UF

Стандарттау туралы жалпы түсінік. Стандарттың мемлекеттік жүйесі. Стандарттау туралы Қазақстан Республикасының заңы. Стандарттың мақсаты.

1.    Стандарттау туралы ҚР-ның заңы.

2.    Ткаченко В.К. “Основы стандартизации”

 

Стандарттау термині ғылыммен техниканың ұзақ уақыттағы эволюиялық даму процесін нәтижесінде қалыптасты. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі экономиканың қарым-қатынастың кеңейтілуі мен бұл терминмен қатар стандартау процесі дамып отырды. Мысалы: ежелгі Египетте құрылыс жұмыстарына тұрақты стандарты өлшемде кірпіштер қолданылған. Ол үшін тайпа көсемдер арнайы кірпіш бақылаумен айналысқан. Орта ғасырларда мұнайда тәсілдер кеңінен қолданыла бастады.XIX ғ. II жартысынан бастап, стандартау барлық өндіріс орындарында кеңінен қолдануға мүмкіншілік алды. Мұнда стандарттау процесі негізінде өндірістің өз ішінде жүргізіледі. Бұл жеке кәсіпкерлердің немесе өндіріс иелерінің кең көлемдегі табыс табуына әкелді. Мемлекеттік стандарттау ұйымы алғаш рет 1901 жылы Англияда құрылды. Бұл комитеттің мақсаты Британия мемлекетін экономикалық күшейтуге бағытталады. Мұндай мемлекеттік ұйымдар 1916 жылы Голландияда, 1917 жылы Германияда, 1918 жылы Швецария және АҚШ-та құрылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстн кейін стандатауға экономикалық қажеттілік арта түсті. Осының салдарынан 1919 жылы Канада да, 1920 жылы Италияда, Жапонияда және т.б. мемлекеттер өздерінің мемлекеттік стандартау комитеттерін құрды. Тұрақты тауар алмасудың кеңейтілуі мен және ғылыммен техникалық әріптестіктің дамуына байланысты. Мемлекеттер арасындағы стандартау ұйымы қажет болды. Осының нәтижесінде халықаралық стандарттау ассоциациясы құрылды. Бұл ассоциация II дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін, өз жұмысын тоқтатты. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, құлдыраған мемлекеттерді тез арада экономикалық жетістіктерге жеткізу үшін 1946 жылы Лондонда стандарттаудың  халықаралық ұйымы (ИСО) құрылды. Бұның құрамы 33 мемлекет кірді. Ал қазіргі кезде бұл ұйым техникалық ұйымдардың ең үлкенінің бірі оның құрамында 100 аса мемлекет бар. ИСО 1952 жылы стандарттаудың ғылыми принциптерін оқып зерттеудің комитетін құрды (СТАКО). Бұл комитеттің негізгі міндеті стандартауға тиісті негізгі терминдерді анықтау болатын. СТАКО өте қажетті терминдер ретін анықтап, әзірледі. Мысалға: стандарт, стандарттау мамандандыру, унификация, өлшемдердің өзара алмасылымдығы және т.б. Бұл ұсынылған терминдерді ИСО кеңесі қабылданды. ИСО-ң терминдер құжатында стандартауға мынандай анықтама беріледі.

Страндарттау деген - ғылыммен техника және экономика саласындағы үйлесімділік деңгейіне бағытталған шешімді табу.

Ескерту: стандартауі жұмысындағы негізгі қорытынды болып өнімнің жарамдылығы немесе қызметің тағайындалуы табылады.

Стандарттау ғылыммен техниканың және экономиканың жеткен жетістіктеріне ғана емес сонымен қатар болашақтағы жетстіктеріне негізделеді. Бұдан шығатын қорытынды стандарттау бұл тұрақты мінездемелерді механикалық сараптау емес ғылымментехниканың перспективті дамуын ескере отырып, үйлесімді шешім қабылдау. ҚР-ның стандарттау туралы заңы 1999 жылы 16 шілдеде қабылданды. Заң 7-тараудан 28 баптан тұрады. Бұл заңда келесі түсініктер қолданылады:

1. Өзара алмасымдылық – белгілі бір талапты орындайтын бұйым процесс және қызметтің басқа бір бұйым процесс немесе қызмет орнына қолданыла алуы.

2. Мемлекетаралық стандарттау – мемлекеттер арасындағы қызушылықты тудыратын стандарттау объектісі.

3. мемлекетаралық стандарт – бұл мемлекетаралық стандарттау, сертификаттау және мемлекет кеңесінің немесе стандарттау жөніндегімемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясының шешімімен қабылданған стандарт.

4. Халықаралық стандарт – бұл стандарттау бойынша халықаралық ұйымдармен қабылданған стандарт.

5. Ұлттық стандарт – стандарттау жөніндегі ұлттық органдармен қабылданған стандарт.

6. Стандарттаудағы нормативті құжат – бұл стандарттау немесе олардың қорытындысында қолданылатын ережелер, мінездемелер, принциптер және орнатушы нормаларға тиісті құжат.

7. Стандарттау облысы – стандарттау объектілерінің өзара байланысқан жиынтығы.

8. Стандарттау жүйесі – нормативті құжаттардың талаптардың қызметтердің стандарттауға қатынасатын жиынтығы.

9. Стандарт - өнімге, процеске қызметке бірыңғай талап қоятын құжат.

10. Техникалық шарт - өнімге, қызметке, процеске нақты орнатушы талаптар қоятын ногрмативті құжат.

11. Фирмалық стандарттау – жеке немесе заңды тұлғалардың әзірлеген тек сол жеке немесе заңды тұлғаларға қолданылатын өнімге, процеске және қызметке нақты опнатушы талап қоятын стандарт.

12. Унификация – функционалды тағаындалуы бірдей элементтер санның қысқартдағы стандарттау әдісі.

13. Гиптендіру – конструктивті техникалық  ұйымдастырушылық және басқа да шешімдерде типтік орнатылған немесе әзірленіп, бекітлген стандарттау әдісі. Бұл терминмен қатар кей кездерде симплтикация термині қолданылады.

14. Өнім сапасы – тағайындалуына сай қажеттілікті қанағаттандыратын өнім қасиеттерінің жиынтығы.

15. Сенімділік – пайдалануда, жөндеуде, сақтауда тасмалдауда берілген режимге сәйкес функционалды орындайтын объекті қасиетті.

16. Ұзақ мерзімділік объектінің шекті жағдайға дейін жұмыс істеу қабілетін сақтай алу қасиеті.

17. Стандарттар көрсеткіштері – шарты бірлік көмегімен белгіленетін немесе түсіндірілетін стандартау объектілерінің мінездемелері.

Стандарттаудың негізгі мақсаты болып мыналар жатады:

1.  Өнімге, процеске, қызметке түрлі ережелерді мінездемелерді және нормаларды орнату.

2.  Өнімнің, процестің, қызметтің адам өмірімен, денсаулығына, меншігіне және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қажет ету.

3.  Өнімнің, ішкі және сыртқы сауда сатықты бәсекелестік қабілетін қажет ету және техникалық жағдай жасау.

4.  Өнімнің өзара алмасымдылық, техникалық және информациялық бірігуін қаждет ету.

5.  Өлшем бірлікті қажет ету.

6.  Барлық ресурстар түрін тиімді пайдалану және сақтау.

7.  Елдің қауіпсіздік және мобилизациялық дайындығын қажет ету.

8.  Шаруашылық объектілерді табиғаттық, техникңалық және күтпеген апаттардан қауіпсіздігін қажет ету.

9.  Өнімге, процеске және қызметке деген тұтынушылардың құқығын қорғау.

ҚР мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттау жзүйесі. Мемлекеттік стандарт қызметі.

 

ҚР мемлекеттік стандарттау жүйесі ат/у, сертификациялау және метрология саласындағы басты орган болып табылады және олардың еліміздегі дамуына қолданылуына, өркендеуіне жауап береді. Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттау богйынша заңдыц актілердің, нормативтік құжаттардың негізгі қоры саналады. Бұл қор 4 деңгейі жүйедегі құралған:

1.    Техникалық заң шығарушы деңгей.

2.    Техника-экономикалық информациян.ы топтастырғыш. Мемлекеттік стандарт деңгейі.

3.     Салалар стандарттарды және ғылыми-техникалық (ежелгі( инженерлік стандарттар деңгейі.

4.    Кәсіпорын стандарттары және техникалық шарттар деңгейі.

 

1.       Стандарттардың мемлекеттік жүйесінің техникалық заң шығарушы деңгейі оның құқықтық негізі болып саналады. Бұл стандарттау аймағындағы заң шығарушы актілердің жиынтығы және өнім сапасын жұмысының, қызметінің мемлекеттік реттеу үшін қолоданылады. Мұнда құқықтық негізгі ҚР-ның стандарттау туралы сертификаттау туралы және өлшеу бірлікті қамтамасыз ету туралы заңдар құрайды. Техникалық заң шығарушы деңгейі жылдан жылға қорғау туралы актілермен толтырылып отырады. Өндірістердің даму нәтижесінде стандарттың жүйесі техникалық заң шығарушы деңгеймен нығалды.

2.        Техника-экономикалық информацияны топтастырғыш. Мемлекеттік стандарт деңгейі. Бұл деңгейге қатыстылар ҚР-ның мемлекеттікстандарттары бұрынғы кеңестер одағының мемлекеттік стандарттары құқық қорғау, банк ісі, кеден, транспорт, сауда стандарттары. Стандарттарға ұсынылатын нормалар мен ережелері бұл деңгейдің техникалық негізі болып стандарттау сертификаттау және метрология ережелерін талаптарын міндетті сақтайтын мемлекеттік және мемлекеттаралық стандарттар табылады.

3.       Түрлі салалардыің стандарттары ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдардың стандарттары кіреді. Бұлар халық шаруашылықтың белгілі бір салалары үшін қолданылады.

4.       Тек мекеме немесе кәсіпорын аймағымен шектелген стандарттар, мұнда техникалық шарттар нормативті немесе техникалық құжаттар орнына жүреді.

Мемлекеттік басқарут органы ретінде мемелекетттік стандарттау жүйесінің негізгі функциясы болып мыналар саналады:

1.      Стандарттардың техника-экономикалық ғылыми әдістемесін әзірлеу өндірістік бұйымдардың салааралық унификациялық және метрологиялық дамуының негізгі анықтау.

2.      Өнім сапасы көрсеткіштерін, олардың дкамуының жалпы талаптарын сынау әдістерін анықтау.

3.      Еліміздегі өлшемі бірлікті қамтамасыз дамыту және бекіту жоғары ділдіктегі құралдардың жаңадан жасау немесе үстеліп жүргендерін жетілдіру.

4.      Стандарттаудың техникалық шарттардың енгізілуін мемлекеттік қадағалау.

5.      Өндірістік жұмыстарды атттестауды ұйымдастыру.

 

Мемлекеттік стандарттардың ұйымдастырылу деңгей, негізі мынандай:

 

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі міндеттері:

1.  Мемлекеттік стандарттау жылдық жоспарын және унификациялау бойынша жұмыстар жоспарын әзірлеу.

2.  Министрліктердің немесе ведомоствалық орталықтарын әзірлеген халық шаруашылығында міндетті қолданылатын стандартты қарау және бекіту. Сондай-ақ олардың енгізілу уақытын орнату.

3.  Материалдық және жартылай фабрикат және дайын өнімді комплексті стандарттау бағдарламасы бекіту.

4. Өнімге жалпы талаптар қоятын салаааралық мәні бар өте маңызды стандартты әзірлеу.

 

Мемлдекеттік стандарттау ғылыми орган ретінде міндеттері:

1.      Барлық өлшеу түрлерінің әдістерін эталондап зерттеуді қамтамасыз ету және ғылыми жаңа жетістіктерге бағыттау.

2.      Электронды есептеу машинаның дамуына байланысты басқару жүйелерін автоматтарға информациялық кодтауға информациялық тасмалдауға стандарттар әзірлеу.

3.      Стандарттардың өлшеудің салаааралық унификация әдістемелік негізін дайындау.

 

Басты метрологиялық орган ретінде міндеттері:

1.    Нақты өлшем бірлістерін орнатады.

2.    Өлшем бірліктерін мемлекетті эталондарды бекітеді және сақтайды.

3.    Жоғарцы дәлдіктегі үлгілі өлшеу құралдарды дайынжайды.

4.    Өлшеу құралды және өлшемдерді мемлекеттік тексеруден өткізеді.

5.    Уақыты мемлекеттік бірлікке кіргізеді.

 

Мемлекеттік стандарт қызметіне кіретіндер:

1.         Стандарттау метрологүия бойынша тғылыми зерттеу институттарымен филиалдар және конст. бюролар.

2.         Стандарттық және ғылыми зерттеудің орталықтары.

3.         Басты информациялық есептеу орталықтары.

4.         Стандарттау метрология және өнім сапасы саласындағы жұмысшылар мен қызметтің білімін жетілдіру институты.

5.         Мемлекеттік стандарттың аймақтық органдары өлшеу құралдары және стандарттық мемлекеттік қадағалау метриалдық және стандарттау мен метрологиялық орталықтар.

Стандарттардың категориясы және түрлері.

Әсер ету аймағына байланысты стандарттарды бірнеше категорияға бөлеміз:

1.Мемлекеттік стандарнт (ГОСТ)

3.      Салалық стандарт (ОСТ)

3.Техникалық шарт (ТУ)

4.Кәсіпорын стандарты.

 

            Мемлекеттік стандартты тек қана ҚР-ның стандарттау және метрологиялық комитеті бекітеді. Мемлекеттік стандарт барлық мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар үшін қолданылады. Мемлекеттік стандарт үлкен өнімділіктегі өндірістерге салалық және көп ретті қолдануларға өнім саласын үйлесімді қамтамасыз етуге. Өнердің, ғылыммен техникалық әртүрлі аймақтарында өзара байланысты және өлшем бірлікті қамтамасыз етуге ережелер нормалар талаптар түсініктер ретінде орнатылады. Бұдан шығатын қорытынды мемлекеттік стандарттау объектілері болып саналатындар:

1.      Біртекті өнімдердің біріктірілген топтары.

2.      Біртекті өнімнің шағын топтары.

3.      Нақты өнім.

Біртекті өнім тобына жататындарды салалық бөлікті негізге сала отырып анықталады. Біртекті өнім тобы болып негізгі сала көрсеткіштерін қолданылу аймағымен жалпылама тағайындалумен сипатталатын өнім жиынтығы табылады. Біртекті өнім шағын топтары болып жалпылама конструкторлық техникалық шешімнің белгілері мен ерекшеленетін біртекті өнімнің бөліктері саналады. Нақты өнім болып әсер етуімен қасиеттімен нақты көрсеткіш мәнімен сипатталатын өнім маркасы, моделі және т.б. саналады.

      Салалық стандарт. Мемлекеттік стандарттау объектісі болып саналмайтын өнім түрлері үшін орнатылады. Мұнда стандарт норма, талап, ереже берілген саладағы өнім сапасын үйлесімді қамтамасыз етуі қажет. Кейде салалық стандарт тмемлекеттік стандарттың шектелген көлемінде  орнатылуы мүмкін. Бірақ, ол мемлекеттік стандарт орнатқан өнім сапасын көрсеткіштерін төмендетпегені немесе нашарлатпауы қажет. Ол үшін орнатылған салалық стандарттағы параметрлік қатар тип өлшемі және басқа да стандартталған көрсеткіштері мемлекеттік стандарттарда  толығымен сәйкес келуі керек. Салалық стандарт объектісі болып шекті қолданудағы өнім түрлері техникалық құралдар, шикізат, жартылай фабрикат, халық тұтынуындағы өнімдердің жекелеген түрлері, техникалық нормалар, типті техникалық процестер табылады. Салалық стандарт өз саласындағы барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар немесе осы саланың тұтынатын басқа да салалар үшін міндетті салалық стандартты әрбір саланың министрлігі бекітеді.

      Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттардың тағайындалу және мазмұнына байланысты олардың келесі түрлерін орнатады:

1.   Техникалық шарттардың стандарттары.

2.   Жалпы техникалық талаптардың стандарттары.

3.   Параметрлер және өлшемдер стандарттары.

4.   Негізгі параметрдің өлшемдердің типтік стандарттары.

5.   Конструкция және өлшем стандарттары.

6.   Марклер стандарттары.

7.   Әртүрлі сорттардың стандарттары.

8.   Ережелерді қабылдау стандарттары.

9.   Бақылау әдістерінің стандарттары.

10.   Тасмалдау, сақтау және жинақтау стандарттары.

11.   Жөндеу және эксплуатациялау ережелерінің стандарттары.

12.   Типті техникалық процесс стандарттары.

 

Стандарттарды жасаудың реті.

      Стандарттарды жасау стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарларын орындалу кезеңдерін қамтиды және де осы стандартқа өз қызышулығы бар ұйымдар, кәсіпорындар, өнеркәсіптер, тұтынушылар, бақылаушы органдар, ғылыми қадағалау ұйымдар негізінде ешқандай шектеусіз қатысуымен жүргізіледі. Стандарттарды жасау жұмыстары келесідегідей кезеңдермен іске асырылады:

1-кезең: Стандартты жасауды ұйымдастыру, стандартты жасаудың техникалық тапсырмасын жасау және бекіту.

2-кезең: Стандарт жобасын жасау және оны пікір білдірушілерге тарату (1-ші ред-я).

3-кезең: Жинақталған пікірлерді өңдеу немесе сараптаудан өткізу нәтижесінде стандарт жобасын әзірлеу және оны бекітуге ұсыну (түпкілікті ред-я).

4-кезең: Стандарт жобасын талқылау оны бекіту және тіркеуге өткізу.

      Стандарттың мазмұнымен өркендеуі техникалық тапсырма жасау кезеңінде қалыптасады. Стандарттарды әзірлеудегі техникалық тапсырма мазмұнында келесі мәселелерді қарастырылады:

-  стандарттарды әзірлеу негізгі мақсаты;

-  стандарттау бойынша – нұсқаулармен және басқа да стандарттармен үйлесімділігі;

-  стандартты әзірлеудегі жұмыстардың көлемі;

-  қажет болған жағдайда жобада көрсетілген техника-экономикалық тиімділігі;

-  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстары көрсетіледі.

Техникалық тапсырмада стандарт жобасы келісуліге тиіс басқа да ұйымдар, кәсіпорындар, өндірістер тізімі болуы керек. Техникалық тапсырманы жасау барысында стандарттаушы объекті жанында отандық және шетелдік техникалық жетістіктері ұлттық, аймақтық, халықаралық стандарттар, патенттер және басқа да техникалық құжаттар ескеріліп сарапталуынан өткізілуі тиіс. Мемлекеттік және салалық стандарттардың жобасы стандарттау бойынша басты ұйым немесе базалық ұйым және ғылыми зерттеу конструкторлық техникалық жобалау орталықтары, өнеркәсіптер кей жағдайда жоғары оқу орындары әзірлейді.

      Стандарттарды әзірлеу негізгі кезеңі оны талқылау процесі болып табылады.Бұл процесте стандартты пайдаланушылармен басқа да тәуелсіз жақтардың пікірдері ескеріледі. Стандарт жобасының редакциясын әзірлеумен қатар оның түсірілетін жазбасы және стандартты өз уақытысында жұмысқа ендіруді қамтамасыз етуші жопарларда қарастырылуы тиіс. Түсіндірме жазбада стандарттаушы объектісінің жалпы мінездемесі және қолданылу аясы, стандарт, жобасында келтірілген көрсеткіштер мінездемесі, негіздемесі, стандартты ендірудің экономикалық тиімділігі жанындағы мәліметтер болуы керек. Стандартты өндіріске ендіру, жоспарын жасау барысында стандартталушы өнімнің мамандандырылған өндірісін ұйыдастырудың мүмкіндігімен мақсаттылығы жанындағы ұсыныстар дайындалды. Егер де стандартталушы объектісі жаңа бұрын-соңды өндірісте кездеспеген өнім борлатын болса, мұндай жағдайда стандартты өндіріске ендірудің жоспарларында қажетті техникалық құжаттарды дайындау, өнеркәсіпті жаңав жабдықтармен қамтамасыз ету, техникалық процесті өзгерту және басқа да іс-шаралар қарастырылады. Стандарт толық әзірленіп болған соң стандартталушы объектіні тұтылатын және дайындатын министрліктерге, өнеркәсіптерге, өндірістерге ұйымдарға пікір жинақтауға таратылады. Стандарт жобасын әзірлеуші ұйым жинақталған пікірлерді сараптаудан өткізіп ұсыныстармен ескертулерге нақты немесе дәлелдеуші қорытындылар жасайды. Егер де ешқандай да ескертулермен ұсыныс тілектер болмаса стандарт жобасын әзірлеуші ұйым стандарттың түпкілікті редакциясын жасап оны бекітуге ұсынады. Ал егер де стандарт жобасы бойынша оны бекітуге ұсынады. Ал егер де стандарт жобасы бойынша аувторлардың пікір беруші арасында қандайда келіспеушіліктер болатын болса, онда өз қызығушылығы бар негізгі министрліктер өнеркәсіптердің, ұйымдардың жауапты өкілдері жиналған келісуші кеңеске шақырылады. Стандарт жобасын бекітуге ұсынғанда онымен бірге стандарттың тиімділігінің техника-экономикалық көрсеткіштерінің ақпараттық картасыұсынылады. Бекіту алдында стандартты мемлекеттік стандарттың ғылыми-зерттеу институттарының бірінде терминологиялық, құқықтық және басқа да сараптаулардан өткізіледі. Пломбаларды қарау және стандарттарды бекіту мемлекеттік стандартпен коллегиялық түрде өнімді өндіруші және тұтынушының қатысуымен жүргізіледі. Жаңа бекітіліп қабылданған стандарттар жайындағы ақпараттар мемлекеттік стандарттар нұсқайында көрсетіліп отырады.

    

Кәсіпорындық стандарттау. Стандарттау жұмысын ұйымдастыру. Стандарт түрлері.

 

      Кәсіпорындық стандарттау жұмысын ұымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның тағайындалу жүйесіне кіреді. Бұл жүйенің басты мақсаты стандарттау әдістемесі мен құралдар арқылы өндірістің техникалық ұйымдардың деңгейін жоғарлату. Стандарттау жұмысын жақсы жолға қоюы кәсіпорынның барлық салаларының жан-жақты дамуына қызмет етеді. Ол еңбек өнімділікті жоғарыда, өнім сапасын жақсартуға, өзіндік құнды төмендетуге және сол сияқты қабілетті кәсіпорынның фабрика, ғылыми-зерттеу жобалау немесе техникалық ұйымдарды бірлескен масштабы стандарттау жұмысын жүргізуін кәсіпорынның стандарттау дейміз. Стандарттың бұл түрін өзіндік мәні бар және мемлекеттік стандарттау жүйенің құрамдас бөлігі болып саналады. Кәсіпорындардың стандарттау унификациялау жолымен, материалдарды техникалық қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Кәсіпорындарды стандарттау жұмысының сипаттамасы мынанадай факторларға байланысты:

1.      Кәсіпорындарда өндірісітік өнімінің ерекшеліктеріне.

2.      Өнімді өндіру масштабы (жекелей, сериялы, жалпылама).

3.      Кәсіпорынның мамандандырылу формасына.

Кәспорынының стандарттау органның құрылымы және жұмыцстар әдісі мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттармен анықталады. Кәсіпорындар стандарттау жұмыстарын ғылыми-техникалық ұйымдастырылу әдістерімен және жетекшілік жұмыстары стандарттау бойынша конструкторлы техникалық немесе ғылыми-зерттеу бөлімдермен жүзеге асырылады. Стандарттау бойынша бұл қызметтің негізгі мақсаты темендегідей:

1.         Өндірілетін өнімге стандарттарды немесе басқа да құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру.

2.         Ғылым-техникалық прогрестің мемлекеттік немесе салалық стандарттаудың және басқа да заңдастыру құжаттарының талаптарына кәсіпорындарға орнатылған стандарттар, ережелер, нормалар сәйкестігін қамтамасыз ету.

3.         Кәсіпорынның техникалық шартын және стандартты ендіруге қолданылатын материалдардан бұйымдардың немесе құралдардан унификациялау жұмыстарын жүргізу.

4.         Өндірістік процестердің параметрлері мен нормаларын стандарттау.

5.         Кәсіпорындарда әзірленген техникалық құжаттарға бақылау нормасын іске асырау.

 

Кәсіпорынның негізгі нормативті құжат болып кәсіпорын стандартты саналады. Бұл стандарт осы кәсіпорындарда жасалатын бөлімдермен, түйіндерге, экспериментті жұмыстар қорытындысында әзірленеді. Кәсіпорындар стандарттың 3 түрін дайындалып қолданады:

1.      Шек қоятын

2.      Толықтыратын

3.      Нұсқаулық

Шек қоятын кәсіпорындардың стандартты мемлекеттік немесе салалық стандарттау негізінде дайындалады. Ролар кәсіпорын қажеттілігіне қарай мемлекеттік немесе саалалық стандарт орнатылған өлшемдерді типтерді қолдануды шектейді.

Толықтыратын кәсіпорындардың стандартты мемлекеттік немесе салалық стандарттар орнатқан көрсеткіштерді тұтынушы талабын қанағаттандыру үшін және стандартты жетілдіру мақсатында орнатылды. Енгізілген толықтырулар мемлекеттік немесе салалық стандарт орнатылған көрсеткіштерді төмендетпей, нашарлатпауы қажет.

Кәсіпорындарды нұсқаулық стандартты. Бұл стандартталатын объектіге мемлекеттік немес салалық стандарттар болмаған жағдайда әзірленеді.

Кәсіпорын стандарттардың әзірлеу барысында келесі жағдайлар басшылыққа ұсынады:

1. Кәсіпорын стандарты тек қана мемлекеттік немесе салалық стандартты келтірілмеген объектілерге әзірленуі керек.

2. Кәсіпорын стандартты техникасының жоғары деңгейіне сәйкес келуі керек.

3. Кәсіпорын стандарттын бекіту, стандарттау бойынша базалық өніммен келістірілуі тиіс.

4.Кәсіпорын стандартты осы стандарттың объектіге әсер етуші күші бар мемлекеттік немесе салалық стандартың негізге ала отырып жасалуы тиіс.

Кәсіпорын стандартын дайындағанда оның жобасына міндетті түрде түсіндірме, жазба келтірілуі тиіс. Онда келесі сілтемелер көрсетіледі:

а) орнатылған стандарттың негізгі мақсаты мен міндеті;

б) стандарттылатын объектіге қысқаша сипаттама және қолданылу шарты;

в) стандарт жобасында келтірілген техника-экономика көрсеткіштерін, сапасын олардың шетелдік және отандық стандартымен салыстырушы сараптау;

г) стандартты әзірлеу барасындағы қолдануға информация көзі;

Кәсіпорын стандарттың жобасы түсіндірме, жазбасымен бірге осы стандартқа қызығушылығы бар цехтарға, бөлімдерге, лабораторияларға және басқа да кәсіпорындардың қызметкерлерге пікір білдіруге жіберіледі. Пікірде көрсетілген ескертумен қосымшаларды сараптаудан өткізіп, өз қорытындысын шығарғаннан кейін оны өз қызметкерлерінің кеңесіне ұсынылады. Кеңесте қабылданған шешім хаттамамен бекітіледі. Кей жағдайда кәсіпорын стандарттау жобасы мемлекеттік қадағалау инспекциясымен келісімді.

Стандартталынған бақылау (норма, бақылау)

 

Стандартталынған бақылаудың негізгі мақсаты мемлекеттік салалық және кәсіпорын стандарттарын өндіріске енгізу болып табылады. Стандартталған бақылау теһхникалық құжаттарды унификацияланған материалдарды, кострукция, элементтер бөлшектер мен түйіндерді кең көлемде қолданылады. Сондай-ақ келтірілген стндарттарға талаптарды нормалармен ережелерді қатаң сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол техникалық құжаттар сапасын жоғарлатуға конструкциялық жобалау немесе техникалық жобалау жұмыстарында еңбек өнімділікті арттыруға және өндірісте қолданылады. Сызумен басқа да құжаттарды реттеуге жол ашады. Стандартталған бақылаудың н.егізгі элементтері болып мыналар табылады:

1.          Арнайы әзірлеген сызбалармен оларды тіркеуді тексеру қажеттілігі.

2.          Конструкциясы әзірленген стандарт элементтерді бөлшектермен, түйіндерді қолданылуды бақылау.

3.          Конструкциясы әзірленген бұйымдарда унификация мүмкіншілігін тексеру.

Стандартталған бақылауда тексерілетін 1-ші бақыланатын құжаттардың комплекстілігі. 2-ші сызба жұмыстары және басқа да құжаттарды тіркеу дұрыстығы. Сызбалар комплекстісінің міндетті құрамын мемлекеттік стандарттаудағы конструкторлық жұмыстардың бірлік жүйесін анықтайды. Қабылданған комплексті көрсетілген талаптарға жауап беретіндігін арнайы бөлшектер, түйіндер, бұйымдар үшін тексеруледі. Арнайы бөлімшелер, түйіндер және бұйымдардың жаңа сызбасы олардың қолдану жағдайын негізге ала отырып шешіледі. Жекелеу алғанда бақыланатындар сызба форматтарын сақтау аталуы, номерлері, бұрыштық белгілердің барлық графаларының дұрыс толтырылуы.

Мұнда техникалық шарт және стандартқа сәйкес келтірілген номерлердің дәлдәгәне аса назар аударған жөн. Бір қатар кәсіпорындарда сызбаларды тексеру, бақылаусыз қалады. Мұндай жағдайда техникалық шарттың немесе стандарттың сақталынып отырған бақылау мүмкін емес. Ең дұрысы конструкторлық жұмыс орында күнделікті тексеру жүргізу дұрыс. Бұл жағдайда бақылаушының қандай да болмасын ескертулері өз уақытында орындады.

Бұл стандарт талаптарын сақтауға бақылауды жүргізуде ең тиімді әдіс ретінде кәсіпорында қолданылады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-23 15:34:40     Қаралды-21483

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »