UF

Тақырыбы «Қазіргі кездегі мектепті басқару және  педагогикалық менеджмент»  

 

1.Менеджмент  туралы ұғым

 

1.Менеджмент  туралы ұғым

2.Менеджмент  және басқару

3Менеджменттік  жүйелер

 

Оқыту  әдісі–дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту  әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады.

Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту  әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы, оқыту  әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді.

Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттары оқыту  әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу тәрбие процесінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген  оқу орындарында оқу сапасының төмендеп кеткендігі көрінеді.

Сондықтан да оқыту  әдістерін дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Білім беру қызметкерлері жұмысының сапасын арттыру, әр пәнді оқытуды ғылыми тұрғыда жетілдіру, соның нәтижесінде  оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру және олардың  талабын, жеке жұмыс істеу қабілеттілігін нығайту үшін тек қана оқу жоспарларын жетілдіріп қоймай, сонымен қатар оқыту  әдістерін жетілдіру болып табылады.

Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту  әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әр түрлі пікірлерілерді кездестіруге болады.

Оқыту  әдістері туралы анықтамаларға тоқталып өтейік:

Оқыту  әдістері дегеніміз-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеуі әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту  әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

 Оқыту  әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әркетінің негізінде білім, тәрбие және таным  процесінін жетілдіру.

Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан  олардың арасында принциптік қарама-қайшылық жоқ.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің  басқа да анықтамалары  кездеседі. Бұл әдебиеттерде  оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар, оқыту әдісі мұғалімнің оқу (материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқыту әдісі мұғалімнің оқу) материалдарын оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастырылған. Мұндай анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере алмайды.

Сондықтан оқу процесі барысында мұғалім  мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас екі жақтылық негізінде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас «субъекті»- «объекті» түрінде болды.

Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді. Сондықтан оқыту әдісінің «субъективті»-субъективтілік» ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту процесі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту процесінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас субъектілік негізінде құрылуы керек.

Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы және мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталды.

2.Менеджмент  және басқару

Оқутушы оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиеттерінде жіктелудің жиырмадан астам түрі бар.

Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны – И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, т.б. ұсынған оқыту әдісінің жүйеленуі. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген.

 

Оқыту әдістері:

 

Ауызша                    Көрнекілік                         Практикалық        

-Әңгіме                -Суретпен сипаттау                -Лабораториялық жұмыстар                                              

-Әңгіме кеңес                -Демонстрация                   -Практикалық жұмыстар     

-Лекция

-Кітаппен жұмыс

 

            Бұл жүйе білім алудың негізінде, түп нұсқаға негізделген. Бір жағдайда сөзге сүйенсе, екіншісінде көркемдік бейнеге, ал үшіншісінде қимылға сүйенген.

            Ұсынылып отырған жүйенің тиімділігі-оқытушының шеберлігіне, осы үш әдісті оқыту негізінде тұтас қолдануға тікелей байланысты.

            Оқытушының баланың жан-дүниесін білуі де айрықша маңызды. Есте сақтау қабілетінің толық қабылдаудың негізгі шарты екенін де ұмытпаған жөн.

      Оқушылардың таным белсенділігі деңгейіне сай құру. Дидактикалық әдісті ұстаған педагогтар И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін ұсынады:

Оқыту әдістері:

1.Түсіндіру әдісі: сипаттау әдісі, әңгіме, лекция, көрсету. Оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар.

2. Қайталау  әдісі: жаттығу әңгіме, өз сөзімен қайта айту

3. Проблемалық баяндау әдісі: оқытушының дәлелді түрде баяндауы

экскурсия, демонстрация

4. Ізденіс әдісі: эвристикалық әңгіме байқау,  жоспар жасау

5. Зерттеу әдісі: тәжірибе, байқау, класпен жұмыс, құжаттармен жұмыс, сурет салу.

Бұл жүйеде оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне негіз болады. Оқыту әдісінің өзі, кей жағдайларда, оқушылардың белсенділігін көтеріп, сабақты көркемдік арқылы түсіндіруде жай тыңдаудан бастап, зерттеу әдісі кезіндегі жеке ізденіске алып келеді. Екінші жағынан, бұл әдіс оқушының жеке бейнесін, оның белсенділігінің қалыптасуын көрсетеді.

Бұл әдістің өмірдегі көрінісінің жарқын мысал ретінде жаңашыл педагог Т.И.Гончарованың тәжірибесінің алуға болады. Ол өзінің мектептегі алғашқы жылдарын есіне түсіне отырып оқушылармен қарым-қатнасын былай суреттейді: «Оқушыларға неше түрлі қызықты аңыз, әңгімелерді, тамаша ертегілерді айтып бергенше асық болдым. Сонша материалдарды жас тыңдаушыларыма қалай жеткізерімді, тарихи заңдылықтарды нақты дәлелдермен қалай түсіндірерімді ойлағанда қуаныштан өзімді қоярға жер таппадым. Мен балаларға өзімнің бар білімімді бүгінгі мен бұрынғы туралы түсінігімді, терең ойларымды жайып салдым»–дейді.

Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру-сипаттау әдісі екенін көреміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал оқушылар тек тыңдаушы ролін атқарады.

Оқушылардың таным  белсенділігін көтеру мәселесіне Шығыс Қазақстан облысындағы Боран орта мектебінде \директоры ССРО-ның халық мұғалімі Қ.Н.Нұрғалиев\ көп көңіл бөледі. Сабақ үстінде творчестволық зерттеу әдістерін қолдануға мектептің  теледидарлық техникалық орталығы көмек көрсетеді.

Өзінің білімі мен әдісін жетілдіруге ұмтылған оқытушы барлық жүйенің қыр-сырын толық меңгеріп ала білу керек. Әр жүйенің  алдына қойған мақсаты, өзіндік ой жүйесі бар, сан түрлі оқыту әдісінің бір қырын ашып көрсетеді. Оқыту процесінде оқытушы сол жүйелердің бірнешеуін бір мезгілде қолдануына  да болады.

Түрлі жүйелерді қарастыра отырып, оқыту әдісінің жеке түрлеріне соқпай өте алмаймыз\ әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, т.б.

И.П.Подласый оқу-әдісін бес топқа бөледі;

а) Іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек яғни практикалық;

б) Көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;

в) Сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, лекция, дискуссия, диспут;

г) Кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттығу, мазмұндау, конспектілеу, цитаттау;

д) Бейне таспа әдісі: көріп оқыту, электронды мұғалім, интерактивтер;

Ю.К.Бабанский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі:

Бірінші топ. Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдісі. Олар: а) оқытудың сөздік әдісі: (дәріс, әңгіме, сұхбат;) б) көрнекілік әдісі; (иллюстрациалау, карталар, плакаттар, іс-тәжірибе жасау);  практикалық оқыту әдісі: (жазба, жаттығу, шеберханада оқыту, лабораториялық жұмыс).

Екінші топ. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ынталандыру әдісі. Оларға: а) танымдық қызығушылығын арттыру; б) оқыту дискуссиясы; в) білім беру ситуациясын жасау; г) оқытудағы талап қою тәсілі; д) мадақтау әдісі.

Үшінші топ. Оқытудағы өзін-өзі бақылау және бағалау әдісі.

а) Оқыту барысында бақылау жүргізу.

б) Жазба жұмыстарына текесеру жүргізу.

в) Лабораториялық жұмыстарды байқап бақылау.

г) Машина мен бақылау.

д) Өзіндік бақылау жасап бағалау.

3. Менеджменттік  жүйелер

Теория мен практикада  оқыту әдісінің 200-ден астам түрлері бар. Бұлардың ішіндегі негізгі әдістер профессор Р.Г.Лембергтің «Оқыту әдістері» деген кітабында айтылған. Ол оқыту әдістерінің танымға  барар жолдағы бір-бірімен сабақтастығын айта келіп, олардың ішкі дидактикалық бірлігі мен жеке ерекшеліктерінің байланысын көрсетеді.

-Оқытушының жетекшілік қызметінің оқыту формасы.

-Оқушылардың таным қызметінің сан қырлы  формасы: мақсаттылық, жоспарлық және жүйелілік;

-Оқушыларды білім алу формасы мен зерттеліп отырған ғылыми пәннің, өнер мен техниканың әдістері арасындағы байланыс.

  -Әрбір әдістің ерекшелігіне байланысты психологиялық құрылымның айрықшалануы.

 «Әр  таным құрамының,  әр таным әдісінің өзіндік психологиялық құрылысы болады. Қайталап айтып беру әдісі, дұрысын айтсақ, тыңдау процесі адамда ойлау мен елестетудің белсенділігін көтереді, бірақ түйсіну мен сезінуге сүйене алмайды.

Көрсету-бақылау әдісі, керісінше, қабылдау мен түйсінудің қызметіне негізделеді және нақты ойлауға сүйенеді. Бұл-абстрактілі ойлаудың алғашқы баспалдағы ғана. Лабораториялық сабақтар қозғалтушы орталықтарды да қызметке қосады.

Бұдан әрі берілген үлгі конспектіге сүйене отырып, оқушылардың өздеріне жеке әдістерді жан-жақты зерттеу тапсырылады. Бұл жерде оқыту әдісінің біреуі ретінде «ауызша қайталап айту» талданады, біздің ойымызша, бұл әдістің ішкі мазмұнының  ең негізгі кезеңдері жіктеледі.

Әрбір әдіс жеке элементтерден тұрады, оларды-тәсілдер деп атайды.  Мысалы, кітапқа жоспар жасау, қайта айтып беру,  конспект жасау т.б. жатады.

Әр тәсілдің тиімділігін күшейту үшін толық бір жүйеге түскен құралдар керек. Оқыту құралдары оқыту процесін жақсартуға көмектеседі.

Демек, оқыту құралдарына кең тұрғыдан алғанда мыналар жатады: оқу кітаптары (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, әр пәннің тапсырмалар жинағы, программалық көмекші  құралдар-көрнекілік құралдары) таблицалар, сызбалар, схемалар, географиялық және тарихи пәннің карталары, муляждар, модельдер мен оқытуға арналған суреттер\, -арнайы жабдықтар, \лингофондық кабинеттер, лабароториялық жұмыстар мен тәжірибелер жасауға болатын жабдықтары бар физика, химия кабинеттері\; техникалық құралда\ киноаппараттар, телевизорлар, магнитафондар, операторлық машиналары, программаланған радиоқондырғылар, видиомагнитафондар және т.б.

Ауызша баяндау әдісі.

Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі-ауызша баяндау. Бұл әдіс сабақ беру кезеңіндегі мектепте жүргізілетін барлық пәндерде, оқу-таным процесінің барлық «сатысында» және сабақтың барлық бөлігінде қолданылады.

Ауызша баяндаудың тәрбиелік мәні мен білімді әрі қарай дамыту ролі өте жоғары: «түсіндіру» оқып отырған материалға терең мағына береді, ішкі логикаға сүйене отырып  сапалы түрде түсіндіріп беру дәлелділікке алып келеді, негізгі пікірдің қорытылуына сенімділік туғызады; жанды сөз білім беру жұмысына жаңа леп алып келіп, тыңдаушының жүрек сезіміне әсер етеді, қозғалысқа шақырады, оқытушы сөзі тыңдаушыларға үлгі болады, сөйлемді қалай құру керек екенін, дәлелді ойлар мен сындарлы пікірлерге қалай  жету керек екенін көрсетеді.

Ауызша баяндау әдісінің психологиялық жүйесінің ерекшелігі оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың тыңдау процесінің қатар жүруінде. Тыңдау қабілеті арқылы қабылдау-психологиялық жағынан алғанда мұғалім үшін де күрделі құбылыс.Тыңдау психологиялық қызметтің толық бір жүйесіне сүйенеді.

Тыңдаушы өз жұмысында \тыңдау процесінде\ елестетуге, ойлануға сүйенеді, бірақ түйсік пен сезімнің қызметі көрінбейді десе де болады. Сонымен қоса сөйлеу актылары да тежеледі, қимыл қызмет те өше бастайды, ойдың тереңдігі, есте сақтаудың беріктігі, назар аударудың белсенділігі жағынан да қиындықтар туады. Сондықтан да оқытушының ауызша баяндауға, түсіндіруге жақсы дайындықпен дұрыстап бере білуді талап ететін «қиын» тәсіл деп атауға болады. Сондықтан мұғалім ауызша баяндау әдісінің психологиялық  негізіне назар аударуы қажет.

Тәжірибелі оқытушы психологиялық қиындықтарды әлсіретуге немесе толық жойып жіберуге ұмытылады. Бұған арнайы методикалық тәсілдерде көмек бер алады. 

Ең негізгі және ең маңызды тәсілдердің бірі-ауызша баяндау әдісі мен басқа әдістердің элементтерін араластыра білу. Түсіндіру үстінде бақылау әдісін, әңгіме-кеңес, жазба және графикалық жұмыстарды жүргізуге болады.

Тек тыңдау кезінде алатын білімнің олқылықтарын араластыра жүргізілген сабақ үстіндегі сұрақ жауап үстемелерімен, жазбаларымен суреттемелерден, басқалар арқылы толықтыруға мүмкіндік мол .

Қабылдау мен түйсіктің орынын толтыру үшін және көрініске айқын да мәнерлі мән беру мақсатында оқытушы әдеби мысалдарға сүйенеді, ол көмекке өнерді де қолданады. Сабақтың мазмұнына биографиялық тарихи, ғылыми-фантастикалық көркем текстерді кіргізеді.

Тыңдау кезінде қабылдау қызметінің кейбір тежеліп тұратын естен шығармай отырып, оқытушы тыңдауды сол оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне жақындатқысы келеді. Сондықтан да сабақтың мазмұнына пікір таластыратын кейбір мәселелерді кіргізеді, алған білімді пайдалануға болатындай практикалық ұсыныстар жасайды, оқушылар тыңдай отырып қосымша жұмыс істейді, жоспар жасайды, түсініксіз сөздерді тереді, сұрақтарды жазады және т.б.

Тәжірибелі оқытушылар тыңдаушылардың ойлау қызметіне көмегін тигізетін біршама сынақ тәсілдрін ойлап тапқан.

 Бұл тәсілдерге мыналар жатады: негізгі сұрақты анықтап алу, жалпы мазмұнды логикалық бірлігін сақтай отырып бірнеше бөлшекке бөлу; белгілі бір ізбен сол бөліктердің бірінен екіншісіне өту; қайталау элементтерін енгізу, мағыналы қорытынды жасай білу, терминдермен жүйелі түрде жұмыс істеу т.б.

Осындай түрлі тәсілдердің арқасында ғана оқытушы ауызша айту әдісінің психологиялық қиындықтарын біршама жеңілдете алады.

Кез келген басқа да әдістер сияқты, ауызша баяндаудың өзіне тән негізгі талаптар жүйесі  бар. Бұл талаптарға мыналар жатады: әдеттегідей, бірақ баланың есінде қалатындай қызықты да жарқын нақты материалды тауып жинақтау, сөз бен образдың жарасымдылығы, көрсету материалы ретінде өнерді кең қолдану, жинақтауға асықпай, «сатылай» келу. Сөйлемнің мағаналы да көркем болып шығу үшін сөздерді дұрыс таңдап пайдалану және дауыс ырғағын, мимика мен дене қымылын қолдану.

Кітаппен жүргізілетін жұмыстар.

Бүгінгі мектеп тәжірибесінде кітаппен жұмыс істеу «толық теңдік алған» әдіс деп айтсақ ешкім күмән келтірмейді. Бұл әдістің оқушыларды дамытуға және тәрбиелеуге, әсер ететін, ғылыми жұмыстың кейбір формаларына байланысты, өзіне тән психологиялық мәнді ерекшелігі болады. Кітаппен жұмыс істеу әдісі психологиялық тұрғыдан қарағанда, ол басқа әдістің ешқайсысын қайталамайды. Мұнда мұғалімнің ауызша баяндау әдісінің ортақ белгілері бар, алайда одан айырмашылығы-қолданылып жүрген белгілерінің сақталуы.

Кітаппен, текспен жұмыс істеу және мұғалімнің ауызша баяндауы да белгілі бір нәрсенің негізінде жүргізіледі. Кітапты оқу баяндаумен салыстырғанда, көпшілік жағдайда өткен көріністерді тез еске түсіреді. Кітап фантазияға толы, ол баланың ойлауын, іс-әрекетін жандандыра түседі. Кітап оқу таңдаумен салыстырғанда оқушының ақыл-ойының күшін, еркін көп керек етеді. Кітап білімнің мазмұнын ашады, оқушылардың ой дәрежесін дамытады, олардың мұғалімнің сөзін тез түсінуге бейімділігін туғызады. Кітап беттерін оқығанда, ондағы сөзбен айтылатын ойдың түсінігін, мазмұнын аша білу қажет. Тексті оқығанда аса бір зейін қойып баспа әріптерін «жанды» сөз ретінде, асқан эмоциялдық пен интеллектуалдылықпен қабылдау басты шарт.

Мектеп тәржірибесінен белгілі болғандай, кітаппен жұмыстың барлық түрінің ішінен ең басты орынды оқулықпен жұмыс алады. Мектеп тәжірибесінде болсын немесе теориялық әдебиеттерде болсын, оқулықпен жұмыстың әдісі жеткілікті түрде жасалмаған. Мамандығын жақсы білетін мұғалімдер оқулықпен жұмыстың бір бөлігін сабақ үстінде өткізуге тырысады. Алайда, оқулықпен жұмысты оқушылар тікелей мұғалімнің басшылығымен орындайды. Олар текспен жұмыстың тәсілін үйренетін болады, ең бастысы, негізгі ойларды бөліп алады, оқыған материалды қандай дәрежеде түсінді, жаңа материалды бұрыннан білгендерімен байланыстыра білу, оқу барысында жоспар жасау, конспекті жазу, ой тұжырымын ажырата білу, ережелерді анықтай алу, терминдерді жіктеу т.б. Көптеген мұғалімдер үй жұмысын бірінші орынға қояды, оқулықты тек үйге тапсырма ретінде пайдаланады. Бұл оқушыларды өз бетінше ойлауға баулитыны ақиқат.

Кітаппен жұмыс істеу әдісі мұғалімнің зеректігін және аса бір жылдам ой сезімін туғызатын басшылық іс-әрекет қимылын және бейімділігін талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі, оның оқушыларға білім берерлік маңызы, тәсілдің алуан түрлілігі, кітап бойынша берілетін тапсырмалардың жинақтылығы мен ғылымилығы мұғалімнің тәжірибесі мен шеберлігіне тікелей байланысты.

Лабороториялық жұмыстар әдісі.

Тәжірибеде дәлелденгендей, лабороториялық жұмыстар оқыту әдісіне қойылатын талаптарды қанағаттандыра алады. Оқушы жұмыстың бұл тәсілі арқылы айнала өмір шыңдығын және айналадағы құблыстарды, олардың арасындағы өзара байланысты, көпшілік жағдайда, олардың арасындағы ішкі тартысты, байланысты, ұқсастықты түсінеді және бұл әдіс онымен жұмыс істеуге үйретеді.

Лабараториялық  жұмыстың әртүрлігі, оның психологиялық өзіндік ерекшелігі, оқу-танымдық әсері болуы ешбір талас туғызбайды. Кейбір жағдайларды байқау әдісінің  өзі оқушылардың өз бетінше қорытынды жасауына, ой қорытуына, тіпті нақтылы ойлау прцесін түсінуге кедергі келтіреді. Лабараториялық  жұмыс көбінесе нақтылы ой операциясының компоненттері ретінде қызмет атқарады. Байқау айналада болып жатқан құбылыстың нақты бір белгілерін анықтауға көмектеседі. Ал, эксперимент сол құбылыстың ішкі байланысын, оның сыртқы әсерді қабылдауын, онымен арақатынасын оқушыларға ашып береді. Эксперимент оқушыны нақты ойлауға үйретеді. Бұл әдістің тән бір ерекшелігі қимылды актілі болуы, бұл акті таным құралының қызметін атқарады.

Лабораториялық жұмыс барысында оқушылар тек басымен ойлап қана қоймай тікелей қолымен де жұмыс істейді. Демек, лабораториялық әдіс тек оқыту процесіне ғана емес, тәрбие жұмысында да ойдағыдай нәтиже береді. Ең бастысы, ол танымдық сапаны арттыру құралының қызметін атқарады. Сонымен бірге, ақыл-ой, дене тәрбиесі танымдық әсер береді, сыртқы қабылдауды күшейтеді. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық жұмыстар оқушыларды өз бетінше топшылауға, өзінше дұрыс қорытындылауға баулиды. Лабораториялық жұмыстың тағы бір ерекшелігі оқушылар тек тыңдап қоймай, өздерін «тыңдатады» және олар бақылу жүргізуге үйренеді, ой қорытындысын жасай алады. Оқушылар жұмыстың немесе сабақтың техникалық мазмұнын түсінеді. Техникалық құралдармен жұмыс істеу тәсілін анықтайды.

Лабораториялық жұмыстың білім берерлік әдет пен дағдыға үйретерлік ауқымы үлкен. Ол орындалатын істің немесе өтілетін сабақтың мақсаты мен міндетін, құралын, бақылау жасау жолдарын тек жан-жақты түсіндіріп қоюмен бітпейді. Әдістің ең басты ерекшелігі ол техникамен жұмыс істеуге дағдыландырады, оқудың мамандандыруға көмегін арттырады және оқушыларды аналитикалық-синтез принциптерімен жұмыс тәсіліне баулиды.

Әңгіме әдісі.

Оқыту процесінде әңгіме әртүрлі әдістерді қолданған кезде тек тәсіл ретінде ғана  қолданылмайды. Әңгіме әдісі педагогикалық процестің көптеген салаларынан орын алады. Оқыту әдістері жүйесінде жеке әдіс түрінде қолданылады. Әңгіме кезінде мұғалімнің сөзімен бірге, оқушының да сөйлеуі пікірлесуі жиі пайдаланылады. Мұғалімнің сөзі көп ретте сұрақ түрінде беріледі және түсіндірумен толықтырылады. Ал, оқушылардың сөзі көбнесе жауап түрінде болады. Мұғалім жүйелі сұрақтар қою арқылы тиісті түсініктер қорын ашады және пікір таласын туғызады. Содан кейін оқушылардың сұрағын пайдалана отырып, мұғалім бұрынғы белгілі құбылыстар мен ережелердің арасындағы жаңа байланыстарға оқушылардың ойын бұрады және соған бағыттайды.

Психологиялық күйдің өзіндік ерекшелігі бұл әдісті пайдаланғанда айқындала түседі. Әңгіме-ойлау мектебі, еске түсіру және ойлау процесіндегі жаттығу болып табылады әңгіме кезінде ойлау актісі сөз түріндегі қозу туғызады, демек сұрақ және түзету арқылы мұғалімнің шеберлігі арта түсетін болады. Әңгіменің басқа әдістерден айырмашылығы ол оқушылардың бірлесіп немесе тоқталып ойлау қабілеттіліктерін туғызады. Бұл әдістің көп тірлігін әңгіменің психологиялық келбетін және әдістің жоғары бағалығын көрсетеді.

Әңгіме, барлық әдістер секілді, негізгі тәсілдер тізбегін құрайды. Бұл әдісті шеберлікпен пайдалану, әдісті қолданғанда мұғалімнің қиындыққа соқпай өтіп кетуіне жәрдемдеседі. Әңгімені қолданғандағы негізгі тәсіл–оқушылардың бойындағы білімдердің есептелуі. Бұл әңгімені қолданудағы «шикі зат» ретіндегі материал болып табылады. Әдетте мұғалім әңгімені қолданғанда алдын-ала сұрақ-жауап өткізеді. Соның ізінше материал оқушылардың есінде сақталып тұрған сәтте әңгіме әдісін қолдану қажет. Әр түрлі әдістерді пайдаланып, бірден оқушыларға жаңа материалдарды түсіндіретін жағдайларда кездеседі. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты әңгіме әдісін түрлендіре түсуге болады.

Мысалы, мұғалімнің баяндауы, кітап тексін оқу, байқау әдістерін пайдалану, осыдан кейін әңгіме әдісіне көшу. Ол материалды толық  түсінуге жағдай жасады. Әңгіме барысында оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.

Мектеп тәжірибесінде мұғалім әңгіменің кіріспе әңгіме,  қорытынды әңгіме, қайталау әңгіме, пікірлесу әңгіме сияқты түрлерін оқу материалының ерекшелігіне сай, сабақтың мақсатына сай қолданады.

Есеп шығару әдісі.

Бұл әдісті физика немесе математика пәндеріне ғана байланысты деп қарамауымыз керек.  Маман мұғалімдер есеп шығаруды барлық пәнде қолданылады.

Бұл әдісті бағалағанда, оның ғылыми таным тәсілдермен, байланысын арнайы талдап жатудың қажеті жоқ. Сонымен бірге әдістің психологиялық құрылысының өзіне тән белгілерін ойластыру да шартты емес. Психологиялық тұрғыдан, ол «тазалығымен» ерекшелене түсетінінін, ой толғандыратын және ойлауға үлкен күш түсіретінін ұмытпаған жөн.

Есеп шығару ойлау процесін жандандыруға, оған тиісті операцияларды қажетсінуге, ақыл ой қуатын үнемдеуге жағдай жасайды. Есептің шартын дұрыс түсіне білсе, ойлау актісінің мінсіздігін дәлелдейтін қосымша  түсініктер мен ұғымдар өзінше пайда болады.

Ойлау операциясы, талдау, салыстыру, негіздеу, дәлелдеу, қорыту барлық пән сабақтарының құрамынан кездеседі.

Сондай-ақ ойлау, дәлелдеу кітаппен жұмыс, жаттығу, лабораториялық жұмыс, әңгіме т.б. әдістерде орын алады.

Алайда, ойлау, дәлелдеу, тәсілдерінің ең алдымен есеп шығару әдісіне тікелей қатысы бар. Есеп шығару, оның жолдары  мен құралдарын таңдауды қажет етеді, кейде бірден есеп шығау әдісін қолдануға ықпал етеді. Мұғалім оқушыларды бұл әдістің қиындығынан қорықпауға үйретеді. Есеп шығару үшін оңай жолдармен, тәсілдерді оқушыларға жеңіл ұсына салуға болмайды. Әдістің ерекшелігі оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуына жәрдем етеді. Ойлау операциясының жолдарын меңгеруге ықпал жасайды.

Сондықтан профессор Р.Г.Лемберг бұл әдістің өз алдына дербес оқыту      әдісі бола алатынын өзінің зерттеу жұмысы арқыла дәлелдеді.

Р.Г.Лемберг:  Қазіргі кездегі мектептердің оқу жоспарларында логика пәні берілмеген. Бұл жағдайда әр пән мұғалімдерінің оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға жауапкершілігі арта түседі. Оларға логиканың ережелерін, заңдылықтарын білуде артық болмайды.

Біз тәжірибеде жоғары сынып оқушыларының индуктивтік ойлау және дедуктивтік ойлау операцияларын меңгеріп, күрделі логикаық ойлау қажет ететін тапсырмаларды қиналмай орындай алатындықтарын байқадық,-деп есеп шығару әдісінің тиімділігіне педагогикалық–психологиялық тұрғыдан талдау жасайды. 

      

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-13 15:46:43     Қаралды-12034

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »