UF

 Имидждің түрлері,олардың сипаттамасы

 

Жоспары

1. Имидж  туралы  түсінік .

2. Тұлға имиджінің даралануы

3. Имидждің түрлері:

-  Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж.

- Іскер имидж

- Вербальды имидж

- Вербальды емес іс - әрекеті имиджі 

4.Имидждің символикалық табиғаты

- Имидж символикалық құбылыс ретінде.

- Имиджді қалыптастырудағы символиканың ролі

         

 

1. Имидж  туралы  түсінік .

Имидж - тұлғаның өзін - өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде қызметтеледі. Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол, адамның бет - әлпеті, киімі, жүріс - тұрысы, мінез – құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, визажистің көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі-ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән -мазмұны шеберлігі. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В.М.Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады:

Әлеуметтік шындықты өзгертуге бағытталған ақпараттық қоғамның табиғаты өзгеруде, оның адамға деген талаптары және адамның қоғамға деген талаптары жоғарылауда. Өкінішке орай, депутаттарды сайлау имидж мамандарының қолына жиі түсуде. Елдің бірқатар, аймақтарында стеротипті манипуляциялау, жасанды имидж қоғамның сұранысына жауап бере алмай жатады. Имиджді құрушы имиджмейкерге оның кәсіби шеберліктеріне үкіметтің имиджі, өнеркәсіп ұжымының имиджді, жекелей тұлғаның имиджіне байланысты. Үкіметтің имиджі елді тиімді басқаруға көмектеседі. Педагогикалық ұжымның имиджі жекелей тиімді білім алуға көмектеседі. Жекелей тұлғаның имиджіне ұжымның имиджі байқалады. Тұлғалардың шетелдерге саяхаттану, жұмыстар атқару, қызметтелу барысында сөзсіз жайлы ұғым, пайда болады.

Осындай деректі мамандар өз бойларында педагогтың, философтың, психологтың, риторика маманының, жарнама ерекшеліктерін өз бойында үйлестіре білуі тиісті. Имиджмейкер - көне мамандық, оның мақсаттары мен міндеттемелері қоғамның даму процесінде өзгерді. Зерттеуші ғалымдардың Л.Браун, П.С.Гурев, А.Ю.Панасюк, А.С.Почепцов мазмұндауларынша имиджмейкер мамандық бола алмас еді, егер имиджелогия ғылым болып түрлене алмағанда. Осы деректі ғылым адам баласының өндірістегі, рухани дүниесіндегі, зерделі іс - әрекеттеріндегі қол жетістіктерімен, этика - эстетикалық нормалар мен талаптардың өзгерулерімен байланысты. Бір қарағанда, сүйкімді адамдардың тартымды имиджге жетуі жеңіл болып көрінуі мүмкін. Тәжірибелі практиканың көрсетуі бойынша қол жетістіктері жоғары адамдардың сыртқы көріністерінде көпшіліктер байқалады: қисық, қысқа аяқтары, таз басты, тістері сарғайған, өте ұзын немесе қысқа мұрынды алайда осы аталған кемшіліктердің барлығы оған өндіріспен іскер әлемде, жанұясында бақытты болуына кедергі жасай алмайды. Олар өзінің қол жетістіктеріне қуанып, өзгеге қызығушылық танытпайды, жеке проблемалары бойынша тоқталмайды. Алайда, әсем бет - әлпеті және тартымды имиджге иеленген жекелей тұлғалар да кездеседі. Олар, қызметті карьераларында қажетті дәрежеде нәтижелерге жете алмайды олар үшін әрқашанда ақша жетіспейді. Қол жетістіктері жағынан өзінен басым адамдарға көре алмаушылықпен қарайды. Олар үшін жұмыс істеуге біреу кедергі жасап, бағыттарына тосқауыл болып көрінеді.   

           

2. Тұлға имиджінің даралануы.

Жеке, даралық имидж деп - имиджелогияда осы ұғымның практикалық қолданылуына байланысты жеке, дербес субьектіні айтқанда, жеке, дара имидж – ол дербес тұлғаның имиджді, қарапайым адамның имиджді яғни топтың, ұйымның, заттың имиджіне салыстырмалы қарама – қарсылықта. Жеке, дара имидждің өзіндік аталуында оның маңызды қасиеттері тұжырымдалған. Егер жеке, дара имиджді символикалық құрылым ретінде қарастырсақ, ондағы орталық орынды жеке дербестікке жауап бере алатын символдар алады. Яғни субьектінің жеке сапалық көрсеткіштерін, образдық имиджін, тек сол тұлғаға ғана тиемелді, басқа адамдардан ерекше қасиеттерін ерекшелендіріп сипаттайтын сапалы көрсеткіштер.

«Жеке, даралық» (индивидуальность) термині (латынша indivibuum бөлінбейтін, ерекше) деген мағына береді. Психологиялық сөздікте теңдессіз қасиеттерін білдіреді. Психологияда жеке, дербес ұғымы жеке ерекшеліктерді зерттеу контексінде (сөйлемінде) немесе адамның психологиялық қасиеттерінде иерархиялық құрылымдарды құруда – тұлғалық ұғыммен бірегей ұғым ретінде қолданылады. Жеке айырмашылықтар проблемасымен байланысты жеке дербестік туралы сөз болғанда, ол ұғымды – (зерделікте) адам бойында пайда болатыны зерделілік, темперамент, тұлғалық секілді психологиялық қасиеттердің түрлері деп түсінеді.  Жеке дербестік «орташа» адамға жеке адамның қасиеттерінен бөліп қарау үшін қарама - қарсы қойылады. (орташа топтық беталыстар, тенденциялар). Бұл қарама - қарсы қоюшылық топтағы нақтылы адамға алынған заңдылықты ауыстырмау ережесінде өрнектеледі.

Адамның психологиялық қасиеттеріндегі иерархиялық ұйымдастырудағы талдауға келетін болсақ, мұнда жеке, даралық жеке  -тұлғалық деңгейге қарағанда осы иерархияның жоғарғы деңгейі ретінде мазмұндалады. Яғни адамның жеке, даралық және тұлғалық қасиеттерінің теңдессіз үйлемісі ретінде Б.Г.Ананьевтың образдық мазмұндауы бойынша, тұлғалық психологиялық қасиеттердің «шыңы», ол жеке, даралық -тұлғалықтың «терең» жүйесі болып табылады.

Жеке даралықтың пайда болуына алып келетін процестер жайлы сөз қылғанымызда бізге жекелену немесе даралану ұғымдарын осы процестерді белгілеу үшін қолданылуымыз қажет.

Индивидуация, даралану ұғымы ұзақ түсініктемеге, тағдырға ие. Оның зерттелу тарихын философияда Фона Аквинскийге (1225-1274) үйлестіреді. «Индивидуация, даралану принципі» атты шығармасында кез - келген екі жеке, дара тұлғалар үшін екеуін ажырата білетін бір белгінің табылатыны дәлме - дәл көрсетіп айтты. Мұндай жағдайда, индивидуация, даралану қандай - да бір теңдессіз бөлетін белгілерге байланысты болмау мүмкін, ол стандартты қасиеттердің теңдессіз комбинацияларымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Индивидуацияның, дараланудың философиялық оқытылуы тек қана адамдық даралыққа ғана жатқызылып ғана қоймай, сонымен қатар кез - келген жеке обьектілерге тиемелді бола алады. Индивидуацияны оқыту, зерделеп зерттеудің классикалық дәстүрлеріне сай типтік және теңдессіз диалектиканы (қайталанатын және қайталанбайтын диалектикалар) ерекшелендіре отырып индивидуацияны, даралануды К.Г.Юнг ғылым шығармашылықпен көрсетті. Оның аналитикалық психологиясында индивидуация, даралану адамның тұлғалық қадам басуымен, оның тұлғалық мазмұнды өсіп жетілуімен ерекшеленеді. К.Г.Юнгтің ілімі бойынша индивидуацияның, дараланудың процестік көлеңкесінде адамның рухани өмір орталығынан шығатын ерекше жасырын бағыттағыш тенденция (беталыс) жатыр.  Индивидуация, даралану бірегей гамогендік тұрмыстың қалыптасуын білдіреді. Даралану біздің бірегей, қайталанбас ерекшелігімізді қамтиды. Сондықтан, индивидуацияны,  даралануды «өзін-өзі табу жолынан» немесе «өзіндік іс - әрекет жасауға» бағыттай аламыз. «Бірқалыпты бірегей адам болу ең тиімді және мақсатты көрсеткішті шама» деп жазды К.Г.Юнг.  - Алайда «бірқалыпты, бірегей адам» ұғымы «адаптация» ұғымы секілді шектелген болып табылады.

 

3. Имидждің түрлері.            

Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады. 

Мекендей ортасының имиджінің қалыптасу принциптері: егер қалта көтерсе өзгелерден жақсы өмір сүру. Күрделі жөндеуді қажет ететін ғимарат ішіндегі өте қымбат жиһаз негативті имиджді құруға мүмкіншілік жасайды.

Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі - консервативті, қызмет  бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті.

Іскер имидж - адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іскер қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажетті. Тарих бетіне үлес қосқан іскер адамдардың көпшілігі нақтылай шынайы өмірде өте қатаң, ұйымшыл болғаны белгілі. Мысал ретінде С.Т.Морозов ашық, тәуелсіз тұлға. Іскерлі, кәсіби имиджде қоғамның талаптарына сәйкес тиісті имидж көрінісі жүйеленеді: өте іскер педагог, менеджер және тағы сол сияқты.  

Вербальды имидж (ауызша) - қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой - пікір (ауызша немесе жазбаша). В.О.Ключевский: «анық, түсінікті жаза білу - ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасу тәсілдерін ұсынады: «ортаның қалауы бойынша сөз ету», «күлімдеп сөйлеу». Позитивті вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сөйлеудің нақтылай естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Теледидардағы жүргізілген, тікелей эфирдің сауалнамалық көрсетулері бойынша, егер жас қыздың, келіншектің вербальды (ауызша) қарым - қатынастылығы өте нашар дамыған болса, ешқандай оның әсем сыртқы көрінісі, тіпті байлығы имиджін тартымды етіп көрсете алмайды.

Вербальды емес іс - әрекеті имиджі  - ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез - құлықтың теріс, келеңсіз  жақтарынан сақтану қажет. Тұлғамен жекелей қарым - қатынастылықта бет - әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жұмсақ түсініктер орын алуы тиісті. Вербальды емес имидждің қалыптасуына жаттығулар, салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі. Менеджер міндетті түрде, өзі үшін бірнеше элементтерден құралатын күнтізбегін бекітеді: дене шынықтыру, жеке гигиена, еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттер, демалыс. Позитивті имидж, рухани байлықпен, құндылықтармен ерекшеленеді. Кеңестер одағының соңғы коммунистік әндері қайта өрлеудің (перестройка) белсенді тұлғасы М.С.Горбачевтың жұбайы Р.М.Горбачева крейл келіншектерінің стереотипін күйретті. Бірінші леди Р.М.Горбачева өте білімді, беделді, салауатты, әсем, ой - санасы өте жоғары тұлға болатын өзін жеке тұлға ретінде саяси өмірге ұсынбаған.

Көп қырлы күрделі имидж - позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады. Имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы өзінің оңтайлы сапалық ерекшеліктерімен көрсеткіштерін (сыртқы және ішкі) алға қояды. Саясаткер мен менеджердің имиджі, артист пен топ - жұлдыздың имиджінен ерекшеленеді. 

Мекемелелер мен ұйымның имиджі –ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның қандай бағытта ұмтылысын сипаттап көрсетеді. Осындай ұмтылыс пен беталыс жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды. Атап айтатын болсақ, сыртқы формадағы іс - әрекеттіліктер дизайн, жарнама, өндірістік процесті модернизациялау. Эстетикалық талаптарға формасы, сыртқы көрінісімен сана - сезімі ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне, беделділіктің пайда болуына мүмкіншілік жасайды. Позитивті имиджге мекеменің тұтынушылары, құрылтайшылары алдындағы абыройы мен беделі, оның жетістіктері, ұжымның тұрақтылық дәрежесі оның дәстүрі мен жекелей символикасы, теңдессіз киім үлгілері және оның элементтері (галстук, бас киім және тағы басқа) көмектеседі.

Заттық имидж – бір заттың немесе басқа жанданбаған обьектінің субъект - субъектіні өзара әрекеттесу процесінде пайда болған символды образын түсінеміз, айтамыз. Яғни сол затты немесе обьектіні субъект ретінде қабылдауды араңдатып көрсетеді. Заттық имиджді құрудың негізгі механизмі - персонификация болып табылады.

Корпоративті имидж (ұйым имиджі) деп - біз – субьекті – субьекті мен өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың символдық образын айтамыз. Корпоративті имидждің табиғатын түсіну үшін біз - ұйымның, қауымдастықтың табиғатын талдауымыз қажет.

Бақылау  сұрақтары:

  1. Имидждің қандай жеке даралық ерекшеліктерін білесіз?
  2. Имиидждің  қандай  түрлері  бар?
  3. Корпортивті имидждің  белгілері.

 3. Имидждің символикалық табиғаты

 

  1. Имидж символикалық құбылыс ретінде.

Семиотикалық іс - әрекеттің, көзқарастың қолданылуы. Семиотика –белгілеу жүйелерінің түрлі қасиеттерін зерделеп зерттейтін ғылыми теорияның аталуы.

Имидж субъектінің тек қана образы ғана емес, символикалық образ болып табылады, яғни кең түсінікті бірқатар тілдер көмегімен хатталатын образ. Синтаксисті – (невербальды белгілерді қосқанда), семонтикалы (заттық ғана емес, сонымен қатар бағалау шамаларын қосқанда).

Бергер Б мен Т. Лукманның ой - түйсіндері бойынша - тіл, көптеген ұрпақтармен жүйеленген, жинақталған тәжірибелі обьектілейді.

Семиотиканың көз қарасы бойынша, белгілер және белгілі жүйелер жайлы ғылым, символ (рәміз) – белгілердің көптеген сезімталды қабылданатын зат, яғни басқа бір қарағанда өзгешелік өкілеттілік сапасында қабылданып қолданылатын зат - белгі бола алады. Ол зат – денотант деп аталынады (десигнот, шама). Семиотиканың басын қалаушы Ч.С.Пирстың әзірлеуімен жасалған жіктемелер, топтастырушылар бойынша 1867 ж белгілер мынадай түрлерге бөлінеді:

Табиғи (индексті - белгілер), иконалы (образ - белгілер) және символды (рәмізді) (белгі - символдар). Белгілер мен символдар араларындағы айырмашылықтарын айқындау үшін белгінің басқа бір екі түріне, яғни индексті - белгі мен иконалы белгілерге қысқаша сипаттама береміз. Семиотика ілімінде белгі - индекс, немесе табиғи белгі ретінде мынадай мазмұнда түсіндіріледі.

Бүтін бір көрсеткіштің бөлігі бола отырып осы бүтін көрсеткіштің басқа бөлімдері, бөліктері туралы, олардың қасиеттері және араларындағы қатынастары туралы куәландырады. Табиғи белгілер мен олардың жүйелерінің гиосеологиялық қасиеттері эмпириялық ғылымдарда қолданылады, мысалы, біздің санамыздан өте алшақ қашықтықтағы құбылыстарды зерделеп зерттеуде, сонымен қатар қарап бақылау мүмкін емес шексіз шамаларда. Аспан әлеміндегі денелердің жарық спекталарын шығаруынан анализ, талдау жасау базасында химиялық элементтерді анықтау тәсілдері жасалынып өте тиімді қолданылуда. Аспан денелерінің спектрографиясы біз үшін – осы денелердің химияның құралдарын анықтауда дара, жалғыз білім көзі болып табылады. Жарықтың толқындары заттың бөлігі болып табылады, осы құбылыстар табиғи белгілер ретінде қарастырыла алады. Осы жақын күндерге дейін медицина толығымен табиғи белгі жүйелерімен құрылып келді, ол новигация жұлдыздардың орналасуымен іске асырылды.

Жинақылық және үйлесімді дәрежелі көрсеткіштер символды - белгілерге тиеленді. Символдар, семиотика ілімінің анықтамасы бойынша - табиғи байланыспен, сыртқы ұқсастықпен белгіленген байланыспаған тек қана шынайы түрдегі конвенцияналды, шартты болып табылады. Имиджде табиғи белгілерден, көптеген ұқсастық шамалардың, көрсеткіштердің болатынын, кездесетінін теріске шығаруға болмайды.

Мұның себебі, тек қана – адамның имиджді құруы кезеңінде ол тұлғаның тек өзіндік денесін, бетін, дауысын, жестін ғана қолданып қоюында емес, сонымен қатар ең бастысы имидж – тұлғаның жаратылысты психикалық сапалылығының жалғасы болып табылады.

Имиджмейкерлер – имиджді әзірлеуде, жасауда тұлғаның ойластырылған параметрларына емес, ал оның тұлғалық нақты параметрларына назар аударып көрсетеді. Олай болмаған жағдайда, бірінші жолда жолыққан стандартсыз жағдайда «шашылып» таралып кетеді. Егер, тұлға актер, марионетка ретінде өзін көрсетіп, іс - қимылдар жасайтын болса, онда ол тұлғадан толығымен жасанды имидж жасауға болады. Алайда, біріншіден, мұндай жағдай имидждің шектемелі ойластырылған түрі, театрлық роль болып табылады, екіншіден осы ойластырылған жағдайда оның анатомиялық параметрларын ойластыра, негіздей отырып шектеулер қойылады. Имидж, сөзсіз иконалық белгілерге тиемелді. Ол мазмұнды тұжырым біздің имиджді анықтауымыздан шығады. Имидж – символикалық құрылым болып табылатыны айқын, себебі оны құруда міндетті түрде вербальды белгілер қолданылады. Қазіргі заманғы лингвистиканың негізін қалаушы Фердинанд де Сосеюрдың айтуынша кез - келген жаратылысты тілдің базисті бірліктері – символдық белгілер болып табылады.

 

  1. Имиджді қалыптастырудағы символиканың ролі.

Джон Локк өзінің «Адам сана сезімінің тәжірибесі» атты еңбегінің үшінші тарауында айқынды анықталған түрде былай деп жазды: «Мазмұнды сөз біздің ой - өрісіміздің символы болып табылады. Олар тіптен спецификалық дыбыстар мен анықталған ойлар араларындағы жаратылысты байланысты көрсетпейді, бейнелейді. Олай болған жағдайда барлық адамзат үшін бір тіл болған болар еді; олар – еркін түрде таңдап алынған ой - өрістердің белгілері. Оларды ой – өрісті суреттейтін, өрнектейтін түсінікті символдар ретінде қолданылады». Д. Локктың айтуынша символды белгілерді қолдана білу адамның хайуанаттардан айырмашылығын көрсетеді, «Хайуанаттар абстракциялық мүмкіншіліктерге және жалпы ой - өрісті құруға, мазмұндауға ие емес, себебі олар сөздерді немесе басқа мазмұндалған белгілерді қолданбайды».

Э.Сепир символдардың екі түрлерін бөліп қарайды. Олардың біріншісі «референциалды» символикалар деп аталынады. Ол «үнемді белгілеу құралдары ретінде қолданатын» символдар, мысалы, ауызша сөз, хат, телеграфты кодтар, ұлттық жалаулар, жалау дабылдары және тағы басқа.

Символизмнің екінші түрі «конденсационалды символизм деп аталынуы мүмкін. Бір заттың шамасын тікелей қысқартылған түрде, формада көрсету, яғни эмоционалдылық толқуды саналы түрде алу». Осы екі аталған екі символизмнің араларына нақты шектеу, көрсету қою өте қиынға соғуы мүмкін.

Э. Сепир былай деп жазады:  Нақты осы символизмнің екі түрінің іс-әрекеттерінде «қарапайым түрде араластырылады», себебі, оның есептеуінше «референциалды символиканың көп бөлігі санасыз жүйелі символизмге шамаланады». Егер референциалды символизм әлеуметті адамның стеротипті мінез - құлығы болса, конденсоциалды символдарды қолданудың әрбір жағдайлары Э.Сепир бойынша жеке мінез - құлықты актіні қарастырады, яғни пайда болған қалыптасқан стереотиптің, бірқатар новацияның бұзылуы.

Символдардың көмегімен ғана әлеуметтік топтардың образдары құрылып, жеке тұлғаның осы топтармен идентификациясы іске асырылуы мүмкін. И.Р.Сушковтың мазмұндауы бойынша «Әлеуметтік топтардың кез-келген образдарында негізгі ой-түйсінді айқындайтын, көрсететін символдар жүйелері қалыптасқан. Ол жүйелер бойынша тиісті топтық өзара қарым-қатынастар құрылады. Әлеуметтік топтардың қабылдауын білдіретін белгілер, мысалы графикалық бейнелер, текстік материалдар, сыртқы көріністің атрибуттары, топтық іс-әрекеттердің стереотипті динамикалық блоктары және тағы сол сияқты кез-келген зерттеулерде немесе практикада міндетті түрде нақты әлеуметтік топтар өмір сүретін символикалық жазықтықпен қатынасты болуы қажет. Барлық шамалық көрсеткіште мұндай жағдай имиджді құруда қолданылатын символдарға жатқызылуы тиісті. Имиджмейкерлер, көптеген жағдайда имиджді құруда аудиторияға үйлесімді маңызды символдарды есепке алып қолданады. Белгілі символдар арқылы, олардың көмегімен имиджға маңызды ақпаратты өрнектеу мүмкін болмаған жағдайда жаңаша символдар енгізіледі.

Имиджмейкерлер - клиенттің имиджін құру процесі кезеңінде - өздерінің алдарына қойған, мақсаттары мен міндеттерінің бірі ретінде клиенттің бойында психосемиотикалық құзырлылық, біліктілікті және өзіндік эксперцияның семиотикалық компоненттерін, сонымен қатар сыртқы көрініс технологиясының сапалықтарын арттыруды көздейді.

 

Пайдаланылған   әдебиеттер:

1. Сапарова Ю.А., Тұрдалиева Ш., Багов И., Сабекова А.  Имиджелогия.-Шымкент, 2008

2. Вознесенская Е., Фролов П. Фотография как средство формирования имиджа // А&РR diqest. – 1996. – Июнь

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-04 20:09:03     Қаралды-49625

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »