UF

 Регламенттелген есептілік

1. «1С: Бухгалтерия» жүйесінде есептілікті құрау.

2. Регламенттелген есептілікті дайындау.

1. Есептемені сақтау және басып шығару

2. Есептеме көрсеткіштерін ашып түсіндіру.

3. Есептемелерді сақтау және регламенттелген есептіліктерді электронды түрде қондыру.

«Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия 8» құрамына регламенттелген есептер жиыны кіреді. Регламенттелген деп көрсетілу мерзімі мен реттілігін әртүрлі мемлекеттік ұйымдар анықтайтын есептер, формалар, толтыру реттілігі аталады. Ргеламентті есеп-қисапқа келесілер жатады:

  • қаржылық есеп-қисап;
  • салықтық есеп-қисап;
  • мемлекеттік статистикалық есеп-қисап;
  • басқа да.

Регламенттелген есеп қисаптың формалары конфигурация құрамына кіреді және жаңа шығарылымдармен бірге үлестіріледі. Есеп қисаптың формасын жаңарту сол конфигурацияның жаңартылуымен бірге орындалады.

Қажетті жағдайда регламенттелген есеп қисап формалары бөлек файлдар түрінде (1С: Предприятия 8 сыртқы есебі деп аталады) үлестірілуі мүмкін.

 

Регламенттелген есептердің тізімімен жұмыс істеу

Регламенттелген есептермен жұмыс істеуге  «Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» («Есептер» - «Регламенттелген есептер») өңдеуі арналған.

 «Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» өңдеу формасы екі басты бөліктерден тұрады. Форманың сол бөлігінде регламенттелген есептердің түрлерінің тізімі бейнеленеді. Форманың оң бөлігінде есептер журналы орналасады.

Есептер журналында есептерді әртүрлі критерилері бойынша сүзгілеуге болады:

  • регламенттелген есеп түрі бойынша;
  • есепті құрған ұйымның аты (немесе ұйымның тізімі бойынша) бойынша;

•   есептік период бойынша және т.б.

Әртүрлі критерилері бойынша іріктеуді бір біріне тәуелсіз, біруақытта орнатуға болады. Бірнеше іріуктеуді біруақытта орнату кезінде оның нәтижесі болып іріктеудің барлық орнатылған критерилерін дереу қанағаттандыратын есептер тізімі табылады.

Есептің түрі бойынша іріктеуді орнату жалаушалар көмегімен орындалады, ол жалаушалар есептер тізіміндегі есеп қисап формасының түрі мен тобының атының сол жағында орналасады. Жалаушаларды ерікті түрде орнатуға және алып тастауға болады. Жалаушаларды орнату үшін тізімнің барлық есептерінде есептің тізімінің үстінде ^ («Барлығын белгілеу») батырмасы орналасады.

Ұйым аты бойынша іріктеуді орнату үшін есептер жураналының астындағы «Ұйым» өірісінде ұйымның атын таңдау қажет.

Ұйымның тізімі бойынша іріктеуді орнату үшін «Ұйымдар» өрісінде ашылған тізімде жалаушалар көмегімен қажетті ұйымдарды белгілеу көмегімен таңдау (немесе «F4» пернесін) батырмасын басу қажет.

Есептік период бойынша іріктеуді орнату үшін «Период» жалаушасын орнату және қажетті периодты таңдау тиіс.

«Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия» есептер формасын ашпай ақ «Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» формасындағы регламенттелген есептермен пакеттік жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып отыр. Пакеттік режимді іске қосу үшін есептер журналының командалық панелінде «Пакеттік режим» батырмасы қызмет етеді (үнсіздікпен режимі өшіріліп тұрады).

Пакеттік режим есептер тобының қайта түсірілімін орындауға мүмкіндік жаратады.

Регламенттелген есеп қисаптың анықтамасы

Регламенттелген есептерге балама қол жеткізуді «Регламенттелген есептер» анықтамасы ұсынады. Осы анықтаманың тізімдер формасын «Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» формасындағы «Есептер анықтамасы» батырмасымен шақыруға болады.

«Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» формасы көбінесе дайын есептерді қалыптастыру жұмыстарына бағытталған, ал анықтама – есептер тізімін баптауға бағытталған.

«Регламенттелген есептер» анықтамасында әрбір регламенттелген есеп анықтаманың бөлек элементімен келтірілген. Анықтаманың элементтері топқа есеп қисап түрі бойынша біріктірілген. Анықтаманың әрбір элементінде регламенттелген есеп функциясын іске асыратын конфигурацияның бір обьектісіне немесе файлға сілтеме болады.

«Регламенттелген есептер» анықтамасында регламенттелген есептер тізімі үнсіздікпен толтырылған: онда конфигурация құрамына кірістірілген барлық есептер келтірілген. Конфигурацияны жаңарту кезінде есептің тізімін жаңарту автоматты түрде орындалады, осы жағдайда анықтамада есеп қисап формасымен бірге жаңа формалар да пайда болады.

Анықтамадағы есептер тобын және бөлек есептерді қосу, өшіру және орнын алмастыру «1С:Предприятие 8» жүйесінің анықтамасына арналған қарапайым жолмен орындалады. образом. Есептер мен топтарды пайдаланушының қалауы бойынша орналастыруға болады. Ол үшін есептер тізімінің жоғарғы бөлігіндегі «Стрелка жоғары» және «Стрелка төмен» батырмалары қызмет етеді. Есептерді (немесе есептер тобын) бір топтан басқасына ауыстыруға болады. Егер кәсіпорынның есеп қисап формасы болмаса, онда оларды тізімнен алып тастауға болады, «Жасыру» батырмасын қолдану арқылы. Алдын жасырылған есеп қисап формаларын көрсету үшін тізімде «Қайта қалпына келтіру» батырмасы қызмет етед. Осы батырманы басқан кезде жаңа форма ашылады, онда жасырын есептер тізімі орналасады, олардан қайта қалпына келтіру үшін есепті немесе есептер тобын таңдауға болады.

 «Жаңарту» батырмасын басу арқылы алғашқы түрдегі есептер тізімін қайта қалпына келтіруге болады. Бұл мынадай жағдайда қажет болады, регламенттелген есеп қисаптың формасын іске асыратын конфигурация обьектілері жаңартылған болса немесе конфигурацияға жаңа есеп қисаптың жаңа формалары (конфигурацияның жаңа обьектілері) қосылған болса.

Есептің таңдалған тізімі үшін диалогтың төменгі бөлігінде қысқа сипаттама көрсетіледі (егер есеп үшін осындай сипаттама жүргізілген болса). Барлық басылымдарды бекітетін нормативті құжаттар, есеп қисап формаларының басылымдары жайлы, олардың жұмысының мерзімі мен есеп қисап формаларының келтіру периодтылығы жайлы қосымша анықтамалық ақпаратты әрбір нақты есеп үшін анықтамалық ақпараттан алуға болады.

«Регламенттелген есептер» анықтамасында жаңа элементтерді қосуға болады, оларды сыртқы есептермен немесе стандартты конфигурациямен қойылатын есептермен (обьектілермен) байланыстыра отырып. Анықтамаға жаңа элементті қосу үшін мыналар қажет:

  • «Аталуы» реквизитін толтыру – бұл есеп қисап формасының қысқы аты, ол регламенттелген есептер тізімінде шығарылады;
  • «обьект» немесе «файл» ауыстырып қосқышын таңдау;
  • егер «обьект» ауыстырып қосықышы таңдалған болса, онда оның оң жағындағы өрісте «Есеп» (Конфигураторда көрсетілгендей) типіндегі конфигурациялар обьектісінің атын көрсету қажет; егер «файл» ауыстырып қосқышы таңдалған болса - 1С:Предприятия 8 сыртқы есебінің жолы мен атын енгізу қажет.

«Сипаттау» реквизитінде ерікті мәтін түрінде есеп қисап формасының толық сипаттамасын көрсету ұсынылады.

 

Осылайша, регламенттелген есептер ретінде тек қана конфигурацияның ішкі обьетілерін қолданып қоймай, сонымен қатар жергілікті есеп қисаптар формасын іске асыратын сыртқы есептерді қосуға болады.

 «ОК» батырмасын басу кезінде жаңа элемент анықтамада сақталады.

Егер «обьект» реквизитінде конфигурация обьектінің аты көрсетілген болса, онда осы элементті қайтадан ашу кезінде реквизит мәні редактрлеу үшін қол жеткізерліксіз болып қалады.

 

Бухгалтер күнтізбесі

 «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерияда» «Бухгалтер күнтізбесі» қызметі қарастырылған, ол заңнамамен қарастырылған салық төлемінің мерзімін түсуі және регламенттелген есептердің келтірімі жайлы алдын ала хабарландыруға арналған.

Бухгалтер күнтізбесі «Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» формасының жоғарғы командалық панелінде орналасқан «Күнтізбе» батырмасымен шақырылады.

«Бухгалтер күнтізбесі» конфигурацияда сақталатын салықтардың төлемінің мерзімі мен есеп қисапты үсыну жайлы ақпарат негізінде және өндірістік күнтізбесінде сақталатын демалыс күндерін ауыстыру жайлы деректер негізінде динамикалық түрде қалыптастырылады.

Әрбір күнге арналған бухгалтер күнтізбесі тек қана салық төлемінің түскен мерзімі мен есеп қисаптың ұсынылымы жайлы ақпаратты емес, сонымен қатар енді іске асатын оқиғалар тізімін түсу мерзімі бойынша реттей отырып шығарады. Осылайша, бухгалтер күнтізбесі «Бүгін мен не жасай аламын, бірінші кезекте нені жасау керек?» деген сұраққа жауап береді.

Бухгалтердің күнтізбесіндегі әрбір оқиға үшін еске түсіру сигналын орнатуға болады, ол үшін шеткі сол жақ бағанадағы бухгалтер күнтізбесін тышқанмен екі рет шерту қажет.

«Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» формасындағы «Баптаулар» батырмасы көмегімен шақырылатын баптаулар формасында элементтер қарастырылған, олар көмегімен бухгалтер күнтізбесі сипатын басқаруға болады.

Егер «Жақында болған оқиғаларды бейнелемеу» орнатылған болса, онда бухгалтер күнтізбесінде түсуі қажет болған, бірақ күнтізбеде жағдайы бойынша таңдалып түспеген оқиғалар бейнеленбайды.

Егер «Таңдалған периодты есте сақтау» жалаушасын орнататын болса, онда бухгалтер күнтізбесі кезекті бір ашылуы кезінде күнтізбемен алдыңғы жүмыс уақытында таңдалған периодты орнатады.

«Оқиғаларды түсуге дейін ... күн аралығында хабарлап тұру» өрісі бухгалтер күнтізбесінде таңдалған оқиғалардың түсуіне дейінгі күндер мөлшерін орнатады, сол аралықта осы оқиғаның түсуі жайлы ескертулер беріліп отырады. Оқиғалар жайлы ескертулер күн сайын беріліп отырады.

 

Регламенттелген есепті дайындау

Жаңа регламенттелген есепті енгізу үшін «Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» формасының сол жақ бөлігінде орналасқан есептер тізімінен қажетті есептың аты бар қатарды табу қажет және оны тышқанмен екі рет шерту керек немесе есептің атын белгілеп, есептер тізімі панеліндегі «Жаңа» батырмасын басу қажет.

Егер есептер журналында (орнатылған іріктеулердің есепке ала отырып) таңдалған есеп түрінің біреуі де болмаса, онда есептің бастапқы формасы дереу ашылады.

Егер таңдалған есеп түрлері журналда (орнатылған іріктеулерді есепке ала отырып) бар болса, онда осындай алдын құрылған есептердің тізімінің формасы ашылады. Жаңа есепті енгізу үшін тізімнің төменгі командалық панеліндегі «Жаңа» батырмасын шертсе жеткілікті.

Экранға бастапқы терезе шығарылады, онда есеп құрылатын ұйымды кқрсету тиіс, есепті ұсыну периодын таңдау – ай сайын немесе квартал сайынғы, және есепті құру периодын таңдау қажет болады. Жартылай жылда және жылда үсынылатын есептер үшін «Квартал сайын» периодын таңдау тиіс және есептік период ретінде есептік жылдың 2 кварталын (жартылай жыл) немесе  4 кварталды (жыл) көрсету қажет.

Бастапқы терезедегі «Ок» батырмасын басқаннан кейін регламенттелген есептің формасы ашылады, онда есепті толтыру мен басып шығаруды басқаруға арналған диалогтың облысы мен есеп бланкісі болады. Алғаш, есептің бланкісінде үйым жайлы және үйымның жауапты тұлғалары жайлы мәліметтер ғана толтырылады.

Есепті толтырудан алдын есепке арналған анықтамалық ақпаратта келтірілген есепті толтыру реттілігімен танысу қажет.

Ақпараттық база деректері бойынша автоматты түрде толтырылатын есеп қисаптың формалары үшін жоғарғы командалық панельде «Толтыру» батырмасы орналасады. Оны басқаннан кейін ақпараттық базадағы деректер бойынша есеп қисабы және есеп бланкісін толтыру орындалады. «Тазалау» батырмасын басу арқылы есепті тазалауға болады.

Толтырылған есеп бұл, редактрлеу мүмкіндігі бар кестелер болып саналады. Ұяшықтарды редактрлеу мүмкіндігі фонның түсімен белгіленеді.

Есептің кестесінің ұяшықтарының бір бөлігі ақ түспен боялған  -бүл редактрленбейтін ұяшықтар.

Сары түске боялған ұяшықтар қолмен толтыруға арналған: осындай үяшықтарға пайдаланушы қосымша ақпаратты енгізе алады.

Жасыл түсті ұяшықтар басқа ұяшықтарға енгізілген деректер негізінде есептеледі.

Егер есеп көптеген қосымшалардан (мысалы, бұлар салықтық декларациялар) құралған болса, онда оның формасы құрамында сәйкес қосымшаны таңдауға қажетті навигация формасы болады. Оның жоғарғы командалық панелінлде «Баптау» батырмасы орналасады.

Осы батырманы басу арқылы баптау диалогы шақырылады, онда навигация формасында бейнелеуге қажетті және XML жүктеу үшін қандай қосымшалар қажет екені көрсетіледі.

Ескерту. Регламенттелген есептер өткізулерді автоматты қалыптастыруды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мынадай жағдайларда, қалыптастырылған есептер салықтық және бухгалтерлік есепте бейнеленуі тиіс болса (мысалы, салық бойынша салықтық декларацияларды қалыптастыру кезінде), онда сәйкес өткізулерді қолдан енгізу қажет болады.

Регламентелген есептерді баспаға шығару

Баспаға шығару үшін жоғарғы командалық панелде орналасқан «Баспаға шығару» батырмасы қолданылады. Оны басқан кезде қалқып шыққан мәзірден келесі әрекеттердің бірін таңдауға болады:

  • «Дереу баспаға шығару» — алдын ала қараусыз есепті дереу баспаға шығару.
  • «Бланкті көрсету» — алдын ала қарау мен редактрлеу мақсатымен есепты бөлек терезеде кестелік құжат түрінде шығару.

Есептік форманы дайындау кезінде жүйе автоматты түрде есепті беттерге бөледі және номер қояды. Есептің баспалық формасын бөлек беттер бойынша ғана қарауға болады.

Беттерді қарап шығуды басқару үшін бланкі облысының сол жаңында орналасқан диалог облысы қолданылады. Одан басқа, диалог облысында баспаға шығарылуы мүмкін болатын (алдын ала жүйе барлық беттерді белгілеп қояды) есептің беттерін белгілеуге болады. Баспаға шығарылатындардың көшірмесінің санын көрсетуге, баспаға берілетін беттердің реттілігін өзгертуге болады.

Салықтық декларацияларды баспағы шығару кезінде мынаны еске алған жөн, декларацияның баспалық қағазын қалыптастыру процесінде беттердің номерін тоқтату және беттердің жалпы санын есептеу орындалады. Баспаға берілетін беттердің реттілігін өзгерту кезінде, бөлек беттерді баспаға беруді тоқтату кезінде беттердің санын қайта есептеу және беттер номерін өзгерту орындалмайды: осы жағдайда оны өз еркімен жасаған жөн.

Алдын ала қарап шығу кезеңінде қалыптастырылған есепті редактрлеу және оны форманың төменгі бөлігіндегі «Сақтау» батырмасы көмегімен есептің белгіленген беттерінің кестелік құжаттарының файлының жинақтамасы түрінде дискіге сақтауға болады.

Есептің көрсеткіштерінің шифрлау

Ақпараттық база деректері бойынша автоматты түрде толтырыла алатын есеп қисап формалары үшін есептің ұяшықтарын қалыптастыру алгоритмін көрсету мүмкіндігі бар. Мұндай режим «есептің көрсеткіштерін шифрлау мәнін ашу» деп аталады. Режимге есеп қисаптың барлық формалары қол жеткізе алмайды: нақты регламенттелген есеп үшін штфрлаудың формалды белгісі болып есеп формасының жоғарғы командалық панелінде орналасқан «Шифрлау» батырмасының болуы табылады.  Есепте деректерді жалпы немесе бөлшектеп шифрлау мүмкіндігі бар. Егер есепте деректерді жаппай шифрлау қарастырылған болса, онда «Шифрлау» батырмасы барлық уақытта қол жеткізерлік болады. Деректерді бөлшектеп шифрлау кезінде «Шифрлау» батырмасы көк түспен белгіленген форманың анықталған үяшықтарына ғана қол жеткізерлік болады.

Егер есеп немесе белгіленген ұяшықтар үшін шифрлауды жасай алса, онда «Шифрлау» батырмасы немесе «F5» пернесін басқаннан кейін ұяшықты толтыру алгоритмін сипаттайтын кестелік құжат, терезе шығады.

Мысалы, 701.02 «Мүлікке салық бойынша ағымдық салықтардың есебі» формасының регламенттелген есебінде «Шифрлау» батырмасы бойынша мүліктік салық обьектісінің қалған құнының бөлшектік талдауын алуға болады.

Одан басқа, регламенттелген салықтық есептердің деректерін шифрлау кезінде есепте есеп регистрі бойынша әрекетті қалыптастырғын тіркеушіге дейінгі бейнеленген сомма жайлы бөлшектік ақпаратты алуға болады.

Мысалы, «Форма 100.00 Корпоративті табыс салығы бойынша декларация» есебінің 100.08.003.А қатарына қосымша формада форманың қатары жайлы резервті кеңейтілген ақпаратты алуға болады.

Регламенттелген есептерді сақтау

Сақталған регламенттелген есептермен жұмыс істеуге есептер журналы арналған. Есептер журналы «Регламенттелген және қаржылық есеп қисап» формасының оң жақ бөлігінде орналасқан.

Регламенттелген есептер журналымен 1С: Предприятие 8 жүйесінің құжаттарының қарапайым журналымен жұмыс жасағандай жұмыс атқаруға болады. Журналда алдын қалыптастырылған және сақталған барлық есептер тізімі бейнеленеді, мұнда егер журналда көптеген есептер сақталынатын болса, онда ыңғайлылық үшін журнал терезесінің басқарушы элементтері көмегімен есептерді есеп ұйымы, түрі бойынша сүзгілеуге болады.

Журналдан алдын қалыптастырылған кез келген есепте ашуға, оған өзгерту енгізу және осы енгізілген өзгерістермен бірге қайта сақтауға болады. Мынаны есте сақтау қажет, регламенттелген есептің формасы уақыт өте өзгертіліп отырса, онда есеп құрылған периодқа сәйкес формада есеп ашыла береді. Есепті қайтадан баспаға жіберуге болады, ескі немесе дұрыс емес толтырылған есептерді өшіруге болады.

Регламенттелген есептерді электронды түрде түсіру

Нормативті құжаттарда бақылаушы ұйымдарға есептерді электронды түрде ұсыну мүмкіндігі бар..

Есеп қисапты электронды түрде қалыптастыру үшін регламенттелген есеп формасының жоғарғы командалық панелінде орналасқан «XML-ге түсіру» батырмасы қызмет етеді. Қандай да бір периодта есеп қисап формасын түсіру үшін осы периодтағы есеп қисап формасын толтырып, сқтау қажет.

Регламенттелген есеп формасының «XML-ге түсіру» батырмасын басу кезінде бағдарлама дайындалған есепті нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес толық толтыруы мен түзетілгендігін тексереді. Қандай да бір талаптардың сақталмау нәтижесінде жүйе сәйкес хабарламаны экранға шығарады.

Тексеру оң нәтиже берген кезде жүйе есепті түсіру файлының сақталу орнын пайдаланушыға ұсынады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-07-28 20:21:46     Қаралды-3894

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »