UF

Еңбекақы және кадрлық есеп

1. Еңбекақыны, салықтар мен жарналарды есептеу үшін деректер. Кадрлық қозғалыс құжаттары.

2. Еңбекақыны есептеу бойынша құжаттар. Өндірістік күнтізбе.

3. Еңбекақыны есептеу. Кезекті демалыс уақыты мен ауру парақтарын төлеу.

4. Ұсталынатын сомалар. Ұйым қызметкерлерінен бір реттік және жоспарлы ұстап қалулар.

5. Орындалу парақтары.

1. Заңмен регламенттелген салықтарды, жарналар мен аударымдарды есептеу.

2. ЖТС, ӘС мөлшерлемелері, жеке тұлғаның мүгедектігі, ҰОС қатысушы және оларға теңестірілген жеке тұлғалар деректер. Салықсалу мақсатында басқа да кірістерді тіркеу.

3. ЖТС, МЗЖ, ұсталымдарды, ӘС және ӘА есептеу.

4. Орындалу парақтары бойынша ұсталған сомаларды аудару. МЗЖ мен ӘА сомаларын аудару және қайтару.

5. SWIFT- файлды қалыптастыру. МЗЖ мен ӘА  бойынша өсім сомаларын есептеу.

 

«Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия 8» құрамына енетін еңбекақы және кадрлық есеп мамандандырылған жүйесі келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  • Әр мекемедегі кадр қозғалысын, құжатты рәсімдеу ісі ( жұмысқа қабылданғаны туралы, басқа қызметке ауысқаны туралы, еңбекақысының өзгергені туралы, жұмыстан шыққандығы туралы бұйрық) және есептілікті қоса алғанда ( жұмысшының Т-2 формасындағы жеке карточкасы, мекеме жұмысшыларының құрамы туралы есептер);
  • Қажетті құжаттарды рәсімдеп (төлем құжаттарын қоса), мекеме қызметкерінің еңбекақысын есептеп, аудару;
  • Еңбекақыдан заңмен белгіленген міндетті ақша аударымдарын (салықтар мен салымдар)  жүзеге асыру, соған сәйкес есептер түзу (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы аударымы, әлеуметтік салым);
  • Есептелген еңбекақының, салық пен салым мөлшерінің бухгалтерлік және салықтық есепте көрсету.

Кадрлық есеп.

Қызметкер туралы нақты лауазымдық міндеттерді орындауға қатысы жоқ жалпы ақпаратты сақтау үшін (жеке куәлік, паспорттық мәліметтер, т.б.) «Жеке тұлға» анықтамалығы ұсынылған (меню «Кадрлық есеп» «Жеке тұлға»). Нақты лауазымдық міндеттерге қатысты ақпараттар (мекеме, бөлім, лауазым, табельді нөмірі) «Мекеме қызметкерлері» ақпарат регистрінде жинақталады меню «Кадрлық есеп» — «Қызметкерлер»). Еңбекақы шарттары туралы ақпарат «Мекеме қызметкерлерінің жоспарлы аударымы» ақпарат регистрінде көрсетілген (меню «Еңбекақы» —  «Аударымдарды реттеу» — «Мекеме қызметкерлерінің жоспарлы аударымдары»). Ақпараттарды осылай бөлек сақтау бір қызметкердің бірнеше мекеменің ақпараттық базасына тіркелген жағдайда жұмысты жеңілдетеді: мұндай қызметкер туралы ақпаратты «Жеке тұлға» анықтамалығына бір рет енгізсе жеткілікті.

«Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия 8»-де кадр туралы ақпарат құжаттар арқылы енгізіледі. Алғашқы ақпаратты енгізу  «Мекемеге жұмысқа қабылдау» құжаты арқылы жүзеге асады (меню «Кадрлық есеп» — «Жұмысқа қабылдау»).

Осы құжат арқылы жоғарыдағы аталған «Мекеме қызметкерлері» регистрі және «Жеке тұлға» анықтамалығы толтырылады (қызметкер ақпараттық базаға алғаш енгізілген жағдайда).

Мекемеге жұмысқа қабылдау барысында белгілі шектеулер сақталады: бір жеке тұлға бірнеше мекеме қызметкері болып рәсімделуі мүмкін, бірақ негізгі жұмыс орны бір ғана мекемеде көрсетіледі, басқа мекемелерде ол тек сырттай қосымша жұмысшы ретінде рәсімделеді. Жұмысқа екінші рет тек ішкі қосымша қызметкер ретінде қабылдану мүмкін.

Оның өзінде ішкі қосымша қызмет мекеменің есепті саясат арнайы құрылымымен алдын ала мақұлдануы шарт. Ол «Мекеме» — «Есепті саясат» — «Есепті саясат (қызметкерлер бойынша)» операциясы арқылы жүзеге асады.

Ескерту. Одан бөлек, қызметкерлер бойынша есепті саясат формасында қызметкерлердің табельді нөмірін опциальді қолдану қызметін қосу мүмкіндігі бар. Егер «табельді нөмір бойынша есеп жүргізбеу» белгісі орнатылса, жұмысқа қабылдағанда жұмысшының табельді нөмірін көрсету мүмкін болмайды, яғни «Табельді нөмір» бағаны болмайды.

Еңбекақыны, салық пен салымды есептеу туралы ақпарат.

«Жұмысқа қабылдау» құжатының «Есептеу» бөлігінде еңбекақы есптеуге қажетті ақпараттар беріледі, оның ішінде:

  • «Мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу» құжатын толтырылғаннан кейінгі есептеу қорытындысы ретінде ұсынылатын мөлшер — соммасы;
  • Есептеу түрі — салық салу тәсілін нұсқау, сонымен қатар берілген есептеу түрі қамтылған, қызметкерге есептелген бухгалтерлік және салықтық есепте көрсетілген соманы есептеу түрі. Есептеу түрі «Мекеме есептілігі» тізімінен келіп шығады (меню «Еңбекақы» — «Есептілікті реттеу» — «Есептеу түрі»).

Есептеудың әр түрі бойынша берілген тізімнен таңдалған есептеу түрін көрсету шарт. Тізілімдегі қызмет төмендегіше сараланған:

Есеп

Есеп реттілігі

Конфигурацияда жүзеге асуы

Айлық тарифтік мөлшерлеме бойынша (сағатпен)

              Атқарылған жұмыс күні

Көлемі * __________

              Күн нормасы

          Атқарылған жұмыс сағаты

Көлемі* _____________

              Сағат нормасы

 

Атқарылған жұмыс сағатымен есептелетін қосымша ақы мен үстеме ақының бір айлық мөлшерін, айлық еңбекақы есептеу үшін

Айлық тарифтік мөлшерлеме бойынша кері қарай

Жеке салық пен міндетті пенсиялық салымның ұсталғанынан кейінгі есептік соманың сұрыпталып, қолға тиетін мөлшері

Жұмыс сағатын есептеуді қажет етпейтін «кері қарай» ұстанымы бойынша есептеу үшін

Айлық тарифтік мөлшерлеме бойынша кері қарай күнмен /сағатпен/

Жеке салық пен міндетті пенсиялық салымның ұсталғанынан кейінгі есептік соманың сұрыпталып, қолға тиетіні

             Атқарылған жұмыс күні

Көлемі * __________

             Күн нормасы

               Атқарылған жұмыс сағаты

Мөлшері* _____________

                     Сағат нормасы

 

Жұмыс сағатын есептеуді қажет ететін «кері қарай» ұстанымы бойынша есептеу үшін

Сағаттық траиф бойынша төлем

Мөлшері* Атқарылған жұмыс сағаты

Сағаттық тарифтік мөлшерлеменің есептелуі

Тіркелген сома бойынша

Мөлшері

Істеген жұмыс сағатына байланыссыз нақты үстеме ақысын белгілеу

 

 

Пайыздық

                            Мөлшері

Есептеу қоры* ______________

                               100

Түрлі қосымша ақы мен үстеме ақылар үшін. Пайыз ұсталатын төлемақы түрлері «Басқалар» бөлімінде көрсетіледі.

Назар аударыңыз! Есептеу үшін қор пайыздық есеп жүргізілген құжаттың кестесіндегі көрсеткіштен алынады.

Айлық есептік көрсеткіш бойынша

 

 

 

 

Күн /сағат/ бойынша айлық есептік көрсеткіш бойынша

Мөлшер* АЕК

               Атқарылған жұмыс күні

Көлемі * АЕК*  __________

                   Күн нормасы

         Атқарылған жұмыс сағаты

Көлемі*АЕК* _____________

               Сағат нормасы

 

 

«Реттемеленген есепті көрсеткіштер» регистіріндегі көрсетілген айлық есептік көрсеткішіне сүйене отырып, есептеу

Ең төменгі айлық бойынша

Мөлшер* ЕТА

               Атқарылған жұмыс күні

Көлемі * ЕТА*  __________

                   Күн нормасы

         Атқарылған жұмыс сағаты

Көлемі*ЕТА* _____________

               Сағат нормасы

«Реттемеленген есепті көрсеткіштер» регистіріндегі көрсетілген ең төменгі айлық көрсеткішіне сүйене отырып, есептеу

Сырқаттық қағаз үшін орташа еңбекақы бойынша

 

Еңбек демалысы үшін орташа еңбекақы бойынша

Сырқаттық қағаз төлемі үшін орташа еңбекақы 29.12.2007 ж. № 1394 Бірыңғай еңбекақы аударымдары ережесіне сүйене отырып жүргізіледі.

Еңбек демалысы мен сырқат қағазы, пайдаланылмаған демалысқа өтемақы есептеу үшін. «Басқалар» бөлімінде көрсетілген, орташа жалақыда қамтылған түрлері

 

«Есеп» бөлімінде тізілімдегі әр элемент келесі деректемелерді қамтиды:

  • Жұмыс атқарылған сағат ретінде есептейміз — егер жалауша қойылса, есептеу түрі жүйеде нақты жұмыс атқарылған уақытқа төлем ретінде қабылданады (еңбекақы мөлшері, тариф бойынша есептеу, т.б.). Жалауша алынып тасталса, төлемнің ерікті үстемеақы екенін білдіреді.
  • Сыйақы түрі — төлемнің сыйақы не басқа екенін көрсетеді. Орташа жалақыны есептегенде қолданылады.
  • Индекстеу —  орташа жалақыны есептеу барысында нақты төлемде жоғарғы коэффициент қолданылу қажет не қажет еместігін айқындайды.
  • Пайдаланылмаған демалысқа өтемақы болып табылады — егер жалауша орнатылса, төлемнің пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы екенін білдіреді. Бұл жағдайда төлем жүргізілген уақыт (өтемақы төленген мерзім) еңбекақы есептелетін күнтізбеден шегерілмейді.
  • Төлем парақшасында біріктіру — егер жалауша орнатылса, төлем парақшасын қалыптастыруда  осы бағыттағы төлемдер бір бағанаға «ықшамдалады».  Бір айда бір жұмысшыға төлемнің бір түрі бойынша бірнеше рет ақша есептелсе /мәселен, күнделікті түскі ас бағасы бойынша үстемеақы жүргізілсе/, оны белгілеген жөн. Белгі орнату төлем парақшасына түсетін ақпарат көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

Ары қарай «Есеп» бөлімінде тізілімдегі әр элементте көрсетіледі:

  • Бухгалтерлік есепте көрсетілу әдісі («Регламенттелген есептегі жалақының көресетілу әдісі» анықтамалығының элементі, сонымен қатар меню «Жалақы» —  «Жалақының бухгалтерлік есебі» — (Есепте жалақының көрсетілу әдісі» бойынша да қолжетімді):

Есептеудің әр түрінде  салық салу тәртібі көрсетіледі («Салық толық салынады» немесе  «Салық толық салынбайды»):

  • «Әлеуметтік салық бойынша декларация»  мен декларацияда көрсетілетін есептеу түрлерінің декларацияға қосымшасы дағдылы толтырылуы үшін декларация тармағының кодын қондыру қажет (элемент Декларация қатарындағы кодтар классификаторынан таңдалады).Қатардың коды уақытша болып табылады, яғни ол белгілі мерзімге ғана тағайындалады, демек бұл Декларация коды қатары өзгерген жағдайда қатардың код мәнін мерзім бойынша жылдам түзетуге мүмкіндік береді.
  • Нәтижесі еңбектің статистикалық есебінде көрсетілуі тиіс төлем түрлері («№1-Т Форма айлық. Еңбек бойынша есеп» және «№1-Т Форма маусымдық. Еңбек бойынша есеп») төлем қорын нақтылауы шарт. Төлем қоры  «Мекеме төлем қорлары» анықтамалығынан таңдап алынады. Ол анықтамалықты төлем элементтері формасынан немесе меню «Айлық» — «Есептеуді қондыру» — «Мекеме төлем қорлары» арқылы ашуға болады. Есептеу қорытындысы статистикалық есепте көрсетілуі үшін таңдалған еңбекақы төлеу қорында «Еңбекақы төлеу қоры» белгісі болуы шарт.

«Басқалар» бөліміндегі пайыздық есептерді жүргізу үшін ағымдағы есептеу  нәтижелері негізінде есептеудің базалық түрлерін орнату қажет. «Оклад» секілді нәтижесінде жұмыс уақыты есептелетін төлемдерде «Жұмыс атқарылған уақыт ретінде есептеледі»  деген белгі болуы шарт. «Орташа» есептеу түрі орнатылған төлемдерде «Басқалар» бөліміндегі орта айлық есептілігі кіретін төлем түрлерін көрсету қажет.

«Жұмысқа қабылдау» құжаты формасына жеке тұлға туралы мәліметті толтыру үшін «Жеке тұлға» анықтамалығынан элемент таңдау формасын ашу керек, одан келіп «Нақтырақ» сілтемесін басу арқылы «Жеке тұлға туралы мәліметтер» анықтамалығы элементі ашылады. Бұл формадағы барлық бағана толтырылуы керек, өйткені ақпараттардың нақтылығы салық, төлем мен аударымдар туралы есепті дұрыс қалыптастыруға қажет.

Жеке табыс салығын есептеуде ҚР Заңдылықтарына сәйкес жеке тұлғаның құқығы ескерілген салықтық аударымдардың автоматты есептілігі жүзеге асырылады.

Салық, аударым мен төлемдерді дұрыс есептеуге қажетті ақпараттар «Жеке тұлға» анықтамалығы элементі бойынша «Салықтар» түймесін басу арқылы беріледі.

Бұл ақпараттар үш бөлім бойынша толтырылады.

Заңдылыққа сәйкес жеке тұлғаның жиынтық табыстылығынан  табыс салығын есептеуде жұмыс беруші (салықтық агент) стандартты есептілік жүргізе алады.

«Есептілік» бөліміндегі «Салықтық есептеу құқығы» деректеме тобы жеке есептілікті көрсету белгісін қамтиды.

Стандартты салықтық есептілік салық төлеушіге жұмыс берушімен көрсетіледі. Ол үшін арнайы жазбаша өтінім мен осындай есептілікке құқығын дәлелдейтін құжат болуы тиіс. «Есептілік» бөліміндегі «Есептілікті қолдану» тармағы бар. Онда жұмысшының қай мекемеде есептілікті жүргізе алатыны көрсетіледі.

«Басқа есептіліктер» бөлімінде «Жеке табыс салығы бойынша есептілікті көрсетуге өтініш» құжаттар тізілімі бар. Осының негізінде жұмысшыға баспана сатып алу, жеке сақтандыру, және де ҚР Салық Кодексінде белгіленген басқа да себептерде жеке табыс салығының есептілік көрсеткіші беріледі.

«Жұмысқа қабылдау» құжатынан қажетті құжаттарды шығарып алуға болады. — «Жұмысшылар тізілімінің бұйрығы» және «әр жұмысшыға бұйрық».

Жұмысшының бұдан кейінгі қызмет ауыстыруы (жұмыстан шығуы) басқа құжаттармен рәсімделеді.

Мамандар қозғалысының құжаттары.

Қызметкерді жұмысқа алу дерегі бойынша «1С: Бухгалтерия 8 Қазақстан үшін» конфигурациясында мамандар қозғалысын тіркейтін бірқатар құжаттар белгіленген:

  • «Мекеменің кадрлық қозғалысы»
  • «Жұмыстан босату»
  •  «Мекеменің іссапарлары».

Бұл құжаттарды «Кадрлық есеп» бөлімінен ашуға болады.

Жұмысшы басқа бөлімге, басқа қызметке ауысқанда, еңбекақы мөлшері өзгергенде т.б. жағдайда «Кадрлық қозғалыс» құжаты қолданылады. (меню «Кадрлық есептілік» — «Кадрлық қозғалыс»).

Құжаттың тиісті тармақтарында көрсетіледі:

  • Мекеме (көрсетілмеген жағдайда, пайдаланушының бастапқы ақпаратындағы мекеме қолданылады (организация указанная в настройках пользователя))
  • Жауапты (көрсетілмеген жағдайда, пайдаланушының бастапқы ақпаратындағы жауапты қолданылады (указанная в настройках пользователя))
  • «Жалақы индексациясына» жалауша егер құжатта индексация коэффициенті көрсетілетін , орташа жалақыны есептеуде ескерілетін тарифтік мөлшерлеменің көтерілуі рәсімделсе қойылады;
  • Жұмысшыларды мекеменің оқшауланған бөлімдер арасында ауыстырған жағдайда бөлімдерді «Оқшауланған бөлімдер» деректеме тобында міндетті түрде көрсету қажет.

«Жұмысшылар» кестелі бөлімінде  міндетті түрде көрсетіледі:

  • Ауыстырылатын қызметкерлер тізімі;
  •  Жұмысшы ауысатын бөлімнің атауы мен қызмет түрі;
  • Жаңа табелдік нөмір (немесе бұрынғы табелдік нөмір қуатталады);
  • Ауысу күні.

Егер белгілі бір себептермен жалақының тек мөлшері ғана емес, төлем түрі де өзгерсе «Есептілік /начисление/» бөлімінде жұмысшы мен төлем көрсетіледі, «Әрекет» бөлімінде әрекет нұсқасы беріледі («Бастау», «өзгерту», «Өзгертпеу», «Тоқтату»), «Көлемі» бөлімінде қажетті жағдайда төлемнің жаңа көлемі көрсетіледі.

Мекеме қызметкерін жұмыстан шығаруды рәсімдеу «Мекемеден шығару» құжатының көмегімен рәсімделеді (меню «Кадрлық есеп — «Жұмыстан шығу»)

Құжат тек жұмыстан шығаруды ғана рәсімдеп қоймай, жүргізілетін тұрақты төлем мен есепті жүргізуді тоқтатады.

Құжатта жұмысшы, жұмыстан шығу мерзімі мен себебі көрсетіледі. Жұмыстан шығу себебі «Мекемеден шығару негізі» анықтамалығынан таңдалады. Ол «Кадрлық есеп» бөліміндегі «Жұмыстан шығу негізі ҚР ЕК» тармағында жүзеге асады.

Бұл анықтамалық «Таңдау» түймешігін басу арқылы ашылатын жұмыстан шығу негіздерінің тізілімінен алынған деректермен толтырылуы мүмкін.

Жұмыстан шығудың негізінде себебі нақты көрсетіледі. Жұмыстан шығу себебінің түзетілуі мемлекеттік статистикалық есепті қалыптастыруда жұмыстан шығу себептерінің бөлек негіздерін топтастыруға әсер етеді (мысалы, №1-Т маусымдық).

«Мекеме іссапарлары» құжатында мекеме қызметкерлерінің іссапарлары тіркеледі. Құжатты «Кадрлық есеп» бөліміндегі «Мекеме іссапарлары» тармағында ашуға болады.

Құжатта көрсетіледі:

  • Межелі жер — қала мен мекеме атауы;
  • Іссапар мақсаты;
  • Қызметкерлер тізімі;
  • Іссапар кезеңдері.

Бұл құжат бойынша екі мөрленген құжат алынады — қызметкерді іссапарға жолдау туралы бұйрық және іссапар куәлігі.

Жалақыны есептеу бойынша құжаттар.

Жалақыны есептеу және соған қатысты міндетті аударымдар мен төлемдер  туралы барлық ақпарат «Жалақыны есептеу», «ЖТС/жеке табыс салығы/, ПМА /пенсиялық міндетті аударым/ басқа төлемдердің есептілігі», «Регламенттелген есептегі жалақының көрінісі» және т.б. (меню «Жалақы») құжаттарының көмегімен енгізіледі.

Аталған құжаттар «Есептілік айы» жалпы деректемесіне  ие. Онда жалақыны есептеген ай нақты көрсетілуі тиіс. Мәселен, қаңтардың жалақысы 31-қаңтарда есептелсе, онда «Жалақыны есептеу» құжатының күніне 31-і, ал деректемедегі «есептілік айына» «Қаңтар» деп көрсетілуі тиіс.

Өндірістік күнтізбе

Мекмедегі жұмыс сағатын есептеу үрдісіндегі алғашқы қадам қызметкерлер, мереке және демалыс күндері жөніндегі барлық ақпарат сақталатын өндірістік күнтізбені толтырумен жасалады. Оны «Жалақы» «Есептеуді қондыру» «Өндірістік күнтізбе» арқылы ашуға болады.

Әр күнге қатысты анықтаманы жеке беріге болады. Мәселен, жұмыс күні, мереке, демалыс, немесе қосымша демалыс. Күнге апарып, тышқан түйіндемесін екі рет басып, берілген тізілімнен қажетті маңызы таңдалады. Түзету енгізілген соң өзгертілген күндер жазылуы тиіс. Егер кез келген түзетуді енгізген соң қайта «Алғашқы толтырылым» түйіндемесін бассақ, онда күнтізбе конфигурацияда көрсетілген ақпаратпен автоматты түрде толтырылады да, өзгертулер енбей қалады.

Жалақыны есептеу

Төлемдер пен аударымдар соммасының барлық есептілігі (ай соңында) «Мекеме қызметкерлерінің жалақы есептілігі» құжат нысаны арқылы жүзеге асады (меню «Жалақы» — «Жалақыны есептеу»).

Жалақыны есептеу келесі реттілікпен жүзеге асады:

  • «Жалақыны есептеу» жаңа құжаты ашылады, оның тақырыпшасына қажетті деректемелер көрсетіледі ( «Құжат мерзімі /дата документа/». «Есептілік айы/месяц начисления», «Мекеме», мекеменің нақті бөлімі көрсетілсе де болады);
  • Қызметкерлер тізілімі толтырылады. Тізімді «Автотолтыру» түйіндемесін басу арқылы автоматты түрде толтыруға болады. Бұл жағдайда «1С:Бухгалтерия 8 Қазақстан үшін»бағдарламасы кестелі бөлімге мекеме есебіндегі есепті айдағы барлық қызметкерді,  олардың еңбекақысы мен жұмыс кезеңін енгізеді;
  • «Есептеу» түймешігінің көмегімен құжаттағы төлем соммасының есептілігі жүргізіледі. Сонымен қатар, бір айдағы жұмыс кезеңіндегі жұмыс атқарылған күн, сағат өндірістік күнтізбеге сәйкес есептеледі.

Егер жұмысшыға сырқаттық қағаз немесе еңбек демалысын төлеу қажет болса, ондайда басқа құжат енгізіледі. Оның есебі «Есептеу» «Еңбек демалысын есептеу» немесе «Сырқаттық қағазды есептеу» бөлімінде жүргізіледі.

  • Есептелген сомма есептік тіркелімге түседі. Егер есепті ай барысында қызметкерге «Кадрлық қозғалыс» бөлімінде жалақы мөлшері өзгерген құжат әзірленсе «Есептілік» тармағының кестелі бөлімі толтырылғанда, ай барысында жалақы мөлшері қанша рет ауысса сонша қатар енгізіледі.

Еңбек демалысы мен сырқат қағазының төлемі

Мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы ескерілетін төлемдерін /еңбек демалысы, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысы, сырқат қағазы/ жүргізу үшін «Мекеме қызметкерлерінің жалақы есептілігі» (меню «Жалақы» — «Жалақы есептілігі») құжаты арқылы жүргізіледі.

Есептілікті жүргізу реті төмендегіде:

  • Ақша аударылатын қызметкерге «Мекеме қызметкерлерінің жалақы есептілігі» құжаты ашылып, онда құжатта есептілік жүргізілген күн, есептілік айы, мекеме, қажетті жағдайда бөлімі  көрсетіледі;
  • «Есептеу» түймешігін басып, шыққан тізілімнен қажетті есептеу нұсқасы таңдалады: «Еңбек демалысын есептеу», «Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны есептеу», немесе «Сырқат қағазын есептеу»;
  • «Еңбек демалысын есептеу» немесе «Сырқат қағазын есептеу» құжатында төлем жүргізілетін уақыттың басталуы мен аяқталу мерзімі, төлем жүргізілетін күннің саны көрсетіледі. Еңбек демалысы үшін — «Есептілік» бөлімінің кестесінде төлем жүргізілетін төлем түрлері, қажет болса сомманың есептілікте көрсетілу түрі;
  • Деректеменің жоғарғы жағында «Есептеу» түймешігін басу арқылы есептеу жүргізіледі. Орташа жалақы мен аударымдарының мағлұматын жеке есептеуге мүмкіндік бар. Ол үшін менюдың «Орташа жалақыны есептеу» және «Төлемдерді есептеу» бөлімі қолданылады;
  • Төменгі жақтағы «ОК» түймешігін басу арқылы есептілік қорытындысы «Мекеме қызметкерлерінің жалақы есептілігі» бөлімінің кестесіне көшеді.

«Сырқат қағазын» есептеу барысында қажет болған жағдайда «Бір айға жәрдемақы көлемін шектеу» бөліміне жалауша қойылады.

Пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны есептеу құжатында өтемақы төленген мерзім көрсетілуі тиіс және «Еңбек демалысы» тармағындағы кестенің әр қатарына өтемақы алынатын демалыс күнінің саны көрсетілуі тиіс.

 «Мекеме есептілігі» тармағындағы есептілік түрлерін сипаттағанда орташа жалақыны есептеу түріндегі жаңа сипатта келесі мәселелерге мән берілуі тиіс:

  • Есептіліктің негізгі көрсеткіштері. Бұл тармақта орташа жалақыға кіретін төлемнің барлық түрін атап өту қажет. Мәселен, «Сырқат қағазы төлемі» есептілік түрінің негізі ретінде мына түрлері қамтылу керек: «Күн бойынша айлық», «Сағаттық тариф бойынша айлық», «Сыйақы» және т.б.;
  • «Жұмыс атқарылған уақыт ретінде есптелінуі» негізгі көрсеткішіндегі жалауша. Ол бойынша «Мекеме үдерісі бойынша жалақы есептілігі» құжатындағы «Есептілік» кестелі бөлімі деректемесінде көрсетілген  есептілік кезеңдегі жұмыс күні/сағаты анықталады.
  • Сыйақы түрі. Сыйақы ретінде жүзеге асатын есептіліктің соммасы орташа жалақының сыйақы белгіленген ай күндеріне қатынасына кіреді. Ол есептілік кезеңіне қосылады, сыйақы белгіленген ай жалпы сыйақы есептелген айлардың санатына қосылады. Сыйақы белгіленген кезең «Мекеме қызметкерлерінің жалақы есептілігі» құжатында «Сыйақы» тармағында көрсетілген күндер бойынша анықталады;
  • Орташа жалақыны есептеу барысында көтерілген коэффициентті қолдану. «Есептілік» бөліміндегі «Мекеме төлемдері» есептілік түрлері жоспары негізінде жүргізіледі. Есептілік түрі көрсеткіш ретінде белгіленсе, онда орташа жалақыны есептеу барысында оның соммасына көтерілген коэффициент қолданылады. Әйтпесе, есептілік бойынша сомма үнемі дара коэффициентпен есептелетін жалақы есептілігінің қорына кіреді.

Еңбек демалысын есептеу, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны есептеу немесе сырқат қағазын есептеу барысында қолданылатын күн саны  орташа жалақыны есептеуде қолданылатын өндірістік күнтізбе арқылы есептеледі. Одан «Орташа жалақы бойынша  еңбек демалысы үшін», «Орташа жалақы бойынша сырқат қағазы үшін» әдісімен есептік түрлері өндірістік күнтізбеге енген күндер алып тасталынады.

Орташа жалақыны есептеу барысында жұмысшылардың тарифтік еңбекақысы көтерілу дерегі рәсімделген «Мекемедегі кадрлық қозғалысы» құжаты бойынша есептелген жұмысшылардың еңбекақы мөлшерінің көтерілу коэффициенті автоматты түрде ескеріледі. 

«Орташа жалақы есептілігі» құжатындағы есептіліктің нәтижесін құжаттың төменгі жағында берілген «Баспа» (печать) түймешігін басу арқылы қағазға түсіріп алуға болады.

Назар аударыңыз! «Орташа жалақы»  бөлімінің кестеде берілетін ақпараты ақпараттық қорда сақталмайды. Есептілікті қайта шығару үшін орташа жалақыны қайта есептеу қажет.

Ұсталатын қаржы түрі.

Бұл құжаттың тіркелімі «Жекеме жұмысшыларының біржолғы ұсталынымдарын тіркеу», «Мекеме қызметкерлерінің жоспарлы ұсталынымдары туралы ақпарат енгізу», «Орындау парағы» (меню «Жалақы») құжаты арқылы жүзеге асады.

Жұмысшылардың жалақысының ұсталынымдар тізімі «Мекеме ұсталынымдары» есептілік түрлерінің жоспарында сақталады (меню «Жалақы» — «Ұсталыным орнатылуы» — «Ұсталыным түрлері»).

Бұл тізілімде орындалу парақшасы бойынша ұсталыным түрлері болады. Олар конфигурациялау кезінде нақтыланғандықтан тізілімнен шығарылмайды.

Әр жаңа ұсталыным түріне септілік әдісі көрсетілуі шарт:

  • Белгіленген соммамен
  • Пайызбен
  • Пошталық жиынтық.

Пайызбен жүргізілетін ұсталымда «Мекеме есептілігі» есаептік жоспарынан базалық есептілікті нақтылау керек. Бұл ұсталыным осы негізде жүргізіледі. Мәселен мекмеде ай сайын өндірісті жақсартуға жұмысшылардың жалақысынан 1 пайыздық ұсталыным қарастырылған делік. Ұсталынымның бұл түрінде есептіліктің базалық түрі .нақтыланған жөн, яғни 1 пайыздық ұсталыным жүргізілетін төлем түрі. Есептіліктің бұл түрі жалақы, сыйақы, еңбек демалысына төленетін ақы т.б болып табылуы мүмкін.

Мекеме қызметкерлерінің бір жолғы ұсталынымы.

Жұмысшылардың бір жолғы ұсталынымдарын жүргізу үшін «Мекме қызметкерлерінің бір жолғы ұсталынымын тіркеу» құжаты жүргізіледі. (меню «Жалақы» «Бір жолғы ұсталыным»).

Құжатта жұмысшылар тізімі мен ұсталыным түрі көрсетіледі. «Мөлшері» бағанасында таңдалған ұсталынымының есептілігінен шығатын пайыз немесе белгіленген сомма мөлшері көрсетіледі. Ұсталыным соммасының автоматты есептілігі үшін «Есептеу» түймешігі пайдаланылады. Ұсталыным нәтижесі «Қорытынды» бағанасында беріледі.

Мекеме қызметкерлерінің жоспарлы ұсталынымдары

«Мекеме қызметкерлерінің жоспарлы ұсталынымдары туралы ақпарат енгізу» құжаты жоспарлы ұсталынымды жүргізу, өзгерту, тоқтату қажеттігін тіркеуге мүмкіндік береді (меню «Жалақы» «Ұсталынымды орнату», «Мекеме қызметкерлерінің жоспарлы ұсталынымдары туралы ақпарат енгізу»).

Құжатта жоспарлы ұсталынымды енгізуән, өзгертуін немесе тоқтатуын көрсетіп жұмысшылар тізілімін толтыру керек. Сонымен қатар, әр жұмысшыға ұсталыным түрін, мөлшерін, ұсталыным жүзеге асатын күнін көрсету шарт.

Орындау парақшасы

Соттың орындалу құжаты арқылы немесе алимент төлеуге келісім түзу арқылы жүргізілетін жоспарлы ұсталыным  «Орындау парақшасы» құжаты арқылы жүргізіледі (меню «Жалақы» —«Орындау парақшасы бойынша есеп айырысу» — «Орындау парақшасы»).

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-07-21 21:11:25     Қаралды-7231

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »