Компьютерлік вирустар және вирустарға қарсы жабдықтар
Компьютерлік вирус бұл программалық код, оны басқа программаға немесе құжаттарға немесе тасымалдаушылардың белгілі облыстарына санкцияланбаған іс-әрекеттерді орындауға арналған программа.
Компьютерлік вирус типтері:
- Программалық вирустар;
- Жүктемелі вирустар ;
- Макровирустар;
- Троян аттары.
1. Програмалық вирустар - бұл қолданбалы программалар ішіне мақсатты түрде орнатылған програмалық кодтың бөлігі. Құрамында вирусы бар программаны жүктеу барысында вирус пайдаланушыға бөлінбей іс-әрекетін орындай бастайды. Мұндай вирустар басқа программаның құрамында өзінің көшірмесін дайындайды. Бұл процесс көбею деп аталады. Белгілі уақыт өткен соң және қажетті көшірмелердің программасы дайын болған соң бұзу іс-әрекетіне кірісе бастайды: программаның және операциялық жүйенің жұмысын бұзады, ақпараттарды өшіреді. Бұл процесс вирустық шабуыл деп аталады.
2. Жүктемелі вирустардың программалық вирустардан айырмашылығы таратылу әдісінде. Олар магниттік тасымалдаудың кейбір бөліктерін зақымдайды. Сонымен қатар компьютер қосылып тұрғанда жедел жадта орналасады. Яғни жедел жадтан қатты дискінің жүктеу секторына өтеді. Бұл компьютер вирус тасымалдауға айналады.
3. Макровирустар – құрамында макрокомандалары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды зақымдайды.
4. Троян аттары – бұл вирустар компьютердегі ақпараттарды өзімен алып кетеді, ал компьютердегі программалар зақымданады.
3. Қазақстан Республикасындағы компьютерлiк ақпаратты қорғаудың заңдық-құқықтық аспектiсi. (1сағат)
Қазiргi таңға дейiн көптеген мемлекеттердiң Қылмыстық Кодекстерi қоғам мен мемлекеттiң құқығын тек материалдық сферада қамтамасыз етсе, коммуникация мен ақпараттық технологиялардың шапшаң дамуының нәтижесi, компьютерлiк ақпараттардың құқықтық қамтамасыз етiлуiн күн тәртiбiне қойды.
Алайда, әлемнiң әртүрлi мемлекеттерiнде қолданылып жатқан компьютерлiк қылмыстарға тиiстi Қылмыстық кодекстерi мен құқықтық аспектiлерi де әр қилы.
Оны McConnell International деп аталатын трансұлттық консалтингтiк компаниясының әлемнiң 52 елiн қамтыған, 2001 жылғы жүргiзген “Киберкеңiстiктегi қылмыстар мен шаралар ” атты зерттеуiнiң қорытындысынан байқауға болады.
Дүние жүзi бойынша ең алғаш копьютерлiк қылмыстар үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартқан мемлекет Америка Құрама Штаттары болатын. Өйткенi онда компьютерлiк қылмыстар басқа мемлекеттерге қарағанда ертерек орын алған.
1998 жылдан бастап Қазақстанда Республикасында компьютердiң жаппай қолданысқа енуi бiздiң мемлекетiмiзде компьютерлiк ақпараттар мен технологияларды құқықтық қамтамасыз ету қажеттiлiгi туады.
ЭЕМ-ге ЭЕМ желiсiне кiре алатын адамға осы жүйеде заңды түрде жұмыс iстейтiн, бiрақ өзiнiң атқаратын жұмысы бойынша нақты белгiленген мiндеттердiң шегiнен шығып, компьютерлiк ақпараттағы өзiне жүктелмеген басқа мiндеттi ол әдейi орындап, жоғарыда көрсетiлген жүйе мен олардың желiлерiн пайдалану ережелерiн бұзатындар жатады.
Ақпарат ресурстарының, жүйелерiнiң, технологияларының меншiк иесi болып, осы обьектiлерге толық көлемде иелену, пайдалану және билеу құқығын жүзеге асыруға құқылы субьектiлер танылады.
Ақпарат ресурстарының, жүйелерiнiң, технологияларының иеленушiлерi болып, осы обьектiлерге толық көлемде иелену, пайдалану және заңда белгiленген шекте билеу құқығын жүзеге асыруға құқылы субьектiлер танылады.
Қылмыстың обьективтiк жағынан мiндеттi белгiсi-Қылмыстық кодекстiң 227-бабының 1-тармағында көрсетiлген зардаптың орын алуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 7-тарауы Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға арналған. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлерiнiң бiрiне – компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану және тарату (227-бап).
Компьютерлiк ақпаратты қылмыстық - құқықтық нормамен қорғау Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнде тұңғыш рет көрсетiлiп отыр. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай арнаулы бап болмаған. ТМД-ға кiретiн мемлекеттердiң компьютерлiк ақпарат саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 227-бабына елеулi өзгерiстер енгiзiп, осы тұрғыдағы қылмыстарды жасағаны үшiн жауаптылық күшейтiлдi. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану және тарату негiзiнен қоғамның экономикалық саласындағы қоғамдық қатынастарында орын алады.Осыған орай заң шығарушы көрсетiлген норманы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 7-тарауына Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар санатына қосқан.
Заңмен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, ЭЕМ-дағы, ЭЕМ жүйелерi немесе олардың желiсiндегi ақпаратқа кiре алатын адамның ЭЕМ-дi, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiлерiн пайдалану ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға әкеп соқса- компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану және тарату деп танылып, кiнәлi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 227-бабымен жауапқа тартылады.
Қылмыстың тiкелей обьектiсi - компьютерлiк ақпаратты қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар. Обьективтiк жағынан қылмыс мынадай әрекеттермен сипатталады: заңмен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, ЭЕМ-дағы, ЭЕМ жүйелерi немесе олардың желiсiндегi ақпаратқа кiре алатын адамның ЭЕМ-дi, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiлерiн пайдалану ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға әкеп соғатын әрекеттер арқылы заңды және жеке тұлғалардың, қоғамның, мемлекеттiң заң қорғайтын мүдделерiне мүлiктiк я болмаса басқадай зиян келтiру (227-баптың 1-бөлiгi).
Қылмыстық Кодекстiң 227-бабының 2-тармағында осы қылмыс құрамының ауырлататын түрi көрсетiлген: олар адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған немесе адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, жасаған әрекеттер. Алдын ала сөз байласып жасалған қылмыс пен ұйымдасқан топ жасаған қылмыстың түсiнiгi Қылмыстық Кодекстiң 31-бабының 2 және 3-тармақтарында айтылған.
Адамның өз қызметiн пайдалана отырып, қылмыс жасауы түсiнiгi Қылмыстық Кодекстiң 141, 228, 307-баптарында берiлген. Субьективтiк жағынан қылмыс тек қана тiкелей қасақаналықпен iстеледi.
Қылмыс пайдакүнемдiк немесе бұзақылық, кек алу немесе көре алмаушылық және т.б. болуы мүмкiн. Қылмыстық Кодекстiң 227-бабының 1-тармағында көрсетiлген қылмыс субьектiсi- 16-ға толған, есi дұрыс адам болып табылады. Сондай-ақ ЭЕМ-ге ЭЕМ жүйесiне немесе олардың желiсiне кiре алатын адам болып табылады.
Ал, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қылмыстың субьектiсi болып жай адамдар, сондай-ақ қызмет бабын пайдаланатын адам танылады.
Қылмыстық Кодекстiң 227-бабының 3-тармағында: ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу, сондай-ақ осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану немесе тарату үшiн жауаптылық белгiленген. Яғни Қылмыстық Кодекстiң 227-бабының 3-тармағында зиянды компьютерлiк вирусты жасаған және таратқаны туралы сөз болып отыр. Мұндай компьютерлiк вирустың қоғамға қауiптiлiгi сол, ол бүкiл компьютерлiк ақпарат жүйелерiнiң қызметiн дағдарысқа ұшыратып, оның ұзақ уақыт жұмыс iстемеуiне, одан кейiн кенеттен iске қосылып, компьютерлiк бағдарламаларда пайданылатын қорғаныс, космос, мемлекеттiк қауiпсiздiк, қылмысқа қарсы күрес салаларының қызметiн апатқа ұшыратуы мүмкiн.
Қылмыс обьективтiк жағынан ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға көпе көрнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу, сондай-ақ осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану немесе тарату арқылы көрiнедi.
ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламалар жасау және тарату деп- ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға көпе көрнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу яғни зиянды вирус енгiзу әрекеттерiн айтамыз.
Зиянды бағдарламаларды көбейту, тарату немесе (яғни оның көшiрмесiн белгiсiз адамдарға беру), сондай-ақ оны айналымға енгiзетiн басқа да әрекеттердi iстеу осындай бағдарламаны пайдалану деп танылады.
ЭЕМ жұмысына, ЭЕМ жүйесiне немесе олардың желiсiне зиянды бағдарламаларды енгiзу, сондай-ақ оларды сату, сыйға беру немесе басқаларға тегiн үлестiру осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды тарату деп танылады.
Қылмыс осы баптың диспозициясында(227-баптың 3-тармағы) көрсетiлген әректтердiң бiрiн жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субьективтiк жағынан кiнәнiң қасақаналық нысанының тiкелей түрi арқылы iстеледi.
Қылмыстың субьектiсi-16-жасқа толған, есi дұрыс кез келген адам. Қылмыстық Кодекстiң 227-бабының 4-тармағында, осы баптың 3-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққаны үшiн жауапқа тартылады. Ауыр зардаптарға адамның қазаға ұшырау, олардың денсаулығына зиян келтiру, көлiк және байланыс жұмыстарына кесел келтiру, басқс мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасты шиеленiстiру, қарулы бүлiктi тудыру сияқты әрекеттердiң орын алуы жатады. Мұндай зардаптар үшiн жауапкершiлiк оларды абайсызда әкеп соққан жағдайда орын алады. Сондықтан бұл қылмыстан туындайтын зардап жөнiндегi кiнәнiң нысаны тек қана абайсыздық түрде болады.
Компьютердiң қолданысқа енуi мен оның өте шапшаң
қарқынмен кең таралуының қоғамға ықпалы әлде қайда кең. Алайда қазiргi кезде компьютерлiк ақпаратты қолданушылардың санының шексiз артуы мен әр тектi ақпараттардың пайдаланылуы, оны қорғаудың механизмi мен тәсiлiн табу мәселесiмен қатар, оны құқықтық заң тұрғысынан да қамтамасыз ету мәселесi туады.
Қайталау сұрақтары
- Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру дегенді қалай түсінесіз?
- Компьютерлік ақпаратқа қатер қанша түрге бөлінеді?
- Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
- Троян аттары деп аталатын вирустар туралы не білесіз?
- Қазақстан республикасында қай уақыттан бастап компьютерлiк ақпараттар мен технологияларды құқықтық қамтамасыз ету қажеттiлiгi туындады?
Жарияланған-2015-03-24 09:07:20 Қаралды-3313
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина