UF

Тақырыбы: Ауыз әдебиетіндегі шешендіктің үлгілері

1. Аңыз әңгімелер мен ертегілердегі шешендік сөздер.

2. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, олардың тіл ерекшеліктері.

3. Қазақтың тұрмыс-салт жырларындағы шешендік қисын.

4. Рим, грек шешендік өнерінің үлгілері мен олардың қазақ шешендік өнеріне ұқсастығы мен ерекшеліктері

5. Жыраулық поэзиядағы мақал-мәтелге тең келетін тіркестер, шешендік өрнектер.

6. Жыраулардың айшықты сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері.

            Халықтың шешендік дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданылып келе жатқан аңыз-әңгімелерде көрінеді. Аңыз-әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебитінде: тұрмыс салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро-эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып қалған.

Шешендік сөз көпшілікке қаратып айтылады, бірер адамға қарата айтылған сөз әдетте шешен сөз болып шыға бермейді, себебі, бірер адамға айтылған сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні болмауы мүмкін.

Қазір жұртшылықтың арасында фольклордың бір жанры ретінде кең таралып жүрген шешендік сөздерді ғана танысақ, онда шешендік сөз соңғы дәуірде дамымай тоқтап қалған сала болып шығады. Бұл төңіректе Р.Сыздықованың айтқан пікірі өте бағалы «Әдеби тілдің ауызша түрі» деп аталатын кітапта Р.Сыздықова: Ал шындығында өте ерте замандардан бері өмір сүріп, біздің дәуірімізге дейін жетіп, бүгінгі мәдени – рухани өмірімізден орын алып келе жатқан шешен сөйлеу дәстүрі бар. Және ауызша сөйлеудің аясы ұлғайған сайын, шешен сөйлеудің қажеттілігі арта түсіп отыр. Біздің қазіргі қоғамымызда шешендік өнердің көрінетін жерлері әлдеқайда кеңіді: ол саяси әлеуметтік өміріміздің барлық саласында идеялогиялық күрестің, тәрбие мен оқу-ағартудың, заң мен ғылымның, қоғам басқарудың ең бір пәрменді құралына айналды. Сонымен қатар шешендік ауызша жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының бірден-бір құралы. Жиналыс, конференция, съез, симпозиум, семинар, диспуттарда шешендік өнер өте-мөте қажет. Бұл күнде шешендікті радио мен телевизияда да көрсетеді. Өйткенгі бұларда жазба тілмен қатар ауызша сөйлеудің үлгісі ортақ. Демек, ауызша сөйлеу табиғаты жалпы мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып отыр. Ал шешендік өнер тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бірінен саналады дей келіп, біздіңше, «шешендік сөз» деген терминді шешендік өнердің іс жүзінде асқан нәтижесін атауға қалдыру керек, яғни фольклор мұрасының бір жанрын және қазіргі кезде де шешен айтылған сөзді осылайша атау керек те, шешендік өнердің сөзге шеберлік сөзін сәл болса да өзгешелеу атау керек.

Р.Сыздықова айтқандай:

1. Шешендік сөздің әлеуметтік мәні бар тақырыпқа құрылуы.

2. Шешендік сөзің сүйенер дәлелінің мықты болуы.

3. Тыңдаушыға әсер ететін эстетикалық қасиеті болуы.

4. Тыңдаушылардың ақыл-ойы мен еркіне ықпалын тигізіп, оларды белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыратын сөз болуы.

5. Аристотель айтқан айқындылық пен түсініктілік.

Бұрынғы шешендік көбінесе поэзия түрінде келді. Ауыздан ауызға көшіп халық арасында аңыз-әңгіме, жыр даналық сөздер күйінде ұрпақтан – ұрпаққа жетті.

Шешендік туралы сөз қозғағанда, әрине оның тақырыптық – мазмұндық ерекшелігіне тоқтамай өту мүмкін емес. Таза тілдік көркемдік тәсілдер тақырыптық, мазмұндық, идеялық ерекшеліктерден туындайтыны анық. Керісінше, көркем тілсіз шешендік сөз болмайды.

Қоғам, халық тағдырына қатысты зор әлеуметтік мүддені көздеген шешендік мұралардың қатарына жыраулар толғауын жатқызамыз. Кейбір жыраулар жеке адамдарға, жеке оқиғаға, жеке бір мәселеге қатысты болса да, оларда бәрібір әлеуметтік үн болады. Себебі қай жыраудың толғауын алсақ та, онда адамдық, адамгершілік т.б. сияқты тәрбиеге қатысты жайттар сөз болады. Өлең, жыр тағы басқа жанрларға қарағанда, толғаудың шешендікке жақындығы – үгіт, насихат, яғни дидактикалық сарында болып келетіндігінде.

Аңыз әңгімелер мен ертегілердегі шешендік сөздер. Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке тапқырлыққа  туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Баланың қазақ халқының ауыз әдебиетімен таныстығы  халық творчествосының ең кішкене түрлері – мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір мысқыл, тілінің шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшеліктері. Халық ауыз әдебиеті оқылып болғаннан кейін балаларға  авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.

            Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік тәрбиеші – халық. Халық шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында кездеспейтін, естілуі жөнінен бір-біріне ұқсас, ажырататын айтуға қиын сөздердің тамаша орналастырылуының өзі балалар ұғымына өте  жеңііл тиеді. Сондай ақ жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар – педагогикалық әсер берудің ең тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық, эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы дәру.

            Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Халық ауыз әдебиетінің, ең озық  үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерді де өздерін әділетті көрсетіп әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.

Фольклор туындыларының ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор – синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс –салт, театр, сөз, би және ән-күй өнері  бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына  тән осы белгіні  белгілі орыс фольклорисі  А.Н. Виселовский де айтқан еді.  Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатынша «халық аузы әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поэзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылыпта келеді. Алайда  бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық  аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан  жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.

Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке , еңбекке тапқырлыққа  туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Баланың қазақ халқының ауыз әдебиетімен таныстығы  халық творчествосының ең кішкене түрлері – мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір мысқыл, тілінің шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшеліктері. Халық ауыз әдебиеті оқылып болғаннан кейін балаларға  авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.

    Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік тәрбиеші – халық. Халық шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында кездеспейтін, естілуі жөнінен бір-біріне ұқсас, ажырататын айтуға қиын сөздердің тамаша орналастырылуының өзі балалар ұғымына өте  жеңііл тиеді. Сондай ақ жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар – педагогикалық әсер берудің ең тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық, эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы дәру.

    Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Халық ауыз әдебиеттінің, ең озық  үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балаалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерді де өздерін әділетті көрсетіп әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.

    Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасынің бір түрі – халық ауыз әдебиеті.

    Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдыдық өмірі, шаруашылығы мен кәсіби, қуанышы мен  күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі, әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атамыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым  тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, жеке авторлар шығарған әдеби туынды кейіннен өңделіп, сқұрыпталған, оған ұжым болып творчестволық өзгерістер енгізіліп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің еңбегіне, яғни халықтың ауызша

        Бұл уақыттағы қырды билеп тұру турасында шыққан временный положения бойынша қазақтардың іс тексерулері бұрынғы өздерінің рәсім заңдары бойынша қалса да, билік айту азырақ бөлегірек болып барады. Бұрынғы уақытта қазақ арасында көптен келе жатқан құрметті адамдар билік айтады екен. Әр тұқымның, ұруының өз алдарына ақсақалдары болады екен.

         Бір өзгергені- бұл уақытта қазақ ішінде билік даулы істерде қағаз жүреді. Бұрынғы уақытта қалам- қағазбен жұмыстары болмайды екен. Бұрынғы биді сайламай-ақ, білімді ақсақалдар болып, көбінесе тұқымына кетеді екен. Һәм бағзыдана адамдар халықтың рәсімін жақсы біліп һәм сөзге шешен болған соң халықты қаратып жақсы кісі болып шығып, тұқымынан болмаса да би болып кетеді екен. Бірақ олайша жиі бола бермейді. Сол уаытта ақсақал қандай адам болса да бірақ елде, халық арасында құрметті, қадірменді болса іс тексеруге халі бар екен. Егерде дауласқан кісілер өз еріктерімен оған жұмыстарын тексертсе, сол уақытта сол кісі халықтың жорасыменен істі қарап байқап билік айтады екен,ұят-намысқа қарап, өзінің ақылына салып ойлағаныменен. Егерде даугерлер оның билігіне разы болмаса, істрін өзге бір құрметті, атақтырақ қадірменді һәм әділеттілеу белгілі билерге барып тексертеді екен. Сондай билердің бітіргені анық болып, оны ешкім бұзбайды екен. Бағзы уақытта әділетті данышпан хандар көбінесе өз еріктерімен істі байқап көріп жаратпаса, билердің кескенін бұзып, қайтадан билік көрсетіп, билік қылдырып кесіп, я өздері-ақ кеседі екен, ешкімге, бөтен жанға ақылдаспай-ақ. Сонда да бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде қазақтың әдет, рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен. Солар көп уақыт билік қылып, әбден ысылып халық арасында бір атақты би аталып, ешкім қарсы тұрмайтын болып, өз ойлағандарыменен әділеттікпен іс кеседі екен, һәм солардың бітірген жұмысын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен.

        Солардың білімділігіне әбден сеніп, жұмысына кіріспей һәм қылған биліктерін бұзбайды екен. Сондай билерді қазақтар да бір түрлі көріп бек құрметтеп, қадірмендеп не қыл дегендерін ешуақытта бұзбай анықтап орнына келтіреді екен. Сондай болғандар Қараменде би, Ердене би һәм ғайрилері болыпты.Халық сондай билерді мейлінше ұлығ тұтып, біртүрлі кісі деп құрметтеп тұрады екен. Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр менен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретіні сол мақалы мынау: « Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын». Егерде дауласқан кісілер өздері қай биге жүгінерін біле алмай, разыласа алмай тұрғанда қай бидің тәуір ұнамды екенін ол кісілерге я өзге қалыс кісілер-ақ айтып жібереді екен жұмыстарын бітіруге. Сонан соң даугерлер рузыласып бір биге келеді екен. Бағзы уақытта жалғыз сұраушы арыз қылған соң-ақ атақты белгілі билер айыпты кісіні өзі шақыртып алады екен. Онда даугерлер қатарласып бидің қарсы алдында жүгініп отырады екен дауласқан мезгілде. Сонда би жауап сұраған соң арызқор арыз айтып болған соң, айыпты кісі жауап беріп ісі тексеріле басталады екен. Керек болғанда сол жерде- ақ куәлерін сұрайды я антқа жібереді екен. Бағзы уақытта сол іс тексерілген мезгілде көп би болса арызқордың сөзін айыпты кісінің, куәлердің жауаптарын естіп алып, соларды бір жаққа шығара тұрып, өздері оңаша кеңесіп, билік қылып, өздері ақылменен даугерлерге сонан соң білдіреді екен. Билердің билік қылып кескендерін көп би билік қылған олғанда, сұраушының ұнатуы бойынша бір би орнына келтіреді екен.

      Билердің қылған мынадай шағында  қайтадан билік қылады екен бұзылып, әуелі- билік қылып болған соң бір бұрын ашылмаған сол билік қылған іс турасында анығы білінсе, екінші- даукер ханға арыз қылып ол билікті дұрыс деп білмесе. Билер көбінесе жазалыларға айып жиі кеседі екен. Денемен алатын жаза іс турасында сирек болады екен. Айып үш түрлі болады екен, әуел арызқорға келтірген жамандығы ушін төлеу, екінші арызқорға келтірген шығыны үшін, үшінші бидің билігі, дау тексергендері үшін. Бұрынғы уақытта ханның хандығы болады екен, жазалыдан бір түйе я бір аттай әсіресе көп сала беретін жазалары тоғыз мойнына қосақ, артына тіркеу һәм ат, тон алады екен. Тоғыз дегендері өздеріңізге мағлұм тоғыз мал- түйе бастатқан, я ат бастатқан, қойға шейін болады екен. Мойнына қосақ, соңына тіркеуді- көбінесе ұрлыққа кеседі екен. О да мағлұм бір малға  бір қара қосып, тарттыратын жазалы адамдарға мал төлеткенде, үшінші ат-тон дегендері о да белгілі: бір ат, бір шапан жөнсіз істер тарттыратын айыпты болғандарға.    

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-22 18:19:19     Қаралды-9437

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »