UF

Тақырып. Корпоративті қаржы

 

1. Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру  негiздерi және олардың  қаржы ортасының мазмұны

 

Кіріспе. Корпорация қаржысының түсінігі мен мазмұны.

Батыс әдебиеттерінде "Корпоративтік қаржы" қаржы менеджментінің синонимі болып есептеледі. Қаржы менеджменті корпоративтік қаржының қолданбалы бөлігі болын табылады. Екеуі де компанияның инвестициялық шешімдері мен осы инвестициялық шешімдерді қаржыландыру көздерін талдау бойынша шешімдердің жиынтығы ретінде анықталады.

Қаржы менеджменті әдетте мәдениетке, яғни қаржы теориясын тәжірибеде қолдануға бағытталса, корпоративтік қаржыда негізінен сәйкесінше тұжырымдамалар мен формулаларды ғылыми негіздеуте көп көңіл бөлінеді.

Корпоративтік қаржы — батыс және отандық университеттерде және бизнес мектептерінде экономикалық білім беру жүйесіндегі негізгі және міндетті курстарының бірі. Оның мазмұны қаржының жалпы теориялық тұжырымдамдарын және дамыған қаржы нарығында, бағалы қағаздардың құнын қалыптастыруға бағытталған акционерлік компанияның қаржылық басқарудың тәжірибелік әдістерін қамтиды.

Оку обьектісі - микродеңгейдегі қаржының қызмет етуі, заңнамалық және нормативтік актілер шеңберіндегі ұйымдық — құқықтық нысандағы түрлі кәсіпорындарды қаржылық реттеу саласында жинақталған тәжірибелік білім.

"Корпоративтік каржы" курсының мазмұны меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастыру, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу мен пайдалану, сондай-ақ негізгі өндірістік қорлар мен айналым қаражаттарын, өндірісті және өнім, қызмет көрсету жұмысты өткізуді қалыптастыру процесінде пайда болатын ақша қатынастары жүйесі болып табылады.

Корпоративтік қаржы мемлекеттің бірыңғай қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен жалпы қоғамдық өнім, ұлттык табыс және ұлттық байлық қүрылатын материалдық өндіріс саласына қызмет көрсетумен айқындалады. Мәні жағынан корпорациялар қаржысы қаржы жүйесінін, ерекше бөлігі болып табылады. Олар өндіріспен тығыз байланысты және экономика дамуының заңдылықтарын көрсетеді, экономикалық бизнестің құрамына кіретін категория болып табылады.

Корпорация қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуіне елеулі әсер етеді. Неғұрлым кәсіпорындардың қаржылык жағдайы мықты әрі берік болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік жәнс аймақтық ақша қорлары толығымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және қоғамның басқа да қажеттіліктері жеткілікті түрде қанағаттандырылады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметі екі жан-жақты бағытталған факторлар әсерінен құралады: фирма ішіндегі қатынастар және сыртқы бизнес ортамен қатынастар. Сондықтан да нарық жағдайындағы корпорациялар деңгейіндегі қаржылық қатынастар жүйесін басқарудың қажетті құралы болып қаржылық жағдайдың, жалпы деңгейіне әсер ететін барлық факторлардың өзара байланысын дұрыс түсіну табылады. Ол үшін шаруашылық жүргізудің жоғары тиімділігіне жету мақсатында қаржылық тетіктер мен ынталандыруларды дұрыс қолдану қажет. Серіктестермен қарым-қатынастардың перспективасы мен сипатын ескеру маңызды(тауарларды сату сатып алу, тауарлық-материалдық құндылықтарды жабдыктау бойынша корпорациямен байланысты тұлғалар ғана емес, сондай-ақ акционерлер, кредиторлар, банктер, қор нарықтары, салықтық және сақтандыру органдары).

Корпорация – бұл кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін құрылған шаруашылық субьект, оның экономикалық мақсаты қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету және пайда алу болып табылады.

Ұйымдардың және корпорациялардың кәсіпкерлік қызметі мазмұны бойынша өнімді өндіру мен өткізу, жұмыстардың орындалуы мен қызмет көрсету, қор биржаларындағы операцияларды енгізеді. Корпорация осы қызметтердің біреуін немесе барлығын бір мезгілде атқара алады.

Кәсіпкерлік қызмет процесі кезінде ұйымдардың және корпорациялардың өз контрагенттерімен, яғни: жабдықтаушылар мен сатып алушылармен, ортақ қызметтегі әріптестерімен, бірлестіктер мен ассоциациялармен, қаржылық және кәсіпкерлік ортамен және т.б. шаруашылық байланыстар орнайды, соның нәтижесінде өндірісті ұйымдастыру мен өнімді өткізумен, қызмет көрсетулермен, қаржы ресурстарының құрылуымен, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты қаржылық қатынастар орнайды.Қаржылық қатынастардың материалдық негізі – ақша болып табылады. Олардың пайда болуының қажетті шарты ақшалай қаражаттардың нақты қозғалысы болып табылады.

Корпорация қаржысы – бұл негізгі және айналмалы капиталдың құрылуы, корпорациялардың ақшалай қаражат қорларының және олардың бөлінуі мен пайдаланылуы процесінде пайда болдатын қаржылық немесе ақшалай қозғалыстар.

Корпоративтік қаржы – бұл корпорацияның өндірістік – шаруашылық қызметіндегі процесінде орнайтын ақшалай қатынастар жүйесі. Қаржы категориясының ерекше белгілері, бұл :

  • Ақшалай сипаты;
  • Бөліну сипаты;
  • Ақшалай қорлардың құрылуы болып табылады.

Корпоративтік қаржылардың тиімді әрекет етуінің қажетті шарттары мыналар:

  1. Меншік формаларының көптігі;
  2. Тауар, еңбек, капитал нарықтарының болуы;
  3. Өз-өзін қаржыландыру мен өзін ақтау;
  4. Нарықтық баға құру мен бәсеке;
  5. Корпорация қызметіне мемлекеттің шектеулі араласуы;
  6. Экономикалық жүріс-тұрыс ережелерінің құқықтық қамтамасыз етілуі.

Корпорациялардың қаржылық қатынастары экономикалық мазмұны бойынша келесі бағыттарға топтауға болады:

  • Кәсiпорынды құру кезiнде жарғылық қорды қалыптастыру үшiн құрылтайшылар мен кәсiпорын арасындағы қатынас. Өз кезегiнде жарғылық қор материалдық емес активтi алуда, алғашқы өндiрiс қорын қалыптастырудың көзi болып табылады;
  • Кәсiпорындармен мекемелердiң өнiмдi өндiру мен өткiзуде жаңа бағаның құрылуына байланысты. Оларға шикiзатты, материалды, даяр өнiмдердi т.с.с. жабдықтаушымен сатып алушының қаржылық қатынастары, құрылыс мекемелерiмен инвестициялық қазмет кезеңдерi кезiнде, транспорт мекемелерiмен, байланыс кәсiпорындарымен, кеден, шетел кәсiпорындары т.с.с. кiредi. Бұл қарым – қатынастар шаруашылық қызметтiң негiзi болып табылады, себебi олардың тиiмдi ұйымдастырылуына коммерциялық қызметтiң қаржылық нәтижесiне байланысты;
  • Кәсіпорындар мен олардың бөлімшелерініің филиалдарының, цехтарының, бөлімдер, бригадалар арасында шығындарды қаржыландыру, пайданы, айналым қаржыларын бөлу мен қайта бөлу бойынша. Бұл қатынас өндiрiстiң ұйымына және ырғақтылығына әсер етедi;
  • Кәсiпорынмен оның қызметкерлерi арасында табысты бөлу және пайдалануға, мекеме акциясын облигациясын шығаруға және оны таратуға, облигацияның процентiн акцияның дивидентiн төлеуге, келтiрiлген материалдық зиянды штрафтармен және компенсациямен өндiрiп алуға, жеке тұлғалардан салықты ұстап қалуға, қаржы қатынасын ұйымдастыру еңбек ресурсын тиiмдi пайдалануға әсер етедi;
  • Кәсiпорын мен жоғарғы мекеменiң, өндiрiс – қаржы топтарының холдинг iшiнде, ассоцияциялармен одақтардың арасында кәсiпорын осылардың мүшесi. Бұл қатынас ақша қоры жиналып бiр орталыққа шоғырландырылып бөлiп пайдалану кезеңiнде және белгiлi мақсатқа арналған қорды қаржыландыруға, маркетингтiк зерттеудi жүргiзуде, ғылыми зерттеу жұмыстарында, инвестициялық жобаларды iске асырудағы қаржыны қайтарып беру кезiнде көмек беруде және айналымдағы қаражатты толықтыруда пайда болады. Бұл қатынас iшкi салаларға ақша қорын бөлумен кәсiпорынның әрi қарай дамуын қолдауға бағытталған;
  • Кәсiпорын мен мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң арасында салық және де басқа төлемдердi бюджетке төлеуiне, бюджеттен тыс қорларды жасауына, салықтық жеңiлдiк беруiне, штраф шараларын қолдануына, бюджеттен бөлiнген қаржыны алуына байланысты;
  • Кәсiпорын мен банк жүйесiнiң жұмыс барысында коммерциялық банктерде ақшаның сақталуына, қарыз алуына, оны өтеуiне, иесiнiң процентiн төлеуiне, шет ел валютасын сатуына және алуына басқа да банктiк қызметiн көрсетуiне;
  • кәсiпорын мен сақтандыру қоғамдарының және мекемелердiң арасындағы қатынас кейбiр қызметкерлер категориясының коммерциялық кәсiбi мүлiктерiн қауiпсiздiкке қойғанда пайда болады;
  • кәсiпорын мен инвестициялық институтарының инвестицияны орналастыру кезiнде, жекешелендiруде т.б.

         Жоғарыда көрсетiлген топтардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi мен әрекет әдiстерi бар және ақша қаражатын айналымға салу олардың материалдық негiзi ақша қаражатының қозғалысы мен мекеменiң жарғылық қорын құрастыру болып табылады.

Корпорация қаржысының жіктелуі

Корпорация қаржысын әр түрлі сипаттар бойынша  жіктеуге болады:

  • Ұйымдастырушылық – құқықтық формалары бойынша: толық және сенім негізіндегі серіктестіктер қаржысы, ашық және жабық акционерлік қоғамдар қаржысы, жаупкершілігі шектеулі серіктестіктер қаржысы, өндірістік кооперативтер қаржысы және т.б.
  • Салалық белгісі бойынша корпорациялар қаржысы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көлік, сауда, тұрмыстық-жабдықтаушы, жобалық қызмет және т.б.

Өнеркәсіп қаржылары кәсіпорын қаржыларының жалпы жүйесінде алдыңғы орын алады.Өнеркәсіп кәсіпорындары  өз қызметінде ауыл шаруашылық, көлік, сауда және т.б. кәсіпорындармен өзара әрекеттеседі.Сондықтанда олардың қаржылары халық шаруашылығының барлық басқа салаларының қаржыларымен тығыз байланысты болады.

  • Меншік құқығы субьектілеріне байланысты ҚР-ның азаматтары мен заңды тұлғалары ,ҚР-сы субьектілері, шетел азаматтары, және бірлескен меншіктегі кәсіпорын қаржылары болып жіктеледі.

Жіктелудің бірінші және үшінші бағыттары кәсіпорын қаржыларының ұйымдастырылуына әсерін тигізеді, себебі  өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды, жалпы табысты, пайданы, салық салу мен мүліктің құрылуы мен пайдалануына әр түрлі ықпалы болады.

Корпоративтік қаржы қызметтері

Корпорация қаржысы экономикалық категория ретінде қаржылық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оның атқаратын қызметтерінде көрінеді. Корпорация қаржысының қызметтерінің экономикалық әдебиеттерде екі бағыты бар.

Бірінші бағыт бойынша, қаржылар екі қызмет атқарады:бөлуші және бақылаушы. Ал екінші бағыт бойынша оларға қосымша ресурсқұрушы немесе қамтамасыз етуші қызметті қосады.

Қамтамасыз етуші қызметте корпорацияның шаруашылық қызметін қамтамасыз ету және дамудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін әр түрлі көздерден ақша қаражаттарын қажетті көлемде жүйелі түрде қамтамасыз етіп отыру болып табылады.

Қаржылық қатынастар – бұл ең алдымен бөлуші қатынастар.Қаржылардың бөлуші қызметі қамтамасыз етуші қызметпен тығыз байланысты болады және құрылған функционалды ресурстардың жалпы соммасының бөлінуі мен қайта бөлінуінде көрінеді. Бөлу қызметiнiң көмегiмен алғашқы қор құрастыруына бастайды. Ол құрастырушылардың салымының есебiмен құрайды, жалпы iшкi өнiм құны көрсетiлiп бөлiнедi; қаржы қорымен табысты бөлу барысында баға негiзiнiң пропорциясын анықтайды, өнiм өндiрушiлердiң, кәсiпорындардың мекемелердiң және мемлекеттiң тiлектерiн мүдделерiн толық қамтамасыз етеді.Қаржының негiзiнде бөлу қатынасы жатып, ол өндiрiс процесiн қаржы көздерiмен қамтамасыз етедi, сонымен ұдайы өндiрiс процесiнiң барлық кезеңдерiн бiрiктiрiп, байланыстырады. Олар: өндiрiс, айырбастау және тұтыну арасындағы маңызды байланыстырушы буын болып табылады.Бұл процесс кәсіпорындардың өнімді өткізуден түскен табыс пен таза табыстың құрылуы жолымен жүзеге асады. Табыстың бір бөлігі бөлу тәртібімен орталық қорларға, ал қалғаны – шаруашылықтың өзінде  еңбек ақыға, әлеуметтік мұқтаждықтарға, өндірістің ұлғаюы мен дамуына шығындарды қаржыландыруға бағытталады.

Бақылау қызметiнiң әдiлеттi негізi өнеркәсiп өнiмдерiн шығарудағы және сол өнiмдерде өткiзуге бағасының есептелуi,  жұмыстың орындалуы, қызмет етуi, кәсiпорынның табысы мен ақша қорының құрастырылуы және олардың пайдалануын қадағалау болып табылады. Қаржының тұрақты айналымы бұзылса, керiсiнше өнiм өндiру оны өткiзуге кететiн шығын артады, қарым-қатынасты орнатуы, қызмет көрсетуi кәсiпорынның табысын төмендетедi, осыған сәйкес оның әрi қарай даму мүмкiндiгi, бәсекелестiк қабiлетi және қаражат тұрақтылығы да кемидi. Мұндай кезде қаржының бақылау қызметi өндiрiстегi ақауларға, қаражат қорын басқарудағы және өндiрiсiтi ұйымдастырудағы кемшiлiкке дабыл қағады. Осындай қатерлерді елемеу кәсiпорынды банкротқа әкелуi мүмкiн.

Бақылау қызметi кәсiпорынның қаржы көрсеткiшiнiң көмегiмен оған баға бере отырып бөлу қатынастарының тиiмдiлiгiн көтеруге тиiстi шара дайындап iске асырады.

Корпорацияның қаржылық механизмі және оның элементтері

Кәсiпорын қаржысын басқару қаржы механизмi арқылы жүзеге асады.

Кәсiпорынның қаржы механизмi дегенiмiз – кәсiпорын қаржысын жүйелi басқару барынша көп мақсатты табыс табу.

Қаржы басқару жүйесi өзiне: қаржы әдiстерiн қаржы құралдарын құқықпен қамтамасыз етiлiп, қаржы басқарудыжүйелi мәлiметтермен хабардар етедi. Қаржылық әдiстерге: қаржысын жоспарлау, қаржысын есептеу, қаржыны талдау және қаржыны тексеру жатады.

Қаржылық құралдар өзiне алғашқы құрамдар, дебиторлық немесе кредиторлық қарыздар мен несиенi, акциялармен қоса өндiрiстiк құралдарды яғни қаржы опциондары фьючерстерi мен фарвапдтары проценттiк және валюталық своптарды жатқызады.

Қаражат активi ол ақшалай қаржы, ақша қаражатын алуға келiсiмшартта не басқа кәсiпорынның қаржы активiнде, шартты түрде қаржы құралдарын басқа кәсiпорынның капиталдық құралымен айырбастауға құқығы бар.

Қаржы мiндеттемесi – бұл кез-келген келiсiм шартты болып табылатын мiндеттеме, ол: ақша қаржысын беруге немесе басқа қаржы активiнде қаржы құралын басқа кәсiпорынмен потенциалды тиiмсiз жағдайға да айырбасталынады.

Қаржы құралдарындағы операциялар әркезде қаржы тәуекелiмен жүредi. Ақпаратпен қамтамасыз ету қаржы есебiнiң мәлiметтерiн пайдаланушыларға қаржы құралдарының тәуекел дәрежесiн бағалауға мүмкiндiк бередi.

Кәсiпорын қаржы басқармасы өзiне мәлiметтердi жинай және оны талдауды, қаржыны жаспарлауды әрi болжамда жүзеге асыруды жатқызады, бұлардың сапасы тiкелей ақша ағымын басқарудағы нәтижесiне, кәсiпорын қаржысының тұрақтылығына да яғни оның бәсекелестiк қабiлеттiлiгiне қаржы қорын жинақтауына әсер етедi.

  Кәсiпорынның ақша қорларының қалыптасуы кәсiпорын құрылған сәттен басталады. Кәсiпорын заңға сәйкес өз жарғылық қорын құрады.

  Жарғылық қор – кәсiпорынның алғашқы негiзгi өзiндiк қаражат көзi б.т. Ол негiзгi және айналым капиталдарынан қалыптасады. Олар өз кезегiнде негiзгi өндiрiстiк қорды, материалдық емес активтердi, айналым қорларын иеленуге жұмсалады.

  Кәсiпорынның ақша қорларының қатарына үстеме капитал жатады. Ол негiзгi қорды қайта бағалау нәтижесiнде мүлiк құнының өсiмiне эммисиялық түсiмдердiң (акцияның сатылу бағасының номиналды бағасынан асуы) өндiрiстiк мақсатқа қайтарымсыз берiлген ақшалай және материалдық құндылықтар есебiмен құралады. Бұл капиталды түпкiлiктi қайта бағалау кезiнде мүлiк бағасының төмендеген соммасының орнын толтыруға басқа кәсiпорындар мен тұлғаларға қайтарымсыз беру салдарынан п.б. шығынды өтеуге есептi кезеңдегi кәсiпорын қызметiнiң нәтижесi бойынша болған шығындарды табуға пайдаланылады.

Кәсiпкерлiк қызмет нәтижесiнде кәсiпорындар табысы:

  • өндiрiстiк тауарды өткiзуден түсетiн табыс
  • жұмысты орындау мен қызмет көрсетуден түсетiн табыс
  • мүлiктi пайдалануға беруден түсетiн табыс болып жіктеледі.

Бұл табыстар сатудан түскен түсiм ретiнде қабылданады және егер кәсiпорын өз өнiмiн экспорттайтын болса, онда ол оның есеп айрысу және валюта шотына түседi. Түсiм – ең алдымен кәсiпорынның шығынның орнын толтыру көзi болып табылады. Сонымен бiрге мұнда шығынның тағы бiр бөлiгi кiргiзiледi. Ол экономикалық қызметтiң iске асуы. Бұл тiкелей өнiм өндiру мен немесе өнiмдi өткiзумен байланысты емес, бiрақ табыс табумен байланысты. Бұл шығындар өнiмнiң өзiндiк құнына кiргiзiледi. Түсiмнiң әрi қарай бөлiнуi амортизациялық қордың қалыптасуымен байланысты. Амортизациялық қор өзiнiң экономикалық пайда болуында қарапайым ұдайы өндiрiстiң негiзгi қорларын қаржыландыруға бағытталған.

Кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң нәтижесi мен соңғы мақсаты табыс болып табылады. Салық төленгеннен кейiн кәсiпорының қарамағында қалған табыстан резервтiк капитал, жинақтау қоры мен тұтыну қорлары қалыптасады.

Резервтiк капитал – бұл кәсiпорынның ақша қоры. Оның қалыптасу көзi болып кәсiпорынның өз меншiгiндегi қалған табыс б.т. Ол есеп жылындағы нақты мақсаттарға табыстың жетiспеуiмен яғни есептi жылдың шығындарын жабуға, төлеуге жұмсалады.

Бұл резервтiк капиталдың болуы Кәсiпорынның қаржы жағдайының тұрақсыздығын қамтамасыз етедi. Резервтiк қордың ақшалай қаражатының түрiне сондай-ақ құнды қағаздардың құнсыздануына салынған резервтер, қайта сатып алу қоры, кейiнге қалдырылған қор және т.б. Ол акционерлiк қоғамда акцияны сатып алу және облигацияны өтеу үшiн құрылады.

Жинақтау қоры - өндiрiстiң дамуына арналған ақша қаражаттары. Бұл қор кәсiпорын мүлкiн кеңейту мақсатында негiзгi өндiрiстi дамытуға, сондай-ақ табыс алу үшiн қаржылық салымдарды салу және пайдаланумен байланысты.

Тұтыну қоры - әлеуметтiк қажеттiлiктерге өндiрiстiк емес салаларды қаржыландыруға, марапаттауларға, компенсация түрiндегi төлемдерге және т.б. мақсаттарға бағытталған ақша қаражаттары.

Валюта қоры - өз өнiмiн экспортқа шығаратын және валюталық түсiмдi алатын кәсiпорындарда қалыптасады.

Кәсiпорынның қаржы ресурсы – бұл өзiндiк ақша табыстарының жиынтығы және сырттан түскен түсiмдер. Олар кәсiпорынның қаржылық мiндеттемесiн орындауға, өндiрiстi кеңейтуге байланысты шыққан шығындар мен ағымдық шығындарды қаржыландыруға арналған.

Капитал - айналымның аяқталуы бойынша табыс әкелетiн және өндiрiске салынған қаржы ресурстарының бiр бөлiгi. Басқаша сөзбен айтқанда, капитал қаржы ресурсына айналған формасы ретiнде болады.

Кәсiпорынның қаржы ресурсы өзiгнiң пайда болуында өзiндiк және әр түрлi жағдайда тартылған болып бөлiнедi.

Өзiндiк қаржы ресурсы құрамына табыс және амортизациялық аударымдар кiредi. Бұл жерде ескеретiн жағдай кәсiпорын табысының бәрi толық кәсiпорынның өз меншiгiнде қалмайды. Оның бiр бөлiгi салық және басқа да төлемдер түрiнде бюджетке түседi. Ал одан қалған кәсiпорын меншiгiндегi табыс басқарушы органдарының шешiмiмен жинақтау және тұтыну мақсаттарына бөлiнедi. Жинақтауға бағытталған табыс өндiрiстiң дамуына және кәсiпорын мүлкiн арттыруына пайдаланады. Тұтынуға бағытталған табыс әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн пайдаланылады.

Амортизациялық аударымдар дегенiмiз – негiзгi өндiрiстiк құралдардың және материалдық емес активтердiң тозуының ақшалай құнын көрсетедi. Ол екi жақты сипаттамаға не болады. Себебi ол өнiмнiң өзiндiк құнына кiредi және өнiмдi өткiзуден түскен түсiм кәсiпорынның есеп айрысу шотында жай немесе кеңейтiлген ұдайы өндiрiстiң қаржыландыру көзiне айналады.

Тартылған немесе сыртқы қаржы ресурстарының қалыптасу көзi өзiндiк заемдық және бюджеттен бөлiнетiн қаржы түрiнде болады. Бұл бөлу капитал салық формасымен қамтамасыз етiледi. Егер сыртқы инвесторлар ақша қаражатын кәсiпкерлiк капитал түрiнде салған болса, онда бұл салым тартылған, өзiндiк қаржы ресурсы болып табылады.

Кәсiпкерлiк капитал – бұл табыс алу немесе кәсiпорынды басқаруға қатысу мақсатында кәсiпорынның жарғылық капиталына салынған капитал.

Ссудалық капитал – кәсiпорынның банктiк несие түрiнде жеке басқа кәсiпорындардан вексель, облигация, займ түрiнде уақытша пайдалануға түрлi мерзiмде берiлетiн, төленетiн немесе қайтарылатын капитал.

Бюджеттен бөлiнетiн қаржы – қайтарылатын және қайтарылмайтын негiзде болуы мүмкiн. Бұл қаржы негiзiнен мемлекеттiк тапсырыстарды қаржыландыруға инвестициялық бағдарламаларды немесе өнiмдi өндiруде жапы мемлекеттiк маңызы бар кәсiпорындарды мемлекет тарапынан қысқа мерзiмде қолдау жасауда қолданылады.

Кәсiпорын қаржы ресурсын өндiрiстiк және инвестициялық қызмет процесiнде пайдаланылады. Олар үнемi ұдайы қозғалыста болады және тек ақшалай қалдық ретiнде есеп шотқа немесе кәсiпорын кассасына түседi. Кәсiпорын өзiнiң қаржы тұрақтылығын және нарық шаруашылығындағы орнықтылығын қамтамасыз ете отырып өзiнiң қаржы ресурсын белгілі-бір уақыт iшiнде және қызмет түрлерiне байланысты бөледi. Бұл процестердiң шиеленiсуi оның қаржылық жұмысының қиындауына тәжiрибеде арнайы қаржы құралдарының пайдалануына әкеледi.

Кәсiпорын қаржысын ұйымдастыру белгiлі бiр принциптер негiзiнде құрылады шаруашылық дербестiк, өзiн - өзi қаржыландыру, материалдық жауапкершiлiк, қызметтiң нәтижесiне қызығу, қаржылық резервтердiң қалыптасуы.

Шаруашылық дербестiк принципi – кәсiпорын өзi дербес құқықтық ұйымдастыру шаруашылық түрiне тәуелсiз өзiнiң экономикалық қызметiн, табыс алу мақсатында ақша қаражатының салымын анықтай алады. Нарық – кәсiпорындарға жаңа салаларды iздеуге, капиталын салуға, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын жаңа өндiрiстi ынталандырады.

Бiрақ кәсiпорын толық шаруашылық дербестiк алды деуге болмайды. Себебi мемлекет кәсiпорын қызметiнiң кейбiр жақтарын анықтайды. Мысалы: амортизация саясатын.Осылай кәсiпорын мен бюджет және бюджеттен тыс қорлар арасында заңдармен реттеледi.

Өзiн - өзi қаржыландыру принципiн - өнiмдi өндiру мен өткiзу шығындарының орнын толтырады, өзiндiк ақша қаражаты арқылы өндiрiстiң дамуын инвестициялау және қажеттi жағдайда ғана банктiк немесе коммерциялық несиенi пайдаланады. Нарық экономикасы дамыған елдерде жоғары деңгейде өзiн-өзi қаржыландыратын кәсiпорындардың өзiндiк қаржының салыстырмалы салмағы 70%-тен асады. Бiрақ кәсiпорынның ақша қаражатының жалпы көлемi нақты инвестициялық мақсаттарды жүзеге асыруда жеткiлiксiз болып табылады.

Қазiргi кезде бұл принциптi барлық кәсiпорындар мен ұйымдар жүзеге асыра алмайды. Халық шаруашылығының кейбiр салаларындағы кәсiпорын мен ұйымның өнiм шығару мен қызмет көрсетуi объективтiлiк себепке  байланысты: оларға жеткiлiктi тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды. Оларға жеке кәсiпорындар: қалалық жолаушы тасымалдау транспорты, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсiбi жатады. Мұндай кәсiпорындар бюджеттен бөлiнетiн қаржыны әртүрлi жағдайда алады.

Материалдық жауапкершiлiк принципi – ол шаруашылық қызметтiң нәтижесiн және жауапкершiлiк жүйесiн жүргiзуi. Бұл принциптiң қаржылық әдiстерi және кәсiпорындарға оның басшылары мен жұмысшыларына әр түрлi құрылады.

Қызмет нәтижесiне қызығушылық  принципiнiң объективтiлiк қажеттiлiгi кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi қызметi табыс алумен сипатталады. Шаруашылық қызметтiң нәтижесiне қызығушылық - бұл тең дәрежеде кәсiпорынның жұмысшыларына, кәсiпорынның өзiне және мемлекетке де тән. Бұл принциптiң құрылуы жеке жұмысшылар деңгейiнде еңбек ақы төлеу қорынан немесе табыстан жұмысшыларға лайықты еңбекақы қамтамасыз етiлуi тиiс, ол принцип түрiнде, жыл нәтижесi бойынша iстелген жұмысқа сый тарту, көп жылдық сiңiрген еңбек үлесiн, материалдық көмек ретiнде төлемдер төлеу керек. Бұл принцип мемлекеттiң салық саясатын және экономикалық пропорцияны сақтап таза табысты тұтыну қоры, жинақтау қорына бөлiп жүргiзу нәтижесiнде кәсiпорында iске асуы мүмкiн. Мемлекет мүддесi кәсiпорынның тиiмдi қызметiмен қамтамасыз етiледi.

Қаржылық резервтердiң қалыптасу принципi – кәсiпкерлiк қызмет иелерiнiң қаржы қорын құрып қамтамасыз етумен байланысты, ол нарықтық тербелiс себебiмен болатын тәуекелге кездесуi мүмкiн. Нарықтық экономикада тәуекел жауапкершiлiгi тiкелей кәсiпкерлiк қызмет иелерiне жүктеледi. Олар өзбетiнше шешiм қабылдайды, және зерттелiп дайындалған бағдарлама бойынша салынған ақшалай қаржыны тәуекелмен қайтармауды iске асырады. Кәсiпорының қаржы салымы тәуекелi тағы да инфляция қарқынымен салыстырғанда жеткiлiксiз процент табысын немесе салынған капиталдан көбiрек табыс түсетiн салалардан да алуы байланысты. Осыдан өндiрiс бағдарламасын дайындауда тiкелей қателiктер орын алуы мүмкiн.

Кәсiпорындардың барлық құқықты ұйымдастыру түрлерiнiң меншiктi қаржы қорлары салықтарды және басқа бюджетке мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн таза табысы құралады.

4.1.Дисконттау және компаненттеу. Ссудалық пайыздардың жай және күрделі ставкалары жай және күрделі есептеу ставкалары

Әрбір бағалы қағаз белгілі бір қаржылық операцияны қажет етеді. Қаржылық операцияларға қатысушылар алдын-ала оның нәтижесін пайдалылығы мен тиімділігін білу керек. Ол үшін дисконттау жай және күрделі пайыздарды есептей алуы керек. Капитал уақыт құндылығына ие. Уақыт аспектісіндегі капитал салымдары компаундинг және капиталды дисконттау операцияларына. байланысты. Компаундинг- бұл бүгінгі, яғни ағымдағы капитал құнынан оның болашақтағы құнына өту процесі.

Дисконттау дегеніміз бұл - болашақта түсетін табысты қазіргі бағамен келтіру операциясы. Қарапайым қаржылық мәміле түрін келтірейік: қандай да бір сомманы қарызға S(о) бір ретті белгілі бір мерзімге Т қайтару сомасы S(Т) шартымен берілді дейік. Мәміле тиімділігін анықтау үшін 2 шама пайдаланылады:

 1. Қатысты өсім (интерес) Rt=S(t)-S(о)/ S(о);

2. Қатысты жеңілдік (дисконт) dt= S(о)-S(t)/S(t).

Бұл екі шама бір-біріне тәуелді.

Rt=dt/1-dt ж/е dt=Rt/1+Rt. S(t)=S(о)*(1+Rt); S(о)=St+(1-dt).

Кейде дисконт орнына дисконт фактор пайдаланылады:

Vt =(1-dt)= S(o)/S(t)=1/1+Rt.

Әдетте өсімді де, дисконтты да 100-ге көбейте отырып пайызбен көрсетеді. Мысалы: несие 1 жылға 100000 теңге сомасында 2000000 теңге сомасымен қайтару шартымен берілді дейік. Бұл жағдайда қызығушылық 100 пайыз, ал дисконт 50 пайызға тең. Нақты тәжірибеде жай және күрделі пайыздар олардың комбинациясы пайдаланылады. Жай пайыздар - көмегімен келтіру операциясы бір жылдан кем қысқа мерзімді несиелермен банк пайыздары тәжірибесінде пайдаланады. Жай пайыздар формуласы:

 Rt=T*R.

 Егер қысқа мерзімді несиелер тәуліктермен берілсе жыл ұзақтығы 365 тәулік немесе 12 ай 30 күнмен беріледі. Бірнеше толық жылдарды қамтитын ұзақ мерзімді несиелерді есептеуде - күрделі пайыздар формуласы пайдаланылады: 1+Rt=(1+Rt) t.

4.2.  Аннуитеттер бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен проценттер бағалы қағаздармен операциялардың табыстылығы.

Аннуитет –яғни жыл сайынғы төлем бұл салымшыға белгілі бір жиілік уақыт аралығында белгілі бір табыс әкелетін инвестициялар. Әдетте ол табыс әкелетін акцияларға, облигацияларға, зейнетақы қорларына, жылжымайтын мүлікке капитал салымдары.

Қаржы нарығының басты тауарлары болып ол:

  • қолма-қол ақшалар, оның ішінде:ұлттық және шетел валюталары;
  •  банк несиелері;
  • бағалы қағаздар.

Бағалы қағаздардың маңызды түрлеріне  облигациялар, акциялар, фьючерс, опциондарды жатқызуға болады.

Қарыз міндеттемелері (облигациялар)-бұл бір тұлғаның кредитордың басқа тұлғаға дебиторға ақшаның белгілі бір сомасын тұрақты тіркелмелі шартта қайтаруға кепілдік беретін жазба. Облигация құнының төмендетілген бағасы дизажио деп ат. Ал қымбаттатылған немесе жоғарлатылған бағасы ажио деп аталады. Облигация табысы мына формуламен есептеледі:

 У=N/Р*100, мұндағы

У-табыс

N-номиналды пайыз

Р-эмисионды курс.

Акция -бұл өз иесіне АҚ-ң меншік үлесіне дауыс беруге, дивиденд түрінде пайда алуға құқық беретін бағалы қағаз. Акцияның табысы (дивиденді) АҚ-ң қаржы экономикалық жағдайына байланысты болады. Акция табысы мына формуламен есептеледі:

У=Д/Р*100, мұндағы:

У-акция табысы;

Д-дивиденд;

Р-сатып алу бағасы.

Фьючерс - бұл сатушының белгілі бір мерзімде тауарлардың белгілі бір көлемін белгілі бір орынға болашақта жеткізіп беру міндеттемесі.

Опцион - бұл белгілі бір тауар санын тұрақты бағада сатып алуға немесе тауарды тұрақты бағада белгілі бір уақыт мерзімінде сатуға құқық беретін құнды қағаз. Контрактілер мен опциондар бағасы ондағы тауарлар бағасына тәуелді болғандықтан оларды туынды бағалы қағаздар деп аталады

Негізгі қорлардың тозуы

Жалпы негізгі қорлар өндіріске қызмет ету кезінде тозады, яғни физикалық қасиетін жоғалтады немесе ғылым мен техниканың дамуына байланысты қазіргі талапқа сай болмай қалады. Осыған сәйкес негізгі қорлардың құны өзгеріске ұшырайды.

Негізгі қорлардың тозуы ғимараттар мен қондырғылар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдыктар, көлік құралдары, кұрал-сайманы, өндірістік және шаруашылық инвентарь, көп жылдық өсімдіктер, материалды емес активтер бойынша анықталып есептелінеді.

Тозу физикалық және моральдық болып бөлінеді. Физикалық тозу негізгі қорларды пайдалану  барысында сырткы факторлар (табиғи күштер, енбек процесі) әсерінен болатын тозу. Негізгі қорлардың физикалық тозуын анықтау үшін есептеудің екі әдісі қолданылады:

1.    Физикалық және нормативтік мерзім қызметі немесе
жұмыс көлемін салыстыруға негізделген.

2.    Зерттеулер процесінде бекітілетін еңбек құралдарының
техникалық жағдайы туралы мәліметтерге негізделген.

Моральдық тозу ғылыми техникалық прогреспен байланысты негізгі қорлардың қазіргі уақытқа сай болмай қалуы немесе толық физикалық тозудың мерзімінен бұрын болуына байланысты болады.

Моральдық тозудың екі түрі болады:

1. Казіргі уақытқа сәйкес оның кайта өндіруінде машиналар
мен құрал-жабдықтардың құнының төмендеуі мен арзандауы.

2.    Өндіріске машиналар мен құрал-жабдықгардың өнімділік
және экономикалық түрін құру мен енгізуге негізделген.

Амортизация – бұл өңдірілген өнім есебінен негізгі қорлардың тозған бөлігін толықгыру. Ол екіге бөлінеді: амортизацияланатын (ғимараттар, үйлер, құрал-жабдықтар, көлік құралдары); амортизацияланбайтын (жер, көп жылдық өсімдікгер, консервациядағы негізгі қорлар, тарихи ескерткіштер, мұражай құндылықтары т.б.)

Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері.

Жылдық амортизациялық есептеулер келесідей әдістердің біреуімен есептелінеді:

  1. Сызықтық есептеу әдісі;
  2. Пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл);
  3. Кумулятивтік әдіс;
  4. Азайып отыратын қалдық әдіс.

1. Негізгі кұралдардың (НҚ) құны бойынша амортизацияны біркалыпты сызықтық есептеу әдісі. Бұл әдіс әрбір жыл үшін амортизациялық жарна сомасы амортизацияланатын құнды (бастапқы құнына оның жойылу құнын шегергенде), оның пайдалану мерзіміне бөлу арқылы есептелінеді: Ан = Қб – Қж/Т. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны 100000 теңге, оның 5 жыл мерзім өткеннен кейінгі жойылу құны -10000 теңге. Бұл жағдайда жыл сайынғы амортизациялану нормасы амортизацияланушы құнының 20 пайызын кұрайды немесе бірқалыпты әдіске сәйкес (90000*20%=18000тг)18000 теңге болады А = (100000-10000)/5=18000 теңге.

 

Негізгі құралдардың амортизациясын сызықтық әдіс бойынша есептеу (теңге)

 

Сатып алынған мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның жылдық соммасы

Жинақталған тозу соммасы

Қалдық құны

 

100000

-

-

10000

1 жылдың аяғында

100000

18000

18000

82000

2 жылдың аяғында

100000

18000

36000

64000

3 жылдың аяғында

100000

18000

54000

46000

4 жылдың аяғында

100000

18000

72000

28000

5 жылдың аяғында

100000

18000

90000

10000

 

2. Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл). Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы тек пайдалану нәтижесі арқылы есептелінеді, онда уақыт мерзімі ешқандай роль атқармайды:Ан=Қб-Қж/орындалған жұмыс көлемі. Келтірілген мысал бойынша автокөлік белгілі-бір жұмыстарды орындау үшін 90000 км жол жүрді. Әрбір км.  есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы келесідей түрде анықталынады: А=100000-10000/90000 км =0,1 теңге

 

Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша есептеу (теңге).

 

Сатып алынған мерзімі

Бастап-қы құны

Жұмыс көлемі, км.

Амортиза-цияның жылдық соммасы

Жинақтал-ған тозу соммасы

Қалдық құны

 

100000

-

-

-

100000

1 жылдың аяғында

100000

200000

20000

20000

80000

2 жылдың аяғында

100000

300000

30000

50000

50000

3 жылдың аяғында

100000

100000

10000

60000

40000

4 жылдың аяғында

100000

200000

20000

80000

20000

5 жылдың аяғында

100000

100000

10000

90000

10000

 

  1. Кумулятивтік әдіс (латын тілінен аударғанда-өсу, жиналу деген мағынаны береді), яғни сандарды қосу бойынша тозуды есептеу тәсілі. Мысалы, автокөлік болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл.бірінші жылы обьектінің бастапқы құнының 5/15 бөлігіне, екінші жылы 4/15 бөлігіне, үшінші жылы 3/15 бөлігіне, төртінші жылы 2/15 бөлігіне, бесінші жылы 1/15 бөлігіне амортизация есптелінеді.

Негізгі құралдардың амортизациясын кумулятивтік әдіс бойынша есептеу

 

Сатып алынған мерзімі

Бастап-қы құны

Амортиза-цияның жылдық тозу соммасы

Жинақтал-ған тозу соммасы

Қалдық құны

 

100000

  •  
  •  
  1.  

1 жылдың аяғында

100000

  1. =30000
  1.  
  1.  

2 жылдың аяғында

100000

  1. =24000
  1.  
  1.  

3 жылдың аяғында

100000

  1. =18000
  1.  
  1.  

4 жылдың аяғында

100000

  1. =12000
  1.  
  1.  

5 жылдың аяғында

100000

  1. =6000
  1.  
  1.  

 

  1. Азайып отыратын қалдық әдіс.Бұл әдіс кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген.Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отыратын қалдық әдісі деп атайды. Мысалы, жоғарыда көрсетілген автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20 пайыз болады(100%/5). Екі еселенген нормасы есептеліп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы 40 пайыз (20%/5) болады, бұл белгіленген 40 пайыз қалдық құнға әрбір жылдың соңында қосылады.

 

Азайып отыратын қалдық әдіс бойынша амортизацияны есептеу

 

Сатып алынған мерзімі

Бастап-қы құны

Амортизацияның жылдық тозу соммасы

Жинақтал-ған тозу соммасы

Қалдық құны

 

100000

  •  
  •  
  1.  

1 жылдың аяғында

100000

  1. %/100×10000=40000
  1.  
  1.  

2 жылдың аяғында

100000

  1. %/100×60000=24000
  1.  
  1.  

3 жылдың аяғында

100000

  1. %/100×36000=14400
  1.  
  1.  

4 жылдың аяғында

100000

  1. %/100×21600=8640
  1.  
  1.  

5 жылдың аяғында

100000

  1. %/100×7400=2960
  1.  
  1.  

Кәсіпорынның амортизациялық саясаты — мемлекеттің жалпы ғылыми-техникалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Амортизация нормасын бекіту кезінде оның есептелуі мен пайдалануының тәртібі мен мемлекет оны қайта өндірудің, олардың жаңару жылдамдығын реттейді. Мемлекет дүрыс амортизациялық саясатты жүргізген кезде кәсіпорындарға негізгі қорлардың жай және кеңейтілген қайта өңдірісіне амортизациялық аударымдар түріндегі каражатгармен жеткілікті қамтылуына көмектеседі. Негізгі корлардың объектілері бойынша амортизациялық аударым амортизациялық қордың жеке шотында жинақталады. Олар мақсатты түрде негізгі қорларды қаржыландыру көзіне пайдаланылады.

Кәсіпорынның амортизациялық саясаты меншікті қаржы ресурстарының қалыптасуының жалпы саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.

Амортизация нормасы — бұл жылдық амортизациялық аударымдар сомасының процент түріндегі негізгі қорлардың құнына қатынасы:

  Ан(%) = ∑А/НКқұны. Ол мемлекетпен бекітіледі, қарастырылып отырады және олар барлық шаруашылық субъектілерінің әртүрлілігіне қарамастан бірегей болады.

Амортизациялық аударымдардың қазіргі кездегі тәртібі мен өзгерістеріне мыналар жатады:

•      жаңа амортизациялық нормалар, яғни негізгі қорлар дың бұрынғы көптеген түрлерінен ерекшеленетін нормалар енгізу;

•      күрделі жөндеуге арналған амортизациялық аударымдар алынып тасталған, енді кәсіпорындар жөндеудің барлық түрлерін өнімнің өзіндік құны есебінен жүзеге асырылады, ал қажет жағдайда резервтік қор (жөндеу шығыстарына арналған) құруына болады;

•      машиналар,   құрал-жабдықгар,   көлік   құралдарының нормативтік    қызмет    ету    мерзімінің    аяқталуы    бойынша амортизациялық   аударымдар   есептелмейді,   ал   бұрын   аударымдар  негізгі  қорлардың  пайдалану уақытының  барлық кезеңдерінде жүзеге  асырылған. Сондай-ақ, негізгі қорлардың басқа түрлері бойынша (ғимарат, қондырғылар т.б.) амортизациялық есептеу тәртібі сол бұрынғы қалпынша жүргізіледі, яғни   амортизациялық   есеп   олардың   пайдалану   мерзіміне дейін анықталады.

 

Корпорация өнімін өндіруге және өткізуге шығындар және оларды қаржыландыру.

Корпорация шығындарының экономикалық жіктелуі

Өнімді өндіру мен өткізу шығындарының мәні және жіктелуі. Рыноктың экономикаға көшу кезінде кәсіпорындардың экономикалық және құқықтық  жауапкершіліктері артады,  сөйтіп шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығы мен бәсекелестік қабілеттілігінің жоғары болуының маңыздылығы зор көңіл бөлінеді. Сондықтан кәсіпорынның негізгі мақсаты – пайданы максимизациялау, өндірістің тиімділігін көтеру, өзін-өзі қаржыландыруды және өзін-өзі өтеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорын өндіріс процесінде экономикалық мазмұны мен мәні, мақсатына байланысты әр түрлі шығындарды жұмсайды. Олар өнімді өндіру, өткізу шығындары, өндірісті жетілдіру мен кеңейтуге байланысты болатын шығындар. Өнімді өндіру, өткізу шығындары өнімнің өзіндік құнының формасын қабылдайды.

Шығындар дегеніміз - өнімді өндіру, өткізу шығындарының, сауда делдардарының қызметтеріне байланысты шығындардың, басқа да өндірістік емес іс-әрекеттерді қаржыландыруға байланысты болатын шығындар жиынтығының ақшалай формадағы көрінісі.

Шығындарды экономикалық элеметтер арқылы топтастыру барлық шығарылған өнім түрлеріне смета құру үшін, өзіндік құнның төмендеуін жоспарлау үшін, шығындардың құрылымын анықтау үшін, айналыс құралдарын мөлшерлеу үшін қолданылады. Мұның тағы бір ерекшелігі – шығындардың пайда болу орны есепке алынбайды және шығындар экономикалық мазмұны бойынша түрлерге бөлінеді.

Өнеркәсіптің барлық салаларында өнімді өндіру, өткізу шығындары келесідей экономикалық элеметтерге бөлінеді:

  • материалдық шығындар;
  • еңбекақы шығындары;
  • сақтандыру шығындары (әлеуметтік төлемдер);
  • негізгі қорлардың тозу құнын есептеу шығындары (амортизация);
  • басқа да шығындар.

Өндірілген өнімнің бір данасына кеткен шығындарды есептеу барысында экономикалық элеметтер бойынша топталған шығындар қолданылмайды. Өйткені көптеген шығындарды өнімнің түрлеріне жатқызу мүмкін емес. Өнімнің бір данасына кететін шығындарды есептеу барысында шығындарды баптар бойынша топтастыру қолданылады. Шығындарды баптар бойынша топтастыру кезінде шығындардың пайда болу орны мен мақсатты жұмсалуына байланысты түрлерге бөлу қолданылады.

Жеке өндірілген өнім түрлерінің өзіндік құнға жатқызу тәсіліне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей шығындар дегеніміз – жеке өнімдер түрін өндірген кезде өндірілген өнімнің өзіндік құнына бөгетсіз, тікелей жатқызылатын шығындар. Мысалы, шикізаттар мен негізгі материалдар, тағы сол сияқтылар.

Жанама шығындар – жеке бір өнімнің шығындарына жатқызылмайды, өйткені олар кәсіпорынның жалпы іс-әрекетімен байланысты болады. Барлық өндірілген өнім арасына шартты түрде пропорционалды бөлінеді. Мысалы, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.

Сурет 1. Шығындардың жіктелуі

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесіне байланысты шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар өндіріс процесімен тікелей байланысты, ал  үстеме шығындар өндірісті басқарумен байланысты.

Өндіріс көлемінің өзгеруіне қатысты тәуелділігіне байланысты шығындар пропорционалды және пропорционалды емес болып бөлінеді.

Пропорционалды шығындар қатарына өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты өсетін шығындарды жатқызамыз. Мысалы, шикізат, негізгі материалдар, отын шығындары, технологиялық мақсатта қолданылатын энергия, тағы басқа да шығындар.

Пропорционалды емес шығындар өндіріс көлемі азайған немесе көбейген кезде айтарлықтай өзгермейтін шығындар. Мысалы, жарықтандыру, отын шығындары, құрылыстар мен ғимараттардың тозу құны т.б.

Шығынға жатқызылу уақтысына байланысты ағымдағы, болашақ кезеңнің шығындары және алдағы шығындар.

Ағымдағы шығындар дегеніміз – есептік кезеңде пайда болатын және сол есептік кезеңде өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар. Болашақ кезеңнің шығындары есептік кезеңде пайда болады, бірақ өндірілген өнімнің өзіндік құнына біртіндеп келесі кезеңдерге жатқызылады. Алдағы кезеңнің шығындары өндірілген өнімнің ағымдағы шығындарына жатқызылады, бірақ сол шығындардың өздері кейінірек пайда болады. Мұндай әдістің негізгі себебі шығындарды өзіндік құнға бірқалыпты жіберу болып табылады. Мысалы, жұмысшылардың демалыстарын төлеуге арналған резервтер, құрылғыларға жөндеу жүргізуге байланысты резервтер, тағы басқалары.

Шығындардың біртектілік дәрежесіне байланысты элементтік және кешендік болып бөлінеді.

Кешендік шығындар дегеніміз – көп элементті  баптардан тұратын шығындарды айтамыз. Мұнда өндірістік, шаруашылық,  коммерциялық және басқа да шығындар қамтылады. Шығындарды осындай тәсілмен бөлу өнімнің жаңа түрлерінің өзіндік құнын есептеу кезінде пайдаланылады.

Шығындардың өндіріс іс-әрекетіне тиістілігі. Бұл қағида бойынша, өндірістің барлық шығындары кәсіпорын мүддесіне жасаса, бірақ бұл шығын басқа мекемеге тән болса, онда бұл шығындар осы кәсіпорынның өзіндік құнына жатқызу тиіс емес.

Шығындар ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Мұндай бөлу өнімнің өзіндік құнын анықтаудағы алғы шарттардың бірі болып табылады.

Шағандарды өзіндік құнға жатқызудың төлем факторінен тәуелсіздігі. Бұл қағидаға сәйкес, өткізілген өнім үшін келген төлемнің түсу уақытысына қарамастан, өнімді өндіру мен өткізу шығындарын өзіндік құнға пайда болған уақытында жатқызу керек.

Басқаша айтқанда, өнімнің өзіндік құнын есептеген кезде төлем факторына қарағанда тауар факторының маңызы зор.

 

Корпорация табыстары және оның жіктелуі

Корпорация рентабельдігі, оның түрлері мен көрсеткіштерін анықтау.

Корпорация табыстары және оның жіктелуі

Корпорация табыстары алыну шарту мен сипатына байланысты келесі түрлерге жіктеледі:

  1. Қарапайым негізгі қызмет түрінен табыс;
  2. Басқа да түсімдер, атап айтсақ:

а) операциялық табыстар;

б) сатудан тыс табыстар;

в) төтенше табыстар.

Қарапайым негізгі қызмет түрінен табысқа өнімді сатудан түскен табыстар жатады.

Операциялық табысқа жататындар:

  • Корпорация активтерін уақытша пайдалануға байланысты түсімдер;
  • Интеллектуалды меншік, патенттерге байланысты түсімдер;
  • Бірлескен қызмет нәтижесінде корпорацияның алған табысы;
  • Негізгі құралдар мен басқа да активтерді сатудан түскен табыс;
  • Корпорацияның ақшалай қаражатын пайдаланған үшін пайыздық түсімдер.

Сатудан тыс табыстарға жататындар:

  • Айыппұл, пеня, келісім-шартты бұзған үшін компенсация (неустойка);
  • Сыйға немесе тегін алынған активтер;
  • Корпорацияға зиян келтіргені үшін төлемдер;
  • Есепті жылы анықталған, өткен жылғы табыстар;
  • Кредиторлық және депоненттік қарыз соммалары;
  • Курстық айырмашылықтар;
  • Мемлекеттік субсидиялар;
  • Басқа да сатудан тыс түсімдер.

Корпорацияның шаруашылық қызметінің төтенше жағдайларынан туындайтын түсімдер,төтенше табыстар тобына кіреді, атап айтсақ:

- табиғи апаттардан;

- Өрттен;

- Авариядан;

- ұлттандыру және тағы басқа кризисті жағдайлардан;

- сақтандыру төлемдері, жарамсыз материалдық құндылықтардың құны т.б.

Корпорация рентабельдігі, оның түрлері мен көрсеткіштерін анықтау

Рентабельділік өндіріс тиімділігін және корпорацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Рентабельділік -неміс тілінен «табысты», «пайдалы» деген ұғымды береді. Рентабельділік кәсіпорындардың өндірістегі экономикалық тиімділік көрсеткіші болып, жалпы алғанда материалды еңбек пен ақша ресурстарының қолданылуын көрсетеді.

Корпорация рентабельділігінің және табыстылығының деңгейіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Сыртқы факторларға ұжымның жұмысына тәуелсіз, яғни шикізатқа, өнімге бағаның өзгеруі, тасымалдау тарифтерінің, амортизация нормаларының өзгеруі және т.б. жатады. Корпорацияларда келесі рентабельділік көрсеткіштері пайдаланылады:

  1. Өндіріс рентабельдігі – пайданың өндірістік қорлармен байланысын көрсетеді. Ол жалпы және есепті болып бөлінеді.

Жалпы рентабельділік баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым құралдарының орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады: Рж =Пб/Қн + Қайн ×  100 (%).

Есепті рентабельділік есепті пайданың негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнынан төлемнен босатылған бөлігін Қт алып тастап және мөлшерленетін айналым құралдарына қатынасымен анықталады:

  • Пе/Қн - )т + Қайн ×  100 (%).
  1. Өнім рентабельдігі- өнімнің сату көлемінен түскен пайданың толық өзіндік құнға қатынасымен анықталады:
  2. П/ӨҚ  × 100 (%).
  3. Корпорация рентабельдігі – корпорация табысының корпорация активтерінің соммасына қатынасы.

Рентабельділіктің жеке көрсеткіштері:

  • Акционерлік меншікті капитал рентабельдігі;
  • Материалды активтер рентабельдігі;
  • Инвестициялық капитал рентабельдігі.

 

2. Корпорацияның меншікті капиталы

 

2.1. Корпорация қызметіндегі меншікті капиталдың рөлі: корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы.

Кәсiпорын қаржысын басқару қаржы механизмi арқылы жүзеге асады.

Кәсiпорынның қаржы механизмi дегенiмiз – кәсiпорын қаржысын жүйелi басқару барынша көп мақсатты табыс табу.

Қаржы басқару жүйесi өзiне: қаржы әдiстерiн қаржы құралдарын құқықпен қамтамасыз етiлiп, қаржы басқарудыжүйелi мәлiметтермен хабардар етедi. Қаржылық әдiстерге: қаржысын жоспарлау, қаржысын есептеу, қаржыны талдау және қаржыны тексеру жатады.

Қаржылық құралдар өзiне алғашқы құрамдар, дебиторлық немесе кредиторлық қарыздар мен несиенi, акциялармен қоса өндiрiстiк құралдарды яғни қаржы опциондары фьючерстерi мен фарвапдтары проценттiк және валюталық своптарды жатқызады.

Қаражат активi ол ақшалай қаржы, ақша қаражатын алуға келiсiмшартта не басқа кәсiпорынның қаржы активiнде, шартты түрде қаржы құралдарын басқа кәсiпорынның капиталдық құралымен айырбастауға құқығы бар.

Қаржы мiндеттемесi – бұл кез-келген келiсiм шартты болып табылатын мiндеттеме, ол: ақша қаржысын беруге немесе басқа қаржы активiнде қаржы құралын басқа кәсiпорынмен потенциалды тиiмсiз жағдайға да айырбасталынады.

Қаржы құралдарындағы операциялар әркезде қаржы тәуекелiмен жүредi. Ақпаратпен қамтамасыз ету қаржы есебiнiң мәлiметтерiн пайдаланушыларға қаржы құралдарының тәуекел дәрежесiн бағалауға мүмкiндiк бередi.

Кәсiпорын қаржы басқармасы өзiне мәлiметтердi жинай және оны талдауды, қаржыны жаспарлауды әрi болжамда жүзеге асыруды жатқызады, бұлардың сапасы тiкелей ақша ағымын басқарудағы нәтижесiне, кәсiпорын қаржысының тұрақтылығына да яғни оның бәсекелестiк қабiлеттiлiгiне қаржы қорын жинақтауына әсер етедi.

  Кәсiпорынның ақша қорларының қалыптасуы кәсiпорын құрылған сәттен басталады. Кәсiпорын заңға сәйкес өз жарғылық қорын құрады.

2.2. Жарғылық капитал - корпорацияның меншікті қаражаттарының негізгі алғашқы көзі.

Жарғылық қор – кәсiпорынның алғашқы негiзгi өзiндiк қаражат көзi б.т. Ол негiзгi және айналым капиталдарынан қалыптасады. Олар өз кезегiнде негiзгi өндiрiстiк қорды, материалдық емес активтердi, айналым қорларын иеленуге жұмсалады.

  Кәсiпорынның ақша қорларының қатарына үстеме капитал жатады. Ол негiзгi қорды қайта бағалау нәтижесiнде мүлiк құнының өсiмiне эммисиялық түсiмдердiң (акцияның сатылу бағасының номиналды бағасынан асуы) өндiрiстiк мақсатқа қайтарымсыз берiлген ақшалай және материалдық құндылықтар есебiмен құралады. Бұл капиталды түпкiлiктi қайта бағалау кезiнде мүлiк бағасының төмендеген соммасының орнын толтыруға басқа кәсiпорындар мен тұлғаларға қайтарымсыз беру салдарынан п.б. шығынды өтеуге есептi кезеңдегi кәсiпорын қызметiнiң нәтижесi бойынша болған шығындарды табуға пайдаланылады.

Кәсiпкерлiк қызмет нәтижесiнде кәсiпорындар табысы:

  • өндiрiстiк тауарды өткiзуден түсетiн табыс
  • жұмысты орындау мен қызмет көрсетуден түсетiн табыс
  • мүлiктi пайдалануға беруден түсетiн табыс болып жіктеледі.

Бұл табыстар сатудан түскен түсiм ретiнде қабылданады және егер кәсiпорын өз өнiмiн экспорттайтын болса, онда ол оның есеп айрысу және валюта шотына түседi. Түсiм – ең алдымен кәсiпорынның шығынның орнын толтыру көзi б.т. Сонымен бiрге мұнда шығынның тағы бiр бөлiгi кiргiзiледi. Ол экономикалық қызметтiң iске асуы. Бұл тiкелей өнiм өндiру мен немесе өнiмдi өткiзумен байланысты емес, бiрақ табыс табумен байланысты. Бұл шығындар өнiмнiң өзiндiк құнына кiргiзiледi. Түсiмнiң әрi қарай бөлiнуi амортизациялық қордың қалыптасуымен байланысты. Амортизациялық қор өзiнiң экономикалық пайда болуында қарапайым ұдайы өндiрiстiң негiзгi қорларын қаржыландыруға бағытталған.

 

3. Корпорацияның қаржылық қорлары (жинақ қоры, тұтыну қоры, компанияның резервтік қоры), кұрылу көздері мен пайдалану бағыттары.

 

Кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң нәтижесi мен соңғы мақсаты табыс болып табылады. Салық төленгеннен кейiн кәсiпорының қарамағында қалған табыстан резервтiк капитал, жинақтау қоры мен тұтыну қорлары қалыптасады.

Резервтiк капитал – бұл кәсiпорынның ақша қоры. Оның қалыптасу көзi болып кәсiпорынның өз меншiгiндегi қалған табыс б.т. Ол есеп жылындағы нақты мақсаттарға табыстың жетiспеуiмен яғни есептi жылдың шығындарын жабуға, төлеуге жұмсалады.

Бұл резервтiк капиталдың болуы Кәсiпорынның қаржы жағдайының тұрақсыздығын қамтамасыз етедi. Резервтiк қордың ақшалай қаражатының түрiне сондай-ақ құнды қағаздардың құнсыздануына салынған резервтер, қайта сатып алу қоры, кейiнге қалдырылған қор және т.б. Ол акционерлiк қоғамда акцияны сатып алу және облигацияны өтеу үшiн құрылады.

Жинақтау қоры - өндiрiстiң дамуына арналған ақша қаражаттары. Бұл қор кәсiпорын мүлкiн кеңейту мақсатында негiзгi өндiрiстi дамытуға, сондай-ақ табыс алу үшiн қаржылық салымдарды салу және пайдаланумен байланысты.

Тұтыну қоры - әлеуметтiк қажеттiлiктерге өндiрiстiк емес салаларды қаржыландыруға, марапаттауларға, компенсация түрiндегi төлемдерге және т.б. мақсаттарға бағытталған ақша қаражаттары.

Валюта қоры - өз өнiмiн экспортқа шығаратын және валюталық түсiмдi алатын кәсiпорындарда қалыптасады.

Кәсiпорынның қаржы ресурсы – бұл өзiндiк ақша табыстарының жиынтығы және сырттан түскен түсiмдер. Олар кәсiпорынның қаржылық мiндеттемесiн орындауға, өндiрiстi кеңейтуге байланысты шыққан шығындар мен ағымдық шығындарды қаржыландыруға арналған.

Капитал - айналымның аяқталуы бойынша табыс әкелетiн және өндiрiске салынған қаржы ресурстарының бiр бөлiгi. Басқаша сөзбен айтқанда, капитал қаржы ресурсына айналған формасы ретiнде болады.

Кәсiпорынның қаржы ресурсы өзiгнiң пайда болуында өзiндiк және әр түрлi жағдайда тартылған болып бөлiнедi.

Өзiндiк қаржы ресурсы құрамына табыс және амортизациялық аударымдар кiредi. Бұл жерде ескеретiн жағдай кәсiпорын табысының бәрi толық кәсiпорынның өз меншiгiнде қалмайды. Оның бiр бөлiгi салық және басқа да төлемдер түрiнде бюджетке түседi. Ал одан қалған кәсiпорын меншiгiндегi табыс басқарушы органдарының шешiмiмен жинақтау және тұтыну мақсаттарына бөлiнедi. Жинақтауға бағытталған табыс өндiрiстiң дамуына және кәсiпорын мүлкiн арттыруына пайдаланады. Тұтынуға бағытталған табыс әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн пайдаланылады.

Амортизациялық аударымдар дегенiмiз – негiзгi өндiрiстiк құралдардың және материалдық емес активтердiң тозуының ақшалай құнын көрсетедi. Ол екi жақты сипаттамаға не болады. Себебi ол өнiмнiң өзiндiк құнына кiредi және өнiмдi өткiзуден түскен түсiм кәсiпорынның есеп айрысу шотында жай немесе кеңейтiлген ұдайы өндiрiстiң қаржыландыру көзiне айналады.

Тартылған немесе сыртқы қаржы ресурстарының қалыптасу көзi өзiндiк заемдық және бюджеттен бөлiнетiн қаржы түрiнде болады. Бұл бөлу капитал салық формасымен қамтамасыз етiледi. Егер сыртқы инвесторлар ақша қаражатын кәсiпкерлiк капитал түрiнде салған болса, онда бұл салым тартылған, өзiндiк қаржы ресурсы болып табылады.

Кәсiпкерлiк капитал – бұл табыс алу немесе кәсiпорынды басқаруға қатысу мақсатында кәсiпорынның жарғылық капиталына салынған капитал.

Ссудалық капитал – кәсiпорынның банктiк несие түрiнде жеке басқа кәсiпорындардан вексель, облигация, займ түрiнде уақытша пайдалануға түрлi мерзiмде берiлетiн, төленетiн немесе қайтарылатын капитал.

Бюджеттен бөлiнетiн қаржы – қайтарылатын және қайтарылмайтын негiзде болуы мүмкiн. Бұл қаржы негiзiнен мемлекеттiк тапсырыстарды қаржыландыруға инвестициялық бағдарламаларды немесе өнiмдi өндiруде жапы мемлекеттiк маңызы бар кәсiпорындарды мемлекет тарапынан қысқа мерзiмде қолдау жасауда қолданылады.

Кәсiпорын қаржы ресурсын өндiрiстiк және инвестициялық қызмет процесiнде пайдаланылады. Олар үнемi ұдайы қозғалыста болады және тек ақшалай қалдық ретiнде есеп шотқа немесе кәсiпорын кассасына түседi. Кәсiпорын өзiнiң қаржы тұрақтылығын және нарық шаруашылығындағы орнықтылығын қамтамасыз ете отырып өзiнiң қаржы ресурсын белгілі-бір уақыт iшiнде және қызмет түрлерiне байланысты бөледi. Бұл процестердiң шиеленiсуi оның қаржылық жұмысының қиындауына тәжiрибеде арнайы қаржы құралдарының пайдалануына әкеледi.

 

4. Корпорация капиталының құны мен құрамы.

 

4.1.  Капитал құны түсінігі мен түрлері

Капитал құны – корпорацияны бағалауға, оның қаржылық іс-әрекетін реттеуге және болжауға мүмкіндік беретін, корпорация қызметінің барлық түрлерін қаржыландыру үшін капиталды тартуда басшылыққа алатын, қаржы менеджментінің негізгі түсініктерінің бірі.Капитал құны корпорациялардың түрлі қаржы көздерінен тартылатын жалпы көлемінің бағасын білдіреді. Ол корпоративтік қаржылардың ағымдағы және инвестициялық шығындарының деңгейіне байланысты болады.

Капитал құнының ағымдағы, шекті және мақсатты түрлерін ажыратады.

Капиталдың  ағымдағы құны – капиталдың маңызды құрылымын сипаттайды және ол баланстық бағада, әрі нарықтық бағада да көрінуі мүмкін. Әрбір тәсілдің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Баланстық бағалаудың негізгі кемшілігі, ол капиталдың нақты құнының және оның мөлшерінің, әсіресе қосымша төленген капитал мен барлық меншікті капитал құнының бұрмалануы болып табылады.

Нарықтық бағасы – анағұрлым дәл болып келеді, себебі нарықта өз бағалы қағаздарын сату кезінде корпорацияның алатын нақты табысын анықтайды. 2003 жылғы 13 мамырдағы №415 «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-сы Заңына сай өз акционерлерінен корпорацияның акцияларды сатып алуы нарықтық құны бойынша жүргізіледі.

Әдетте капитал құны қаржыландырудың қайнар көзін анықтаудағы шешім қабылдау критериі ретінде көрінеді, сондықтанда капиталдың болашақ құрылымын және қосымша қаражаттарды тартумен  байланысты шығындарды ескеру қажет.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру инвестициялардан түскен болашақ табыстар осы қаржыландырумен болған шығындарды қаншалықты орнын толтыратынына байланысты болады.Бұл сұрақ кредиторларды да , өз акциялары бағаларының жоғарлауы мен тұрақты дивиденд алуға мүдделі акционерлерді де толғандырады. Сәйкесінше, мұнда капитал құны корпорацияның болашақта пайдаланатын қаржыландыру формасының шекті мөлшерлемесі ретінде көрінеді.

Капиталдың мақсаттты құны – қарыздық және меншікті қаражаттардың қажетті қатынасын сипаттайды.Корпорация қаржы тетігінің эффектісін пайдалана отырып, қосымша заемдық қаржыландыруға ұмтылады. Қаржы тетігі – бұл қарызды жабу бойынша корпорацияның қаржылық шығындарының тұрақты шамасымен байланысты болатын табыстың тербелістері бойынша тәуекел деңгейін бағалау болып табылады:

Қаржы тетігі=(P-a)×X-F/(P-a)×X-F-l , мұндағы І –барлық заемдық қаражаттар бойынша төленетін пайыздардың соммасы;

Р-өнім бағасы;

а-өнім бағасындағы шекті шығындар;

Х-сатылған өнімдердің саны;

Ғ- тұрақты шығындар.

Нақты мәселеге қатысты корпорация капиталдың жекелеген элементтерінің белгілі – бір қатынасын ескеруі қажет.Жалпы капитал құнының есебі орташа еселенген шама әдісі WACC бойынша жүргізіледі:

                 n

WACC=∑qi × ki,

                I=1

Мұндағы, qi-қаржыландырудың жалпы соммасындағы і-ші қайнар көзінің үлесі; ki- і-ші қайнар көзінің бағасы, %

4.2. Меншікті капитал бағасы

Меншікті капитал бағасы жалпы алғанда жіберілген пайда позициясы есебінен қарастырылады, мұнда оның жекелеген құраушыларының құрылу ерекшеліктерін ескеру қажет.

Ең қиын мәселе акционерлік капиталдың бағасын анықтау болып табылады, себебі қарапайым акцияларды алуда оның иесі, таза табысты бөлушілер арасында, табыс алуды тіркелген табысты бағалы қағаздар иелерінен кейін ең соңғы кезекке қояды. Өз тәуекелін акционер акциялар бойынша қатысты табыс деңгейі арқылы толтырады. Сондықтан акция бағасын анықтау әдістері екі бағыт бойынша жүреді:

  • Акция бойынша табыстылықтың ағымдағы деңгейін болжау;
  • Сол корпорацияға салынған салымдармен байланысты тәуекелді бағалау.

Сонымен, акцияның нарықтық бағасын анықтаудың үш негізгі әдісі бар:

  • Дивидендтер әдісі;
  • Табыстар әдісі;
  • САРМ моделі негізінде тәуекелді бағалау.

Дивидендтер әдісі акционерлердің алатын табысын бағалаудың ең бір жақындатылған нұсқасы болып табылады. Оның негізінде М.Гордон моделі жатыр.

Какц= D/P + d, мұндағы D-акцияға болжанған дивиденд; d- дивидендтің күтілетін өсу қарқыны; Р-акцияның номиналдық құны.

Табыстар әдісі коэффициенттерді есептеу негізінде құрылады, яғни акцияның нарықтық бағасының қатынасы (Р) және акцияға шағылған табыс (ЕРS)

Болашақ табыстың шамаланған бағасы:

Какц =EPS/P, мұндағы ЕРS-акцияның болжанған табысы. Бұл екі әдісте акцияның нарықтық бағасын дәлме-дәл көрсете алмайды.

Тәуекелді бағалаудың дәлірек әдісі капитал салымдарын бағалау моделі САРМ болып табылады.Ол келесі көрсеткіштердің есебінен құралады:

  • Rf- әдетте мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылығына, яғни Ұлттық банктің мөлшерлемесіне сай тәуекелсіз мөлшерлеме;
  • Rm – орташа нарықтық табыс, яғни қор нарығындағы барлық акциялар бойынша табыстың орташа мөлшерлемесі;
  • Β- бета коэффициент-жүйелік тәуекелдің көрсеткіші.Ол бағалы қағаздар нарығындағы көрсеткіштердің тербелісімен сипатталады, яғни икемділік коэффициенті

 

5.  Капиталдың оптималды құрылымын анықтау

 

Капиталдың оптималды құрылымын анықтау корпоративті қаржыларды басқарудың күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.Капитал құрылымын оптимизациялау әдісін ұсынушылардың бірі профессор И.А.Бланктың айтуынша, бұл жердегі аса өзекті мәселе меншікті капитал мен қарыз капиталдарының ара салмағын анықтау арқылы олардың тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл процесс корпорация үшін мынадай іс-шараларды атқаруды қарастырады:

  1. Капитал құрамын талдау (тоқсан, жыл, бірнеше жылдар), оның құрылымының өзгеруін анықтау.Қаржылық тәуелсіздік, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелердің арасалмағын, қарыздардың деңгейін, меншікті капитал мен активтердің рентабельдігі және олардың айналымдағы жылдамдығын жеделдету т.б. зор көңіл бөлу қажет.
  2. Капитал құрылымына әсер етуші факторларды бағалау.

Қандай да бір корпорацияның капиталының оптималды құрылымы көптеген факторларға тәуелді болады.Оған  жататындар:

  • табыс өсімінің көрсеткіштері;
  • бәсекелік орта;
  • активтердің айналымдылық көрсеткіштері;
  • іскерлік тәуекел;
  • кредиторлармен қарым – қатынас және т.б.

Капитал құрылымы теориясын негізін қалаушылар Франко Модельяни және Мертон Миллер өз жұмыстарында, яғни капиталдың идеалды нарығы жағдайындағы қаржыландырудың қайнар көзі мен құрылымының капиталдың жалпы құнының тәуелсіздігі туралы тұжырымға келді.Өз зерттеулерінде олар неғұрлым акционерлер табысына салық көп болған сайын ,соғұрлым заемдық қаржыландыру тиімді екенін (және керісінше) көрсетті.Олардың ойына қарсы пікірлер де қалыптаса бастады,мысалы банкроттылық эффектісі- заемдық қаржыландыру үлесінің өсуі кредиторлардың талап ететін тәуекелі үшін қосымша кепілдемелері мен сыйақысы шығындарын өсіріп қаржылық дағдарысқа әкелуі мүмкін.

         Корпорациялар үнемі заемдық қаражаттар алуға емес, басқа қайнар көздер арқылы капиталды өсіруге мүдделі екенін АҚШ мемлекеттік университетінің профессоры Г.Дональдсон көрсетті.Оның айтуынша:

  • корпорациялар бөлінбеген табыс пен амортизациялық төлемдер есебінен қаржыландырғысы келеді;
  • корпорациялар меншікті қаражаттар жетіспеушілігі жағдайында тек шеткі жағдайда ғана акцияларды шығара бастайды, олар ең алдымен корпорацияның бағалы қағаздарын  сату арқылы мәселені шешкісі келеді, ал содан соң ғана банк несиелері мен қарыз міндеттемелерін пайдаланады.

 

6. Корпорацияны қаржылық жоспарлау

 

6.1.Қаржылық жоспарлау мәні мен мазмұны

Жоспарлау- бұл стратегиялық жоспарлау мен маркетингтік жоспарлаудан тұратын кәсіпорынның пайдасы мен өткізу нарығының өсуіне бағытталған ресми процедура.

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау шаруашылық қызметін жоспарлаумен тығыз байланысты және өндірістік жоспар көрсеткіштері (өндіріс, сату көлемі, өндірістік шығындар сметасы, капитал салымдарының жоспары және т.б.) негізінде құрылады.Жоспарлау басқару персоналына келесі сұрақтарға жауап беруге жәрдемдеседі:

  • Корпорация дамудың қандай деңгейінде және оның экономикалық потенциалы мен қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері қандай болады?
  • Қандай ресурстардың көмегімен оларға жетуге болады?

Нарық жағдайында кәсіпорынның қаржылық жоспарлауының негізі бизнес-жоспар болып табылады.

Кәсіпорының баланс құрылымын талдау және бағалау ағымдағы өтімділік коэффициенті мен меншікті қаражаттармен қамтамасыз ету коэффициенттері негізінде жүргізіледі.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті – шаруашылық қызметті жүргізу үшін кәсіпорынның айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің айналым қаражаттарына қатынасымен анықталады.

Меншікті қаражаттармен қамтамасыз ету коэффициенттері кәсіпорынның қаржы тұрақтылығына қажетті меншікті айналым қаражаттарының болуын сипаттайды.Бұл коэффициент кәсіпорынның меншікті қаражаттарының оның айналым қаражаттарының нақты құнына қатынасымен анықталады.

Қаржылық жоспар - бұл корпорацияның ағымдағы және ұзақ мерзімдегі ақшалай қаражаттардың түсімі мен шығыстарын көрсететін жалпы жоспарлы құжат. Қаржылық жоспар операциялық және капиталды бюджет құруды, сонымен қатар екі-үш жылға қаржылық ресурстардың болжамын енгізеді.

Бюджет – бұл әдетте бір жылға құралған корпорацияның операция-лық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша қаражаттардың түсімдері мен шығыстарын көрсететін оперативті        қаржылық жоспар.

6.2. Қаржылық жоспарлау әдістері.

Қаржылық жоспарлау әдістері – бұл жоспарлық есептердің нақты жолдары мен тәсілдері.Қаржылық көрсеткіштерді жоспарлау келесі әдістердің көмегімен жүзеге асады:

  • Есепті-аналитикалық;
  • Нормативті;
  • Баланстық;
  • Жоспарлы шешімдердің оптимизациясы;
  • Экономика-математикалық модельдеу.

Жоспарлаудың есепті-алалитикалық әдісінің мазмұны – бұл жүзеге асырылған қаржылық көрсеткіштердің көлемін талдау негізінде олардың болашақ периодтағы шамасын болжау болып табылады.Мұнда экспертті бағалау әдісі жиі қолданылады.

Қаржылық көрсеткіштерді жоспарлаудың нормативті әдісінің мазмұны – ол алдын-ала орнатылған нормалар мен нормативтер негізінде корпорацияның қаржы ресурстары мен олардың құрылуының қайнар көздеріне қажеттілігі анықталады.Ондай нормативтерге салықтар мен алымдардың мөлшерлемелері, мемлекеттік әлеуметтік қорларға төлем тарифтері, амортизациялық төлемдер нормалары, банк пайызының есепті мөлшерлемесі және т.б. жатады.Қаржылық жоспарлауда нормалар мен нормативтердің жалпы жүйесі пайдаланылады:

  • Республикалық;
  • Аймақтық;
  • Жергілікті;
  • Салалық;
  • Корпорацияның өзінің нормативтері.

 Қаржылық көрсеткіштерді жоспарлаудың баланстық әдісінің мазмұны – ол баланстың көмегімен қолда бар қаржылық ресурстар мен оларға деген нақты қажеттілік байланысы жүзеге асырылады.Балансты әдіс қаржы қорларына түсімдер мен төлемдерді, табыс пен шығыстың кварталды жоспары, төлем календарын болжау кезінде пайдаланылады.

Жоспарлы шешімдердің оптимизациясының мазмұны – ол жоспарлы есептердің бірнеше нұсқасын жасау үшін және олардың ішінен ең оптималдысын таңдау үшін жасалады.

Экономика-математикалық модельдеудің мазмұны – ол қаржылық көрсеткіштер мен оларға әсер етуші факторлар арасындағы байланысты сандық анықтау үшін жасалады.Ол байланыс функционалды немесе коррелляциялық негізде болуы мүмкін. Экономика-математикалық модельдеу қаржылық көрсеткіштердің орташа шамаларынан табыстың көп нұсқалы есебіне көшуге мүмкіндік береді.

Табыс пен шығындардардың шахматтық балансы тігінен шығындарды(қаржылардың бағытталуын), ал көлденеңінен-оны жабудың қайнар көздерінен (табыстарынан) құрылады.Мысалыға шаруашылық субьектінің бір жылдағы табыс пен шығындар балансы деректері негізінде қаржылық жоспардың шахматтық таблицасын көрсетейік:

 

Шаруашылық субьектінің бір жылдағы табыс пен шығындардың шахматтық балансы (мың теңге)

 

Табыстар

 

 

шығындар

табыс

Амортизациялық төлемдер

Ремонтты қорға төлемдер

Кредиторлық табыстың өсімі

несие

барлығы

1

2

3

4

5

6

 

Салықтар

170

 

 

 

 

170

Ремонтты қор

 

 

20

 

 

20

Қорлану қоры

155

40

 

5

100

300

Тұтыну қоры

66

 

 

 

 

66

Несиені жабу

5

 

 

 

 

5

Резервтік қор

4

 

 

 

 

4

барлығы

400

40

20

5

100

565

 

Шахматтық кесте тігінен және көлденеңінен қорытынды графаларды толтырумен басаталады. Сосын шығындарды жабатын қайнар көздерінің графалары толтырылады.

Мұнда басшылыққа мыналарды алады.Ремонттық қордың құрылуының қайнар көзі табыстан бөлінетін оған төлемдер болып табылады.

Табыс салықтардың, қорлану, тұтыну және резервтік қорлардың құрылуының және несиені жабудың қайнар көзі болып табылады.Қаржылық жоспардың шахматтық кестесін құру кезінде кредиторлық қарыздың өсімі айналым қаражаттарының өсімін қаржыландырудың көзі ретінде көрінеді.Кредиторлық қарыздың өсімі-бұл шаруашылық субьектінің қаржыларының (табсының) өсімі, ал кредиторлық қарыздың төмендеуі-бұл шығындардың өсімі болып табылады.

 

7.  Корпорацияның каржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары.

 

  1. Корпорацияның қаржылық жағдайы қаражаттардың орналасуы мен пайдалануымен, яғни активтердің және олардың құрылуының қайнар көздерімен сипатталады.Бұл мәліметтер корпорацияның бухгалтерлік балансында келтірілген.

Қаржылық жағдайды анықтайтын негізгі факторларға мыналар жатады:

  • Қаржылық жоспардың орындалуы және табыс есебінен өзіндік айналмалы капиталдың қажеттілігінің тууына байланысты олардың толықтырылуы;
  • Айналым қаражаттарының, яғни активтердің  айналым жылдамдығы.

Мұндағы негізгі көрсеткіштерге төлемқабілеттілік, қаржылық тұрақтылық және корпорацияның баланс өтімділігі жатады.

Ең алдымен төлемқабілеттіліктен бастайық. Төлемқабілеттілік дегеніміз-бұл шаруашылық келісімшарттарға сай жабдықтаушылардың төлем талаптарын уақытылы қанағаттандыру, несиелерді қайтару, жұмысшыларға еңбек ақы төлеу, бюджетке төлемдер төлеу және т.б. қабілеттігі.

Төлемқабілеттілікті мерзімі жеткен кезде ұзақ мерзімді қарыздарды кәсіпорынның жабу қабілеттігін анықтау үшін бағалайды.

Кәсіпорынның төлемқабілеттігін бағалаудың 9 тәсілін келтірейік:

  1. Ұзақ мерзімді қарыздың акционерлік капиталға қатынасы.Оның жоғарғы қатысты көрсеткіші төлемқабілетсіздік тәуекелін көрсетеді.
  2. Операциялардан түскен қолма-қол қаражаттардың ұзақ мерзімді қарыздарға қатынасы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаражат жеткіліктігін бағалауға жәрдемдеседі.
  3. Пайыз және салық төлегенге дейінгі таза пайданың несие бойынша төленген пайыздарға қатынасы. Осы көрсекіш арқылы кәсіпорын қанша рет несие бойынша пайыздарды өзіне зиян келтірмейтіндей төлей алатындығын көрсетеді.
  4. Операциялардан түскен қолма-қол қаражаттардың несие бойынша пайыздарға қатынасы.Ол кәсіпорында несиелерді төлеу үшін қанша қолма-қол ақшалардың бар екенін көрсетеді.
  5. Салық төлегенге дейінгі таза пайданың тұрақты шығындарға қатынасы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның тұрақты шығындарды төлеу қабілетін көрсетеді.
  6. Операциялардан түскен қолма-қол қаражаттардың тұрақты шығындарға қатынасы. Бұл көрсеткіш төлемқабілеттіліктің индикаторы болып табылады.
  7. Тұрақты активтердің ұзақ және орта мерзімді қарыздарға қатынасы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның алған несиесіне жоғары қорғалғандығын көрсетеді.
  8. Бөлінбеген пайданың активтердің жалпы соммасына қатынасы. Бұл көрсеткіш белгілі – бір мерзімде кәсіпорынның пайдалылығын көрсетеді.
  9. Кәсіпорынның ликвидациялық(жойылу) құны орнатылады, ол оның төлемқабілеттігін анықтау үшін қажет.Оған мыналар жатады:қолма-қол ақшалар, оңай сатылатын бағалы қағаздар мен тауарлы-материалды құндылықтар,  болашақ кезеңнің шығындарының жалпы соммасынан 70 % және қалған активтерден ағымдағы және ұзақ мерзімді қарыздарды шегеріп тастағаннан кейінгі құнынан 50% дебиторлар шоттары.

7.2.Корпорацияның қаржылық тұрықтылығы

Корпорацияның қаржылық жағдайын және оның тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіш ретінде меншікті қаржыландыру көздерімен материалды айналым қаражаттарының қамтамасыз етілуі болып табылады.Ол меншікті айналым капиталының соммасының материалды айналым қорларының соммасымен салыстыру арқылы орнатылады.Материалды  айналым қорларын құру үшін қаражаткөздерінің  көп болуы немесе жеткіліксіздігі корпорацияның қаржы тұрақтылығын бағалаудың маңызды критериі болып табылады.

Қаржы тұрақтылығы абсолютті, қалыпты, тұрақсыз қалыпты, тұрақсыз қалыпсыз бола алады.

Төлем қарыздарының жалпы соммасы банк ссудалары бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар, жабдықтаушылардың есеп құжаттары бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар, бюджетке қарыздар, еңбек ақы бойынша және т.б. төлемқарыздарынан құралады.

Қаржы тұрақтылығы корпорация қызметінің қарыз капиталына тәуелділігінің тәуекел деңгейін көрсеттеді.Бағалау коэффициенттері ретінде келесілер жатқызылады:

Қаржыландыру коэффициенті=меншікті қаражаттар / қарыз қаражаттары

Автономия коэффициенті= меншікті қаражаттар / барлық активтер

Меншікті қаражаттардың іскерлік (маневрлік) коэффициенті = меншікті айналым қаражаттар / меншікті қаражаттары

Меншікті айналым қаражаттарының пайдалану тиімділігін бағалау үшін айналым коэффициенттері қолданылады:

  1. Дебиторлық қарыздың айналымдылығы = өткізу / дебиторлық қарыз
  2. Таза активтердің айналымдылығы = өткізу / таза активтер
  3. Активтердің айналымдылығы = өткізу / активтер
  4. Кредиторлық қарыздың айналымдылығы = өзіндік құн / кредиторлық қарыз
  5. Запастардың айналымдылығы = өзіндік құн / запастар
  6. Шикізат пен материалдардың айналымдылығы =өзіндік құн / шикізат пен материалдар
  7. Дайын өнімнің айналымдылығы = өзіндік құн / дайын өнім
  8. Аяқталмаған өндіріс айналымдылығы = өзіндік құн / аяқталмаған өндіріс

 

8. Баланс өтімділігі

 

Өтімділік корпорацияның міндеттемелерінің оның активтерімен жабылу дәрежесін көрсетеді, олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді жабу мерзіміне сай болуы керек.

Өтімділік кәсіпорынның міндеттемелері мен оның активтерінің арасындағы теңдікпен орнатылады. Активтер өтімділігі – бұл активтердің ақшаға айналу үшін қажетті уақытқа қарсы шама.Басқаша айтқанда, активтердің ақшаға айналуына қажетті уақыт аз болған сайын, ол соғұрлым өтімді болып келеді.

Өтімділік көрсеткіші кәсіпорынның қысқа мерзімді(ағымдағы) міндеттемелерін оның ағымдағы активтері есебінен орындау қабілетін көрсетеді. Жалпы жағдайда кәсіпорын өтімді болып келеді , егер оның ағымдағы активтері ағымдағы міндеттемелерінен көп болған жағдайда. Өтімділік көрсеткіші өтімді ағымдағы активтердің (ақшалай қаражаттар мен дебиторлық қарыз) ағымдағы міндеттемелерге қатынасына тең. Бұл көрсеткішті  жедел өтімділік коэффициенті деп атайды. Бұл көрсеткіштің мәні орта салалық деңгейде сырттан қосымша ресурстарды тарту үшін қолайлы мүмкіндіктердің және төмен қаржы тәуекелінің барын көрсетеді.

Өтімділікті тиімді өлшеу үшін келесідей коэффициенттер пайдаланылады:

  1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті Каө = қысқа мерзімді міндеттемелер/ айналым қаражаттары
  2. Абсолютті өтімділік коэффициенті Кабсө = (таза пайда + амортизация)/ткізуден түсім (ҚҚС мен акцизсіз)
  3. Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті.
  4. Дебиторлық қарызды жабу коэффициенті

 

9.  Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру

 

9.1.Банкроттылық түсінігі

 

Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабiлетсiздiгi. Борышқордың мүлкiн басқару сот қаулысы бойынша несие берушiнiң мүддесiн көздей отырып жүзеге асырылады. Қаржылық дәрменсіздік немесе банкроттық корпорация капиталының ұдайы өндірісінің шаруашылық механизмінң тепе-теңдігінің бұзылуының тиімсіз баға және қаржы саясаты нәтижесінде болады.

Ерiктi банкроттық несие берушiлердiң сотқа арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттық туралы заңда несие берушiлердiң жағдайын жеңiлдететiн баптар бар. Қолданылу мерзiмi бiткен облигацияларды сатып алуға қабiлетсiз корпорациялардың бұрыңғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзуiне,  қарыз мөлшерiн азайтуына немесе нысанын өзгертуiне  рұқсат етiледi. Борышқорларға өзiне несие берушiлер заң негiзiнде келiсiм жасау және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкiндiгi берiледi. Шығынды (пайда келтiрмейтiн) кәсiпорындардың өнiмi  мемлекеттiк жоспарға енгiзiледi, сөйтiп ондай кәсiпорын жоспарлы-шығынды кәсiпорын деп аталынады. Оның шығынның орны мемлекеттiк дотация (жәрдемақы) есебiнен толтырылады. Кәсiпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бiрдей нашар жұмыс iстеудiң немесе төмен сапалы өнiм  шығарудың нәтижесi деуге болмайды.  Әдетте, ол  енгiзiлетiн өндiрiс  жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттiк бағасының төмен деңгейде болуынан  туындайды.

Алайда нарықты экономикаға  көшуге байланысты экономикалық  жағдай күрт өзгеруде:

  • банкроттық - шаруашылық өмiрiнiң обьективтiк немесе субьективтiк себептерiнен туындайтын белгiлi бiр табиғи құбылысқа айналып келедi;
  • мемлекеттiк дотацияларды елеулi түрде тарылуда, баға неғұрлым икемдi бола түсiп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ көрсетуде.

Сондықтан тиiмсiз жұмыс iстейтiн кәсiпорынның банкротқа ұшырауы мүмкiн, оны тиiстi өкiлеттiк орган куәландырады. Ондай кәсiпорындардың мүлкi қосымша қаражат табу үшiн басқа кәсiпорынға (ұйымға) сатылуы, жалға берiлуi немесе акционерлiк меншiкке өткiзiлуi мүмкiн.

9.2.Банкрот жүйесiнiң мақсаты мен принциптерi.

         Кез-келген кәсiпорын қызметтерi көлемiнiң өсу шегi болады, осыған орай әрбiр процесс экономикалық өсудi ынталандырушы немесе тоқтатушы рөлiн атқаруы мүмкiн.

Американдық зертеушiлер құлдырау немесе өрлеудiң, дағдарыс пен банкроттың пайда болуының белгiлi заңдылықтарын анықтап бердi:

- бiрiншiден, кәсiпорынның өмiрлiк циклының  барлық сатысында кезеңдiк дағдарыстың пайда болуы;

- екiншiден, шағын және орта бизнес бирмаларына тән құлдырау немесе өрлеу

- циклдарының математикалық әдiспен ұзақтылығы.

Мәселен, американ фирмаларының өрлеу базасы орта есеппен 3 жылға (1 жылдан 7,7 жылға дейiн), ал құлау базасы - 2,8 жылға (1 жылдан 4 жылға дейiн) созылады.

Батыс елдерiнiң экономикалық дамуының негiзi болып табылатын нарықтық экономика белгiлi бiр бақылау жүйесiн, кәсiпорындарды мүмкiндiктерiне қарай толығымен ойсыраудан қорғау, банкротқа ұшыраған жасап шығарады.

1 - суретте келтiрiлiп отырған банкрот жүйесi қандай да бiр мемлекет болмасын қолдануға болатын тиiсiнше салдардан ұйымдық және әдiстемелiк құрылымдардан тұрады.

 

Сурет 1.  Кәсiпорынның қаржы тұрақсыздығының (банкротқа ұшырау) жүйесi

Бұл жүйенiң негiзгi мәнi - өндiрiс құрылымын нарық қалыптастырып отырған төлем сұранымын қанағаттандыруға бейiмдеу қажеттiлiгi.

Банкрот жүйесiн құру және оны нақтылы iске асырудың түпкi мақсаты - тауар өндiрушi және қызмет көрсетушi құрылымдардың тиiмдi жұмыс iстеулерiнiң жағдайында ел тұрғындарының нарықтық сұранымдарына сәйкес халық шаруашылығын құрылымдық жағынан қайта құру. Бұған әлемдiк экономиканың жетiстiктерi көрсеткендей, келесi принциптердi сақтағанда ғана қол жеткiзедi. (2-сурет):

  • кәсiпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық субúектiлерi үшiн өзара  қарым-қатынастың коммерциялық жүйесiн, құқықтары мен мiндеттерiн бiрыңғай тұрақты және сенiмдi орналастыру;
  •  борышқорға өзiнiң қызметiн жаңадан бастау мiндеттерiн орындап шығуына мүмкiндiк беру;
  • банкрот және экономикалық құлдырау кезiнде қауiпсiздiк шараларын ойластыру;
  • бизнестi қайта түлетудiң жүйесiн жасап шығару;
  • борышқор кәсiпорынға өзiнiң мiндеттерiн орындауда қаржылық реттеу тетiгiн ұсыну, оларды бизнестi тоқтатпай тұрып-ақ жақсарту;
  • адал және сенiмдi әрiптестердiң (серiк) жұмыстарын ынталандыру үшiн коммерциялық және құқықтық жүйелер құру;
  • қаржыға байланысты дауларды шешуде әдiстемелiк процедураны қалыптастыру;
  • банкротқа ұшыраған кәсiпорындарды тарату кезiнде банкрот  жүйесiне  қатысушылардың барлығының (несие берушi, қызметкерлер) мүддесiн сенiмдi қорғау.

Банкротқа ұшыраушылық  әр алуан қоғамдық институттары, партия және басқа да түрлi қозғалыс мүшелерi  арасында әр түрлi пiкiр таласын туғызады. Олардың бiрқатары экономикалық реформа кезеңiндегi тоқырау жолдарында кездескен қиыншылықтарды желеу қылып, банкроттық  процедураның пайдасын жоққа шығаруға тырысады. Алайда, банкротқа ұшырудың жоғарыда  көрсетiлген мақсаттары  мен принциптерi  банкроттық жүйесiн обúективтi позиция тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк бередi. Бұлай деуiмiзге мына төмендегi себептер дәлел бола алады:

- бiрiншiден,  мемлекеттiк кәсiпорындардың көп бөлiгi, шын мәнiнде, ұзақ жылдар бойы жасырын банкрот жағдайында аз мөлшерi, қысқартылған жұмыс күнi мен жұмыс аптасының орын алып жатқаны. Ауыл шаруашылығы болса, мұндағы шаруашылықтың басым нысаны - совхоздардың басым көпшiлiгi мемлекеттiң қолдануында болды, дотациямен құй кештi.

- екiншiден,  көптеген жеке кәсiпорындар банкроттық мәртебенi қабылдамайды, демек, олар қызметтерiн өз еркiмен тоқтады, оны қайта бастамайды.

Мiне, осындай жағдайда банкрот жүйесiн пайдалану тиiмсiз де емес, өйткенi банкротқа ұшырау жағдайды жақсарту жолдарын ойластыруға мүмкiндiк туғызады. Демек, жағдайды жақсартуға бағытталған банкроттық процедура барлық қатысушылар үшiн болмаса да, олардың көпшiлiгi үшiн тиiмдi.

Шын мәнiнде, кәсiпкер (оның iшiнде мемлекет те) өз iсiнiң нығайуына  мүмкiндiк алады, алдына қойған мақсаты мен мiндеттерiн орындай алмағанына орай жетекшiлiктi өзгертедi, ал бұл өз кезегiнде:

  • техникалық;
  • маркетингтiк және кадр саясатын жүргiзуге;
  • өндiрiстi дамытуға қажеттi инвестициялар тартуға тиiстi жағдай туғызады.

 

Сурет 2.  Банкрот жүйесiнiң мақсатары мен принциптерi

Несие берушi болса, ол өзiнiң ақшасын сақтап қалуға, ал қоғам - экономиканың нарыққа бейiмделген құрылымын қалыптастыруға мүмкiндiк алады. Бұл тұрғындарға да тиiмдi. Олар тұтынуға қажеттi тауарлармен қамтамасыз етiлсе, бизнес өкiлдерi тиiмдi және керектi iстермен шұғылданады.

Әлеуметтiк қорғау жүйесi:

  • жұмыстан босап қалған еңбекке жарамды адамдарға тиiстi жағдай жасау қажеттiлiгiн;
  • жұмыссыздығы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етуге;
  • олардың бiлiктiлiгiн көтеру үшiн қайта оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды алдын-ала ескерулерi қажет.

Банкрот жүйесiнiң құрамды бөлiгi:

  • кәсiпорыннық қаржылық жағдайын болжамдау;
  • дағдарыстың алдын алу және бақылау.

Дағдарыс жағдайын болжамдау бiрнеше кезеңдерден тұрады:

  • нарықтық қатынастардың даму бағытын болжау;
  • дағдарыстың себептерi мен негiзгi факторларын дер кезiнде таба бiлу.

Кәсiпорын қызметiнiң табыстары мен сәтсiздiктерi:

  • сыртқы, бұларға кәсiпорын әсер ете алмайды;
  • iшкi, бұлар кәсiпорын қызметкерлерiнiқ ұйымдастыру жұмыстарын

жүргiзудегi тiкелей байланысты.

Сыртқы (әлеуметтiк) және iшкi (технологиялық) факторлардық әзгерулерiне қарай бейiмделеу, оларды шеберлiкпен ұштастыра жүргiзiп отыру кәсiпорынның тұрақты жұмыс iстеуiнiң, өркендеп өсуiнiң бiрден-бiр кепiлi

 

10. Банкрот белгілерін бағалау

 

Заңды тұлғалардың банкроттылығын бағалау кезінде келесі қатынастарды талдау керек:

- айналмалы капиталдардың барлық активтерге қатынасы;

- акционерлік капиталға қарызы;

- барлық пассивтердің барлық активтерге;

- негізгі капиталдың акционерлік капиталға;

- таза пайданың барлық активтерге;

- операциядан түскен қолма-қол ақшаның барлық пассивтерге;

- таза пайда  мен несие пайызынң несие пайызына қатынасы.

Банкроттылық жағдайдың пайда болуының негізгі себептері:

- кәсіпорынның бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

- операциядан түскен қолма-қол ақшаның төмендеуі және табыстардың төмендеуі;

- кәсіпорынның банкроттылық ықтималы жоғары салада жұмыс істеуі;

- дивидендтердің қысқаруы және т.б.;

- әлемдегі қаржылық дағдарыс.

Одан басқа кәсіпорында қаржылық және өнеркәсіптік себептер әсерінен келесідей қаржылық қиындықтар болады:

- қосымша қаржылық құралдарды болашақта ала-алмау мүмкіндігі;

- мерзімі өткен міндеттемелерді жаба алмау қабілетсіздігі;

- қаржылық есеп беру жүйесінің нашарлығы;

- кәсіпорынның жаңа заманға сай технологияны жұмыс жасай алмауы;

- кәсіпорынның шығындарын бақылай алмау қабілетсіздігі;

- бәсекенің жоғары деңгейі.

Кәсiпорын қызметiне әсер ететiн сыртқы факторларға мыналар жатады:

  • халық қажеттiлiгiнiқ әлшемi мен құрылымы;
  • халықтық табыстары мен жинақтарынық деңгейi, яғни онық сатып алу қабiлеттiлiгi (бұған баға деқгейi және тұтыну несиесiн алу мүмкiндiктерi де кiредi);
  • саяси тұрақтылық және iшкi саясаттағы бағыттар;
  • ғылым мен техниканық тауар әндiру процесi мен онық бәсекеге қабiлеттiлiгiн анықтайтын бағыттарын дамыту;
  • мәдениет деңгейi, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары;
  • халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары бiр кездерде арзан еңбектiк есебiмен жеңiске жетсе, ал басқалары – жетiлген технология негiзiнде.

 


Сурет 3. Дағдарыстық жағдайлардың және банкротқа ұшыраудың негiзгi факторлары

 

Кәсiпорынның дамуын анықтайтын және оның қызметiнiң нәтижелi болуының iшкi факторлары мынадай:

  • кәсiпорынның негiзгi мақсаты;
  • оның қызметiнiң негiзгi принциптерi;
  • ресурстар және оны пайдалану;
  • маркетинг қызметiн пайдаланудың деңгейi және онық сапасы.

Iшкi факторлардық маңызы жөнiнде мынаны айтуға болады. Мәселен, американдық айтуға болады. Мәселен, американдық кәсiпорындардық 90%-ке дейiнгiсiнiң жұмыстарындағы сәтсiздiк, мiне, осы:

  • тәжiрибесiз  менеджерлерге;
  • iстi жете бiлмейтiн басшылыққа;
  • олардың кәсiпорын жұмысын өзгерiп отыруына сәйкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенiн, елде жүргiзiлген зерттеу жұмыстары көрсеткен.

Кәсiпорын басшылары өз мекемелерiнiң қаржылық жағдайына:

  • ел экономикасынық даму барысы;
  • инфляция;
  • кенеттен жақа бәсекелестердiқ пайда болуы;
  • мемлекеттiк реттеу жұмыстарындағы келеңсiздiктер;
  • мемлекеттiк реттеу жұмыстарындағы келеңсiздiктер;

мемлекеттiк тапсырыстық күрт төмендеп кетуiнiң де әсер ететiнiн үнемi ескерiп отырулары қажет. Батыс елдерi мамандарының пiкiрiнше, классикалық нарықтық экономикада, банкротқа ұшырау себептерiнiң барлық кәсiпорындардың сыртқы бакторлары үштен бiр бөлiгiн, ал iшкi бакторлар үштен екi бөлiгiн құрайды екен.Кәсiпорын дағдарысының бұлардан басқа да iшкi себептерi бар. Олар: 

  • жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандық, осыған байланысты кәсiпорынның көптеген орынсыз шығынға ұшырауы;
  • өндiрiлген тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендеп кетуi;
  • тауарлы өнiм түр-түрiнiң дер кезiнде жаңартылмауы;
  • басқару құрылымдарының үйлесiмсiздiгiнен өнiм өндiру мен дайын тауарды сатудағы шығындар деңгейiнiң тез көтерiлiп кетуi;
  • штаттың өсуi;
  • қымбат бағалы технология, құрал және басқа да еңбек заттарын шектен тыс пайдалану;
  • өндiрiстiң техникалық деңгейi;
  • ұжым қызметкерлерiнiң өзара қарым-қатынастары;
  • олардың нәтижелi жұмысқа сенiммен және ынталы түрде ұмтылуы және т.б.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Корпоративные финансы \Михель Э.Э.-Алматы:Азия-Принт,2009 год-400 стр
  2. Өсербайұлы С. Корпоративтік қаржы.Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті, 2005
  3. Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы. Алматы «Экономика» баспасы 2008
  4. Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», .2009
  5. Баймуратов У.Т. Избранное в 7 томах.Т-2: Финансы Казахстана\ҚазЭУ им.т.Рыскулова. Алматы: Экономика 2005-320стр
  6. Кошкарбаев К.У. Рынок корпоративных ценных бумаг Казахстана: теория, практика, опыт/ Учебник. Алматы – 2010г
  7. Кошкарбаев К.У. Концептуальные основы Финансового менеджмента/ Учебное пособие/ Алматы – 2007г
  8. Ченг Ф. Ли., Джозеф, Флинерти И. Финансы корпораций: История,  методика и практика. М: Инфра – 2000 г.
  9. Указ Президента РК «О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года» от 17 февраля 2000г. №344
  10. Брейли Р., Майерс С. Принципы корпоративных финансов. М.: Олимп-Бизнес, 1997г.
  11. Юджин Ф. Бригхем, Майкл С.Эрхардт. Финансовый менеджмент.. 10-е изд. Пер с англ. Под ред. К.э.н. Е.А. Дорофеева – СПб:Питер,2005.- 960с.
  12. Чент Ф. Ли, Джозеф И. Финнерти. Финансы корпораций: теория, методика и практика. М.Инфра – 2000.
  13. Р.Пайк, Б.Нил. Корпоративные финансы и инвестирование.- 4-е изд./Пер.с англ.- Спб:Питер, 2006.-784с.
  14.  Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 2000-768с.
  15. Бланк И.А. Финансовый менеджмент: Учебный курс. – К.: Ника-центр, 1999.-528с.
  16. Финансы предприятий под ред. М.В Романовского. СПб.: Изд.дом «Бизнес-пресса».2000.-528с
  17. Бочаров В.В. Корпоративные финансы.- СПб:Питер, 2001.- 256с.
  18. Шеремет А.Д., Ионова А.Ф. Финансы предприятий: менеджмент и анализ.- М.: ИНФРА-М, 2004.- 538с.
  19. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства: Учебн. Пособие. М.: Финансы и статистика, 1996.
  20. Черникова Ю.В., Юн Б.Г., Григорьев В.В. Финансовое оздоровление предприятий: теория и практика: Учеб.-практич. Пособие.- М.: Дело, 2005.- 616с.

21.           Ермекбаева Б.Ж. Жалпы мемлекеттік салықтар. —Алматы. "Экономика". 1997ж.      

22.           Ермекбаева Б.Ж., Бурабаев О.Б. Жергілікті салықтар мен алымдар - Алматы. "Экономика". 1998ж,

23.           Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Дағдарыс арқылы – жаңару мен дамуға», // Егемен Қазақстан, 2009 ж 6 наурыз

24.           Мероприятия по реализации плана действий по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы/Казахстанская правда,15 января 2009 года №8-9

25.           ҚР Жаңа Салық Кодексі,2008 ж. 10 желтоқсан

26.           Карагусова Г.Н.Налоги: сущность. и практика использовании. Алматы, «Қаржы-Қаражат», 1994г.

27.           Поляк  Г.Б.  Финансовое обеспечение социальной  сферы.-М.:   Финансы  и  статистика. 1998г.

28.            Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», // Егемен Қазақстан, 2012 ж 29 қаңтар

29.           ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-14 19:07:13     Қаралды-10105

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »