UF

«Фитоценоздың әртүрлі жылдардағы немесе флуктуациялық өзгергіштігі»

1. Флуктуацияны тудыратын себептер.

2. Амплитудасына және ұзақтығына байланысты флуктуациялар.

 

1. Флуктуацияны тудыратын себептер.

Флуктуация /латын сөзі fluctuatic – колебание-бербелу, тұрақсыздану/ – өсімдіктер қауымының әртүрлі жалдырдағы белгілі бір бағыты жоқ, әртүрлі бейімделген немесе циклді өзгеруі /циклдің ұзақтығы 10 жылдан артық емес/ циклді өзгерудің нәтижесінде өсімдіктер қауымы өзінің бұрынғы жағдайына жақын жағдайға келуі мүмкін.

Флуктуация деген терминді алғашқылардың бірі болып американ фитоценологі Глизон /1939/ қолданды. Флуктуация биоценоздың өсімдік немесе жануарлар компоненттерінің даму ритмикасынан немесе климаттың тұрақсыздығынан тұрады. Өсімдік қауымын әр жылда әр түрлі пайдаланған жағдайда флуктуация адам әрекетіне де байланысты болуы мүмкін. Фитоценоздардың кейбір компоненттерінің биологиялық даму ерекшеліктері де флуктуацияның тууына себеп болуы мүмкін.

Флуктуацияны /тудыратын себептеріне байланысты/ Т.А.Работнов /1978/ мынадай типтерге бөледі: 1) экотопикалық, 2) антропогендік, 3) зоогендік, 4) фитоциклді, 5) фитопаразитарлық.

1. Экотопикалық флуктуациялар. Бұл флуктуацияның ең кең тараған типі болып табылады. Климаттың тұрақсыздығынан ортаның біраз қасиеттері /топырақ ылғалдылығы т.б./ өзгереді, ал ол экотоп қасиетінің өзгеруіне әкеліп соғады.

2. Антропогендік флуктуациялар. Өсімдіктерді адамдардың әр жылда әр түрлі пайдаланып әсер етуіне байланысты фитоценоздарда өзгерістер болады. Антропогендік өзгерістер қайты орнына келмейді немесе бұрынғы қалпына өте жай келуі мүмкін. Адамныңғ әсерінен флуктуацияның басқа типтері /мысалы экотопикалық флуктуация/ күшейіп немесе нашарлауы мүмкін. Кейбір жылдардың метеорологиялық және гидрологиялық жағдайына байланысты немесе жеке шараларды /мысалы, шалғындықтарда тыңайытқыштар себу, гербицидтерді пайдалану т.б./ жүйесіз пайдаланғанда кездейсоқ өзгерістер болуы мүмкін. Антропогендік флуктуация барлық уақытта экотопикалық және басқа флуктуация түрлерімен үйлесіп, байланысып кетеді. Мысалы далалық жерлерде, жаңбыр аз жауған жалдары құрғақшылықтан мал аз жайылатын жайлымдықтарға қарағанда қарқынды пайдаланылатындарының өсімдіктері ерекше зардап шегеді. Сондықтан жылдың ерекшеліктеріне байланысты жайылымдықтарды пайдалануды реттеп отырған жөн.

Циклды сукцессиядан флуктуацияның айырмашылығы өсімдіктер қауымындағы флуктуациялық өзгерістер 10 жылға дейін қалпына келтіру процестері /демутация/ нәтижесінде жойылады. Егер 10 жылға дейін өзгерістер қалпына келмесе оны сукцессияға жатқызады.

3. Зоогендік флуктуациялар. Өсімдіктермен қоректенетін /фитофагтар/ жануарлардың және өсімдіктердің өсу жағдайына өзгерісенгізетін жануарлардың /жертесерлер т.б./ тағы басқада биоценоздардың зоокомпоненттерінің саны жыл сайын өзгеріп, олардың қызметіне байланысты фитоценоздардың флуктуациясы болатынын байқауға болады. Әсіресе насекомдар-фитофагтар және жертесерлер санының динамикасына байланысты зоогенлік флуктуация жиі болып тұрады. Фитофагтар мен жертесерлер жаппай көбейетін жылдарда фитоценоздар өзгерістерге ұшырап бұзылады, ал бұл топтағы жануарлар особьтарының саны аз болған жылдары фитоценоздар бірте-бірте бұрынғы қалпына келеді.

4. Фитоциклді флуктуациялар. Флуктуацияның бұл түрі өсімдіктердің дамуының биологиялық циклдарына байланысты. Әсіресе көптеген шөпті өсімдіктердің және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өзгерістерінде бұл құбылыс жақсы байқалады. Шалғындықтарда ауа райының жағдайы қолайлы болып ол биологиялық ритммен сәйкес келетін болса 4-5 жылда бір рет жоңышқа туысының түрлері жаппай дамып «жоңышқалы» жылдардың бар екенін байқауға болады. Шалғындық фитоценоздардың көбісінде жоңышқаның екі түрі – Trifolium prаtense L., T. Hybridum L. кездеседі. Жоңышқаның бұл екі түрінің особьтары фитоценоздарда көп кездеспеседе, кейбір жылдары олар өте қаулап жақсы өсіп кетеді. Әрбір особьта оннан көбірек генеративтік өркендер пайда болады. Бірақ өсуге қолайлы жағдай олардың моно- және дикарпті болуына әкеліп соқтырады, ал ол олардың особьтарының дамуының сол жылы немесе келесі жылы қурауымен бітеді.

Жоңышқа жаппай қурағаннан кейін олардың ценотикалық популяцияларындағы саны азайып тек виргинильді өсімдіктер ғана қалады. Бірте-бірте «жоңышқалы» жылдардағы жердің бетіне түскен тұқымдардан олардың жаңа популяциясы пайда болып виргинильді особьтар жаппай генеративті особьтарға айналып қайтадан «жоңышқалы» жыл келеді.

5. Фитопаразитарлық флуктуациялар. Кейбір паразитті консорттардың, өте жиі-паразитті саңырауқұлақтардың /мысалы зең саңырауқұлағы/ жаппай көбеюі фитоценоздардың флуктуациясына әкеліп соқтырады. Паразитті саңырауқұлақтардың жаппай көбеюі жайылымдық фитоценоздардан алынатын мал азығының сапасын төмендетеді. Фитопаразитарлық флуктуациялар әр жылдардағы метеорологиялық және гидрологиялық жағдайдың өзгеріп тұратындығына тығыз байланысты.

Фитоценоздардың қалыптасу процесінде әр жылда өзгеріп тұратын метеорологиялық және гидрологиялық жағдайларға, жануарлардың әртүрлі қарқынды әсеріне төтеп беріп бірге өмір сүре алатын өсімдік түрлері  іріктеліп алынған. Сондықтан экотоп жағдайының тұрақтылығы дәрежесінде қарап экологиясы жағынан біресе ұқсас, біресе қарама-қарсы өсімдік түрері таңдалып алынған. Бұл фитоценоздардың үлкен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өсімдік қауымдарының өскен ортасындағы бір жаққа бағытталмаған, әртүрлі бейімделген және қысқа мерзімді өзгерістер /мысалы құрғақшылық жылдың ерекше жаңбырлы жылмен алмасуы/ экотопикалық және онымен байланысты флуктуацияның басқа типтерінің болуына себепкер болады. Соған ылайықты фитоценоздардың «орташа жағдайынан» біресе үлкен, біресе кіші бір жаққа бағытталмаған, әртүрлі бейімделген өзгерістері болады. Мұндай жағдайда өсімдіктердің кейбір түрлері «жойылған» немесе «пайда болған» сияқты көрінеді. Өсімдіктердің кейбір түрлері үшін қолайсыз жылдары олардың особьтары қысылған немесе толас күйіне көшеді /олар «жойылған» сияқты болады/; ал ауа райы қолайлы жылдары олардың толас күйіндегі және қысылған особьтары қаулап өсіп кетеді. Сонымен флуктуация процестері кезінде фитоценоздың флоралық құрамы өзгермейді, тұрақты күйінде қалады.

Көптеген фитоценоздарда өсімдік түрлерінің особьтарында сан жағынан және тіршілік күйі жағынан айтарлықтай өзгерістер болады. Өскен ортасы жағдайының жылдан-жылға өзгеруіне өсімдіктің түрлері өздерінің экологиялық жеке сапасына байланысты жауап қайтарады. Бұл әсіресе шөптесін фитоценоздарда жақсы байқалады. Оларда жылдар өткен сайын түрлердің сандық ара қатынастары өзгереді, кейде тіпті бір доминантты түрлердің орнына екіншілері келеді.

 

 

2. Амплитудасына және ұзақтығына байланысты флуктуациялар.

Флуктуациялар амплитуадасына және ұзақтығына байланысты мынадай үш топқа /Работнов, 1978/ бөлінеді:

1) Жасырын, елеусіз /скрытые/, оны дәл есептегенде ғана аңғаруға болады. Мұндай жасырын флуктуациялардың фитоценоз өмірінде елеулі маңызы жоқ. Оларды көзбен шолып байқауға мүмкін емес. Мұндай флуктуациялар жер үстіндегі мүшелері көпжылдық ағаштар, мүктер, қыналар/фитоценоздарға тән. Олар монодоминантты шөптесін ценоздарда да кездеседі.

2) Осцилляциялық флуктуациялар – фитоценоздар компоненттерінің ара-қатынасына, өнімділіге өзгеріс енгізетін, қысқа мерзімді, ұзақтығы 1-2 жылдық өзгерістер. Мұндай өзгерістерді тікелей бақылау арқылы ғана байқауға болады. Осциляцияға доминанттары өзгеріп алмасып тұратын фитоценоздар жатады. Осциляцияға субдоминанттары кезектесіп ауысып тұратын фитоценоздарды да жатқызуға болады. Полидоминантты шөптесін фитоценоздарда жылдар бойында кейбір доминанттардың өзгеруі осциляция типі бойынша, ал басқа доминанттардың өзгеруі циклділікпен жүреді. Мұндай фитоценоздардың флуктуациясын осцилляциялы – циклді деп атайды.

3) Дигрессивті демутациялық флуктуациялар – фитоценоздардың структурасының айтарлықтай күшті бұзылып 3-10 жыл ішінде алғашқы қалпына келуімен байланысты. Фитоценоздардың бұзылуының себептері: биогеоценоздың метрологиялық және гидрологиялық жағдайының кенет орташа жағдайынан ауытқуы /күшті ұзақ құрғақшылық, көктемдегі ұзақ уақыт жер бетінде судың жиналуы, қары аз суық қыс болуы/ сонымен қатар фитофагтардың және жертесерлердің жаппай көбеюі.

Сонымен біздер фитоценоздардың қайтып орнына келетін өзгерістерінің түрлеріне тоқталып өттік. Фитоценоздардың бұл қасиетін зерттеудің маңызы өте зор. Фитоценоздар өзгерістерінің маусымдық және флуктуациялық циклдарын дұрыс білмей ассоциацияларды анықтап бөлу, оған дұрыс диагностика беру және фитоценоздардың өнімділігіне биологиялық және шаруашылық сипаттама беру мүмкін емес. Әсіресе шалғындық өсімдіктерін зерттегенде оның флуктуациялық өзгерістерін ескеру қажет, әйткені ол қасиет оларда айқын байқалады.

Флуктуациядан фитоценоздың мәні өзгермейді, ол оның флоралық құрамын өзгертпейді, сондықтан флуктуация фитоценоздардың қайтып қалпына келмейтін өзгерістеріне /сукцессияға/ қарама-қарсы қойылады.

 

 әдебиеттер:

  1. Вернадский В.И. Биосфера. Л.1926.
  2. Сукачев В.Н. Основы теории биогеоценологии – Юбил. Сборник АН СССР. 
  3. Дылис Н.В. Учение о биогеоценозе и его проблемы. М.: «Знания». 1975.
  4. Н.М.Мұхитдинов. Биогеоценология негіздері. Алматы. «Қазақ университеті» 2007, 139 бет.
  5. Н.М.Мұхитдинов. Геоботаника негіздері. Алматы. 1992ж. 
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-08-04 19:52:49     Қаралды-4210

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »