UF

 Банктік тәуекелдердің жіктелуі мен топтарға бөлінуі

 

1. Банктік тәуекелдердің жіктелуі

2. Банктік тәуекелдердің топтарға бөлінуі 

     3.  Банктік тәуекелдерді анықтаудың шетелдік бағыттары

 

1. Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

   Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық, инфляциялық және басқадай факторлардан пайда болады.

Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді:

-  банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестициялық тәуекел және т.б.);

-  банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тату тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);

-  банк өзінің активтері мен пассивтерін баскару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);

-  қаржылық кызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).

2. Банк тәуекелдерін ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлгенімен, олар бір-бірімен тығыз байланыста және кейде өзара араласып кеткен. Мысалы қаржылық тәуекел өз кезегінде несиелік тәуекелге ұштасса, несиелік тәуекел пайыз тәуекелін тудыруы мүмкін. Қазақстанның екінші деңгейлі банктердің қызмет аясы кеңейген сайын, сыртқы тәуекелдермен бірге банк қызметіндегі операциялардың тәуекелі де ұлғая бермек. Бірақ, отандық екінші деңгейлі банктер әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деуге болмайды. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема отандық банк жүйесі үшін жаңа болып табылады, сондықтан да банктердің операцияларын жүргізу әдістері бойынша қандай да бір тереңдетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда банктердің операцияларын қалыптастыру барысында пайда болатын тәуекелдерді зерттеу Қазақстанның банк жүйесін реформалау кезіндегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. ЕДБ сыртқы тәуекелдері экономикалық, қаржылық, құқықтық, саяси себептерге байланысты. Құқықтық факторларға байланысты тәуекелдерді басқару –Ұлттық банк не қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан  банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер бойынша өзгерістер енгізу арқылы банк қызметін қалпына келтіру.

Экономикалық факторларға байланысты тәуекелдерді басқару-   экономикалық құндылықтарға, экономикалық саясатты қайта қарастыру, Ж¥Ө өсуі ұзақ мерзімді төмендеуін болдырмау не алдын-алу, экспорт көлемінің импорт көлемінен азайып кетуін болдырмау, жоғары болуы, экспорттан түсетін табысты өз деңгейінде ұстап отыру не импорт тауарларына кедендік, салықтық кедергілер жасау. Дәл қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық дағдарысқа байланысты қаржы тәуекелдері артуда. Яғни, қаржылық тәуекелдер - ақша-несие жүйесінің дағдарысына, инфляцияның өсуіне, сырткы қарыздың күрт өсуіне, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Қаржы тәуекелдерін басқару банктердің қаржылық жағдайына әсер ете отырып, банк қаржыларын басқару деген сөз. ЕДБ-дің сыртқы тәуекелдерінің ішіндегі ең көлемдісі және күрделісі қаржы-экономикалық тәуекелдер. Қаржы менеджментінің теориясында екінші деңгейлі банктердің активтері мен пассивтерін бақылау проблемасы өзекті болып табылады.

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін дұрыс жинап, бөліп, өз қажеттілігіне пайдаланады. Қаржылық тұрақтандыру саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

Қаржылық тұрақтандыру саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы тұрақтандыру саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Қаржылық тұрақтандырудың  бүкіл ерекшеліктері мемлекеттің қарылық саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады.

3.  Көп елдерде коммерциялық банктердің өтімділік коэффициенттері мерзімі бойынша топтастырылған баланс активтері мен пассивтері баптарының арақатынасы негізінде есептеледі.

  Францияда, мұндай мерзім 3 ай болып саналады. Сәйкесінше өтімділік коэффициенттері талап етілгенге дейінгі депозиттерге 3 айға дейінгі мерзімге орналастырылған активтердің сондай сондай мерзімге тартылған мерзімді депозиттер мен басқа ресурстарға қатынасы ретінде есептеледі.бұл коэффициенттің есептелуін коммерциялық банктер бақылаушы органдарға тоқсан сайын береді. Бұл көрсеткіштің шекті мәні 60%–дан кем болмауы керек.

  Англияда коммерциялық банктер ай сайын қолма-қол қаражаттар, «Ностро» шоттардағы қалдықтар талап етілгенге дейінгі депозиттер және 1 күн мерзімге орналастырылған бағалы қағаздар және қайта есептеуге жарамды вексельдер арақатынасын бейнелейтін өтімділік коэффициентін орындау туралы Англия Банкі алдында есеп береді. Бұл арақатынастарының минималды мүмкін мөлшері 12,5% құрайды.

   Сонымен бірге, Англияда коммерциялық банктер Орталық Банк алдында есеп беруді талап етпейтін өтімділіктің басқа коэффициенттерін есептейді:

а) 1 айға дейінгі мерзімге орналастырылған активтер сомасы және сол мерзім ағымында өтелетін міндеттемелер сомасының арақатынасы;

б) 6 айға дейінгі мерзімге орналастырылған активтер мен банктердің міндеттемелерінің сәйкесінше бөліктерінің арақатынасы.

4.  Германияда коммерциялық банктер балансының өтімділігінің жағдайы туралы Неміс федералды банкі алдында ай сайын есеп береді. Германия заңымен коммерциялық банктердің келесі арақатынасты орындауы міндеттеріанықталады:

а) ресурстарды тарту мен жинақ салымдарын тарту мерзімдері бойынша бір мәнді қысқа және орта мерзімді салымдар (4 жылға дейін);

б) осы мерзімге тартылған ресурстарға ұзақ мерзімді салымдар (4 жыл және одан да көп жылдар).

Осы коэффициенттердің талап етілетін мерзімі 100% шегінде қысқа мерзімді ресурстар мен ұзақ мерзімді салымдармен бір бөлігін жабу мүмкіндігі.

  Банк өтімділігі жағдайының динамизмін есепке ала отырып, шетел эксперттері оның баланстық арақатынастар негізінде есептелетін қаржылық коэффициенттер көмегімен толық өлшенуі мүмкін емес екендігін көрсетеді. Сондықтан бар банктердің активтері мен пассивтері юойынша қолма-қол қаражаттарының ағымы негізінде өтімділік бағаларының тәжірибиесі жайлап туындады. Мұндай бағалаудың қиындығы кейбір қаржылық құралдары бойынша төлемдердің түсу мерзімі қарастырылмайтындығында. Басқа бір қиыншылық жеке қарыздарды өтеудің болашағын дұрыс бағалауда.   Сондықтан бұл әдісті қолдану әдісі мыналарды болжайды:

а) активтер мен пассивтер бойынша төлемдер мерзімдері туралы жоғары сапалы және өз уақытында ақпарат алу;

б) банкпен қарыздар мен депозиттердің жағдайының күтілетін тенденцияларының жоғары сапалы талдауы жүргізіледі.

  Жапония, АҚШ және басқа европалық елдерде қолма-қол ақша ағымы негізінде банктердің өтімділігін бағалау тәжірибиесі кең дамыды.

  Жапонияда коммерциялық банктердің мысал ретінде, өтімділігін бағалау әдістемесі келтіріледі.

   Себебі, өтімділік тәуекелі деп банктің өтімді активтері мен міндеттемелерінің көлемінің сомасы және мерзімі бойынша балансталмаған тәуекел түсіндіріледі.

  Банк өтімділігін бағалау үшін 1 ай ағымында өтімділік коэффициенттері есептеледі:

 

                     бір мезгілде міндеттемелерді қамтамасыз

К өтім-к  =          ету үшін қаражаттарға қажеттілік

                 Тербермелі пайыз ставкасымен байланысты

                              активтердің жалпы сомасы

 

Көптеген шетелдерде банк өтімділігін қамтамасыз ету үшін ірі несиелік тәуекелдерін шектеуге үлкен мән береді.

  Сонымен, АҚШ-та 70 жылдардың ортасында 2 көрсеткіш заңдастырылған: берілген несиелердің капиталға қатынасы банктердің капиталынан 11 есе аспауы керек немесе берілген несиелердің капиталға қатынасы 0,1-ден аспауы керек.

   Францияда 1 қарыз алушы немесе барлық қарыз алушыларға келетін несие мөлшері банктердің меншікті қаражаттары сомасының 75%-нан аспауы керек.

   Германияда берілген несиелердің сомасы мен қатысуы банктердің меншікті қаражаттарынан 18 еседен көп болмауы керек. Банктердің меншікті қаражаттарының сомаларының 15%-ын құрайтын әрбір бесінші ірі несиелер кейінгілері 3 еседен аспауы керек. 

5. Тәуекелдерді анықтаудағы озық әдістерді Қазақстанда қолданудың жетістіктер

Ұзақ мерзімді болашақты көре білу тәуекелді бақылаудың маңызды бөлігі болып табылады. Стратегиялық бақылау жағдайында әрбір кезек есепке алынып, қоршаған ортада және банктің өзінде өзгерістер болады стратегиялық бақылауда қазіргі кезде болашаққа көз тасталады. Банктер қазіргі кезде болашағын қамтамасыз ететін қызметтерді жүзеге асырады. Стратегиялық бақылауға тән нәрсе, ол банктің болашақтағы қажетті жағдайы тіркеліп қана қоймай, болашақтағы мақсаттарға жету мүмкіндігін беретін қоршаған ортадағы өзгерістерге тез арада бейімделу қабілеттілігі жасалады. Бұл аталған мәселелер стратегиялық менеджменттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Екіншіден, стратегиялық емес бақылауда әрекет бағдарламасы банктің ішкі мүмкіндіктері мен ресурстарын талдаудан басталады. Мұндай көзқараспен банктер тек қандай қызмет түрлерін ұсынылатындығын және олардан қаншалықты шығын болатындығын ғана анықтайды. Мұндай көзқараспен банктер тек қанда қызмет түрлерін ұсынатындығын және олардан қаншалықты шығын, банк ұсынатын жаңа қызметтердің нарықта қабылданатындығына жауап бере алмайды.

Банк ісін дамытудағы тәуекелді стратегиялық бақылаудың артықшылығының болуы мен қатар, оның кемшіліктері мен қолданылудағы шектігі, мұндай бақылау түрінің кез келген жағдайында кез келген міндеттерді шешуде қолданыла бермейтіндігін көрсетеді.

Біріншіден, стратегиялық бақылау өзінің мәні бойынша болашақтық айқын бейнесін бере алмайды. Стратегиялық бақылау бойынша құрылатын болашақ, ол банк қалайтын болашақтағы жағдай – бұл ішкі және сыртқы жағдайлардың жіктелген бейнесі емес, банктің болшақта болуы тиіс сапалық жағдайы.

Екіншіден, стратегиялық бақылау алдын ала бекітілген кестелер мен процедураларға келтіріле алмайды. Оның жекелеген нақты жағдайлар мен міндеттерді шешуде не істеу қажет екендігін бейнелейтін теориясы жоқ. Тәуекелді страгтегиялық бақылау бәрінен бұрын бизнестің немесе менеджменттің идеологиясы немесе философиясы. Банктердегі әрбір қаржылық менеджер оны өзінше – түсініп, өзіне жүзеге асырады. Оның стратегияны таңдау және проблеманы талдауға арналған логикалық кестелері мен ережелері, ұсыныстары бар.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-07-29 21:35:09     Қаралды-6296

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »