UF

Тақырып. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы мен дамуы.

 

1. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Қазақстандағы экономикалық ойлардың дамуы.                                                                                                 

2. Ағартушы-демократтардың еңбектеріндегі экономикалық көзқарастардың дамуы.

3. Бүгінгі таңдағы ҚР-ның экономикалық дамуының концепциялары.

 

Қазақстандағы, ондағы өмір сүретін негізгі халық-қазақтың экономикалық көзқарастарының қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиев айтқандай, "мың өліп, мың тірілген" халық. Олай болатын себебі-жері кең, табиғаты бай, ал адамдары қонақжай болды. Сондықтан да қазақтың шығыстан, батыстан басталған қыспақтан көзі ашылмады. Сөйте тұра қазақ халық болып, ұлт болып, өз алдына мемлекет деңгейіне көтерілді. Әсіресе, хандық заманда қазақ халықтың басқа елдермен қарым-қатынасы ұлғаяды. Қазақстан экономикасының құрылымы туралы ғалымдардын көзқарастарында, оны азиаттық өндіріс әдісіне жатқызу, намадизмге байланыстыру, яғни көшпелі шаруашылықтардың ерекшелігін көрсету басым.

1859 ж. К.Маркс "азиаттық өндіріс әдісі" деген терминді енгізіп, ол ежелгі қоғамдардан дамыды деген ойларды айтады. Негізінен бұл түсінік жерді иемденудің, жер қауымдастығының мемлекеттік жүйесін білдіреді. "Азиаттық өндіріс әдісі" ғылыми жағынан толық анықталмаған, адамзат дамуының белгілі бір кезеңін білдіретін жалпы үғым.

Намадизм-грек сөзі, көшпелі деген мағынаны білдіреді, белгілі халықтардың өмірін сипаттайтын нақты термин.  Намадтар негізінен көшіп-қонып жүретін халықтар. Алайда олардың көшпелі өмірі еріккеннің ермегі емес. Ол шаруашылықтық ыңғайлы түрі, малды аман сақтап қалудың қамы. Шырайлы жер, сулы-көлді, табиғаты, ауа-райы жақсы және т.б. экономиканың жағдайлар - Азия, Солтүстік Африка халықтарының көшпелі шаруашылықтарының, қоғамының басты факторлары еді.

Әдейі зерттеген ғалымдардың (Г.Марков, С.Толыбеков, В.Шахматов және т.б.) пікірінше, көшпелі шаруашылық бұдан 3 мың жылдай бұрын пайда болған. Міне осындай ұзақ тарихы бар көшпелі халықтардың шаруашылығын біз білетін өндіріс әдістерінің қайсысына жатқызамыз және мұндағы өлшемдер қандай болуы керек деген мәселелер төңірегінде бүгінге дейін ғылыми талас толастамай келеді.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын, меншіктің түрін методологиялық тұрғыдан қараған экономистер оларды басты көрсеткіш деп қарайды. Ал өркениетті басшылыққа алған ғалымдар, кешпелі-халықтар жаугер, мәдениетті құртушы, надан деп есептейді. Жалпы ғалым-экономистерді қинаған нәрсе көшпелілер шаруашылығындағы өндіргіш күштердің ерекшелігі, оны иемдену мен пайдаланудағы, ренталық қатынастардың көріну түрлері.

Экономист-ғалымдар мен заңгерлердің көзқарастарында, көшпелілердің өндіргіш күштері-жер мен мал екендігінде бір ауыздылық болғанмен, оларды меншіктсну мен иемдену жөнінде бір-бірімен келіспей, әрбіреуі өз ойын, пікірін дәлелдеуге күш салды. ҚР-сы ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі, экономикалық ғылымның докторы, профессор Толыбеков С.Е. және т.б. жер жеке меншікке жатпайды, ол табиғаттың сиы, ал адамдар оны қажетіне пайдаланады, сондықтан меншікке тек мал ғана кіреді дегенді дәлелдейді. Біраз ғалымдар көшпелі шаруашылықта құл иеленушілік, феодалдық қанау болған жоқ, мұнда тайпалық туысқандық, рулық қарым-қатынас, бір-біріне көмек көрсету басым болған деп дәлелдеуге тырысады. Шындығында, егер намадизм бұдан үш мың жыл бұрын болса, онда капиталистік қатынастардың болмағаны анық. Ал басқа феодалдық, құл иеленушілік коғамдардың белгілері сақталғанына таласуға болатын сияқты. Алайда көпшілік ғалымдар, көшпелі шаруашылықты - намадизмді азиаттық өндіріс әдісіне жатқызады: мұнда қанаудың түрі анық көрінбейді, білінбейді. Мұнда құлдық, феодалдық және жалдамалы еңбек те бар, өте күрделі, жай көзге көрінбейтін, дала заңдары да бар.

Қазақ халқының экономикалық ой-пікірлері, тұрмыстық мұқ-мұқтажы, арман-қиялы оның  ауыз әдебиетінде, аңыз-ертегілерінде, поэмаларында анық көрінеді. Жер ұйығын іздеген "Асан қайғы", "Қорқыт" қой үстінде боз торғай жұмыртқалайтын заман болатынына сенеді. Ал қазақ өміріне батыл ене бастаған товар ақша қатынасынын айқын мысалын "Қыз Жібек" жырындағы кісі аттарынан көруге болады. Жібек аты сонау "Ұлы Жібек" жолын еске түсірмей ме? Төлеген, Базарбай, Шеге және т.б. кісі есімдері қазақ топырағына товар ақша қатынастарының енгенін дәлелдейді. Хандық заманда, әр хан сарайында ақша монеталар шығарылады. Ал батырларымыз тек соғыста ерен ерлік көрсетіп ғана қоймай, көрші елдерде елшілік қызмет атқарып, саудамен де айналысқан. Оны Абылай хан кезіндегі Қабанбай батырдың Ежек хан үкіметіне сауда-саттықпен бірнеше рет барғаны дәлелдейді. Осымен қатар Абылай ханның Ресеймен сауда-саттықты ұлғайту үшіп орыс көпестеріне әдейі жол салдырып, оларды шабуылдан қорғап келді.

Қазақ халқының экономикалық көзқарастарының қалыптасуына үлкен үлес қосқан әйгілі Әбу Насыр Әл-Фараби туралы жоғарыда сөз болғандықтан біз бұл жерде оның есімін атап отырмыз.

Қоғамды, әсіресе қазақ жеріндегі адамдар арасында оңды қарым-қатынастарды орнату-тарихи "Жеті жарғының" да игі мақсаты еді. Ол XVII ғ. аяғы мен XVIII ғ. басында Тәуке (1670-1718) ханның тұсында қабылданды. "Жеті жарғы" Әл-Фараби идеясын жүзеге асыру бағыттарындағы алғашқы қадам десе болады. Мұнда адамдардың мінез-құлқын, тәртібін және қалыптасқан қазақы дәстүрлерді бұзғандарды экономикалық жағынан жазалаудың нақты шаралары белгіленген.

Қазақ халқының жарық жұлдызы Шоқан Уэлиханов (1835-1865) еді. Шоқанның атын шығарған, тарихқа, әсіресе география ғылымына қосқан үлесі оның Шығыс Түркістанға, Қашқарияға шеккен сапары еді. Қашқарияда Алтыншаһардың дәстүр-салтын, сауда-саттық және үкімет басқару тәсілін жан-жақты зерттеп, ғылыми баяндамалар жасайды.

Жалпы Шоқанның ғылыми-еңбектерінің ішінен ""Іле өлкесінің географиялық очеркі", "Сот реформасы жайында", "Шығыс Түркістан саяхат күнделігі", "Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы (1858-1959)" деген еңбектері әйгілі. Ш.Уалихановтың шығармаларында сол кездегі қазақ халқының өнеркәсібі, ауылшаруашылығы және сауда қатынастарының жайын суреттейді, экономикалық ой-пікірі, көзқарасы айқындалады. Шоқан көрші елдермен шаруашылық байланыстарының ұлғаюына назар аударады. Ғалым біздің заманымыздағы көшпелі ұрпақтардың шыққан тегін зерттеуді, халықтардың табыстарын анықтауды кереметтей қиындатып отырғаны-қазақтың жазба тарихы жинақталмағаны, ал "Қытай шежірелері мен шығыс хроникаларында белгілі жүйе де жоқ, дәлдік те жоқ"-деп сынайды. Шоқан Қашқария сонау Птоломей кезінен бері сауда керуенімен, әсіресе шай сатумен атағы шыққан жер екеніне көңіл аударады, және сүлу келіншектерімен және сазгерлермен атағы шыққан өлке.

Қазақ халқының білім алуына, отырықшы ел болып, өндіргіш күштерді дамытуға, жас өспірімдерді оқуға шақырған адам Ы,Алтынсарин (1841-1889). Ол қазақтың тұңғыш мұғалімі, алғаш рет мектеп ашып, балаларды біліммен сусындатты. Ы,Алтынсариннің экономикалық көзқарасы оның мектепке әзірлеген оқулықтарындағы әңгімелерінен айқын көрінеді. Мысалы, оның екі әңгімесін "Дүние қайтсең табылады" және "Қыпшақ Сейтқүлды" алайық. Бұл шығармада ол нақты дерекке сүйенген, тарихта болған оқиғаны алған. Таза экономиканың тақырыпқа, халықтың тұрмыс жағдайын қалай жақсартуға болады деген  сұраққа дәлелді жауап береді. Сейтқүл шаруаға ыңғайлы жер іздеген. Тапқаны Торғай терісіндегі қабырға деген өзен бойы. Бұл жер Қоқан хандығынан алыс және халық қыпшақ руына жақын. Сөйтіп Сейтқүл айналасы 5-6 жылда отыз шағын ауылды 400 үйлі үлкен қалаға айналдырады.

Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақтың үлы ақыны, ақылшысы, философы, экономисі деп батыл айтуға болады. Оның өлеңдері мен поэмаларында қазақ елінің тұрмыс тіршілігі, билік жүргізу салты, адамдардың мінез-құлқы дәл және ақыл-ойға, сезімге  әсер ететін сөз өнерімен, шырайлы тілмен суреттеледі. Абай өмір сүрген XIX ғ. аяғында дүниежүзінде капиталистік шаруашылық үстемдік құрып, тауар-ақша қатынастарының шеңбері ұлғайып, шет аймақтарға да жайыла бастады. Халықтың саяси-экономикалық сапасы оянып, елді басқару салты өзгере бастады. Абай Семей губергиясының статистикалық комитетінің толық мүшесі болып, халықтың тұрмыс жағдайын зерттеуге араласуы да оның экономикалық ой-пікірін, көзқарасын тереңдетеді. Абайдың экономикалық ой-пікірлері оның өлеңдері мен қара сөздерінде толығырақ қаралған. Оның "Жаз" деген өлеңінің мына жолдарына ой жіберіңіз:

"Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер

Диханшылар жер жыртып, егін егер

Шаруаның біреуі екеу болып

Жаңа жолмен көбейіп дәулет өнер."

Мұнда қоғамдағы топтар айтылған, олар: саудагер, егінші, шаруа; олардың кәсіптері, тіпті кәсіпкері яғни экономикалық категорияларды білдіреді-пул, төл, дәулет, диханшы, егін. Және мұнда өндіріс, қызмет керсету факторлары деп қарастырылды деуге болады. Сондықтаң еңбек нәтижесін, өнімділігін көріп тұрғандай.

Абай "Қара сөздерінің" саны 45. Бірінші сөзінде әр саналы адамның алдында тұратын әмірлік  сұрақ-кім болу, немесе айналысу? Алайда сол кезде осы  сұрақтарды шешуге әлеуметтік-экономикалық орта жоқ еді. Айталық ел басқарғандар ұры, зұлымдармен күресу керек, бірақ ол күресті жақтайтын заң мемлекеті жоқ. Ғылыммен айналысуға ғылым тілімен сөйлесер адам, білгенді үйретер талапкер аз.

2-ші қара сөзінде Абай қазақ халқын басқа елдермен, ұлтармен салыстырады. Бұл жерде Абай кәсіпкерлікке, өндірісті ұйымдастыруға шақырады.

Абай 3-ші қара сөзінде адамның жағымсыз қасиеттерінің қайдан шығатының көрсетеді, жалқау кісі-қорқақ, қайратсыз, ол мақтаншақтыққа, надандыққа әкеледі. Абай 24-сөзінде жер жүзіндегі адамдар, оның ішінде қазақтық саны туралы деректер береді.

Абайдың экономикалық кәзқарастарын білдіретін қара сөздерінің, әсіресе 38-сөзі ерекше. "Жер мақсатын, кендерін, жемісін, кеннің һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі-адам баласына таусылмас азық деген сөздері экономикалық ілімдер тарихында сонау У.Петтидің "жер байлықтың анасы" деген пікірін Абай қайта қазақша айтып тұрған жоқ па. Абайдың 38-сөзінде ол тегінде "адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәтижелерімен озады" дей келіп, егер есті кісілердің қатарында болғын келсе, "өміріңді қалай өткізгін", "не білімге не ахиретке",   "не дүниеде жарамды не істегенің" туралы өзіңнен-өзің есеп алуға үйретеді. Қайрат, ақыл және жүрек таласқанда, ақырында ғылым жеңеді. Өйткені үшеудің басын қосатын-ғылым.

Абай қазақ жерінде тыныш сауда жасау мүмкіндігі жоқ дегені шындыққа жақын. Ғақлияның он алтыншы сөзінде: саудагерлер кескесін жия келгенде "тапқаным осы, біттім деп, алсаң ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазамын ба деп тұрғаны". Міне қазақ халқының осындай мінезі, елдегі дау-тартыс, рулық бақталастық сауда қатынастарына үлкен зиян келтіруде.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында дүниежүзіне қанат жайған капиталистік өндірістік қатынастар Қазақстан жеріне де жетті. Феодалдық, дәстүрлі көшпелі шаруашылықты бұза бастады. Жай халық, шаруалар, мал баққан кедейлер екі жақты қанауға түсті. Бір жағынан қазақтың феодалдары, байлары; екінші жағынан - орыс капиталистері, көпестер, қанап-тонап, әлеуметтік қайшылықтарды күшейтті. Сол кездегі беделді "Айқап" және басқа басылымдар қазақ жеріне ене бастаған капиталистік қатынастарды қатты сынға алды.

Осындай экономиканың өзгерістер демократ ақын С.Торайғыровтың (1892-1920) шығармаларына арқау болды. Торайғыровтың экономикалық көзқарасында әлеуметтік теңсіздіктің себептерін ашу басым болды. Осы жағынан ол Абайдың дәстүрін жалғастырады. Қазақ өміріндегі бай мен жарлының айырмашылықтары малдың санымен анықталады. Ол ауылдың ауыр тұрмысын қарастырды. Ең бастысы, феодалдық патриархалдық қатынастардың теріс жақтарын, надандықтың аяқты шырмап алған, бастырмай тұрғанын ашық жазды. "Мынау ойда татар тұр, барлығымен қатар тұр, анау қырда қазақ тұр, тула бойы азап",-деп бір халықтың өркениетке жақын, ол басқалардың алыс тұрған теңсіздігін "Адасқан өмір", "Бай мен кедей" және т.б. шығармаларында ашыла жазады. С.Торайғыров капитализм мен социализм туралы пайымдайды. Капиталистік фабрика мен шахталарда жұмысшылардың 12 сағат бойы жұмыс істеп, денсаулықтарын бұзып, ал еңбек ақыларына тұрмыс жағдайын жақсарта алмайтынын айтса, біреулердің, фабрикант пен капиталистің, тез байып кетуіне таңданады. Ол социалистік революцияның жеңісінің куәгері болды, оның болашағына сенеді. Ол қоғам дамуының прогрестік сипатын көрді. Ол ғылымды 2-ге бөледі: 1-шісі өндірістің құрал жабдықтарымен, 2-шісі-рухани азықпен қамтамасыз етілуі деп есептеді. Алайда оның әлеуметтік-экономикалық көзқарасы өне бойы бір қалыпты болмады. Қазақстанның саяси қоғамдық өміріндегі идеологиялық күрестер С.Торайғыровтың ой-пікіріне үлкен  әсер етті.

Сонымен қатар экономикалық ой-пікірлердің, ғылымның қалыптасуына аса үлкен үлес қосқандардың бірі-ХІХ ғ. бас. кезіндегі интеллигент-зиялылары еді. Солардың-ішіндегі шоқтығы биік, бұрын "халық жауы" атанған-А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Т.Рысқүлов, Б.Қаратаев, С.Мендетовтардың орындары бөлек.

Олардың ішінде Ә.Бөкейханов (1870-1937). Оны халқының отаршылдық тұрмысы толғандырды. Ол Ресейлік жер жөніндегі министрліктің Ф.А.Щербина ұйымдастырған санақ жүргізу экспедициясына статист ретінде зерттеу жұмысына қатысады.

1926 жылы Ә.Бөкейханов Шевцовпен бірге шығарған "Казахское хозяйство"-деген кітабында Қазақстанның шаруашылық жүйесі отырықшылыққа әзір емес, малмен айналысу және көшпелі шаруашылығы ұзаққа созылады, өйткені ол табиғатқа тікелей бағынышты деген идеяларды насихаттайды.

Ә.Бөкейхановтың экономикалық көзқарастары, әсіресе оның зерттеушілік-ғылыми қабілеттері Ф.А.Щербинаның экспедициясына қатысу кезінде анық көрінді. Оның мақсаты Ресейдің қоныстану саясатын жүзеге асыратын ұсыныстарын әзірлеу еді. Оның есептерінің негізгі нысанасы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына пәлендей зиян келтірмейтін жер үлесін есептеп шығару болды.

Экономикалық ілім Қазақстанда Кеңес үкіметі тұсында одан әрі тереңдей түсті, жаңа экономикалық жүйеге негізделген қоғамда экономикалық ой-пікір, көзқарастар сол кездегі идеологияға бағынды. Қазақстанның жоғары оқу орындарында экономикалық ғылымды студенттерге жалықпай түсіндіріп, оларға экономикалық ілімнің бай тарихын таныстырып, классик экономистердің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен экономист-ұстаз ғалымдардың саны көп. Академик Я.Ә.Әубәкіров, профессорлар К.К Нәрібаев, К.Сағадиев, К. Мамыров, У.К.Шеденов, Т.Қожамқұлов, доцент Е.Қанатбаев, профессорлар М.Д.Есқалиев, И.Бибатырованы ерекше атау керек.

Республикамыздың экономикасы басқа елдермен салыстырғанда тиімділігі жағынан төмендеу болды. Сондықтан Қазақстанның біраз экономистері өз өмірлерін осы проблемаға арнады. Академиктер Т.Әшімбаев, А.Кошанов халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорларының тиімділігі және мұндағы ғылыми-техникалық прогрестің орнын зерттеді.

Рыноктық экономикаға көшу жолдарын көрсету, мұндағы экономиканың теорияларды түсіндіру, зерделеу-бүгінгі өмірдің талабы. Бұл бағытта Қазақстанның бір топ жас экономистері тартымды кітаптар, мәнді мақалалар жазып жүр. Академик О.Сәбденов, профессорлар Арынов, Р.Алшанов, Г.Карагусова, О.Әлиев, Т.Есіркепов, Қ.Тазабеков және т.б. біздің аралас экономиканың қалыптасу жолдарын, мемлекет мүлкін жекешелендіру, рыноктағы мемлекеттің орны мен ролін, кәсіпкерлікті, бағалы қағаздарды енгізу, шетел инвестицияларына жол ашу сияқты күрделі экономикалық мәселелерді зерттеуде. 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 18:25:14     Қаралды-3929

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »