UF

Жоспар.

 

І. Кіріспе

                 1.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

                 1.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру кезінде жүргізу  үшін бухгалтериялардың құрылуы.

                 1.3. Бюджеттік есеп пен есептіліктің негіздері

 

ІІ. Негізгі бөлім

                 2.1. Есеп түрлері

                 2.2. Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны

                 2.3. Бухгалтерлік есептің ұйымдастыру принциптері

 

Қорытынды:

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

1.1.   Есепті ұйымды ұйымдастырудың негізгі ол шарттары бухгалтерлік есепті мемлекеттік басқару болып табылады. Есепті компьютерлендіру, оны жүргізудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану алғашқы есеп пен құжаттар айналымының дұрыс қойылған жүйесі, қызметкерлердің іскерлік қабілетін арттырумен қатар есепті мемелекеттік басқару есептің тиімді жүйесін құруды қамтамассыз етеді. Есепті жалпы мемелекеттік басқаруды қаражат Министрлігі, статистика және талдау жөніндегі Мемелкеттік Комитет, салалық министрліктер мен ведомстволар атқарады.

         Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепке және кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп берулеріне жалпы методикалық басшылық жасайды, статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет пен келісе отырып, счеттардың жоспарын, бухгалтерлік есептің түрлерін және оларды қолдану жөніндегі Мемелекеттік Комитетепен бірлесе отырып бухгалтерлік есеп берудің түрлерін бекітеді.

         Статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік комитете министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен өзара байланысты статистикалық көрсеткіштердің жүйесін және статистика мен есептің біріңғай ғылыми методологиясын жасайды, есеп пен статистиканы жетілдіру, есеп берудің түрлерін қысқарту және бір ізге салу жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізеді, қаражат Министрлігімен бірлесіп бухгалтерлік есеп пен статистиканың көрсеткіштері мен түрлерін жетілдіру жұмысын жүргізеді; есеп пен есеп беруді компьютерлендіру жөнінде шараларды іске асырады; өзінің есептеу қондырғыларында құжаттарды жоспарлы және басқа экономикалық есептеулерді жөндеуді ұйымдастырады; математикалық басшылықты іске асырады және осы салада тәжірибе алмасуды ұйымдастырады; халық шаруашылығы есеп беру мәліметтерінің дұрыстығын тексереді.

         Салық министрліктері мен ведомстволар кәсіпорындарындағы алғашқы есепті ұйымдастырады, олар үшін құжаттардаң типтік мамандандырылған түрлерін бекітеді;

есепті компьютерлендіру оның әдістері мен түрлерін енгізу жөніндегі шараларды жүргізеді;

есеп және байланыстарды құрайды;

құрама (жинақталған) есеп берулер мен баланстарды жасайды; және аудиторлық жұмыстарды ұйымдастырады.

         Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орныдауына жедел басшылық жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызы құралы есеп беріп отыру болып табылады.

         Есеп беру – жеке учаске (бөлімше) және тұтастай кәсіпорын былайша жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылап отыруға қызмет етеді. Есеп берудің көмегімен кәсіпорындардың жоспарлы тапсырмаларды орындауына бақылау жасайды. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның ағымдағы және болшақтағы жоспарларын жасағанда базарлық қызмет атқарады. Есеп берудің негізгі салық салу, кәсіпорынның өндірістік-қаражат қызметіне талдау жасау, қысқа және ұзақ мерзімді қарыз беру тәртібінің сақталуына бақылау іске асырылады. Мазмұны бойынша есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.

         Стаистикалық есеп беруде халық шаруашылығы жоспарының орныдау көрсеткіштері (өндірістің көлемі, еңбек, өнімнің өзіндік құны бойынша) сипатталады.

         Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат көрсеткіштері бойынша (өндіріс, өнімдердің өзіндік құны және өнімдерді өткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары) жоспарының орындалуы сипатталады.

         Статистиакалық және бухгалтерлік есеп берулер мерзімді (бескүндік, онкүндік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және тоғыз айлық) және жылдық болады. Соңғысына мәліметтердің барынша кең шеберді және онда кәсіпорынның өндірістік және қаражат қызметі сипатталады.

         Есеп беруді жасаудың тәртібі, адрестерді, беру мерзімі және қаралуы бухгалтрлік есептер мен баланстар жөніндегі ережеде көрсетілген.

         Ауылшарушылық кәсіпорындарындағы есеп бухгалтерлік есеп счеттарының жоспары бойынша ұйымдастырылады. Оны халық шарушылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін, ауылшаруашылық кәсіпорындарының ерекшелігін ескеретін толықтырулармен қаражат Министрлігі статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен келісіп бекіткен. Қосымшада бухгалтерлік есеп счеттарының жоспары келтірілген, ол оқулықтың тексті бойынша счеттардың шифрларын пайдалануға мүмкіндік береді.

         Ауылшарушылық кәсіпорындары бухгалтерлік есептің екі түрін журналдық-ордерлік түрін есепті қол еңбегімен жүргізілетін шаруашылықтар пайдаланады.

         Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін есепті жеке компьютерлер және басқа есептеу машиналарының көмегімен іске асыратын шаруашылықтар пайдаланады. Есептің бұл формасының регистрлары-машинограммалар, талдамалық және синтездік есептерді ұштастырады. Есептеудің бұл түрі есептеу процесін іс жүзінде толық автоматтандыруға негізделген. Оны қолдану есеп қызметкерлерінің қол еңбегін барынша азайтып, талдау, бақылау меншіктің сақталуын қамтамассыз ету мәселелеріне көбірек назар аударуға мүмкіндік береді.

         Орындалатын операциялар алғашқы құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған және автоматты өңдеу биімделген. Құжаттардың, бухгалтерлік есептің журналдық-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері белгіленген тәртіппен бекітіледі. Өндірістік бөлімшелерде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі, әдеттегідей, жүргізілмейді. Бөлімшелердің (фермалар, цехтар) бухгалтериялары алғашқы құжаттарды, материялдық игіліктердің қозғалысы (кіріс-шығысы) жөніндегі берілген есептеуді қабылдайды және жүйеге келтіреді, есептесу-төлем ведомстволарын жасайды, жалгерлік ұжымдардың және ішкі шаруашылық кооперативтерінің басқа да бөлімшелердің дербес (лицевой) счеттарын қабылдайды. Солардың негізінде жасалған құжаттармен бірге дербес счеттар шаруашылықтың орталық бухгалтериясына тапсырылады. Мұнда өндірістік бөлімшелерден және сырттан түскен құжаттардың мәліметтері жинақталады да олардың негізінде есптеу регистрларына (журнал, ордерлер, ведомстволар)  жазылады. Олар бас кітапты, балансты және есеп берудің басқа да түрлерін толтыруға негіз болады. Егер шаруашылықта есептеу автоматтандырылған болса, өндірістік бөлімшелерден түскен алғашқы құжаттарды бухгалтерия тексереді, оларға тиісті кодтарды қойып топтап буады, содан кейін компьютерлік қондырғыға тапсырады. Онда құжаттар өңделіп, шарушылыққа тиісті машинограммалар беріледі. Жергілікті қатынастар жағдайында материялдық игіліктерді, еңбекке ақы төлеуді, өндірісті есептеу елеулі түрде жеңілдетеді. Жалгерлік ұйымдардың басшылары барлық ресурстарды, кірістер мен шығыстарды есептеуді өздері жүргізеді. Жалға берушінің бухгалтериясына барынша шектелген ақпараттар беріледі.

         Есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есептеу жұмыстары кестелерінің үлкен маңызы бар. Оларды қолдану құжаттар айналымын тездетуге және есептеудің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Алғашқы есепті, құжаттар айналымын және есеп беруді ұйымдастырғанда бухгалтерлік есептегі құжаттар және құжаттар айналымы жөніндегі ережені басшылыққа алу керек. Пайдаланылған құжаттар болып кәсіпорынның архивіне өткізілуі тиіс.

         Тұрақты және ұзақ уақытқа сақтау үшін іріктеп алынған іс қағаздары (мықты жіппен төрт жерден тесіліп тігілген немесе түптелген құжаттар) архивке өткізу алдында тәртіпке келтіріледі. Оларды құрудың дұрыстығы тексеріледі, тақырыптарды дәлелдеп белгіленеді, іс қағазының соңында куәландырушы жазуы болуы тиіс. Онда реті қойылған беттердің саны көрсетіледі. Құжаттарды сақтауға, жоюға іріктеп алудың іс қағаздарының тізімін жасаудың тәртібі мен методикасы Бас архив басқармасының нұсқаулары мен ережелерінде анықталады.

         Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін кәсіпорында бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және қаражат тәртібінің сақтауын бақылау міндеттейді. Бухгалтериялардың жұмысы министрліктерде, ведомстволарда, бірлестіктерде, министрліктердің бас басқармасында және басқа басқару оргындарында бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.

         Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұмысын бас бухгалтерлік жөніндегі Ережеге сәйкес іске асырады.

         Бас бухгалтер есеп пен бақылауды, ақша қаражаттары мен материяладық игіліктердің толық сақталуын қамтамассыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Бас бухгалтерге өзіне жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік жасайтындай құқықтар берілген.

         Мысалы, бухгалтерлік есеп және есеп берумен айналысатын барлық қызметкерлер бұл мәселелер бойынша бас бухгалтерге бағынады. Ол бухгалтерия қызметкерлерінің жұмыс бабындағы міндеттерін белгілейді; бас бухгалтердің операцияларды хаттау және бухгалтерияға талап етілген құжаттар мен мәліметтерді тапсыру жөніндегі тапсырмалары мен әмірлері кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады;

бас бухгалтердің нұсқаулары мен әмірлерін орындамағаны немесе бармағаны үшін айыптыларға басшының шешімі бойынша силықтары толық немесе ішінара білмейді, ол қажет болған жағдайда олар белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады;

кәсіпорынның, жұмыстың маңызды көрсеткіштері бойынша жоспарды орындауы жөніндегі есеп берулер мен баланстарға , сондай-ақ статистикалық есептерге бас бухгалтер қол қояды. Ол сондай-ақ ақшаны, материялдық және басқа игіліктерді қабылдауға және беруге негіз болатын, кәсіпорынның қарыз беру және есеп айырысу міндеттері көрсетілген барлық құжаттарға қол қояды.

         Бас бухгалтердің ақша қаражаттарын, материялдық және басқа игіліктерді қабылдаудың, кіріске алудың, сақтаудың және жұмсаудың қолданыстағы заңдылықтарды және белгіленген тәртәптерін бұрмалайтын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және хаттауға қабылдауға құқы бар. Өзінің міндеттерін орындамағаны немесе жеткіліксіз орындағаны үшін бас бухгалтер қолданыстағы заңға сәйкес жауап береді.

         Нарықтық қатынас жағдайында бас бухгалтердің және басқа есеп қызметкерлерінің жеке тұлғасының үлкен маңызы бар. Оларға биік талаптар қойылады. Бұл талаптар мәңгілік, ізгілікті қасиеттерге негізделуі тиіс. Олар "бизнестің мына өсиетімен" тұжырымдалған:

Өкіметке құрметпен қара.

Өкімет – кез келген қоғамдағы тәртіптің қажетті шарты, тек қана өзіңнің бастығыңды немесе өзіңмен дәрежесі тең адамдарға ғана құрметпен қарау жеткіліксіз; осындай қатынасты талап етуге бағыныштылардың да құқы бар.

         Мақсатқа жету жолында үнемі ілгері ұмтыл, бойыңдағы барлық күш жігеріңді жұмса, уақытты, қаражатты, талантыңды ұтымды пайдалана біл.

1.2.   Субьектінің басшысы осы жарлықтың талаптарына және осы субьектінің қажеттерін сай келетін есепке алу жүйесін құруды әрі бухгалтерлік есеп берудің ұйымдастырылуын қамтамассыз етеді.

         Басшы есепке алу жұмысының көлеміне қарай;

  1. Бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құрады.
  2. Штатқа бас бухгалтерлер мазмұнын енгізеді.
  3. Бухгалтерлік есепке алу ісін жүргізеді штаттық негізде мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға немесе маман бухгалтерге береді.        

Бас бухгалтерлер (штатта бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда бухгалтер) субьектінің бухгалтерлік есепке алуын жалпы жүргізуді жүзеге асырады, осы жарлықтың ережелерін, бухгалтерлік есепке алу стандаттарын, қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын және қаржылық есеп берудің форматын сақтайды.

         Қаржылық есеп беруге мыналар кіреді:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп;
  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

Қаржылық есеп беру уәкілді орган бекіткен бухгалтерлік есеп алу стандарттарының талаптарына сай басқа да материялдарымен толықтыруы мүмкін.

Бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің оңайлатылған нысаны уәкілді орган бекіткен бухгалтерлік есепке алу стандарттарымен анықталады.

Шаруашылық операцияларымен олар жөніндегі есептер ұлттық валютамен – Қазақстан теңгесімен бағаланады және жүргізіледі.

Шетел валютасымен жасалған операциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі операция жасалған күнге белгіленген Қазақстан теңгесінің бағалы қолданыла отырып ескеріледі.

1.3.   Бюджеттік заңнамаларымен бюджеттерді атқару жөніндегі есеп беруді қарау мен бекіту қарастырылған. Бюджетті атқару бойынша есеп беруді бюджеттік ақша алушылар мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері есептемеліктерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган дайындайды.

         Бюджетті атқару жөніндегі барлық есеп берулерді құру негізгі болып бюджеттік есеп болып табылады.

         Бюджеттік есеп – ол бюджеттік операциялар жөніндегі ақшалай түрде ақпараттарды жинау, тіркеу және қорытудың ретке салынған үздіксіз деректі жүйесі. Бюджеттік есепті жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тағайындайды.

         Ауыстырмалық операциялар мен олрдың есебі Ұлттық банкте ашылған Біріңғай қазынашылық шотта жүргізіледі. Бұл шот бақылаулық шоттар мен мемлекеттік мекемелердің шоттары келісілер:

  • жеке және заңды тұлғалардан қайырымдылық пен демеушілік түрде түсетін ақшалардың түсуі мен жұмсауының есебі үшін арналған шот;
  • мемлекеттік мекемелердің уақытша иелігіне түсетін ақшларды есепке алу үшін арналған депозиттік шот;
  • бюджеттік инвестициялық жобаның шетел валютасындағы арнайы шотқа Ұлттық валютадағы шот;
  • бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мерзімінде ақшаларды есепке алу мен пайдалану үшін арналған шетел валютасындағы шот;
  • мемлекеттік мекеменің айрықша шығыстарын жүргізуге қажетті ақшаларды есепке алу мен жұмсау үшін арналған нақтылы қаржыларндыру шоты;

Осы шоттардың мәліметтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі есептемелердің барлық түрлері құрылады. Есептемелерді дайындаушылар бойынша бюджетті атқару жөніндегі есеп берулер төрт топқа бөлінеді. Олар:

  1. Мемлекетік мекемелердің есеп беруі;
  2. бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің есеп беруі;
  3. бюджет атқару жөніндегі уәкілетті органның есеп беруі;
  4. үкімет пен жергілікті атқарушы органдарының есеп берулері;

Барлық есеп берулер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылады және ұсынылады. Республикалық бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құру мен ұсыну тәртібі Қ.Р.Президенті тағайындайды.

Бюджетті атқару жөніндегі есеп беру келесі талаптарды сақтау арқылы құрылуы тиіс:

  • нақталы, яғни атқарылған бюджеттік операциялар есебі қателіксіз және дұрыс болуы;
  • толығу, яғни есеп беруде барлық қажетті ақпарат болуы;
  • сәйкестік, яғни есеп беру құруда Бюджеттік кодекс пен басқа да нормативтік актілер ережелерінің сақталуы.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі есеп беруді ұсыну, қарау және бекіту.

Республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өткен қаржы жылғы республикалық бюджетті атқару бойынша жылдық есепті.

Қазақстан Републикасы Үкіметіне, бюджетті атқару бойынша уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органына ұсынады. Бұл республикасық бюджетті атқару жөніндегі жылдық есеп беру бекітілген,  анықталған, түзетілген республикалық бюджетті және оның кассалық атқарылуын көрсетуі тиіс. Есепке қосымша ретінде түсіндірме хат және бюджеттің түсімдері бойынша атқаруы мен республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мен олардың тиімділігінің бағалаулы жөнінде аналитикалық есеп қоса тіркеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламент пен Есеп комитетіне ұсынған өткен қаржы жылғы республикалық бюджетті атқару жөніндегі жылдық есеп Мәжіліс пен Сенетта Есеп комитетінің тұжырымын алғаннан кейін қаралып, Парламент палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.

Ал облыс, республикалық маңызы бар қала бюджеттерін атқару жөніндегі есептер Бюджет кодексында белгіленген тәртіппен тиісті Маслихаттар сессияларында қаралып бекітіледі.

Қаржы және салық органдары, қазынашылық және бақылаушы органдар мен басқа да  ведомстволар жүргізетін бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау бюджеттік процестің маңызды бір элементі болып табылады. Бұл талдау барлық кезеңдерде жүргізіледі – бюджетті қалыптастыруда, динамикалық өзгерістер мен басқа да параметрлерінде, бекітуде және атқаруда.

2.1 Есеп түрлеріне шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне оперативтік, статистикалық және бухгалтерлік есептер кіреді.

Оперативті есеп – кәсіпорынның іс - әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, есептері) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу  жүйесі болып табылады.

Оперативті есептің негізгі талабы – мәліметтерді алудың шапшаңдығы болып табылады. Есепті бухгалтерлер, диспечерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.

Статистикалық есеп. Экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама – көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстығы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп.

Кәсіпорынның шарушылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады.

Бұл Қазақстан

Республикасың бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңнамалармен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясаты мен («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6 - бабы) реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпарптты жинау, тікеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын арттырады.

Салықты есеп.

Бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайданалады.

Шаруашылық есептің қамтитын объектілері саңдық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.

Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограм, литр, метр) түрлірі, сұрыптары, мөлшері және тағы да басқа сол сияқты, шамалар мен өлшеуіштер қолданылады.

 Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен (күндер, сағаттар, минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді.

Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленді, еңбек өнімділігі, жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.

Ақшалай өлшеуіштер (теңге, тиын, доллар) шаруашылық құралдарын, олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы іс - әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.

Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара  байланыстырып есептерде қолдану тек кәсіпорын, саға бойынша елес, бүкіл Республика ауқымында да қорытындыланған көрсеткіш алуға мүмкіндік береді.

2.2. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнеледі. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:

Қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушыларымен, транспортық ұйымдармен арада туындаған қарым – қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады:

Өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептеп шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі:

Өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері, өткізу жөніндегі шығындар (буып –түю, орау, іріктеу тасмалдау):

субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет күшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.

Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс үйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көздеген мақсаты бойынша жіктеледі.

 

Құралдардың түрлері мен

орналасуы бойынша жіктеу.

 

 

2.3 Бухгалтерлік есептің принциптер өндірісте бар, айналымдағы және саладағы құралдар бойынша бөлінеді;

Негізгі құралдар.

Өндіріс процесін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысында (бір жылдан астам) қатысады.

Өндіріс барысында олар бірте – бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының болігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте – бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.

Материалдық емес активтер бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге  жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет)арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай – ақ рецептура, технологиялық регламент, «ноу – хау» құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай күнын бірте – бірте төмендеу (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халқаралық рыноктағы да сату – сатып алудың мәні болып табылады.

Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық жылдық табысты алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында «тұрақты, белгіленген активтер» (Салық кодексінің 105 - бабында) белгіленген.

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

Субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салу.

 

 

Айналымдық қаржы.

Қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзімнің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен осады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналымға қаржыдан тұрады.

Айналымдық өндіріс құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, біттеген өндіріс) жатады.

Айналатын процеске қызмет өтетін құралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы, субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, кұнды қағаздар, әр түрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.

Дебиторлық борыш.

Субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құралдары болып саналады.

Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа марзімдік (бір жылға дейін) болады.

Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізінде оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі ретінде салынған.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Е.Т.Төлегенов, В.Қ.Радостовец, Л.Г.Продан, Қ.Кеулімжанов. "Ауылшаруашылық кәсіпорын бухгалтерлік есеп". Алматы 1994 жыл
  2. Өтебаев, Бегіндік Сауытұлы. "Мемлекеттік бюджет". Экономика 2006-2000 жыл
  3. Әбдіқалықов Т. "Бухгалтерлік есеп және аудит" Алматы 2000 жыл
  4. Әбдіманапов Ә. "Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері" Алматы 2005 жыл
  5. Бабаев Ю.А. "Теория бухгалтерского учета" Москва 2001 год
  6. Белов А.Н. " Бухгалтерскии учет в бюджетных учреждениях". М"Финансы" 1990 год
  7. Ильясов К. "Государственный бюджет". изд. "Қаржы-Қаражат", Алматы 1994 жыл
  8. Радостовец В.К. Ғабдулин "Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп" Алматы 2003 жыл
  9. Н.П.Кондраков, Н.Н.Кондраков "Бухгалтерский учет в бюджетных организациях" 1999 год
  10. Кодекс РК "Оналогах и других объязательных платежах в бюджет"
  11. Ковалев В.В. "Финансовый анализ" Москва 1995 жыл
  12. Дүйсенбаев В.Г. "Теория бухгалтерского учета" Москва 2002 жыл
  13. Егембердиева С.К. "Аудит и анализ"
  14. Либерман Л.В. "Учет материальных ценностей" Москва 1989 жыл
  15. Өтебаев "Мемлекеттік бюджет"    

    

 

   

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-06-18 20:18:22     Қаралды-12666

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »