UF

 

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Банктік лицензиялау.
  2. Банктердің актив және пассив операциялары.

ІІІ. Қорытынды.

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

КІРІСПЕ

 

Банктердің түрлері мен қызметтері

Жалпы,      коммерциялық      банктерді      мынадай      белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

1. Меншік сипатына қарай:

-    мемлекеттік;

-    акционерлік (ашық және жабық типтегі);

-    жеке;

-    пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

-    аралас;

-    кооперативтік.

2.  Операцияларының түрлеріне қарай:

-    әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

-    маманданган, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3.  Аумақтық белгісіне қарай:

-    халықаралық;

-    үлттық;

-    аймақтық;

4.  Салалық белгісіне қарай:

-    өнеркәсіптік банктер;

-    сауда банктері;

-    ауылшаруашылық банктері;

-    қүрылыс банктері;

-    басқа да.

5.  Филиалдар санына қарай:

-    филиалсыз;

-    көп филиалды.

Қазақстан Республикасындағы банктер, бастапқыда мәлімдеуші акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасыңца қүрылады.

Ашық типтегі акционерлік қоғамға банктердің (жабық типтегі акционерлік қоғам формасынан) өтуі үшін, Ұлттық банктен банктік операцияларды жүзеге асыруға рүқсат қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бекітілген пруденциальдық нормативтерді жене басқа да міндеттемелерді орындауы қажет.

Егер банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде қүрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр қүрылтайшыға тиетін үлесі қүрылтайшылық қүжатта анықталады және бүл банктің қатынасушылары немесе қүрылтайшылары оның міңдеттемелеріне өздеріне тиісті үлес шегінде ғана жауап береді.

Егер банк акционерлік қоғам формасыңда қүрылатын болса, онда оның жарғылық капиталы акциялардьщ номиналдық қүнының сомасында ашық түрде жазылып таратылады (егер банк ашық типтегі акционерлік қоғам түрінде болса) жөне қүрылтайшылардың арасында жарғылық капиталдағы олардың үлесіне байланысты акциялар үлестіріліп беріледі.                     ,

Мемлекеттік банктер мемлекеттік кесіпорын формасында қүрылады.

Нарық     шаруашылығындағы     банктер    мынадай     қызметтерді

атқарады:

·        Несие беру барысында делдалдық қызмет;

·        Төлемдегі делдалдық қызмет;

·        Ақшалай табыстар мен жинақтарды жұмылдыра отырып, оларды капиталға айналдыру қызметі;

·        Айналыстың несиелік қүралдарын жасау қызметі.

Несиеге делдал болу қызметіңце банктер өр түрлі мелшерде жене әр мерзімде салымдар тарта отырып, оларды қаржы ресурстарына мұқтаж клиенттерге береді. Несиелік операцияларды жүргізумен катар, банктердің ез қарыз алушыларының несиелік кабілеттерін бағалау мүмкіндігі де болады.

Банктің несие беруде делдал болуымен тығыз байланысты келесі қызметі - телемдегі делдалдық. Телемде деддал бола отырып, банктер өз клиенттері үшін есеп айырысу операцияларын орындау рысьшда ездеріне белгілі бір жауапкершілік алады.

Банктердің айрықша   бір   қызметі   -   ақшалай   табыстар   мен

зақтарды   жүмыддыра   отырып,   оларды   капиталга   айналдыру. Қоғамның әр түрлі таптары ақшалай табыстардың түтынудан қалған бөлігін алдағы уақыттағы шығыстар үшін жинақтайды. Банктердің немесе басқа да несиелік

мелердің осы ақшалай табыстарды салым түрінде жүмылдыруы

нәтижесінде  ғана  олар  ссудалық капиталға айналады. Содан  соң

алық капиталды  банктер  сауда және  енеркәсіптік фирмаларға

беріп, осының нәтижесінде ақшалай табыстар мен жинақтар банктер

көмегімен капиталға айналады.

Банктердің қызметінің біріне айналыста металл ақшалардың орнын алмастыратын- несиелік қүралдарды (банкнот, чек, вексель, несиелік карточка) жасау жатады.

Жоғарыда аталған қызметтерді атқара отырып, банктер үлғаймалы үдайы өндіріске мынадай жоддар арқылы ықпал етеді:

•  кәсіпорындарды кеңейту үшін кесіпкерлерге ссудалар беру;

•  қолма-қолсыз   ақшалар  мен  несиелік  қүралдарды  пайдалану арқылы айналыс шығындарын қысқарту;

•  ақшалай жинақтар мен түтынылған табыстардың бір  белігін жүмылдыра отырып, оларды қосымша капиталға айналдыру.

 

Банктік лицензиялау.

 

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін зицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болыр табылады.

         ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

         Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондайақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

         Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.

         1995 жылдың  31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктік қызметтер туралы» ҚР заңына сәйкес банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады.

  1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
  2. Әділет Министірлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • Рұқсат алу үшін беретін өтініш;
  • Құрылтайшылық шарт;
  • Банктің жарғысы;

•  банк жарғысын  қабылдау және  банк  органын  сайлау туралы хаттама;

•  құрылтайшылар   туралы   мөліметтер   (Үлттык   банктің белгілеген тізімі бойынша);

•  күрылтайшылардың     соңғы     екі     есептік     жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды түлғалар үшін);

•  қүрылтайшылардың    қаржылық    жағдайлары    туралы аудиторлық қорытынды;

·        егер бір немесе одан да көп қүрылтайшылары ҚР-ның резиденті  болмаса,  ондай  жағдайда  сол  мемлекеттегі  тиісті мемлекеттік   немесе   қадағалау  органынан   жазбаша   келісім қажет.

·        банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын   үйым   банк  ретінде   қайта  қүрылса,   онда:   оның жарғысы,   қурылтайшылық шарты,   соңғы   есептік  мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, үйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

·        банктін жетекшілік қызметіне тағайындалатын түлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесініде кемінде  -  үш жыл,  ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі  мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдық еңбек төжірибесі болуы және т.с.с;

·        жаңадан    қүрылатын   банктің   толық   үйымдастырылу қүрылымы (банктің екілетті органымен бектілуі тиіс);

·        жаңадан қүрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің окілетті органымен бектілуі тиіс);

·        жаңадан қүрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті оргаиымен бектілуі тиіс);

·        нотариальды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге қүзыретінің барлығын растайтын қүжат;

• басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.

Банк ашу үшін рүқсат алуға берілген отініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде Үлттық банкте қаралады. Үлттық банк банк ашуға рүқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді)

Екінші  кезеңде  жаңадан   қүралатын   банк  Үлттық   банк

сат берген күнен бастап, бір ай ішінде өділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Үлттық банк банк ашуға берген рүқсатын және, Үлттық банктің келісімімен расталған қүрылтайшылық қүжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Үлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден әткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

·        уйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Үлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес белмелерді жөне қүрал-жабдықтарды дайындау, тиісті  біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

·        жарияланган жаргылық капиталды төлеу.

Лицензия    алуға    өтінішпен    бірге    жоғарыда    аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатгы беруге тиіс.

Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Үлттық банк қарайды. Лицензияның   мерзімі    шектелмейді    жөне    онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі корсетіледі.

Аталған заңның 30-бабына сәкес банктік операцияларға мыналар жатады:

-     занды түлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

-    жеке түлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

-     банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жузеге асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

Коммерциялық банктердің  пассив операциялары және оның түрлері

 

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын    операциялары анықтайды. Коммерциялық  банктердің  операциялары негізінен мына топтарға  бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар.

 Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша  актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.

   Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың Коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары.

   Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары».

   Пассивтік операциялар көмегімен банктер  нарықтан несиелік  ресурстарды сатып алады.

   Пассивтің операцияларына   мыналар жатады:

  • салым қабылдау (депозиттер);
  • клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу;
  • өзінің бағалы қағаздарын шығару (облишация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
  • банкаралық  несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
  • репо операциялары;
  • еуровалюталық несие алу.

   Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:

  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды  алғашқы эмиссиялауы;
  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • депозиттер операциялар.

  Пассивтік операциялар  айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.

Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:

  • банктің меншікті қаражаттары;
  • банктің тартылған қаражаттары.

  Банктің  меншікті қаражаттары – банктің экономикалық   дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

  Қазақстанда коммерциялық банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
  • акционерлік банк;
  • шетел капиталының қатысуымен.

  Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.

  Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

   Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін  қамтамасыз  етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.

  Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады.

    Бөлінбеген пайда шоты -  деген ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген  және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады.

    Басқарылатын  ресурстар -  банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.

    Ағымдағы пассивтер – есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтардан құралады.

   Салым  -  (депозит) – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.

  Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар   деп аталады.

   Мерзімді салымдар -  ол салыну мерзімі және проценттік өсім  төлеу мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.

  Мерзімдік салымның бір түрі -  депозиттік сертификат. Бірінші рет ондай куәлікті айналымға 1961 ж. АҚШ банктерінің бірі енгізді.

    Депозиттік сертификат -  ол белгілі бір ірі соманы банкке салғандағы туралы берілетін жазбаша куәлік.

   Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын береді. Банктің ресурсында халықтың жинақ салымдары маңызды роль  атқарады.

   Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие  коррсепонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу үшін корреспонденттік  шот ашады

   Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған несие ресурстарынан несие алуы жатады.

   Коммерциялық банктердің  қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушыларымен жасалады.

   Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарғында басты валюта болып доллар есептеледі.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

   Коммерциялық банктердің  актив операциялары және оның түрлері

Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын  актив операциялары  деп атайды.

Актив операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді:

  • несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік (ссудалық) портфелі қалыптасады;
  • инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;
  • кассалық және есептесу операциялары - банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі;
  • депозиттік операциялар;
  • қаржылық операциялар;
  •  басқа операциялар.

   Несие-есептеу операциялары – ол банктің  несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының  көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.

   Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілеріне байланысты топтастыруға болады:

  • борышқордың типіне байланысты  - кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;
  • пайдаланатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
  • қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;
  • борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке, саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
  • қамтамасыз етілуі бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз етілмеген (бланктік);
  • өтеу тәсіліне қарай – бір уақытта және бөлік-бөлікпен өтелетін қарыз.

   Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.

  Контокоррентік шот  деген несиелік шотпен  ағымдағы шоттың біріктілуі. Ал кейбір мемлекеттердің банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізіледі. Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотынан артық болса да, бекітілген лимит шегінде  банктің төлеуі.     

   Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының мөлшерін  бекіту арқылы реттеледі.

    Банктің инвестициялық операциялары  - несиелік операциялардан кейінгі банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: 1. банкке табыс әкелу, 2. өтімді активтер қатарын толықтыру.

   Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

  1. Мемлекетің бағалы қағаздары;
  2. Корпоративтік бағалы қағаздар.

  Бүгінгі таңда ҚР –дағы Коммерциялық банктердің инвестициялық  операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатта тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.

   Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  • акциялар;
  • облигациялар;
  • депозиттік және жинақ сертификаттары;
  • ипотекалық  куәліктер;
  • депозитарлық қолхаттар.

  Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын  және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

   Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз. 

  Қазақстанда айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді: купондық және дисконттық.

     Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділігі қолдау және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен банктер активтік депозиттік операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.

    Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

    Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

   Барлық лизингтік операциялар екіге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

    Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бірі – факторинг.

    Факторинг – клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.

   Фактор – сөзі ағылшын тілінен «factor», аударғанда «маклер,делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл  делдалдық операция.      

    Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Факторинг операциясына үш тарап қатысады: факторингтік компания, клиент, кәсіпорын.   

   Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандық ақша нарығында дами алмай отыр. 90-шы жылдардың  басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін анықтап, нәтижесінде отандық банктеріміз  күні бүгінге дейін бұл операция салғырттық танытуда.

    «Форфейтинг» сөзі француз тілінде «а forfait», аударғанда, «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг – тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланатын термин.

   Форфейтинг  операциясы  - форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.

  Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
  2. Импортер, тауарды несиеге алушы;
  3. Форфейтор, мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.     

  Форфейтинг операциясының  мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда 7 жыл.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінетіндігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ бұл операциялар елімізде күннен-күнге даму үрдісінде екенінде айта кету қажет. Оларға: несиелік операциялар; инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша; қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг); кассалық операциялар және делдалдық-комиссиондық операциялар жатады.

Бәрiмiзге белгiлi, 2007 жылдар төңiрегiнде Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдырмақшы және елміздің банк жүйесінің бүгінде әлемдегі дамыған елдердің банк жүйесінің, олардың операцияларының стандарттарына өте бастауына байланысты Жалпы банктердің қызметтері мен операцияларын халықаралық деңгейге жауап беретіндей етіп құрылымдаудың қажеттігі туындауда.  Әрине бұл елiмiздiң экономика және қаржы саласы үшiн үлкен жетiстiк болмақ, осыған байланысты елiмiздiң екiншi деңгейлi банктiк қызметтерiн, олардың активті операциялары болып табылатын төлем, есеп айырысу және делдалдық операцияларын заман талаптарына сай  ииновациялау және әлемдiк деңгейдегi қызмет көрсету үлгiлерiн дамытудың маңыздылығы артып отыр.

Отандық коммерциялық банктердің негізгі мәселелерінің бірі болып отырған қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады. Сондықтан алдағы уақыттарда еліміздің есеп айырысудың қолма-қолсыз түрлерімен жүргізілетін опрерацияларға сұраныстың өсетіндігін және осыған орай еліміздің қаржы саласы мен Ұлттық банкі және коммерциялық банктері бірлесе отыра шетелдік тәжірибелер негізінде отандық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дамытуы тиіс.

Жалпы елімізде бүгінгі таңда коммерциялық банктердің активті операциялары ішіндегі дамыған түрлеріне несиелік, лизинг беру бойынша, бағалы қағаздармен және т.б. енді дамып келе жатқан операцияларды жатқызсақ болады. Әрине ендігі жерде жоғарыда атап өткеніміздей басқа да активті операцияларды дамытып, жүргізіліп жатқан операцияларды жетілдіру шараларын коммерциялық банктің Ұлттық банкпен біріге отырып іске асыруының маңыздылығы жоғары болып отыр.  

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Мақыш С.Б.  Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
  2. Баян Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта      қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  3. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
  4. Банки Казахстана, 2003 г. №12;   “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка”  // Донцов С.
  5. Банки Казахстана, 2004 г. №1;  “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
  6. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2004 г. №4;  “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.
  7.  Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.
  8.  Мақыш С.Б.  Коммерциялық банктiң делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг // ҚазЭУ хабаршысы. – 2003. - №2. – 70-75 бет.
  9.  Мырзабеков Ш.  Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
  10. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
  11. С.Кабашев  «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2004. 58-61 стр.
  12. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы»  // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
  13. Лизинг в центральной Азий. Май – 2004 г.
  14. Сайденов А. Г.  «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005  г. 2-4 стр.

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-07-04 21:21:21     Қаралды-3666

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛИЛЕЙДІҢ КЕРНЕЙІ НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Біздің планетамыз Әлемнің орталығы деп есептелді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »