UF

1.Экономист көзқарасын қалыптастырудағы  гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың рөлі

 

   Жоғары білім –  қазіргі өмір салауатына тән кәсіби білімдер мен сенімділіктің   жиынтығы. 

    Қазіргі экономисті қалыптастыру әрбір студенттің  фундаменталды экономикалық теориямен творчестволық  меңгеруді қажет етеді. Қоғамның даму заңдылықтарын оқу - әлеуметтік және экономикалық прогреске жетудің басты бағыты. Фундаменталды  экономикалық ғылымды терең және жүйелі игерудің мәнін жекелеген ақиқатпен формулаларды жатқа білу арқылы жоғары бағалауға болмайды. Теория білімі сенімділікке айналғанда, іспен бекітілгенде ғана  құнды болады. Басқаша айтқанда, әрбір экономист істе экономикалық саясатты және максималды экономикалық тиімділікпен шаруашылық үдерісті жүргізуде белсенді және қаблетті болуы қажет.

   Қазіргі нарықтық көзқарасты тәрбиелеу ісінде маңызды рөл қоғамдық ғылымдарға тән. Барлық әр түрлілікте анықтау және тәжірибелік қызметте әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы заңдылықтарын ескеру қазіргі экономикалық теорияның терең білімінің негізінде  мүмкін. Бұл білімдер әлемдік экономиканың интеграциясының бүкіл әлемдік тарихи  үдерісінің мазмұнын жақсы түсінуге мүмкіндік беретін қоғамдық даму заңдылықтарын, жаңа теориялық ережелерді, қорытындылар мен нақты мәліметтерді  ұғынуға ұмтылушыларды қамтамасыз етеді.

   Шаруашылықты жүргізудің нарықтық тәсілінің заңдылықтарын  зерттеу қазіргі экономикалық теорияның құралдарын творчестволық  меңгеру негізінде мүмкін. Соңғы жылдары әлемдік достық, трансұлттық корпорация  (ТҰК), евроодақ  (ЕО) сияқты халықаралық одақтар қарқынды дамыды. Бұрынғы СССР елдерінің  мақсаттары мен экономикалық  мүдделерінің ортақ бірлестігі – тәуелсіз мемекеттер Достығы интернационализм  қағидаларының негізінде  жан-жақты достастықты дамытады. Экономикалық теория әлемдік достықты дамытудың заңдылықтарын дамытудың  маңызды құралы болып табылады. Қазіргі жағдайда әлемде әлемдік саяси климаттың өзгеруі экономикалық білімнің интернационализациялану идеясының кеңінен дамуы үшін қолайлы салдарларын тудырады.

  Қазақстанның қазіргі даму сатысында қоғамдық ғылымның рөлінің өсуі қоғамдық дамудың танылған заңдарының негізінде нарықтық шаруашылықтың дамуымен анықталады. Жастардың меңгерген көзқарастарынан, экономикалық ойлауынан және өмірлік шынығуынан Қазақстанның экономикалық даму жетістіктері тәуелді болады. Бұл болашақ экономистің тәжірибелік жұмысында үлкен мәнге ие болады.Қазіргі экономикалық теория творчестволық сипатта. Бұл  шындықтың эволюциялық қайта қалыптасуы мен танымының әмбебап әдісі. Шаруашылықтың нарықтық механизм теориясы мен біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі тұжырымдамасы Қазақстанның дамуының  көптеген  экономикалық, әлеуметтік саяси және руқани сұрақтарын жаңаша қоюға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарында қоғамдық ғылымдарды оқыту  арнайы кафедралармен жүзеге асады.

    Қазіргі білім беру стандартына және оқу жоспарына  сәйкес  студенттер оқу пәндері циклін тізбектікпен оқиды. Бұл гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық пәндер блогы. Олардың ішінде алғашқы оқылатыны философия, культрология, тарих, социология, политология және т.б. Жоғары мектепте экономикалық теорияны жүйелі оқыту тарихын оқытудан басталады.

    Философия курсында табиғатты, қоғамды, және адамның ойлауының  жалпы заңдылықтары оқытылады, табиғат және қоғамның барлық ұғымдарын оқудың әдістемелік сұрақтары қарастырылады, табиғат, қоғам және адамның жан-жақты дамуы және теориялық ойлаудың философиялық әдісі ретінде диалектика негізделеді.

   Диалектика білімі жаратылыстану ғылымдарының әдісі мен мәнін дұрыс түсіну үшін қажет.Философиялық негізсіз экономикалық ғылымдарды  оқып үйрену мүмкін емес.  Барлық экономикалық ғылым, оның ішінде, экономикалық  жай фактілерді жинақтаумен шектелмейді, ол жекелеген фактілер арасындағы логикалық байланысты анықтап, оларды жалпылап, жүйелеуі қажет. Бұл маңызды міндетті  шындықты танудың сенімді құралы, диалектикамен жетекшілік ете отырып, сәтті орындауға болады. Диалектика – экономикалық ғылым негізі, ол экономика және философия арасындағы кедергіні жоюға мүмкіндік береді.

    Прогрессивті ғалымдар экономикалық ғылымның барлық тарихында философия мен экономиканың байланысының қажеттігін  бірнеше рет дәлелдеді.Экономикалық және басқада факультет студенттерінің кездестіртін маңызды мәселелері адаммен қоршаған ортаның өзара байланысын зерттеу болып табылады.

 Жас экономистер қоғамның тіршілігі үшін, адам денсаулығын қорғау үшін, сондай-ақ тіршілік ету ортасы үшін қажетті табиғи шарттарды ұдайы өндірудің ғылыми негізделген  бағдарламасын жасау және жүзеге асыруға белсене араласу қажеттілігі тұр. Экономистің қоғамды тану білімінде  ерекше орынды  алатын социологиялық және саяси мәселелер. Философия курсынан кейін экономикалық теория курсы қарастырылуы қажет.

   Экономикалық теория басқа әлеуметтік ғылым пәндерінен  екі жағдайда ерекшеленеді: теориялық және эмперикалық білімнің орталық ядросының болуы және осы білімді көптеген үлкен әр түрлі тақырыптарды пайдалану. «Экономика» пәні құрылымын алып ағаш ретінде қарастыруға болады. Түбірі -  студенттерді экономикалық ойлау қағидалары мен оларды әр түрлі жағдайларда пайдалануды таныстыратын кіріспе курстар. Бағаны -  экономист кәсіпқойлар кеңінен қолданатын аналитикалық және сандық  әдістер, фундаменталды түсініктер, қағидалар жиынтығы.  Ағаш бұтақтары – ірі көптеген реттелген облыстар, атап айтқанда: монетарлық экономика, өнеркәсіптік ұйымдар және т.б.

 Сонымен, экономистердің   жоғары білім жүйесінде қоғамдық ғылым орны келесілермен анықталады:

  Біріншіден,  студент – экономистке қазіргі әлемнің даму заңдары жөнінде білімдер жүйесін бере отырып,  олардың  жалпы білім беру мәні болады, ал бұл оның көзқарасын, жоғары жалпы мәдениетін кеңейту үшін қажет;

   Екіншіден, экономист маман үшін  олардың  толық экономикалық және шаруашылық  қызметі үшін қажет;

   Үшіншіден, олардың үлкен тәрбиелік мәні болады.

2. Маман дайындаудағы фундаменталды экономикалық ғылымның рөлі.

  Экономика, қоғамдық ғылымның бөлігі бола отырып,басқа қазіргі ғылым жетістіктерін кеңінен қолданады, оның ішінде информатика, математика, компьютерлік технология, социология және басқа. Әсіресе, фундаменталды ғылым рөлі экономистті дайындауда ғылыми-техникалық революция шартындағы  кез келген    мамандықты дайындауда  ерекше артады. Маркетинг, менеджмент, болжау және жоспарлау сияқты маңызды қолданбалы  пәндерді меңгеру шарты фундаменталды, теориялық ойлау қаблетінің, сондай-ақ жалпы математикалық және жаратылыстану ғылымдары пәндері бойынша терең білімнің болуы болып табылады.

   Болашақ экономистке неғұрлым терең, мақсатқа бағытталған  фундаменталды экономикалық  дайындық теория, информатика, психология, педагогика бойынша; жаратылыстанудың қазіргі тұжырымдамалары, регионалистка теориялары, экономикалық география және т.б. бойынша қажет.  Қазіргі жаратылыстанудың жалпы фундаменталды тұжырымдамалары бойынша білімсіз     табиғат, қоғам және адам экономикасы секілді күрделі ғылымдары оқуға болмайды.

    Қазіргі уақытта экономикалық тәжірибеге компьютерлік технология, күрделі экономикалық жұмыстар орындалатын Интернет сәтті ендірілуде.

   Әлемдік экономикалық ғылым жетістіктерін пайдалану үшін, қазіргі экономист  бір  немесе екі немесе одан да көп бірнеше шет ел тілін, барлық экономистер үшін ортақ болып табылатын дәстүрлі ағылшын тілін қоса  жетік білуі қажет. Қазіргі экономикалық ғылым бір қатар жеке мамандықтарды қамтиды, олардың саны әрбір он жылда  өсуде, бұл бірінші кезекте білімнің кеңеюуімен  және  сәйкес шараларды жүргізуді техникамен қамтамасыз ету  қажеттілігімен түсіндіріледі.

  Қазіргі экономикалық ғылым үлкен көңілді әсіресе диагностикаға бөледі, бұл мақсатта  маркетологтар, аналитиктер, болжамшылар сияқты мамандықтар қолданылып, барлық мүмкін эксперименталды моделдер құрылады.Тәжірибелік мақсатта теориялық мамандықтарды бұлайша пайдалану,осы мамандықтарды дамыту үшін үлкен оң өзгерістер әкеледі.

   Студенттің фундаменталды теориялық дайындығы – болашақ экономисттің табысты қызметінің кепілі.

 

   Берілген бағыт бойынша бакалавр академиляқ деңгейін алушы экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы тапсырмаларды шешумен байланысты ақпараттарды өңдеуде қазіргі кездегі технологияларды қолдануда, тез өзгеруші сыртқы орта жағдайында шешім қабылдауда арнайы теоретикалық  білімі және практикалық дағдылар кешенін игеруі қажет. Тәуекел және белгісіздік, бейстандарттық жағдайларда мәселелерді және практикалық міндеттерді шешу үшін жеткілікті теориялық дайындығы болуы.

   Бакалавр шығармашылық белсенді кәсіптік және әлеуметтік қызметке, экономикалық және басқада басқару функциялары шеңберінде  практикалық міндеттерді сапалы орындауға тәжірибелік тұрғыдан дайындалған, өндірісті ұйымдастыру сипаттары бойынша теориялық түсінігі, қоғамдағы заңдылықтары, адамдардың өндіріс үрдісіндегі, материалдық еңбектерді, қызметтерді бөлудегі, алмасу  және    тұтынудағы   мінез-құлығы   туралы   түсінігі  болуы тиіс.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-10-20 21:42:25     Қаралды-3315

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »