды алсақ, олар суда жүзуге, еріген оттегімен дем алуға бейімделген. Шөл және шөлейтте өсетін өсімдіктер жапырақтары    аз    немесе    мүлдем    болмайды.    Жапырақтың болмауы, өсімдік бойынан ылғалдың азаюын мейлінше кемітеді (мысалы, сексеуіл, жантақ, т.б.)

         Физиологиялық адаптация деп - қоректенетін азық құрамы мен түріне қарай ас қорыту жуйелерінің бейімделуін айтады.    Мәселен,    шөл    және    шөлейттегі    жан-жануарлар, жәндіктер   өз   шөлін,    асқазаны   мен   денесіндегі  майларды биохимиялық тотықтыру нәтижесінде басады.

         Фотосинтез- өсімдіктер дүниесінің бейорганикалық заттардан, күрделі органикалық қосылыстар (көмірсулар) түзуін сипаттайды   және   бұл   —   сол   өсімдік   тіршілік   етуі   үшін мұқтаждықтан туындаған физиологиялық бейімделу.

         Күнкөріс сипаттағы адаптация (поведенческие или   этологические   адаптации)   тіршілік   иелерінің   өздеріне ыңғайлы және қолайлы жағдай іздеуінен туындаған. Қоршаған ортамен жылу түрінде энергия алмасу барысында, жәндіктер  күн көзіне   қыздырынады   немесе   күн   ыстықтығының  аптабынан көлеңкеге, індерге тығылады.

         Жан-жануарлар, тек температура өзгерісіне ғана емес, ауа ылғалдылығы, жер дымқылдығы, күн еәулесінің жарықтығы және де басқа экологиялық факторларға өз организмдерін бейімдейді, яғни адаптацияланады.

 

6. Экологиялық жүйе

 

         Әртұрлі     организмдер     мен     олардың     тірішлік     ету жағдайларының өзара байланысты болып келген жиынын экологиялық    жүйе немесе экосистем а- деп атайды. Экологиялық жүйе мысалына - өзен, көл, орман,шабындық және   т.б.   бірлестіктерді   келтіруге   болады.   Мұндай   жиын, қоғамдастық    немесе    бірлестіктерді,    академик    В.Н.Сукачев биогеоценоз- деп атауды ұсынды ("биос” - өмір, "гео" –“ценоз” - қоғамдастық).

         Биогеоценоз   -   үнемі қозғалыста,   дамуда,   диалектик бірлестікте болатын, өзіндік ерекшеліктері бар, өзара байланыста және қоршаған ортамен зат, энергия алмасулары орын алатын,

жер бетінің белгілі бөлігін қамтитын бірыңғай табиғат құбылыстары мен олардың жиыны (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер әлемі, жан жануарлар дүниесі және микроорганизмдер).

         "Экожүйе" және "биогеоценоз" түсініктері, ұғымы жөнінен өзара жақын болғанымен, олар синоним болып табылмайды. А.Тэнсли анықтамасы бойынша, экожүйе дегеніміз - зат және энергия айналымы өз ішінде де, сыртпен деүздіксіз орын алатын, өлшемсіз, жанды және жансыз бөліктерден (компоненттерден) құралатын тұрақты жүйелер. Экосистемаға - су тамшысы (ішіндегі микроб және микроорганизмдерімен қоса алғанда), орман, т.б. жатады. Демек,экосистема биогеоноздан көптеген қасиеттері жағынан айрықшаланады.

         Көршілес жатқан экологиялық жүйелер арасында, қалыптасқан белгілі байланыстар мен зат айналымы болып тұрады. Экологиялық жүйелер арасында бекітілген шекара болмаған соң, жеке жүйелердің ерекшеліктері бірте-біртеазайып, араласып, келесі жүйеге тән қасиеттермен ауысып жатады. Осындай, екі экологиялық жүйе арасындағы ауыспалы аймақты экотон деп атайды.

         Экожүйенің биотикалық және абиотикалық бөліктерін толассыз жүріп жатқан материал алмасуы - қоректік заттар айналымы байланыстырады, ол үшін қажет энергияны Күн қамтамасыз етеді (6-сурет. Риклефс бойынша. 1975).

 

2-сурет. Экожүйедегі энергия ағыны мен химиялық заттардың айналымы.

 

 

3-сурет. Биогеоценоз құрылымы

 

         Экожүйе бірнеше биогеоценоздан құрала алады, яғни биогеоценоз экосистема бола алады. Ал экосистема, биогеоценоз бола алмайды. Ұғымы жағынан, экожүйе биогеоценозға қарағанда кең. Биогеоценоздың ең басты екі құраушысы бар. Олар: 1. Белгілі территория аралығында абиотикалық факторлар жиыны, яғни экотоп (грек тілінде "топос" - орын, жер); 2. Тірі организмдер жиыны - биоценоз (7-сурет).

         Суреттен көріп отырғанымыздай, экотоп - климатоп және эдафотоптан, ал биоценоз-фото, зоо- және микробиоценоздардан құралады. Суреттегі сызық бағыттары, олардың өзара байланысын көрсетеді. Биогеоценоз - биосфераның қарапайым құрылым бірлігі. Сондықтан, маман үшін, табиғат деген сөздің орнына биогеоценоз үғымы қолданылады. Басқаша айтқанда, адамзат ормандағы ағашты қырқып жатқан жоқ, ол биогеоценозды қырқуда, өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаны ластаған жоқ, ол биогеоценозды ластауда.

Құрлық және сулы  экосистема        құрылымы.    Құрлықтағы

экосистема  құрылымы  көп     қабатты     болып келеді.  Мысалы орманды алсақ,   онда ағаш тамырлары   бір қабатты, ағаш бойы екінші қабатты, ал жоғарғы бұтақтары үшінші қабатты құрайды. Қүстардың кейбірі жер бетінде ұя салса, енді бірі -ағаш басына, үшіншілері - жар беткейлеріне ұя салады. Әрбір қабаттың және оны мекендейтін жан-жануарлар дүниесінің өзара тығыз байланыста екендігін аңғару қиын емес. Осы горизонтальдық құрылым бөліктері ғылымда синузия деп аталады.

         Орманда ағаштардың түр-түрлері топ-топ болып өседі. Бұл жағдайды биогеоценоздың парцеллярлыгы деп атайды және әрбір жеке парцеллярларға өзіндік синузиялы жануарлар тобы сәйкес келеді. Әр түрлі түрлер, бір жиында немесе қоғамдастықта біркелкі ұшыраспайды. Олардың бірі көп, енді бірі аздау кездеседі. Түрлер жиынын не қоғамдастығын құрауда, бір түрдің басымдығын — жетекші (домикант) деп, ал осы түр арқасында тіршілік кешуші өзге түрлерді предомиканттар деп атайды. Мысалы орманды алсақ, ондағы ағаштар домикант болып табылады.

         Биогеоценозда домиканттар тек қана басым болып қана қоймай, сонымен қатар, экологиялық факторлар режимін де айқындаса, онда бұларды - эдификаторлар деп атайды.

         Су қоймаларын,  негізінен екі түрге бөледі:

         1.   Тұрақты, орнықты су қоймалары немесе "лентис” ("тыныш") ортасы. Бұл топқа - көл, тоғандар жатады.

 

4- сурет.    Орнықты су қоймаларының аймақтары.

 

1.     Ағынды су көздері немесе "лотис" ортасы (ағынды).

          Бұл топқа-өзен, бүлақтар жатады.

          Су көздерінің көрсеткіштеріне әр түрлі шамалар кіреді: жылу сыйымдылық, булану және балқу жылулары, тығыздық, мөлдірлік, ауа өткізгіштік және т.б. Кез келген лентис текті су қоймалары үш аймақтан тұрады (8-сурет. Ю.Одум бойынша).

      литоральды аймақ, суы таяз және кун сәулесі су түбіне дейін түсе алатын қабат көрсетілген. Күн сәулесінің, су қабатынан белгілі тереңдікке дейін өтетін аралығы лимникалық қабатты құрайды.

Лимникалық қабаттың төменгі жағы - теңгермелі горизонт (компенсационный) деп аталады. Мұнда жарық энергиясының 1 %-тейі ғана түседі. Күн сәулесі мүлдем түспейтін қабатты профундаль аймағы деп атайды. Су бойында тіршілік ететін организмдер төмендегіше болып топталады:

         1. Бентостар (грек сезі, бентос - тереңдік) - су түбінде өмір кешетін моллюскалар, өсімдіктер және т.б.

         2. Перифитондар (грек сөзі, - айнала, жанында) - сабақты өсімдіктер жабысқан,  су түбінен сәл жоғары тіршілік иелері (моллюска, гидра және т.б.)

         3. Плактон ("планктос" - қалқыған) - су ағыны бойымен тік және горизонталь бағытта жүзе алатын организмдер. Планктон мөлшері   өте   кішкене.    Бұларға   өте   майда   шаян   тәріздес магинкалар, балдырлар жатады.

         4. Нектондар (грек сөзі "нектос" - жүзгіш) - суда емін-еркін жүзетін организмдер. Бұлардың тобына-ірі насекомдар, балықтар амфибиялар жатады.

         5. Нейстон  (грек сөзі,  "нейстос"  - жүзіп жүруші)  -  су , бетінде жүзіп жүретін организмдер. Бұлардың қатарына маналар жатады.                              

         Барлық экосистемадағыдай, сулы трофиктік тізбек бойында автотрофты организмдер (продуценты), фоготрофты және сапротрофты, яғни органикалық затты ыдыратушы, бүлдіруші организдер түрлеріне бөледі.

         Өзен, бұлақ жүйелерінде, негізінен екі аймақты ерекше атайды: суы таяз өткелдер (перекаты) және суы терең иірімдер (плесы).

         Гомеостаз және экологиялық жүйенің суксециясы.  Гомеостаз  ішкі ортаның химиялық құрамы меи физика-химиялық қасиетінің тұрақтылығын көрсететін түсінік. Ал экологиялық жүйелер үшін, оның қозғалыстағы турақты тепе-теңдік күйі-гомеостаз деп аталады. Кез-келген экологиялық жүйенің басты шарттарының бірі-осы гомеостатикалық күй.

         Табиғи экосистема қозғалысты-тұрақты тепе-теңдік күйінде (подвижно-стабильное равновесие) болғанымен, ол уақыт өткен сайын жайлап, тұрақты түрде біртіндеп өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгеріс, ең алдымен биогеоценоздық тіршілік иелеріне қатысты жүреді. Міне, осылай біртіндеп бір биоценоздың орны екінші бір биоценозбен алмасуы - сукцессия деп аталады.

         Сукцессияның қарапайым мысалы ретінде, ормандағы құлаған ағаштың, мүк, микроорганизмдер арқылы өзге түрге көшуін келтіруге болады. Сукцессия, тек биотаның өзгеруі ғана емес, сонымен бірге ол - тұтас (целостный) және қайтымсыз абиотикалық факторлар кешенінің (комплексінің) өзгерісі.

 

 

7. Экологиялық жүйелердегі энергия және оның сипаты

 

         Энергия және оның айналу заңдары туралы ілім термодинамика пәнін құрайды. Экожүйелерде де, энергия түрленуі орын алып, олар да термодинамика заңдылықтарына бағынады. Тек, бұл орайда зат алмасу қатар жүретіндіктен, қарастырып отырған обьектінің ашық жүйе екендігін естен шығармаған абзал. Бұл мәселені қысқаша 11 параграфта қарастырдық.

         Ал, күн сәулесінің тіршілік көздерінің бірі екендігінде ешқандай дау болмас. Өсімдіктер дүниесі көбіне өз организміне қажетті қоректік заттарды фотосинтез арқылы тікелей құратын болғандықтан, оларды автотрофты жүйелерге жатқызады. Автотрофты жүйелер бола отырып, бейорганикалық заттардан қарапайым органикалық заттар құрайтын болғандықтан, олар-продуценттер деп те аталады. Өзінің даму барысында, дайын қарапайым органикалық заттарды пайдаланатын және бейорганикалық заттардан өз организмін құрай алатын жүйелер - детеротрофты жүйелер немесе консументтер деп аталады. Ал кейбір организмдер, өзінің жетілу және даму барысында, дайын белок пен амин қышқылдарын пайдаланады. Оларды екінші дәрежелі консументтер дпл атайды. Міне, осылай, экожүйеден әртүрлі тіршілік иелерінің өсіп-дамуына бір-бірінің әсері болады. Бұл .байланысты - трофикті тізбек (трофическая цепь)деп атайды. Трофикті тізбектегі байланыс, негізінен алғанда, биогеоценоздегі энергетикалық байланыс болып табылады.  Кез келген органикалық заттың, тіршілік иесінің өзіне

Тән ішкі энергиясы бар екендігі мәлім. Сонымен қатар, органикалық зат мөлшерін белгілі энергия  шамасымен эквивалентті түрде балауға болады. Мысалы, құрғатылған: өсімдік құрамының 1 грамы энергияның 18.7 кДж шамасына сәйкес келеді деп қарастырылады. Демек, продуценттер даярланған органикалық заттармен қоректенетін консументтер, өз бойына энергия қорын алады деген сөз. Бұл энергияның біршама белігі, биохимиялық реакциялар нәтижесінде консумент организмін құрауға жұмсалса, ал енді бір бөлігі механикалық қозғалысқа және ортамен жылу алмасуға кетеді.

         Экожүйені құрайтын биообъектілер тіршілік ету барысында органикалық заттарды пайдаланады және олардың әрбірі белгілі өнімділікпен бағаланады. Өнімділіік, белгілі бір уақыт бірлігінде, сол зат массасының өзгеруіуен, яғни биомасса түзілу жылдамдығымен сипатталады. Фотосинтез жүруге жұмсалынған энергия шамасы үлкен болса, бұл құбылыс эвфотика деп аталады.

         Түзілетін биомасса шамасының (Р), энергия бірлігіне шаққанда, ол өсімдік жұмсаған энергия шамасынан (тыныс алуға жұмсалған энергия - К) артық болса, яғни қатынас Р/К. бірден үлкен болса, онда экологиялық жүйелер — автотрофты сукцессиялы деп аталады. Егер, Р/К бірден кіші болса, онда ол -гетеротрофты сукцессиялы деп аталады. Р/К. 1-ге тең болған жағдайда, энергия шамасы тұрактанады. Яғни мұндай жүйелер -климаксты деп аталады.

 

8. Өндірістік техногенез қалдықтарының

қоршаған ортаға әсері

 

         Қоршаған ортаның химия және металлургия өндірістерінің қалдықтарымен ластнуы. Химия өнеркәсібі халық шаруашылығының қажетгілігін қанағаттандыру үшін көптеген өнім түрлерін шығарады және олар - химия, мұнай химиясы, агрохимия, микробиология салалары бойынша жалпылама бөлінеді. Өнім түрлерінің әрқилылығы, қолданатын технология мен шикізат түрінің әркелкілігі, атмосфералық ауаның, су бассейндері мен топырақтың ластануына тікелей себепті. Өндірістің сарқынды сулары мен қатты, газ күйіндегі қалдықтары - орасан зор көлемімен, жоғары токсикалығымен ерекшеленеді. Тіптен, кейбір елді мекен үшін химиялық кәсіпорындар комплексінің әсері доминатты түрде болады.

          Қазақстандағы химия және металлургия салалары бойынша негізгі ірі кәсіпорындар - Өскемен, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Актөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі, жүйелі түрде жоғары болу тенденциясы байқалады және негізгі ластағыш заттар қауіптілігі жоғары класқа жатады. Аэрокосмостық мәліметтер бойынша, аталған кәсіпорындардың әсер ету аймағы, ластану көзінен 60 км қашықтыққа дейін созылуы байқалады және қалалардың көпшілігінде ауыр металдардың мөлшері, зияны жоқ жоғары концентрация (ЗЖЖК) деңгейінен бірнеше есе асып түседі.

         Соңғы кездері, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мен тастанды заттар мөлшері біршама азайды; ол негізінен, өндіріс қарқынының төмендеуіне және аздап болса да табиғат қорғау шараларын жүргізуге байланысты.

         Химия-металлургия өнеркәсібінің, атмосфераға негізгі зиянды заттарды шығаратын кәсіпорындары қатарына қышқылдар өндірісі (күкірт, азот, тұз, фосфор т.б.), резинотехникалық бұйымдар, фосфор, пластикалық массалар, синтетикалық каучук, минералды тыңайтқыштар, еріткіштер (ацетон, толуол, фенол, бензол), мұнай крекингі, бояғыш және жуғыш заттар өндірісі, глинозем, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш өндірісі мен байыту фабрикалары кіреді.

Тасталынатын зиянды қалдықтардың ішінде, химия-металлургиялық заводтардан басқа, азот оксиді мен күкірт Диоксиді, көміртек оксиді агрохимия өнеркәсібінің, мазут күлі -микробиология өнеркәсібінің, күкіртсутек,күкірткөміртек -химиялық талшықтар, аммиак — агрохимия, олефиндер -синтетикалық каучук, бензин - шина өнеркөсіптерінің үлесіне тиесілі. Түсті металлургия кәсіпорындарының сульфиді кен мен концентраттардыпирометаллургиялық жолмен өңдеуіне байланысты, құрамында күкірті бар газдардың орасан зор мөлшері түзіледі. Газдар мен шаң-тозаңдарды тазалау дәрежесінің төмендігіне байланысты, аталган зиянды затгар қоршаған ортаныластауын жалғастыруда. Күйдіру, жағу, кептіру пештерінен, агрегаттардан, конверторлардан, қоймалардан, майдалағыш-үгеткіш қондырғылардан, агломерациялық машиналардан бөлінген улы газдар интенсивтілігі жөнінен де,көптүрлілігі жөнінен де алдыңғы қатарда тұр. Кәсіпорындардың сарқынды, шайынды сулары минералды заттармен, флотореагенттермен (цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері т.б.), ауыр металдардың тұздарымен (қорғасын, мыс,мырыш т.б.), сульфаттармен, хлоридтермен, мышьякпен, фтормен, сынаппен, т.б. қаныққан.

Мәселен, шойын мен болат өндірісінде, 1 т. шойын өндіру барысында 4,5 кг тозаң, 2,7 кг ЗО2, 0,1-0,5 кг Мп және мышьяк, сурьма, фосфор, сынап, сирек жер металдар (редкоземельные металлы) бөлінеді. Мартен әдісімен, шойыннан 1 т. болатты алу кезінде - 3000-4000 м3 газ (тозаң концентрациясы 0,5 г/м3), 60 кг СО және 3 кг 8О3 ауаға қосылады.

         Газ, шаң-тозаң күйіндегі ластаушы заттар, негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттарда, ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты, мөлшері 4-10 мкм аралығында ұсақ бөлшектер жан-жаққа тарай бастайды да, ірілері 300-500 метрге кетеріліп, ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта жерге түседі. Мысалы, Лондонда 1 км2 жерге, жылына 390 тонна, Нью-Йоркте 300, Париж бен Чикагода - 260, Алматыда - 125 тонна шаң-тозаң түседі.

          Түсті металлургия өнеркәсібінде, мұнай өндіру және өңдеу салаларында, бейорганикалық, органикалық заттар синтезі және т.б. өндіріс салаларында, атмосфераға қосылатын ластаушы заттар табиғатының алуан түрлілігі(Кузнецов Е.И. және Троицкий Т.М. мәліметтері бойынша 1979 ж.) келтірілген.

Сонымен қатар, күрделі химиялық қосылыстар -пестицидтердің, детергенттердің, минералды тыңайтқыштардың қоршаған ортаға әсері зиянды және қауіптілігі жоғары. Пестицидтердің ішінде ең қауіптісі хлор мен органикалықзаттар қосындысынан тұратын ДЦТ, диэлдрин, элдрин,

полихлордиофенил сияқты түрлері. Олар, ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей сақталатын болғандықтан, топырақта , суда көп мөлшерде жинақталады. Жыл сайын жер бетінде 100 мың тонна ДДТ өндірілетінін, адам аяғы барақоймаған Антарктидада жүрген пингвиннің бауырынан ДЦТ табылғанын ескерсек, жер жүзіне пестицидтердің калай кең тарағанын түсінуге болады. Американ әскерлері Вьетнаммен соғысқанда 600 мың гектар жердегі ағаштардыпестицидтер қолданып түгел жойып жібергенін, ал Орта Азия мен Қазақстанда, осы пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды - мақта, күріш, бидай алқаптарында көп қолдану салдарынан кісі өлімі, жас сәбилердің түрлі дерткеұшырауы, жарымжан балалардың дүниеге келуі көбейгенін әлі ешкім ұмыта қойған жоқ.

Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен   ластануы.  Атом бомбаларын   сынау,    атом   электр   станцияларын   пайдалану көбейген сайын, радиоактивті қалдықтар саны да арта түсуде.

         Бір  элементтің  ауыр  ядросы  ыдырау нәтижесінде,   басқа элементтердің екі жеңіл ядросын түзуі ядролық реакцияның  негізін құрайды (14-сурет). Екі жеңілдеу ядро қосылып, басқа элементтің бір ауыр ядросын түзуін ядролық синтез деп атайды. Екі жағдайда да,   реакция   өнімдері   массаларының   қосындысы   бастапқы материалдар  массасынан  аз.   "Жоғалған"   масса,  А.Эйнштейн ашқан Е=mс2     қатынасы арқылы анықталатын фундаментальды заңдылыққа   сәйкес   энергияға   айналады.   Ядролық   реакция кезінде бөлініп шыққан энергия мөлшері орасан үлкен. 1 кг заттың ядроларының лезде ыдыраған немесе қосылған эффектісі атом бомбасының жарылысы шамасындай болады. АЭС-терде жүретін негізгі процесс — басқару арқылы жүргізілетін ыдырату; бұл кезде энергия біртіндеп жылу түрінде бөлініп шығады да,  суды     буландыруға     жұмсалады,     ал     ол     өз     кезегінде турбогенераторларды қозғалысқа  келтіріп,  электр  энергиясын алуға мүмкіндік береді. 

         Радиоактивті сәуле шашатын элементтердің изотоптары (атом ядроларында протон саны бірдей, нейтрон саны бірдей емес химиялық заттар) радиоактивті изотоп немесе радионуклид деп аталады.   Радиоактивті сәулелердің мөлшерін өлшеу үшін Кюри (Ки) қолданылады. Радиоактивті заттан секундына 3,7●1010 атом немесе минут сайын 2,2●1012 атом ажырайтын болса, ол шама 1 кюри болады. Мысал үшін, 1 грамм радийдің атомдары ыдырауы 1 кюриге тең. Радиоактивтілікті, денеге сіңген сәулелердің мөлшерін өлшеу арқылы немесе радиоактивті затта болатын ажырау санын өлшеу арқылы анықтайды. 1 кюри жоғары жылдамдық болып саналады, сондықтан практикада одан кішірек шамалар: милликюри (мКи), микрокюри (мкКи), пикокюри (пКи) қолданылады. Аталған өлшемдер, атомдардың ыдырау жылдамдығын  ғана көрсетеді де, радиоактивті сәуленің организмге өткен мөлшерін өлшемейді. Сондықтан, көбінесе Рад немесе Рентген өлшемдері кеңірек қолданылады. Ионды сәуленің әсерінен организмге келетін зиянды өлшеу үшін, Рад орнына Бэр (биологинеский эквивалент рада) қолданылады.

         Атом электр станциясында қызмет жасайтындар - 1,75 бэр шамасында, қалған тұрғындар 0,1 бірден артық сәуле алмауы тиіс. Сонда ғана, АЭС-те жұмыс істейтіндер организмінде, өмір бойы 19-25 бэр, басқа тұрғындар 10 бэр ионды сәуле жинайды. Халықаралық норма бойынша, радиоактивті сәулелермен жұмыс жасайтын мамандар үшін, жылына 5 бэрден, қалған түрғындар үшін 0,5 бэрден аспауы көзделген. Өкінішке орай, кейде денесінде 100 бэрге дейін сәулесі бар науқастар да кездеседі.

         Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы, әсіресе осы уақытқа дейін, жарылыс жасайтын полигондардағы радионуклидтер есебінен болып келді. Бір ғана Семей полигонында - 260-тай ауада, 300-ден аса жер астында жарылыстар жасалды. Бұл өлкеде 1949 жылдан бері сутегі бомбалары, әр түрлі әскери қарулар үшін жарылыс-сынақтар құпия түрде жүргізіліп келді. Мұнан басқа да - Батыс Қазақстанда, Атырауда, Маңғыстауда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында үлкенді-кішілі 20-дан аса жарылыстар болды. Тіпті, жер астынан газ сақтайтын қоймалар жасау үшін де жарылыстар жүргізілді. Жергілікті халық, көп уақытқа дейін ешнәрседен бейхабар күйде уланған, сәулеленген ауаны жұтып өмір сүрді. Семей облысының - Қарауыл, Сарыжар, Қайнар елді мекендеріндегі тұрғындардың бойындағы ионды сәулелер мөлшері - 150-ден 200 бафге дейін жиналғандығы мәлім болды. Осы облыстың 3 ауданындағы, 100 мыңнан астам тұрғындары радиоактивті сәулелер ауруына шалдығып, көбі өліп, қалғандары жарымжан, мүгедек болып қалды. Қазақ халқының генетакалық қоры осындай зиянкестікке ұшырап, ұрпақтар оның зардабын ондаған жылдар, ғасырлар бойы көретін болып отыр.

         Капустин-Яр төңірегіндегі сынақ полигонының радиоактивті қалдықтары, 1964 жылдан бастап Атырау облысының Балқұдық кеңшарының Азғыр бөлімшесі жанына үсті бүркемеленбеген күйінде төгіле бастады. Қазір, сол тау-тау қалдықтар, радиоактивті сәулелер тарату көзі болып үйіліп жатыр, Ашраудың аңызақ желі оны боратып, жан-жаққа әкетуде,

         Сынақ полигондары, уран қазатын кен көздері, радиоактивті калдықтар төгілген орындар,Қазақстан жерінде жеткілікті. Олар -Нарын мен Тайсойған құмында, Үстірт жонында, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Талдықорған, Семей т.б. облыстарда толып жатыр. Қалдықтар төгілген жердегі, шектеулі руқсат етілген сәуле мөлшері 25 миіфорентгейннен абпауы шарт. Ал жоғарыдағы айтылған орындардардағы радиоактавтілікті дозиметр аспаптары 2000 шпфорентгенге дейін көрсетіп отъф.

Радиоактивті заттар, тек адамдар үшін гана емес, өсімдіктер, жан-жануарлар үшін де зияңцы. Төулігіне 2-5 радқа дейін сәулелер шашырағанда, өсімдіктердің өсуі күрт баяулап, жануарлар түрі қыскдра бастаган. Невада, Теннесси шөддеріне, Оңтүстік Каролинадағы Ривер даласына кобальт-60 пеи цезий-137, жыддамдығы 10000 кюриден асатын гамма сөулелер шашылған болатын. Бұл маңайда, қазір ешкдндай жануарлар мен екпелі өсімдіктер өспейтінін төжірибелер көрсетіп отыр.

Радиоактивті заттарды атом элекгр станцияларында, сүңгуір кдйықгарда отын ретінде пайдалану көлемі өскен сайын, олардың қаддықтарын көму жұмыстары кең етек алды. Сөйтіп, крршаған ортаны, тіпті биосфераны радионуклидтерден қорғау улкен проблёмаға айналып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ даласыңда бірнеше уран өндіру кен орындары бар. Мұндағы кдзып алынған уран кені, тасымалауга арналған темір жол торабына жетквнше, жүк машиналарымен ондаған километр жол жүріл, радиоактивті сәулелерді жолай кездескен талай елді мекендерге таратады. Бүіінгі атом электр станцияларында қолданылып жүрген ддролық ашық отьін жүйесі мынадый;

-  Уран кеійн қазып алу;

-   гидрометаллургиялық  заводтарда ураңцы, кеннен ажьфатып алу;

-   альшған уранды  байытьш,   П жөне 235и изотогггарын бөлуте өзірлеу;

.   уранның   қостотышн   алу   үшін   ұнтақгау,    таблеткаға айналдыру үшін күйдіру;

-   ядролық отыңды салатын ТВЭЛ-дарды (жылу тарататын элемент-байытылған уран гранулалары     салышан ұзын болат түтікшелер) даярлау;

-   ТВЭЛ-ды заводтан, атом электр станциясына тасымалдау;

-   отын жанып біткен соң, қалдықгарын реактордан алып, катты түйіршікгерге айналдырып, жақсы бітелген арнаулы ыдыстарға салу;

-   қалдықгарды дұрыстап көму.

Сондықган, уранды қазудан бастап, калдықгарын көмуге дейінгі үзақ жолда өте абай болып, иондық сәулелердің қоршаған ортаға шашырамауын бақылау қажет. Кдзір, АЭС-терді жабық отын жүйесіне көшіру, қалдықгарды кайта өндеуден өткізіп, отын ретінде пайдалану, сөйтіп көмуге жататын мөлшерін азайту, қоршаған ортаға зиянын тигізбеу міндеті түр.

         Радиоактивті қалдықтарды көметін орынның құрылысы күрделі: бетоннан салынған, араларына су өтпейтін қатпарлары бар көмбенің ішін бірнеше ұяға бөліп, радиоактивті қалдығы бар түтіктерді қорғасыннан жасалған контейнерге салады. Үстіне бетон құйып, бос куыс қалдырмай жауып тастайды. АҚШ-та сұйық радиоактиівті калдықтарды жинап, 5-10 жылдан кейін -кальцинациялау, өртеу, күйдіру әдісімен қатты түтіктерге айналдырып, бетоннан жасалынған, ішін тот баспайтын құрышпен қапталған көмбелерге салып сақтайды. Мұндай көмбелер, 300-500 жыл бойы бұзылмай бүтін қалпында тұрады. Ресей, сұйық радиоактивті қалдықтарды әуелі тот баспайтын құрыштан жасалған ыдыста сақтап, біраз уақыт өткен соң шыныға немесе кірпішке айналдырып, хром мен никель қосындысынан жасалған, суда, топырақта, бетонда мүжілмейтін контейнерге салып бетондап тастайды.   Мұншама мехнаттан қашып, кей елдерде, қалдық салынған контейнерлерді түнделетіп теңіз суына  тастау фактілері де жиі кездеседі. Радиоактивті Қалдықтарды ғарыш кеңістігіне шығарып тастау болжамдары да жоқ емес.

         Ракеталық-космостық техниканың қалдықтары, ракеталық қару -жарақтарды пайдалану мерзімі біткен соң жою, қорғаныс министрлігіне қарасты қаруларды, баллистикалық ракеталарды жою, олардың қалдықтарын залалсыздандыру да бүгінгі күннің өткір экологиялық проблемаларының бірі.

         Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.   Табиғи   ортаға  биологиялық    зиянды    заттар    шығаратын    кәсіпорындардың

қалдықтары су объектілері мен атмосфера арқылы таралады. Жыл сайын, салалық кәсіпорындар атмосфераға 50 мың тоннаға дейін, зиянды заттарды тастап отырады. Биологиялық ластануға ықпал ететін негізгі зиянды заттар: күкірт диоксиді, көміртек оксиді, метил спирті, сірке қышқылы, аммиак, ацетон, күкірт қышқылы, формальдегид, ванадий тотығы, толуол т.б. Атмосфераға шығарылатын биологиялық өте зиянды затгар қатарына - белок-витамин концентраттарын, белокты жем, ферметті препаратгар шығаратын кәсіпорындардың белокты шаңдарын жатқызуға болады. Олар, қауіптілігі жөнінен II класты құрайды және тыныс алу органдарына ерекше зиянды.

         Микробиологиялық өнімдердің синтезі, негізінен екі технологиялық процестен тұрады: ферменттеу және дайын өнімді бөліп алу.  Ферментация кезеңінде ферментер-ыдысқа су кұйылып, микроорганизмдердің дамуын тездететін тұздар қосылады. Биологиялық өндіріс орындарының сарқынды сулары да, қоршаған ортаға залалды затгардан кеңде емес. Биомассаны қоюландыру, бөлу, газды ауаны ылғалды тазалау, қондырғыларды жуып-шаю, т.б. кезінде қолданылған су құрамында әдетте азот, фосфор қосылыстары, фурфурол, метанол, сульфаттар, хлоридтер көп мөлшерде болады.

         Энергетика, транспорт және экологиялық проблемалар. Қазіргі кезде энергияның негізгі үлесі, құрамында органикалық заттары бар табиғи шикізаттарды жағу немесе өңдеу арқылы және су энергиясын пайдалану арқылы алынады. Энергияның кез келген түрін қолдану, пайдаланудың, түптеп келгенде, қоршаған ортаға азды-көпті зиянды әсерлері бар.

         Гидроэлектростанциялардағы энергетикалық өнеркәсіптің іс-әрекеті нәтижесінде, алдымен зиян шегетіндері - ауа бассейні мен су көздері. Энергия алуға бағытталған су қоймалары, сол аймақтың микроклиматын өзгертеді, егістікке жарамды құнарлы жерлерді басып қалады, грунт қабатындағы су деңгейін өзгертіп, топырақты сортаңдандырады.

         Табиғи отын түрлерінің 70 % мұнай мен газдың, 25 % көмірдің үлесіне тиесілі. Адамзаттың, табиғи отын түрлерін пайдалануы жөнінен жасаған, осыдан 25-30 жыл бұрынғы болжаулары дәл болмай отыр. Энергетикалық ресурс ретінде, табиғи отын тұрлерін өндіру мен пайдалану қарқыны өте тез өсіп келеді. 80-жылдардың, басында, мұнай өндіру 2,7-2,8 млрд тонна құраса, бүгінгі күні бұл цифрлар көлемі күрт артып отыр. Адамзаттың энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі, олардың жалпы қорына қатысты емес, оларды өндіріп алудың тиімділігіне байланысты. Мысалы, теңіз түбінен өндірілген мұнай бағасы қымбатқа түседі. Көмір ресурсына деген сұраныс, уақыт өткен сайьш қарыштап өсуде. XXI ғасырдың басында, дүние жүзі бойынша, көмір өндіру деңгейі 2,5-3 есе артпақ. Атмосфералық ауаны ластауда, жылу элекгр станцияларының теріс әсері орасан. Энергетикалық комплекстерден шығарылып тасталатын зиянды қосылыстар - күкіртті газ, көміртек оксиді, азот оксиді, күйе және токсикалы ингредиенттер — ванадий оксиді мен бенз(а)пирен т.б., ескі технологиялармен жабдықталған өндірістердің жұмыс істеуі нәтижесінде түзілсе, кейде стандартқа сай емес күлі көп, төмен сапалы отын түрлерін қолдану салдарынан да болады.

         Дәстүрлі энергетикалық ресурстар: тас көмір,  мұнай, газ-таусылатын  қорларға жатады  және  жақын уақыттағы   150-200 жылда олардың жер бетіндегі қоры толық түгесіледі деп айтуға негіз    бар.    Аталған   энергия   көздерінің   қоршаған   ортаны, биосфераны   ластаудағы   елеулі   әсері   мен   ол   ресурстардың санаулы мөлшеріне байланысты, адамзат және ғылым әлеуметгік-экологиялық талаптарға жауап бере алатын жаңа энергетикалық қорларды   үнемі    іздестіруде.    Энергия   көзінің   бірі   ретінде биомассаны  атуға   болады.   Биологиялық  айналыстағы   энергия мөлшері,   шамамен,   бүкіл   әлемдегі   электр   станцияларының қуатынан 100 есе асып түсетіндей мөлшерге ие. Жердегі, жалпы биомассаның мөлшері (құрғақ затқа айналдырған кездегі)    1800 млрд    тоннаны    немесе    30* 1021    Дж    энергияны    құрайды. Биомассаның өнімділігі - 150-160 млрд т/жыл екендігі анықталып отыр; бұл табиғи энергетикалық қорларды жылдык пайдалану мөлшерінен  шамамен 20 еседей  артық.. Есептеулер бойынша, биомасса негізіндегі ауылшаруашылық қалдықтарын пайдалану арқылы, жылына 30-40 млн тонна мұнай эквивалентін үнемдеуге болады   екен.   Энергия   көзі   ретінде   биомассаны   қолданудың мынадай   артықшылықтары   бар:   біріншіден   -   өсімдік   текті шикізат жаңтаруға жататын ресурс түріне, яғни сарқылмайтын қорға жатады, екіншіден — биомасса энергиясына көшу, әсіресе, дамушы елдер үшін үлкен маңызға ие. Бұл өзгеріс, олардың экономикалық және саяси тәуелсіздігін күшейтуге негіз бола алады, Үшіншіден, ең негізгісі, биомассаны энергия көзі ретінде пайдалану, аз экономикалық шығындармен, қоршаған ортаны түрлі ластағыш факторлар мен қалдықтардан тазалауға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл шараларды толық іске асыру, жаңа техникалық өзгерістерді,   биологиялық  инженерия   және   т.б.   салаларды дамытуды қажет етеді.

         Соңғы кездері, сарқылмайтын және экологиялық өте таза энергия көзі ретінде күн, жел, өзендердің, әлемдік Мұхитгың жылу энергиясын, т.б. пайдалану туралы перспективті жобалар жасалуда.

         Ғалымдардың мәліметі бойынша, жер бетінің әрбір шаршы метріне, қуаты бір киловатт күн сәулесі түседі екен. Осыған орай, мысап үшін, жер бетінің күн жақсы түсетін  10 мың шаршы километр ауданын алсақ, оның энергия қуаты   - 10 млрд кВт. Күн сәулесін электр энергиясына ауыстыру үшін, пайдалы әсер коэффициенті 10 % (қазіргі мүмкіндігі бар деңгейде) аспаптарды қолданар болсақ, қуаты 1 млрд кВт энергия алуға болады, ал бұл  мөлшер   АҚШ  пен   бұрынғы   Кеңестер   одағындағы   барлық электростанциялардың қуатынан асып түседі, оның үстіне Жер масштабы үшін 10 мың шаршы километр аудан соншалықты көп те емес.

         Күн энергиясын сәтті түрде пайдалана білген жағдайда,  әр гелиокомплекстің бір шаршы метрінен жылына 200 кг көмірді үнемдеуге  болады.   Жапонияның,   қазіргі  күні,   5  миллионнан астам    тұрғындары,    тұрмыста,    күн   сәулесі.   энергиясымен қыздырылған ыстық суды пайдаланып отыр. АҚШ-та 16 мыңнан астам   отбасы,   күн   энергиясы   батареяларымен  жабдықталған үйлерде-өмір сүріп жатыр. Алайда, күн электростанцияларының құны, кәдімгі станцияларға қарағанда қымбат, Қазіргі уақытта, осы бағытта тиімділікті арттыру мақсатында, тынымсыз ізденістер мен үлкен масштабты эксперименттер жүргізілуде.

         Жел энергиясы арқылы да миллиардтаған киловатт тегін және  арзан экологиялық таза энергия алуға болады. Қазір, дүние жүзі  бойынша,   үш   миллионнан  астам  жел-энергия   қондырғылары жұмыс істеуде. Мысал үшін, бір ғана Калифорнияда, олардың саны   15  мыңнан асады.   Мамандардың пікірі бойынша, жел энергия  қондырғылары,  қазіргі заманғы гурбогенераторлармен жап-жақсы бәсекеге түсе алады.            Метеоорталықтарда, үнемі жел соғып тұратын аймақтардың картасы жасалған. Ондай аймақтар -Прибалтикада, Солтүстік Кавказда, Солтустік Мұзды Мұхиттың жағалау аймақтарында, Қазахстанда көптеп саналады.

         Теңіз энергиясын пайдалануға негізделген іс-шаралар да соңғы кезде жиі көрініс тауып отыр. Бұл энергия көзі, су қабаттарындағы температура айырмашылықтарын пайдалануға негізделген. Суцың беткі қабатының температурасы күн көзі әсерінен артып, төменгі қабаты салқын күйінде қалып отырады. Бұл алшақтық 15-20 °С-қа дейін жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, мұхиттардың жылу энергиясын пайдалану арқылы алынған энергия мөлшері, қазіргі кездегі барлық отын түрінен алынған энергия мөлшерінен 300 есе артық, немесе, жылына 18 млрд тонна мұнайды пайдалану энергиясымен барабар.

         Геотермальды энергия қорларының мөлшері де орасан үлкен. Жуықтап есептеулер бойынша, олар жылына 100 млн тонна шартты отынды жағу энергиясымен шамалас. Энергияның бүл түрі аз қолданыс тауып отыр. Оның негізгі себебі, жоғары температуралы және қысымды су буын алу үшін, өте терең скважиналар қазуды талап етеді. Жер шарының кейбір бөліктерінде (Исландия, Калифорния, Жапония) температурасы 200-400 °С-қа жететін су көздері кездеседі және оларды электроэнергаяға айналдыруға мүмкіндіктер бар. Бірақ, көптеген термальды су көздерінің температурасы төмен, 100-120 °С-тан аспайды. Мұндай су көздері, негізінен жылумен қамтамасыз ету жүйелерінде ғана қолданылады.

         Микроорганизмдердің тіршілік әрекеті мен биосинтез энергиясын қолданудың да кейбір перспективті тұстары бар.

         Күн, жел, геотермальды энергия көздерін пайдалануға арналған жабдықтар мен құралдардың құны, әлемдік нарықта 23 млрд доллардан асып түсіп отыр және бұл цифрлар жыл сайын орташа есеппен 15 %-ке дейін өсіп келеді. Қуаты 10 мың киловаттан төмен, осындай электр станцияларда, 1988 жылы әлемдегі барлық атом станциялары өндірген энергиядан 4 есе артық эиергия өндірілгені - экологиялық таза энергетикалық ресурстардың қаншалықты шапшаң қарқынмен даму алдында тұрғанын аңғартады.

         Жол-транспорт комплексі ауаға, суға, топыраққа қосылатын зиянды сұйық, газ түріндегі және қатты қалдықтардың негізгі көзі. Транспорт құралдарындағы іштен жану двигательдерінде, органикалық отынды жағу салдарынан, қоршаған ортаға көмір қышқыл газы мен зиянды заттардың - қорғасынның, күйенің, көмірсутектердің, күкірт пен азот оксидтерінің, этилен, бензол, этан, метан - көп мөлшері бөлініп шығады. Әсіресе, барлық транспорт түрлерінің ішінде, автомобиль транспортының зиянды қалдықтары 70 % құрайды және ол антропогенді әсерлер есебінен атмосфераны ластаушы заттар мөлшерінің 40 %-не дейін жетеді.

         Автомобиль транспорты, яғни іштен жану двигательдерінің жұмысы нәтижесінде түзілген газ, атмосфераны ластаушы заттардың ең негізгілерінің бірі болып табылады. Жыл сайын, олар 280 миллион тонна шамасында көміртек тотығын, 56 миллион тонна көмірсутек, 28 миллион тонна азот тотығын ауаға қосады. Қазіргі кезде жер шарында, шамамен 200 млн.-дай автомобилъ машиналары бар. Олар іштен жану двигательде жұмыс   істеу  барысында,   ауаға  200-ге  тарта  әр  түрлі  заттар шығарады.

         Бензинді пайдаланатын әрбір автомобиль машинасы 15 мың км қашықтықты жүру үшін, 4350 кг оттегін пайдаланып, 3250 СО2, 530 кг СО, 93 кг көмірсутек және 27 кг азот тотықтарын түзіп, ауаға шығарады.                                                              

         Ауа сапасының құрамына, ірі қалалардағы автомобиль және темір жол көліктері, өзен және теңіз кемелерінен бөлінетін газдар мен тозаңдар да теріс әсер етеді.

 

9. Жер беті және жер асты суларының өндіріс қалдықтарымен ластануы.

 

 

          Жер бетіндегі немесе жер астындағы суларға қосылатын заттарды, микроорганизмдерді — ластаушы көздер деп атайды. Су сапасының нормасын бұзатын заттарды — ластаушы заттар деп атайды. Судың микробтармен ластануы, суға потогенді микроорганизмдердің түсуінен болады. Сондай-ақ, судың жылу әсерінен ластануы деген ұғым да бар.

Жер бетіндегі су бассейндерінің негізгі ластану себептері, су бөгеттеріне - өнеркәсіп орындарының, тұрмыстық жөне шаруашылықтарының       тазартылмаған немесе жеткілікті тазартылмаған суларының құйылуынан болады. Егер, қала күніне 600 мың м3 су түтынатын болса, онда ол шамамен 500м3 мың сарқынды су шығаратыны дәлелденген.

 Жер бетіндегі  алты миллиард халықтың, су пайдалануы мынадай деректермен сипатталады (км3):

Ирригация                               - 7000

Өнеркөсіп                                - 1700

Түрмыстық қажет                      - 600

Ағын суға қосу                          - 9000

Басқа да тұтыну қажеттері         - 400

Барлығы                                   - 18700

         Бұл - суды бір рет пайдаланғандағы көрсеткіш. Ал, нақты тұтыну, бүдан әлде қайда жоғары.

         Ағын   судың   ластануын,   бірнеше   топқа   бөлуге   болады. Физикалық күйі бойынша, олар мынадай қоспаларға бөлінеді: -ерімейтін; -коллоидтық; -еритін.

        Сонымен қоса, ластайтын заттар - минералдык,, органикалық, бактериалдық, жөне биологиялык, болып бөлінеді.

       Ластаушы минералдық заттарға құм, балшық, кен бөлшектері, шлак, минералдық тұздар, қышқыл, сілті ерітінділері және басқа да заттар жатады.

        Ластаушы органикалық заттар шығу тегіне қарай өсімдік текті және жануарлар текті болып бөлінеді.  Өсімдік тектес органикалық заттарға - өсімдік, жеміс, көкөніс, өсімдік майы т.б. жатады.

        Жануарлар тарапынан ластаушы заттарға, адам мен жануарлардан бөлінетін заттар, желімдік затгар т.б. жатады.

        Бактериалдық және биологиялық ластаушы заттарға негізінен алғанда, тұрмыстық шайынды сулар мен кейбір өнеркәсіп орыңдарынан шығатын сулар жатады.

Тұрмыстық шайынды суларға - асхана, әжетхана, монша, кір жуу орындары, аурухана, үй-жайды жуғаңда шығатын шаруашылық сулары жатады. Бұл сулар, тұрғын және қоғамдық үйлерден, енеркөсіп орындарынан, т.б.жерлерден ағьш келеді. Тұрмыстық сулардағы ластайтын органикалық затгар 58 %-ке, минфалдық заттар 42 %-ке дейін жетеді.

       Өнеркөсіп орындарында суды - жылу тасымалдауға, сіңіруге, ерітуге, тасымал құралы ретінде пайдаланылады. Кейде суды, бірден бірнеше мақсатка қолданады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-13 14:42:20     Қаралды-11382

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫС КИІМДЕРІН ТАЗАЛАУ

...

Ауыр жұмыс мамандықтағы адамдардың жұмыс киімдері әрдайым қатты кірлеп, май теңбілденіп кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »