UF

Жоспар:

 

 

 

 

І. Кіріспе

 

 

ІІ. Негізгі бөлім.

 

  1. Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері.
  2. Банктердің негізгі қызметтері және түрлері.

 

 

ІІІ. Қорытынды.

 

 

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

КІРІСПЕ

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметіне 1995 ж 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктік қызметтер туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

         Коммерциялық банктер-банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

         Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары он төрт жылдық тарихы бар.

         90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күнгі бүгінге дейін банктердің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты, олардың интенситивтік өсуімен байланыстыруға болады.

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде  ҚР-дағы екінші деңгейдегі  банктер туралы айтылып отыр.

         Коммерциялық банктер  мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
    • мемлекеттік;
    • акционерлік;
    • жеке;
    • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
    • аралас (шетел капиталының қатысуымен).
  2. Операцияларының түрлеріне қарай:
    • әмбебап, яғни экономиканың барлық  салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет  көрсететін банктер;
    • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
  3. Аумақтық белгісіне қарай:
    • халықаралық;
    • мемлекетаралық;
    • ұлттық;
    • аймақтық;
  4. Салалық белгісіне қарай:
    • өнеркәсіптік банктер;
    • сауда банктері;
    • ауыл шаруашылық банктері;
    • құрылыс банктері;
    • басқа.
  5. Филиалдар санына қарай:
    • филиалсыз;
    • көп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін  түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

         Жай акция – оның иелерінің сол қоғамдық  басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді.

Ал артықшылығы бар акция  - оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын  қоғамға қосқан өз үлесін  алуға құқық береді.

 

КОММЕРЦИЯЛЫК БАНКТЕР ҚАРЖЫ ДЕЛДАЛДАРЫ РЕТІНДІ

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады.  Бұлар коммерциялық, кооперативтік және   жеке   банктер,   банктік   заңдылықтарда   коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет керсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді,  оның  шаруашылық  агенттердің  барлык  жұмыс  түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде кептеген ұсақ карапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

Шынында   да,   банктер   мұндай   операциялардан   пайда кереді.   Олар   салымдарға   телейтіндеріне   қарағанда,   қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.

Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.

 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан керініс табады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі   кезде   негізгі   дәстүрлі   қызметтерге   бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп белігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылыкты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір кызметтер түрлерін керсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялык  банктердің  желісі   ақша  нарығының  қалыптасуына ықпал етеді,  ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп  айырысу және  қаржылық  операциялардың  барлық түрлерімен айналысады.

"Қазақстан   Республикасыындағы   банктер   және   банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

-   ақылы негізде депозиттерді тарату;

-   клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

-   кайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

-   инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің    тапсырмалары    бойынша    капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

-   заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, .депозитгік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

·        төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

·        ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;

·        тауар тасымалын талап ету құкын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

·        банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

·        клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);

·        коммсрциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

·        клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

·        банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

·        лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

-   уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);

-   экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);

-   қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;

-   инвестициялық қызметті;

-   клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

 

 УАҚЫТША БОС АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫ

ЖИНАҚТАУ

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашкы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі  болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық   нарықтарда   қаржы   делдалы   ретінде   басқа   кәсіпорындардың, мекемелердің жәке халықтың уақытша бос қаражаттар   сомасын   депозит   түрінд жинақтайды,   осы   жағдайда оларды   тиімді   басқарады,   сондай-ақ   олардың қауіпсіздігін қамтамасыз   етеді   және   пайдалық   негізде   қарызды   қарыз алушыға ұсынады.  Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі  болады,  бұл  салымдарды  жаппай  кері  алу қауіптігін   төмендетеді. Үшіншіден,    банктерге   тартылатын депозиттер   басқа   кәсіпорындардың   материалдық   обьектілерінде  орналастырған  активтеріне  қарағанда  қондырғы  ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша   бос   ақшалай   қаражаттарын   жинақтайды. Дәстүрлі   түрде   осы қаражаттардың   негізгі   бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ  салымдарынан  басқа мерзімді  және  мерзімсіз  салымдарының барлығы  түсіндіріледі.   Банктердің  ақшалай  қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру   жұмыстары   депозиттік   операциялар   деп   аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

Соңғы   уақыттарға   дейін   республикамызда   депозиттерді басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері   мен   өзіндік   ерекшелігіне   байланысты   қарыз   беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Жеке  тұлғалар,   іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекетгік кәсіпорындар,    жергілікті    билік    органдары    қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп   қана   қоймай,   одан   асатын   сомада   қарыз   ала   алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.

Депозиттік   операциялар   мынадай   қағидалармен   ұйымдастырылады:

-   банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға:

-   депозитгік операциялар әрекет ету керек;

-   банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;

-   банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыз-дарды беру бойынша операциялардьвд арасында мерзім және сомалар  бойынша өзара  байланыс  пен  сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

-   депозиттерді   тартуға   әрекет   ететін   банктік   қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;

Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің республиканың банктік тәжірибесінде бұл жиі болатын құбылыс.

Депозиттік емес пассивтерге банктік облигацияларымен және кепілге салу парактарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

Кепілхаттьқ қағаз парақтары мен операциялар жер учаскелерін сатып алуда қаржыландырумен тығыз байланысты. Банктер қаражаттарды тарту үшін қамтамасыз етілуі жер, құрылыс, яғни ипотека болып табылатын кепілхаттық қағаз парақтарының элементі болады.

Сонымен бірге банктермен ақша қаражаттарын "Тарту үшін шығарылатын коммуналдық облигациялар әр:- түрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатан өсімақылы және әдетте 10-нан 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.

Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық кызметінің бірі-жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де депозиттік емес операцияларды  орындау  жолымен  басқа  пассивтерді  жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер корсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.

 

ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер-несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші кызмет - бұл банктің пассивтік несиелік операциялары, яғни депозит формасында.

Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық корларын толықтыру, жалақыны толеу, жабдық сатып алу үшін және т.б; ауыл шаруашылық кэсіпорындар, фирмалар - өздерінің тұқым, жанар-жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) - автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін; үкімет - ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозиттік және депо-зиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады. Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ролін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін канағаттандырады.

Контокорреыттік шоттардан берілетін несие контокрен-тік несие деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы қағаздар сатып алу, вексельдерді өтеу үшін қолма-қол ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокорренттік несиелерді ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісім-шарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимит белгіленеді. Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б. жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Сонғы уақыттары кейбір жекелеген коммерциялық банктер контокорренттік шотты пайдаланады.

Қысқа мерзімді несиелер - күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым қапиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар - күрделі

ылыс   шараларын   жүргізу   үшін,   үй   және   қондырғылар

сатып алу үшін, сонымен катар, негізгі капиталды қаржылан-

дыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар,

мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.

Несиелік желілер - анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім-шарт. Жақсы табыс тауып, жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда   көлемі   алдын   ала   белгіленген   қарызды   банктен

а келісім-шарт жасасады. Бұл карыз бір жылға дейінгі мерзімде беріледі.

Несиелік желінің мынадай түрлері болады:

Маусымдық - өндірістің маусымдық болуымен байла-нысты   айналым   кұралдарының   жетіспеушілігінен   банктерге беріледі.

Жаңармалы - айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін несие.

Құрылыстық қарыздар - ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі. Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп отырады. Сонан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді.

Лизинг - қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру үшін қолданылады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және т.б. Лизингтік келісімде көресетілгендей жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пай-далану мүмкіндігін алады. Елімізге бұл несие де әлі өз деңгейінде дамыған жоқ.

Жекелеген карыз алушыларға коммерциялык банктер тұтыну несиелерін береді. Ол негізінен тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар және пэтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңармалы несиелер, ұзак мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі өтелетін несиелер жатады.

Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар -құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар - ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.

Коммерциялық жанама несиелендіруге толық тоқтала кеткеніміз жөн. Коммерциялық несиелер бұрынғы Кеңес Одағынан басқа барлық елдерде кеңінен тараган. Қазіргі кездегі экономикалык дагдарыстан шығуда оның атқарар ролі зор болар еді, бірақ Республикамызда әлі бұл несй^ еш қолдау тапқан жоқ.

Коммерциялық несиелер негізінен вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель - белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамасы немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.

Коммерциялық несиелендіруде жабдықтаушы сатып алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель толтырып ұсынады және жаубдықтаушы ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады.  Бұларада қарыз алу уақытында тауарлы түрдегі вексель қарызды қайтару уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.

 

ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

Коммерциялық банктердің үшінші қызметі - қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.

Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, контокорренттік және тағы басқалар.

Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларының айна-лымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.

Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу прициптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарга сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделініп отыру керек.

 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ БАСҚА ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Лизингтік операциялар. "Лизинг" ағылшын тілінен ау-дарғанда жалга беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина,   ұшақ,   автомобиль,   компьютерлерді)   жалға   беруді айтады.

Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының оз қаражатгарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз озіне керекті мүлікті пйдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл енідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалык қамтамасыз етудің анағұрльш прогрессивті формгсы.

Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы - мүлік иесі (лизинг беруші), екінші - мүлікті пайдаланушы, үшінші - мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қаты-суын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға телемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет керсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сейтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мынадай приципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие. Лизинг түрлері әр түрлі:

1.   Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Онын объектісі болып моральдік төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.

2.   Қаржылык лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге бері-леді.  Ол  мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.

 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІ

Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мем-лекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өнді-ріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өнідірістік сипатағы объектілерді салуға жұмсалады.     Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру аркылы (карыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалады.

Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс-әрекет және басқада пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары - жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне қатысты. Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын . банктердің өздерінің бастамашылыгымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялык қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде кызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінетіндігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ бұл операциялар елімізде күннен-күнге даму үрдісінде екенінде айта кету қажет. Оларға: несиелік операциялар; инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша; қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг); кассалық операциялар және делдалдық-комиссиондық операциялар жатады.

Бәрiмiзге белгiлi, 2007 жылдар төңiрегiнде Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдырмақшы және елміздің банк жүйесінің бүгінде әлемдегі дамыған елдердің банк жүйесінің, олардың операцияларының стандарттарына өте бастауына байланысты Жалпы банктердің қызметтері мен операцияларын халықаралық деңгейге жауап беретіндей етіп құрылымдаудың қажеттігі туындауда.  Әрине бұл елiмiздiң экономика және қаржы саласы үшiн үлкен жетiстiк болмақ, осыған байланысты елiмiздiң екiншi деңгейлi банктiк қызметтерiн, олардың активті операциялары болып табылатын төлем, есеп айырысу және делдалдық операцияларын заман талаптарына сай  ииновациялау және әлемдiк деңгейдегi қызмет көрсету үлгiлерiн дамытудың маңыздылығы артып отыр.

Отандық коммерциялық банктердің негізгі мәселелерінің бірі болып отырған қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады. Сондықтан алдағы уақыттарда еліміздің есеп айырысудың қолма-қолсыз түрлерімен жүргізілетін опрерацияларға сұраныстың өсетіндігін және осыған орай еліміздің қаржы саласы мен Ұлттық банкі және коммерциялық банктері бірлесе отыра шетелдік тәжірибелер негізінде отандық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дамытуы тиіс.

Жалпы елімізде бүгінгі таңда коммерциялық банктердің активті операциялары ішіндегі дамыған түрлеріне несиелік, лизинг беру бойынша, бағалы қағаздармен және т.б. енді дамып келе жатқан операцияларды жатқызсақ болады. Әрине ендігі жерде жоғарыда атап өткеніміздей басқа да активті операцияларды дамытып, жүргізіліп жатқан операцияларды жетілдіру шараларын коммерциялық банктің Ұлттық банкпен біріге отырып іске асыруының маңыздылығы жоғары болып отыр.  

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Мақыш С.Б.  Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
  2. Баян Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта      қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  3. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
  4. Банки Казахстана, 2003 г. №12;   “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка”  // Донцов С.
  5. Банки Казахстана, 2004 г. №1;  “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
  6. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2004 г. №4;  “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.
  7.  Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.
  8.  Мақыш С.Б.  Коммерциялық банктiң делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг // ҚазЭУ хабаршысы. – 2003. - №2. – 70-75 бет.
  9.  Мырзабеков Ш.  Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
  10. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
  11. С.Кабашев  «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2004. 58-61 стр.
  12. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы»  // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
  13. Лизинг в центральной Азий. Май – 2004 г.
  14. Сайденов А. Г.  «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005  г. 2-4 стр.

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-07-08 21:02:50     Қаралды-7627

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »