UF

Озық мінез-құлық стратегиясы қалыптас-тыру технологиясы

Жоспар:

  1. Озық мінез-құлық стратегиясының негізі.
  2. Ишараның, бет-әлпеттің, дене қалыбының шартты мәндері
  3. Әр түрлі халықтардың бейвербалдық қарым -қатынас ерекшеліктері.

 

1.Озық мінез-құлық стратегиясының негізі.

Озық мінез  - құлық  белгілері, ізетті, адамгершілікті сапалық ерекшеліктер, жеке тұлғаға деген терең сыйлаушылықты, қадірлеушілікті, оның ішкі дүниесін, қадір-қасиеттерін анықтап көрсете алады. Қарым-қатынастылықтарда әріптеске сөз ырғағымен, іс - қимылдарымен, бет-әлпеттің сипатты көрінісімен тартымды байланыстылықта маңызды. Тактикалы (әдісті) адам-байланыстылықтағы шекті, шарттарды, шекараны, іс-әрекеттіліктердің нәтижелігін алдын-ала болжап көре алады. Д.Корнегидің  мазмұндауынша, тек қана өзі туралы әңгіме ететін адам баласы, өзінің жалғыз басының қамын ойлайды. Ал, өзі туралы ғана ойлайтын адам- үмітсіз, мәдениетсіз. Қанша жоғарғы білімді болса да, мәдениеттілік таныта алмайды. Бауырмашыл, кішіпейіл адам, өзгелерді түсінуге ұмтылады. Өмірдің талпынысты өсу қарқыны мен оның беталыстары, әлеуметтік- экономикалық талаптар этикетке әсер етеді. Оның теңдессіз құнды дәстүрлері өзгеріссіз қалып отырады.: ізгі-ниеттілік, сезімталдылық, табиғи жаратылысты ерекшеліктері.

Бір-бірін сыйламаушылықта, өз-өздерін белгілі бір нормамен шектемей, кішіпейілділік, сыпайылық ережелерін орындамай адамдар арасында өзара әрекеттесулер мен қарым-қатынастылықтар болуы мүмкін емес. Этикеттің (әдептіліктің) негізінде әлем халықтарының, ежелгі дәуірден бері қалыптасып келе жатқан мінез - құлық, жүріс - тұрыс ережелері мазмұндалады.

            Манера іс - әрекеттіліктер тәсілі, мінез - құлық пен адамдар арасындағы қарым-қатынастылықтың ерекшеліктері.  Жақсы тәрбиеленген адамның баласы көзінен, ерінінен, бет әлпетінен, сыртқы іс - қимылдарынан танылады. Көздері ашық, анық, сабырлы, сыпайы болуы тиісті. Ғұлама, дана адамдардың үйретуінше көзде рухани дүние қалыптасады, көрінеді. Маңлайы – ашық және қуанышты. Түшкіргенде-өзге бағытқа айналу, қажет. Есінегенде - алақанмен ауызды жабу. Қуанышты, тартымды образда күлу. Себепсіз күлу, жөтелу, әрбір үш сөзден соң түкіре беру қажет емес.

    Табиғи жаратылыс пен ой-санаға тиісті қалыптағы манералар тартымды және қарапайым. Отырған адамның екі дізелері қосылып, тұрып тұрған адамның аяқтары алшақталуы қажет. Ер адамдар шектен тыс сыртқы пішіміне қарай бермеуі тиісті. Адам неғұрлым бай болған сайын, соғұрлым сыпайы болуы тиісті. Рухани, мәдениетті орындарда шектен шығып ақымақтық жасауға, жан-жағына ақырайып қарай беруге, балағаттауға, дікілдеуге болмайды. Этикеттің ережелері мен нормаларын біліп қана қоймай, ол ережелерді орындау қажет. Қоғамдық орындарда өз-өздерін жоғарғы дәрежеде алып жүру ептіліктері, этикет, іс-әрекеттерде табысты болуға, өз мүмкіншіліктерін іске асыруға жетелеп, іскер қатынастылықтарда қолайлы, тиімді байланыстарға, өзін презентациялауға мүмкіншілік жасайды.

 

  1. Ишараның, бет-әлпеттің, дене қалыбының шартты мәндері

Ым,  ишара,  дене қимылдарының тілі сөздік емес, вербальды емес іс - әрекеттіліктерге қатынасты. Осы проблема ғалымдардың да басты назарларын аударуда себебі адамдардың мінез - құлықтарын зерттеу мен зерделеу, жүйелі түрде болжап көрсете білу өзге тұлғаларды жете түсінуге, өз - өзімізді түсінуге мүмкіншілік жасай отырып өз имиджін  тартымды көрсетуге ықпал жасайды. Өз зерттеу жұмыстарында теоретиктердің мазмұндаулары бойынша, өзге адамдар жайындағы ақпараттың 50 % вербальды емес құралдар арқылы, 40 % -интонация (сөз ырғағы), тек қана 7 %-сөз, сөйлеу арқылы алады екен. Аллан Ғиздің «Дене қимылының тілі» - деп аталатын жұмысында адам, іс-қимылының, ым-ишираттылығы жайында мәліметтермен графикалық бейнелер терең көрсетілген. Автор, өз еңбегінде ерлер мен әйелдердің ымдау, дене қимылдарын, ораторлық (шешендік) сөз ережелерді, ритуалды ым-ишираттылықты (жестті) зерттей отырып көрсеткен. Оның мазмұндауынша мылқау киноның әртістері Ч.Чаплин және өзге де кейіпкерлері өз эмоциялары мен ішкі дүниелері көрермендеріне толық жеткізу үшін алғаш рет жесттерді (ым-ишираттылықты) және дене қимылының өзге де дабылдарын, көріністерін алғаш рет қолдаған, себебі осындай іс-қимылдар шындықты, әзіл-оспақты, өз кейіпкерлерін көрерменге түсіндірудегі ерекше құралы болатын. Дыбыстық киноның пайда болуынан бастап, ойынның вербальды емес тәсілдеріне аз көңіл бөліне бастады. Жесттеу (ым-ишираттылау) білімдерін театр істерінде, хореографияда, мерекелі күндері ұйымдастыруда, шет тілдерін зерттеуде, оқытуда ескеру өте қажетті. Сөздік, тілдік емес имидж-тұлғаның сезімін, толғаныстарын көрсете білу құралдары, белгілі бір мәдениеттілікті, дәстүрді, миф, фольклорды тану, танымдық формасы. Мимика, интонация және жесттеу (ымдау) қоршаған ортамен байланыстылықты жақсартып, оратордың ой - өрісін күшейтіп, қосымша ақпараттар береді (ымдап көрсету, күліп көрсету). Екі мыңдаған жыл бұрын Имиреон былай деген екен: «Тіпті жабайылар мен вербальдар түсінетін жесттер (ымдау) дене тіліне барабар». Вербальды емес дабылдар, дыбыстар мен іс қимылдар тіпті сөзбен әріпті алмастыра алады. Ымдау әдістерімен көптеген жағдайларда транспортты реттегіштер, құрылысшылар, кинорежиссерлар қолданады.

Ишара «шартты» және «бейшартты» болып екі түрге бөлінеді. Шартты ишары интернационалдық, ұлттық және әлеуметтік сипатқа ие. Шартты ишараға: әскери сәлемдесу, әртүрлі салют беру, адамның ақыл – есінің кемтарлығын, масаңдығын, сөзшілдігін, дыбыстамауды өтінетін немесе талаптауды білдіретін, яғни өзіндік мән – мағынасы бар іс - қимыл әрекеттері мен белгілері жатады. Мысалы: ынтымақтастық ой мен ниетті білдіретін жұдырықталған оң қолдың жоғары көтерілуі, қоқан – лоққаны білдіретін, тас түйін жұдырық немесе сұқ саусақ қимылы, қолдауды білдіретін /қол соғу/ іс – қимылдар интернационалдық ишараларға жатады. Сондай – ақ спортта қолданатын сериялы интернационалдық ишара ымдар да бар. Оркестр, хорды дирижерлау тәсілдерінде де шартты ишара элементтері көптеп кездесіп отырады.

 

3. Әр түрлі халықтардың бейвербалдық қарым -қатынас ерекшеліктері

Чарльз Дарвин өзінің көптеген еңбектерінде сөздік, тілдік емес қатынастылық, байланыстылыққа көңіл бөлген. Ч.Дарвиннің мазмұндауынша, адам тарапынан орындалатын бірқатар жесттер мен мимика қимылдары, хайуанаттардың қимылдарын өрнектеп көрсетеді (құстар, балықтар ритуалды қимылдары). Алайда адам қоғамының даму шарттары бойынша, осындай ұқсастықтар жоғалған. Мысалы, жаңадан дүниеге келген сәбидің ана көкірегінен басын бұрып тарту жесті көптеген халықтарда сипатты. Алайда, Болгарияда «жоқ» - басты жоғарыдан төмен қарай сермеу, «иә» - басты жан - жағына бұрумен сипатталады. Осындай қимылдарға байланысты Болгариядағы туристер арасында түсініспеушіліктер туындап отырады. Арабтар және өзге халықтар келіспеушілікті, бастарын артқы жаққа қаратып тілдерімен таңлай қағады, ол толық келіспеушіліктерін білдіру үшін оң қолының бас бармақтарын тістеп, қолдарын алға қояды. Япондықтар саусақтарын ары бері тербелтеді немесе беттің деңгейіне дейін алақандарын жайып көрсетеді екен. Испандықтар мен португалдықтарда келіспеушілік жесті (ымы) қолдарын өздерінен алға сермеумен сипатталады.

Амандасу мен сәлемдесу. Әр халықтың өкілдері бір-бірімен түрліше сәлемдеседі. Латын-Америкасының ерлері стереотипті қауышады екен: басын әріптесінің оң иығына қойып, арқасынан үш рет қағып сонан-соң сол иығына қойып қайталайды. Ілгері уақыттарда, қытайлықтар бір-бірімен кездескен уақытта өз қолдарын өздері қысатын болған. Осындай жестпен, оратор өз тыңдаушыларын құрметтеп амандасады. Египет және Иемен халықтары алақандарын еріндеріне тигізеді. Бірқатар африка халықтары, сәлемдесу ретінде бір-біріне заттарды беріп алмасып отырады, көптеген жағдайда асқабақты оң қолына алақанымен ұсынып, сол қолымен оң қолының шынтағын тірейді. Мұндай белгі терең қастерлеуді білдіреді. Бірқатар Африкандықтар құшақтаса тұрып шеке, жақтарымен жанасады екен. Көптеген уақытта, өзімізге белгілі өзге халық өкілдерімен дұрыс түсінісе бермейді. Орыс халқының қоштасу жестінде қолдың басын жоғарыдан төмен қарай бұлғайды, ал осы жест латын америка халқының шақыру белгісін білдіреді. Индия мемлекетінің құрамына кіретін Андаман аралының тұрғындары қоштасуда, әріптесінің қолын аузына жақындатып оны жатқана үреді екен. Атап айтатын болсақ, Австралиялық аборигендерінің арасында, кейбір жағдайларда сөзбенен қарым-қатынасуға тиым салу дәстүрлері сақталған. Мысалы: Өз жақын туыстарынан айырылған немесе өз жолдасын, ерін аң аулауға шығарып салған әйелдер сөйлемей, тыныштықты сақтауы тиісті екен. Осындай сәттерде әйелдер жесттер көмегімен ұзақ түсіністілікпен сөйлесе алады. Мексикада керамикалық бұйымдар сақталынған, ол оның қолжазбалары - Египетте, осы қол жазбалардан б.ғ.д. 1 мың жылдықта жест арқылы қалай түсініскендіктерін байқауға болады. Үндістердің көптеген тайпалары түрлі тілде сөйлейді, алайда олар бір-бірін өте жақсы түсінеді, себебі жестілеу әдістемелерін қолданады. Тілдердің көптеп алмасып кетуі вербальды емес қатынастылық, байланыстылықтың дамуына ықпал жасады. Түрлі халықта, түрліше жесттер: «Мұнда кел» - деп шақыруы Орталық Еуропа мен Ресей елдерінде саусақтарымен иіліп қашырылады. Латын Америкасы мен африка елдерінде өзгешелеу: саусақпен иіліп шақыруда алақанның ішкі беті әріптесіне қарайды, себебі қара түсті адамдардың ішкі алақандары ашық ақ түсті болып келеді. Ресейде мұндай жест керісінше мағынада: «кет», «тыныштық бер» - деген мағынада. Сүйіну, қуану, таңқалу, испан, мексика, колумбия елдерімен мынадай түрде өрнектеледі екен: Үш саусақтарын еріндеріне қойып, сүйістің дауысын шығарады. Бразилиялықтар құлақтарының ұштарын ұстайды. Еуропалықтар мен Ресейліктермен салыстырғанда, Жапондықтар қолдарын алдарына жайып саусақтарын бір-бірлеріне тигізіп шапалақ ұрады. Англияда алақандарын жай ырғақпен, концерт немесе театр сахнасынан әртіске білдіретін келіспеушілік және осындай жестпен, әртістің сахнадан кетуін сұрайды. Орыстар мен Жапондықтардың, жесттелу әдістемелерінің түрлері ұқсас. Атап айтатын болсақ, қолды тамақтың тұсынан бойлай өткізіп көрсету орыстар үшін «тамаққа тоқпын» дегенді сипаттаса, ол Жапондықтар үшін «басты кеудені» немесе «жұмыстан шығарылу» мағынасында.

Ұлттық жест (ым-ишираттылықты). Ағылшын ғалымы майкл Арчил әлемді аралау саяхатында көрсеткеніндей бір сағаттық әңгімелесуде фин өкілі (азаматтары) 1 рет, итальяндықтар 80 рет, француздар – 120 рет, мексикандықтар – 180 рет жестында отырып сөйлеседі екен. Орыс халқы ішкі сезімдерін көрсетуде ұстамдылықтарымен ерекшеленеді. Егер, бір тұлға қолын көтеріп ерекшеленетін болса, онда ол тәрбиесіздікті көрсетеді.

Жесттің (ым-ишираттылық) тілдері уақыт өтуімен өзгереді. Халықтар арасындағы бірыңғай пайда болған ескі, көне жесттер жоғалып жаңаша жесттер пайда болады. Осындай жаңаша жесттердің таралуына кино мен теледидарлар ықпал жасайды. Түрлі халықтардың жесттік жүйелерін білу кез-келген адам үшін қажетті, себебі шет мемлекеттерде іскер қатынастылықта, байланыстылықта ыңғайсыз жағдайда қалып қоймас үшін. 

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер:

1. Сапарова Ю.А., Тұрдалиева Ш., Багов И., Сабекова А.  Имиджелогия.-Шымкент, 2008

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-16 20:01:28     Қаралды-4095

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »