UF

Балықтардың экологиясы

 

Теңіздерде, тұщы суларда, ыстық қайнарларда және жерасты үңгірлердегі көлдерде тіршілік ететін көне омыртқалы жануарлар. Балықтардың біреуі судың үстіңгі қабатында тіршілік етсе, басқалары судың терең астында, ал тіпті судың терең түбінде де тіршілік ететін балықтар бар. Тірщілік ортасына байла*нысты олардың дене пішіні де алуан түрлі болады. Денесі үлкен қабыршақпен жабылған, екі бүйірі қысыңқы болып келеді. Реңі де сол тіршілік ортасына тікелей байланысты болады. Күн жарығы мол түсетін судың үстіңгі қабатындағы балықтардың реңі мөлдір, жоны- мен бауырының әр түсті болатындығы белгілі. 150-480 метрге дейінгі терендікте күмісше жылтыраған балықтар тіршілік етеді. Ал күн сәулесі нашар өтетін, әсіресе қызыл сәуле түспейтін су тереңдігіндегі балщқтардың көпшілігі қызыл және қызыл сары түске боялған. Су тереңдігіндегі балықтардың көпшілігі қызыл түстен басқа, күлгін және қара түсті болып келеді. Балықтар өсімдік тектес азықтармен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Жыртқыш өкілдері үсақ балықтарды ұстап жейді, кейде өздерінің туыстарын да жей береді. Теңіздегі қоректік байланыстар тізбегінде сүтқоректілер үшін балықтар негізгі азықтық қор. Мысалы, балықтармен морждар, тіблеңцер, теңіздің ит мысығы (котик), тісті киттер, сол сияқты олармен су жануарлары - құндыздар, норкалар және кейбір жыртқыштар - қасқыр, аюлар қоректенеді. Балықтармен медузалар, басаяқты моллюскалар, шаянгөрізділер, тікентерілілер қоректенеді. Өлген балықтарды шаяндар да жейді. Балықтарды және олардың уылдырықтарын қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар (жыландар мен крокодилдер), су құстары тамақ ретінде пайдаланады. Балықтар сорғыш және таспа паразитгік құртгардың аралық иесі қызметін атқарады.

Қазақстанның табйғат қорғау "Қызыл кітабына" балықтың 4 түрі тіркелді: Сырдария тасбекіресі, Каспий албырты, арал албырты, шортан тәрізді ақмарқа (Лысач).

Балықгарды қорғау. Дүниежүзінде балықтың 20 мыңға жуық түрі бар. ТМД суларында балық түрі 1500-дей деп саналса, соның 250-300 дейінің кәсіпшілік маңызы бар. Қазіргі кезде дүние-жүзінде жылына 70 миллион тонна балық ауланса, соның 10% ТМД елінің үлесіне тиеді. Жалпы бекіре түқымдас балықтың 95-97 пайызы ТМД территориясыңдағы сулардан ұсталады. Бізде ақсаха (сиги) бекіре, хамса, табан, сазан, камбала балықтарының қоры мол.

Қазір өр түрлі елдерде адамга қажетті белоктік заттар арасында балықтан жасалған тағам үлесі 17 пайыздан 83 пайызға дейін деп саналады. Көптеген елдердің экономикасында балықтың алатын орны ерекше.

Сулы өңірлерде таралган балықтың ішінде Қазақстанда 150-ден астам түрі кездеседі. Олардың ішіңце сазан, кексерке, табан, ақмарқа сияқты бағалы түрлері бар. Қазақстан балық шаруашылыгы жөнінен РСФСР мен Украинадан кейін үшінші орын алады, ал ішкі су қоймаларында бағалы сазан, көксерке, табан, шортан, жайын балықтарын аулауда РСФСР-даи кейінгі екінші орында келеді.

Кейінгі он жыл ішінде ең багалы көеіпшілік маңызы бар (қорытпа, бекіре, албырт туыстары) балықтардың қоры күрт азаюда. Балықтардың қорының азаюына әсерін тигізген көптеген факторлардың ішівде мыналарды атауға болады.

Есепсіз аулау - бұл қүбылыс көпшілік теңіздер мен ішкі су көздеріңде кеңінен таралған. Есепсіз аулау салдарынан есеймеген жас балықтарды аулап, олардың популяциясына әсерін тигізіп, сандарының өсуіне кедергі жасап, тіпті сол түрдің құрып кетуіне себепші болады. Балық шаруашылығының ең басты міндеті есепсіз аулаумен күрес жүргізу.

Суды лайлау мен уландыру да балықтардың қорына керісінше әсерін тигізеді. Теңіз және тұщы су қоймаларының өртүрлі заттармен ластануы қазіргі жағдайда кең өріс алып келеді. Әсіресе өндіріс орындарының құрамында ауыр металдардың тұздары, синтетикалық жуу құралы, радиоактивті қалдықтар мен мүнайы бар сулармен таза суларды ластауы онда тіршілік ететін балықтар үшін ете қауіпті. Кейінгі жылдары агын суларды тазалау, ластатгырмау бағытында көптеген жүмыстар жасалуда, деседе, алдағы уақытта да бұл бағытта істейтін жүмыстар да көп-ақ.

Гидротехникалық қурылыстар. Өзендерде ретсіз тоғандар салуда балықтардың санының өсуіне керісінше өсерін тигізеді. Өзен бойына салынған тоғандар уылдырық шашуға аттанған балықтарға кедергі жасап, дер кезінде белгілі бір жерге уылдырығын шаша салмайды, сөйтіп балықтардың табиғи көбею процесіне кедергі жасайды. Бұл салада да біраз жүмыстар жасалыңцы, шаралар қолданылды. Мамандардың пікірі бойынша ондай тоғандарды балық өсіретін балық заводы орналасқан жерлерге жақын жасаған жон дейді, себебі тоғанға келіп тоқтаған үсақЪІабақтарды үстап алып пайдалануларына болады.

Тоған салған жерде судың да деңгейі тұрақты болмай, бірде жоғары, бірде төмен түсіп балықтардың тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туғызады. Мысалы, судың деңгейі 8 метрге дейін көтеріледі. Ондай жағдайда тоғандар биогендік затгарды үстап қалып, фитопланктондармен басқа организмдердің дүрыс дамуына жағдайсыз болып, нәтижесінде балықтардың тамақ қорын азайтады.

Тұщы өзен суларының теңізге аз мөлшердс қүйылуы, теңіз суыңың түздылығын сақтайды да, онда тіршілік ететін балықтардың өміріне қауіп туғызады.

Өзендердің де таяздауы балықтар қорына әсерін тигізеді, санын азайтады. Өзендердің таяздау себептері көпшілік жағдайда суландыру мақсатында азаяды. Өзендердің суының деңгейін көтеру үшін көптеген шешімі табылмаған шаралар ойластырылуда. Егерде өзен мен мүхит суларының деңгейін көтеретін болса, ол тек балықтар үшін ғана емес, шаруашылығына, жергілікті ауа-райына, тағы басқа да шаруашылықтарға маңызы зор.

Тұщы су балықтарын қорғаудағы ең маңызды мәселе олардың уылдырық шашатын жерін, қыстайтын шүңқырларын қорғау және қыста қатып қалмау шараларын үйьшдастыру қажет. Су қоймаларының балық өнімін арттыру үшін балықтарды жерсіндіру жүмысын жүргізу қажет және балықтың негізгі қорегі жануарлар мен өсімдіктерді де жерсіндіру керек. Әсіресе ішкі су қоймаларындағы балықтардың қорын көбейтуге және оларды қорғауга ерекше көңіл бөліп отыр. Жыл сайын өзен мен көлдерге миллиардтан артық өте бағалы балық түрлерінің шабақтарын (мальков) жібереді, оның ішінде 100 миллионнан артығы бекіре балықтары. Елімізде кейінгі үш жыл ішінде балық есіретін заводтар саны өсуде, 18 балық өсіретін заводаар жұмыс істеуде. Алдағы уақытта балық өсіретін заводтар санын көбейту көзделіп отыр.

Өлкеміздегі теңіздеріміз, көлдеріміз бен езендерімізде бағалы кәсіптік балықтарды өсіруге мүмкіндік туғызып, оларды көптеп аулау да негізгі міндетгердщ бірі. Балық - халық байлығы. Оның қорын молайтуға қамқорлық жасау - балық корғау инспекциясының, балық аулаумен шүғылданатын көсіпорындардың, су шаруашылық орындары басшыларының абыройлы ісі. Бұл маңызды іске бүкіл жүртшылық белсене қатысуға тиіс. Ол үшін ең алдымен балық шаруашылығын мықты ендірістік негізде құру, су қоймаларын ластанудан қорғау және аулауға тыйым салынған балықтарды аулауға қарсы күресу шараларын жүргізу қажет.

Балық қорын қорғауда біздің елімізде жарық көрген қаулы-қарарларда бар. "ТМД суларындағы балық қорын қорғау, балық шаруашылыгын жүргізу туралы ережелері" және Қазақстанда "Балық аулау ережелері" бар. Бұл ережелерде жарылғыш, улы заттармен, мылтықпен, уландырғыш заттармен, сүзгімен, шлюзбен тоғандарда балық үстауға болмайтынын айтқан.

Ережелерде кәсіпшілік аулау қай уақытта, қай жерде болу керек айқындалған, сол сияқты аудың тор көздерінің мөлшері көрсетілген.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 18:34:16     Қаралды-6008

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »