UF

Тақырып.   Cтандарттаудың заңдылық және нормативтік базасы

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінде қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары - ҚР СТ;

- техникалық - экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіш-тері - ТЭА МЖ;

- мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ, техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, ережелер мен ұсынымдар;

- белгіленген тәртіппен қолданылатын халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, техникалық шарттар, ережелер, нұсқаулықтар, қағидалар, нұсқаулар, әдicтeмeлiк нұсқаулар мен ұсынымдар;

- ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар мен баска да қоғамдык бірлестіктердің стандарттары;

- ұсынымдар;

- фирмалық стандарттар;

-   техникалық шарттар.

Стандарт - әр түрлі қызмет түрлері немесе олардың нәтижелеріне қатысты ережелер, жалпы принциптер немесе сипаттамаларды жалпы және көп рет пайдалану үшін белгіленетін, мүдделі тараптар мен мойындалған орган келісімі негізінде әзірленген құжат.   

Мемлекеттіқ стандарттар   салааралық  мәні  және  көп  мәрте

ұдайы өндіру және (немесе) пайдалану перспективасы бар өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетуге, ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы нормалар мен талаптарға әзірленеді және олар Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Олар Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарымен бекітілген.

Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіштері - өнімнің, процестің (жұмыстың), қызметтің техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің сыныптау топтарының жүйелі кодтар мен атауларын көрсететін құжат.

Фирмалық стандарттар – тек осы заңды немесе жеке түлғалармен қолданылатын және бір заңды немесе жеке түлғамен әзірленген нақты өнім, процесс (жұмыс), қызмет түрлеріне талаптарды белгілейтін стандарттар. Бұл стандарттарды әзірлеушілер дербес бекітеді.

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары  іргелі, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің білімінің түрлі салаларында алынған нәтижелерін тарату мен пайдалану үшін әзірленеді және қолданылады.

Техникалық шарттар - нақты өнімге, процестерге, қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжат. Бұл құжатты жеке және заңды түлғалар әзірлейді және бекітеді.

Ұсынымдар - стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қандай да бір болмасын қызметтің түрін үйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін және кеңесті немесе нұсқауды қамтитын ережені белгілейтін нормативтік құжат.

Стандарттардың түрлері: негіз алынатын стандарттар; өнім (қызмет) стандарттары; процесс (жұмыс) стандарттары; бақылау (сынау) әдістері стандарттары; терминдер мен анықтамалар стандарттары; стандарттар кешені.

Негіз алынатын стандарт – кең таралу саласы немесе белгілі қызмет саласы үшін жалпы ережелері бар стандарт.

Өнім стандарты  - өзінің тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін өнім немесе біркелкі өнім топтарын қанағаттандыратын талаптарды белгілейтін стандарт.

Процесс (жұмыс) стандарты – процесс тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін процесс (жұмыс) қанағаттандыратын талаптарды белгілейтін стандарт.

Бақылау (сынау) әдістері стандарты - әдістер, тәсілдер, қабылдау, сынаулар, өлшеулер және (немесе) талдау жүргізетін әдістемелерді белгілейтін стандарт.

Терминдер мен анықтамалар стандарты – түсінудің қажетті жеткілікті белгілері бар анықтамалар берілетін терминдерді белгілейтін стандарт.

Стандарттар кешені – жалпы бағыттық мақсатпен бірлескен және өзара байланысты стандарттау объектілеріне  келісілген стандарттарды белгілейтін өзара байланысты стандарттар жиынтығы.

Нормативтік құжаттарды қолдану

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мемлекеттік басқару органдарымен, шаруашылықтағы субъекттерімен өнімді өндіріске әзірлеу, дайындау оның жасалуы мен өту сатыларында (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, техникалық құжаттамаларды әзірлеу кезде жеткізу, сату, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату) қолданылуы тиіс.

Kүші бар салалық стандарттардың талаптары Қазақстан Республикасы заңдарына қарсы болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасы аумақтарында колданылады.

Тапсырушы   мен   орындаушы келісімге өнім, орындайтын қызметпен жұмыстар мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі туралы шартты қосуға міндетті және басқа стандарттар талаптарына сәйкестік шарттарын анықтау тиіс.

Өнім, соның ішінде шеттен әкелінген, егер күші бар стандарттарда қарастырылған міндетті талаптарға сәйкес болмаса, немесе егер уәкіл органмен белгіленген тәртіпте берілген немесе мойындалған міндетті сертификаттауға жататын өнімнің сертификаты мен сәйкестік белгici болмаса, тағайындалуы бойынша өткізуге немесе берілуге жатпайды.

Шеттен әкелінген өнім Қазақстан Республикасында күші бар мемлекеттік стандарттардың экология және қауіпсіздік жөніндегі міндетті талаптарына сәйкес болуы және тиісті сертификатымен расталуы тиic.

Басқа мемлекеттердің халықаралық, мемлекетаралық және аймақтық стандарттары, техникалық шарттары мен стандарттары, стандарттау жөніндегі олардың ережелері, нормалары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасында ынтымақтастық туралы келісімге (шартқа) сәйкес қолданылады, егер олардың талаптары республика экономикасы қажеттілігін қанағаттандырса.

Халықаралық аймақтық стандарттар және де басқа елдердің ұлттық стандарттары (осы елдермен тиісті келісімдер болса) Қазақстан Республикасы аумақтарында мемлекеттік стандарттар ретінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы қосылған мемлекетаралық стандарттар Мемстандарт белгілеген тәртіпке сәйкес, оның аумақтарында күшіне енгеннен қайта ресімдеусіз қолданылады.

Басқа мемлекет мекемелерінің техникалық шарттары кәсіпорны арасындағы шарт негізінде Қазакстан Республикасы мекемелерімен қолданылуы мүмкін. Шартта, техникалық шартта қабылданған барлық өзгерістермен тұтынушыларды қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шарттар әзірлеушісінің міндеттемелерін қамтамасыз ету қажет.

Басқа елдердің халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттары, техникалық шарттары және шетелдік фирмалар стандарттарының талаптарына сәйкес шарт (келісім) негізінде осы елдер тұтынушыларының ұсыныстары бойынша өнімді экспортқа дайындау және жеткізу рұқсат етіледі.

Стандарттар  талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапты.

Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын ынтымақтастық туралы тиісті келісім (шарт) негізінде басқа мемлекеттер, олардың заңды және жеке тұлғалары немесе осы құжаттарды қабылдаған (бекіткен), тиісті Қазақстан Республикасының мекемелері, органдары рұқсатымен қолдануы мүмкін.

Нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар ғылымының, техника мен технологияның жетістіктеріне негізделуге тиіс және өнімді пайдаланудың, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетуді орындаудың шарттарын, еңбек жағдайлары мен режимдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңдарына, қолданылып жүрген техникалық регламенттерге, халықаралық және шет елдердің аймақтық және ұлттық стандарттарының талаптарына, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдарға қайшы келмеуге тиіс.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде олар адамдардың өмipi мен денсаулығының қаyiпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарына және Қазақстан Республикасында қабылданған техникалық нормаларға сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, қолданылып жүрген халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар немесе аяқталу сатысындағы олардың жобалары қолданылады.

Міндетті сертификатталуға тиісті өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетуге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда міндетті сертификаттау жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестікті бақылау әдістері, өнімді таңбалау мен буып-түю тәртібі,  сертификаттау туралы ақпарат болуы тиіс.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар өндірісте және басқа мемлекеттер мен саудада техникалық кедергі болмауға тиіс.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, оларға өзгерістер, сондай-ақ олардың күшін жою туралы шешімдер стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе оған ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың бекітуіне және мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізілімінде міндетті тіркелуге жатады.

Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың жіктегіштepi, сондай-ак, мемлекеттік басқару органдарының өздерінің құзыретіне сәйкес бекіткен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары авторлық құқық объектісі болып табылмайды.

Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттар Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекет-аралық Кеңес белгілеген тәртіппен әзірленеді, келісіледі және қабылданады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.    Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. – М.: ЮНИТИ, 2000.

2. Шишкин И.Ф. Метрология, стандартизация и управление качеством. – М.: Издательство стандартов, 1990.

3. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации.    -М.: , 2001.

4.    Уголев В.С., Чичеров В.Л. Стандартизация в нефтяной промыш-ленности. – М.: Недра, 1991.

5.    Бурдун Г.Д., Марков Б.Н. Основы метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1985.

6.    Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. -М.: Логос, 2002.

7.    Якушев И.А., Воронцов Л.Н., Федотов Н.М. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения. -М.: Машиностроение, 1987.

8.    Маркин Н.С. Практикум по метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1994.

9.    ҚР «Стандарттау туралы» заң. -Астана, 1999.

10.  ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң. - Астана, 2000.

11.  ҚР «Сертификаттау туралы» заң. - Астана, 1999.

12.  ҚР СТ 1.0-2000, ҚР СТ 1.2-98, ҚР СТ 1.3-2000, ҚР СТ 1.4-99, ҚР СТ 1.5-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі.

13.  ҚР СТ  2.0-2001, ҚР СТ  2.3-2001, ҚР СТ  2.4-2000, ҚР СТ 2.6-99, ҚР СТ 2.9-2000, ҚР СТ  2.11-2000, СТ 2.12-2000, ҚР СТ 2.15-2000, ҚР СТ 2.21-2001, ҚР СТ 2.30-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі.

14.  ҚР СТ 3.0-2001, ҚР СТ 3.1-2001, ҚР СТ 3.5-96, ҚР СТ 3.9-97, ҚР СТ 3.11-97 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификат-тау жүйесі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-25 17:48:35     Қаралды-5287

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »