UF

    Драмадағы диалогтык қарым-қатынас     

Жоспар:

1. Қарым-қатынас құралын анықтау.

Қарым-қатынас мәдениетінің әлеуметтік – педагогикалық негіздері деп аталады. Педагогикалық-психологиялық ғылымда қарастырылған қарым-қатынас мәдениетіне байланысты орыс, қазақ тілдерінде жазылған әдебиеттерді талдай отырып,  қарым-қатынас мәдениетінің ұғымы,   қалыптасу факторлары, қарым-қатынас функциялары, қарым-қатынас түрлері, адамның қарым-қатынас жасау құралдары,  театр ұжымындағы қарым-қатынас жасаудың ұлттық ишараттары алатын орынын анықтау мақсатында ұлттық ишараттар актер қарым-қатынасының құрамдас бөлігі ретінде, театр өнерінде қарым-қатынас жасау шеберлігінің негіздері, ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру қарастырылады.

ІІ Тарау   Театр ұжымы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың  педагогикалық әдістері деп аталады. Бұл тарауда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың практикалық жағдаяты мен оны жетілдіру мақсатында өткізілген эксперименталдық жұмыс нәтижелері орын алды.

Қарым-қатынас – педагогиалық-психологиялық ғылымда   жүйелер арасындағы тұрақты байланыстар деп анықталады. Біздің жағдайдағы қарым-қатынас -  театр ұжымындағы кәсіби және адами байланыстар.

Ал қарым-қатынас мәдениеті деп - адамдар арасындағы қарым-қатынас үрдісін қамтамасыз ететін, тек адамға тән мінез-құлық амалдары аталады. 

Қарым-қатынас құралдары ретінде- адамдардың өзара келісімге келіп, түсіністік жағдаят жасауына ықпал ететін, ұнамды ұнамсыз жағынан емес, бірлескен әрекет жасауға және түсінушілік жағдай туғызуға әсер ететін тілдесім құрайтын сөз, оның құбылмалылығы мен дыбыс белгілері; бет қимылдары, қол сермеулері, сырт келбеті; қолданылатын бұйымдары, олардың ұлттық мәні танылады. 

Қарым-қатынас мәдениеттілігінің негізгі факторлары - адамдардың өзара қарым-қатынас жасауына ықпал ететін көптеген объективті жағдаяттар әсер етеді, Олар: қоғамдағы алатын орынына, әлеуметтік статусына байланысты адамдардың сөйлесуі, киінуі, тіпті сәлемдесуі де  білімі, діні, тегі, кәсіби қажеттілігі. Қарым-қатынас мәдениетіне  ықпал етуші материалдық факторлармен қатар жалпы мәдени, ұлттық дәстүрлер де бар.

Қарым-қатынас деңгейлері - өмір тұрғысынан қарастырғанда олар материалдық – практикалық, рухани-практикалық, дәстүрлік- өкілеттік және топтық болып бөлінеді.

Театр ұжымында дамыған қарым-қатынас түрлері тек жеке тұлғалар арасындағы ғана рухани байланыс емес, адамзат қалыптасу барысында пайда болған мәдениет дамуына, әлеуметтік қатынастар жетілдірілуіне ықпал еткен жүйе: адами, кәсіби, ұлттық ишараттық байланыстар.

Актер шеберлігінің – кәсіби қабілеттерінің негізгі үш құрамдас бөлігі белгілі. Олар: сахналық жинақы назар, сахналық әрекет, көкірек көзі, яғни, ішкі көру (болып есептелінсе, оларды айшықтайтын  құдретті үш құрал бар: біріншісі – психологиялық әсер ету – сезімді жеткізу;   екіншісі – пластикалық әсер ету – қимыл әрекеті арқылы ой мен сезімді білдіру, осы орайда ұлттық ишараттар мәнін игеру қажеттігіне тағы да назар аударамын; үшіншісі – үн құбылыстары арқылы да образ мәнін ашу мүмкіндігі терең. Қоңыр салмақты дауыссыз Абайдың образын елестету мүмкін болмаса, шаңқылдаған, ұшып-қонған дауыс тек жалмауыз кемпірге тән үн деп түсінемін.

 

Театр ұжымы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа педагогикалық ықпал ету мәселесінің екі деңгейі анықталды. Олар: кәсіби- шығармашылық – сахналық қарым-қатынасқа түсу барысында жасанды қарым-қатынастың нәтижелілігін арттыру – шығармашылық деңгейі және сахнадан тыс қарым-қатынас – бос уақыттағы ерікті түрдегі байланыс жасау. Біздің мақсатымыз екі деңгейдің де ішінен өмірлік қарым-қатынасқа қажеттік ететін түрлері мен құралдарын іріктеп, солардың мәдени деңгейін анықтау қазіргі міндеттердің бірі болды.

 Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық бағыттары ретінде - кәсіби шеберлікті қалыптастыру, адами қасиеттерді дамыту және ұлттық ишараттық мәдениетті игеру бағыттары анықталды. 

Әуесқой театр ұжымы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мен дамыту әдістері ретінде – кәсіби қарым-қатынас мәдениетін дамытуда оқу-тәрбие ісі: әңгіме, пікірталас, психологиялық әсер етушілік жаттығулар мен этюдтар жасау, талдау; адами қарым-қатынас мәдениетін дамытуда оқу-тәрбие ісі: жеке үлгі, психологиялық әсер етушілік жаттығулар, пікірталас, драматургиялық және рольдік талдау; ұлттық ишараттық қарым-қатынас мәдениетін дамытуда оқу-тәрбие ісі: драматургия материалына талдау жасау, жеке ролінің ишараттық элементтерін іріктеу, актерлық әрекетпен байланыстыру жұмыстары жүргізілді.

Осындай бағытталған педагогикалық әрекеттер нәтижесінде қоғамдық-тұлғалық және ұлттық ишараттары қамтылған кәсіби қарым-қатынас мәдениетін игерген маман әуесқой театр ұжымында қалыптаса алады деген ойдамыз.

 

Ұсынылатын  әдебиеттер:

1.     Шилов Н.П.  Сценарное мастерство:Учебное пособие. – Челябинск: ЧГАКИ, 2000. – 56с

2.     Шубина И.Б. Организация досуга и шоу программ. Ростов н/Д.:Феникс.2003.-352с.

3.     Чечетин А.И. Основы драматургии тетарализованных представлении:Учебник для студентов ин-тов культуры.-М.:Просвещение,1981.-192с.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-01-06 19:43:04     Қаралды-3620

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »