UF

         Cәулеттік мәдени форма және ежелгі турақжай баспаналары                        

Кіріспе

1.     Ежелгі тұрақ жайлар  формасы. 

2.     Феодалдық дәуірдегі ғимараттар.

3.     Ерекшіліктері.

 

   «Бүкіләлемдік сәулет тарихы»  «Сәулет» мамандығы студенттері үшін өнер және мәдениет тарихы курсының бір бөлігі болып табылады.   «Бүкіләлемдік сәулет тарихы» жеке пән болып бөлініп шығуына болашақ сәулетшілерде форма қалыптастыру концепциясының генезисі туралы түсініктің қалыптасу қажеттігі себепші болып отыр.

      Сәулеттік тенденциялар тарихын  оқу студенттердің кәсіптік дүниетанымның қалыптасуына, олардың өнегелі де эстетикалық тәрбиеленуіне, сондай-ақ практикалық дағдыны жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.

      Сәулет тарихы елдердің және аймақтардың әлеументтік дамуы мен баяндалады. Материалдың баяндалуы жеке елдер мен аймақтарда экологиялық көзқарастардың қалыптасу кезеңінде, нақты табиғи-климаттық жағдайдағы әлеументтік-тарихи ортада көрінетін тарихи-сәулеттік процестермен құбылыстарды қарастыруда жүйелі тәсілге, сондай-ақ олардың  техника – технологиялық даму денгейіне негізделген.

      Сәулет тарихын оқу оның жеке интерноционалдық материалды-конструкциялық, құрылыс-технологиялық-әлеументік аспектілерінің баяндалуымен шектелмейді. Сәулет тарихының тамыры ежелгі кезеңде жатыр. Оның даму кезеңдері қоғамның әлеументтік-тарихи кезеңдермен сәйкес келеді.  

      Ежелден Х1Х ғ. Ортансына дейін сәулет материалын  және сәулет ғимараттарымен танысып шығады. Қоғамдақ эконмикалық құбылыстарға талдау жасап, тарихилық  принциптермен туындайтын студенттердің ғылыми көзқарастарын қалыптастырады.     

      «Бүкіләлемдік сәулет тарихы» пәні бойынша әлем тарихын түсіну және білу әр маман  үшін қажет. Бұл пәді оқып үйрену барысында студенттер бүкіл әлем тарихы мәселелерін ғылыми зерттеулер арқылы қазіргі жаңа заман деңгейінен хабардар болуы қажет.

 

Тұрақжай, баспана - адамның өмір сүруі үшін ең қажетті материалдық жағдайдың бір түрі. Тұрақжай түрлері өндіргіш күштердің өркендеу дәрежесіне, әлеуметтік қарым - қатынас пен экономикалық жағдайға, семья кұру формасы мен мәдени – тұрмыстық дәстүрлерге, табиғи - геогр. орта ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Оның атқаратын қызметі негізінен қоғамдық құрлыспен тығыз байланысты. Таптық қоғам тұсында түрақжайға сол кездегі әр түрлі әлеуметтік жіктердің мәдени - тұрмыстық ерекшеліктер өз әсерін тигізіп отырды.

 Алғашқы қауымдық құрлыс дәуірінде тұрақжайдың қарапайым түрлері пайда болды. Тас дәуірінде үңгірлер, жертөлелер мен күркелер түрақжай рөлін атқарады. Қүрлыс материалына ағаш, шым, тас, кейде ірі аңдардың сүйегі (мамонт т. б.) пайдаланылды. Көшпелі тайпалардың отырықшылыққа ауысумен байланысты тұрақжайдың қарапайым түрлері одан әрі жетілдіріле түсті. Европа мен Азия, Американың тропиктік және субтропиктік өңірлерінде егіншілікпен айналысқан тайпалардың тұрақты баспаналары мен Сібір және Солт. Америка балықшыларының  баспаналары бөренені тік қағып, үстін итарқалап жапқан тұрақжайлары неолит дәуірінен белгілі. Ал Батпақты немесе көлтабанды жерлерде, тұрақжайды діңгек қадалардың үстіне салу өріс алды. Тұрақжайдың мүндай түрі Оң. - Шығыс Азия, Океания, Африка мен Оңт. Американың кейбір облыстарында 20 ғасырға дейін сақталып келді. Ормансыз жазықтар мен таулы өңірлерде неолит дәуірінен бері қарай, балшықтан, шикі кірпіш (кейінірек күйген кірпіш) пен тастан (табиғи тас) төбесі жадағай кейде көлбеулеу жабылған баспаналар тұрғызу (Ортаңғы, Орт. және Алдыңғы Азия, Кавказ, Оңт. - шығ. Европа, Солт. Африка, Солт. Американың оңт. - шығ. бөлігі , Мексика т. б.) етек алған. Осы үлгідегі баспаналардың бірнеше ярусты болып, бірінің үстіне бірінің текшелене орналасуынан «пуэбло» - деп аталатын қоныс түрі пайда болды. Азия мен Африканың мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі тайпалары баспананың екі түрін: ірі қара терісі керілген шатыр және киіз үйді қолданды. Кейбір тайпалар киіз үйдің арба үстіне орнатылған шағын түрін пайдаланды. Солтүстік мекендеуші халықтар, ағаш орына кит сүйегін қолданса, эскимостар қардан тұрғызылған лашықтарды паналады. Алғаш тұрақжай бір бөлмелі болды. Бір бөлмелі үйлер бірқатар халықтарда, әсіресе көшпелі тайпаларда бертінгі кезге дейін сақталып келді. Отырықшылық жағдайда тұрақжайдың көп бөлмелі болып салына бастауы неолит дәуіріне саяды. Алғашқы қауымдық құрлыс кезінде ру қауымдары мен үлкен семьяларға арналған коллективтік баспаналар бірте - бірте шағын семьялар жеке тұратын тұрақжайлармен ауыса бастады. Кейін мұндай тұрақжайлардың салыну үлгісі күрделеніп, арнайы бөлмелер (жатын, тамақ ішетін, әйелдер мен ерлер бөлмелері т. б.) пайда болды. Рулық құрылыс ыдырап, таптық қоғам пайда болған кезде тұрақжайдың түрі өзгеріп көсемдер мен ру ақсүйектерінің үйлері кеңдігі мен кұрылыс материалы әрі әсемдігі жағынан ерекшелене түсті. Ежелгі дәуірде тұрақжайларды жылыту үшін бөлменің ортасынан от жағылатын әр түрлі ошақ - пештер қолданылады.

       2.Құлдық қоғам кезінде Ежелгі Шығыста құл, кедейлердің лашықтарымен бірге ақсүйектердің сарайлары, әсем үйлері бой көтереді. Ауа райы мен табиғат ерекшеліктерінің ұқсастығына орай көптеген елдерде тұрақжайдың сырт формасы бір - біріне ұқсас үлгімен тұрғызылды. Ежелгі Египет, Қос өзен. Алдыңғы Азия елдерінде есік - терезелері ішкі ауаға қараған, көше жағы тұтас қабырғамен қоршалған жадағай төбелі үйлер етек алды. Бұл үйлер негізінен балшық пен тастан, ішінара ағаштан тұрғызылды. Критмикен мәдениеті кезіндегі тұрақжайдың ежелгі түрі мегарондар болды. Қазба кезінде белгілі болған Олинфтегі (б. з. б. V - IV ғ) үйлер классика дәуіріндегі грек тұрақжайларының тамаша үлгісіне жатады. Эллинизм дәуіріндегі тұрақжайларда перистиль кеңінен қолданылады. Ежелгі Римде тұрғын бөлмелер атрийді қоршай орналастырылады. Қала құрлысында көп қабатты инсулалар негізгі баспана рөлін атқарады. Оның астыңғы қабатына сауда дүкендері мен майдагерлік шеберханалары орналасты.

     2.Феодаддық дәуірінде қамалдар салу өрістеді. Оның Солт. Африка, Алдыңғы Азия, Кавказ, Үндістан мен Тибетте алуан түрі тұрғызылды. Шығыс славян халықтарының және олармен көршілес елдердің (Прибалтика, Поволжье, Прикамье) XIV-XVII ғасырдағы негізгі баспаналары ағаштан қиып салған үйлер болды. Ағаш үйлер орта ғасырда Солт., Орт. және Оңт. - Шығ. европа елдерінде (кең тараған түрі «халленхауз») көп салынды. Солт. Африка, Алдыңғы, Орта және ішінара Оңт. Азия елдерінің балшықтан тұрғызылған жадағай төбе (кейде итарқалап жапқан) үйлері отырықшылыққа айналған Оңт. Европа халықтарының тұрақжайларымен ұқсас келеді. Бұл баспаналар шаршы үлгідегі ішкі ауланы қоршай орналасып, сырт жағынан тұтас дуалмен қоршалады. Ішкі аулада хауыздар орналасады. Мұндай үйлердің көбінде айуаны болады. Кавказ халықтарында тас пен балшықтан тұрғызылған мұнара-үйлер (Таулы Дағыстан, Сванети, Хевсурети) Бат. Грузия мен Абхазияда галереялы ағаш үйлер ірге көтерді. Шығ. Азия елдерінде қабырға керегесін жасап, оны балшықпен сылаған, төбесін сабан немесе қамыспен жапқан тұрақжайлар етек алған. Бұл үйлерді еденге жатқыза салған «кан» деп аталатын пештер жылытады. Оңтүстік Қытайда баспаналар бамбуктан жасалады, кейде олар діңгек-қадалардың үстіне орнатылады. Кейбір жерлерде баспананы қайық немесе сал үстіне орнату өріс алған. Мұндай тұрақжайларда негізінен кедейлер тұрады. Қабырғасы ағаш керегелі үйлерді жер сілкісіне лайықтап салу Жапонияда өріс алған. Феодалдық құрылыстың соңғы кезеңі мен капит. қарым -қатынастың туа бастаған шағында қала құрылыс біршама дәуірлерді. Қайта өркендеу дәуірінде пайда болған Италия қалаларындағы палаццолар, XVII-XVIII ғасырдағы француз дворяндарының ірі ғимараттары, орыс дворяндарының усадьбалары осының айғағы.

      3.Капитализмнің дамуымен байланысты ұлттық тұрақжай түрлері ығыстырылып, оның орнын жалпы капитализм дәуіріне тән баспаналар басты. Құрылыс техникасының артып, жаңа құрлыс материалдардың пайда болуы (металл, темір-бетон т. б.) тұрақжайдың алуан түрін салуға мүмкіндік туғызды. Капитализм тұсында тех. Прогресс жетістіктерін тұрақжай құрылысында пайдалану таптық сипат алды. Бұл тұрғын    үй мәселесін бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. XIX ғасырда белгілі бір элеуметтік топтағы адамдарға арналған кіріс үйлері, 1830-40 жылдары. көп қабатты секциялы және галереялы үйлер қанат жайды. Галереялы үйлеріді жалға беріп, пайдаға құныққан үй қожалары тар әрі қараңғы бөлмелер санын көбейте түсті. Алайда пәтер ақының қымбаттығынан көптеген жұмысшылардың мұндай бөлмеге де қолы жетпеді. Жұмысшлар мыжырайған лашықтар мен жертөлелерде тұрды. Бұған керісінше ақсүйектер өздеріне арнап өте қолайлы үйлер (Брюсельдің Тюрени көшесіндегі үйлер,  Париждің Франклин көшесіндегі үйлерінің архитектуры О. Перре; екеуі де 1903 ж саланғандар.; Ино үйлерінің жоспары, 1914ж саланыған, арх. Ле Корбюзе), коттедждер салдырады. Тұрғын үй мәселесін жақсарту мақсатындағы еңбекшілер күресі буржуазияны ішінара келісімге келуге мэжбүр етті. XIX ғ-дың аяғы мен XX ғ-дың бас кезінен «әлеуметтік» жұмысшы баспанасын салу қолға алынды. 1920 жылдары Европада еңбекші тұрақжайлары мәселесінің шиеленіскен кезеңінде жұмысшыларға арналған «арзан пәтер» салуға ден қою да «әлеуметтік» құрылыспен мазмұндамас еді. Капиталистік елдерде тұрақжай мәселесін шешудің алуан әдісі қарастырылғанымен, пәтер ақының қымбаттығы асқына түсуде. Бұл еңбекшілер бюджетіне ауыр салмағын салып отыр.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Всеобщая история архитектуры в 12 томах. Под ред. Н.В.Баранова.—т.10,11,12. – М.,   1970 – 1972
  2. Всеобщая история архитектуры в 2-х томах. Под ред. Б.П..Михайлова. –т2. –М., 1952 – 1958
  3. Архитектура Античного мира(Греция и Рим)  Том-З. Архитектура Восточной Европы(Средние века)-Том4.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-11-30 10:35:07     Қаралды-3213

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »