UF

Өнеркәсіп  транспорты

 

  Жалпы пайдалануда емес, жеке өндіріс, құрылыс, ауылшаруашылық және басқа да кәсіпорындарға қызмет етіп, олардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін транспорт түрін шартты түрде өнеркәсіп транспорты деп аталады.

Өнеркәсіп транспорты өз кезегінде сәйкес цехтар арасында шикізаттар, материалдар, жартылай фабрткаттар т.б. тасымлдауын қамтамасыз ететін цехіші технологиялық транспорты, цехарасы технологиялық транспорты және жалпы транспортпен арада байланыстыратын сыртқы өнеркәсіп транспорты болып бөлінеді.

Қазіргі кезде өнеркәсіп темір жолдарын тепловоздар мен электровоздарға өткізуге толығымен қол жетсе де, көптеген кәсіпорындарда локомотив және жол шаруашылығының жағдайы қанағаттандырғысыз. Бұл жағдайды түзеу үшін капиталдық салу ғана емес, транспорт цехын пайдалануға да көп көңіл бөлу қажет.

Темір жол және автомобиль транспорттары өнеркәсіптің ішкі тасы-малдауларының 80%-ін орындайды. Өнеркәсіп транспортының темір жолдарының жалпы ұзындығы 144 мың км-ге созылады. Мұның ішінде сәйкесінше локомотивтер мен вагондар паркі және жақындау (подъездные) жолдары мен шаруашылық жолдар торабы бар. Өнеркәсіп транспортының автомобиль паркінде 130 мың автомобиль шаруашылығы универсалды (әмбебап), мамандандырылған және арнайы автомобильдерді 441 мың км-ге созылатын өз жолдар торабында (жалпы емес) пайдаланады.

Көптеген өнеркәсіп кәсіпорындарында гидравликалық және электрлі қуат беруші, қуаттылығы 150-ден 4000а.к.-не дейінгі тепловоздар (әр түрлі сериядағы) жұмыс істейді.

Тау-байыту комбинаттары негізінен 1.500 В тұрақты токпен жұмыс істейтін, қуаты 2.100 кВт-тық электровоздарды пайдаланады.

Кернеуі 3.000 В болатын тұрақты ток пен бірфазалы 10.000 В жүйелерді пайдалану да кеңінен кездесуде.

Сұйық шойынды салыстырмалы түрде алыс қашықтыққа тасымалдау үшін тасымалдау кезінде металлдың температурасының төмендеуі минималды болатын, жүк көтергіштігі 100-600 т-лық сүйір келген шойын тасушы вагондар қолданылады.

Үлкен комбинаттарда поездар қозғалысын реттеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы антиблокировка жүйелері қолданылады.

Карьерлік темір жолдардың ерекшелігі: мұндағы электр контактілі желілер егер қауіпті аймақта болса, жарылыстар кезінде шешіп алынып тасталуы қажет.

Өнеркәсіптік автомобиль транспортының дамуында үлкен проблемалар бар. Бірақ, бірқатар даму бағыттарының болашағы бар. Бұлар: конвейерлік жүйелер, ленталық конвейерлер, сұйық жүктерге арналған рольгангтар, аспалы құбырлар және қатты жүктерге арналған гидравлика-лық тартқыштар.

Қазіргі кезде ленталық конвейерлерге (транспортер) ленталардың істен шығуы мен энергия шығынына қарамастан ең универсалды және сенімді транспорт ретінде қаралуда. Мұнда Голландияда қолданылып отырған өнімділігі 700 м³/сағ, жылдамдығы 3,9 м/с болатын гранулды және порошок түріндегі жүктерге арналған ауа жастықшасында жұмыс істейтін ленталық конвейер үлкен қызығушылық тудыруда.

   

 

 

                  

2.Негізгі транспорт түрлері арасында жүк және жолаушы тасымалдауды үлестіру анализі

 

Кеңес үкіметі кезінде елдің экономикалық құрылымы мен өндіріс өлшеміндегі түбегейлі өзгерістер жүк айналымы динамикасында да өз көрінісін тапты. Көрсетілген периодта әр түрлі транспорттардың жүк айналмын салыстыру төменгі таблицада берілген.

 

№9 -кесте

Негізгі транспорт түрлеріндегі жүк айналымы, млрд.т.км.

 

Транспорт түрі

1913

1940

1950

1970

1980

1985

1988

Барлығы, млрд.ткм

126

487,6

713

3804

6480

7473

8252

          %

100

100

100

100

100

100

100

Соның ішінде %

Темір жол

61

85

84

66

53

50

48

Теңіз

16

5

6

18

14

12

12

Құбыр

-

1

1

10

28

32

35

Автомобиль

-

2

3

2

2

2

2

Өзен 

23

7

6

4

3

4

3

 

Негізгі транспорт түрлері арасында жүк тасымалдауды үлестіруіне анализ жасау үшін тасымалдау көлемінің өзгеруін (тоннада) білуіміз қажет.

№10 - кесте

Жалпы пайдаланудағы транспорт түрлнрінде жүк тасымалдау көлемі.

Транспорт түрі

1913

1940

1950

1970

1980

1985

1988

Барлығы, млн.т

218

1564

2834

7709

11933

12260

13229

%

100

100

100

100

100

100

100

Соның ішінде %

 

 

 

 

 

 

 

Автомобиль

5

55

66

49

54

52

52

Темір жол

72

38

30

38

31

32

31

Құбыр

-

-

-

6

8

9

10

Өзен

16

5

3

5

5

5

5

Теңіз

7

2

1

2

2

2

2

 

  Әр түрлі транспорттардың негізгі жұмыс істеу аймақтарына анализ жасау үшін, олардың жүктерді тасымалдауының орташа қашықтықтарын салыстырамыз.

№11 -кесте

1т жүкті тасымалдаудың орташа қашықтығы.

 

Транспорт түрі

1913

1940

1950

1980

1985

1988

теңіз

1345

761

1178

3716

3776

3938

құбыр

750

481

827

1910

2195

2351

темір жол

496

700

722

923

943

957

өзен

825

494

503

431

413

364

автомобиль

10

10,4

10,8

20

22

21

әуе

-

333

875

1716

1784

1888

 

Транспорттардың барлық универсалды түрлері жүк тасымалдаумен қатар жолаушы тасымалдаумен де айналысады. Олардың жолаушы айналымындағы үлестері төменгі таблицада көрсетілген.

 

 

 

 

 

№12 -кесте

Жалпы пайдаланудағы транспорттың негізгі түрлеріндегі жолаушы айналымы.

Транспорт түрі

1913

1940

1950

1980

1985

1988

Барлығы,млрд.жол.км

33

109

90

953

1082

1184

%

100

100

100

100

100

100

Соның ішінде

темір жол

93

92

90

36

35

35

автомобиль

-

3

5

41

41

39

әуе

-

-

1

17

17

19

өзен

4

4

3

1

1

1

теңіз

3

1

1

0

0

0

метрополитен

-

-

-

3

4

4

қызметтегі жеңіл автомобильдер мен таксилер

-

-

-

2

2

2

 

Соғысқа дейінгі 1940 жылмен салыстырғанда жолаушы тасымалдаудың жалпы көлемі бірнеше есеге өскен, әсіресе автомобиль транспортында.

№13 -кесте

Транспорттың магистралды түрлерінде (жалпы пайдаланудағы) жолаушы тасымалдау көлемі.

 

Транспорт түрі

1913

1940

1950

1980

1985

1988

Барлығы,млрд.жол.км

263

2017

2280

17946

18617

18167

%

100

100

100

100

100

100

Соның ішінде

темір жол

94

67

51

22

22

24

автомобиль

-

29

46

76

76

74

өзен

4

4

3

1

1

1

теңіз

2

0

0

0

0

0

әуе

-

0

0

1

1

1

 

№14-кесте

Жолаушылардың орташа жүру қашықтығы.

Транспорт түрі

1913

1940

1950

1980

1985

1988

әуе

-

473

987

1661

1782

1816

темір жол

122

73

76

84

90

94

теңіз

276

93

157

48

51

41

өзен

125

52

50

44

45

42

автомобиль (автобус)

-

5,7

4,9

9,2

9,5

9,5

 

 

3. Әр түрлі транспорттардың өзара қатынасы

 

     Жүк және жолаушы тасымалдаудың негізгі бөлігі екі немесе одан да көп транспорт түрлерінің қатынасуы арқылы жүзеге асады. Мысалы: темір жол транспортында тасымалданатын жүктердің 80%-і кіреберіс жолдарда пайда болады немесе беріледі, яғни өндірістік транспорт арқылы.Теңіз порттарына келетін жүктердің 90%-і темір жол транспортына беріледі. Өзен транспортының 50% жүктері де темір жол транспортының үлесіне тиеді. Мұнай өнімдерінің үлкен бөлігі құбыр транспорты арқылы (базалардан) темір жол, тнңіз, өзен және автомобиль транспорттарына беріледі. Автомобиль транспорты барлық транспорт түрлерімен өзара әрекеттесуге түседі.

     Ілгеріде, тарихи себептермен, әсіресе транспортты ведомстволардың иеленуінің себебінен, сондай-ақ географиялық, топографиялық және басқа да табиғи себептермен транпортттық буында жүктерді орналастыру мен үлестіру транспорттың бір түрінен екінші түріне өтуді ескерусіз жекеше түрде жүргізілді. Осыған байланысты өзара әрекеттесу проблемалары біртұтас тасымалдау процессіне қатысушылар жұмысын ұйымдастыру-мен ғана емес, олардың әр элементтерін, техникалық жарақтандырудан бастап жүйелік басқаруға дейін, тереңінен байланыстыру арқылы шешімін табуы қажет.

Мұндағы түбегейлі және дұрыс шешімді табу үшін теориялық зерттеу-лер керек. Бұл проблеманы шешудегі Санкт-Петербург транспорттық буынының тәжірбиесі мол.

Мұнда теңіз портының ұсынысы бойынша барлық транспорт түрлері арасындағы жедел (оперативті) жұмыстарды байланыстыру жүйесі жасалып, қабылданған.

Бұл жаңа технологияның негізінде теңіз портының есептеу орталығы (ЕО) арқылы күн сайын 10 күн алдына есептеліп, өзгертіліп отырылатын, « транспорттық буынның тоқтаусыз жұмыс істеу жоспар-графигі» жатыр. Келе жатқан кемелер туралы ақпаратты ала салысымен, порттың ЕО күтілудегі жүкті алып кету графигін темір жол, өзен, автомобиль транспорттарымен мақұлдаса отырып, келісілген кестені оларға алдын-ала береді. Порттың көлемінде әрекеттесу тәртібін талқылау, мақұлдау, келісу үшін әр түрлі транспорттар мен клиентуралардың өкілетті адамдарынан жедел координациялық топ құрылған. Бұл топ жұмыс тобына тапсырмалар береді және оларды орындауды қадағалауды жүргізеді. Санкт-Петербургтың тәжірбиесі көптеген транспорттық буындарға (негізінде теңіз, өзен порттары бар) енгізілуде. Сонда да практикалық жағынан бұл жұмыстың проблемалары жоқ емес.

 

        Әдебиеттер:

1. Говорущенко Н.Я. Основы управления автомобильным транспортом.

2. Овчинников Е.В. Фишельсон М.С. Городской транспорт.

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-03-10 23:16:35     Қаралды-2221

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »