UF

Тақырыбы: «ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ»

 

  1. «Педагогика тарихы» ғылым ретінде
  2. «Педагогика тарихының» пәні мен міндеттері
  3. Педагогика тарихының философиямен, мәдениет тарихымен, азаматтық тарихпен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен, әдебиетпен т.б. ғылымдармен байланысы.
  4. Педагогика тарихындағы тарихи педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері

 

«Педагогика тарихы» ғылым ретінде. Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде.

Педагогика тарихының негізгі ұғымдары: тәрбие, білім беру, оқыту, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой, педагогикалық идеялар, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие.

Ғылым мен оқу пәні ретіндегі педагогика тарихының тақырыбы мен міндеттері. Оның басқа ғылымдармен байланысы (жалпы тарих, философия, мәдениеттану, филология т.б.). Педагогика тарихының әдіснамасы, оның көздері мен әдістері. Педагогика тарихы мен қазіргі заман.

Қазақстан Республикасы егемен ел болғалы педагогикалық білім беру мазмұнына да біршама өзгерістер енуде. Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-саяси және мәдени жағайларға байланыстм оқу пәндерінің барлық түрлеріне де жаңаша талап қойылуда. «Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы» - кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің бірі болып табылады.

Біздің елімізде педагогтық оқу арындарының жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұнын анықтау істерінде ұлы көсеміміз В.И.Лениннің мұғалім туралы идеясы, оның педагогтық еңбектің саяси және қоғамдық мәні, мұғалім белсенді қоғам қайраткері екендігі жөніндегі терең ойлы негізге алынды.

Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол - өте күрделі және сан қырлы. Педагогтық мамандық иесі адамнан ең алдымен терең және жан-жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шыныққандықты, саяси-адамгершілік сапаларды, мықты ерік қасиеттерді, адамшылық пен ұстамдылықты талап етеді. Мұндай зор талап өз өмірлерін жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған педагогтық оқу орындарының студенттеріне көптеген міндеттер жүктейді.

Педагогтық институттарда студенттердің болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауда, әсіресе олардың осы мамандыққа қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруда педагогика тарихы пәнінің алатын орны ерекше.

Педагогика тарихы арқылы болашақ мұғалімдер педагогика ғылымының бай қазынасы мен мұраларын меңгереді, әр түрлі тарихи дәуірлердегі педагогтардың прогрессивтік және реакцияшыл торичларының арасындағы шиеленіскен күрестермен танысады.

Педагогика тарихын оқу үстінде болашақ ұстаздардың педагогикалық ой-өрісі кеңейеді, олар педагогикалық тұрғыдан ойлануға, оқу мен тәрбие жөніндегі әр түрлі пікірлерді салыстыруға, бағалауға, қажетті жағдайда пайдалануға үйренеді

Дүниежүзілік және отандық тарихи-педагогикалық теория мен тәрбие-білім беру тәжірибесін тарихи динамикада меңгеру, болашақ мұғалімге оның кәсіби және адамгершілік жағынан жетілуіне көмектесіп, оқушылармен жұмысы кезінде өзіндік шығармашылық стилін табуға ықпал етеді. Бұл ретте педагогика тарихы курсының мамандарды кәсіби дайындаудағы алар орны ерекше болып келеді.

Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес педагогика курсын оқу барысында студенттер тәрбие теориясы мен тәжірибесінің, мектептік білім берудің, педагогикалық көзқарастың, қалыптасуы мен даму тарихы бойынша айтарлықтай білім алып, әртүрлі заманның және әртүрлі халықтың, соның ішінде өз халқының ағартушылары мен педагогтарының идеяларымен танысады.

Педагогика тарихы курсының барысында студенттер мынадай білімдерді игеруі тиіс: көптеген жылдар бойымдағы әлеуметтік-таптық көзқарастардың абсолюттігі туралы; мектеп тарихындағы және педагогикалық ойдың бағыттарының бұрмалануы мен теріс бағалануына әкелген мәдени-тарихи және әдістемелік көзқарастардың терістігі туралы.

Сондай-ақ келесі біліктерді игерулері тиіс:

1) тарихи білімдердің қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалына талдау жасау;

2) отанымыздағы мектеп пен педагогиканың тарихын дұрыс түсініп, объективті баяндау, тұтас дүниежүзілік тарихи-педагогикалық процеспен байланысын игеру;

3) қоғамның қазіргі заманғы дамуы жағдайында өткен кезеңнің тәжірибесін шығармашылық түрде қолдану.

Студеттерге «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгерту барысында «Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы» курсын оқытудың, негізгі педагогикалық категорияларды меңгеруге мүмкіншілік береді.

Философия, әлеуметтану, қазақстан тарихы, мәдениеттану, психология, сияқты бір-біріне ұқсас пәндер әдіснамалық қызмет атқарып, «Адамзат тарихымдағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы» курсын тереңірек меңгеруге ат салысады, сонымем бірге бұл пәндер студенттерге білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдениттану факторларын әсерін нақтырақ білуге жағдай жасайды.

Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді. Коммунистік партия өткен дәуірде қол жеткен тәжірибелерді зерттеп, пайдалануға үлкен мән береді. Пролетариат социалистік қоғамды құруда және оның мәдениетін дамытуда адамзаттың қолы жеткен тәжірибесінен бас тартпайды, керісінше, коммунизм құруға қажетсізін шығарып тастап, ол тәжірибенің барлық бағалы жағын пайдаланды деп көрсетті В.И.Ленин. Қоғамдық өмірді оқыту және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл қағиданың тікелей қатысы бар.

КПСС Программасы қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтай отыра коммунистік қоғам құрылысының тәжірибесін зерттеп және теориялық жағынан жинақтауды, коммунистік қоғамның экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, коммунистік тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты қазіргі кездегі тарихи педагогикалық ғылымның басты міндеттерінің бірі – дүние жүзіндегі ең бірінші социалистік мектептің құрылу тәжірибесін шын ғылыми түрде жинақтап зерттеу болып саналады.

Коммунистік тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын мұғалімнің білуін керек етеді. Өткен дәуірлерде алдыңғы қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтық дайындығын күшейтеді.

Педагогика тарихы мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың коммунистік тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі.

Маркстік-лениндік педагогиканың дамуы мен пайда болуын және совет мектебінің даму тарихын білу арқылы мұғалім совет мектебін жинақталған бай тәжірибесімен танысады, сол арқылы ол өзін мұғалімдік қызметке даярлайды.

Деректі материалдары мен ториялық тұжырымдары болашақ мұғалімнің ой-өрісін кеңейтеді, оларды педагогиканың классикалық шығармаларымен таныстырады, комунистік тәрбиенің жастарды тәрбиелеу салаларының басқа түрлерінен артықшылығын және зор күшін көрсетеді. Педагогика тарихын терең меңгеру арқылы болашақ ұстаздар совет мектебінің теориясы мен тәжірибесінің дидактикалық және тәрбие мәселелерін байыпты ойластыра қарастырып шешуге үйренеді. Осылай педагогика тарихы болашақ ұстаздарды халық ағарту ісі мен педагогикалық идеялар және педагогикалық әдебиеттермен кең және әр жақты қаруландырады.

Советтік педагогика тарихы әр дәуірдегі тәрбие мен тәрбие мекемелерінің дамуын зерттеуде қоғамның дамуы туралы маркстік ілімге сүйенеді. Бұл ілім бойынша педагогикалық теориялар, тәрбие мекемесінің жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістері қоғамның материалдық өмірінің жағдайларына сай белгіленеді.

Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық ой-пікір қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихының марксистік зерттеушілері мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта құрудың, педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.        Совет елінің педагогика тарихын зерттеушілер өткен замандардағы мактеп пен педагогика тарихын зерттеп, ғылыми бағалауда біраз жұмыс істеді. Совет Одағындағы халықтардың мектап ісі мен педагогикалық ой-пікірін зерттеді.

Советтік педагогика тарихы советтік педагогика ғылымы мен совет мектебі тәжірибесінің дүние жүзілік маңызын және оның адамзаттың прогрессивтік педагогика ғылымының дамуындағы ерекшелігін ашып көрсетеді. Педагогика тарихының курсы үш бөлімнен тұрады:

  1. Шетелдер мектебі мен педагогикасының тарихы.
  2. СССР халықтарының мектебі мен педагогикалық ой-пікірлерінің тарихы      (1917 жылға дейін).
  3. СССР-дегі және басқа социолистік елдердегі мектеп пен педагогика тарихы.

 

ШЕТЕЛ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТАРИХЫ

 

Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы.

 

  1. Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы.
  2. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы.
  3. Жаұяның пайда болуы.Жанұядағы бала тәрбиесі
  4. Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы

 

Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие. Алғашкы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерінің іс-әрекеттерін көпшілік болып топтасып, бірге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киім пішті, тұрмыстық салт-дәстүрлердің рәсімдеріне қатысты.

Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Төңірқазған, Шарбақты және Ұлытау өңірлерінде мекен еткен.

Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері. Сақтар империясы, шамамен, біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VII–III ғасырлар аралығында, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеді Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кірген. Сақтардың көсемдері Африсиап, Томирис сол кездегі ірі мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргізу барысьпзда әскери-көшпелі тұрмысты қалыптастырған. Металл өңдеп, әлсмдік маңызы зор "скифский зверийный стиль" атгы зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар мен киімдер жасай білген. Жылқы жануарьш өте қатгы қадірлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тіршіліктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптері негізінде тәрбиелеп өсірген. Сол замандарда өмір сүрген, Тәңір дінінің негізін салған данышпан Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ өлемдеп тұңғыш "Авеста" кітабын жазған. Заратуштра сол кездің өзінде (Аристотельдің замандасы) рухани-танымдық, тәлім-тәрбиелік мәнді ойлар айтқан. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенін атақты тарихшы Ксенофонт (б.д.д. 434-355 ж.ж.) былай деп суреттейді: "Персидский царь устроил конные присталища для всадников, представляющих разные народы. Когда начались бега, то какой-то молодой сак вырвался вперед и достиг финиша. Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность храброго человека...» – деген екен (61, 27).

Ғұндар б.д.д. III ғасыр мен біздің дәуіріміздің І-ІІ ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территориянын мұрагерлері болды. Сол кезеңдердегі үйсін, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кірді, ғұндар металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты. Бірақ олардың ең негізгі кәсібі әскери-жауынгерлік өнер еді. Олар өздерінің ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, епті болуға және зергерлік бұйымдар жасауға тәрбиеледі.

Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен ассимиляцияның үлкен өзгерістерге ұшырауына негіз болып, дүние жүзі тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуы (Великое переселение с востока) атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн көсемі Атилла (Еділ) бастаған қалың қол ұлы Рим империясына қауіп төндіріп, ақыры құлауына әкеп соқтырды.

V ғасырда өмір сүрген атақты тарихшы-географ Амми-ян Марцеллин әскери-көшпелі тұрмысты былай суреттеген: "...кочуя по горам и лесам они с колыбели приучаются переносить холод, голод и жажду. Они плохо действуют в пеших стычках, зато... сидя на коне они исполняют все обычные свои дела и сокрушают все. что попадается на пути...".

Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болады. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің рөлі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталды деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.

Ф.Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке семья болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің коллективтік жұмысы болды.

Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарысм-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамнң дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездеседі. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.

Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.

Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәрбиелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т.б. шыға бастады.

Тәрбенің ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Жеке меншіктің, құлдылықтың және жеке семьяның шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке семья тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала  болжау, адамдарды емдеу т.б. сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленеді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.

Тәрбиенің пайда болуы, оның алғашқы қауым адамдарының еңбек іс-әрекетімен байланысы. Осы қоғамдағы тәрбиенің ерекшелігі. Жанұяның пайда болуы. Тәрбиенің ұйымдасқан формаларының пайда болуы.

Жазудың және алғашқы мектептердің пайда болуы. Педагогикалық тәжірибе мен білімді жеткізудің жазбаша педагогикалық дәстүрі.

 

Әдебиеттер

1.     История педагогики. Часть 1. От зарождения воспитания в первобытном обществе до середины ХVII века. Учебное для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова. – М.: ТЦ «Сфера», 1997.-192 с.

2.     История педагогики. Часть 2. С ХVII века до середины ХХ в.,: Учеб. пособие для пед. университетов./Пдо ред. Пискунова А.И. – М.: ТЦ «Сфера», 1997.-304 с.

3.     Ушинский К.Д. О народности в общественном воспитании. Пед.соч в 6 т./Сост. Егоров С.Ф. – М.: Педагогика, 1988.-Т.1.-с. 194-256

4.     Антология педагогической мысли Казахстана/Сост.: К.Б.Жарикбаев, С.К.Калиев. – Алматы: Рауан, 1995.-512 с.

5.     Абай. Энциклопедия. Алматы. «Атамура». 1995. – 720 с.

6.     Джуринский А.Н. Зарубежная школа: история и современность. – М., 1992. – Гл.3.

7.     Хрестоматия по истории Древнего Востока; Учебное пособие в 2-х ч. М.: Высшая школа, 1980. – ч. 1. – 328 с.

8.     Ильясова А.Н. Становление и развитие педагогической теории Казахстана. (1900-1960 гг.). Алматы. РИК. – 1997. 282 с.

9.     Хрестоматия по истории зарубежной педагогики./Сост. Пискунов А.И. – 2-е изд. – М., 1981. – 348 с.

10.Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. А. 2005

11.Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. А. 2005

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 16:19:19     Қаралды-23019

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »